Интернет дүкен құру


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Интернет дүкен құру

(тақырып атауы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы «5В070300 - Ақпараттық жүйелер»

2017

АҢДАТПА

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың мақсаты «Алха-Ломбард» ЖШС-нің құрамына кіретін «Алтын Алқа» зергерлік салонының интернет дүкенін құру. Қазіргі уақытта елімізде интернет дүкендер артып келеді, жылдан-жылға сандық та сапалық даму байқалады. Дегенмен де, осы қызметтерде ақпараттық технологияның қазіргі жетістіктерін қолдану жеткіліксіз деуге болады. Осы дипломдық жұмыс кемелді интернет дүкен құру мақсатында дайындалған.

Дайындалған интернет дүкен негізінде адамдар өздерінің қажеттіліктеріне сай өз ойындағыдай тауарға үйінде отырып-ақ қол жеткізе алады, ал сол дүкен иелері өздеріне тұтынушылар қабылдай алады. Ұсынылған дипломдық жұмыстағы сайт бойынша адамдар өздерінің қажетіне қарай түрлі әшекей-бұйым өнімдерін таңдай алады.

Ұсынылған дипломдық жұмыс PHP, CSS, HTML және JavaScript бағдарламалық тілдерін қолдана отырып құрылған және деректер қоры MуSQL Server негізінде жүргізілген.

Сонымен қатар, дипломдық жұмыста «Алтын Алқа әшекей-бұйымдар» интернет дүкенін қолдану нұсқаулықтары да ұсынылған.

АННОТАЦИЯ

Целю данной дипломной работы является создание интернет магазина ювелирного салона «Алтын Алка» входящий в структуру ТОО «Алха-Ломбард». В настоящее время нашей стране рост интернет магазинов год за годом очевидножәнев качествежәнев количестве. Но недостаточно применяются возможности информационной технологии, это дипломная работа создана с целью создание совершенного интернет магазина.

Разработанный интернет магазин предоставляет возможность клиенту купить товар сидя дома, а поставщику принимать клиента. Представляемая дипломная работа предоставляет возможность потребителю выбирать ювелирные изделия прямо на сайте.

Интернет магазин разработана с использованием программных языков PHP, CSS, HTML и JavaScript, а база данных проведена на основании MуSQL Server.

В дипломной работе даны указания по применению данного интернет магазина «Алтын Алка ювелирные изделия».

ANNOTATION

The purpose of this degree work is to create an online store jewelry store «Golden Alka», which is part of the structure of LLP «Alka-Lombard». At present our country internet shops are growing year for year obviously and as and in amount. But now it is not enough to use the last technology, this degree work is created for the reason creation make internet shop.

Designed internet shop gives a chance to client to buy goods which they need without walking out their building. Presented degree work gives a chance consumer to choose goods on taste straight on put.

The for Internet shop developed using the programming languages PHP, CSS, HTML and JavaScript, and the database is based on MySQL Server.

In the degree work instructions are given on the use of this online store «Golden Alka jewelry».


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 6

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 8

1. 1 Мекеменің қысқаша сипаттамасы 8 1. 2 Мекеме жұмысының негіздері 9
1. 3 Мекеменің техникалық және бағдарламалық қамтамасыздануы 11

2 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 13

2. 1 Web технологияның қазіргі жағдайы 13

2. 1. 1 Интернет туралы түсінік 13

2. 1. 2 Сайт туралы түсінік 16

2. 1. 3 Интернет дүкен туралы 18

2. 1. 4 Клиент-сервер технологиясы 19

2. 2 Сайт жасау құралдары 22

2. 2. 1 HTML тілінің негіздері 22

2. 2. 2 PHP тілінің негіздері 29

2. 2. 3 MySQL дерек қоры негіздері 37

2. 2. 4 CSS бағдарламалау тілінің ерекшеліктері 45

2. 2. 5 JavaScript тілінің негізідері 47

3 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 50

3. 1 Мәселенің қойылымы 50

3. 2 Интернет дүкенді құру кезеңдері 51

3. 3 Интернет дүкенннің логикалық және алгоритмдік көрінісі 52

3. 4 Жалпы мәлімет 55

3. 5 Қажетті техникалық жабдықтар 55

3. 6 Шақыру және жүктеу 55

3. 7 Қолданушы нұсқаулығы 56

ҚОРЫТЫНДЫ 70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71

ҚОСЫМША A. САЙТ ЛИСТИНГІ 72

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі күндерде ақпараттық технологиялардың қарқынды дамыған заманында интернет өмірдің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Интернет - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Қазіргі таңда адамдардың өмірін интернетсіз елестету мүмкін емес. Өйткені, ол күнделікті жаңалықтармен, аудио, видео өнімдермен танысу немесе әлеуметтік желілерде уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар әр түрлі оқуға, жұмысқа керекті ақпаратты іздеуге, танысуға, оқып білуге, сонымен бірге адамдардың өздерінің бизнестерін дамыту үшін керек.

Интернет дүкен - интернетте тауарды сату және қызметін көрсетудің өте ыңғайлы жүйесі. Интернет дүкен - үлкен көлемдегі ақпаратты орналастыруға, оперативті түрде тауарлардың түр түрін жаңартуға, жұмыс үрдісін қадағалауға мүмкіндік береді. Интернет дүкен сіздің дәстүрлік бизнесіңіздің жалғасы Сонымен қатар тәуелсіз құрлым болуыда мүмкін. Кез келген жағдайда дұрыс басқарылған жұмыс өнімді болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Нарықта ауқымды орны бар компанияның құрамына кіретін зергерлік әшекей-бұйымдарды сататын салонның интернет дүкенін құру.

Дипломдық жұмыстың міндеті. Зергерлік әшекей-бұйымдар сататын салонның қызметтерін интернет дүкенге толықтай еңгізу. Мысалы:

  • Дүкен басшылығы, әкімшілері үшін: бұйымдарды қосу және өңдеу, тапсырыстарды рәсімдеу және өшіру, бөлімдер құру және өшіру, сатып алушылар және жаңа әкімшілерді тіркеу;
  • Сатып алушылар үшін: сатып алу, тапсырыс жасау, төлеу әдісін және жеткізу тәртібін таңдау.

Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және жасалған сайттың листингі берілген қосымшадан тұрады. Бірінші бөлім аналитикалық болып табылады. Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы компанияның құрылу тарихы, басшылығы, құрамына кіретін мекемелер және олардың жұмыс жасаудағы негізгі бағыттары жайлы ақпараттар берілген.

Екінші бөлім теориялық, мұнда интернет және сайт туралы түсініктемелері, сондай-ақ интернет дүкенді құруда қолданылған бағдарламалық тілдер негіздері туралы түсінік берілген.

Үшінші бөлім тәжірибиелік, бұл сайт құрудағы негізгі бағдарламардың көмегімен құрылған интернет дүкенді қолданатын қолданушыларға нұсқаулықтар беру және әрбір қызметтің мүмкіндігін нақтырақ сипаттау ретінде құрылған бөлім.

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Мекеменің қысқаша сипаттамасы

«Алха-Ломбард» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1993 жылы құрылды. Семей қаласында Қазақстан Республикасының ұлттық банкінен тұңғыш болып банкілік операцияларды ұлттық валюта - теңгеде өткізуге рұқсат алған жеке ломбардтар қатарында.

Осы жылдар ішінде серіктестік ұжымы, үлкен құмды бархандар секілді көптеген қиындықтарды шеше білді. Мысалы, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, ломбардтар үшін жарғылықты қоры мөлшерінің ұлғаятындығы жайлы жарлығы шықты. Содан, жарғылықты қор 5 миллион теңге көлемінде болу керек екендігі анықталды. 1996 жыл үшін бұл өте көп ақша болатын. Ломбард қаржылық нарық секторындағы қылмыстық айналымда жиі қолданылатын көлеңкелі капиталды шығарып мемлекетке көрсетеді, салықтарды төлейді және халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектеседі. Бұл ретте серіктестік депозиттерді қабылдамайды, тек өз қаражатымен ғана тәуекелдік жасайды.

Қызметкерлер саны 50-ден астам адам. Ломбард қызметкерлері мол практикалық тәжірбие иелері, мамандандырылған оқулардан және ломбард қызметі бойынша тағылымдардан өткен.

Қазіргі уақытта «Алха-Ломбард» ЖШС басты кеңсесінің, Семей қаласында 11 филиалы және Павлодар қаласында 9 филиалы бар. Бұлар, «Алха-Ломбардтың» несиелік мекемелік желісі болып табылады. 1994 жылдан бері жұмыс істей келе, «Алха» Ломбард өзінің сенімді имиджін қалыптастырып қана қоймай, Семей қаласының және оған қарасты елді мекендердің нарығын жаулап алды. Филиалдар көптеген өкілеттіктерге ие. Әрбір филиалдың ғимараты сейфтермен және сақтау орындарымен жабдықталған.

Ломбардтар өздерінен өздері ештеңе өндірмейді, олар уақытша төлем қабілетсіздігі кезінде қаржылық буфер рөлін атқарады. Олардың жұмысы, көлеңкелі өсімқорлардың рөлін азайтады, кәсіпкерлер пайдасының бір бөлігін есепке алу жүргізіледі, тиісінше ақша салық және төлемдер түрінде бюджетке түседі. Адамдар ломбардтың қызметтерін пайдалана отырып, өздерінің құнды заттарын сатпай-ақ және сақтап қойып, ақша ала алады. Зергерлік әшекей-бұйымдарын және құнды заттарын біздің Ломбардқа қойып, адамдар олардың сапалы сақталуда тұратындығына сенімді бола алады. Сондықтан, біз тұтынушылармен жақсы қарым-қатынаста болу, олардың санын көбейтеді деген ойдамыз. Нарықтың осы саласында жылдар бойы жұмыс істеп, біз өзіміздің тұрақты тұтынушыларымызды таптық.

«АЛХА» Ломбард қала халқы үшін сенімді қаржылық мекемелердің бірі болып отыр. Ерекшелігі, қажетті сомманы аз уақыттың ішінде алуға болады. Басты кепіл ретінде алтын бұйымдар, былғары, дыбыс және бейне құрылғылар ұсынылады.

Сыдыкова Жанар Хамитовна, «АЛҚА-Ломбард» ЖШС, «АЛҚА-Шағын несиелік мекеме» ЖШС, «Алтын Алқа-Ломбард» ЖШС, «АЛҚА-Несиелік бірлестік» ЖШС, шағын несиелік, ломбардтық несиелік сияқты үлкен әрі жылдам дамып келе жатқан компаниялардың директоры. Жанар Хамитовна - қаржылық нарықта үлкен тәжірибесі бар маман, өзінің жеке меншік ломбардтарын және «Алтын Алқа» әшекей-бұйымдар зергерлік салонын бәсекеге қабілетті етті.

1. 2 Мекеме жұмысының негіздері

Ломбард - жеке тұлғаларға жылжымалы мүлік кепілдігімен қысқа мерзімді қарыз беретін мекеме. Тұңғыш рет Францияда 15 ғасырда Ломбардиядан шыққан италиялық көпестер құрған. Ломбардқа заттарды (асыл металдан, асыл тастардан жасалған бұйымдарды, кілем, сәндік әшекейлерді, т. б. ) кепілге салу туралы шарт ломбардтың кепілзат билетін беруімен рәсімделеді. Ломбард қызметкерлері кепілге салынған заттардың жоғалғаны, бүлінгені үшін, мұның тылсым күш салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жауапқа тартылады. Ломбард қызметкерлерінің кепілге салынған заттарды пайдалануға, иеленуге құқығы жоқ. Кепілзатпен қамтамасыз етілген несие сомасы ломбардқа уақытында қайтарылмаған жағдайда ол нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде кепілзатты сата алады. Заттарды сақтайтын үй-жайды да ломбард деп атайды. [4]

Ломбард - Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің жарлығы және 2001 жылы 20-сыншы желтоқсанда берілген № 11-ші лицензиясының ломбардтық істерді өткізу негізінде, азаматтардың жылжымалы мүлкін кепілге ала отырып, олардың жеке қолданысы үшін арналған қысқа мерзімді несиелерді ұсыну үшін құрылған және сол бағытта жұмыс атқаратын, арнайы ұйым, заңды тұлға (коммерциалық ұйым) болып табылады.

Ломбардың қызметі, заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы шаруашылық серіктестіктер туралы», басқа да заңнамалық актілері жайлы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен (жалпы бөлімі) реттеледі.

Осы лицензияға сәйкес, «Алха-Ломбард» ЖШС-нің негізгі қызмет түрлері:

• Ломбардық істер: оңай реттелетін құнды қағаздар мен жылжымалы мүліктерді кепілге қою арқылы қысқа мерзімді несиелерді ұсыну, сондай-ақ зергерлік әшекей-бұйымдар үшін де;

• Сейфтік істер: тұтынушылардың құжаттары мен бағалы заттарын, құнды қағаздарын сақтау қызметі, және де сейфтік жәшіктерді, шкафтар мен бөлмелерді жалға беру;

• Сатып алу, кепілге қабылдау, есеп жүргізу, қымбат металлдар мен асыл тастардан тұратын зергерлік әшекей-бұйымдарды сақтау және сату.

Жалға берілген мүліктің келісімшарт (лизинг) мерзімі аяқталғанша, мүліктің меншіктік құқықтары толық сақталады.

Филиал - орналасқан жері бөлек, ломбардтың атынан берілген құқығы бойынша, жеке банктік істерді және өзге де істерді атқаруға мүмкіндігі бар, заңды тұлға болып табылмайтын, ломбардтың құрылымдық бөлімі. Ломбард өз филиалының міндеттемелері бойынша толық жауапкершілікте болады.

Ломбард ұсынатын қызметтердің сапасы, мекеме қызметкерлеріне байланысты. Олардың дайындығы және тұтынушылармен тіл табыса білуі, ломбард бизнесін жүргізу тәсілдерінің бірі. Қызметкерлер толығымен аттестациядан өткен және үлкен өкілеттіліктерге ие.

Бизнестің бастамасы 1993 жылы салынды. Алғашқы жеке меншік ломбардтардың бірі «АЛҚА-ЛОМБАРД», ол қиын кезеңдерде алдыға ұмтылып, кең қанат жая алды. Көптеген қиыншылықтар болды. Мысалы, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, ломбардтар үшін жарғылықты қоры мөлшерінің ұлғаятындығы жайлы жарлығы шықты. Содан, жарғылықты қор 5 миллион теңге көлемінде болу керек екендігі анықталды. Сол кездерде ломбард, қаржылық нарық секторындағы қылмыстық айналымда жиі қолданылатын көлеңкелі капиталды көрсетеді, салықтарды төлейді және халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге тек өз қаражатымен ғана тәуекелдік жасап көмектеседі деп, мемлекетке жазбаша түрде де және жеке кездесулерде де дәлелдеу керек болды. Бірақ сауатты және дұрыс құрылған бизнес өзінің нәтижесі мен жемісін берді. Ломбард ірі холдингке айналды, оның құрамыны мына мекемелер кіреді: «АЛҚА-ЛОМБАРД» ЖШС, «АЛҚА-Шағын несиелік мекеме» ЖШС, «АЛТЫН-АЛҚА» зергерлік әшекей-бұйымдар салоны, «АLKA-SEKURITY», «АЛҚА-ҚҰРЫЛЫС», «ALKA-PLAST», «Жылдам-Бағалау».

Мекеменің юристтік және нақты мекен-жайы:

ШҚО, Семей қаласы, Шәкәрім пр., 40.

тел: + 7 (7222) 56-01-30,

факс: + 7 (7222) 56-79-24.

Жұмыс кестесі: Күнделікті Дс-Сб 10:00 - 19:00 дейін, 13. 00 - 14. 30 дейін үзіліс, жексенбі күндері 10:00 - 18:00 дейін.

1. 3 Мекеменің техникалық және бағдарламалық қамтамасыздануы

Мекемеде көптеген әртүрлі бағдарламалар бар. Мысалы, Skype, тілмаш, Finereader, Microsoft оффистің барлық пакеті орналасқан. Жұмыс жасайтын дербес компьютерлердің барлылығында Window 10 операциялық жүйесі орнатылған. Компьютерлер Intel Pentium IV (CPU 1. 80 Ghz, 1 Gb RAM, HDD 80 Gb) . Баспа құрылғылары Samsung ML-1610 т. б.

Операциялық жүйе - бұл ЭВМ дегі барлық ақпараттарды өңдеу процесін басқаратын және жұмыс жасушы мен компьютер арасындағы байланысты орындайтын кешенді бағдарлама жиынтығы.

Операциялық жүйелердің міндеттері:

  • компьютердің барлық құрал-жабдықтарын басқару;
  • файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
  • қосымша бағдарламаларды жүктеу;
  • бір уақытта бірнеше бағдарламалармен жұмыс жасау;
  • әр-түрлі бағдарламалар арасында ақпараттар алмасу;
  • қәріп масштабын өзгерту;
  • мультимедиа мүмкіндігі;
  • жүйеленген анықтамалық жүйе.

2 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2. 1 Web технологияның қазіргі жағдайы

2. 1. 1 Интернет туралы түсінік

Интернет - кез келген компьютердi жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүние жүзiлiк Желi. Оны дүниедегi ең үлкен ауқымды (глобальный) желi деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бiр-бiрiмен ТСР/IР хаттама (протокол) ережелерiмен мәлiмет алмасады, оларды бiр нұсқада, яғни бiр тiлде сөйлейдi деп айтса да болады. Дүние жүзiлiк Халықаралық телефон желiсi сияқты оны ешкiм басқармайды, ол ешкiмнiң жеке меншiгi емес. Мiне, осы Интернет желiсi көмегiмен электрондық почта арқылы хабар алып (берiп), басқа компьютерлердегi ақпаратты көрiп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк бар. TCP/IP - Интернет желiсiне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететiн мәлiметтердi бiр жүйеге келтiру ережелерi немесе оларды құрастыру хаттамасы. IP (Internet Protocol) - мәлiметтердi оны алушының адресi көрсетiлген шағын тақырыптары бар бiрнеше бөлiктерге немесе дестелерге бөлетiн желi аралық хаттама. TCP (Transmisson Control Protocol) - мәлiметтi жөнелту iсiн баскаратын хаттама, ол желiдегi ақпарат дестелерiн дұрыс жеткiзу үшiн жауапты болып саналады. Интернет жүйесiн пайдалана отырып, үйден шықпай ақ, көптеген елдердi, қалаларды аралап музейлердi, кiтапханаларды көрiп, дүниежүзiлiк мәдени және ғылыми жетiстiктермен танысып, оларға өркениеттi елдiң азаматы ретiнде өз үлесiңiздi қосып, өзiңiздi дүниенiң бiр кiшкене бөлiгi ретiнде сезiну мүмкiндiгiне ие боласыз. Интернет - TCP/IP хаттамалары негiзiнде желi аралық байланысу технологиясы.

Интернет желiсiнiң құрылымы - әрбiр тұтынушы компьютерi кәдiмгi телефон арналарымен түйiндi машиналармен байланысады. Ал түйiндi немесе негiзгi машиналар бiр-бiрiмен қуатты оптикалық талшықты немесе спутниктi арналармен жалғасады. Түйiндi машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшiн қажет, олар: тәулiк бойынша үзiлiссiз жұмыс iстеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын мәлiмет жинақтауыш компьютермен жылдам iстейтiн оптикалық түрдегi байланыстыру iсiн қамтамасыз етедi. Ақпаратты сервер - дегенiмiз қалың көпшiлiкке арналған, әрбiр тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлерi жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаналықтар, мерзiмдi баспасөз (газет-журналдар), жарнамалар, т. с. с. мәлiметтер сақталады. Желiге қосылған әрбiр компютерге қайталанбайтын айрықша өзiндiк адрес (IP-адрес) берiледi, адрес компьютердiң типiмен (IBM, Macintoch), операциялық жүйенiң түрiмен (MS DOS, Windows 98, Windows NT) байланыста болмайды, демек жiберiлген ақпарат тура адрес көрсетiлген 10 компьютерге келiп түседi. Түйiндi машина мәлiметтердi тасымалдау кезiнде хабарды жiберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиiмдi түрде пайдаланады. Бұл мүмкiндiк Интернеттi қазiргi кездегi ең жылдам, әрi арзан, әрi сенiмдi байланыс жабдығына айналдырды деуге болады. Ал ендi түйiндi машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адрестi кiм тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етiледi, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрiн iстейтiн арнайы қоғам - Интернет провайдерi деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Қазақстанда Интернет провайдерлерi болып қызмет атқаратын Қазақтелеком, Beelline, Nursat, S&G Communications, Parasang, Астел Арна т. с. с. мекемелер жұмыс iстейдi.

Интернетте қызмет көрсету провайдерi - ISP (Internet Service Provider), Интернетпен қарапайым тұтынушылардың тiкелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

World Wide Web құрылымы - WWW дүнежүзiлiк тармақталған желiсi-бұл Интернет-тiң ең кең таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсiп жатқан қызмет түрi. World Wide Web - Интернеттегi барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәлiметтердi пайдалану жолында оларды оқып көру үшiн Micrasoft Internet Explorer, Google Chrome, Opera cияқты програмалық жабдықтар қолданылады. Олар Интернеттен керектi құжаттарды iздеп табуға, қарауға, жазып алуға мүмкiндiк бередi. «Гипермәтiн (байланысқан мәтiндер) мүмкiндiгi Web мәлiметтернiң бiрiнен бiрiне көшудi жеңiлдетедi. Файлардың «HTML-тің (HyperText Markup Language) форматын iске қосатын гипермәтiн мүмкiндiгi Web парақтарының бiр бетiнен екiншi бетiне «сiлтеу бойынша көшудi жеңiл жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейне жазбалар, дыбыстар, үшөлшемдi (кеңiстiктегi) нақты бейнелер т. с. с. орналасады. Осындай сiлтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wide Web-тiң негiзгi құралымын құрайды. Web жүйесiне қосылғаннан кейiн әрбiр адам WWW желiсiндегi кез келген мәлiметтi басқалармен бiрдей пайдалану құқығына ие болады, бұдан соң басқа компьютермен байланасу үшiн немесе қосымша артықшылық, шектеулер үшiн ақы төлеудiң қажетi жоқ.

World Wide Web (WWW немесе Web) Интернет мәлiметтерiн жеңiл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкiндiгiн бередi. Ондағы мәлiметтер мен олардың бiр-бiрiмен байланысын ақпараттық «өрмек деп айтса да болады. Web-тiң әр бетiнiң басқа парақтармен байланысын көрсететiн сiлтеме белгiлерi бар, оны бiр-бiрiмен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кiтапхана деуге болады. Бiр тораптық компьютерде орналасқан мәлiметтер Web кiтабы секiлдi, ал оның беттерi кiтап парақтарын көзге елестетедi. Бұл беттердегi мәлiметтер дүниенiң кез келген бұрышында орналаса бередi. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлiк компьютерлердегi ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек 11 мәлiметтiң көлемiне немесе сiздiң байланысып отырған уақытыныздың ұзақтығына байланысты. Web мәлiметтерiн қарау адресi көрсетiлген белгiлi бiр тораптық (түйiндi) компьютерден басталады. Түйiндi компьютердегi мәлiметтiң бiрiншi бетi кiтаптың сырты немесе мазмұны тәрiздi, әрбiр беттiң URL (Universal Resource Locator) форматында берiлген қайталанбайтын өзiндiк адресi болады. Ол беттердегi мәлiметтi оқу «көру жабдықтарың деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.

URL-адрестерi - бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресiн жазудың арнайы формасы. Ол-желiнiң қай серверiнде орналасса да, керектi мәлiметтi айнытпай қатесiз табуды қамтамасыз ететiн сөз тiркесi URL адрестерiнiң жазылуынан мысал келтiрейiк.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бар CMS платформаларын талдау
Корпоративтік сайттың құрылымы
Электрондық коммерция және электрондық бизнес жүйелерінің түрлері
Тапсырысты жіберу нысаны
Компанияның веб - сайты
Спорт дүкенінің тауар айналымының автоматтандырылған жүйесін құру
Желілік интернет дүкен
Сауда Интернет жүйелері
АВТОКӨЛІКТЕР МЕН АВТОКӨЛІК БӨЛШЕКТЕРІН САТУ БОЙЫНША ДҮКЕННІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТЕСТІЛЕУ
Стартаптардың даму кезеңдері және классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz