2015-2020 жылдарға арналған «Нұрмирас» мектепке дейінгі ұйымының даму бағдарламасы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Ақтөбе қаласының білім бөлімі

«Нұрмирас» мектепке дейінгі ұйымы

«Бекітемін»

«Нұрмирас» МДҰ

меңгерушісі

Г. К. Базарбаева

2015-2020 жылдарға арналған

«Нұрмирас» мектепке дейінгі ұйымының

даму бағдарламасы

Бағдарлама авторлары, әзірлеушілері:

МДҰ-ң шығармашылық ұжымы

Ақтөбе қ.

МАЗМҰНЫ

  1. Бағдарлама төлқұжаты
  2. Кіріспе
  3. Жағдай мәселесін талдау

Күтілетін және нақты нәтижелердің әлеуметтік тапсырыстарын талдау

  1. МДҰ даму болашағы
  2. «Нұрмирас» МДҰ даму бағдарламасын жүзеге асыру

Бағдарлама төлқұжаты

Бағдарлама атауы: 2015-2020 жылдарға арналған «Нұрмирас» МДҰ даму бағдарламасы.

Әзірлеме негізі : «2015-2020 жылдарға арналған білім беру даму бағдарламасының бекітілуі» № 176 27. 07. 2009 жыл шешімі бойынша

Әзірлеуші: «Нұрмирас» МДҰ шығармашылық ұжымы

Мақсаты: жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы негізінде адами және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру.

Міндеттері:

-мектепке дейінгі жастағы балалар үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

-мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту;

-МДҰ-ң тәрбие және білім беру процесін жетілдіру;

-патриоттық сезімдерін оятуға, ана тілін және қазақ халқының мәдениетін құрметтеуге, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, мемлекеттік тілді дамытуға тәрбиелеу;

-12 жылдық білім беруге көшу;

-тәрбиеленушінің жеке басын қалыптастыру негізінде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін, жауапкершілігін арттыру;

-материалдық-техникалық базасын нығайту.

Күтілетін нәтижелер:

-мектепке дейінгі білім беру сапасының жақсаруына жағдайлар жасалынатын болады;

-12 жылдық білім беруге көшу іске асырылатын болады;

-МДҰ-да тәрбиелеудің және білім берудің тиімді жүйесі болады;

-МДҰ-ның материалдық-техникалық базасы және заттық-дамытушылық ортасы одан әрі дамитын және жетілдірілетін болады;

-мектепке дейінгі білім беру ортасында инновациялық қызметі белсендіріледі.

Қаржыландыруға қажетті ресурстар мен көздер: МДҰ-ның даму бағдарламасын іске асыру үшін шығындарының көлемі.

Ғимараттты және ғимарат территориясын абаттандыру
Материалдық-техникалық базаны жабдықтау
Педагогикалық процесті жарақтандыру
: 2015-2016 ж.
Ғимараттты және ғимарат территориясын абаттандыру:

1. Жер аумағын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары

2. Ғимараттың өртке қарсы қауіпсіздік шаралары

Материалдық-техникалық базаны жабдықтау: 1. Қозғалмалы кварцтық шамдарды сатып алу
Педагогикалық процесті жарақтандыру: Мектеп жасына дейінгі сәбилерге арналған ойыншықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды сатып алу
: 2016-2017 ж.
Ғимараттты және ғимарат территориясын абаттандыру: 1. СанЕмн-ге сәйкес ойын күркелерін жабдықтау
Материалдық-техникалық базаны жабдықтау:

1. Ойын алаңдары үшін балалар ойнайтын құмдарды сатып алу

2. Спорттық жабдықтарды сатып алу (швед тақтасы-2 дана, гимнастикалық орындықтар -2 дана)

Педагогикалық процесті жарақтандыру: Түзету жұмыстарына арналған ойын нұсқаулықтарын, оқу-әдістемелік құралдарын сатып алу
: 2017-2018 ж.
Ғимараттты және ғимарат территориясын абаттандыру: 1. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу
Материалдық-техникалық базаны жабдықтау: Азық-түлік блогының құралдарын жаңарту
Педагогикалық процесті жарақтандыру: 2 жинақты компьютерлерді сатып алу. Топтар үшін оқу-әдістемелік құралдарды, ойыншықтарды сатып алу.
: 2018-2019 ж.
Ғимараттты және ғимарат территориясын абаттандыру: 1. Территориядағы асфальт жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу
Материалдық-техникалық базаны жабдықтау:

1. Қазіргі заман талаптарына сәйкес көрнекі стендтерді жаңарту.

2. Өрт сөндіруге арналған бастапқы құрал-жабдықтарды сатып алу

3. Сантехникалық құрал-жабдықтарды ауыстыру.

Педагогикалық процесті жарақтандыру: Жаңа буын ойыншықтарын сатып алу (мультимедиялық бағыттағы ойындары, АКТ технологиясының ойыншықтары)
:

2019-2020 ж

Ғимараттты және ғимарат территориясын абаттандыру: Жер аумағындағы көгалдандыру жұмыстары
Материалдық-техникалық базаны жабдықтау:

1. Медициналық блокқа арналған жабдықтарды жаңарту.

2. Музыка сабақтарына арналған қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен жабдықтау.

3. Ыдыс-аяқ, төсек-орын жабдықтарын жаңарту

Педагогикалық процесті жарақтандыру:

1. Компьютерлерді сатып алу

2. Барлық топ кабинеттерін интернет желілерімен, бейнебақылау құралдарымен қамтамасыз ету.

2. Кіріспе

Осы бағдарлама стратегияларды, негізгі бағыттарды, басымдылықтарды, білім беру саласындағы мемлкеттік саясатты іске асыру жөніндегі міндеттері мен тетіктерін анықтайды; мектепке дейінгі білім беру мазмұнының құрылымына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

  1. «Нұрмирас» МДҰ 2015 жылы ашылды.

«Нұрмирас» МДҰ ғимараты - мекен-жайы бойынша орналасқан.

2. МДҰ-ның жобалық қуаты топ ( орын)

3. МДҰ-ның жұмыс кестесі -5 күндік жұмыс аптасында 10 сағат 30 минут

4. Тәрбиеленушілердің жасқа байланысты құрамы

Жасы
Бала саны
Жасы: 2 жаста
Бала саны:
Жасы: 3 жаста
Бала саны:
Жасы: 4 жаста
Бала саны:
Жасы: 5 жаста
Бала саны:
Жасы: 6 жаста
Бала саны:
Жасы: Барлық бала саны
Бала саны:

Кадрлар - адам

Кіші қызметкерлер - адам

Тәрбиешілер - адам

Мамандар - адам

Әкімшілік басқару персоналы - адам

Медициналық персонал - адам

Педагогтардың сапалық құрамы төмендегідей:

Барлығы - адам

Білім беру бойынша:

Жоғары білім - ( %) адам

Орта арнаулы білім - ( %) адам

Санат бойынша:

Жоғары санат - адам ( %)

І санат - ( %)

ІІ санат - ( %)

Педагог кадрлар туралы мәлімет

Барлық

педагог

саны

Білімі
Санаты
Жоға-ры
Арнау-лы орта
Орта
Жоғары
Бірінші
Екінші
Санаты жоқ
Барлықпедагогсаны:
Білімі:
Санаты:

Материалдық-техникалық база

«Нұрмирас» МДҰ материалдық-техникалық базаны үнемі нығайтуға бағытталған жұмыстар атқарылады. Жыл сайын топтық бөлмелерге және кабинеттерге косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Топтар жабдықталған. Азық-түлік блогына және медициналық кабинетке жабдықтар сатып алынған.

3. Жағдай мәселесін талдау

Күтілетін және нақты нәтижелердің әлеуметтік тапсырыстарын талдау

«Нұрмирас» МДҰ Жарғысына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымның жетекшілік белсенділігін анықтайтын әлеуметтік тапсырыс «мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленуші жеке тұлғасының психикалық, физикалық, зияткерлік дамуын қамтамасыз ету» ретіне қарай анықталады. Педагогикалық кеңестегі бұйрықтар бойынша, мектепке дейінгі жұмыс атқарылымдары және құжаттамалары бойынша, педагогтармен сұхбат жүргізу, ата-аналардан сауалнама жүргізу барысында қоғамның сұраныстарын жүзеге асыру үшін келесі бағыттар айқындалған:

-әрбір тәрбиеленушінің денсаулығын және өмір қауіпсіздігін сақтау;

-балалардың қабілетін анықтау және олардың дамуына жағдай жасау;

-тәрбиеленушілердің эмоциональді-ерік қасиеттерін және жалпы адами құндылықтарын қалыптастыру;

-отбасы тәрбиесіне қолдау және көмек көрсету;

-материалдық-техникалық базаны және педагогикалық үрдісті үздіксіз жетілдіру;

«Нұрмирас» МДҰ педагогикалық ғылымы мен іс-тәжірибе ұсыныстарын ескере отырып, «Нұрмирас» МДҰ» түлек модель құрылысының өнімділігі мен бағдарларын анықтайтын төмендегі критерийлер туралы айтуға болады:

-денсаулығының жағдайы;

-өзіне-өзі қызмет көрсетуі;

-өзін-өзі басқаруы;

-өсіру;

-тұлғалық және әлеуметтік өзін-өзі бекіту;

-жауапкершілік;

-әлеуметтік бейімделу;

-ҚР-ның білім беру мемлекеттік стандартының бағдарламасына сәйкес оқыту

Тәрбие мен білім беру процесін талдау

МДҰ-да тәрбие мен білім беру процесі мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес, білім беру бағдарламасына сәйкес құрылады. Педагогтар белгілі материалды жинақтады және адаптивтік бағдарламаларды әзірледі:

Әзірлеуші
Бағдарлама атауы
Мақсаты
№: 1
Әзірлеуші:
Бағдарлама атауы:
Мақсаты:
№: 2
Әзірлеуші:
Бағдарлама атауы:
Мақсаты:

-МДҰ-да сапалы білім беру үшін қазіргі заманғы талаптарды ұйымдастыру;

-балаларды рухани-моральдық тұрғыда тәрбиелеу;

-балалармен жұмыс жасауда жаңа технологияларды қолдану

Педагогикалық жұмыстың нәтижелерін арттыру мақсатында, семинарлар, кеңестер, шығармашылық топтың отырыстары, қайта даярлау курстары өткізіледі.

Балалардың танымдық дамуын талдай келе, МДҰ-да белгілі бір жағдайлар жасалынған: топтарда заттық-дамушы орта 5 білім беру бөліктеріне бөлінген. «Таным» білім беру саласында табиғат, зерттеу-тәжірибе бұрыштары орналастырылған, қоршаған ортамен балаларды таныстыруға ойындар мен ойын материалдары таңдалынған, құрастырмалы ойын және ойыншық бұрыштары, сонымен қатар балалардың интеллектуальді дамуы үшін басып шығару бұрыштары орналастырылған.

Тәрбиешілер балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін ерекше назар салады. Білім беру саласында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін бейнелеу өнері, мәдениет, көркем әдебиет, музыка өнерімен балаларды таныстыру таңдалынған. Коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін және балалардың іскерлік қабілеттері үшін топтарда көркем әдебиет кітапханасы, театр түрлері, ертегі бейнесі мен аудиотаспалары ұйымдастырылған. Балалар мен ересектерге арналған бірлескен ойын түрлері және еңбек қызметі үшін жағдай жасалынған, сонымен қатар түрлі шараларда баланың өзін-өзі басқаруын және өзін-өзі бағалауын қалыптастыратын жағдайлар жасалынған. МДҰ-да стандарт талаптарына сәйкес, балалардың жасына және жеке ерекшеліктеріне негізделген құзіреттіліктерін қалыптастыру үшін жағдай жасалынған деп қорытындылауға болады.

4. Мектепке дейінгі ұйымның даму болашағы

-мектепке дейінгі білім беру ұйымының жаңа моделін құру;

-жұмыс мазмұнын жаңарту;

-балалардың, ата-аналардың білім беру қажеттіліктерін толық қанағаттандыру;

-баланың физикалық, зияткерлік, жеке дамуын қамтамасыз ету;

-заттық-дамушы ортаны ұйымдастыру, жаңарту;

-психологиялық-педагогикалық әдіс неізінде баланы зерттеу

2015 жылдан бастап бастапқы жағдайды талдау жұмыстары өткізілді. Біз МДҰ-ның ішкі шеңберін зерттедік, ата-аналар арасында сауалнама жүргіздік, тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерттедік, педагогтің деңгейін яғни әлеуметтік тапсырстың талдауын жүргіздік. Атқарылған жұмыстар МДҰ-ның идеясын дамытуға және бағыттарын белгілеуге көмектесті. 2015 жылы педагогтардың шығармашылық тобымен бірге МДҰ-ның моделін анықтадық, басқару құрылымдарының әдістемелік қызметін жасадық. Оның құрамына жауапты шығармашылық педагогтар кірді.

МДҰ-ның даму бағдарламасы алдын-ала 5 жылға бөлінген.

Даму бағдарламасын табысты іске асыру үшін төмендегілер ескерілді:

1. Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру міндеттерін жүзеге асыру үшін педагогикалық ұжымның қарекеті.

2. Тәрбиеленушілерді дамытуға бағытталған ақпараттық-білім беру ортасының жағдайларын жасау және ұйымдастыру.

3. Педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттыру, соңғы оқу-әдістемелік технологиялар мен әдістерін меңгеру.

5. «Нұрмирас» МДҰ даму бағдарламасын жүзеге асыру

Кезең, қадамдары
Іс-шаралар мазмұны
Қатысушылар, жауаптылар
Кезең, қадамдары:

2015 жыл

Талдамалы-диагностикалық

Іс-шаралар мазмұны:

Бастапқы жағдай диагностикасы

1. Әлеуметтік тапсырысты талдау: ата-аналардың сұраныстарын зерттеу және сауалнама жүргізу, сонымен қатар балалардың қызығушылықтарын зерттеу.

3. Педагогтардың педагогикалық бағыттарын және кәсіби құзыреттілік деңгейін зерттеу

4. Ресурстарды анықтау.

Қатысушылар, жауаптылар: МДҰ меңгерушісі, әдіскері, мамандары
Кезең, қадамдары:

2015 жыл

Жоспарлы-болжамдық

Іс-шаралар мазмұны:

МДҰ моделін анықтау

Қосымша ресурстарды анықтау. Басқару құрылымын жасау.

Жоспарланған нәтиже: Даму бағдарламасын, тұжырымдамасын және Жарғысын дамыту, талқылау, бекіту.

Мамандар қызметін талдау. Бағдарлама бөлімдері бойынша жеке және ұзақ мерзімді жоспарларды дамыту, сонымен қатар қайшылықтар мүмкіндігін болжау.

Қатысушылар, жауаптылар: Қалалық ғылыми-әдістеме орталығы, МДҰ педагогтарының шығармашылық ұжымы
Кезең, қадамдары:

2015-2020 жыл

Ұйымдастырушылық-орындаушылық

Іс-шаралар мазмұны:

1. МДҰ-да тәрбие және білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз етуге жағдай жасау.

2. мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту мақсатында тәжірибелік жұмыс жүргізу үшін обл БА және ҚДИ, сонымен қатар қалалық ғылыми-әдістеме орталығымен ынтымақтастықта болу. Бағдарламаны іске асыру.

Білім беру процесіне инновациялық технологияны енгізу.

Жоспарланған нәтиже: Білім беру үрдісін қоса алып жүру және қамтамасыз ету. Заттық-дамушылық орталығын қалыптастыру. Жүйелі зерттеу нәтижесінен алынған деректер негізінде бағдарламаға түзету жасау.

Қатысушылар, жауаптылар:

Обл БАжҚДИ; ҚҒӘО

МДҰ ұжымы және педагогтардың шығармашылық ұжымы

Ақтөбе қаласының « Нұрмирас» мектепке дейінгі білім беру ұйымының даму тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы білім беру жағдайы өзіне тән. Жаңа әлеуметтік-мәдени қоршаған ортаның ықпалы мен өмір талаптарына сәйкес, біз жеке қоғам мен мемлекет мүддесі үшін мақсатты тәрбие мен білім беруді қамтамасыз етуге ұмтыламыз.

ҚР-ның «Білім беру туралы» заңы негізінде, МДҰ тәрбиелеу және дамыту жұмыстарымен айналысуға күш жұмсауда (тұлғааралық қарым-қатынастардың үйлесімі, мәдени мінез-құллыққа жеке тұлғаны әлеуметтендіру) .

Біздің мектепке дейінгі ұйымның даму тұжырымдамасында, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің үлгілерін құру, мемлекеттік үлгідегі және одан жоғары деңгейдегі балалардың мүдделерін және ата-аналардың дамып келе жатқан қажеттіліктерін жаңа білім беру, түзету, медициналық қызметтердің кең ауқымын қанағаттандыруға қабілетті.

Біздің «Нұрмирас» МДҰ-ның моделі білім берудің зияткерлік-дамуын іске асыруға және баланың жеке мәденитін қалыптастыру үшін қазіргі заманғы талаптарға сәйкес тәрбиелеуге бағытталған.

І МДҰ-ның мақсат мен міндеттері:

-тәрбиеленушінің үйлесімді дамуы, оның шығармашылық-интеллектуалдық әлеуетін іске асыру үшін және мектепке тиімді дайындау үшін ықпал етеді.

ІІ Міндеті:

  1. Балалардың физикалық, психикалық денсаулығын нығайту және қорғау
  2. Жаңа технологияларды енгізу арқылы тәрбиеленушінің интеллектуалды ойлауын дамыту
  3. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
  4. Болашақта өздерін жүзеге асыруға қабілетті интеллектуалды дамыған жеке тұлғаның негізін қалыптастыру
  5. Түрлі іс-шаралар арқылы осы міндеттерді жүзеге асыру (сабақ, ойын, еңбек)

ІІІ Нәтижесі:

ХХІ ғасырда өмір сүруге қабілетті баланың интеллектуалды дамуын қалыптастыру.

ІV МДҰ-ның негізгі қағидалары:

2 жастан 7 жасқа дейінгі біздің аумақтағы балаларды мектепке дейінгі оқыту және қоғамдық тәрбиелеу үшін қабылдау.

Қоғамдық білім беру мүмкіндіктерін ашық жүйе принципінде пайдалану

Даму қағидасы

Ата-аналармен, балалармен жұмыс барысындағы жеке-бағдарланған тәсіл қағидаты

Ынтымақтастық қағидасы

Педагогтардың өзара кәсіби даму қағидасы (психолог, тәрбиешілер, орыс тілі мұғалімі, музыка пәнінің жетекшісі)

V Білім беру жұмысының мазмұны

Дамыта оқыту бағдарламаларын қолдану арқылы білім беру және тәрбие жұмыстарын жетілдіру.

VІ Тұжырымдаманы іске асыру жағдайлары

1. ЖШС құрылтайшысының ұйымдастырушылық қаржылық қолдауы

2. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мемлекеттік стандартына, негізгі оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу-әдістемелік құралдарына, мемлекеттік стандартқа және вариативтік бағдарламаға сәйкес педагогтардың шығармашылық ізденуі және жылдық жоспарын құруы.

3. Кадрлық қамтамасыз ету.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу әдісіне ие, білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізген білікті тәрбиешілер мен педагогтар.

Курстық қайта даярлау

Кадрлардың аттестациядан өтуі

VІІ Материалдық-техникалық база

Балалармен жұмыс жүргізу үшін МДҰ-ның төмендегі материалдық-техникалық базасы қолданылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім күні!
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Инклюзивті білім беру саясаты мен ұйымдастыру
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк
Инклюзивті оқыту
«Балапан» бағдарламасының ПАСПОРТЫ
Мүмкіндіктері шектелген балаларды оқытудың тұжырымдамалық негіздері
Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі көрсеткіштерінің жағдайын талдау
Өзін - өзі тану тұлғаның дамуының факторы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz