Басқарушының тұлғалық қасиеттерінің ұжымын психологиялық ахуалына тигізетін әсері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТАРАУ. БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 5

  1. Психологиядағы тұлғааралық қатынас және тұлғааралық қабылдаудың теориялық мәселелері . . . 5
  2. Басқару қызметінің әлеуметтік- психологиялық негіздері . . . 26
  3. Жетекшінің тұлғалық қасиеттерінің ұжымдық қарым - қатынастағы рөлі . . . 31
  4. Жетекшілердің басқару стильдерінің ұжымның психологиялық ахуалына әсері . . . 40

2 ТАРАУ. ЖЕТЕКШІНІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҰЖЫМНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫНА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ . . . 50 2. 1. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы . . . 50

2. 2. Коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділікті бағалау әдістемесі (КОС-2) . . . 54

2. 3. Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық талдануы . . . 59

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74

ҚОСЫМШАЛАР . . . 77

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі - нарықтық қатынастар жайындағы басқару салаларындағы жетекшінің басқару стилінің ұжымның психологиялық ахуалына әсерін теориялық талдау мен практикалық тұжырымдарын өңдеу және әлеуметтік психологиялық, тұлғалық ерекшеліктерін зертеулермен тығыз байланысты.

Бұл мәселелердің өзектілігі нарықтық қатынастар жағдайындағы жетекші тұлғасын қалыптастыруда көрінеді. Бұл міндетті шешудегі психологияның ролі - жетекші тұлғасын қалыптастыру процесінің ғылыми-психологиялық негіздерін анығырақ айтсақ, бұл процестің психологиялық детерминациялары мен механизмдерін (дүниетаным, моральдық сенімдер, жеке адам бағыттылығы, негізгі базалық қажеттіліктер, мотивациялық сфера, құндылықтар жүйесі, мақсаттар, қызығулар, мұраттар т. б. ) жан-жақты ашып, талдаудан көрінеді.

Ұжымдағы өзара қарым-қатынас заңдылықтарын, басқару психологиясы аясындағы психологиялық теориялар, басқарушының тұлғалық қасиеттерінің ұжымның психологиялық ахуалын қалыптастырумен байланысты. Мұнда көптеген мәселелерді шешуге тура келеді. Олардың қатарында бірлестіктер, ұжымдарды әкімшілік басқарудан демократиялық басқаруға өту ерекше маңызды орын алады.

Біріншіден, бұл зерттеу жұмысы қазіргі коммерциялық фирмалармен бірлестіктерді құру аймағында жетекшілердің мамандарды іріктеу жұмысындағы психологтың функциясын анықтауға көмектеседі.

Екіншіден, зерттеу нәтижелері өзі басқарып отырған ұжымдағы еңбек іс-әрекетінің нәтижесін ғана емес, сонымен қатар психологиялық ахуалына, өз командасының мүшелерінің тұлғалық жағымды және іскерлік қасиет сапаларын, ұжымдағы өзара қарым-қатынас жағдайларын, қоластындағылардың өзі туралы пікірін білу, өзін солардың орына қоя отырып, еңбек жағдайларына баға беру және ортақ іс-әрекеттің ұзақ та табысты болуын қамтамасыз ететін психологиялық сәйкестілік факторларына көз жеткізе отырып ұжымның психологиялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты - басқарушының тұлғалық қасиеттерінің ұжымын психологиялық ахуалына тигізетін әсерін айқындау. Басқару стильдері мен жетекшінің тұлғалық қасиеттерін анықтау. Жетекшілердің жеке адамдық қасиеттерінің ұжымдағы психологиялық ахуалдың қалыптасуына әсерін зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Жетекшілер тұлғасына зерттеу жұмыстарын жүргізу
  2. Әр жетекшілерге индивидуалды мінездемесін жасау
  3. Жетекшілік стильдері бойынша зерттеушілердің топтық профилін жасау.
  4. Зерттеу болжамдарын дәлелдеу.
  5. Әдістемелер мәліметтерін өзара салыстыру, сәйкестігін анықтау.
  6. Зерттеу мәліметтерін сапалық психологиялық талдау жасау.

Зерттеу объектісі: жоғарғы оқу орнындағы кафедра меңгерушілері.

Зерттеу пәні: Жетекшілердің ұжымдағы жетекшілік стильдері мен тұлғалық ерекшеліктерінің көріну жағдайлары.

Әдістемелер:

1. Р. Кеттелдің 16-факторлық жеке адамдық сұрақнамасы

  1. Т. Лири әдістемесі
  2. КОС-2
  3. Ұжымдағы психологиялық ахуалды бағалау әдістемесі (А. Ф. Фидпер)
  4. Еңбек ұжымын басқару стилін анықтау әдістемесі (В. П. Захарова, А. Л. Журавлева)
  5. Лидер тесті (Н. А. Литвинцева)

Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТАРАУ. БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕРІ

  1. Психологиядағы тұлға аралық қатынас және тұлға аралық қабылдаудың теориялық мәселелері

Қарым-қатынас, бұл адамдардың іс-әрекет процесіндегі өзара әрекет формаларының бірі. Қарым-қатынастың белгілі анықтамаларының бірде-біреуі олардың біржақтылығының себебінен сынға төзбейді. Бұның қарым-қатынастың адамдардың біріккен өмір әрекетінің бірден көптеген жақтарын қамту ауқымдылығымен түсіндіруге болады, бұл қарым-қатынастың қанағаттанарлық дефинициясын өңдеудегі объективті қиындық болып табылады. Авторлар жиі қарым-қатынас анықтамасы негізінде өздері белгілеп қойған қандай да бір қасиетті қойып, оның басымдылығын көрсетеді.

Қарым- қатынас психологиясы, категориясы психология ғылымындағы фундаменталды түсінік, бұл категорияны саралау шынайы әрекеттегі адамның барлық қатынасының айналасында жүзеге асады. Қатынас психологиясы «субъект-объект» рамкасымен қоса, «субъект-субъект» байланысында да байқалады. Қатынас мәселесін талдаудағы келесі аспект - бағыттылығы бойынша: теориялық және тәжірибелік жұмыстар да кездеседі (өзіне деген, басқа адамға деген, жұмысқа деген қатынас) . Қарым-қатынасты зерттеудегі белгілі методологиялық тәсілді бірінші болып К. Шеннон қалыптастырады, яғни қарым-қатынас актісінің құрылымын кесте ретінде бейнелейді: хабардың қайнар көзі - передатчик (өтініш) - канал - қабылдағыш - хабарды алушы. Л. Блумфилд моделінде сөзді реалды ортаға бейнелеуде әрекет жасайды. Л. Блумфилдтың сөздік қарым-қатынасы бихевиористік парадигма шеңберінде құралған, яғни коммуникатордың бақыланатын жүріс-тұрыс комбинациясы.

Қарым-қатынас мәселесін алғашқы болып дамытқан отандық зерттеуші В. М. Соловин болады. В. М. Соловин адамның қарым-қатынас коммуникациясы ретінде, қатынас, өзара түсінушілік, өзара әсер етуші ретінде талдайды.

А. Н. Леонтьевтің көзқарасы бойынша қарым-қатынас әрекеті белгілі бір жағы ретінде, немесе ол әрекетте элемент ретінде кіреді. А. Н. Леонтьев қарым-қатынастың мынандай сипаттамаларын көрсетеді: контактілік, бағдарлылық, бағыттылық, семиотикалық, арнайы болуы және психологиялық динамика.

Д. Б. Эльконин қарым-қатынас ерекше іс-әрекет түрінде түсінеді. Яғни нәрсенің, мектепке дейінгі баланың және жасөспірімдердің дамуының белгілі бір деңгейінде дербес рөл ойнайтын коммуникативті әрекет немесе қарым-қатынас әрекеті ретінде түсінген.

Б. Ф. Ломов әрекет пен қарым-қатынасты адамның әлеуметтік тұрмысының екі жағы деп қарастырған. Бұл амалдың мәні тұлға аралық өзара әрекеттесудің спецификалық жүйесі ретінде қарастырылуында жатыр. Б:Ф. Ломов қарым-қатынасты психологияның маңызды дербес категорияларының бірі ретінде қарастырған және оның жүйелік анализін береді.

Қарым-қатынас мәселесіне қатысты түрлі әлеуметтік психологиялық бағыттары ортақ концепция шеңберінде интеграциялау амалын Г. М. Андреева қолданды. Қарым- қатынасты сипаттай келе, қарым - қатынастың 3 өзара байланысқан жақтарын бөлді: коммуникативті ( адамдар арасындағы ақпарат алмасу), интерактивті ( қатынастағылардың өзара әрекетін ұйымдастыру), перцептивті ( адамдардың бір бірін қабылдау процесі және осының негізінде өзара түсінушілікті орнату) [5] .

Әлеуметтік - перцептивті процестердің варианттарына түсінік:

  1. Егер қабылдаудың субъектісі ретінде индивид тұрса, онда ол өзінің тобына жататын басқа, индивидтерді қабылдай алады.
  2. «Бөтен» топқа жататын, басқа индивидтерді қабылдайды.
  3. Өзінің тобын қабылдайды.
  4. «Бөтен» топты қабылдай алады.

Б. Г. Ананьев көзқарасы бойынша қарым - қатынастың маңызды сипаты іс - әрекет болып табылады.

Х. И. Линете құндылықтармен алмасу ретінде, Л. П. Буева және Б. Ф. Ломов іс - әрекетпен, сезімдермен, түсініктермен, тағы басқа алмасу ретінде, А. В. Киричук - индивидтер арасындағы байланыс және қатынас ретінде, М. Е. Ведерникова - адамдық мән туралы білімнің қайнар көзі ретінде, М. А. Зимняя - қоғамдық коммуникативті іс - әрекет формасы ретінде Л. Н. Дзокировская және Е. Ф. Тарасова - әлеуметтік өзара әрекет ретінде, В. И. Сорокин - адамдардың бір - бірінің саналарына әсер ету процесі ретінде, В. Е. Семенов - жеке тұлғалық мазмұнмен алмасу ретінде, тағы басқалай түсіндіреді. Осы анықтамалардың барысында қарым - қатынасқа тән құбылыстар көрінеді, бірақ олардың әрқайсысы жеке алғанда осы феноменнің бүкіл мазмұнын айтып бітпейді [6 ] .

Қарым - қатынастың көптеген анықтамаларында авторлардың оның мәнін төмендегідей категория арқылы ашуға ұмтылатыны көрінеді. «Іс - әрекет», «қатынас». Оларға қарым - қатынас көрінісі түсінік ретінде шығады және олардың онталогиялық білігінің бір формасы болып табылады. Іс - әрекет өзінің негізгі формаларына қатысты тектік түсінік болып табылады: еңбек, танымға, ойынға, қарым - қатынасқа қатысты. Бірақ, бірқатар жағдайларда қарым - қатынас және іс - әрекет бірдеңгейлі түсініктер ретінде қарастырылады. Жиі жағдайда бұл логикалық дәлсіздік «іс - әрекет» түсінігін еңбек іс - әрекетімен теңестіруден пайда болады, бұл мынаған әкеледі:

  1. Іс - әрекет пен қарым - қатынасты теңестіруге; өйткені еңбек және қарым - қатынас қатынасының шынайылығы олардың бірдеңгейлілігін көрсетеді;
  2. Қарым - қатынас пен іс - әрекетті өзара жоққа шығарушы, қарама - қайшылыққа; өйткені еңбек және қарым - қатынас қатынасының шынайылығы олардың мәнді айырмашылықтарын білдіреді.

А. А. Бодалев және басқа іс - әрекетінің формасы. Егер іс - әрекет - бұл адамның заттар әлемімен, табиғатпен, жануармен және адамдармен өзара әрекет процесі болса, онда қарым - қатынас - бұл адамдардың бір - бірімен өзара әрекетін атайды: сөйлеу қаттылығы, темпі (шапшаңдығы), дыбыстарды айту жүйесі ерекшеліктері. Қарым - қатынас ұғымының гносеологиялық торшасы болып адамның адаммен тікелей өзара әрекеті болып табылады. [7 ]

Психологиялық тар мағынада қарым - қатынас адам арасындағы байланыстың қойылу нәтижесі және процесі ретінде немесе субъектілердің түрлі белгілер арқылы өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі. А. В. Петровский және М. Г. Ярошевский редакциясымен шыққан психологиялық сөздікте қарым - қатынас біріккен іс-әрекетке қажеттіліктен туындайтын, өзіне ақпаратпен алмасуды, өзара әрекеттің бір стратегиясын шығаруды кіргізетін, адамдар арасында байланыс орнату және дамыту процесі ретінде қарастырылады [8] . Бұл анықтама қарым - қатынастың негізгі мазмұнын бөліп шығарады: адамдардың ақпаратпен алмасуы, өзара әрекетте бірін- бірі тануы. Мазмұнның осы 3 сипаттамасын қарым - қатынастың аспектілерін қарастыру қабылданған. Ақпаратты беру қарым - қатынастың интерактивті аспектісі ретінде қарастырылады; адамдардың бір- бірін түсінуі және тануы қарым - қатынастың перспективті аспектісі ретінде қарастырылады. Қарым - қатынас барлық үш аспектілер бірлестігінде толығырақ зерттелуі мүмкін, бірақ феноменді талдауда әрбір аспектіні жеке - жеке қарастырған дұрыс. Кейде коммуникация, проекция және интеракция қарым - қатынастың негізгі қызметтері ретінде зерттелінеді.

Қарым - қатынас мәнін түсінуде келесі сөздер кілттік болып табылады: байланыс, контакт, өзара әрекет алмасу, біріктіру амалы. Әлеуметтік - психологиялық феномен ретінде қарым - қатынасты нақтырақ сөзбен белгілеу үшін контакт, яғни жанасу сөзін алуға болады. Адамдар арасындағы контакт тіл және сөйлесу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу қарым - қатынастың негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы объективтену ретінде қарастырылуы мүмкін. Сөйлеу пайда болушы санының көріну формаларының бірі ретінде пайда болды және адамның жоғарғы психикалық қызметтерінің бірі ретінде филогенетикалық және онтогенетикалық деңгейлерде дамудың күрделі кезеңдерінен өтті. Сөйлесу манерасы адамның дүниетану жөніндегі түсінігін, оның мәдениетін анықтайды. Сөйлеу сапасы мазмұн, қатынас және әсер үндестігіне тәуелді. Мазмұны ақпаратпен байланысты, қатынасы - адам өзі сөйлеуге енгізетін эмоционалды контекстке құрамымен байланысты; әсер сөйлеудің басқаларға ықпалымен анықталады. Мысалы, біз сөйлеушінің сөйлеуінің әлеуметтік - психологиялық сапасын бағалауымыз керек. Бұл жағдайда оның ақпаратты қаншалықты мазмұнды екенін, ол сөйлеушінің өзіне қызықты ма және оның хабарламасы басқа адамдарға әсер ете ме, соны анықтау керек.

Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл - ақпаратты қандай да бір кодпен хабарлайтын белгілік жүйе. Қазіргі қоғамда белгілік жүйелер өте көп, бірақ компьютерлік байланыстың дамуымен олардың кейбір интеракциясы, тенденциясы толық анық. Сөйлеудің маңызды факторы болып ақпаратты берудің паралингвистикалық тәсілдері табылады. Оларға мыналар дауыс тембрі, жесттер, мимика, дене тұрысы жатады. Қарым - қатынаспен қос жүретін паралингвистикалық тәсілдер жинағы оның контексін анықтайды. Паралингвистикалық тәсілдер айтылғанның мағынасын дәлелдеуі мүмкін, немесе керісінше оны теріске шығаруы мүмкін. Айтылған мән паралингвистикалық тәсілдер арқылы көрсетілгендердің арасындағы қарама - қайшылықтарды толық емес қарым - қатынас факторы ретінде қарастыру керек.

Адамның әлеуметтік талдауда іс - әрекет категориясына маңызды рөл берілді. Іс- әрекет жайлы ілімге сүйене отырып, кеңес ұрпағы психологиялық ғылым, оның бағыттары мен оны өңдеу әдістері мәселесінің барлығын жаңаша қарастырды. Теориялық, экспериментальды және қолданбалы зерттеулердегі іс - әрекет талдамалы адам психологиясының әлеуми себептелуі, тұлға психологиясы және оның дамуы ашылады. Қарым - қатынастың іс - әрекетпен осындай органикалық байланысы жайлы тезисті қабылдау қарым - қатынасты кейбір белгілі нормативті зерттеуді білдіреді, оның ішінде экспериментальды зерттеу деңгейінде. Осындай нормативтердің бірі қарым - қатынастарды оның формасы көзқарасынан емес, оның мазмұны көзқарасынан зерттеу талабынан тұрады. Бұл талап батыстық әлеуметтік психологияға тән, коммуникативті процесті зерттеу дәстүрімен ұштасады. Егер қарым - қатынас іс - әрекет жағы ретінде, оны ұйымдастыру тәсілі ретінде түсінілсе, онда бұл процестің бір ғана формасын талдау жеткіліксіз болып табылады.

Қарым - қатынасты «іс - әрекет» категориясы арқылы анықтай отырып, В. Г. Ананьев, А. А. Бодалев және тағы басқа психологтар қарым - қатынас амалына, тәсіліне, мақсатына және мотивіне назарды шоғырлау арқылы оның материалды сипатын көрсетеді. «Қарым - қатынас үшін қарым - қатынас» жағдайын қоспағанда қарым - қатынастың мазмұнды жағы оны мұндай талдауда өзара әрекеттің заттық сипатымен дәл сәйкес келеді, серіктес те, оның қарым - қатынас та бірлікке іс - әрекеттің заттық - практикалық мақсатына жету амалы болып табылады [7, 10] .

«Бейне» және «қатынас» категориялары арқылы қарым - қатынас анықтамасында адамның адаммен өзара әрекетінің идеалды жағы көрсетіледі. Адамдардың біріккен өмір әрекетінде бейнелеу процесі 2 салаға бөлінеді. Бірінші салада серіктестердің тұлғалық мәнін тану өтеді. Екінші кезең қарым - қатынас процесінің спецификалылығын сипаттайды. Бұл таным адамды қабылдау объетісі ретінде бейнелеу негізінде өтеді ( оның сыртқы келбетін, әрекетін, қылықтарын, мінез - құлықтарын оның тұлғалық мәні жайлы ақпарат беретін іс - әрекет өнімдерін) . Осы және вербальды сонымен қатар техникалық өзара байланыс тәсілдері арқылы серіктестер бір - біріне өздерінің іс-әрекеті, идеялары, сезімдері, тағы басқа жайлы ақпарат мақсаттарымен сәйкес реттеуге ұмтылады [9] .

Қарым - қатынас анықтамасына “ бейне” категориясы көзқарасынан қарау, қарам- қатынас серіктестерінің өзара әрекетінің мазмұнды жақтары туралы идеалды көріністері енетін, формасы бойынша ақпараттық процесс болып табылады деген тұжырымға әкеледі.

Ақпараттық іс - әрекет құбылыстармен абстрактілі түрде әрекет жасауды білдіреді. Егер серіктестер өзара әрекет процесінде алмасатын реалды құбылыстардың абстрактілі формаларын олардың өзара түсініктеріне ұқсас болса, онда қарым - қатынас процесі өзін адамдар санасынан адам болмысының салыстырмалы өзбетінше мәні түрінде көрсетпейді, өйткені идеалды формалар өздерінің практикамен ақиқат немесе жалған қарама - қайшылықтарын көрсетпейді.

Сондықтан, Л. А. Петровская бойынша: “Қарым - қатынасты бір уақытта индивидтердің өзара әрекет процесі ретінде де, адамдардың бір - біріне қатынасы ретінде де, олардың бір - бірін өзара түсіну процесі ретінде де бола алатын күрделі және көпқырлы процесс ретінде қарастырудың барлық негіздері бар” [11] .

Қарым - қатынас - адамдардың біріккен өмір әрекетін бір - бірімен ақпараттық коммуникативтік және психологиялық өзара әрекет тәсілімен әлеуметтік реттеу процесі. Қарым - қатынас бірнеше түрлерге бөлінеді, олар кері байланыс ерекшелігі бойынша анықталады. Қарым - қатынас жанама және тікелей, тұлғааралық және бұқаралық болады. Тікелей қарым - қатынас - бұл тікелей “бетпе- бет” кәдімгі қарым - қатынас, өзара әрекет субъектілері жақын орналасып, сөйлеу арқылы және паралингвистикалық тәсілдер арқылы қарым - қатынасқа түседі. Тікелей қарым - қатынас ең толық өзара әрекет түрі болып табылады, өйткені индивидтер максималды ақпарат алады. Тікелей қарым - қатынас формалары және тұлғааралық болады. Тікелей қарым - қатынас екі субъектілер арасында және бір уақытта топтағы бірнеше субъектілер арасында өтуі мүмкін. Бірақ тікелей қарым - қатынас кіші топтар үшін ғана реалды болуы мүмкін, яғни өзара әрекет субъектілерінің барлығы бір- бірін білетін топта.

Жанама қарым - қатынас индивидтер бір - бірінен уақыт бойынша немесе қашықтық бойынша алшақтаған жағдайда өтеді, мысалы, субъектілер телефон арқылы сөйлеседі немесе бір - біріне хат жазады. Жанама қарым - қатынас толық емес психологиялық болып табылады. Бұнда кері байланыс күрделенген. Жанама қарым - қатынас та субъектілер арасында және топта жүзеге асады.

Бұқаралық қарым - қатынас әлеуметтік - коммуникативті процестерді анықтайтын қарым - қатынастың ерекше түріне жатады. Бұқаралық қарым - қатынас бейтаныс адамдардың көптеген байланыстарын, сонымен қатар бұқаралық ақпараттың әртүрлерімен жанамаланған коммуникацияны білдіреді. Бұқаралық қарым - қатынас тікелей және жанама болуы мүмкін.

Б. Ф. Ломов қорытындысы бойынша, қазіргі кезде “қарым-қатынас” мәселесі “психологиялық мәселенің жалпы жүйесінің кейбір логикалық орталығына айналып барады”. Бұл қорытындымен келіспеуге болмайды [4] .

Әртүрлі контекстерде қарым - қатынасты кең мағынада қоғамдағы әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың жиынтығы ретінде және тар мағынада адамдардың тұлғааралық қатынастарындағы тікелей немесе жанама байланысы ретінде анықтайды.

Қажетті және перспективті болып Б. Ф. Ломов еңбектерінде рельевті түрде көрсетілген қарым - қатынас мәселесіне деңгейлі тұрғыдан келу табылады. Б. Ф. Ломов пікірінше, қарым - қатынас құрылымын зерттеуде таңдаудың деңгейін ескерту керек. Бірінші деңгейді макро деңгей деп атайды. Бұл деңгейде адамның басқа адамдармен қарым - қатынасы тұлғаның бүкіл өмір жолы бойындағы оның өмірінің бір жағы ретінде қарастырылады. Қарым - қатынас қызметтерінің басқа жинағын А. В. Мудрик өзінше айтады. Ол қарым - қатынасты оқушыларды тәрбиелеу факторы ретінде зерттеген. Ол қарым - қатынас танымдық және жастық шақта жақсы көрінетін басқа да қызметтерін көрсетеді. Бұл рефлексті, бейімделуші, компенсаторлы және продуктивті қызметтері.

Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша: “ Индивид - Қоғам” қатынасын талдаған кезде ғана адамның қасиеттерін тұлға ретінде тани аламыз.

Қоғамдық қатынастарды практикалық психологияда түсіндіру аспектісі мына жағдаймен жеңілдейді, әрбір нақты адамда белгілі бір өзіне тән белгілері болады: жасы, жынысы, ұлты, мамандығы. Осы арқылы біз мүмкін болатын қоғамдық қатынасты болжай аламыз, яғни ол жеке бір адамның қатысуымен жасалады. Осылай қоғамдық қатынас жекеленеді, ал бұл арқылы сен қоғамға деген қатынасыңды жақсы түсіне аласың.

Б. Ф. Ломов қарым - қатынасты іс - әрекеттің жалпы жобасымен және оның жеке түрлерімен барлығымызды салыстырады. Ол бұл жобаның қарым - қатынасты талдау үшін жеткіліксіз екенін түсіндіреді. Қарым - қатынас мәдениеттің құрама бөлігі ретінде, онтогенезде бір - бірін кезекпен алмастыратын жетекші іс- әрекеттің кез- келгеніне кіреді, яғни ойынға, оқуға және еңбекке [4] .

В. Н. Мясищевтің тұлғаның қатынас концепциясы бойынша былайша түсіндіріледі: шынайылықпен немесе оның басқаша жақтарымен адамның уақытша байланыс жүйесі. Тұлғалық қатынас тұлға қатынасының бір түрі болып табылады. Ол әрекеттерден, уайымдардан және нақты тұлғалық ұмтылыстардан, іс - әрекетті бағалауынан және түсінуінен көрінеді [12] .

Ресейлік авторлардың ( Г. М. Андреева, А. А. Бодалев, И. С. Кон, Е. С. Кузьмина, В. Н. Мясищев, Н. Н: Обозов, Б. Д. Парыгин, С. Л. Рубинштейн, В. А. Ядов. ) жұмыстарын талдау арқылы мынадай тұжырым жасауға болады:

  1. Адамның адамға деген жеке қатынасы субъектінің басқа адаммен таңдаулы, саналы түрде қалыптасуымен анықталады; уайым, сезім, ойлар, ниеттер арқылы бейнеленеді. Жеке қатынас бір адамның басқа адамға деген шынайы және идеалды жүріс - тұрысының ұйымдасу жүйесін объективті көрсетеді.
  2. Өзарақатынас бір - біріне деген объективті және субъективті қатынасты қалыптастыратын адамдар арасындағы өзарабайланыс арқылы анықталады. Өзарақатынас - адамға деген жеке қатынастың қорытынды және соңғы кезеңі.
  3. Жеке қатынас адамдар арасындағы қарым - қатынас және өзараәрекет кезінде қалыптасады, басқа адамға бағытталған спецификалық іс- әрекеттің мазмұнын құрайды.
  4. Қатынас қарым - қатынас және өзараәрекет процесі барысында сыртқы және ішкі жүріс - тұрыстың ұйымдасқан әртүрлі формаларында, тәсілдерінде байқалады [12, 22] .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетекшінің тұлғалық ерекшеліктерінің ұжымдағы психологиялық климатқа әсері
Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық ерекшеліктері
Кітапхана ұжымының әлеуметгік-психологиялық сипаттамасы
Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері
Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
Басқару психологиясының пәні мен әдістері
Басқару психологиясының негізгі түсініктері
Білім жүйесін басқарудың қоғамдық-мемлекеттік сипаты. Педагогикалық-психологиялық эксперимент құру
Тәрбие мақсатты бағытталған үрдіс ретінде
Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz