Түркі философиясындағы әлем мәселесі


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Түркі философиясындағы әлем мәселесі.

Кіріспе . . . 3

І. Дәстүрлі түркілік дүниетанымындағы әлем түсінігі . . . 5

1. 1. Түркілік дүниетанымында қоршаған әлемді культивациялау . . . 5

1. 2. Жерұйық - түркілік космологияның негізгі ұстыны . . . 11

ІІ. Түркі ойшылдарының философиясындағы әлем мәселесі . . . 14

2. 1. Әл -Фараби мен Баласағұнның философиялық идеяларындағы әлем үлгісінің ерекшеліктері . . . 14

2. 2. Қ. А. Яссауи іліміндегі әлемнің мәні . . . 24.

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі: Әлемнің жаратылуы адамзатты толғандырып келе жатқан маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қадым замандардан уақыт пен кеңістік бағдары шексіз дүние ретінде ұғынылып, ғаламның пайда болуы жұмбақ күйінде қалып келді [7, 1б]

Әлем жаратылысының, оның мәңгілік екендігін мойындап келген ғаламдар өз еңбектерінде дүниені ұшы -қыры жоқ, шексіз материяның жиынтығы деп санады. Адамзаттың әлем - нақты, жанды нәрсе. Бұл түсінік осы уақыттарға дейін жалғасын тауып келеді. Ежелгі адамдар тіршіліктің пайда болуының себебіне нақты дәлелдер таба алмады. Олар мұны қиялмен, бір нәрсеге ұқсатумен түсіндіруге тырысып, жерге, көкке, күн мен жұлдыздарға, бір сөзбен айтқанда, табиғат құбылыстарына табынды. [7. 1-2бб]

Тақырыптың мақсаты: Әлем жаратылысының шексіздігіне сену - оның жаратылғандығын, оны жаратқан жаратушыны мойындау. Әлемнің кездейсоқ жаратылмағандығына көз жеткізу. Сөзімді дәлелдей түсер болсам, қасиетті Құранда бүкіл дүние, ондағы тіршілікті Алла жаратты деп жазылады: «Көктер мен жерді жоқтан бар етуші» - деген Құрандағы сөздер әлем жаратылған деген идеяны уағыздайды. Қазіргі заман ғылымы да бұл тұжырымнан алыс кетпейді.

Тақырыптың міндеті: Қазіргі кезеңдегі батыс пен шығыс өркениетіндегі әлемнің жаратылу мәселесі төңірегіндегі атейстік теориялардың көбеюіне тосқауыл қою.

Қазіргі кезеңде батыс қоғамының көптеген құндылықтары біздің де санамыздан орын ала бастағанына қарамастан шығыстық адамның бастытық адамға бірме -бір ұқсап кетуі мүмкін емес деген омтимистік тұрғыдан түскіміз келмейді. Себебі, біздің рухымыздың бастауында Конфуцией, Буда, Сократ, Фарабилер Тәңір, құдірет, ол әлемнің тірегі адам екенін ұғындыру болып табылады. [7, 1б]

Зерттеген ғалымдар : Орта ғасырлардағы араб философиясының ірі өкілі Әл -Киндидің айтуынша, дүние, әлем Алланың қалауымен райда болған, бірақ құдай тек дүниені жаратушы ғана, әлемдегі болып жатқан процесстерге оның қатысы жоқ деп есептеді. Оның пайымдауынша, әлем - шексіз. Себеп пен салдар байланысты болғандықтан Құдайды себепші, ал әлемді салдар деп таниды.

ХХ ғасырдағы материализм өкілдерінің бірі Георг Политцер өз еңбектерінде әлемнің мәңгілік үлгісін, оның ақиқаттығын мойындай тұра, дүниенің жаратылуы жайындағы идеяны қолдамайды да: «Егер әлемнің жаратылғандығын мойындар болсақ, онда оның Құдайдың жоқтан бар етіп, бір сәтте жаратқандығын мойындауымыз керек. Георг Политцер тұжырымы бойынша, егер дүниенің жаратылғандығы мойындалар болса, онда оны жаратушының да бар екендігіне күмән келтірілмеу қажет. Материя мен уақыттың ұлы жаратушы арқасында жаратылғандығын ғалым негіздеген ақиқат екендігі ескерілуі қажет» [7, 1б]

Құрылымы: Жұмыстың көлемі: 29 бет

Сілтемелер саны: 38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 9

Тарау: 2

І. Дәстүрлі түркілік дүниетанымындағы әлем түсінігі

1. 1. Түркілік дүниетанымында қоршаған әлемді культивациялау

Дүниенің жаратылуы адамзатты толғандырып келе жатқан маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қадым замандардан уақыт пен кеңістік бағдары шексіз дүние ретінде ұғынылып, дүниенің пайда болуы жұмбақ күйінде қалып келді.

Әлем жаратылысын, оның мәңгілік екендігін мойындап келген ғалымдар өз еңбектерінде дүниені ұшы - қиыры жоқ, шексіз материяның жиынтығы деп санады. Әлемнің «мәңгілігі» жайындағы ой-пікір европалық түсінікке негізделген материализм философиясынан бастау алады.

Ежелгі Грецияда қалыптасқан философия әлемнің материядан тұратындығын, әрі оның мәңгі екенін дәлелдеуге тырысады. Әлем «мәңгілігі» ұғымы - атеистік теорияға да негіз болды. Әлем жаратылысының шексіздігіне сену - оның жаратылғандығын, оны жаратқан Жаратушыны мойындау деген пікірге жетелейді.

Ежелгі антика заманында өмір сүрген грек ойшылдарының бірі - дүниенің түпнегізін заттардың сұйық күйінен, демек судан іздеді. Барлық заттар мен жан-жануарлардың шыққан тегі, түп «атасы» су деп есептеді. Барлық заттар тіршілік судан пайда болады және суға айналады. [1. 58 б]

Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б. э. дейінгі 585-525 жж. шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы біртұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауаға тән қасиет- сұйылу мен қоюланудың арқасында барлық заттар пайда болады, - деп түсіндірді. [2, 32 б]

Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық негізі от болып саналады: барлық нәрсе оттан жаратылады және ақыр соңында отқа айналады. Жан да оттан пайда болады. Біртұтас дүниені, деді ол, ешбір құдай, не ешбір адам жаратқан жоқ, ол бірде жанатын, енді бірде өшіп тұратын, бұрын болған, қазір бар және келешекте бола беретін тірі мәңгі от болып табылады, - деді. [3, 38 б]

Идеализмнің ең алғашқы негізін салған Пифагор (б. э. дейінгі 580-500 жж. шамасы) болды. Оның пікірінше, барлық заттардың мәні - олардың санында, сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді. [2, 32б]

Демек, ертедегі ойшылдардың философиялық көзқарастарында, материя мен ойлау дүниелерін қарама-қарсы қою орын алғанын көреміз. Ертедегі Грецияда материализмнің одан әрі дамуы Демокриттің (б. э. дейінгі V ғ. ) есімімен, ол тұжырымдаған материяның атомдық теориясымен тығыз байланысты. Бұл теория бойынша, барлық дүниедегінің негізі - сансыз көп атомдарда. Атомистер дүниені әрі қарай бөлінбейтін бөлшектер - көзге көрінбейтін аса ұсақ атомдардан тұратын біртұтас дүние деп түсіндірді.

[2, 33 б]

Ислам дініндегі діни еңбектерге көз салсақ дүниенің жаратылғандығы анық деген ақиқатқа сүйенеді. Қасиетті Құранда бүкіл дүние, ондағы тіршілікті Алла жаратты деп жазылады: «Көктер мен жерді жоқтан бар етуші . . . »- деген Құрандағы сөздері әлем жаратылған деген идеяны уағыздайды. Қазіргі заман ғылыми да бұл тұжырымнан алыс кетпейді. Дүниені Алла жаратты, ол анық, екені даусыз. . [4, 1-2 бб]

Орхон-Енесай жазбаларында "идуқ йер-су(б) " анықтамасы кездеседі. Түркітанушы Б. Өгелдің пікірі бойынша, бұл жердегі "идуқ" сөзінің "-ид, -ад" жалғауы, "жіберілген, берілген" мағынасына келетін "-дан, -ден, -тан, -тен" сияқты шығыс септігінің жалғауларымен төркіндес келеді. Яғни жер мен су түріктерге "Тәңірі тарапынан берілген" болып шығады. "Ид" сөзі "қасиетті", "киелі", "құтты" деген мағынаны білдіреді.

Сонымен дәстүрлі түркілік дүниетанымда жер, су, отан - құтты, өйткені идуқ, яғни киелі. Идуқ-жер тіркесі Инал Сатығ атына тігілген "Бай-Бұлын" деп аталатын 1-жазуының бірінші жолында " . . . өз жерім, идук-жерім . . . " ретінде кездессе, отан сөзінің мағынасы "Тәңірі-ел", "Тәңірі-жер" тіркесімен берілген*. "Ұйық-Тұран" жазуында: "Жоғарыда Ұлы Түрік Тәңірісі идуқ "жер-суды" жаратты-реттеді" делінетін және т. б. деректер бар. Осы деректерге сүйене отырып, туған жердің Тәңір тарапынан берілген құт, аталардан қалған қасиетті мирас екендігін көруге болады.

Ата мирас - отанды Ғұн қағаны Мөде де Тәңірдің құты-өз жерін, аталарынан қалған топырақты ешкімге таптатпас үшін жауына қарсы "қасиетті соғыс" ашқаны тарихтан белгілі. Бабаларының сүйегі жатқан қорымның тоналып, қиянатқа ұшырауы, Батыс Еуропаны тітіреткен Атилланың (Еділдің Арысы) да Византияға қарсы соғыс ашуына себеп болған. Өйткені дәстүрлі түркілік дүниетанымда ел (мемлекет), ұлыс (халық), йер-су (отан-топырақ) - теократиялық түсініктегі киелі болмыстар. Жер мен Көк (Тәңір) ажырамас тұтастықта.

Сондай-ақ әлем мен адамның да өзара үндестікте екендігін әлемнің антропоморфтық сипаттармен түсіндірілгендігінен-ақ байқауға болады. Яғни жердің "кіндігі", "басы", "аяғы", "құлағы", "қойны" және т. с. с. болған. Кіндігі - "Жерұйық", басы - "Өту" (өте), аяғы - "Төмен", құлағы мен қойны-метафизикалық әлем, яғни "әруақтар әлемін" білдіреді. Бұл жерде Өту -Өтүкен, Төмен-Тюмень топонимиялық жер атаулары ретінде ежелгі түрік топырақтары екендігінің айғағындай болып, Ресейдің оңтүстік шығысында қалғандығын айта кеткеніміз жөн. . [5, 52-53 бб]

Б. Өгелдің "Түрік мифологиясы" атты еңбегінен дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы пантеистік түсініктегі ұстындардың көптеп кездесетіндігін көруге болады. Түріктер туған жерінің әрбір қарысына "Тәңірдің бесігі" немесе "Жер-Ана ретінде мән берген. Енді осы "Жер - Тәңірдін бесіп" және Жер-Ана тіркестеріндегі ана мен бесікті біртұтас деп қарасақ, Тәңір мен жер де біртұтас ғарыштық үндестік ішінде екендіп анық байқалады. Дегенмен де Тәңір мен жер арасына тендік белгісін қойғалы отырған жоқпыз.

Тәңірлік сенімде Тәңір жердің иесі. Қазақтардың Тәңірге жердің иесі ретінде қарап, оған құрбандық атауын Е. Тұрсынов ақ жылқының қылына ораған бір шелек қымызды "Жер - суымыздың иесіне желі арнап, сыйлау үшін келдік, "-деп қайың ағашының алдына қоятындығын айтады.

Демек, қазақтар арасында Тәңірлік сенімнің (Діннің) негізгі категориялық ұғымдары мен ұстындары ұмытылғанымен, дәстүрлі дүниетанымның сынықтары (әлементтері) халық ырымдарында әлі де өмір сүріп келеді деген сөз.

Бұл жердегі "қайың ағашы да киелі болып саналады. Өйткені Тәңірлік сенімде қайың ғарыштық орталықтың" символын білдіреді. Наурыз мерекесінде жасалатын баталарда да "көк көп болсын, ақ мол болсын, төл егіз болсын, төрт түлік семіз болсын, қымыз мол болсын және т. с. с. ақ тілектер жердің иесі - Тәңірге жасалған мінәжаггың көрінісі. Әдебиеттанушы-ғалым А. Шәріп те қазақтардың дәстүрлі дүниетанымын-дағы атамекенді ардақтау, аялау сезімін «қоныс-құт-құдірет» формула-сына негіздеу арқылы жердің құт ретіндегі трансцендентальды болмыспен байланыстылығын ашып көрсеткен. [2, 32б]

Дәстүрлі түркілік дүниетанымның ерекшелікгерінің бірі қоршаған әлемді мәденилендіру (культивациялау) екендігі белгілі. Әлемді мәденилендіру деп кеңістіктер, бағыттар, қабаттар, символдық салт-жоралар (рәсімдер) мен діни қағидалар арқылы уақыт пен кеңістік ішінде құндылықтар жүйесінің қалыптасуын айтамыз_ осы тұрғыдан дәстүрлі қоғам адамы өз әлемін Шығыс, Батыс, Геріскей, Күнгей және Орталық деп, бағыттарға бөліп, мән-мағына дарытқан.

Әрбір бағыт немесе кеңістіктің өзіндік мазмұны мен маңызы бар. Мысалы, Шығыс - көктемді; таң соріні; тіршіліктің бастауын алдыңғы жақ-бағытты; киіз үйдің есік жағын және т. б. кеңістіктік тұрғыдан нақтылайды.

Ғұн ханы таң сәріде күншығысқа бет алатын. Отаудың есігі де күншығысқа қарай ашылады. Батыс - күзді; күнбатысты; өмірдің екінші жартысын; киіз үйдің құрметті бөлігі - төрді, яғни әруақтар әлемін білдіреді.

Күнгей - жазды, түсті, өмірдің кемелдік шағын, әлемнің жоғарғы жағын, киіз үйдің еркектер отыратын тарапын, ал Теріскей - қысты, түнді, өмірдің соңы-қартаюды, әлемнің төменгі жағын, өлілер әлемін, киіз үйдің әйелдер отыратын тарапын білдіреді. Бұл құбылыс дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы әлемді кеңістіктік тұрғыдан мәденилендірудің маңыздылығын көрсетеді. [5, 55б]

Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені бұл кеңістік (ғарыш) - әйелдікі. Оның ішіндегі жасау, дүние де әйелдің өзіне тән. Еркектің әлемі - үйдің босағасынан шыққаннан кейін басталады. Үй - әйелдікі, түз - еркектікі. Киіз үйде әр нәрсенің, әр заттың өз орны болғаны сияқты әрбір отбасы мүшелерінің де жанұяда өз орны бар.

Бұл тәртіп, жүйе бұзылмауы тиіс. Яғни әйелге тән заттар өз тарапында болып, еркек жағына ауысып кетпеуі керек. Киіз үйдің босағасында үйдің "иелері мен кие рухтарына" құрмет көрсетілуі тиіс. Босағаның оң жағында отбасының иесі бар, Киіз үйдің ортасында ошақ орналасқан.

Ол-әлемнің, жанұяның, әулеттің орталығы мен ынтымағының символы. Әлемнің бағанасы болса, кшз үйді ұстап тұрған тіректер - "дүниенің тірегі" деп аталатын жекелеген қазықтармен теңестіріледі. Уақыт өте келе киіз үйдегі шаңырақтың мифтік - діни функциясы түтіннің шығуы үшін шаңырақтың үстіңгі жағында жасалған түңлікке (түтіндік) ауысқан. Тіректің сынуы немесе шаңырақтың ортаға түсуі жаман ырым саналып, бәленің басы ретінде қабылданады. Спенсер мен С. Гиллен осы қасиетті тірек сынғанда, бүкіл тайпа-ру қаралы күн кешіп, соңында тізе бүгіп, өздерін өлімге қиғандығы туралы аңызды еске салады. Киіз үй - ғарыштың (космос) символы, кіші нұсқасы.

Көшпелілердің киіз үйі әлемнің орталығында орналасқан іспетті, ал оның шаңырағы -әлемнін тірегі ұғымын береді. Яғни көшпелі адам әрдайым қасиетті, киелі мекенде, космостық әлемдер арасында құрылған байланыстың жүзеге асуы үшін жол - кеңістік - шаңырақ арқылы әлеммен үйлесімділікте өмір сүруге тырысады. Отаудың шаңырағы мен тірегі Көк аспанның тірегі секілді, отау кіші бір космос - кіші әлем секілді. Адам осы Көк күмбездің (аспан) астындағы орны мен кіші күмбез (отау) ішіндегі орны арасындағы үндестіктің сақталуын қадағалауы тиіс. Киіз үйге космостық форма (пішін) берген ең негізгі тірек-шаңырақ. Негізінде, Азияның діни ғимараттарындағы көк күмбез символизмінің сан ғасырлық тарихы бар . [5, 56б] .

Макрокосмостық байланыс деңгейінде ғарыштық бағана (ось) - ағаш, тау, төбе, тірекпен, ал микрокосмостық деңгейде болса, үйдің орта тірегі немесе шаңырақпен үйлестіріледі.

Бұл ор үйдіц шаңырағы "ғарыштың орталығына" сай орналасқан деген сөз. Дәстүрлі дүниетанымда әлемдік дәлдік, яғни ғарыштық орталық әрбір нүктеде, барлық жерде бірдей бар екендігін көрсететін табиғат заңы кең тараған. Шаңырақ пен бағана арасында функционалдық байланыс бар. "Бағана" сөзі сахаларда (якуттарда) Тәңірге барар жол, тірек, мағынасында қолданылады. Әрбір шаңырақ көкке ұласу қабілетін білдірсе, құрбандық шалу - Тәңірмен үндесудің жолын білдіреді.

Шаңырақ Тәңір мен адам арасындағы қатынасқа түсу мүмкіндігін береді. Бұл мүмкіндікті дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы әлемнің құрылысы, жаратылысы беріп отыр. Шындығында, бұл құрылыс-жүйе, бір-бірін өзара байланыстырып тұрған орта бағананы бойлай үш қабаттан тұратындай етіп үйлескен. Әлемде бірінің үстіне бірі орналасқан үш үлкен қабат бар. Бұлар орталық тұстан өтетін бағана арқылы өзара байланысты болғандықтан, бір әлемнен екіншісіне өтуге мүмкіндік туғызады. Экстаз хәліндегі қамның (бақсы) рухы да көкке немесе жер асты әлеміне "мистикалық сапар" жасарда осы "түңлік-бағана-шаңырақты" қолданады.

Демек, дәстүрлі түркілік дүниетанымын әлемді өзара вертикал кеңістіктер арқылы Тәңірге апарар жол болып табылатын бағаналармен байланысқан үштік әлем түрінде елестеткен. [5, 57 б]

1. 2. Жерұйық - түркілік космологияның негізгі ұстыны

Дәстүрлі түркілік дүниетанымда космологияның көшірмесі болып табылатын адамның жаратылуы да әлемнің орталығында жүзеге асқан. Мысалы, Месопотамия мәдениетінде адам Жер жүзі мен Көк арасындағы "көпірдің" орналасқан жері - "жердің кіндігі-Жерұйықта" дүниеге келген символдық бейнелеулер түркілік космологияның да негізгі ұстындары болып табылады. Негізінен, ескі түркі космологиясы "Жерұйық" түсінігі төңірегінде қалыптасқан. Түрік жұрты, "түркі ордасы, " яғни билеу, басқару орталығы, дүниенің төрт бұрышының түйіскен жерінде, яғни дәл ортада, әлемнің кіндігінде орналасқан.

Жалпы алғанда әрбір мекен ету, отанға айналдыру процесі - алғашқы космогонияны (әлемнің жаратылуын) жаңғырту болып табылады. Шаңырақты, мекенді киелі, қасиетті отанға айналдыру үшін оны Тәңірмен байланыс құруға ыңғайлы жағдайға келтіру керек. Адам өз әлемінде өмір сүруі үшін алдымен қоршаған сыртқы әлемді ритуалдық рәсімдер арқылы оны қайта жаратуы қажет. Әрбір жаратылыс әр нәрсенің бастауындағы космогониялық әрекетті қайта жаңғыртады. Сондықтан әрбір құрылыстың іргетасы әлемнің орталығына орналасқан деп есептелген. Қазіргі кездегі жаңа құрылыс саларда "ірге тас қалау" дәстүрін де алғашқы космогониялық әрекетті қайта жаңғыртудың өзгерген формасы ретінде қарауға болады.

[6, 31б]

Әрбір кеңістік трансцендентальды ата мекенге айналуымен ғана емес, сонымен қатар нақты уақыттың мифтік уақытқа айналуы арқылы да дәстүрлі қоғам адамының киелі, қасиетті отанына айналады. Яғни әрбір ритуал киелі мекенмен ғана емес, сонымен қатар қасиетті уақытпен, яғни тәңірлік жаратудын алғаш рет жүзеге асырылған уақытында өтіп жатады деген сөз. Демек, отанға айналған топырақ немесе шаңырақ құдайлық жаратудың қайталануы болып отыр.

Олай болса, әлем, киіз үй және адам болмысы арасында ұқсастық құруға мүмкіндік бар. Адам тәні де үйдің құрылысына ұқсас. Бұлар үш әлем арасындағы симметриялар мен ұқсастықтарды көрсететін категориялар, олардың араларындағы байланыс жолдарын, бірлікті, ғарыштық бірлік пен тұтастықты көрсетеді. Яғни үштік космостық функция концепциясы "Әлемнің Бірлігі" түсінігіне қайшы келмейді. [6, 32б]

Әрбір жаратылыс, космогония немесе антропогония болсын, бір орталықтан басталып, бір орталықта аяқталып жататын үздіксіз процесс.

Бұл процесс "әлемнің кіндігі немесе орталығында" жүзеге асып жатады. Әлемнің кіндігі -Жерұйық ең алғашқы құдайлық бастаманың, яғни адамның жаратылыс негізі болғандықтан да қасиетті. Дәстүрлі көшпелі қоғам адамының ашық космоста тіршілік етуге мұқтаж екендігін сезінуі қарапайым құбылыс емес.

Әртүрлі кеңістіктерде анықталғанындай, "шаңырақ-түңліктердің" нақты дүниетанымдық қызметі, жоғарғы (трансценденталь) әлеммен осы жол арқылы байланыс құрудың зәрулігі өз универсалдылығы мен өміршеңдігі көшпелі дала өркениетіне терең із қалдырған.

Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы бақытқа ұласуды және Тәңірмен байланысты қамтамасыз ететін метафизикалық-символдық құбылысты білдіретін "Көктің тірегі", киіз үйдің "шаңырағы" сияқты түсініктер исламның енуімен бірге формалық және мазмұндық өзгеріске ұшырап, мұсылман түркілерде "құтб" яғни, тірек ретінде жалғасын тапқан. Яғни Тәңірмен байланысу сопылық дүниетанымның енуімен бірге ешқандай құралсыз (Жерұйық, Шаңырақсыз) тікелей кемел адам арқылы жүзеге асатын болды. Мысалы, мұсылман түріктер "қутб-ул ақтаб"- "тіректердің тірегі" ретінде ілімі және рухани жолы арқылы Тәңірге жөн сілтер ұстаз деп Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Йасауиды таныған.

Сонымен қатар дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы жердің "идуқ", яғни Тәңірдің берген құты, сыйы деген түсінігі сопылық дүниетаным әсерімен Тәңірдің "көрінісі" ретінде ұғыныла бастады. Яғни әлем Тәңірдің сипаттарын шағылыстыратын, Оның "Бар" және "Бір" екендігін көрсететін кеңістік ретінде жаңа түсінікке ие болады. Дәстүрлі түркілік дүниетанымда адам әлемнің үйлесімділігіне қызмет ететін болса, Йасауи ілімінен кейін әлем Тәңір тарапынан жаратылған адамның қызметіндегі болмыс ретінде танылады. Өйткені исламдық дүниетаныммен бірге адам "Әлемнің кіндігіне" айналды.

Яғни адам әлемнің жаны, рухы дәрежесіне көтерілді. Бұрын әлем мәңгілік деп есептелетін болса, Йасауи Дәстүрлі дүниетанымдағы әлемді кеңістіктерге бөлу арқылы мағыналандырылған құндылықтар жүйесі енді жаңа сапалық мәндегі тұтастыққа жетіп, барлық әлемдік қабаттар, кеңістіктер мен бағыттар Тәңірдің сипаттық ақиқатына айналды. Яғни бөлулер тұтастыққа орын берді. Әлемнің құрылысындағы құбылыстар мен ерекшеліктер тікелей адамның рухани хәлдері мен моральдық психологиялық мақамдары ретіндегі түсінікке ие болды. Қысқаша айтқанда, әлем адамға айналды. Яғни болмыс тұтастық, бірлік (таухид) сатысына көтерілді. Осылайша адамның әлемдегі орны исламдық дүниетаным арқылы толықтырылды. Бұл процестердің толығымен Йасауи ілімінің негізі болып табылатын еркін сұхбат әдісі арқылы құбылыстық, әрі мазмұндық тұрғыдан жүзеге асқандығын толық айтуымызға болады. [6, 34-35 бб]

ІІ. Түркі ойшылдарының философиясындағы әлем мәселесі.

2. 1. Әл -Фараби мен Баласағұнның философиялық идеяларындағы әлем үлгісінің ерекшеліктері.

Фарабидің натурфилософиялық көзқарастарын анықтауда өте құнды мағлұмат беретін еңбегі - "Жаратылыстанудың биік (діни) негіздері туралы трактат" деген атпен белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ
Бақыт - өмірге қанағаттану сезімі
Шығыс философиясы тарихындағы сенімнің орын алуы және еркін ойлау мәселесі
Философия пәні бойынша оқу әдістемелік кешені
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Ислам философиясындағы әлем мәселесі. Түркі ойшылдарының философиясындағы әлем мәселесі
Философия тарихындағы адам мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz