Ұлтымыздың ұлттық ойындары



1 АСЫҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІМІЗ
2 ҰЛТЫМЫЗДЫҢ АҚЫЛ.ОЙ ОЙЫНЫ
3 «ҚЫЗ ҚУУ» . ЖАСТАРДЫҢ АСЫҒА КҮТЕТІН ДӘСТҮРЛІ БАҒДАРЛАМАСЫ
Асық – жас жеткіншектердің тәрбиесі мен баланың ой-өрісін кеңейтуге берер мүмкіндіктері көп қазақтың ұлттық ойыны. Асықты ойнаған адам, одан тек бойына жақсы қасиеттер ғана сіңіре алады. Өйткені, асық баланы бәсекеле¬сінің алды болу үшін ширақтыққа, асық санын көбейту үшін мергендікке, ойын кезінде қарсыласында қанша асық қалғанын білу үшін математикалық қабілетті арттыруға, өз асықтарын жоғалтпау үшін үнемділікке үйретеді.
Қазір асықты көбінесе ауылдық жерлерде ойнайды, оның өзінде де соңғы кездері ауыл балаларының асық ойнап жатқанын сирек кездестіруге болады. Сонымен бірге асықты қалалық жерде де ойнайды. Бірақ, қала балалары бұл ойынды ойнағанда бір-екі түрімен ғана шектелеп қалады. Ал қазақтың шын мәніндегі асық ойынының бірнеше түрі бар. Олар “төрт асық”, “асық ату”, “хан талапай”, “атпақыл”, “қақпақыл”, “омпы”, “шір-мекіл”, “ханжаппай”, “сасыр”, “топай” немесе “сөкелек”, “бәйге”, “отыз ұры, бір есепші” деп аталады. Бұдан басқа да асық ойынының бірнеше түрлері бар.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Асық ұлттық өнеріміз
Асық – жас жеткіншектердің тәрбиесі мен баланың ой-өрісін кеңейтуге
берер мүмкіндіктері көп қазақтың ұлттық ойыны. Асықты ойнаған адам, одан
тек бойына жақсы қасиеттер ғана сіңіре алады. Өйткені, асық баланы
бәсекелесінің алды болу үшін ширақтыққа, асық санын көбейту үшін
мергендікке, ойын кезінде қарсыласында қанша асық қалғанын білу үшін
математикалық қабілетті арттыруға, өз асықтарын жоғалтпау үшін үнемділікке
үйретеді.
Қазір асықты көбінесе ауылдық жерлерде ойнайды, оның өзінде де соңғы
кездері ауыл балаларының асық ойнап жатқанын сирек кездестіруге болады.
Сонымен бірге асықты қалалық жерде де ойнайды. Бірақ, қала балалары бұл
ойынды ойнағанда бір-екі түрімен ғана шектелеп қалады. Ал қазақтың шын
мәніндегі асық ойынының бірнеше түрі бар. Олар “төрт асық”, “асық ату”,
“хан талапай”, “атпақыл”, “қақпақыл”, “омпы”, “шірмекіл”, “ханжаппай”,
“сасыр”, “топай” немесе “сөкелек”, “бәйге”, “отыз ұры, бір есепші” деп
аталады. Бұдан басқа да асық ойынының бірнеше түрлері бар. Өкінішке қарай,
қазір олар ешкім ойнамағандықтан ұмытылып бара жатыр. Сондықтан біздің осы
жолдарды жаза отырып, айтайын дегеніміз асық секілді ұлттық ойынымыздың
сақталып, оның әрі қарай ұрпақтан-ұрпаққа таралуы үшін қазірден бастап оған
ата-бабамыздан қалған ұлттық өнер ретінде қарап, оның кеңінен
насихатталуына, дамуына жағдай жасауымыз керек. Біз кей кезде өзіміздің
ұлттық құндылықтарымызға мән бермей жүретініміз бар. Мәселен, ұлттық
ойынымыз тоғызқұмалақты алайықшы. Егер оның арнайы федерациясы құрылып,
үйірмелері қайта ашылмағанда тоғызқұмалақтың қазіргі жағдайы не болар еді?
Біздің арамыздан оған қызығушылық танытып, ойнайтын адамдар табылар ма
еді?! Қазірдің өзінде зиялылар арасында тоғызқұмалақ ойнайтын адамдар аз,
тіпті оны ойнай білмейтіндер де кездеседі. Ал тоғызқұмалақ кезінде
қарапайым жұртшылықтың ғана емес, зиялы қауымның, билер мен шешендердің
ойыны болған. Тоғызқұмалақ демекші, қазір елімізде оның арнайы федерациясы
құрылып, одан жиі-жиі жарыстар өткізіліп, насихатталуына бар жағдай жасалып
жатқанымен осынау ұлттық ойынымызды басқа елдердің еншілеп жатқаны бар.
Оған дәлел ретінде Мақсат Шотаев деген әріптесіміздің “Sport ks” газетінде
жариялаған мақаласын айтуға болады. Онда ол тоғызқұмалақ тақтасының Кентау
қаласынан шығатын пластмасса түрін жасап, авторлық құқық алғысы келген бір
ағамызға халықаралық куәлік берілмей қойғанын, өйткені дәл осындай тақта
үлгісінің баяғыдан бері Америкада жасалып үлгергенін жазады. “Біз
тоғызқұмалақ қазақ ойыны деп жүргенде, америкалықтар оны әлдеқашан
заңдастырып қойыпты. Сонда бұл ойын америкалық болып кеткені ме?” – дейді
ол. Сонымен бірге тағы да сол материалда ол тоғызқұмалаққа қатысты
жапондардың түпкі негізі Қытайда шыққан ойын түрін еншілеп кеткенін де
айтады.

Ұлтымыздың ақыл-ой ойыны
— тоғызқұмалақ мемлекет тарапынан жанашырлықты қажет етеді
Тоғызқұмалақ – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Соңғы
деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал
кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт
болуы әбден мүмкін.
Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық ойындарын дене тәрбиесінде қолдану
Эстетикалық және дене тәрбиесі істері
Оқушыларды өмірлік маңызды қозғалыс біліктері мен дағдыларын үйрету
Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдану
Қазақ салт - дәстүрлері арқылы балаларға тәрбие беру барысы
Түйе мен бота
Халықтық педагогика және оқу - тәрбие жұмыстары
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоғамдық тәрбиелеу
Асық ойынының бүгіні
Пәндер