Саяси ойлар
1. Ежелгі Римдегі саясы ойлар
2. Ежелгі Шығыстағы саяси олар
3. Көне Грекиядағы саяси ойлар
4. Араб елдерінің саяси ойлары
5. Қазақ хандығындағы саясы ойлар
6. Қазіргі заманғы саяси ойлар
2. Ежелгі Шығыстағы саяси олар
3. Көне Грекиядағы саяси ойлар
4. Араб елдерінің саяси ойлары
5. Қазақ хандығындағы саясы ойлар
6. Қазіргі заманғы саяси ойлар
Көне Римдегі саяси ілімдер де өз тарихи тамырын тереңнен алады. Антикалық Римдегі саяси ілімдер тарихын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1. патшалық (б.э.д. 754-510 жж.) кезең;
2. республикалық (б.э.д. 28-509 жж.) кезең;
3. императорлық (б.э.д. 27-476 жж.) кезең.
Біздің дәуіріміздің 395 жылы Рим империясы екі им- перияға бөлініп кетті. Батыс Рим – астанасы Рим қаласы, Шығыс Рим – астанасы Константинополь, ал соңғысы 1453 жылы толық мемлекеттілігінен айырылды. Көне Римдегі саяси ілімдердің қалыптасуы Патри- цийлер мен байыған плебейлер, оптиматтар, мен попу- лярлар, ерікті азаматтар мен құлдар арасында күшті таптық күреспен бірге қатар дамып жүріп жатты. Осының барлығы да кейіннен Рим билеушілерін билік монополиясын бөлісуге итермеледі. Соның бірі Римнің алтыншы императоры Сервий Туллийдің плебейлерді «рим халқының» санатына қосуымен аяқталды. Бірақ оларды мүлкіне қарай бірнеше разрядтарға бөлді. Нәтижесінде плебейлер халық жиналысына қатысу және жер иесі атану құқығына ие болды. Плебейлер мен патрицийлер арасындағы теңдік үшін күрес ұзаққа созыл- ды. Осы жолда көптеген рим консулдары мен халық трибундары реформа жасауға тырысты, бірақ олардың әрекеті нәтижесіз, өздерінің өлімімен аяқталды.

Жоспар:
1. Ежелгі Римдегі саясы ойлар
2. Ежелгі Шығыстағы саяси олар
3. Көне Грекиядағы саяси ойлар
4. Араб елдерінің саяси ойлары
5. Қазақ хандығындағы саясы ойлар
6. Қазіргі заманғы саяси ойлар
1. Ежелгі Римдегі саясы ойлар
Көне Римдегі саяси ілімдер де өз тарихи тамырын тереңнен алады. Антикалық Римдегі саяси ілімдер тарихын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1. патшалық (б.э.д. 754-510 жж.) кезең;
2. республикалық (б.э.д. 28-509 жж.) кезең;
3. императорлық (б.э.д. 27-476 жж.) кезең.
Біздің дәуіріміздің 395 жылы Рим империясы екі им- перияға бөлініп кетті. Батыс Рим - астанасы Рим қаласы, Шығыс Рим - астанасы Константинополь, ал соңғысы 1453 жылы толық мемлекеттілігінен айырылды. Көне Римдегі саяси ілімдердің қалыптасуы Патри- цийлер мен байыған плебейлер, оптиматтар, мен попу- лярлар, ерікті азаматтар мен құлдар арасында күшті таптық күреспен бірге қатар дамып жүріп жатты. Осының барлығы да кейіннен Рим билеушілерін билік монополиясын бөлісуге итермеледі. Соның бірі Римнің алтыншы императоры Сервий Туллийдің плебейлерді рим халқының санатына қосуымен аяқталды. Бірақ оларды мүлкіне қарай бірнеше разрядтарға бөлді. Нәтижесінде плебейлер халық жиналысына қатысу және жер иесі атану құқығына ие болды. Плебейлер мен патрицийлер арасындағы теңдік үшін күрес ұзаққа созыл- ды. Осы жолда көптеген рим консулдары мен халық трибундары реформа жасауға тырысты, бірақ олардың әрекеті нәтижесіз, өздерінің өлімімен аяқталды. Өздерінің бағдарламасында рим реформаторлары Сократ, Платон, Аристотельдің мемлекет, заңдар және саясат пен саясаткерлер туралы идеяларын пайдаланды.
Ежелгі Римдегі саяси ілімдер және соған арқа сүйеді. Әсіресе, рим ойшылдары саясат пен құқықты дамытуда ерекше рөл атқарды. Солардың бірегейі - Цицерон. Марк Туллий Цицерон (б.э.д. 106 - 493 жж.) атақты заңгер, мемлекет қайраткері, ойшыл. Ол өз шығарма- шылығында мемлекет пен құқық мәселелерін қарастыр- ды. Мемлекет туралы, Заңдар туралы, Міндеткерлік туралы атты еңбектердің авторы. Цицерон мемлекетке (respublika) анықтама бергенде оған халық - адамдардың бей-берекетсіз, мақсатсыз жиынтығы емес, керісінше қоғамда өз ынтымағы бар, ортақ мақсаты мен құқығы үшін топтасқан адамдар жиынтығы деп баға береді. Осылайша Цицерон алғаш рет саяси ілімдер тарихында мемлекетке заң тұрғысынан анықтама берген ойшыл, ғұлама. Цицерон мемлекеттің пайда болуын адамдар ара- сындағы өзара келісімділікпен түсіндіреді. Мемлекет пен құқық, Цицеронның пікірінше, адамдардың өз қалаула- ры бойынша пайда болмайды, ол құдіреттің (құдайдың қалауымен) арқасында болатын іс. Осының барлығын түсініп білу үшін үлкен сана иесі болу керек. Жердегі болып жатқан барлық үдерістер жоғарыдағы саналы әрекет арқылы әділетті басқарылуы тиіс деп көрсеткен. Сана - адам жанының ең жоғарғы сатысы. Атақ- құмарлық, дүниеқоңыздық және мансапқорлық сияқты жан бүлікшілері дана басшыларға жат қасиет, парасат жайлаған жерде ешқашанда ашу-ыза мен бейбастылыққа жол болмайды деген пікір білдірген. Цицерон көне грек философтары сияқты мемлекет басқару формасының үш түрін көрсетеді: патша билігі, оптиматтар (аристократия) және халық билігі (демо- кратия). Патша осы көрсетілген формаларды пайдала- нып мемлекетті ұтымды басқарса мемлекет дұрыс дами- ды дейді. Патша егерде жеке-дара басқарып, өктемдікке 24 Саяси ілімдер тарихы берілсе, оның арты тиранияға алып келеді, ал оптиматтар билігі тек байлар мен игі жақсылардың жиынына айналады деп ескертеді. Сонымен қатар, Цицерон жағымсыз басқару деп демократияны көрсетеді, өйткені ол тобыр- дың ақылсыздығы мен озбырлығына алып келеді деп ескертеді. Сондықтан да, оның ойынша, басқарудың ең озық түрі - аралас басқару формасы деп тұжырымдайды. Ақылды мемлекет басшысына мемлекеттегі көптеген мәселелердің алдын алу керек деп ескертеді. Мемлекет басшысына алдын болжай білетін көрегендік қасиет пен өз ісіне деген жауапкершілікті басты талап етіп қояды. Цицерон табиғи заңдарға ерекше мән береді. Ол табиғи заңдар барлық заңдардан бұрын пайда болғанын атап өтеді. Сонымен қатар, мемлекеттегі қабылданған заңдар сол елдің менталитетіне сәйкес болуы керек деп ескертеді. Рим стоиктерінің саяси көзқарастары Рим империя- сының әлемдік державаға айналған тұсына сай келеді. Олар өз идеяларында космополитизм мен адамның адам- гершілік жағынан өзін-өзі дамыту мәселелерін қозғады.
Луций Анней Сенека (б.э.д. 3 - 65 жж.) император Не- ронның тәрбиешісі, мемлекет қайраткері, сенатор болған. Сенека рухани идея бостандығы үшін күресті. Ол адамдардың қай әлеуметтік статусқа жататындығына қарамай олар рухани жағынан азат болуы керек деп есептейді. Тіпті құлдың өзі де рухани азат адам, тек оның тәні ғана құлдықта деген. Құлдық жүйені Сенека жоққа шығармайды, бірақ ол құл иелерінен құлдарға адам- гершілікпен қарауын сұрайды. Ол барлық адамдар тағ- дыр алдында бірдей дәрежеде құл деп есептейді. Оны ол біреулер құлқынның құлы, біреулер дүниенің құлы. Ең ауыр құлдық - өз еркімен құлдыққа мойын ұсыну деп түсіндіреді. Сенека өзінің табиғи-құқықтық тұжырымдамасын тағдыр заңдарына таңып қояды. Бұл заңға адамзаттың 25 3-тарау. Ежелгі Римдегі саяси ілімдер ойлап тапқан нұсқаулары, мемлекет және заңдар түгел бағынады деп түсінді. Стоиктердің келесі өкілі - Эпиктет. Ол қоғамдағы адамдар әрқайсысы өзіне тағдырдан келген істермен ғана шұғылдануы керек дей келе, байлық пен құлдық жүйені қатаң сынады. Құл ұстау адамгершілікке жатпайтын жат қылық деді. Өзіңе тілемеген жаман істі өзгеге де тілеме. Егер саған құл болу ұнамаса, онда өзгені де құлдықта ұстама деген. Марк Аврелий Антонин мемлекет пен құқық туралы ойды дамыта түсті. Император-стоик қоғамдағы адам- дардың заң алдында барлығының бірдей және жауапты болуымен қатар, қол астындағылардың ерікті азат болуын қалады. Стоиктердің саяси ойлары кейіннен рим саяси құқығының негізін қалады.
2. Ежелгі Шығыстағы саяси олар
Саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы өз бастауын көне заманнан алады. Олардың пайда болуы алғашқыда философиялық-діни бағытта болды. Өйткені қоғамда діни нанымдар ертерек пайда болған еді және адамдар санасы қоршаған ортаны танып білуде өте тұрпайы да, қарапайым болды. Адамдар санасында қоғамдағы болып жатқан әр түрлі табиғи-саяси және әлеуметтік үрдістерді, қоршаған ортаны түсіндіруде мифтік көзқарас басым болды. Адамдар өздерін қоршаған ортаны жанды космос әлемімен байланыстырды. Сондықтан да көне заманда- ғы көптеген халықтар (гректер, парсылар, египеттіктер, үнділер мен үндістер, вавилондықтар мен римдіктер) жердегі болып жатқан құбылыстар мен тәртіпті көктен түскен заңды құбылыс деп қабылдады. Осыдан да болар, олар жердегі барлық жағдайды: қарапайым адамдар ара- сындағы қатынастан бастап, саяси істерге дейін барлығын діни идеологияға апарып таңып қойды. Көне Египетте халық биліктің қайнар көзі деп құдай- лар мен фараондарды қабылдады. Сондықтан да Египет- тегі биліктің өзі фараондар салдырған пирамидаға ұқсас болды. Пирамида басында құдайлар мен фараондар, яғни пирамиданың шыңы, ал пирамиданың табаны (негізі) - халық, ортасы - абыздар мен ақсүйектер деп түсінді. Ал осы тәртіпті бұзған жағдайда адамдар құдайдың қарғысына қалады, ақырзаман болады деп түсінді. Осыдан барып олар қоғамдағы қалыптасқан жағдайды, тәртіпті сақтап қалу үшін әр түрлі заңдар жинағын жариялады. Сондай заңдардың ең көнесі ретінде ежелгі 8 Саяси ілімдер тарихы вавилондағы Хамурапи (б.э.д. 1782 - 1750 жж.) патшаның заңдарын айтуға болады. Заңның кіріспе бөлімінде осы заң сендерге әділеттілік үшін жіберілген деп көрсетіледі. Көне Үндістандағы бізге дейін жеткен көне ескерткіш- тердің бірі - ертедегі арийлер туралы мәліметтер сақтал- ған Ригведа. Бұл құнды деректе олардың қоғамдық өмі- рі түгел сипатталады. Дерек бойынша үнділер қоғамды төрт арнайы топқа бөлген: а) брахмандар - абыздар; ойшылдар, ғалымдар; ә) кшатрийлер - әкімдер мен жауынгер әскери басшылар; б) вайшилар - көпестер мен саудагерлер; в) шудралар - бұқара халық. Қоғамдағы мұндай әлеуметтік тапқа бөліну сол заман- ның идеологиясына ешқандай қайшы келмеді және бір таптан басқа тапқа ауысуға қатаң тыйым салынды. Осылай- ша үнді қоғамында саяси өмірді реттеуші қатаң касталық жүйе қалыптасты. Ригведада берілген мәліметтерге қарағанда арийлер еңбекшілерге билік жүргізген, сондай- ақ кшатрийлерді өздері сайлап отырған. Арийлер егер де кшатрийлер өздеріне берілген қызметті дұрыс атқармаған жағдайда және патшаға адалдық сақтамаған кезде оларды билік басынан алып тастау құқығын иеленген. Көне заманнан бізге жеткен тағы да бір құнды жәдігердің бірі - ежелгі үнді тарихшысы, ойшылы Каутильяның жазған Артхашастра еңбегі болып табы- лады. Бұл еңбекте автор үнді жеріндегі көне Маурья мемлекеті туралы сөз қозғайды. Маурья империясы мемлекетілік нышандары түгел қалыптасқан, өз құрылымы, нысаны, салық жүйесі және басқа мемлекеттермен саяси байланыс орнатқан мемлекет болғаны сипатталады. Басқару формасына байланысты Маурья мемлекеті ав- тократиялық тұрпатта болды, соған қарамастан қалалар мен ауылдық жерлерде оларға кейбір автономиялық өкілеттіктер берілді. Атап айтқанда, сауда, салық, мүлік, 9 1-тарау. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар шекара күзету мәселелеріне келгенде тұрғындар бұл сұ- рақтарды арнайы құрылған мекемелер, заң, сот жүйесі арқылы шешіп, жүзеге асырып отырды. Маурья мемлекетінде арийлер ерекше мәртебеге ие болды. Олар ешқашан құл болмады. Арийлер патшаны олардың мүліктік жағдайына қара- мастан сайлады. Таққа отыру рәсімі кезінде патша халық- қа адал қызмет ету туралы ант берді. Патша егерде мен сіздерге қысымшылық көрсетсем, онда мені жаратушы аспан мен жерден және ұрпағымнан айырсын деп ант берген. Каутилья былай деп түсіндіреді, патшаның бақыты оның қол астындағыларының бақытына, олардың әлеу- меттік жағдайына тікелей қатысты, өйткені патшаның негізгі қызметі халыққа қызмет етуден тұрады. Патша халқына адал болмаған жағдайда халық оны тақтан түсі- руге құқылы болды. Бірақ үнді қоғамындағы билеушілер- дің ашкөздігі мен дүниеқоңыздығы Каутилья сипаттаған қоғамның біртіндеп құлдырауына әкеліп соқты. Маурья мемлекетінде тұрғындарды табиғат және соғыс жағдайларына байланысты әлеуметтік қорғау механизмі құрылды. Қалаларда сәулет, жол салу, туу мен өлімді тіркей- тін, ішкі тәртіпті қадағалайтын арнайы муниципалды кеңестер жұмыс істеді. Бірақ соған қарамастан, Маурья мемлекетіндегі қатаң касталық жүйе біртіндеп саяси, экономикалық және әлеуметтік жағынан дағдарысқа ұшырай бастады. Патша мен брахмандардың шектен шыққан билігі мен қатыгездігі кедей бұқара халықтың құқықтарын аяққа таптады. Бұл өз кезегінде қоғамды идеологиялық тығырыққа әкеліп тіреді. Енді саяси сахнаға халықты осы тозақ шеңберінен құтқарушы жаңа харизматикалық лидер Будда (ханзада Гаутама Сиддхартха) келді. 10 Саяси ілімдер тарихы Будданың (Будда - көзі ашылған, нұрланған) өзі жә- не оның ізбасарлары брахманизмнің қасиетті мәтіндерін- де қалыптасқан идеяларды, ұғымдарды және санскрит тілін пайдаланды. Олардың көптеген ойлары брахманизм идеясымен ұштасып жатты. Атап айтқанда, қайта туу (сансара) қағидаты, жазасын алу (карма), парыз, хақ жолы (драхма) және т.б. Алайда ендігі жерде Будда ұжымдық психологиядан жеке психологияға ауысты. Адам жеке өзінің хақ жолын сезініп, қалыптастыра отырып, сансардан шыға алады және тағдырына ықпал етіп, карманы өзгерту мүмкіндігіне ие бола алады. Будда іліміне кіріп, аман қалу жолында барлық адам- дар бәрі бірдей деп саналды. Таптық, әлеуметтік және нәсілдік айырмашылықты адамдар рухани жағынан ке- мелденген шақта өзгерте алады. Ешқандай әлеуметтік сатыға, дәрежеге бөлінбейді. Адамның бақытқа жетуі де өз қолында. Ол оның істеген іс-әрекеттеріне байланысты. Будданың айтуынша, бақытқа жету үшін адам өз өміріне, құндылықтарына, қағидаттарына, тәртіп ережелеріне, қарым-қатынасына (ортамен), ниетіне, наным-сеніміне (діни) саналы мүмкіндік жасауы тиіс. Бұл жолдағы жақын мақсат пен мүмкіндік - болашақ өмірге қайта келу (туу) мәртебесіне ие болу бұқара халық үшін өте тиімді болды. Өйткені бұған дейін өмірде қайта туу мәртебесіне тек брахмандар ғана мүмкіндік алған еді. Будда ілімінің бұқаралық мәні халық тарапынан кең қолдау тапты. Тіпті аристократия өкілдері де жаңа дінді қуанышпен қарсы алды. Б.э. ІІ ғ. Үндістанда ірі мемлекет билеушісі Ашоко патша будда дінін насихаттауда ерекше еңбек етті. Ол өзін будда монахтығы - сангханың, яғни 32 буддизмнің этикалық нормасы - дхарманың қорғанымын деп жариялады. Сол арқылы ол жергілікті элитамен тартыста болашақ империяның билігін нығайтты. Мемлекет бақылауымен Паталипутрада өткен собор- да будда ілімін толық мойындау үдерісі басталды. Буддизм- 11 1-тарау. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар нің үш асыл қазынасы: ұстаз - Будда, ілім - дхарма, ақиқат иелері - сангха туралы түсінік бекітілді. Соның ішінде сангха нирванаға жетер жолды көрсете және жеңілдете алатын, ілімді түсіндіретін институт деп қабылданды. Сондай-ақ, Будда дінінде нирванаға жетер жолдағы ұстаз рөлінің маңызы артты. Саяси ілімдердің бағзы отанының бірі - Қытай. Қытай халқының күрделі саяси өмірін түсіндіретін, реттейтін елде бірнеше мектептер болды. Сол заманда негізі қа- ланған идеялар қазіргі кезде де қытай халқының негізгі идеологиясына айналып отыр. Қытай қоғамында конфуций ілімі негізгі доктринаға айналғанға дейін, мемлекеттің саяси өмірінде даосизм мен буддизм ілімдері саяси-идеялық тәртіпті қалыптастырып үлгерген еді. Буддизм адам мен ғаламның үйлесіміне назар аудара отырып, қоғамда әділетті мемлекет орнатуға болады деген идеяны қолдады. Кун-фу-цзы (б.э.д. 551 - 479 жж.) Конфуций әлеумет- тік және саяси қайшылықтар заманында өмір сүрді. Мем- лекет іргесі шайқалып, патриархалдық-рулық нормалар дағдарысқа ұшырап, елді хаос жайлаған кез болды. Осы жағдайдан шығу үшін Конфуций әлеуметтік үйлесімділік идеясын ұсынды, сонымен қатар, ол Қытайдың рухани және қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарған даналар мен ел билеушілерінің беделіне сүйенді. Конфуций идеялары көрініс тапқан Луньюй жи- нағында (оның шәкірттерімен арадағы сұхбат ретінде жазылған еңбегі) жетілген адам (цзюнь цзы) идеясы ашылады, адами тұлға өзіндік тұлға ретінде қарас- тырылады. Ол ғарышпен үйлесімділікте болатын рухани кемелденген тұлға деңгейіне жету мақсатында жетілген адам бағдарламасын жасады. Мейірімді адам - бүкіл қоғам үшін адамгершілік мұраттың бастауы. Тек соған ғана үйлесімділік сезімі мен табиғи ырғаққа сай өмір 12 Саяси ілімдер тарихы сүру тән. Ол ішкі жүрек әрекеті мен сыртқы іс-қимыл- дың тұтастығының көрінісі. Дана табиғатқа сәйкес әрекет етеді, өйткені алтын үйлесімділік ережесін сақтау, оған туа біткен қасиет. Оның мақсаты - ғарышта орын алған үйлесімділік заңына сай, әлеуметті қайта құру, барлық тіршілікті тәртіпке келтіріп сақтау. Конфуций үшін бес тұрақтылық: әдет-ғұрып, адам- гершілік, әділетті парыз, білім мен сенімділік аса маңыз- ды. Әдет-ғұрыптан ол әрбір тұлғаға, қоғам мен мемлекет- ке шексіз ғаламнан өз орнын табуында, Жер мен Аспан арасында негіз және арқау болатын құралды көрді. Осы тұрғыда Конфуций отбасылық этиканы мемлекеттік деңгейге дейін көтереді. Иерархиялықтың негізіне ол бі- лім, кемелдену және мәдениетке жақын болу қағидатын алады. Осы қасиеттерді тәрбиелей отырып, даналар қоғам- дағы иерархияны өміршеңдігін қалыптастырады. Әлеу- метке берілген табиғи ырғақ қоғам мен мемлекеттің дамуына негіз болады. Ұстаз бен шәкірт арасындағы сұхбат табиғи үйлесімге негізделіп, шиеленіс пен қақтығысқа жол бермеу керек деп түсіндіреді. Саясаткер ретінде Конфуций ел басқарудағы әдет- ғұрыптың құндылығын өте жақсы түсінеді. Үлкен және ұсақ істерде ол қол астындағы адамдардың өз шамасын білу сезіміне тәрбиелей отырып, әдет-ғұрып, тұлғалық және әлеуметтілік деңгейдегі адамды сыртқы ортаға бейімдейді, қақтығыстардың алдын алады. Әдет-ғұрып қоғамдағы қалыптасқан саяси өмірді жал- ғастыруға, аман болуына себеп болады. Қазіргі қытай қо- ғамы өзінің саяси және мәдени-экономикалық дамуында, тұрақтылығында негізін Конфуций қалаған, әдет-ғұрып пен моральдық-этикалық нормаларға көп қарыздар. Конфуций саяси идеясы жағынан алып қарағанда консерваторлық бағытты ұстанған, гуманист ойшыл болды. 13 1-тарау. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар Конфуцийшілдікті әрбір жаңа ұрпақ өзінше талқы- лап, қабылдады. Мысалы, Мен-цзы (б.э.д. 372 - 289 жж.) ұстаздың билік мәні туралы тезистерін қайта қарады. Қо- ғам мен мемлекеттің пайда болуын ол қоғамдық келісім нәтижесі деп түсіндірді. Көк жарлығы идеясы арқылы қоғамдағы жоғарғы тап пен төменгі таптар арасындағы келісімділікке жетудің жолын көрді. Идеалды мемлекет- те биліктің қайнар көзі халықта және бұқара барлық қажеттіні өз қолына алады деп түсіндірді. Әділеттілік бұ- зылған жағдайда бұқара халық Көк жарлығын жаңа, игі ел басшысына ауыстыруға болады деген ескерту айтады. Легистер конфуцийшілдік гуманистік идеяға сын айтушылар еді. Көне легистер идеясы, негізі б.э.д. IV ғ. аралығында дүниеге келген Шан цзюнь шу (Шан облысы басқарушысының кітабы) еңбегінде айтылған еді. Шан Ян конфуцийшілдердің әдет-ғұрыпқа арқа сүйеп, елді басқару идеясын қатты сынады. Легистер мемлекеті басқаруда қатал заң мен тәртіп қана тұрақтылықты қамтамасыз етеді деп түсіндірді. Олар Егер халық мемлекеттен күшті, басым болса, онда мемлекет әлсіз, ал керісінше мемлекет - билік халықтан мықты болса, онда армия (әскер) мықты болады деді. Легистер заңға бағыну деп халықты тұтастай қанау мен қудалауды түсінді. Шан Ян тіпті Ақылдылар ғана заң шығару құқығына ие, ал ақымақтар оны орындаумен ғана шектелу керек деген екен.
3. Көне Грекиядағы саяси ойлар
Көне Грекия территориясында алғашқы мемлекеттер б.э.д. I мың жылдықта дербес, егеменді қала - мемлекеттер - полистер ретінде пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан құлдық формацияға көшу процесі қоғамда өте қатал таптық қайшылықтарға толы болды. Екі антогонистік тап қалыптасты. Бір жағы- нан бай аристократтар болса, екінші жағынан кедейленген қала тұрғындары және ерікті адамдар мен құлдар болды. Мемлекет басқару формасында қала полистер ара- сында қатаң бәсекелестік басталды. Бұрыннан билік басында болған ақсүйектермен (аристократтар) бақталас- тыққа олигархтар (ірі мүлік иелері) түсті. Осындай қиын жағдайда кейбір қалаларда демократиялық басқару формасы қалыптасты (Афина мен Абдер қалаларында). Қоғамдағы осы саяси жағдайлар мен процестер грек ой- шылдарының саяси ілімдерінің қалыптасуына ықпал етті. Грекиядағы саяси ойлардың даму ерекшеліктерін са- ралағанда, біз оның үш кезеңін қарастырамыз. Алғашқы кезең - (б.э.д IX - VI ғғ.) ол көне грек мемлекеттерінің қа- лыптасуымен тұспа-тұс келеді және мемлекеттің пайда болуын философиялық-құқықтық (Пифагор, Гераклит) негізде түсіндіру үрдісі қалыптасады. Екінші кезең - (б.э.д. V - IV ғғ.) грек философиясының өркендеуі мен саяси- құқықтық идеялардың даму кезеңіне сай келеді. Бұл Де- мокрит, Сократ, Платон, Аристотель заманы еді. Үшінші кезең - эллинизм дәуірі, грек мемлекеттерінің құлдыра- уы мен грек қала полистерінің әуелі Македонияның, одан кейін Рим империясының қол астына енуімен сипатталады.
Демокрит (б.э.д. 460 - 370 жж.) өзінің саяси ойларын- да алғаш рет адам мен адамзат және қоғамның дамуы әлемдік даму үдерісінің табиғи жалғасы деп қарастырды. Осылайша адамзат қоғамы прогрессивті эволюциялық өзгерістерден кейін өзінің қалыпты жағдайынан шықты. Осы тұрғыдан алып қарағанда полис, қоғам және заң- намалар қолдан жасалған, ол табиғаттан алынбаған. Сондықтан да олардың пайда болу үдерісінің өзі қажет- тіліктен туылған, яғни кездейсоқ процесс емес деп көр- сетеді. Осыдан да болар Демокрит үшін табиғи және қол- дан жасалған дүниенің байланысы саясат пен этикалық нормалардағы өлшеммен анықталады. Сондықтан да ол адам табиғатына қарсы келетін дүниенің барлығын әділетсіз деп қабылдайды. Демокрит үшін мемлекетте әділеттілік пен жалпыға бірдей мамыражай жағдай қалыптастыру керек. Мемле- кеттік мүдде барлығынан да жоғары тұруы керек, ал аза- маттар мемлекеттік құрылым мен басқаруды жетілдіруге ат салысуы тиіс деген. Демокрит жақсы басқарудағы мемлекет - зор қорған, өйткені ол жалпы тұтастықтың не- гізі, егер де ол өлсе, онымен бірге барлығы да өледі дейді. Мемлекеттілікті дамыту барлық мемлекет тұрғындары- ның ісі, олардың бір-біріне өзара көмегі мен туысқанды- ғында. Қоғамдағы азамат соғысы екі жаққа бірдей тиімсіз. Қоғамдағы тепе-теңдікті ұстап тұруда мүліктік жағынан алшақтық болмау керек, өйткені мемлекеттегі әлеумет- тік тұрақтылыққа кері әсер етеді деп санайды. Демокрит үшін ел басқару ісі ол тек аристократияның үлесі. Ақымақтар үшін бағынышта болу абзал, өйткені ел басқару тек жайсаңдардың үлесі. Әдеп бойынша заңға, билікке, ақылы асқандарға бағыну керек, ақымақтардың қол астында болу қандай қасірет деген екен. Ақымақ азаматтарға биік мансап беруге болмайды, өйткені олар әдепсіз және топас болады дейді Демокрит. Көне Грекиядағы саяси ілімдер тарихы Демокрит тектілікке, көрегендікке және жауапкершілікке ерекше мән береді. Заңдар тек қарапайым адамдар үшін керек, өйткені олардың арасындағы қызғаныш пен бір- біріне деген алауыздықтарды жою үшін, ал даналар үшін, қай қоғамда өмір сүрсе де, олар әділетті болады, себебі әділеттілік даналар үшін мызғымас қағида дейді.
Сократ (б.э.д. 469 - 399 жж.) адамзат тарихында өш- пес рухани із қалдырған танымал ойшыл. Өз заманында лайықты бағасын алып, данагөй атанған. Софистермен болған пікірталаста ол қарсыластарының көптеген идея- ларын өзіне алып, кейінірек оларды дамытқан. Сократтың пікірінше мемлекет басқару ісін практика- да істі білетін іскер адамдар айналысуы керек. Ал теория- лық деңгейде мемлекетті басқарудың адамгершілік мәнін ашу керек деп түсінді. Билікті ұдайы сынағаны үшін Сократ бірнеше рет қудаланды. 399 жылы қарсыластары оны дінсіз, заңды бұзушы ретінде өлім жазасына кескен болатын. Сонда Сократтың жақтаушылары оны түрме қызметшісіне пара беріп шығарып алмақ әрекет етеді. Сол кезде Сократ Мен өзім жұрттан заңдылықты талап етемін, енді қалайша өзім заңсыз әрекетке бармақпын деп өлім жазасына мойын ұсынады. Кейінірек Сократтың ілімдері Платон мен Аристотель сияқты заманының ғұламаларына үлкен серпіліс әкелді.
Платон (б.э.д. 427 - 347 жж.) антикалық дәуірде өмір сүрген, философия мен саясаттану және саяси ілімдерде өшпес із қалдырған ғұлама. Платон Афинадағы атақты отбасында дүниеге келген. Жас шағында (407 - 399 жж.) Сократтан дәріс алған, кейін- нен оған сол дәрістері керемет әсер етіп, болашағына жол ашқан. Сократтың өлімінен кейін ол Афина қаласын тастап, ұзақ уақыт ел аралап саяхат жасайды. 387 жылы Афинаға қайта келіп өзінің Академиясын (Академ - жер аты) ашады.
Платонның алғашқы кезеңдегі еңбектерінде (Аполо- гия Сократа, Протогор, Критон) Сократқа еліктеуші- лік басымдау болады. Сократ сияқты ол рационалды идея- ға көбірек беріледі. Ал кейінірек жазылған (Мемлекет, Саясаткер, Софист, Парменид және Заңдар) ең- бектерінде діни-мифологиялық сарын көбірек кездеседі. Платонның ойларындағы басты идея екі әлем жайлы. Біріншісі - идеялар әлемі, екіншісі - құбылыстар әлемі. Идеялар әлемі Платон үшін ол - нағыз болмыс, яғни құдайдан түскен жарлықтар, ал құбылыстар әлемі - ол болмыстың кері құбылмалы көшірмесі. Платон жердегі қалыптасқан саяси өмір мен саясат және мемлекет туралы айтқанда оны барынша идеялар әлеміне жақындатуға тырысты. Біріншіден, азаматтар арасындағы еңбек бөлінісінің қатаң сақталуын, сондай- ақ иерархиялық деңгейлердің де сақталуын талап етті. Полистерде билік - басқарушылар, әскер - ел қорғаушы- лар, қолөнершілер мен шаруалар, яғни өндірушілер болу керек деп қарастырды. Мемлекеттегі еңбек бөлінісінің мұндай схемасы адам жанының үш бастауына сәйкес келеді деп түсіндірді: саналылық, жанкештілік және іскерлік. Екіншіден, мұндай қатаң әлеуметтік сословияларды қалыптастыру мемлекет үшін де пайдалы, өйткені ол тәртіпке жауап береді деп түсіндірді. Мемлекет басында- ғылар математика мен философияны оқытып үйретумен қатар бұқара халыққа ізгілік ойларды да үйретуге тиісті. Адамдар туылғаннан барлығы бірдей болмағанымен де, олар бір-біріне көмектесіп қол ұшын беру керек деп көрсеткен. Үшіншіден, ол аристократиялық басқару формасын жақтады. Аристократияны ол қоғамның ізгі жақсылары деп түсіндірді. Платон аристократиялық басқару фор- масына олигархия, тирания және демократиялық басқару 19 2-тарау. Көне Грекиядағы саяси ілімдер тарихы формаларын қарсы қойды. Олардың барлығына өзінше анықтама береді. Платон демократияға демократия қысқа мерзімге арналған халық билігі. Биліктен шаршаған халық қайта- дан бір тиранды таққа отырғызады... деп анықтама береді. Платон Мемлекет еңбегінде жеке меншікке шектеу қояды. Өйткені шектен тыс байлық қоғамға алауыздық әкеледі, сондықтан да байлық орташа болуы керек дейді. Заңдар еңбегінде Платон мемлекеттің екі құры- лымы туралы айтады: біріншісі - барлығының үстінен билеушілер қадағалайтын, екіншісі - билеушілер үшін де заң жазылған мемлекет. Ал, бұл жерде Платон заң үстем болатын мемлекет туралы айтады. Осы Заңдар еңбегінде Платон заңды сыйламаған, құрметтемеген елдің болашағы жоқ деген пікір айтады. Заңды жүзеге асыруда Платон сот жүйесіне жүгінеді, ол үшін соттар- дың қызметін жақсарту керек дейді. Платон өзінің идеялық көзқарасында идеалист болды.
Аристотель (б.э.д. 384 - 322 жж.) аралығында өмір сүрген антикалық дәуірдің көрнекті ғалымы. Аристотельдің саяси-құқықтық тақырыпта жазылған бірнеше еңбектері бар: Саясат, Афина саясаты, Этика, Риторика. Аристотель саясат туралы ғылымды барынша жан- жақты дамытуға тырысты. Саясатты ол этикамен тығыз байланыстырды. Аристотельдің пікірінше, саясаткердің адамгершілік қасиеттері басты назарда болуы керек. Аристотель де Платон сияқты мемлекет жайлы ой қозға- ғанда, мемлекеттік мүддені барлық басқа құндылықтардың бәрінен жоғары қойды. Аристотель үшін мемлекет - табиғи дамудың жемісі. Мемлекеттің пайда болуын ол отбасылық жағдаймен, яғни отбасының пайда болуымен салыстырады. Жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік дамуы полистерден (қала мемлекеттер) басталады. Жеке тұлғаның саяси өмірге 20 Саяси ілімдер тарихы араласуы және қалыптасуы осы полистердегі саяси жағдайға тікелей байланысты деп түсіндіреді. Платонмен салыстырғанда Аристотель жеке меншік- ке ерекше көңіл бөлді. Өйткені, меншік иесі болу адам- ның табиғатынан және өзіне деген махаббатынан шығады деп көрсетеді. Қоғамдағы барлық теңсіздіктер меншікке байланысты дей отырып, Аристотель өз пікіріне қарама- қайшы пікір айтады. Қоғамдағы саяси-әлеуметтік қайшылықтар осы мүлік теңсіздігіне және қоғамдағы орта таптың орны мен рөліне байланысты дейді. Аристотельдің ойынша, мемлекеттің басты мақсаты - орта тапты қалыптастыру және сол орта тап мемлекеттегі саяси-әлеуметтік тұрақтылық кепілі болады. Мемлекеттің басқару формасына келгенде Аристотель оны дұрыс, яғни көпшілікке пайда, жақсылық әкелетін түрін: монархия, аристократия, полития және соны- мен қатар бұрыс басқару - тирания, олигархия және демократияны көрсетеді. Аристотель идеалды-озық мемлекет ретінде полития- ны ұсынады. Полития оның пікірінше, басқарудың ең жақсы элементтері, яғни аристократия, олигархия және демократиядан тұрады. Аристотельдің бұл тұжырымын- да үлкен мән бар, өйткені ол аристократтардан қашанда ізгілік есіп тұратынын, олигархтар қоғамда жұмыс орнын қалыптастырушылар, ал демократия халықпен санасу деп тұжырымдайды. Бірақ Аристотель де Платон сияқты демократиялық басқару формасына қарсы болды. Себебі, егер демократия қадағалаусыз болса, онда ол қоғамды тығырыққа апаратын жол деп көретеді. Жалпы мемлекетті басқаруда, байлық жинауда және билікті жүзеге асыруда орташа болу керек, яғни орта тапқа арқа сүйеу керек деп ескертеді.
4. Араб елдерінің саяси ойлары
Мұсылман-араб әлеміндегі құқықтық-саяси ілімдер- дің дамуы рулық-тайпалық қатынастардың әлсіреп, фео- далдық қатынастардың қалыптаса бастаған VII - X ғасыр- лар аралығына тура келеді. Мұсылмандық саяси-құқықтың қалыптасуы мен да- муына қасиетті Құран (араб тілінен аударғанда - есітіп оқу, тақпақтата дауыстап оқу, мәнерлеп оқу) және Сунна (араб тілінен аударғанда - әдет-ғұрып, үлгі-өнеге) ерекше әсер етті. Көп құдайлықтан бас тартқан арабтар исламды басты дін тұтып, бір ислам идеологиясы аясына топтасып, күшті мемлекет - халифат орнатты. Ислам халифатын орнатуда Мұхаммедтің (с.ғ.с.) мемлекет қайраткері, ірі саяси реформатор ретінде орны ерекше. Мұсылмандық құқықтық-саяси теориядағы басты мәселе - мұсылмандық билік пен басқарудың арнайы халифаттық түрі болды. Мұсылмандық Шығыстың саяси-құқықтық ойының басты тақырыптарының бірі - ізгілікті қала мен адаба (жетілген адам) мәселесі болып табылады. Ізгілікті қала мәселесінің негізі әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнның саяси теорияларында қаланды. Әбу Насыр әл-Фараби саяси ойларын Қайырымды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz