Адам аралық қатынастар жөнінде жалпы түсінік


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе .

Адам аралық қатынас дегентміз - қарапайым да күрделі проблема. Күңделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.

Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызыметтік, дара және тонтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспешнілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.

Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.

Егер арі қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сиптатыңда қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.

Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тоуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.

Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.

Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тіктейді.

Адамдардың бір-біріне деген өшпенділіті болған жерде дау-дамайлы жанжалды қатынастар өрбиді.

Адамдар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғаның да бойынан көрінетін адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың бәрі өмірде адамдардың бір-біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр адамның басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен -сезімінде көрініс береді.

Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әр-бір жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерін
тіктейді . Ересектердің төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл-күйі айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы мүмкін.

Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс - бұл остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында сиымсыздығынан, ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар көпшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейді. Осыдан өзі қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершілік қасиеттерінен айырылып, қауымдық өмір тіршілігінен айрылғандар да кездеседі.

Адам аралық қатынастар жөдінде жалпы түсіпік.

Адам аралық қатынастардың ерекшелігі олардың эмодионалды болуында. Адам өзі тектеснен араласа отырып, бір-біріне болған айрықша сезімдер мен ықластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады. Көңіл-күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді: бүгінгі тәп-тәуір сыйлы қатынас күн өтпей-ақ кері сипатқа енуі баршаға аян құбылыс.

Кызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, әдетте, көңіл-күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне тәуелді болмауы қажет.

Бірақ өмірде жеке және қызметтік қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен кызметтік қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады; екіншіден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен, болған қызметтік қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.

Қарама-қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған қатысқан адамдар бір бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы тұрын, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды.

Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттілікті таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.

Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір біріне тікелей жек көруигілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүнкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.

Адамдар арасындағы және бір ерекіне қатынастар түрі бұл екі ұшты, амбивалептті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екішніге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушіліқ пен құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің пендей жағдайда екенін айырып алуында біраз қиналады.

Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас дел атайды. Альтруис-. адамдардың барша ойы, іс-әрекеті әрдайым тек жақсылыққа қай жағдайда да жәрдем етуте бағышталады.

Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірде сирек елдеседі, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардын мәнгі арман еткен мұраты регінде қарастырған жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін "сүйіспеншілік" қатынасты жатқызуға болады. Егер бір адамның екіншісіне психологиялық тартымы болса, бірін-бірі адамгершілік сезіммен қабылдаса, екінші адамға колынан келген жақсылығын аямаса, міне мұндай қатынасты-үйлесімді қатынас деп бағалау әбден жарасымды.

Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын адам өзі сезе ала ма, не сезбей ме? Бұл сұраққа жауап бірнеше жағдайларға тіреледі. Біріншіден, бұл нақты адамның ой-өріс (сана-сезімі) даму деңгейіне байланысты. Ақыл-есі біршама жетілтен адамдар өздерінің төңірегіндегілермен қатынасын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілетті керек етеді (қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан-жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу) .

Адамдар арасындағы қатынстар сол қатынастардың нақты адам өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғүрлым дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін. Өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді. Керісінше, кімде кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондайда қарсыласын түбін түсіре жамандауға ниеттенеді де тұрады.

Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым ұтымды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық, ақ көңілдік, үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өпшенділік, тұйықтық пен өзімшіл-дік - қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.

Ой-өрісі кең дамыған, тәжірибесі бар адамдар өз қатынастарын меңгере алады, бірақ бұл көптін қолынан келе бермейтін іс, себебі көп жағдайда аралық қатынастардың мәнін соларды түзуші адамдардың өздері де түсіне бермейді, ал түсінбеген затты саналы басқару мүмкін емес.

Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан, адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетін оның даралық ерекшеліктеріне қосымша өмірлік тәжірибесі. Әрқашан адам аралық қатынастарды жеңіл де ұтымды реттейтін - адамдар арасында кәсіби қызмет бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре әңгіме айта білетін, әлеуметтік жетекшілікке ыңғайлы мамандар болады, мысалы: саясаткер, мекеме және өндіріс басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер мен актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай білу қабілетін қатынастар психологиясын үздіксіз үйрену арқылы жетілдіре, дамытып баруға болады.

Адамдардың бірін-бірі қабылдау мен түсінуі.

Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу натижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде топшылаған ой пікірі. Екінші адамның тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық, бейне әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Бұлардың бәрі "Ат кісінесіп, адам сөйлесін" дегендей әңгімелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз болады.

Бөгде адамның бейнесін қалыптастыру арқылы біз оған болған қатынасымыздың сипатып айкындаймыз, оның даралық ерекінедіктерін тануға мүмкіңдік аламыз. Адамды жөнімен таиын, дұрыс бағасын беріп, овын әрекет-қылығының мақсаттары мен түрткілерін айқындап, ол тарапынан болып қалар жауапты әрекеттерді күні бұрын болжастыра, біз бұлардың бәрін өз қажеттіліктеріміз және мүдделерімізбен салыстырамыз, әңгімелесудің қолайлы жолдарын болжастырамыз, осы арқылы екі тарапқа да ортақ ниеттерді табумен тұлғалар арасындағы қызметтік қатынастарға кірісеміз. Сонымен, қызықтырған адамның мінез бітістерін біліп алып, еңді оған бағытталған өз әрекет-қылығымыздың формасын таңдастырамыз. Қайткенде де, біз таңдаған әрекет-қылық түрі адамның даралық қасиеттеріне сәйкес болтаны жөн.

Бөгде адамның тұлғалық дәрежесі жөніннде біз оның дене құрылымы, психологиялық және қылық-әрекеттік белгілер бойынша топшылаймыз. Бұл белгілер адамның сырт көрінісінен, киімінен, әрекет-қылығынан, сөзінен, бет әлпеті мен ым-ишарасынан байқалады. Адамның сырт көрінісі мен психологиялық бейнесі арасында тікелей де толық байланыс болмағанымен, бұлардың екеуі қандай да өзара ықналды қатынаста. Әрқандай адам жөніндегі біздің бірінші пайымдауымыз осы сырт келбет пен сөз, қылық көрінісінен туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам мінезі мен дене құрылысының өзара байланысты екенін дәлелдеген.

Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын көрінеді. Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, сөйлеу процесіндегі тыныстары мен жеделдігіне орай жеке адамның ерекшеліктерін байқаймыз. Адамның сөйлеу мәнерінің біразы тума беріледі де, көбі оқу-тәрбие барысында пайда болады.

Кейбір қатынастарга байпанысты адамдардың психслогиялық бейнесі тұрақты келеді де, кебіне ауыспалы болады. Адамның сырт көрінісіне орай оның образы біршама өзгеріссіз сақталады. Осыдан біз адамды көпшілік ішінде ажырата білеміз. Және бір тұрақты сақталатын қасиеттер - адам мінезі, қылық-әрекеті мен әдеттері Осылар бойынша санамызда жасажан образдар арқылы біз көп заманнан ажырасқан адамымызды танимыз.

Кейде кездейсок ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрінеді. Ал тілдесе келе, оның әрекет-қыльнына мән бере, тіпті басқа біреу екеніне көз жеткіземіз. Кейде, керісінше, алғашқыда танымасақ та, адамның мінез бітістерінен, әрекет-қылығынан бұрыннан бізге таныс белгілерді байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан, біздің санамызда бекіген адам бейнесінде үлкен рөл ойнайтын -мінез бітістері, екінші орында - адамның сырт көріністері.

Уақыт ағымына берілмей, ұзақ мерзім сақталатын белгілер - адамның қажетсінулері, әрекет-қылық мотивтері мен қызығулары. Бұлар бойынша біз адамды тануымыз мүмкін, бірақ бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт көрінісі мен мінезінен біраз байқалуы тиіс.

Жоғарыда бөгде адамды тану, білу мүмкіндігін әңгімеледік, ал енді адам өзін-өзі сарапқа сала ала ма, жоқ па деген сүраққа жауап ізделік. Бұған оң да, кері де жауап айту мүмкін. Егер адам өзін өзі түк танымаса, онда оның қауым ортасындағы әрекет қылықтары алдын ала өзіндік болжастыруға келмей, тұрақсыз кейіпке енер еді. Сонымен бірге, мұндай адамның қатынас қылығы мен іс-әрекетттері ақыл оралымынан алшақ, төңірегіндегілердің ісімен сәйкестік таппайды. Егер адам өз әрекетіп сырт көзбен бағалай алмаса, оның іс-қадамдары кейбір жағдайларда оғаш көрінеді. Егде адам бала сияқты былдырласа немесе бала жасына келмей үлкеннің ұстамдығын танытса, төңірегіндегілер мұндайларды не жай күлкіге алады, не сайқы-мазаққа телиді.

Адам өзінің шындыққа келетіп сырт көрінісіпен басқа өзінің мінез бітістері жөнінде де азды-көпті мәліметке ие, бірақ бұл мәліметтер көбіне адамның өзі жөніндегі ұнамды пайымдауларды қамтиды. Сонымен бірге, адам өзінің кейбір әлеуметтік талапқа сай қажетсінулері мен әрекет-қылығының түрткілерін тануға бейім. Ал өз санасының астарында жатқан немесе моральдық тыйымдарға байланысты санаға жат психологиялық бітістерін тіпті де білмейді.

Адам өзі жөніндегі шындықты басқалардың оның іс -әрекетіне болған қатынасынан байқауына болады. Өз әрекет тері мен сол әрекетгеріе берген басқалар бағасын салыстыра, адам жанама түрде өзі қасиеттері мен сапаларын болжастыруына болады.

Адам образын жасаудың ең көп тараған тәсілі бұл бітіс тану. Оның мәні адам төңірегіндегілерді өзіне тән қасиетіер мен сапалар тұрғысынан бағалайды, яғни өз мінез бітістерін екінші біреулерге танады, оның қылық-әрекетін түсінгісі келіп, өзін сол адамның орнына қоя салады. Мұндай тәсіл бір адамға біткен мінезді екініңі адамға тана салуда да керінеді. Осылайынша, басқалардың мінез, әрекет-қылық бітістерін өзімізді қызықтырған адамға таңу арқылы да нақты тұжа жөнінде бір жөнді психологаялық мәлімет топтастыруымызға болады.

Алғашқы асер тәсілі бөгде адамды бірінші көргеннен қалыптасатын образды бекіту үшін қолданылады Бұл құбылыстың болуы адамға байланысты алғашкы әсердін кейінгі әсерлерге қарағанда күштірек сезілуінен. Назарға алынаған адам жөнінде көп, әртүрлі ақпаратты біршен кейін бірі бір ізді қабылдау кезінде біздің санамызда ең алғашқы мәлімет тұрақталып қалатыны ғылымда дәлелденген.

Ықтимялды болжій әсерлену деп келссі құбылысты түсінеміз адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабілетіне ие. Осыдан тұлға басталған іс-әрекеттің бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нәтижесін күні бұрын жоспарлайды. Әлі қолда жоқ бүтін затты оның бөлектері бойынша ойда белгілі бір формаға келтіріп, жан-жақты сипаттамасын бере алады.

Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі

Бірін бірі түсінісуде адамдар көбіне шектен тыс өзімшіл, субъективті, асығыс қорытынды жасауға бейімшіл келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам аралық қатынастар жөнiнде түсiнiк
Адам аралық қатынастар психологиясы туралы түсінік
Адам аралық қатынастар психологиясы
Қатынастар психологиясы
Адам аралық қатынас
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны
Жеке тұлға психологиясы
Қарым-қатынас психологиясы туралы жалпы түсінік
Қарым – қатынас мәдениетінің психологиялық сипаты
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz