Бастауыш мектеп оқушыларын адам бойындағы жақсы құндылықтармен таныстыру арқылы адамгершiлiк тәрбие беру
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I.тарау Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi жөнiндегi теориялық негiздерi
1.1. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәнi ..6
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудегi педагогикалық.психологиялық ерекшелiктерi ... ... ... ... ... 26
II.тарау Адамгершiлiк тәрбиесiнiң оқушыларды қалыптастырудың жолдары мен әдiс.тәсiлдерi
2.1. Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс.тәсілдеріне сипаттама ... .
2.2. Сабақтар мен тәрбие шараларындағы
адамгершiлiк тәрбиесi
2.3. Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
Қорытынды
Әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68.69
Қосымшалар

Бүгiнгi таңда жас мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай бiлiм жүйесiн құру алда тұрған маңызды мiндеттер сан алуан.
Тәуелсiз Қазақстан Мемлекетiнiң жаңаша даму үрдiсiнiң iшiнде жас ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесi ерекше орын алады.
Әсiресе, жалпы бiлiм беретiн мектептерде игерiлетiн бiлiм мазмұнын уақыт талабына сай жаңартуды жедел қолға алу мемлекеттiк мәнi зор мәселеге айналды.
Бiлiм жолы-қиын да қастерлi жол. Бұл жолда талмай тынымсыз еңбектенiп, шығармашылық iзденуден жалықпайтын жандар ғана нәтижелi табысқа жете алады. Ал, бүгiнгiдей кезеңде бодандық құрсауынан құтылып, тәуелсiз ел атанған жас ұрпақ мемлекетiнiң жаңаша даму сипатына сай оның бiлiм беру iсiнiң мазмұнын да көп сатылы құрылымын да толығынан қайта жаңарту үшiн шынын айтсақ, жай ғана еңбекшiлдiк аздық етедi. Бұл жалындаған патриоттықты, шын мәнiнде отаншылдық сезiмдi қажет ететiн iс.
Тұжырымдама бiлiм берудi жалпы ұлттық басымдық ретiнде белгiлейдi және мемлекеттiң Қазақстан Республикасының ұзақ мерзiмге арналған бiлiм беру саясатын дамытудың негiзiн қалайды әрi заңнамаға, қаржыландырудың жүйесiне, бiлiм берудiң мазмұнына, бiлiм беру жүйесiнiң құрылымына, бiлiм берудiң басқару жұйесiне кадрлық және әлеуметтiк саясатқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн негiз болып табылады.

1. “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы”. Орал өнірі, 2003 ж.
2. “Білім заңы”. Егеменді Қазақстан, 1999 ж.
3. Айтжанова З. “Адамгершілікке тәрбиелеу” Бастауыш мектеп 2000 ж.
4. “Аулақ бол, жаман әдеттен” Бастауыш мектеп 1998 ж. №12
5. Айғабылов Н. “Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу”
6. Асылов Ұ. “Әдеп” Алматы 1998 ж.
7. Әлиева К. “Адамгершілік сезімін қалыптастырудың теориялық негіздері” Бастауыш мектеп. 2004 ж. №3
8. Ғабдуашева “Адамшылықтың шуағы сөнбесін” Сынып жетекшісі 2002ж. №3
9. Жаманқұл “Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде көркем шығармаларды пайдалану” Бастауыш мектеп 2002ж. №2 (5-6 бет)
10. Жарықбаев Қ. “Тәлім – тәрбие” Алматы 1995 ж.
11. Көпжасарова М. “Оқушыларды коллектившілдікке тәрбиелеу” Алматы 1988 ж.
12. Керімбаев Н. “Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті” Қазақ тілі мен әдебиеті 1994 ж. № 7-8
13. Қарсыбаева Р. “Адамгершілік қасиетті бала бойына дарыту” Бастауыш мектеп 2001 ж. №6
14. Қуатбекова Ш. “Адам – табиғат перзенті” Бастауыш мектеп. 1999 ж. №7
15. Қалқабаева М. “Балалар әдебиеті – тәрбие құралы” Алматы 1976 ж.
16. Қалқабаева М. “Көркем әдебиеттің жасөспірімдерге ықпалы” Алматы 1982 ж.
17. Қылышбаева А. “Тағдырыңмен ойнама” Алматы 1992 ж.
18. Нұрмағанбетова К. “Мектеп және атеистік тәрбие” Алматы 1972 ж.
19. Омарова Ғ. “Адам – табиғат перзенті”. Қазақстан мектебі 1998ж. №2-3
20. Омарова Л “Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мәселелері” Бастауыш мектеп 2004 ж. №2
21. Оқушыларды саналы тәртіпке және мінез – құлық мәдениетіне тәрбиелеу Алматы 1987 ж.
22. Өтетілеуов Е. “Әдептілік - әдемілік” Алматы 1976 ж.
23. Серікбаева “Адам болам десеңіз” Сынып жетекшісі 2003 ж. №3
24. Сәрсембаева А. “Адамгершілік, отансүйгіштікке тәрбиелеу” Отбасы және балабақша 1999 №3-4
25. Савин “Педагогика” Алматы 1975 ж.
26. Төлекова З. “Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу негізі” Ұлт тағлымы 2001 ж. №1
27. Табылдиев Ә. “Әдеп әліппесі”
28. Төреқұлұлы Н. “Қазақтың би - шешендері” Алматы 1995 ж.
29. Тәлім – тәрбие тұжырымдамасы “Қазақстан мұғалімі” 1993 ж.
30. Үркембаева “Асыл қасиет” Алматы 1987 ж.
31. Шотамбекова А. “Азаматтану сабағында” Қазақстан тарихы 1997ж.

Мазмұны
Кiрiспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3
I-тарау Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi жөнiндегi
теориялық негiздерi
1.1. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәнi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудегi
педагогикалық-психологиялық ерекшелiктерi ... ... ... ... ... 26-
34
II-тарау Адамгершiлiк тәрбиесiнiң оқушыларды
қалыптастырудың жолдары мен әдiс-тәсiлдерi
2.1. Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс-тәсілдеріне
сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Сабақтар мен тәрбие шараларындағы
адамгершiлiк тәрбиесi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40-55
2.3. Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
... ... ... ... ... ... ... ..56-57
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 58-60
Әдебиеттер тiзiмi

...68-69
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Бүгiнгi таңда жас мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы әр
талабына тұғыр боларлықтай бiлiм жүйесiн құру алда тұрған маңызды мiндеттер
сан алуан.
Тәуелсiз Қазақстан Мемлекетiнiң жаңаша даму үрдiсiнiң iшiнде жас
ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесi ерекше
орын алады.
Әсiресе, жалпы бiлiм беретiн мектептерде игерiлетiн бiлiм мазмұнын
уақыт талабына сай жаңартуды жедел қолға алу мемлекеттiк мәнi зор мәселеге
айналды.
Бiлiм жолы-қиын да қастерлi жол. Бұл жолда талмай тынымсыз
еңбектенiп, шығармашылық iзденуден жалықпайтын жандар ғана нәтижелi табысқа
жете алады. Ал, бүгiнгiдей кезеңде бодандық құрсауынан құтылып, тәуелсiз ел
атанған жас ұрпақ мемлекетiнiң жаңаша даму сипатына сай оның бiлiм беру
iсiнiң мазмұнын да көп сатылы құрылымын да толығынан қайта жаңарту үшiн
шынын айтсақ, жай ғана еңбекшiлдiк аздық етедi. Бұл жалындаған
патриоттықты, шын мәнiнде отаншылдық сезiмдi қажет ететiн iс.
Тұжырымдама бiлiм берудi жалпы ұлттық басымдық ретiнде белгiлейдi
және мемлекеттiң Қазақстан Республикасының ұзақ мерзiмге арналған бiлiм
беру саясатын дамытудың негiзiн қалайды әрi заңнамаға, қаржыландырудың
жүйесiне, бiлiм берудiң мазмұнына, бiлiм беру жүйесiнiң құрылымына, бiлiм
берудiң басқару жұйесiне кадрлық және әлеуметтiк саясатқа өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу үшiн негiз болып табылады.
Әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен
қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын көп деңгейлi, үздiксiз бiлiм
берудiң ұлттық моделiн қалыптастыру үшiн бiлiм берудi дамытудағы
стратегиялық басымдықтарды белгiлеу.
Бiлiм берудi басқарудың одан әрi демократияландыру негiзiнде
қазақстандық бiлiм беру моделiнiң жұмыс iстеуiнiң заңнамалық, нормативтiк,
құқықтық базасын жетiлдiру.
Тәрбие мен оқыту мазмұны бiрiншi деңгейде қызметтiң өзiндiк түрлерiн
және баланың даму бағытын, оның кейiнгi мектеп жағдайына бейiмделуiн
қамтамасыз етуге тиiстi.
Балалардың жалпы орта бiлiм алуға деген құқығы жалпы бiлiм беретiн
мектептердiң желiсiмен қамтамасыз етiледi. Оқытудың ерекше жағдайлары
бойынша мектептер, мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған
мектептер, даму және оқу мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған
мектептер және т.с.с. болып бөлiнедi. Мектептен тыс мекемелер балаларға
қосымша бiлiм беру мен тәрбиелеудi қамтамасыз ете отырып, орта бiлiм беру
жүйесiне енедi.
Орта бiлiм берудiң мақсаты – жылдам өзгерiп отыратын дүние
жағдайларында алынған терең бiлiмнiң, кәсiби дағдылардың негiзiнде еркiн
бағдарлай бiлуге, өзiн-өзi iске асыруға, өзiн-өзi дамытуға және өз бетiнше
дұрыс адамгершiлiк тұрғысынан жауапты шешiмдер қабылдауға қабiлеттi жеке
тұлғаны қалыптастыру.
Жеке тұлғаны азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына
құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Бiлiм сапасын
түпкiлiктi бағалаудың субъективтiк факторларының әсерiн азайту.
Оқу 6 жастан басталады. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы және
әлеуметтiк даярлығы үшiн мейлiнше қолайлы кезең болып табылады. Бiлiм
мазмұны шетел тiлi мен информатика негiздерiн ерте үйрету арқылы байытатын
болады.
Бастауыш мектептiң негiзгi мiндетi – баланың жеке басын бастапқы
қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабiлеттерiн анықтау және дамыту. Осы
сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәждi қалыптастыруға және оқу қызметiн бiлуге,
оқу, жазу, санаудың берiк дағдыларын үйренуге, тiлдiк қарым-қатынастың
қарапайым тәжiрибесiне, өзiн-өзi шығармашылық тұғырдан таныта бiлуге, мiнез-
құлықтың мәдениетiне, жеке гигиенаның және салауатты өмiр салтының
негiздерiне бағдарланады, сонысымен кейiн негiзгi мектептiң жалпы бiлiм
беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды.
“Адамға ең бiрiншi бiлiммен қатар – тәрбие. Тәрбиесiз берiлген бiлiм
– адамзаттық қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне опат әкеледi” – деп Әл-
Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтiн негiзгi категорияларының
бiрi – тәрбие. “Бала тәрбиесi–бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр
ғылым иесi болуды тiлейтiн өнер” – деген болатын М.Жұмабаев.
Елiмiздiң ертеңгi болашағы - бүгiнгi өсiп келе жатқан ұрпақ.
Сондықтан отбасынан бастап қоғамдық мекемелерге дейiн ұрпақ тәрбиесiне аса
жауапты қарау баршамыздың негiзгi мiндетiмiз. Себебi, Егемендi елiмiздiң
ертеңi оқу-бiлiмiнiң, тәрбиенiң тереңдiгiмен өлшенедi.
Тәрбиенiң басты бағыты жөнiнде тереңiрек ойлансақ, әрбiр адам ең
алдымен өз халқының перзентi, өз Отанының азаматы болуы керек екенiн,
ұлттың болашағы тек өзiне байланысты екенiн есте ұстауы тиiс. ұлтымыздың
болашағы – жас ұрпақ, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердi, елдiң мәдениетiн,
әдебиетiн, тiлiн жақсы меңгерiп өсуi үшiн жастайынан бесiк жырын естiп,
ертегi тыңдап, ұлттық тәлiм-тәрбие алуы керек. Тәрбие ұлылар өсиетiн
сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа
жеткiзедi. өйткенi, өскелең ұрпақ ұлағатты сөздермен, тыныс-тiршiлiгiмен,
дәстүрiмен тәрбиеленедi.
Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Жас ұрпаққа саналы тәлiм-тәрбие беру, оларды
заман талабына сай, жан-жақты дамып жетiлген, жаңашыл көзқарастағы азамат
етiп қалыптастыру кең көлемдi және сан тармақты iс дейтiн болсақ, оның
iшiнде бүгiнгi таңда келелi мәселеге айналып отырған адамгершiлiк тәрбиенiң
орны ерекше. өйткенi адамгершiлiк тәрбие-дүние жүзiнде, оның iшiнде
Қазақстанда толық жетiлген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты
әлеуметтiк-экономикалық, психологиялық мәселелер күннен-күнге күрделене
түсуде. Осыған орай, бүгiнгi күнi әрбiр ұрпақтың жеке тұлға болып
қалыптасуында iзгiлiк, яғни адамгершiлiк тәрбие шешушi фактор болуы
заңдылық.
Қазақстан Республикасының “ұлттық энциклопедиясында” адамгершiлiк
ұғымына былай деп анықтама берiлген: “Адамгершiлiк – адам бойындағы
гуманистiк құндылық,әдеп ұғымы “Кiсiлiк”, “Iзгiлiк”, “Имандылық” тәрiздi
ұғымдарымен мәндес. Халықтың дүниетанымда мiнез-құлықтың әртүрлi жағымды
жақтары осы ұғымнан таратылады. Мiнез-құлық пен iс-әрекеттерде көзге
түсетiн төмендегiдей адамгершiлiк белгiлерiн атап өтуге болады: адамды
қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық,
iзеттiлiк пен кiшiпейiлдiлiк, әдiлдiк, қанағатшылық, т.б. Дүние жүзiнде,
оның iшiнде Қазақстанда толық жетiлген тұлғаны тәрбиелеу және соған
байланысты әлеуметтiк-экономикалық, психологиялық мәселер күннен-күнге
күрделене түсуде.
Адамгершiлiк тәрбиесi-үздiксiз жүргiзiлетiн үрдiс, ол адамның өмiрге
келген күннен бастап, өмiр бойы жалғаса бередi. Оның мазмұны оқушының жеке
бас қасиеттерiнiң кең шеңберiн қамтиды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыруда оқушылардың жеке бас ерекшелiктерiн ескеру негiзгi орын
алмақ.
“Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге (тәрбиенi қабылдайтын( жеткiзудiң
сәтi түссе, адамгершiлiк тәрбие жеке адамды жетiлдiруде тиiмдi ықпал
жасайды”, дей отырып, “егер бiз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала
дәл сондай бола алады”, - деген болатын В.А.Сухомлинский.
Зеттеудiң мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларын адам бойындағы жақсы
құндылықтармен таныстыру арқылы адамгершiлiк тәрбие беру процесiн теориялық
тұрғыда негiздеп, әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету.
Зерттеудiң мiндеттерi:
1. Өмiр талабына сай қоғамдық моральдық нормасын орындауға лайықты
шәкiрттердi тәрбиелеу, ғылыми-теориялық тұрғыда негiздеу.
2. Оқушының бойында адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыру, мүмкiндiктерiн
анықтау.
3. Оқушының санасына және мiнезiне ұстаздық ықпал жасау, көрсеткiштерi мен
деңгейлерiн анықтау.
4. Отанға, халқымызға еңбек және қоғамдық iс-әрекетке жауапкершiлiк сезiмiн
күшейту, балаларға адамгершiлiк тәрбие беру жүйесiн құрып, мұғалiмдерге
арналған әдiстемелiк нұсқаулар дайындау, оларды практикада ендiру.
Зерттеудiң әдiстерi: зерттеу проблемасы бойынша психологиялық-педагогикалық
еңбектерге талдау жасау, бақылау, әңгiме, сауалнамалар жүргiзу, тәлiм-
тәрбие тұжырымдамасы мен оқу-әдiстемелiк құралдарын зерттеп, қорыту;
жүргiзiлген iс-тәжiрибенi сараптау, эксперимент нәтижесiне баға беру.
Зерттеу көздерi: психологтардың, педагогтардың адамгершiлiк туралы бiлiм
беруге арналған еңбектерi, Қазақстан Республикасының Конституциясы “Бiлiм
туралы заң”, “Тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы” (1993(, Қазақстан Республикасының
“ұлттық энциклопедиясы”, тәрбие бағдарламалары, оқулықтары, “Тұжырымдама”.
Зерттеу базасы: Жаңақала ауданыны Жаңақазан ауылындағы М. Жүнісов атындағы
орта мектебi.
I-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi жөнiндегi
теориялық негiздерi
1.1. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәнi
Қазiргi таңда әрбiр жеке тұлғаның құндылық қасиеттерiн дамытып,
қалыптастыруға аса мән берiлiп отырғаны белгiлі, әсiресе ұрпақтан-ұрпаққа
мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын, тарихи-әдеби мұралар
арқылы оқушылардың жеке бас қасиетiн дамыту мүмкiндiгiне барынша көңiл
бөлiнгенiн ғылыми-зерттеу еңбектерден аңғарамыз.
Бастауыш сынып оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабiлетi
жақсы болады. Егер балаға қызығушылығына қарай жүйелi мәлiмдемелер түсiп
отырса, баланың даму үрдiсi шапшаңдайды. Бiз бұл жерде Л.В.Занковтың
идеясын негiзге алдық. Ол баланы қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн
араластыру керек, әртүрлі баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден
қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн
айқындай отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа
алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат-сабақтар мен
экскурсиялар балалардың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын
практика барысында айқын байқадық.
Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының
ынтымақтастығын жетiлдере түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский:
“Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ
болып, ол өзi шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке
көтерiледi...”, - дейдi.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыруға
байланысты арналған ғылыми зерттеу еңбектердi зерделеу барысында бастауыш
сынып оқушыларының мәдени адамгершiлiк құндылықтарының қалыптасуы, олардың
психологиялық дамуна байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн
байқадық.
Мәселен, С.Төрениязова “Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу-тәрбие
жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi” атты ғылыми - зерттеу
жұмысында оқушыны дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын атап
көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:
психикалық дамуға - оқушының мiнез-құлқының, ерiк-жiгерiнiң қабiлетiнiң
дамуы;
денелiк дамуға - дене бiтiмiнiң өз жасына сай болуы;
рухани дамуға - оқушының iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн
күшпен өзара бiрлiгi;
әлеуметтiк дамуға - өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе
дамуы;
жалпы дамуға - оқушының жан-жақты үйлесiмдi дамуы, - деп қорытындылай
келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудың ғылыми-
теориялық негiзiн айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргiзiлетiн
жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға, үйiрме жұмыстары мен мектептегi қоғамдық
ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжiрибелiк – эскперименттiк
жұмыстардың тиiмдiлiгiн нақтылайды. Ал, Р.Үсембаева: “А.Байтұрсынов
мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеу” атты
диссертациясында А.Байтұрсынов еңбектерiн бастауыш сынып үшiн саралап,
“Ахмет тағылымдары” атты арнайы бағдарлама мен әдiстемесi арқылы бастауыш
сынып оқшыларының адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыру мүмкiндiктерiн
тәжiрибелiк жұмыстар арқылы дәлелдейдi.
Ал, Л.К. Керiмовтiң қиын балалар тәрбиесiне арналған еңбегiнде, оларды
“қиын балалар” етiп тәрбиелейтiн әлеуметтiк жағдайларға ғылыми талдау жасай
келе, тығырықтан шығу жолдарын саралап көрсетедi. Әсiресе, қиын балалардың
мiнез-құлқын түзетуде адамгершiлiк тәрбиесiнiң ықпалының мол екенiне
тоқталады.
Көп ұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегi адамгершiлiк тәрбие
мәселесi В.А.Кимнiң еңбегiнде негiз болады. Әрбiр этникалық топтың бiр
ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшелiктерiне, салт-дәстүрiне,
әдет-ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық қасиеттерiн
қалыптастыруда әр ұлт өкiлдеренiң ықпалын жан-жақты ашып көрсетедi.
Қоғам дамуының жаңа кезеңiнде жоғары сынып оқушыларын адамгершiлiкке
тәрбиелеудiң ғылыми педагогикалық тұрғыда жүйесiн жасаған Р.К.Төлеубекова
адамгершiлiк тәрбиесi адамзат қоғамын үнемi толғандырып келе жатқан күрделi
мәселенiң бiрi. Жаңа әлеуметтiк мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершiлiк
тұрғыдан қалыптасуына байланысты, бiрiншiден, бүкiл адамзат қоғамының даму
тарихында адамгершiлiк тәрбиесiнiң өзектi болғанын, екiншiден,
философиялық, тарихи, әлеуметтiк, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер
мен зерттеулерге талдау жасай келе, адамгершiлiк адамның тұлғалық
құрылымында ең алдымен өзiн танып бiлуi, олар мен адамгершiлiк қарым-
қатынасы адамгершiлiк тәрбиенiң бiр қыры, үшiншiден, қазiргi жаңа
әлеуметтiк мәдени орта жағдайында адамның адамгершiлiк тұрғыдан қалыптасуы
өзi өмiр отырған қоғамның және әлеуметтiк ортаның, оның жанды саласы-
мектептiң алатын орнының маңызы зор екенiне тоқталады.
ХIХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХ ғасырдың 90 жылдары аралығындағы
адамгершiлiк тәрбиесiнiң дамуы тарихын зерттеген Э.А.Урынбасарованың
еңбегiндегi қазақ төңкерiсiне дейiн және төңкерiстен кейiн де қоғам
дамуында адамгершiлiк тәрбиесiнiң басты орын алғанына архив деректерiн
негiзге ала отырып тұжырымдайды.
Ал, болашақ мектеп мұғалiмдерiн мектепте адамгершiлiк тәрбиесiн
ұйымдастыруға байланысты А.А.Калюжный, А.А.Аманжолова, С.Қ.Әбдiлдинаның
енбектерi арналған.
Бiз, тарихи ескерткiш мұралар арқылы оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеуде
жоғарыда аты аталған ғалымдардың,
практиктердiң ғылыми тұжырымдарын басшылыққа алдық. Әсiресе, “Тарих
тағылымдары” атты бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаның мазмұнын
құрастыруда оқулықтың мұмкiндiктерiн негiзге алдық.
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершiлiк тәрбие берудiң ғылыми-теориялық
негiзiн айқындай келе, зерттеуiмiзге нысана етiп алып отырған ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасқан тарихи ескерткiш мұралардың тәлiмдiк те, бiлiмдiк те
маңызының зор екеiн зерттеу барысында айқындадық.
Сонымен қатар, Қазақстандағы бiлiм беру жүйесiнiң әлемдiк стандартқа сай 12
жылдық бiлiм беру жүйесiне көшуi кезiнде бiлiм берудiң негiзгi компонентi
аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, тәлiмдiк маңызы мол тарихи мұраларды
оқушылардың бiлiмдiк деңгейiн жетiлдiруге байланысты енгiзу мұмкiндiгi бар
екенiн атап көрсеткiмiз келедi .
Тарихи ескерткiш мұралар жеке тұлғаның адамгершiлiк құндылықтарын
қалыптастыру мәселесi әлi өз дәрежесiнде зерттелмеген тақырыптардың бiрi
болып табылады. Бүгiнгi жас ұрпақ бойындағы адамгершiлiк құндылықтарды
қалыптастыруда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұралардың маңызының мол екенiн
ұстаздық тәжiрибемнен көрiп отырмын. Себебi, оқушы ментали-тетiне жақын,
күнделiктi отбасындағы, қоршаған ортадағы iзгiлiктер адам бойынадағы
құндылықтарды дамытуға ықпалы мол. Тәжiрибе барысында қоршаған ортаның
бастауыш сынып оқушыларына қандай ықпалы болатынына зерттеу жүргiздiк.
Зерттеу барысында әсiресе бастауыш оқушыларының көңiл-күйiне сыртқы
қоршаған ортаның ықпалының мол болғанын тәжiрибелiк зерттеу жұмысында
айқындадық. Әсiресе, қоршаған табиғи ортамен тiкелей қарым-қатынаста болу
арқылы табиғаттың небiр қыр-сырын бiлуге мұмкiндiк алады.
Бiз зерттеуiмiзге нысана етiп алып отырған Маңғыстау өлкесi-тарихи және
табиғи ескерткiштерге мол өлкелердiң бiрi. Тарихи ескерткiш мұралардың
тарихи және әдеби маңызын олардың салыну ерекшелiгi мен ұлттық сәулет
өнерiне қосар үлесiн түсiндiру арқылы олырдың қоршаған ортаға деген мәдени
көзқарастарын дамыту арқылы, адамгершiлiк-құндылық қасиеттерiн
қалыптастыруға болатынына көзiмiз жеттi. Жалпы, Орта Азия тарихи
ескеткiштерге өте бай өлке болып саналады. Әсiресе, Қазақстанда тарихи
ескерткiштер ұлттық мәдениетiмiз бен өнерiмiздiң дамуына үлкен үлес қосып
отыр. Тарихи ескерткiштер мен тасқа басылып жазылған таңбалар түркi
мәдениетiнiң өзiндiк бiр ерекшелiгiн, бiр қырын көрсетедi. Тастағы таңбалар
арқылы түркi халқының жазба мәдениетiнiң ертеден өркениеттi елдер қатарында
болғанының нышанын бiлдiредi. Тарихи ескерткiш мұралар – бұл ұлттық сәулет
өнерiнiң, бiлiмнiң, мәдениетiмiздiң, тарихымыздың, әдебиетiмiздiң дамуының
басты белгiсi болып отыр. Оңтүстiктегi Арыстанбаб, Қожа Ахмет Иассауи, Баба
түктi шашты Әзiз, Қоқыт ата, Домалақ ана, Айша бибi т.б., Батыстағы Шақпақ
ата, Шопан ата, Масат ата, Қараман ата, Бекет ата т.б. жерасты мешiттер мен
күмбездер, Шығыстағы Қозы-Көрпеш-Баян сұлу, Абай т.б. ескерткiштер, Орталық
Қазақстандағы Жошы хан, Алаша хан т.б. тарихи ескеткiш мұралардың тәлiмдiк
негiздерi арқылы жеке тұлғаның бойындағы рухани-адамгершiлiк қасиеттердi
қалыптастыруға болатынына зерттеу барысында көзiмiз жеттi.
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың, бiрi –тәрбие. Тәрбие балалардың
жас және дербес ерекшелiктерiне, дайындығы мен даму дәрежесiне лайық iске
асырылады. Тәрбие арқылы адамдардың iс-әрекеттерiн ұйымдастыру үшiн,
тәрбиешi тәрбиенiң құралдары мен әдiстерiн және формаларын iздестiредi,
оларды тиiмдi етiп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын-ала жасалған арнаулы
жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргiзiледi. Сондықтан
да тәрбиенiң ортадан айырмашылығы осындай заңдылықтарға байланысты.
Педагогика тарихында тәрбиенiң рөлiн аса артық бағалаушылар да болды.
Джон Локк адамның көзқарастары мен адамгершiлiк қасиеттерiн
қалыптастырудағы тәрбиенiң шешушi рөлiн мойындай келiп, адам тәрбие арқылы
жетiмдi деген сыңар жақ қорытындыға келдi. Локк бойынша, бала жаны
табиғатынан-ақ тақта сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиешi ненi қажет
деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиiс. Бұл жерде Локк тәрбиенiң
рөлiн аса дәрiптеп, әлеуметтiк орта мен тұқым қуалаушылық факторларының
адамды дамытудағы ықпалын жете бағалайды.
В.Г.Белинский бала жаны не болса, соны жаза беретiн таза ақ тақта емес,
оған өмiр жазатын әрiптердiң мәнi тәрбиешi мен жазу құралына және сол
тақтаның өз сапасына байланысты деп жазды. Белинский тәрбиенiң рөлiн жоғары
бағалай келiп, адамның дамуына тұқым қуалаушылық пен ортаның „серiн де
ескерген жөн дедi.
Локк пен Белинский көзқарастары бойынша, адамды адамның қанауы жағдайында
тәрбие арқылы адамдарды түрлi дәрменсiздiктен, кемiстiктен, кесiрлiктен
құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын
жақсартуға және санасын өзгертiп, жөндеуге болады деген жорамалды ойға
келдi.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту және оның таным қабiлетiн дамыту
мәселелерiн педагогика таптық қоғамды жойып, жаңа демократиялық қоғамды
құрғанда ғана iске асыруға болады деп қарастырады.
Тәрбие процесiнде бала өзiнiң дамуына қажеттi жағдайларды пайдалануы тиiс.
Осыған орай, тәрбиешi тәрбие арқылы баланың түрлi iс-әрекеттерiн тиiмдi
етiп, ұйымдастырады, оның дамып жетiлуiне қажеттi материалдарды iрiктеп
алады, айналадағы табиғи және әлеуметтiк ортаға көзқарасын дамытады.
Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табудың нәтижесiнде баланың ой-өрiсi
кеңидi, эстетикалық сезiмi мен талғамы артып, адамгершiлiк сапасы
қалыптасады.
Балаларды мектепке оқытудың алғашқы кұнiнен-ақ бiрiншi сыныптардың қоршаған
өмiр туралы әр түрлi түсiнiкпен келетiндiгi, мораль туралы ұғымдары да,
мiнез-қырларымен әдеттерi де әр басқа екендiгi анықталады. Мектепке
iлтипаттары да әртүрлi. Кейбiр балалар құрбыларымен тату-тәттi ойнайды,
керек болса, ойыншықтарын беруге де даяр. Ал, ендi бiреулерi сырттап
жүредi. Балалардың моральдық сапаларының, қоғамдық ұғымдарының, мiнез-
құлықтары дағдылары мен әдеттерiнiң дамуындағы осы айырмашылықтарды
адамгершiлiк тәрбиесi барысында мектеп түзетуi керек.
Мектеп бiлiмi өсiп келе жатқан ұрпақтың адамгершiлiк тәрбиесiне едәуiр
ықпал етедi. Адамгершiлiк тәрбиесi белгiлi жүйеде жүзеге асырылады.
Мектептi бiтiргеннен кейiн адам мiнездiң жаңа сапаларын игермейдi, қайта
бұрынғыларын шыңдай түседi немесе түзетедi. Сол себептi балалардың
мектептегi адамгершiлiк тәрбиесi өте шеңберлi болуы тиiс.
Педагогика адамгершiлiк тәрбиесiнiң мазмұнымен ұйымдастырушының қоғамдық
мораль сипатына тәуелдiлiгiн объективтiк заңдылық деп санайды.
Мектептегi адагершiлiк тәрбиесi бiздiң өмiрiмiздiң тек осы кездегi
талаптарын ғана емес, болашақта да бағытталуы тиiс.
Адамның социалистiк қоғамға қатысты, оның халық, қоғам алдындағы борышы
моральдық кодексте бiрiншi орынға қойылады:
- қоғам игiлiгiне қалтқысыз еңбек ету;
- әрбiр адамның қоғамдық байлықты сақтауға және молайтуға деген
қамқорлығы;
- қоғамдық борышты жоғары дәрежеде сезiну;
Адамгершiлiк бейненiң сұлулығы мен iзгiлiгi адамдардың гуманизм мен
коллективизмге негiзделген өзара қатынасында айқын көрiнiсiн табады.
Сондықтан кодекс өсiп келе жатқан ұрпақ бойында коллективизм мен жолдастық
өзара көмек “Бiреуi бәрi ұшiн, бәрi бiреуi үшiн” деген принципiмен өмiр
сұре бiлуi, достық сезiмi (адам адамға – дос, жолдас және бауыр(, саналы
тәртiптерiн сақтау сияқты қасиет-сапаларын тәрбиелеуге шақырады.
Адалдық және шыншылдық, адамгершiлiк, тазалық, қарапайымдық, қоғамдық және
жеке өмiрдегi сыпайылық, үлкендi сыйлау сияқты мiнездегi моральдық-ерiктiк
ерекшелiктерiдi тәрбиелеу кодекстiң маңызды бөлiмiнiң бiрi.
Адамгершiлiк бастамалары “Оқушыларға арналған ережеде” көрсетiлген.
Оларда 1-4, 5-8 және 9-11 сыныптар оқушыларына қойыатын талаптар жеке-жеке
берiлген. Ережелер мектеп оқушысының алдына ұқыпты оқу, жалпыға пайдалы
еңбекке қатысу, қоғамдық мүлiкке және өз мүлкiне сақтықпен қарау,
үлкендердi және өз жолдастарын құрметтеу, адалдық пен шыншылдық,
сыпайыгершiлiк, жинақылық мiндеттерiн қояды. Ережелерде адамгершiлiк
тәрбиесiнiң әлiппесi берiлген.
Адамгершiлiктiң бастамасын қалыптастыруда ең алдымен оқушының жақсы,
жаман мiнезi туралы дұрыс түсiнiк берiлу ұсынылады. Жақсы iс iстеу – бұл
“Оқушыларға арналған ережелерде” көрсетiлген барлық мiндеттердi дәл және
дұрыс орындау болып табылады.
Ал, жаман iс iстеу – бұл осы мiндеттердi орындамау, коллективтi,
жолдастарын сыйламау, олардың пiкiрлерiн бағаламау.
Осы бастапқы түсiнiктерден мектеп өз оқушыларында күрделiрек
адамгершiлiк сапалардың қалыптасуына: туған жерге, оларда барлық халықтар
балаларымен достық, еңбек сүйгштiк, еңбек адамдарына сүйiспеншiлiк,
адалдық, шыншылдық, iзгiлiк, тәртiптiлiк сезiмдерiн тәрбиелейдi, дiни
сезiмдер мен нанымдардың зияндылығын түсiндiредi.
Бұл жоғары сезiмдер бiрте-бiрте қалыптасады. Еңбек сүйгiштiк, өзiнiң
және қоғамдық заттарға ұқыптылықпен қарау сезiмi, отбасындағы жеңiл-желпi
жұмыстан, сынып, мектеп үшiн еңбек етуден қалыптаса бастайды. Оқу
сабақтарында, еңбек, экскурсия, өндiрiс озаттарымен кездесу процесiнде,
жиындарда балалар үлкендердiң еңбегi жайлы түсiнiк алады, мұғалiм осы
адамдар еңбегiмен барлық материалдық игiлiктер, оның iшiнде мектепте
балалар қоданып жүрген құралдар мен оқу жабдықтары да жасалатындығын
ұғындырады.
Адамгершiлiк тәрбиесi балалар арасындағы тәрбие жұмысының барлық
буындарында, сабақта, оқу және еңбек процесiнде, эстетикалық және дене
тәрбиесiнде жүзеге асырылады. Адамгершiлiк нормаларын тек жаттап алу
жеткiлiксiз, оны ой елегiнен өткiзiп, бастан кешiруi керек, сонда ғана ол
оқушы мiнез-құлықы мораль нормасына айналады. Бұл жағдайлар адамгершiлiк
тәрбиесiнiң әдiстемесiн анықтағанда негiзге алынуы тиiс.
Адамгершiлiк тәрбие тәрбиеленушiнiң дамуына қандай игi әсер
ететiндiгiн, тәрбие әсерiмен оқушы қалай өзгеретiндiгiн, тәрбие әртүрлi
әсерiмен адамгершiлiк кемелдiң жаңа сатысына қалай көтерiлетiндiгiн педагог
жақсы бiлуi тиiс. Ол үшiн адамгершiлiк тәрбиесiнiң бүтiн процесiн жеке
буындарға бөлiп, әрқайсысын жекелей қарастыру керек. Бұл процестiң аса
маңызды буыны – адамгершiлiк сананы қалыптастыру. Адамгершiлiк, саналылық
дәрежесi адамның тәртiбi мен iс-әрекетiн анықтайтыны әлдеқашан дәелденген.
Сана-сезiмнiң қалыптасуы ұзақ та күрделi процесс, ол мектепке
бармастан көп бұрын, қоғам туралы, жақын адамдардың өзара қатынасы туралы
алғашқы ұғым-түсiнiктерiнiң қалыптасуынан басталады. Мектепке келгеннен
бастап балаларға қойылатын талап та жоғарылайды. Бiрiншi сыныптар
басқалардың жағдайымен санаса бiлуi, жұмыста бiр-бiрiне кедергi болмауы
тиiс. Алғашқы ұғым-түсiнiктер негiзiнде өскелең адамның тұрақты көзқарасы
мен сезiмдерi қалыптасады, бұл жағдай оның мiнез-құлқына әсер етедi, бағыт
бередi.
Алайда, бұл процесс әрдайым сәттi өте бермейдi. Мәселен, еңбек қоғам
игiлiгiнiң қайнар көзi екендiгiн бәрi де бiледi, бiрақ бәрi бiркелкi еңбек
етпейдi. Сондықтан тұрақты көзқарасты қалыптастыру – мектептiң аса маңызды
мiндетi. Бiздiң балаларымызға кұштi сезiм туғызарлық, мiнез-құлқы мен
iсiнде көрнекiлiк терең идеялы сенiм керек. Ондай сенiмдiлiк ойлағанда
емес, адам басынан кешкен жағдайда, өзiнiң iс-тәжiрибесiнде дәлелденген
жағдайда тууы мүмкiн. Сондықтан тәрбие жұмысында тек қана белгiлi бiр мiнез-
құлық нормалары жайлы түсiндiрiп қана қоймай, балалар өз көзқарастарын
тексерiп көре алатындай, практикада олардың дұрыстығына көз жеткiзетiндей
жағдай жасау керек. Мiне, сол себептi де А.С.Макаренко ерiк-жiгердi, ер
жүректi коллективке арнаулы жаттықпайынша игеру қиынға соғады, деп әлденеше
рет ескерткен болатын.
Оқушының бұл сенiмдi сапалы түрде қабылдауының, мойындауының маңызы
зор. Тек осы жағдайда ғана ол баланың мiнез-құлқының мотивiне айналады.
Мотив дегенiмiз – бұл саналы ұмтылыс, бұл – адамның мiнез-құлқын қозғауға,
салатын, бағыттайтын күш. Тиiстi мотивтер болмайынша, мiнездiң қажеттi
нормалары нығыз бекiмейдi, қоғамшыл адам ретiндегi белгiлi бiр адамгершiлiк
сапалары қалыптаспайды.
Сезiм баланың мiнез-құлқына керемет әсер етедi. Тәрбиеде сезiмге
сүйену, тәрбиенiң нәтижелiлiгiн арттырады. Баланың сезiмiне әсер ету шексiз
жұмыс және тәрбие жұмысының күрделi саласы болып табылады. Сондықтан да
көптеген мұғалiмдер баланың санасына әсер етудi жөн көредi, ал тәрбие
жұмысында оның сезiмiне қалай әсер етуге болатындығын кейде бiле бермейдi.
Оқушының сезiмiне әсер етудiң тәсiлдерiн анықтағанда сезiмдi
тәрбиелеу, негiзiнен баланың бұрынғы өз сезiмдерiн өзгерту және онан әрі
тiлдiру жолымен жүзеге асырылатындығын ескерген жөн. Сезiмдi тәрбиелеудiң
дәл де қыска жолдарын педагогика айтып бере алмайды. Мысалы, жолдасының
немесе әдеби кейiпкердiң iсiне қалай да таңданудың керек деп оқушының
алдына мiндет қоюға болмайды. Қажеттi сезiмдi тудыру үшiн соған сәйкес
оқушының сезiм дүниесiне қатты әсер ететiн жағдайлар жасалынуы тиiс.
Мәселен, туған табиғат туралы мектеп қабырғасында қаншама айтқанмен,
балаларға оның сұлулығы мен ұлылығы жайында әсер туғызбауы мүмкiн. Ал, ендi
табиғатқа экскурсия жасаса, оның ең сәндi жерлерiн тауып, фотосуретке
түсiру, монтаж жасау жайлы тапсырма берiлсе, бұл балалардың табиғатқа ең
нәзiк сүйспеншiлiгiн туғызар едi. Бұл жағдайда, мұғалiм iзгi сезiмдердi
туғызып қана қоймайды, оның бекуiне де жағдай жасайды.
Баладағы жаңа сезiмдер қатты әсерленуден болады. Осы әсерленудiң
ықпалымен сезiмiнiң жетiлуi, өзгеруi мүмкiн. Әсерлену әсiресе өзгелердiң
iстегенiн қабылдау және санадан өткiзу процесiнде пайда болады. Еңбек
қаѕармандарының iстерi жайлы, соғыс кезiндегi бiздiң адамдарымыздың теңдесi
жоқ ерлiгi жайлы әсерлеп, көркемдеп әңгiмелеу бала сезiмiне өте қатты әсер
етiп, оның патриоттық iзгi сезiмдерiн оятады. Әсерленушiлiк басқа адамның
өмiрiне жаны ашуы нәтижесiнде тууы мүмкiн.
Сөйтiп, педагог коллектив өмiрiн жарқын да сезiмге бай етiп
ұйымдастыра алса, мұның өзi Отанды сүю, коллектив алдындағы борышын өтеу
сияқты жоғары адамгершiлiк сезiмдерiн қалыптастыруға негiз болмақ.
Мектеп баланың пайдалы дағдылары мен мiнез-құлық әдеттерiн
қалыптастыруға қаншалықты қамқорлық жасаса, тәрбиенiң пәрмендiлiгi де
соншалық арта түспек.
Дағдылар мен әдеттер жай қайталаулар, жаттығулар барысында қалыптасуы
мүмкiн. Бiрақ бұл әдiс онша нәтижелi болмайды. Бала өзiн үлкендер
тәрбиелейтiнiн сезе тұрса да, ол өзiн едагогикалық құбылыс ретiнде
есептегiсi келмейдi деген болатын А.С.Макаренко. Оның үстiне тәрбие тек
ақыл айту, үйрету түрiнде болса, бала оған қарсылық бiлдiруi де мүмкiн.
Баланың өмiрi педагогикалық тұрғыдан дұрыс ойластырылса ғана, ол әдеттердi
қалыптастыруда едәуiр пәрмендi болмақ. Педагог тарапынан мақсатқа сәйкес
ұйымдастырылған мектеп өмiрiндегi көптеген пайдалы әдеттер тәрбиешiлердiң
өздерiне белгiсiз қалыптасады.
Адамгершiлiк тәрбиесi: ереженi түсiндiру және оны санамен қабылдау,
оны бекiту және өмiрде, мiнез-құлқында оны қолдану сияқты белгiлi бiр
кезеңдерден тұрады екен деп ойлап қалуға болмайды.
Ереженi жай игеру адамгершiлiктiң дамуына, адамның жетiлуiне жағдай
жасамайды. Баланың қоршаған орта, түрлi өмiрлiк жағдайлар ықпалында
болатындығын мектеп ескерiп отырады. Балалардың өмiр процесiнде қалыптасқан
адамгершiлiк тәжiрибесi бұл жөнiндегi мектептiң мақсатымен сәйкес келе
бермейдi, ол кейбiр жағдайда қарама-қарсы қайшылықта болуы мүмкiн. Сол
себептi мектеп тәрбие жұмысын баланың адамгершiлiк тәжiрибесiн негiзге ала
құрады және бiздiң қоғамымызда қабылданған моральдық принциптердi бекiте
түсуге тырысады.
Сондай-ақ жек адамның адамгершiлiк тәрбиесi бiр ақтылы процесс емес,
ұзақ процесс, ол тәрбиешiлердiң сыртқы ықпалымен бiрге, т„рбиеленушiнiң
өзiне жүргiзетiн жұмысын қамтиды.
Адамгершiлiк т„рбиенiң басқа ерекшелiгi – үлкен концентризм де осымен
тығыз байланысты. Әр қилы адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастыруға оқудың
барлық кезеңiнде қайта оралып, балалар ұғымын жаңа, тереңiрек мазмұнымен
байытып отырамыз. Түсiнiктерi байып, адамгешiлiк санасының өсуiмен қатар,
оқушылар мiнез-құлықтың жаңа дағдылары мен әдеттерiн игередi.
Сөйтiп, балалардың өмiрiн ұйымдастыруды жан-жақты адамгершiлiк
теориясын иерумен ұштастыру – жас ұрпақты адамгершiлiк жағынан шынықтырудың
негiзгi жолы.
Адамгершiлiк тәрбиесi күрделi де қайшылыққа толы процесс. Тәрбие
iсiнде тұқым қуалаушылықтармен, орта және тәрбиешiлер талаптары арасындағы
қайшылықтармен есептесуге тура келедi К.Д.Ушинский “Бiз табиғи
бейiмдiлiгiмiзге сәйкес келетiннiң бәрiн жеңiл де, оп-оңай меңгеремiз, ол
оған қайшы немесе жат нәрселердi қиыншылықпен қабылдаймыз, ойда нашар
сақтаймыз, тек ұзақ уақытқа күш-жiгердiң арқасында ғана өз табиғи
мiнезiмiзге айналдырамыз” – деген болатын. Бұл ойдың дұрыстығына әрбiр
тәрбиешi өз тәжiрибесiнен көз жеткiзедi. Мiне-құлықтағы қалыптасқан
дағдыларды жоғары жаңа талаптар негiзiнде қайта құру әрқашан қиындықпен
iске асады.
Адамгершiлiк тәрбие процесiнде мектеп оқушыларының мұраттары мен
моральдық тәрбиелiлiк дәрежесi арасындағы қайшылықты есепке алудың мәнi
зор. Алайда оқушының моральдық мұқтажы мен осы қанағаттандыру мүмкiндiктерi
мен тәсiлдерi арсындағы қайшылық негiзгi қайшылық болып табылады. Осы кезге
дейiн адамгершiлiк тәрбие процесiн талдау жасағанда негiзгi назар
тәрбиешiнiң берген сипаттамасына аударылды да, ал тәрбиеленушiлердiң
моральдық мұқтаж – мүдделерi жете бағаланбай келдi. Алайда бала үлкендердiң
талап – тiлегiн жай ғана орындай салмай, ықыласпен өзi қалаған жағдайда
адамгершiлiк тәрбие оқушының адамгершiлiк тұрғыдан өсуiн бағыттай алатыны
мәлiм. Бұл тiптi кiшкентайлардың адамгершiлiк тәрбиесiнде жетекшi роль
атқаратын елiктеу барысында көрiнiс табады. Егер бала жақсы өнегеге
елiктесе оның дамуы жемiстiрек болады. Тәрбиеленушiнiң қолданған әрекетi
мен қажеттiк арасында сәйкессiздiк – оқушыны кездескен қиындықты жеңуге,
сөйтiп мақсатқа жетуге мәжбүр ететiн күштi туғызады.
Тәрбиешiлердiң бәрi бiрдей оқушы мүддесiн байқап, оны көтермелеп,
қанағаттандырып отырмайды.. Балалардың көптеген тiлегiне типтi жауап –
аларға тыйым салу. Жазаланудан қорыққан бала өз тiлегiнен уақытша бас
тартуы мүмкiн. Бiрақ бұл тәсiлмен қайшылық жойылмайды. Жаза сейiлгенде,
бала өзiнiң тiлегiн қанағаттандыруға көшедi. Үлкендердiң өз тiлек мүддесiне
қатынасын сезген тәрбиеленушi ендi құдыққа, әккiлiкке, екi жүздiлiк салады.
Ол үлкендерге былай деп жауап берсе, ал iс – жүзiнде басқаша iстейтiн
болатын. Сөйтiп, бiрте – бiрте өзiнiң төңiрегiндегiлердiң алдауға үйренедi.
Мұндай мiнез – құлық кейде тәрбиеленушiнiң моральдық бейнесiнде ауыр
кемшiлiктерге әкелiп соғуы мүмкiн.
Қайшылықты шешудiң басқа, ең ең қауiптi тәсiлi баланың бар тiлегiн екi
етпейорындау. Ж.Ж.Руссо “Баланы бақытсыз етудiң сенiмдi жолы–оны ”болмайды“
естiмеуге үйрету” деген болатын.
Тәрбиешi баланың тiлек мүдделерiн басқаша басқара бiлуi, яғни оның стихиялы
түрде пайда болатын тiлектерiн ақылмен қанағаттандырып, саналы түрде жаңа
мүдделерiн қалыптастыра бiлу керек.
өзiнiң адамгершiлiгiн жетiлдiруге, адамгершiлiк тұрғындаөзiн - өзi
тәрбиелеуге ұмтылудың үлкен мәнi бар. өзiн - өзi тәрбиелеу мына жағдайда
табысты болатындығын соңғы жылдар зерттеулерi көрсеттi:
- оқушылар өз жеке басын жетiлдiруге ұмтылса;
- өзiн-өзi тәрбиелеудiң жолдары мен әдiстерiн бiлсе;
- оқушылардың колективте өзiн-өзi тәрбиелеу жөнiндегi жұмысы дұрыс
ұйымдастырылса;
Педагогика ғылымы өзiн-өзi тәрбиелеудiң аса маңызды жолдарын көрсетiп
бердi. Ол өзiн-өзi бiлуден, өз басын жақсартуға ұмтылып, тiлек бiлдiруден
басталады. Оқушылардың өзiн-өзi тәрбиелеу тiлегiн туғызу, бұл әлi оларды
өзiн тәрбиелеудегi белсендi жұмысқа қосқандық болып есептелмейдi, өзiн-өзi
тәрбиелеудiң дұрыс жолдарын белгiлеуде тәрбиешi балаларға көмектесуi қажет.
Ең бiр кеңiнен тараған жолы - өзiне белгiлi мiндеттемелер алып, соның
орындалуын ауық – ауық бақылап отыру.
өзiне - өзi есеп берi, өзiн - өзi тексеру бақылаудың негiзгi формасы болып
табылады. өзiне - өзi есеп берудiң алғаш жолдастары алдында, жоспарлаған
мәжiлiстерде, үйiрмеде, одан кейiн өзiнiң алдында өтуi мүмкiн.
өзiн - өзi адамгершiлiк тұрғындан тәрбиелеуде өзiне - өзi бұйыра бiлудiң
маңызы зор. Оқушылар өз басын тәрбиелеудiң бұл әдiсiн қызыға қабылдайды
және қуана қолданады. Олар тұрғысы келмеген кезде де, өзiне - өзi төсектен
тұруға, барып душ қабылдауға, ойынды доғарып, сабағын орындауға бұйрық бере
алады. Алайда, кейде бастауыш мектеп оқушылар өзiне - өзi бұйыруәдiсiн
қолданғанмен, одан тез қол үзiп кететiнiде болады. Сондықтан тәрбиелеушi
балалар өзiнiң жеке басын жетiлдiруде бұйрық беру әдiсiн қолданып жүргенiн
мезгiл – мезгiл қадағалап отыруы қажет.
өзiне бұрық берумен қатар, өзiн адамгершiлiк тұрғыда тәрбиелеуде өзiне
мiндеттеме алу әдiсi де кеңiнен қолданылады. Ол адамның өз тiлегi бойынша
қабылданады, сондықтан бұл да өзiн тәрбиелеудiң маңызды мотивiне айналуы
мүмкiн.
Оқушыны өзiне мiндеттеме алғызып, оны орындауға интермелейтiн стимул –
адамгершiлiк мұраты.
Мұрат шәкiрт өмiрiнде жарық жұлдыз iспеттес, ол адамды үнемi жаңара түсуге
шақырып тұрмақ. Адам өзiн үнемi өз мұратымен салыстырады, өзiнiң кемiстiгiн
айқынырақ сезiнiп, оны тезiрек түзетуге күш салады.
Бастауыш мектеп оқушысының адамгершiлiк мұратының қалыптасуында мұғалiм
маңызды роль атқарады. өзiнiң барлық жұмысында ол шәкiрттердi адамдар
мiнезiне талдау жасап, бiлуге, шынайы адамгершiлiктi өтiрiк, жасанды
адамгершiлiктен ажыратуды үйретедi. Адамгершiлiк жағынаң өзiн-өзi тәрбиелеу
жеке адамның адамгершiлiк бет – бейнесiнiң дамуын стимулдейдi.
Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мазмұны адамгершiлiк сапарларының кең көлемiн
қамтиды. Сапаның әрқайсысының жеке адамгршiлiк ерекшелiктерi болады. Тәрбие
жұмысын ұйымдастыруда бұл ерекшелiктердi ескермеске болмайды.
“Адамға ең бiрiншi бiлiммен қатар тәрбие. Тәрбиесiз берiлген бiлiм-
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне опат әкеледi”-деп Әл-Фараби
айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтiн негiзгi категориясының бiрi-
тәрбие. Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның
рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын
адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн

жеткiзедi. өйткенi, өскелең ұрпақ ұлағатты сөздерiмен, тыныс тiршiлiгiмен,
дәстүрiмен тәрбиеленедi. Тәрбие үрдiсiнде ғана адам рухани жетiледi. Адам
тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие де -
адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.
В.Соловьев “адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты
емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы” деп
адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған.
Тәрбие өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы. Еңбекке тәрбиелеу,
патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк тәрбие т.т. осы барлық
тәрбиенiң өзегi-адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет
етпейдi, ол осы аталған тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк
сапаларын және адамзат құндылығын қалыптастырады.
Тәрбие нәтижесi объективтi, субъективтi жағдайларға, баланың жас және
дербес ерекшелiгiне, оның ата-анасының тәрбиелiгiне, қарым-қатынасына,
тәрбиенiң ұйымдастырылуына, т.б. байланысты. Әсiресе, мұнда жастардың
(тәрбиеленушiлердiң ) жас ж„не дербес ерекшелiктерiн ескерудiң маңызы аса
зор. Бiрiншi кезең балалармен жас өспiрiмдердiң конформистiк сананың басым
кезi (мөлшермен 14-15 жасда дейiн). Бұл кезеңде балалардың ұжым
көзқарасына бағынуы басым, сондықтан олардың санасы моральдық ұстанымдарға
және оларды қолдануға бағытталмаған. Екiншi кезеңде (16-17 жас және одан да
жоғары) индивид моральдық өзбеттiлiкке қабiлеттi келедi.
Сондықтан бiрiншi кезеңде “индивидтiң басты рөлi елiктеу механизмiне және
тiршiлiктегi бар үлгiлерге иек арту болғандықтан, дәстүрлi кезең” деп
есептеледi. Бұл кезеңде адамгершiлiк дәстүрлерiнiң iшiнде әдет-ғұрып деп
аталатын форма ерекше орынға ие болады.
Ерте сәбилiк кезеңде (3жасқа дейiн) бала ерiктi мiнез-құлыққа қабiлетсiз.
Оларда ерiк жоқ немесе ол өзiн қоршаған ортадан бөлiп ала алмайды және
”ортаға” қарсы өзiн қоя алмайды. 3-4 жаста балада өзiндiк сана белгiлерi,
сонымен бiрге ерiктi әрекет қабiлетiлiгi пайда болады.
Ақырындап, үлкендердiң көмегiмен мектепке дейiнгi бала моральдық нормаларды
сақтап, сонымен бiрге моральдық таңдауды жүзеге асыра бастайды. Бiрақ ол
моральдiк норманы эгоистiк немесе конформистiк мотивте сақтайды. Мектепке
дейiнгi жасында бола моральдық ереженiң қоғамдық маңызын және оған өзiнiң
қатынасын сезiнбейдi. Тек мектепке дейiнгi кезеңнiң аяғында, бастауыш сынып
оқушысы кезеңiнiң басында ғана моральдiк нормаға деген көзқарас белгiлерi
пайда бола бастайды.
Адамгершiлiктiң дамуында жеткiншектiк кезеңнiң (11-12 жастан 14-15 жасқа
дейiн) орны ерекше. Жеткiншекте дүниеге көзқарас қалыптаса бастайды,
дамыған өздiк сана пайда болады.
Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да
өзi қалыптастырады. Мысалы, индивидуализм, коллективизм, эгоизм, альтруизм
деген сияқты. ұстанымды таңдау жеке ережелерге, норма, сапаларға т„уелдi.
ұстанымды таңдағанда бiз тұтастай моральдiк бағытты таңдаймыз. Моральдiк
жүйеде жеке бастың өз ұстанымын дұрыс таңдауы жеке басты үлкен жетiстiгi
болып табылады. Адамгершiлiк ұстанымын дұрыс таңдап алған адамның жолы-
дұрыс адамгершiлiк жолы.
Жоғарыда аталған моральдiк сана кезеңдерiн қалыптастыратын, реттейтiн
құралдардың бiрi: қазақ халқынның моральдiк-этикалық дәстүрлерi. Моральдiк-
этикалық дәстүрлер сананы жандандырады, төменнен жоғарыға, қарапайымнан
күрделiге қарай дамытады. Олай болса, ата-бабаның өмiр сүрген кезеңiнен
бастап күнi бүгiнге дейiн кәдеге жарап келе жатқан рухани мұра-халықтық
педагика.
Халықтық педагогиканың баға жетпес мұрасы, iлiм бастауы дәстүр. Дәстүр
тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-
ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртiп, заң, мiнез-құлық қалыптары қалыптары
және қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтiк топтарда ұзақ уақыт бойы
сақталатын әлеуметтiк-мәдени мұра элементтерi.
Әдiс ретiнде дәстүр де адамгершiлiкке тәрбиелеуде қолданылады. П.Пидкаситый
ұсынған тәрбие әдiстерiнiң топтамасы мыналар: 1( тәрбиеленушiлерде дүниеге
көзқарас қалыптастыру және мәлiмет ауыстыруды жүзеге асыру; 2(
тәрбиеленушiнiң әрекетiн ұйымдастырушы және олардың мотивiн ынталандырушы;
3( тәрбиеленушiлерге көмек көрсету және олардың мiнез-құлқын бақылау
әдiстерi.
Осы әдiстiң қай тобына болсын моральдiк-этикалық дәстүрдi жатқызуға болады.
Дәстүр арқылы жаттықтыру әдiсi-адамгершiлiк-ке тәрбиелеу мақсатында
жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру. Дәстүрдi қолданудағы
жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке
бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнезi-құлқындағы қажеттiлiктi
қалыптастыруға әсер етедi. Дәстүрге негiзделген сендiру әдiсi -жоғарғы оқу
орны үшiн ғылыми мәлiметтермен, зерттеулермен таныстыру, дәстүрдiң, әдет-
ғұрыптың дамуы, қалыптасыруын тарихи кезеңдер арқылы түсiндiрiп, олардың
тәрбиелiк мүмкiндiктерiне тоқталу арқылы адамгершiлiкке тәрбиелеу.
Әдебиеттерде жеке басты қалыптастыруда әдет-ғұрып механизмдерiн жеткiлiксiз
бағалау да кездеседi. Осындай көзқарасты американдық психолог Л.Кольбергтiң
тұжырымдамасынан көруге болады. Л.Кольберг адамгершiлiкке тәрбиелеудiң
басты мақсаты мiнез-құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi
деп түсiрдiредi. Сонымен бiрге ол тәрбие бағытын автономды моральдық
ұстанымды қалыптастыру үшiн жұмысты күшейту бағытына бұруды ұсынады.
Дәстүр тәрбие үрдiсiнде тәсiл ретiнде де қолданылады. Дәстүр туралы мәлiмет
беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау, бағыт-бағдар беру тәсiлдерiн қолдану
адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады.
Бала дамуының алғашқы кезеңiнен, яғни, адамгершiлiк нормалары,
дәстүрлерi, мiнез-құлық ережелерi туралы түсiнiктердi пайда болғаннан
бастап бала адамгершiлiк туралы ұғымдарды саралап, санасына сiңiре
бастайды. Соның нәтижесiнде бозбала мен бойжеткен өз бетiмен адамгершiлiк
нормаларын, ұстанымдарын негiзге ала отырып, өз мiнез-құлықтарын реттей
алатын дәрежеге жетедi.
Қазiргi таңда елiмiздегi оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан
жаңартулар бiлiм мен тәрбие жұмысын қайта қарауды мiндеттейдi. Бүгiнгi
таңда тиянақты бiлiм беру жүйесiнде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты
мақсат болып отыр. Осыған орай мектептiң алдына қоятын ең басты
мәселелердiң бiрi-өркениеттi, прогресшiл бағыттағы азаматтық-адамгершiлiк
қасиетi мол, сондай-ақ ұлттық тiлiн жоғалтпаған, өзге елдегi
замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биiк, өрелi, терең бiлiмдi
ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.
Тәрбие-қоғамдық үрдiс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын
қамтамасыз ететiн басты жүйе. Оның негiзгi өлшемi өмiрге қажеттi тұлғаның
жағымды қасиеттерiн дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртiбi мен
байымды мiнезiн қалыптастыру, оған сәйкес сезiмiн және сенiмiн тәрбиелеу
тәрбиешiнiң мақсатқа бағтталған iс-әрекетiне байланысты.
Тәрбиенiң негiзгi мiндетi-қоғамның қажеттi талаптарын әрбiр баланың
борыш, намыс, ождан, қадiр-қасиет сияқты биiк адамгершiлiк стимулдарына
айналдыру.
Қазiргi таңда, әсiресе, көңiл бөлiнетiн мәселе-адамгершiлiк тәрбиенi
күшейту.
Адамгершiлiкке тәрбиелеудiң маңызды педагогикалық мiндеттерi –
оқушылардың белсендi өмiршiлiк позициясын, қоғамдық борышқа сапалық
көзқарасын, сөз бен iстiң бiрлiгiн, адамгершiлiк нормаларынан ауытқушыларға
жол бермеудi қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың
аса маңызды бiр саласы. Бұл арқылы оқушының ата-анаға, ұжымға, қоғамға,
Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелi ұстаз шәкiрттерге жан-жақты
тәрбиенi осы адамгершiлiк тәрбиесiнен батсайды. Себебi, бұл оның
адамгершiлiк сезiмiн, сенiмiн белгiлi мақсатқа, бағытқа жетелеу iс-әрекетiн
ұйымдастыруды жетiлдiру сонда ғана ұстаз шәкiрттердiң iзгi ниеттiлiгiн,
адалдығын, кiшiпейiлдiлiгiн қалыптастырады.
Адамгершiлiк т„рбиесi бiрнеше мiндеттердi шешуге көмектеседi:
— өмiр талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайық шәкiрттердi
тәрбиелеу;
— оқушының бойында адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыру;
— оқушының санасына және мiнезiне ұстаздық ықпал жасау;
— Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық iс-әрекетке жауапкершiлiк сезiмiн
күшейту.
Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн тәрбие шаралары балалардың жас
ерекшелiктерiне, жеке бас ерекшелiктерiне, қызығушылығына лайықты жасалады.
Адамгершiлiк тәрбиесi оқу-тәрбие үрдiсiнiң барлық салаларында, яғни
оқыту, бiлiм беру барысында және еңбек үрдiсiнде жүзеге асырылады. Тәрбиелi
болу үшiн адамгершiлiк нормаларын құр жаттап алу жеткiлiксiз, оны терең ой
елегiнен өткiзу, бастан кешiру және тоғануды мiнез-құлыққа бекiту керек.
Тәрбие iсi әрбiр нақты кезеңнiң өзiне тән ерекшелiктерiн сақтай
отырып, болашаққа бағдар ұстайды, жеке басты соған әзiрлейдi.
Жеке адамның адамгершiлiк жағынан қалыптасуы оның өмiрге келген
күннен басталады. Мектепке дейiнгi жаста абалалардың бастапқы адамгершiлiк
сезiмдерi мен ұғымдары, мiнез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасқан.
Баланың мектеп жасына дейiнгi қалыптасқан мiнез-құлықтары келешекте ересек
адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастарында көзге түседi.
Бастауыш сыныптарда адамгершiлiк көзқарастардың, мiнез-құлықтың, сезiм мен
сананың жаңа түрлерi одан әрi дамытылады.
Мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеу ең алдымен – оқыту үрдiсi
барысында жүзеге асады. Түрлi пәндердi оқу кезiнде бастауыш сынып
оқушыларының достық, жолдастық өмiрге белсендi көзқарасы, Отан туралы
ұғымдары қалыптасады және кеңидi. Үлкендi сыйлауды, ата-аналарды
құрметтеуге, еңбектенуге, iзеттiлiк сақтауға үйренедi. Бұл жаста балалар
сапалы тәртiпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңiл-күйiн түсiнуге
дағдыланады. Олар мектепте оқу-әрекетiне өзiнiң қатынасын жанұяда, қоғамдық
орында өзiн-өзi ұстауды бiледi. Соның нәтижесiнде бастауыш сынып
оқушыларының дербес және қоғамдық мiнез-құлқы және адамгершiлiк қарым-
қатынасы байиды.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндер арқылы ғана емес,
сыныптан тыс тәрбие сабақтарында, үйiрме жұмыстарында адамгершiлiк тәрбиеге
баулуға болады. Ондай жұмыстар түрiне сынып жетекшiсiнiң этикалық әңгiмесi,
моральды-этикалық жарыстар, пiкiр сайыстар жатады.
Жасөспiрiмдердi адамгершiлiкке тәрбиелеуде өмiрде кездесетiн көптеген
жағымсыз жәйттерден сақтандыру мәселесi ескерiлуге тиiс. Мұндай мәселелерде
әсiресе жанұяның рөлi рекше. Себебi, тәрбие жанұядан басталады.
Балаларды адамгершiлiкке тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдiсiне
қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесi негiзгi орын алуға тиiс.
Адамгершiлiк тәрбиесiнiң басқа тәрбие салаларына қарағанда өзiндiк
ерекшелiктерi бар. Ол қоршаған ортаға, қоғамдық қарым-қатынасқа, рухани
байлыққа байланысты.
А.Бейсенбаева “Қазiргi кезде адамгершiлiк қасиеттер азайған,
тұрақсыздық жағдай қалыптасқан қоғамда өсiп келе жатқан жасөспiрiмдердiң
бойына жоғары азаматтық, адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыруға
ғаламдастыру, интеграция және гуманизация сияқты алдын-ала анықталған
тенденцияларды ескеру қажет”, - деп көрсетiледi.
Оқушыларға адамгершiлiк тәрбие беру – қазақ мектебiнiң ең маңызды
мiндеттерiнiң бiрi. Бұл заңды да, өйткенi бiздiң қоғам өмiрiнде
адамгершiлiк бастамаларының рөлi барған сайын артып, моральдық фактордың
ықпал аясы кеңецiп келедi.

оқушылардың белсендi өмiрлiк позициясын, қоғамдық борышын, саналы

жол бермеудi қалыптастыру болып табылады. Бұл мiндеттердi шешу оқушыларды
қоғамдық пайды, өнiмдi еңбекке даярлаумен тығыз байланысты.
Саналы еңбек тәртiбi, тапсырған iс үшiн, орындалу мерзiмдерi үшiн,
аспаптар мен материалдардың сақталуы мен үнемделуi үшiн жауапкершiлiкке
тәрбиелеу баланың мектепке барған алғашқы күндерiнен-ақ жүргiзiле бастауы
тиiс. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстiндегi мiндеттердi орындау кезiнде
игерiледi. Оқу барысында мектеп оқушыларының таным - бiлiм әрекетi мен
еңбек әрекетi ұштасып жатады. Оқу бала үшiн-қауырт еңбек. Дүниенi тану, кең
көлемде жаңа бiлiм алу процесiнiң өзi, сөз жоқ, қиыншылықтармен,
табыстармен және сәтсiздiктермен алмасып келiп отырады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz