Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы



ЖОСПАР

Кіріспе 2

І. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы 3
1.1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері 3
1.2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату 7
1.3. Кәмелетке жасы толмағандардың сотталғандығын жою ерекшеліктері 11

ІІ. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен мазмұны, қылмыс белгілері 12
2.1. Қылмыстық құқықтың ұғымы 12
2.2. Қылмыс белгілері және олардың қылмыстық құқықтағы мазмұны 15
2.3. Қылмыс санаттары 24

Қорытынды 28

Қолданылған әдебиеттер 29
Кіріспе
Жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен колдануды белгілеген.
Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы, Жалпы бөлім.
2. А.Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы. "Жеті жарғы", 1998.
3. В. Н. Кудрявцев. Общая теория квалификации преступлении. М., 1972.
4. Е. И. Каиржанов. Уголовное право Республики Казахстан (Общая частъ). Издание 2-ое, дополненное. Алматы, 1998.
5. А. А. Пионтковский. Учение о преступлении. М., 1961.
6. А. Аеыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы. "Жеті жарғы", 1999.
7. Дж. Флетчер, А.Б. Наумов. Осы заманғы қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары. Алматы, "Қазақстан", 1999.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
І. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы 3
1.1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері 3
1.2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
7
1.3. Кәмелетке жасы толмағандардың сотталғандығын жою ерекшеліктері 11
ІІ. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен мазмұны, қылмыс белгілері 12
2.1. Қылмыстық құқықтың ұғымы 12
2.2. Қылмыс белгілері және олардың қылмыстық құқықтағы мазмұны 15
2.3. Қылмыс санаттары 24
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер 29

Кіріспе

Жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін
басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы
жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа
алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке
толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың
психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше
жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір
оңтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға
қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын кеңінен колдануды белгілеген.

І. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

1.1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері

Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сәйкес "Кәмелетке толмағандар
деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге
толмаған адамдар танылады". Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ең
төменгі жас 14-ке толу.
Ресейдің, Австрияның, Германияның, Жапонияның кылмыстық заңдарында да
осылай көрсетілген. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Францияның қылмыстық кодексінде—13, Нидерландыда, Португалияда— 12, Жаңа
Зеландияда — 10, Ирландия құқығында — 7 жас деп көрсетілген. Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша 14-ке толмаған адамдар қылмыстық
жауаптылыққа тартылмайды. 14-ке толмаған жасөспірімдер өзінің істеген іс-
әрекетінің қоғамға қауіптілігін, мәнін жете түсінбейді және өзінің іс-
әрекетін басқара алмайды.
Егер кәмелетке толмаған адам Қылмыстық кодексте көзделген жасқа толса,
бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта
қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау
кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен
қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса,
қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті емес (15- бап, 3-бөлігі).
Егер кәмелетке толмаған адамның (14,16 жас) есінің дұрыстығын жоққа
шығармайтын психикасының бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды,
бірақ - бұл мән-жайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай
ретінде ескереді және ол Қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады (ҚК-тің 17-бабы, 1,2-
бөліктері).
Қылмыс жасаған кезде 18-ге толған адам кәмелетке толмаған деген атаққа
ие бола алмайды. Бірақ та Қылмыстық кодекстің 87-бабының талабына сәйкес он
сегіз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаган адамдарға жасаған
әрекетінің сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда
оларға кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу,
тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін
қолдана алады. Мұндай ретте қоғамға қауіпті істелген іс-әрекеттің мәні 18
бен 20 жас аралығындағы адамның жас мөлшеріне байланысты және психикалық
жете дамымауынан болуы қажет.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Қылмыстық жаза
тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы 1999 жылғы 30
сәуірдегі қаулысының 8-тармағында:
Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау мәселесін қараған кезде соттар
қылмыстық жазаның тек ҚК-тің 79-бабында көрсетілген түрлері ғана
қолданылатындығына және олардың мерзімдері мен мөлшері сол бапта
белгіленген шеңберден аспайтындығына назар аударуы керек. Сондай-ақ ҚК-тің
80 және 81-баптарында көрсетілген жағдайларды да қосымша ескере отырып және
әрі нақты жағдайда істің және кәмелетке толмаған сотталушының жеке басының
жағдайларын талқылап, оларға ҚК-тің 82-бабында көрсетілген тәрбиелік әсері
бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіншілігін қарастыру қажет, - деп
ескертілген.
Кәмелетке толмағандардың психикалық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне
байланысты оларға тағайындалған жаза түрлері де ересектерге қарағанда жеңіл
болып белгіленген. Кәмелетке толмағандарға қатаң қылмыстық шаралар (өлім
жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары) тағайындалмайды.
Кәмелетке жасы толмағандардың статусының ерекшеліктеріне байланысты оларға
белгілі бір лауазым атқару құқығынан айыру; мүлікті тәркілеу; бас
бостандығынан немесе әскери қызметінен шектеу сияқты жазалар
тағайындалмайды. Төменде Қылмыстық кодекстің 79-бабын келтіріп отырмыз.
1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
а) айыппұл;
б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) қамау;
е) бас бостандығынан айыру болып табылады.

2. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе
өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл
оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерден немесе кәмелетке
толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға
дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады.
3. Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан
айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
4. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі
мерзімге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін
жұмысты орыңдауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негізгі жұмысынан
бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрін
орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа
дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек.
5. Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен
кәмелетке толмаған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
6. Қамау сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке
толмаған адамдарға бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады.
7. Кәмелетке толмаған адамды бас бостандығынан айыру он жылдан, ал
ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін — он екі жылдан аспайтын
мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он алты жасқа дейін кішігірім
ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру
тағайындалмаңды.
8. Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:
а) бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты
кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар — жалпы
режимдегі тәрбиелеу колонияларында;
б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке
толмағандар — күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді.
9. Қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне кінәлі адамның жеке
басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылданған шешімнің себебін
көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас
бостандығынан айыруды жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуін
тағайындауы мүмкін.
10. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмай сотталған адаммен
қарым-қатынас кезінде оның жеке басының белгілі бір ерекшеліктерін ескеру
туралы нұсқау беруі мүмкін.
Мұңдай ерекшеліктерге жасы кәмелетке толмағанның психикалық
өзгешелігі: денсаулығының нашарлығы, белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілігі,
белгілі бір мамандыққа баулу қажеттіліктері жатады. Қылмыстық кодекстің 79-
бабында жазаны өтеуден қасақана жалтарған ретте жазаның бұл түрін
екіншісімен ауыстыру туралы арнайы көрсетпеген. Кәмелетке жасы
толмағандарға мұндай ретте жазаны ауыстыру жалпы негізде Қылмыстық
кодекстің 40,42,43-баптарыңа сәйкес жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған
адамдарға жаза тағайындаудың ерекшеліктері Қылмыстық кодекстің 80-бабында
көзделген. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде осы Кодекстің
52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмірі мен тәрбиесінің
жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері,
сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескеріледі.
Кәмелетке толмаған жас жеңілдететін мән-жай ретінде басқа да
жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта ескеріледі. Кәмелетке
толмаған адамға тағайындалған жаза әділ болуы керек. Әділ жаза деп
кәмелетке толмағандардың түзелуіне тікелей әсер ететін жазаны айтамыз.

1.2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
жалпы және арнаулы қылмыстық-құқықтық нормалар арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқықтың жалпы нормасы бойынша кәмелетке толмағандар шын өкінуіне
байланысты (65-бап); қажетті қорғану шегінен асқан кезде (66-бап),
жәбірленушімен татуласуына байланысты (67-бап), жағдайдың өзгеруіне
байланысты (68-бап), ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (69-бап) қылмыстық
жауаптылықтан босатылады. Кылмыстық кодекстің 89-бабына сәйкес Қылмыстық
кодекстің 69 және 75-баптарында көзделген ескіру мерзімі кәмелетке
толмағандар қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуден босату
кезінде тең жартысына қысқартылады.
Қылмыстық кодекстің 69-бабының 5-бөлігіне сәйкес жасаған қылмысы үшін
осы Кодекс бойынша өлім жазасының тағайындалуы мүмкін адамға ескіру мерзімі
туралы мәселені сот шешеді. Бұл норма жасы кәмелетке толмағандарға
қолданылмайды, өйткені заң бойынша мұндай адамдарға өлім жазасы немесе өмір
бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды. Қылмыстық кодекстің 69-
бабының 5-бөлігі жасы кәмелетке толмағандарға қолданылмайды, өйткені
бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар үшін жасы
кәмелетке толмағандар жауапқа тартылмайды. Жасы кәмелетке толмағандар
жөніндегі Қылмыстық кодекстің 85-бабында көрсетілген қысқартылған ескіру
мерзімдері Қылмыстық кодекстің 87-бабында көрсетілген негіздер бойынша 18
бен 20 жас аралығындағы адамдарға да қолданылады. Он сегіз бен жиырма жас
аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетінің сипатын және жеке
басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда оларға кәмелетке толмағандарға
арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды
қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады (ҚК-тің 87-бабы). Жасы
кәмелетке толмағандар қылмыстық жазадан жалпы қылмыстық құқылық, норманың
негізінде шартты түрде соттау (63, 64-баптар); жазаны өтеуден мерзімінен
бұрын шартты түрде босату (70-бап), жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым
жеңіл жаза түрімен ауыстыру (71-бап) ауруға шалдығуына байланысты жазадан
босату (73-бап), жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жаза
өтеуін кейінге қалдыру (72-бап) айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне
байланысты жазаны етеуден босатылады. Қылмыстық кодекстің 84-бабы кәмелетке
толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың
тәртібін белгілеген. Кәмелетке толмағандарды жалпы тәртіппен қылмыстық
жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздерімен бірге олар жайында
қылмыстық заңда мынадай арнаулы негіздер де бар:
1) кәмелетке толмағандарды мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жазадан
босату (81-бап);
2) тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жазадан
босату (82,83-бап).
Кәмелетке жасы толмағандарды арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу
мекемесіне орналастыру арқылы жазадан босату (83-бап, 6-бөлігі). Қылмыстық
кодекстің 81-бабына сәйкес бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы
қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеуге
осы Кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын
қолдану жолымен қол жеткізуге болады ғой деп танылса, сот оны қылмыстық
жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұл баптың нормасын қолдану үшін
1) кәмелетке толмаған адамның кішігірім немесе орташа ауырлықтағы
қылмысты істеуі;
2) осы қылмыстарды істегені үшін кәмелетке толмағандардың сотталуы;
3) олардың түзелуі үшін Қылмыстық кодекстің 82-бабында көзделген
тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары жеткілікті деп танылса ғана жол
беріледі. Мұндай ретте 82-бапты қолданған дұрыс болады.
1. Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсері бар мынадай
мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін:
а) ескерту;
б) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не
мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
в) келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;
г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына
ерекше талаптар белгілеу;
д) кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-
тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.
2. Кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік әсері бар бірнеше
тәрбиелеу шаралары тағайындалуы мүмкін.
Қылмыстық Кодекстің 83-бабының 1-4-бөліктеріне сәйкес тәрбиелік әсері
бар осы шаралардың мазмұны төмеңдегідей:
1. Ескерту кәмелетке толмаған адамға оның әрекеті мен келтірілген
зиянды түсіндіруден және осы Кодексте көзделген қылмыстарды қайталап
жасаудың зардаптарын түсіндіруден тұрады.
2. Қадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға не
мамаңдандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік
әсер ету және оның мінез-құлқын бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден тұрады.
3. Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелетке толмаған
адамның мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбек дағдысы болуын есепке ала
отырып жүктеледі.
4. Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның жүріс-
тұрысына ерекше талаптар белгілеу, белгілі бір орындарға баруға, бос
уақыттың белгілі бір нысанын, оның ішінде механикалық көлік құралын
басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәуліктің белгілі
бір уақытынан кейін үйден тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттік
органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі мүмкін.
Кәмелетке толмаған адамға білім беру мекемесіне қайта оралу, оқуын
жалғастыру немесе аяқтау не мамандандырылған мемлекеттік органның көмегімен
жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкін. Осы тізбе толық болып
табылмайды. Қылмыстық кодекстің 83-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алты
айдан 2 жылға дейінгі мерзімге арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу
мекемесіне орналастыруды сот кәмелетке толмай қасақана орташа ауырлықтағы
қылмыс жасаған адамға тағайындауы мүмкім делінген.
83-баптың 5-бөлігін қолдану үшін біріншіден кәмелетке толмаған адам
қасақана (абайсызда емес) орташа ауырлықтағы қылмысты істесе, ауыр, аса
ауыр қылмыстар істесе бұл бап оларға қолданылмайды. Екіншіден, сол қылмысы
үшін сотталған болса, үшіншіден, мұндай кәмелетке толмағандар алты айдан
екі жылға дейінгі арнаулы тәрбие (арнаулы мектеп, техникалық училище)
немесе емдеу-тәрбиелеу (ақыл-есінің, денсаулығының кемістігі барларға)
орналастырылады.
Аталған мекемелерде кәмелетке толмағандар жасы кәмелетке толғанға дейін
болады. Сондай-ақ түзелуді қамтамасыз етуші мамаңдандырылған мемлекеттік
органның қорытындысы негізінде сот кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі
үшін бұдан әрі бүл шараны қолдануды қажет етпейді деген қорытындыға келсе,
мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Заңда кәмелетке жасы толмағандардың арнаулы тәрбие немесе емдеу-
тәрбиелеу мекемесінде болуы Қылмыстық кодекстің 83-бабының 5-бөлігінде
көзделген (Алты айдан екі жылға дейін). Осы мерзім біткеннен кейін ұзартуға
тек кәмелетке толмаған адамның жалпы білім беретін немесе кәсіптік
даярлығын аяқтауы қажет болған жағдайда ғана жол беріледі, бірақ ол
кәмелетке (18-ге) толғанға дейінгіден аспауы керек деп белгіленген
(Қылмыстық кодекстің 83-бабы, 6-бөлігі). Кәмелетке толмаған адамның,
арнаулы тәрбие және емдеу-тәрбиелеу мекемесінде болуының, оларды
ауыстырудың тәртібі мен ережелері заңдармен белгіленген.

1.3. Кәмелетке жасы толмағандардың сотталғандығын жою ерекшеліктері

Қылмыстық кодекстің 13-бабының 4-бөлігіне сәйкес 18 жасқа толмаған
адамның жасаған қылмысы үшін сотталғандардың қылмыстық қайталануын тану
кезінде есепке алынбайды, яғни олар бұрын сотталған адам деп танылмайды.
Қылмыстық кодекстің 86-бабына сәйкес 18 жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған
адамдар үшін осы Кодекстің 77-бабында көзделген соттылықты жою мерзімдері
қысқартылады және тиісінше 86-бапта көрсетілгеңдей:
а) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түрлерін
өтегеннен кейін төрт айға;
б) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан
айыруды өтегеннен кейін бір жылға;
в) ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен
кейін үш жылға тең болады.
Жасы кәмелетке толмай қылмыс істегендерге
Қылмыстық кодекстің 77-бабында көзделген соттылық туралы жалпы ереженің
бірінші және жетінші бөліктері, жазадан босатылған адамның соттылығы
жойылды деп танылуы туралы ереже (77-бап, 2-бөлігі);
Шартты түрде сотталған адамның сынақ мерзімінің өтуіне байланысты
сотталғандықты жою туралы (77-бап, 3-бөлігі, "а" тармағы);
Бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне
сотталған адамның соттылығын жою туралы (77-бап, 3-белігі, "в" тармағы);
Мерзімінен бұрын босатылған адамдардың соттылығын жою туралы (77-бап, 4-
белігі), соттылықты алып тастау туралы (79-бап, 5-бөлігі) қолданылады.

ІІ. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен мазмұны, қылмыс белгілері

2.1. Қылмыстық құқықтың ұғымы

Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау
болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының
қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы
мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу
— қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр
уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің)
көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып,
қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа
шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе
әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның
қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз
адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлыктар,
бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады.
Адамның қылымысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау
жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді.
Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар,
пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды.
Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары
қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатады.
Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым
жасалған.
Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстың мәнді жақтарын
бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген
қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың
Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінде (5-бап): Қылмыстық
құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп
танылады делінген. РСФСР-дың 1922 жылғы Қылмыс кодексінде Қылмыс
дегеніміз кез келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік деген
ұғыммен тұжырымдалады.
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдарының
негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926
жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-
әрекет деп көрсетіледі (1-бап). Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық
тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп
жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық
заңдардың негізінде Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және
экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына,
саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат
жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ
социалистік құқық тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген
коғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады делінген. Дәл осындай
анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлық республикалардың, оның ішінде 1959
жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап)
берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы Кодексте
өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси
өзгерістерге сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарына тағайындалатын жазалардың түрлері
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері
Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан босату
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Жасөспірімдердің қылмыстық жауаптылығы
Пәндер