Жұмысссыздық және экономикалық өсуге тигізетін әсері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... 4
I.Жұмыссыздық деңгейі және оның формалары
1.1 Жұмыспен қаматамасы ету және жұмыссыздық ... ... ... .5
1.2 Жұмыссыздық түрлері және толық жұмысбастылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
II. Инфлляцияның жұмыссыздыққа әсері және жұмыспен толық қамтамасыз ету
жағдайлары
2.1 Жұмыссыздық деңгейінің инфляцияға туғызған әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Жұмыссыздық бірлестігі ... ... ...20
2.3 Еңбек нарығына «құйылым» және жұмыссыздық мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.4 Жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдемақы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
III. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі
3.1 Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен камту туралы ... ... ... ... ... ... 30
3.2 Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Макроэкономикалық зерттеулер нәтижесінде тұрақты жұмыссыздықтың ең өзекті мәселе екеніне назар аудрғым келеді, яғни жұмыссыздықты тежеу барысында қандай шараларды қолдану тиімді болады. Менің пікірімше, жұмыссыздық мәселесін мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға компенсация жүйесін дұрыс жолға қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады.
Жұмыссыздық өскен кезде мемлекет өз тарапынан қаржы саясатын жүйелі түрде, яғни салықты төмендету немесе мемлекет шығынын өсіру арқылы жүзеге асыруы керек.
Қазіргі кезде жұмыссыз қалған әрбір адам, егер ол шындығында жұмыс істегісі келсе, басқа жалдаушының назарын өзіне аудару үшін аз жалақымен де жұмыс істеуге келісім береді. Осылайша артық тауары бар адам тауарын тез өткізу үшін бағасын төмендетеді. Икемді реттелген баға мен жалақы үшін жұмыскер тиісті жұмыс атқарады, фирмалар өзіне қажетті керек тауарларын шығарады.
1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М. – Макроэкономика, А-2003 – Экономика баспасы
2. Жұмамбаев С.К., Еңбек нарығының экономикасы.A-2003
3. Үсербаева А.Б., ҚР Еңбек нарығының даму тенденциясы, III дәстүрлі жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми – теориялық конференция материалдары – 11-12 желтоқсан 2002
4. Фишер С. Макроэкономика, М.-1997; ИНФРА
5. Б.Жақашев, Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту мәселелері, АльПари,№2.2007
6. Б.Жақашев Ауыл шаруашылығындағы маңызды күш – еңбек потенциалы, АльПари, №2.2007
7. А.К. Ермекбаев Еңбек нарығы және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы №4 (56), 2006
8. Статистический ежегодник, 2006
9. Қазақстан Республикасының 12-ші қаңтардан статистикалық агентігінін мәліметтері, www.zakon.kz, www.stat.kz
10. www. budget.kz
11. www.Govement.kz. Выступление Министра экономики и бюджетного планирования Султанова Б.Т. на коллегии МЭБП от 5 февраля 2009 года
12. www.government.kz Доклад Министра финансов Республики Казахстан Жамишева Б.Б. на заседании Правительства от 2 февраля 2009 года. Об итогах исполнения государственного бюджета за 2008 год и задачах на первый квартал 2009 года
13. Бежаев О.Г. Межбюджетные отношения: теория и практика реформирования. М.: Экзамен, 2001.- 128с.
14. Информация об итогах исполнения государственного бюджета на 2008 год
15. Годовой отчет Министерства Финансов РК по исполнению государственного, республиканского и местных бюджетов за 2006-2008 годы
16. www.kazembassy.ru Интервью Посла РК в РФ А.Р.Джаксыбекова от25 декабря 2008 года
17. Фергана.Ry Аза Мигранян: «Чтобы преодолеть кризис, странам Центральной Азии нужно побороться за российские инвестиции от 3 ноября 2008 года
18. Арыстанбеков К.Д. Качество экономической политики и платежный баланс Казахстана // Вопросы экономики.- 2008г.- №11,с.37-44
19. www. Minplan.kz
20. www. Minfin.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Қорғауға жіберілді:
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
______
________ 2017

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Экономика
Курстық жұмыс тақырыбы: Жұмысссыздық және экономикалық өсуге тигізетін әсері.

Орындаушы:
Жетекшісі:

Ақтөбе - 2017

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

I.Жұмыссыздық деңгейі және оның формалары

1.1 Жұмыспен қаматамасы ету және жұмыссыздық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Жұмыссыздық түрлері және толық жұмысбастылық ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...9
1.3 Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

II. Инфлляцияның жұмыссыздыққа әсері және жұмыспен толық қамтамасыз ету
жағдайлары
2.1 Жұмыссыздық деңгейінің инфляцияға туғызған әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...17
2.2 Жұмыссыздық бірлестігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3 Еңбек нарығына құйылым және жұмыссыздық мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.4 Жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдемақы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...28

III. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі
3.1 Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен камту туралы ... ... ... ... ... ... 30
3.2 Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 3

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

Кіріспе
Бұл курстық жұмысымның тақырыбы Жұмысссыздық және экономикалық өсуге тигізетін әсері болғандықтан, мен бір емес бірнеше әдебиеттерге сүйендім, өйткені ол әрине өте ауқымды тақырып. Себебі жұмыссыздық - ол әлеуметтік-экономикалық құбылыс: Қай уақытта пайда болады? Экономикалық дағдарыстар болған кезде қандай күйзелістерге ұшырайды? Ол неден туындайды, тиімді ме, жоқ па? дегендей сұрақтарға жауаптар беру керек. Макроэкономикалық зерттеулер нәтижесінде тұрақты жұмыссыздықтың ең өзекті мәселе екеніне назар аудрғым келеді, яғни жұмыссыздықты тежеу барысында қандай шараларды қолдану тиімді болады. Менің пікірімше, жұмыссыздық мәселесін мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға компенсация жүйесін дұрыс жолға қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады.
Жұмыссыздық өскен кезде мемлекет өз тарапынан қаржы саясатын жүйелі түрде, яғни салықты төмендету немесе мемлекет шығынын өсіру арқылы жүзеге асыруы керек.
Қазіргі кезде жұмыссыз қалған әрбір адам, егер ол шындығында жұмыс істегісі келсе, басқа жалдаушының назарын өзіне аудару үшін аз жалақымен де жұмыс істеуге келісім береді. Осылайша артық тауары бар адам тауарын тез өткізу үшін бағасын төмендетеді. Икемді реттелген баға мен жалақы үшін жұмыскер тиісті жұмыс атқарады, фирмалар өзіне қажетті керек тауарларын шығарады.
Жұмысымның бірінші бөлімін жалпы жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейінің мазмұнын ашуға бағыттадым, яғни жұмыссыздықтың түсніктемесі мен оның ерекшеліктері мен түрлеріне аса назар аудардым.
Ал курстық жұмысымды мен жалпы әлемдік сахнада пайда болған, және де басқа мемлекеттік менеджментке түрткі болған басқару мектептері туралы жаздым. Өйткені оларды білу менің ойымша өте маңызды сияқты. Ал енді осы жоғарыда атап өткен аспектілерді осы жұмысмымда толақтай тізіп шығамын.

I.Жұмыссыздық деңгейі және оның формалары

1.1 Жұмыспен қаматамасы ету және жұмыссыздық
Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік - экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Нақты ЖҰӨ өзгеру көзінің үшіншісі - өнімді өсіруге ыңғайлы ете отырып жұмысты өзгерту.
Жұмыссыздық мөлшері - жұмыс таба алмай жүрген жұмысшы күштерінің бір бөлігі. Мысалы, 2002 жылы жұмыстың қысқартылуы немесе жұмыссыздықтың өсуі салдарынан 1-1 - фигурада нақты ЖҰӨ-нің төмендегені байқалады. Шындығында, сол жылы жұмыссыздық 10,6%-ке өсті, бұл екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең жоғарғы жұмыссыздық мөлшері еді. 10 адамның біреуі өзіне жұмыс таппады. Бұл жұмыссыздық деңгейі 1930 жылдардағы депрессиядан бері байқалған жоқ.
Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
* Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
* Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми - техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.
* Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ - ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл - ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
1-кесте - Қазақстан Республикасындағы 2015-2016жж. бірінші тоқсаныңдағы еңбек нарығындағы негізгі көрсеткіштер

15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың.адам

I тоқсандағы
Анықтама: IV тқ. 2016ж

2014ж
2015ж
2016ж

Жұмыссыз халық, мың. адам
661,1
652,6
624,0
618,7
Жұмыссыздық деңгейі, %
8,5
8,2
7,7
7,7
15-24жас аралығындағы Жұмыссыз халық
204,8
207,2
152,9
146,2
16-24жас аралығындағы Жастардың жұмыссыз деңгейі
14,7
14,7
11,1
10,8
Ұзақ мерзімдегі жұмыссыздық деңгейі,%
4,8
4,3
3,5
3,8
Жұмыспен қамтылған халық,мың. адам
7102,7
7289,0
7489,9
7414,9
Жұмыспен қамтылу деңгейі,%
62,6
63,2
64,1
64,4
Жалдамалы жұмыскерлер,мың. адам
4563,0
4719,4
4897,8
4811,6
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың.адам
2539,1
2569,6
2692,1
2603,6
Экономикалық белсенді халы, мың.адам
7763,2
7941,6
8113,9
8033,6
Экономикалық белсенді халық деңгейі, %
68,4
68,9
69,4
69,7
Экономикалық белсенді емес халық, мың.адам
3587,1
3582,8
3574,8
3488,5
Экономикалық белсенді емес халық деңгейі, %
31,6
31,1
30,6
30,3

Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Жұмыссыздық деңгейін (u) жұмыссыздар санын (U) бүкіл экономикалық белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:

Мұнда Е-жұмыс істеушілер саны.1,б
Ол Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл - мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша агенство шұғылданады.
Алғашқы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында 2016ж бірінші тоқсанында жұмыспен қамтылғандар саны 7,5 млн.адам. Бұл алғашқы жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда 200,9 мың адамға не 2,8% көп. Жұмыспен қамтылғандардың құрамында жалдамалы жұмысшылардың үлесі 64,5%-ды құраса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 34,6%. Жалдамалы жұмысшылардың негізгі үлесі мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде - 81,3%-ды құрады.
Сол жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздардың саны (экономика- лық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар) 624мың адамды құраса, ал жұмыс- сыздық деңгейі -7,7% құраған. Бұл алғашқы жылдың сәйкес кезенімен салыс- тырғанда 28,6 мың адамға немесе 4,4%-ға қысқарғанын көрсетеді. Жұмысыз халық ішінде ерлер - 257,1 мың адам (41,2%), әйелдер-366,9 мың адам (58,8%).
2-кесте - 2016ж. Iбірінші таңдағы жұмыссыздық.

Барлығы
Оның ішінде
Анықтамалы: 2015 жылы I тоқсан

ерлер
әйелдер
Барлығы
Оның ішінде

ерлер
әйелдер
Жұмыссыз халық, мың адам
624,0
257,1
366,9
652,6
277,0
375,6
Жұмыссыздық деңгейі,%
7,7
6,2
9,2
8,2
6,9
9,6
15-24 жас аралығындағы жұмыссыздар, мың адам
152,9
78,5
74,4
207,2
97,0
110,2
Жастардың жұмыссыздық деңгейі,%
11,1
10,4
12,1
14,7
12,7
17,2
Ұзақ мерзімді жұмыс сыздық деңгейі,%
3,5
2,5
4,6
4,3
3,1
5,5

Жұмыссыздық масштабын азайту ретінде жұмыссыздық ретінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделінеді. Өйткені жұмыссыз- дықты мүлдем жою мүмкін емес және ондай мақсатты қойып керегі де жоқ. Фрикциондық пен құрылымдық жұмыссыздықтар түрлері экономикаға табиғи тән элементтер болып танылады, сондықтан олардың деңгейлерінің қосындысы жұмыссыздықтың табиғи деігейіне тең болады. Осы деңгейге жеткенде еңбек нарығы тепе- теңдік жағдайда болады. Бірақ еңбек нарығының бұл жағдайында кәсіптік- біліктілік жағынан бос жұмыс орны мен онда жұмыс істегісі келетін адамдар арасында толық сәйкестік бар деуге болмайды, бірақ сан жағынан ұсыныс пен сұраныс бірдей болуы мүмкін. Жұмыссыздық нарықты қатынастардан туады, сондықтан ол экономикадағы өзгеріспен тығыз байланысты. Американдық экономист А.Оукеннің есептеуі бойынша, егер ұлттық ішкі өнім (ҰІӨ) 2,7%-ке өссе, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді; ал ҰІӨ қосымша тағы 2 %-ке өсуі жұмыссыздық деңгейін бір пайызға азайтады және ,керісінше,ҰІӨ-нің қосымша қысқаруы жұмыссыздық деңгейін көтереді.

1.2 Жұмыссыздық түрлері және толық жұмысбастылық

Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық коэффицентінің қобалжуын әр түрлі топтар бойынша жалпы коеффицент немесе u жұмыссыздық дәрежесі, және жұмыссыздық коцеффицент арасындағы қатынастарды пайдалана отырып, жұмыс күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады. Жалпы коеффицент жұмыссыздықтың топтардағы орташа өлшемді коеффиценті болады:

мұндағы салмағы - бұл нақты топқа тиісті азаматтық жұмыс күшінің үлесі
Теңестірудің көрсетуі бойынша, жұмыссыздықтың жалпы коеффиценті негізінен жұмыс күші құрамындағы әр түрлі топтарда тең келетін жұмыссыздық коэффиценттерінен құралуы немесе жасы, нәсілі және жынысы бойынша ерекшеленген топтар арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінде күрделі айырмашылықтарды жасауы мүмкін болып табылады 1.
Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт түрге бөлуге болады:
* Фрикциондық немесе уақытша жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқанда болады;
* Құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік деңгейі және маман түрі бойынша сәйкессіздік пайда болады;
* Циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз жағдайында туады;
* Маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық белсенділігінің жыл бойында теңселуімен байланысты болады.
Уақытша жұмыссыздық. Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде жұмысаралық жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа райы жағдайы). Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады.
Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмысқа қайтып келген кезде, олардың орнын басқа жұмыссыздар басады. Сондықтан, әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық типі қала береді. Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын алуын күтіп отырған адамдарға экономистер уақытша жұмыссыздар деген термин қолданады (ол жұмыстың қайта жаңғыруымен немесе іздеумен байланысты).
Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін нақты көрсетеді: еңбек нарығында жұмыс орны мен жұмыс күші арасында сәйкестілік орнамайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын білімдері бар деп есептелінеді.
Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті болып бөлінеді. Жұсшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі, олар - өздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы.
Циклдық және құрылымдық жұмыссыздық
Жұмыспен толық қамтылған пайда болған жұмыссыздық. Құрылымдық - жұмыссыздық еңбек нарығы құрылымның нәтижесі. Құрылымдық жұмыссыздық деңгейі натуралды жұмыссыздық деңгейімен бара-бар. Циклдық жұмыссыздық - құрылымдық жұмыссыздықтан жоғары. Ол өнім жұмыспен толық қамтылу даңгейінен төмен болған тұста пайда болады.
Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз - бұл экономика толық жұмылды-рылған деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары институттарынан туындайды.
Уақытша жұмыссыздық ақырындап Құрылымдық жұмыссыздық деп аталатын екінші санатқа ауысады.4,536б..
Экономистер "құрылымдық" терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады.
Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып келеді1,63 б.
Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен бірдей болады.
Циклдық жұмыссыздық дегеніміз - бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады 4,536 б..
Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде "сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық"деп атайды 1,64б.
Толық жұмысбастылық ұғымы. Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100%-нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.
Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі циклдық жұмыссыздық нөлге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты жұмыссыздықтың табиғи (шынайы) деңгейі деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі экономиканың өндірістік әулеті деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты (шынайы) көлемі. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе- теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз - оң өлшем, өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыдарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарын өтуге немесе басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді деген сөз. Мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдық жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда, жиынтық сұранысы артық болған жағдайда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады, яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен төмен болады. Еңбек күші нарықтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады.
Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіп- орынмен ресми түрде үзбеген (осы себепті жқмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн,апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды2,148б.
Фрикциондық жұмыссыздық және оның натуралды мөлшері.
Ымыраға келмеушілік - - - еңбек нарығының әрдайым өзгерісте болуынан туындайтын жайт. Кейбір адамдар зейнет демалысына шығады. Ал енді біреулері жұмыс істеуді жалғастыра береді. Бір фирма жұмысшы жалдаса, енді бірі оны жұмыстан босатып жатады.
Адамға жұмыс табу үшін уақыт қажет. Фрикционды жұмыссыздық дегеніміз -- жұмысшының жаңа жұмыс іздеуі мен сол аралықтағы жұмыссыздық.
Фрикционды жұмыспен қамтамасыз етудің: жұмыспен толық қамтылу деңгейі мен жұмыспен толық қамтылу деңгейіндегі өніміне байланысты сомасы бар. Жұмыссыздықтың сол сомасы натуралды мөлшер деп аталады. Жұмыссыздықтың натуралды мөлшері дегеніміз - еқбек нарығы тепе-тең болғандағы сол нарықпен ымыраға келмейтін жұмыссыздық мөлшері. Натуралды мөлшер әр түрлі уақытта жұмыс күшінің 4%-тен 7%-іне дейін есептелінеді.
Мұндағы маңызды мәселе - жұмыссыздықтың болуы - неоклассикалық үлгідегі экономика жұмыспен толық қамтылғандагы өнім деңгейіндегі еңбек нарығына үйлеспейтіндігі...
1.3 Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету
Макродеңгейдегі еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика жағдайына тәуелді және мемлекеттік деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму концепцияcына сәйкес реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүрлі кезеңдерінде еңбек рыногының әлеуметтік-экономикалық теорияларының өзіндік позициялары болды. Классикалық теория өкілдері болып табылатын А.Смит,
Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, сонымен бірге неоклассиктер А. Маршал, А.Пигу, нарық жүйесі мемлекеттің экономикалық процестерге араласпаған жағдайында толық жұмыспен қамтамассыз ете алады деп дәйектеді. А.Пигу өзінің "Жұмыссыдық теориясы" еңбегінде (1993ж.) жұмыссыздықтың басты себебі ретінде еңбек ақының жоғарғы деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс шығындарын көбейтеді және жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп есептеді.
К.Маркс жұмыссыздықтың үш түрін ажыратады: ағымдық, жасырын және тұраланған. Мұндай жұмыссыздық түрлері өткен тарихта ғана қалып қойған жоқ, ол нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің бәріне де тән. Қазақстан да бұл проблемалардан өтіп кете алған жоқ.
Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейінің болуы еркін экономикаға тән қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі негізгі мәселе - жұмыссыздықтың өсуін баяулату және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің араласуының негізгі шаралары - жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу. Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына мыналар жатады:
* Жұмысты іздестіруге көмектесу және жұмысқа орналастыру арқылы қызмет көрсету;
* Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату;
* Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
* Жұмыспен қамтуды субвенциялау;
* өзін-өзі жұмыспен қамтуға метериалдық көмек көрсету;
* өзін-өзі жұмыспен қамтуға микрокредиттер беру немесе кішігірім кәсіпорындарды құру және т.б.
Бұл бағдарламалар іске асып жатқанымен, өз деңгейінде тиімділігі әлі төмен және нәтижелері де мардымсыз болып келеді. Оның басты себебі - бұл бағдарламалардың дұрыс ұйымдастырылып, менеджмент негізінде іске асырылмауы болып отыр 5,168-169бб..
Жұмыссыздықтың жиілігі.
Жұмыссыздықтың жиілігі дегеніміз - жұмысшы жұмыссыз қалған кездегі уақыттың орташа саны, әрбір кезеңі. Жұмыссыздық жиілігінің екі негізгі факторы бар. Біріншісі - экономикадағы әрбір фирма арқылы жұмыс сұранымының сан түрлі болуы. Тіпті жиынтық сұраным тұрақты болған жағдайда да кейбір фирмалар ұлғаяды да, енді бірі қысқарады. Осылайша қысқартылған фирмалар өз жұмысшыларынан айырылып, ал ұлғая бастағандары жұмысшыларды көбірек жалдайтын болады. Сұраным көп болуына орай жұмыссыздық деңгейі де жоғарылайды. Бұдан ары қарай жиынтық сұранымдағы өзгерістің өзі жұмыс сұранымындағы өзгеріске әсерін тигізеді.
Келесі фактор еңбеккердің жұмыс күшіне ену деңгейі, жұмыс күшінің арту деңгейі жеделдеген сайын жұмыссыздықтың натуралды деңгейі жоғарылайды. Жұмыссыздық мерзімінің төрт факторы және жұмыссыздық жиілігінің екі факторы жұмыссыздықтың натуралды деңгейінің негізі факторлары болып есептелінеді.
Олар өзгеріссіз. Ал еңбек нарығы мен жұмыс күшінің өзгеруі мүмкін. Эдмунд Фелпс айтқандай, натуралды мөлшер бейне бір жарық жылдамдығы іспетті күн астындағының бәрінен тәуелсіз түрде көрініс береді. Шындығында, натуралды деңгей 1977 жылдары 4% болса, ол 1997 жылдардың соңына қарай 5-6% төңірегінде болды.
Жалақы тиімділігі.
Көптеген экономистер фрикциондық жұмыссыздықты халық іздеуде жаңа жұмысшылардың жұмыс іздей отырып, жалпы жұмыс күшінің 5-6%-ын құрауына сене қоймайды. 1987 жылдардан кейінгі жұмыссыздық пен натуралды деңгей факторларын зерттеуден кейін, 1997 жылдардың ортасында ілгері басушылық байқалды.
Жаңа теориялар пайда бола бастады. Соның бірі - ұтымды жалақы теориясы; бұл теория бойынша көптеген фирмалар жұмыс күшін берік сақтап қалуы үшін жалақы нарықтан жоғары төленуі тиіс. Нақты жалақы жоғарылайтын болса, жұмыссыздық тым артып кетеді.
Жұмыссыздықтың натуралды деңгейінің өсуі.
1993 және 2008 жылдары жұмыссыздық натуралды деңгейден жоғары болды. Бірқатар экономистер натуралды деңгей жұмыс нарығындағы жұмыссыздық деңгейіне тең деп есептелінгендіктен, оны көрсеткіші жоғары болуы керек деп тұжырымдады. Мұндай айырмашылықты натуралды мөлшерді көбейтеді де, соның салдарынан жұмыссыздықты төмендету қиынға соғады.
Жұмыссыздық кезіндегі кешеуілдеу. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі - өзін тұрақтандыра алады. Мұның әр түрлі жолдары бар. Жұмыссыз адам тап осындай тірлікке бейімделіп кетуі мүмкін. Сол сияқты ол жұмыссыздыққа берілетін жеңілдік жөнінде естіп, оны қалай алудың жолын және кездейсоқ жұмыс атқара жүріп қалай күнелту қамын ойластырады.
Алайда жұмыссыз адам жұмыста да сәтсіздік болуы мүмкін болатынынан секем алып, жұмысын ауыстырмайды. Бұл, әрине, жалдаушыға да қолайлы. Оның ойынша, жұмыссыз қалған адам күш-қуатын азайтып, жұмыстың қыр-сырын ұмыта бастайды.
Еңбек нарқы, жұмыссыздық тек бір саланы ғана қамтитын саясат емес, ол барлық салаларды , барлық адамдарды қамтитын саясат. Еліміздің әл-аухаты, экономикалық жағдайы мемлекеттің ұстанған саясатына және жүргізіліп жатқан реформаларына, саяси-экономикалық басым бағыттарына тікелей байланысты. Қазақстан жағдайында нарықтың инфрақұрылымы, оның ішінде еңбек нарығының институттары мен ұйымдары, жеткілікті дамымағандықтан мемлекет әлі де зор роль атқару керек. Еңбек нарығы толық құнды бәсекелесті болған сайын қызметкерлер де, кәсіпкерлер де елдің еңбек ресурстарын барынша көп өнімді пайдалануға ынталанады. Жеке меншікті сектордың даму дәрежесі өскен сайын, еңбек нарығының инфрақұрылымы кемеліне жеткен сайын мемлекет әлеуметтіқатынастарына өзінің рөлін, кірісу дәрежесін мен формасын өзгертеді .

II. Инфлляцияның жұмыссыздыққа әсері және жұмыспен толық қамтамасыз ету жағдайлары
2.1 Жұмыссыздық деңгейінің инфляцияға туғызған әсері
Жиынтық сұраным саясаты экономикада жұмыссыздық деңгейі жоғарылаған кезде инфляция тудыруға тырысады. Ал осындай төменгі сұраным жиынтығы созыла түскен кезең инфляция мөлшерінің азаюына түрткі болады. 1980 жылғы АҚШ экономикасындағы инфляция өлшемі көрсетілген. Мұндагы инфляция өлшемі тұтыну бағасы индексінің (ТБИ) өзгеру мөлшеріне сәйкес келеді. Демек, тұтынушының бағасы инфляция мөлшері болып табылады.
1980 - 1984 жылдар аралығында тұрақты инфляция кезеңі болды және оның мөлшері 2% деңгейінде ауытқып отырды. Ал 1985 -- 1990 жылдары бұл мөлшер шамалы жоғарылады, ал 1972 жылдың орта шенінде төмеңдеді. Ал 1972, 1974, 1998 - 2001 жылдардағы инфляциялық дүмпу 12%, тіпті одан да жоғары болды. 2002 - 2003 жылдарғы құлдырауға байланысты ол төмен түсті. 2007 жылғы инфляция экономика жылдам дамыса да, төмен күйіңде қала берді. Тек 2009 жылы ғана оның мөлшері 5%-ке көтерілді.
1980 -- 1990 жылдардағы барлық инфляция бағаның өсуіне әкеп соқтырды. Яғни 1980 -- 2009 жылдары баға деңгейі төрт еселенді. 1980 жылы 1$ тұратын тауар 2009 жылы 4.19 $ болды. Сөйтіп бағаның өсуі 1990 жылы кеңінен өріс алды.
Жұыссыздық кезіңде потенциалдық өнім құлдырайды, сондықтан жұмыссыздықты азайта түсу қажет. Инфляция кезінде өнім азаймайды. Бірақ инфляция баға жүйесін бұзады. Саясатшылар инфляцияны қысқарту үшін жұмыссыздықты өсіру қажет дейді, бұл, басқаша айтканда, жұмыссыздықтың төменгі инфляцияға ұласуы болып табылады.
Инфляция -- жұмыссыздықтың сыңары
Филлипс қисық сызығы жалақы мен баға инфляциясы және жұмыссыздық арасындағы өзара карым-қатынасты бейнелейді. Жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғары болған сайын инфляция мөлшері де соғұрлым төмен болады. Бұл жағдай 1950 жылы Үлыбританияда орын алды, содан бері макроэкономика қарастыратын негізгі мәселе болып келеді. Филлипс кисық сызығы жұмыссыздықтың жоғары мелшері инфляцияның төменгі мөлшерімен қабаттас жүруін немесе бұған керісінше құбылысты бейнелейді. Филлипс қисық сызығы бойынша жұмыссыздықтың төмендеуі қашанда инфляция азайғаңда байқалады және инфляция мөлшері жоғары жұмыссыздық кезінде кеми түседі. Қысқаша айтқанда, қисық сызық инфляция мен жұмыссыздық арасында тәуелділік бар екенін аңғартады.
1990 жылғы экономикалық оқиға, одан кейінгі 1994 -- 2001 жылдар арасындағы инфляция мен жұмыссыздық, бұл екеуінің арасындағы қатынасқа күмән келтірілді.
2 жыл ішіндегі екі құбылыс арасында өзара байланыс бар екені сезіледі. Бұдан қысқа мерзімді Филлипс қисық сызығы тұрақты еместігін кереміз. Ал ұзақ мерзімді жұмыссыздық мөлшері ұзақ мерзімді инфляция мөлшеріне тәуелді. Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы қысқа және ұзақ мерзімді тәуелділіктер - саясатты тұрақтандырудағы негізгі айқындаушы факторлар.
Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы ымыраластық.
1930 жылдардан бастап Галлуп ұйымы сайлаушыларға еліміз қандай маңызды проблемаларға кезігіп отыр деген сұрақ қойды. Оған берілген жауап: нашақорлық, қылмыс, айналадағы ортаның ластануы немесе ядролық соғыс қаупі...дегенге сайды. 2001 жылы екі жақты инфляция негізгі проблемаға айналды. Екі жылдан кейін жұмыссыздық екі есе өсіп, ол ұлтымыздың онымен бетпе-бет келген өзекті проблемасына айналды. Оны 3 - кестеден көруге болады. 2009 жылы жеті жылдық өсуден кейін инфляция да, жұмыссыздық та бәлендей сезіле қойған жоқ.
3 - кестеде Артур Оукеннің ойлап тапқан инфляция мен жұмыссыздық сомасы, яғни қайыршылық көрсеткіші беріледі. Көрсеткіштің жоғары болуына қарағанда 2000 жылдары инфляция мен жұмыссыздық еліміздегі маңызды проблема ретіндегі ұлттық мәселеге айналып, сайлау нәтижесіне әсерін тигізді.
Саясаткерлер құлдырау шығынын инфляцияға қарсы қалайша өлшей алады. Мұндай ымыраластық қалай түсіндіреді? Саяси өндірістік цикл теориясы бойынша саясаткерлер саясатты инфляцияның және жұмыссыздық нәтижелерін сайлау қарсаңында тұспа-тұс етіп белгілейді. Әрине, инфляция сайлаудан кейін орын алады.

3 - кесте
Еліміздің алдында тұрған негізгі проблема қандай?

Инфляция
Жұмыссыздық

Мөлшері %
Проблема №1
Мөлшері %
Проблема №1
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
10,4
6,2
3,2
4,4
3,6
1,9
3,7
4,1
73
49
18
10
7
4
5
2
7,5
9,6
9,5
7,4
7,1
6,9
6,1
5,4
8
28
53
28
24
23
13
9
Натуралды мөлшердің анықтамалары
Натуралды мөлшердің u* анықтамалары туралы сөз болғанда, жұмыссыздық мерзімі мен жиілігі туралы айтылады. Жұмыссыздық мерзімі (адамның жұмыссыз болуының орташа уақыты) циклдік факторларға байланысты және оның төмендегі жұмыс нарығының құрылымды өзгешеліктеріне де қатысы бар:
* Оған еңбек нарығын ұйымдастыру, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету қызметтері мен агенттіктері жатады.
* Жоғарыда талқыланған жұмыс күшінің демографиялық құрылымы кіреді.
* Жұмыссыздың өзіне қолайлы да тиімді жұмыс іздеу қабілеті мен тілегі қосылады.
* Жұмыссыздыққа төленетін жәрдемақы болады.
Соңғы екі пункті ерекше атап өткен жөн. Адам өзіне қолайлы жұмыс орнын іздеу үшін жұмыстан босанады. Мұндай жұмыссыздықты ізденіс үстіндегі жұмыссыздыққа жатқызамыз. Жұмыстың бәрі бірдей болған жағдайда, жұмыссыз адам бірінші ұсынылған жұмысқа орналасады. Егер жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы жоғары болса, онда ол адамға жұмыс орнын одан ары қарастыра берген қолайлы.
Жұмыстан босатылған жұмысшы өзінің бастапқы жұмысына қайт оралып, басқа жұмыс іздемейді. Себебі: жұмысшы сол фирманың қыр-сырын түгел біледі: сол жерден еңбек стажын жинайды. Мұндай адам, әрине, басқа жұмыс іздемейді. Ендігі бір әрекет, егер адам жұмыссыздыққа жәрдемақы алатын болса, онда ол фирма жұмысқа қайта шақыртып алғанша күтумен болады .

2.2 Жұмыссыздық бірлестігі
Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Жұмыссыздық деңгейі және жұмыссыздық мерзімі
Жұмыссыздықтың бір жыл ішінде бірнеше кезеңі болуы мүмкін. Тіпті ол бір жыл бойы жұмыстан мүлде қол үзуі де ғажап емес. Жұмысшы әдетте бірде жұмыссыздық бірлестігіне қабылданса, енді бірде ол жұмыс күші қатарынан шығып кетуі жиі кездеседі.
Жұмыссыздықтың ұзақтығы жұмыс күші ретіндегі топтар мен олардың жас шамасына қатысты өзгешеленеді. Жұмыс күші қатарынан егделеу ер адамдарға қарағанда жас жігіттер көптеп шығуда. Бұл айырмашылықтың жас және егде әйелдерге қатысы жоқ. Сондай-ақ ұзақ мерзімді жұмыссыздық жастар мен қаңтар жұмысшылар арасында да кездеседі. Сонымен, егде адамдарға қарағанда жастар жұмыссыздығының мәні әр түрлі. Жастардың уақытша жұмыссыздық жиі кезігеді. Ал егде жұмысшылар жұмыстан жиі қол үзбеуге тырысады. Және өйте қалған жағдайда бұл онша ұзаққа созыла қоймайды. Тағы бір ескере кететін жайт: жасөспірімдердің жұмыссыз болуы - олардың мектепте оқуына байланысты. Сондықтан да олар жұмыс күні толық емес жұмыс ідеуге талпынады .
Жұмыспен толық қамтамасыз ету.
Экономикалық саясат үшін шешуші сұрақ - экономика жұмыспен қай кезде толық қамтамасыз етіледі дегенге саяды. Сонда бұл жұмыссыздық деңгейі 5,4 немесе 6% болғанда ма? Және саясаткерлер жұмыссыздық деңгейі 6%-ға тең болған жағдайда жұмыссыздықты төмендету үшін сұранымның артуын сақтап қалуы қажет пе? Кейде жұмыссыздықты 5% төмендету қауіпті деген пікір айтылады, өйткені соның нәтижесінде инфляция сөзсіз болып, еңбек нарығы енжар әрекетке көшеді.
2006 жылдың басында жұмыссыздық деңгейі 7% төмендеді. Бұдан жұмыспен толық қамтамасыз ету жүзеге асты ма, жоқ па, оның нақты жауабы әлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ФАКТОРЛАРЫ туралы
Экономикалық өсу үлгілері және факторлары
Экономиканың дағдарыстық жағдайындағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Экономиканы салықтық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы
ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері
Қазақстан Республикалық экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары
Экономиканы салықтық реттеу
Экономикалық өсу түсінігі туралы
Жамбыл облысының аймақтары бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің дамуын бағалау
Салық және оның әлеуметтік-экономикалық қоғамдағы орны мен маңызы
Пәндер