Антропогенездің қозғаушы күші (факторлары)


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

АНТРОПОГЕНЕЗДІҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ (ФАКТОРЛАРЫ)

  1. Адам эволюциясыңдағы - антропогенездің биологиялық факторлары.
  2. Еңбек-адам эволюциясының маңызды факторының бірі.
  3. Қоғамдасып тірілік ету және адам эволюциясы әсерінің бірі.

Адамның шығу тегін, дамуын және калыптасуын зерттейтін антропология ғылымының, бір тарауы антропогенез деп аталады (грекше «антропос»- адам, «генезис»- шығу тегі) . Адам органикалық дүние эволюциясында ең кейін пайда болған биологиялык түр болып саналады. Сондықтан да органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алатынын Ч. Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Осындай әсерлердің ықпал етуінің нәтижесінде ете ертеде тіршілік еткен адам тәріз-ді маймылдардың ағзаларында елеулі тәнтанымдық және физиологиялық өзгерістер пайда болды, сөйтіп олар бірте-бірте тік журуге кешіп, кол мен аяқтың қызметі бір-бірінен бөліне бастады. Қол еңбек қаруларын жасауға дағдылана түсті. Бірақ антропогенезді тек кана биологиялық занды-лықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада өлеуметтік омірдің де елеулі орын алатынын Ф. Энгельс өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол әсіресе еңбектің, қоғамдық тіршіліктің, ақыл-ойдың және сөздін маңызын атап көрсетті.

Кез келген еңбек кұралдарын дайыңдау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құрал-дарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Ф. Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалап, «еңбек - бүкіл адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, мұның өзінде біз белгілі мағьнада: адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз» - деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты козғаушы күші болады. Адам оз еңбегі арқылы еңбек құралдарын өзі жасап алады. Кейбір адамтәрізді маймылдар қарапайым құралдарды пайдалана алғанымен, оларды жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы гана әсер етеді. Ал адам езінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады.

Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Енбек етудін нәтижесінде біздің өте ертедегі маймылға ұксас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне өзгерістер енгізді. Еңбек - адам эволюциясына тән құбылыс маймылдар алғашында ағаш басында өрмелеп жүріп тіршілік еткен. ; күн керген. Олардың тіршілігіндегі бұл өзгеріс бірте-бірте екі аяғының көмегімен тік жүруге жағдай жасады. Осы тік жүру арқылы «маймылдан адамға ету үшін шешуші кадам жасалды» (Энгельс) . Тік жүрудін нәтижесінде омыртқа жотасында «8» әрпі тәрізді имек пайда болып, ол денеге солқылдақтық қасиет берді, ал аяқтың басы (табан сүйектері) күмбезделе түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Мұндай өзгерістер тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде миллиондаған жылдар бойы жүріп отырды.

Сондықтан да адам бірден тік жүріп кетті деген ой тұмау керек. Тік жүруге көшудің өз қиындыктары болды. Тік жүру жүріс жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысы тууды ауырлатты, дененің ауыр салмағы жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Әрі аяқтағы көктамырлар кеңейді. Бірақ оның есесіне қолдың босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір мүмкіндік туғызды. Қорыта айтқанда тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең бір елеулі басқыш болды.

Адамның алғашқы қалыптасу дәуірінде қолы нашар дамығандықтан ол қарапайым ғана құралдар жасай бідді. Бірте-бірте осы белгілер тұқым куалау арқылы беріліп отырды. Ф. Энгельс қол еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге қол еңбектің оз жемісі деп түсіндірді. Біздің маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой-өрісіне, мінез-қылығына әсер етті, ол еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбекке дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпал етуіне жағдай туғызды да, биологиялық зандылықтардың әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.

Кез келген жануарлардың тіршілік әрекеті рефлекстер мен инстинктер арқылы ғана жүзеге асады. Жануарлардың топтасып тіршілік етуге көшуі тек табиғи сұрыпгалу арқылы ғана жүріп отырды. Адамның ең алғашқы маймылға ұқсас ата тектері де топтасып өмір сүретіндіктен, олардың еңбек етуі де коғамдық сипатга болды. Сондықтан да Ф. Энгельс адамның арғы ата тегін топтасып тіршілік еткен мақүлықгардан іздестіру керек екенін атап көрсеткен болатын. Топтаса жүріп еңбек еткеңціктен, олардың арасында езара қарым-қатынас кдлыптаса тұсті. Еңбек қоғам мушелерінің топтасуына септігін тигізді, олар үжым болып аң аулауды, жыртқыш аңдардан корғануды үйренді, қоғамдасып бала төрбиесіне көңіл бөлді. Ересектер өз өмір тәжірибелерін ұрпақтарына үйретті. Отты пайдалануды жөне оны сактауды. Адамның арғы ата тектері бірте-бірте осімдіктекті тағамдарды пайдаланудан жануартекті тағамдарды пайдалануға көшті. Ол үшін олар аң аулау және балық аулау құралдарын жасауды жетілдіре түсті. Жануартекті тағамға көшу олардың ағзаларыңда да өзгерістер енгізді. Мысалы, ішектің қысқаруы, шайнау бұлшық еттерінің жетіле түсуі, т. б. Отты пайдалану адамның арғы ататектеріне көп жеңілдіктер мен мүмкіндіктер туғызды.

Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның арғы ататектерінің табиғатты танып білуіне, өмір тәжірибелерінің жинақтала түсуіне мүмкіндік жасады. Олар бір-бірімен ымдау, ишарат және дыбыс шығарып хабарласуды талап етті. Ең алғашқы адам пайдаланған сөздер еңбекпен тікелей байланысты болды. Бірте-бірте комекейдің, ауыз қуысындағы мүшелердің құрылысы сөйлеуге байланысты өзгеріп, тұқым қуалау және табиғи сұрыпталу арқылы айқын сөйлеу мүшелері қалыптасты.

Адам да жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта 111 фкендірулерін қабылдайды. Бұл бірінші хабаршы жүйе болып саналады. Бұған қоса адам басқа хабарларды сөз арқылы қабылдай алады. Ол екінші хабаршы жүйеге жатады. Екінші хабаршы жүйе адам мен жануарлардың жоғары дәрежелі жүйке қызметіне тікелей байланысты болады. Адамның арғы тектерінің өзара сөзбен қарым-қатынас жасауы адам миының дамуына, ойлау қабілетіне ықпал жасады. Сөз бірте-бірте тәрбие құралына айнадцы. Сөз арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас арта түсіп, қоғамдық байланыс дамыды. Адамның ата тектерінің эволюциясында биологиялық және әлеуметтік әрекеттер бірлесе ықпал жасады. Қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуына сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу өз мәнін бірте-бірте жойды. Оның есесіне әлеуметтік әрекет (еңбек ету, сөз) адам эволюциясыңда негізгі орын алып отыр. Қоғамдық құрылыс өз кезегінде адамның ойлау қабілетіне зор мүмкіндіктер туғызды. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым қуаламайды. Тек адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріғана тұқым қуалайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам эволюциясынын факторлары
Антропогенездің биологиялық факторлары
Жер бетінде адамның пайда болуы, ол түралы әртүрлі көзқарастар мен ұғымдар
Философиядағы адам мәселесі
Антропосоциогенез - материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға өту процесі
Эволюциялық ілім пәні бойынша дәріс
Антропогенез факторлары
Антропогенез мәселесі
Еңбек – қоғам өндірісінің негізі
Эволюциялық биология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz