Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мәні.

Жоспары: 1. Тәрбие - теорияның пәні.

2. Тәрбиенің міндеттері мен функциялары.

3. Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мәні және оның ерекшеліктері.

4. Қазіргі қоғамдағы тәрбиеге қараудың тұрғылары.

Лекция мәтіні (қысқаша) . Педагогикалық үдерістің аса маңызды элементтерінің бірі тұлғалық тәрбие ісі . Тәрбиенің жалпы әлеуметтік қызметі - өткен әулеттер тәжірибесін, білімін, ептіліктері мен дағдыларын, әрекет-қылық үлгілерін, т. с. с. өскелең ұрпаққа меңгерту. Ал әрқилы қауымдастықтағы тәрбиенің нақты қызметі қоғам өмірінің шарттарына, қоғамдық қатынастар сипатына, мәдениетіне, құндылықтылық бағыт-бағдарына орай тарих желісінде өзгеріске түсіп, нақтыланып барады.

Тәрбие тек тұлға қалыптастырумен шектелместен, адам даралығын дамыту шарттарын да түзеді. Адам тәрбиесіндегі басты міндеттердің бірі- оның өз басының әлеуметтік даму шарттарын айқындап алуы. Бұл екі жағдайдың іске асуына тәуелді. Олардың біріншісі- жеткіншектерді нақты әлеуметтік қатынастарға араластыру, яғни тәрбиеленушілер бойында обьектив және субьектив бірліктерден құралатын іс-әрекетке деген тұлғалық сезім, қалыптар пайда ету. Объектив бірлік - бұл тұлғаның өз қызмет-әрекеті, ал субъектив бірлік - тұлғаның сол әрекетке болған қатынас күйі. Екінші шарт - әлеуметтік әрекеттестікке келу үдерісіндегі балалардың өз мүмкіндіктерін іске асыра білуі. Бұл шарттың орындалуынан бала өзінің тұлғалық дамуына қажет іс-әрекеттің мақсаты мен маңызын байқап, өз “менін” танып, өзі араласқан іс-әрекеттің жақын да алыс міндеттерін дәл әрі айқын сезінуге мүмкіндік алады. Осыдан бала қоршаған болмыс, нақты адамдар ортасында өзінің кім екенін толықтай аңдап, олармен қалай қатынас жасау қажеттігін түсінетін болады.

Тәрбие - бұл белгілі педагогикалық мұраттарға сай арнайы ұйымдастырылған ықпалдар көмегімен тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсат бағдарлы үдеріс.

Педагогикалық үдерістің негізгі элементі болған тәрбие өз ішіне төрт мәнді белгіні қамтиды:

- ықпалдардың мақсат бағдарлылығы;

- сол ықпалдардың үлгі, өнеге, әлеуметтік-мәдени бағдар, мұраттарға сай бағдарлануы, сондай-ақ тәрбие үдерісінің адамзат дамуының тарих барысындағы жетістіктеріне сай келетін құндылықтарына орай жүргізілуі;

- ұйымдастырылатын тәрбие ықпалдары мен әсерлерінің белгілі жүйеде болуы мен және орындалуы;

- адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеріп, тұлғалықты және даралықты дамуға түсуі.

Тұлға қалыптасуына бағытталған тәрбиелік үдеріс өзінің негізгі ерекшеліктеріне, арнайы сапалық танымал көріністеріне ие.

Бұл тұрғыдан ең алдымен ескерілетін жәйт-тәрбие үдерісінің көп жағдаяттылығы . Тәрбие тек мектепте емес, ол отбасыда, мектептен тыс мекемелерде іске асып барады. Педагогтардың тәрбиелік ықпалы көптеген сан қилы ұжымдардың іс-әрекетімен толығып барады. Тәрбие үдерісінің көп жағдаяттылығы, тәрбиелік ықпалдар кеңдігі тұлға қалыптастыруда көптүрлі мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашады. Сонымен бірге, бұл жағдайлар себебінен тәрбие үдерісі қиыншылыққа да кезігеді. Саналуан ықпалдарға түскен тәрбиеленушілер ұнамды тәжірибелік қор жинақтаумен бірге теріс өнегеге де тап болуы мүмкін.

Тәрбие үдерісінің екінші ерекшелілігі оның ұзақ мерзімділігі . Осыдан тәрбие мектепке дейінгі жас шақтарында басталып, мектептен соң да жалғасын табады. Гельвеций пікірінше, адамның барша өмірі тұтастай ұзақты бір тәрбиелік желі. Адам есейген шағында да тәрбиеленеді не қайта тәрбиеге түседі. Ол өзінің еңбек, моральдық тәжірибесін топтап, жетілдіруде, өз білімін кеңейту мен тереңдетуде, эстетикалық құндылықтар меңгеруде ешбір үзіліс не тыным таппайды. Әлбетте, мектептік жылдар тұлғанын жедел дамып, мінезі мен әрекет-қылықтық қалыптасуының басты себебшісі.

Тәрбие үдерісінің ұзақ мерзімділігінің айғағы оның нәтижелерінің бір сәтте көрінбеуі. Шәкірт арифметика ережелерін, тарихи деректері мен оқиғаларды қысқа уақытта игеріп алуы мүмкін, ал демнің арасында оны ұжымшыл, жақсы серік, адал да кішіпейіл адам етіп қалыптастыру мүмкін емес. Бұл үшін едәуір уақыт қажет болады. Қай жағдайда да тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеуде жедел әрі үлкен табысқа жетуді мақсат ету орынсыз.

Тәрбие үдерісінің үшінші ерекшелігі оның сатылық сипатында , бұл сатылық бірнеше кезеңдерден тұрады:

1-саты: балалар отбасы мен мектепте тәртіп, әрекет-қылықтың алғашқы ережелерін игереді;

2-саты: әрекет-қылық туралы алғашқы ұғымдар негізінде шәкірттер әдептілік түсінігі мен қоғамда қабылданған тәртіп ережелерін меңгереді;

3-саты: наным-сенімдер қалыптасады, мінез-құлық дағдылары тұрақталады, сезімдері кеңейіп, бой түзейді. Бұл сатыда балалар қандайда іс-әрекеттің себеп-салдарлылығын белгілі идеялық, адамгершілік принциптері негізінде түсіне бастайды.

Аталған сатылардың бәріде өзара тығыз байланысқан, өз алдына айқара шектелмеген.

Тәрбие үдерісінің келесі, төртінші ерекшелігі- тәрбие жұмыстары мазмұнындағы шоғырлылық . Бұның мәні - тәрбие барысында тұлғаның қандай да бір сапасына бірнеше рет қайталай назар салуға тура келеді. Бірақ бұл қарадүрсін қайталау емес, бала жасының ерекшелігі мен тәрбиелік деңгейіне сәйкес кеңейтіліп, тереңдей түскен қайталаулар. Адам қасиет-сапалары кезегімен емес, бәрі бірдей өзара байланыста қалыптасады. Қайсы бір тұлғалық қасиетті тәрбиелей отырып, педагог тәрбиеленушінің басқа сапаларының дамуына ықпал жасайды.

Тәрбиенің бесінші ерекше белгісі - оның екі тараптылығы мен белсенді үдерісті болуында. Тәрбиеленуші тек нысан (объект) қана емес, ол тәрбие субъекті де. Осыдан педагогтың тәрбиеленушілерге тұрақты өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік тәрбие қажеттілігін белгілеу міндетін үйрету маңызды роль атқарады. Шәкірттерді үздіксіз өзіндік күш салуға талпындырып, олардың жан белсенділігін оятып, барынша дербес іс-әрекетке ұмтылысын дамыту қажет. Егер педагог өзінің тәрбиелеп отырған шәкіртінің орнына өзін қоя біліп, мәселеге оның көзімен назар салса, бұл мәселенің шешілуі қиын болмайды.

Тәрбиенің алтыншы ерекшелігі- бұл үдеріс нәтижесінің сырттай көзбен онша елене бермеуінде . Тәрбиеші жұмысын тексеру және бағалау аса қиыншылықты іс. Ол әрқандай ұнамды сипаты қашықтаған, уақыт озған сайын көрінгіш келеді. Осыдан педагог өзінің тынымсыз әрекетінің жемісін тез арада көре алмайтынына, осы жолда басқалардың айыбымен тіпті сынға ұшырайтынына да дайын болғаны жөн. Сондықтан педагог өз шәкірттеріне үлгі-өнеге көрсету үшін ғана емес, талай рет болып қалар өзіне деген әділетсіздіктер жағдайында байсалдылық пен ұстамдылықты болу үшін өте кішіпейіл адам болғаны абзал.

Тәрбие үдерісінің ақырғы жетінші ерекшелігі - оның болашаққа бағытталған іс-әрекетте болуында . Әр педагог өз тәрбиеленушілерінің өмірге алдағы өзгеріске түсетін, басқаша қоғамдық қатынастар жағдайында араласатынын ұмытпағаны қажет. Сондықтан тәрбие жұмыстарының барысында бүгінгі күн талаптарын ғана ескеріп қоймастан, техникалық ілгерілеу мен қоғамдық дамудың болашағына мән бергені жөн. Болжастыруда көрегендік танытып, бүгінгі тіршілік астарында болашақ мәселелерін байқай біліп, және олардың болашақ адамдарына қоятын талаптарын күні ілгері сезу және оған балаларды үйрету - ұлағатты педагогқа қажетті және бір ұтымды сала.

Тәрбие түрлері. Авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін тәрбие. Прагматикалық, аксиологиялық, ұжымшылдық, жекелік тәрбие

Жоспары:

1. Тәрбие түрлері. 2. Авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін тәрбие. 3. Прагматикалық, аксиологиялық, ұжымшылдық, жекелік тәрбие.

Дәріс мәтіні:

Тәрбие тұлғаның аталған мәдениетін дамытушы әрі қалыптастырушы бірден бір құрал. Соңғы педагогикалық әдебиеттерде тұлғаның базалық мәдениетін түзуге көмектесетін бірнеше бірлік элементтер аталады:

  • табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тәрбиесі, тұлға сапасы ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау) ;
  • өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын және оның құндылық мәнін дәріптеу; бақыт, еркіндік, ар-намыс, әділдік-теңдік, туысқандық және т, . б. сынды құндылықты категорияларды қалыптастыру) ;
  • қоғамға бағытталған құндылықтар (қоғамның құқықтық негізі және оның саяси құрылымымен танысу; қоғамдағы жеке адам проблемасын зерттеу: «Мен» және қоғам, отаншылдық тәрбиесі) ;
  • еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбектік дағдыларға үйрету) .

Дәстүрлі педагогикада тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыруға орай жүргізілетін тәрбиелік іс-әрекеттердің бірқанша бағыттары аталады. Ғалымдардың көбі тәрбиелік істердің келесідей бағыттарын ұстанады (Б. Лихачев, В. А. Сластенин, М. П. Подласый, т. б. ) :

  • ғылыми дүние таным қалыптастыру;
  • азаматтық тәрбие;
  • еңбек тәрбиесі;
  • адамгершілік тәрбиесі;
  • эстетикалық тәрбие;
  • дене тәрбиесі.

Тәрбиелік істердің кейбір жетекші бағыттарының мазмұнын ашайық.

Ғылыми дүниетаным тәрбиесі. Дүниетаным негізі - әлемді түсіну, яғни қоршаған болмыс жөніндегі білімдер тобын меңгеру. Бұл білімдер мен ұғымдар ертеңге де, бүгінге де, алыс болашаққа да қатысты. Олардың бәрі адамдардың рухани дүниесінің кәусар көзі. Дүниетаным құрамы күнделікті өмір барысында, өнерде, әдебтетте, ғылым мен дінде қалыптасатын белгілі мұраттар мен шындық бейнелерінде көрінген болмыстық қабылдауларынан құралады.

Дүниетаным наным, сеніммен байланысты. Дүниетаным көзқарастары адамның ұзақ уақыт айналысқан күрделі ақыл-ес жұмыстарының негізінде орнығады. Бұл көзқарастар тұлғаның рухани өмірінің тұғырына, оның «Мен» мәніне айналып, өмірлік ұстанымын айқындауға негіз болады.

Дүниетанымның қалыптасуы кездейсоқ жәй, тұрмыстық тәжірибеден не әрқилы дүниетанымдық ұстанымдар тоғысынан, немесе саналы, тұғырлы идеялар, мұраттар мен принциптердің теориялық зерттеулері арқасында болуы мүмкін.

Адам дүниетанымында әрқашан белгілі уақыт, заман белгілері көрініс береді. Әлем жөніндегі бүгінгі ұғым, дүниетаным бүкілдей ғылым жетістіктерінің негізінде қаланды. Біздің қазіргі дәуірімізге тән дүниетанымдық көзқарастар: демократия құндылықтары және адам құқын, оның экономикалық және саяси еркіндіктерін, ар-намыс және дүниетанымдық еркіндікті бүкіл әлем болып қолдап-қуаттау және қорғау. Күннен күнге білім құндылығы артуда. Қоғам болашағы да осы білімге иек артады, стратегиялы әлеуметтік бағдарламалар да көбіне білімді негізге алып түзетілетін болды.

Ғылыми дүниетаным қалыптастырудағы басты мақсат -мына күрделі де қайшылықты өмірде адамға өз бетінше дербес іс-әрекет жасаудың бағдарын беру.

Азаматтық тәрбие мәні - кемелденудегі ұрпақты отаншылдық, құқықтық, адамгершілік сезімдеріне баулып, өз қадірін, тұлғалық еркіндігін, тәртіптілікті, басқа азаматтар мен мемлекеттік билікті сыйлауды үйрету, сонымен бірге жүктелген міндеттерді орындау, отаншылдық, ұлтжандылық және ұлтаралық сезімдерін үйлесімді байланыстыра білу қабілетін дамыту.

Азаматтық тәрбие мақсаты - әр адамда қоғамның адамгершілік мұраттарын, Отанға деген сүйіспеншілік, бейбітшілікке ат салысу ықылас -ниеттерін қалыптастыру. Азаматтықтың негізгі элементтері - мемлекет және басқа азаматтарды құрметтеуге байланысты өз міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін адамгершілік және құқықтық мәдениет. Кемелденген азаматтықтың белгісі - сөз бен істің бірлігі. Адам тұлғасының дамуына бағытталған гуманистік қадамдар да - осы азаматтық сезімдердің деңгейімен бағаланады.

Азаматтық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер мазмұны: әрекет- қылықтың конституциялық және құқықтық талаптарын зерттеу, үйрену; бейбітшілік және қорлық күшін жұмсамауға тәрбиелеу; қоғам және тұлға мүддесін танытушы қоғамдық сананың бір формасы азаматтық сезім; ұлтаралық ортақтасу және құқықтық қатынастар мәдениетін; еліміздің жетістіктері жөніндегі білімдер жүйесін; адамның қоғамда өз мүмкіндіктерін іске асыруға себепші азаматтық тәжірибесін қалыптастыру.

Азаматтық тәрбие тиімділігін көтерудің арқасында төмендегідей жетістіктерді түсіруіміз мүмкін:

  • азаматшылдық идеяларын қабылдаудың психологиялық кейіп жағдайлары жасалады;
  • азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады;
  • бірлікті өмір сүруге дағдыланады;
  • өз талаптарында, әрекет-қылықтарында, әдеттері мен әрекеттерінде, ниеттері мен қалауларында астамдыққа бармауға үйренеді;
  • басқалар мүддесін де ескерудің қажеттігін сезінетін болады;
  • қоғамдағы бейбітшілік, өзара түсіністік, шыдамдылық пен тәртіптілік сақтау үшін қажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау мен қадағалау жүргізуге бейімделеді.

Отаншылдық тәрбиесі. Бұл тәрбиенің мақсаты - оқушы да өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін пайда етіп, оған адал қызмет жасауға, оны қорғауға баулу; туған ел тарихы және өз халқы мен басқа да ұлыстардың мәдени мұрасын, салттары мен дәстүрлерін қастерлеу қатынасын қалыптастыру;

Отаншылдық тәрбиесінің мазмұны:

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін (Ел таңба, Ту, Ән ұран) зерттеп, тану. Сонымен бірге басқа елдердің де Мемлекеттік белгілерін білу;
  • Отаншылдық (өз Отаның болған сүйіспеншілік) пен интернационализмнің (басқа ұлт адамдарына, елдерге, мемлекеттерге бағытталып қалыптасқан достық, қатынастар сезімі) әрқилы тұстарын түсініп, қайта қарастыруға мүмкіндік беретін білімдер шеңберін кеңейту;
  • Туған өлке табиғаты мен тарихын зерттеу;
  • Елімізбен байланысқан өзге мемлекеттер тілін, тарихын, ондағы халықтар салты мен дәстүрлерін білу;
  • Халқымыздың жауынгерлік даңқы мен қаһармандығына байланысты нақты дерек көздерін іздеу және зерттеу.

Құқықтық тәрбие. Құқықтық тәрбие мақсаты- оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсіну әрі мойындауға баулу. Құқықтық тәрбие жүйесі мемлекет сипаты және саясатымен белгіленеді.

Құқықтық норма адамның қоғамдағы таоапқа сай әрекет-қылықтың мұратты (идеяльная) моделі. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ересектер арқылы іске асып барады. Азаматтық қорғанысы әлі жетілмеген бала заң аясында қолдау табады: оның ерекше мәртебесі «Адам құқықтарының жалпы декларациясында»(1989ж) . Отбас және мектеп жағдайларында балалар орынды әрекет-қылық әдеттерін, адамгершілік және құқықтық нормаларын, әлеуметтік іс-әрекеттердің алғашқы дағдыларын меңгере бпстайды.

Құқықтық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер мазмұны- құқық бұзушылық әрекеттерге арқау болар жағдайларды (өмір мен тәрбиедегі қолайсыз жәйттерді) жою; оқушылардың өмірі мен тәрбиесіне орай жағдайлар мен оларды қоршаған ортаны зерттеу; тәрбиеленушінің жеке ұстанымдарына түзетулер енгізу; бұрын қылмыс жасаған оқушылармен жұмыс алып бару.

Адамгершілік тәрбиесі. Бұл қоғамдық талаптар және әрекет-қылық нормаларын ескерумен іс жасауға мүмкіндік беруші ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тәрбие процесінің мәнді бір бөлігі.

Мәдениет тарихында адамгершілік тәрбиесі мәнін түсінудің төрт негізгі дәстүрі қалыптасқан:

  • патерналистік (патер-лат. әке, үлкендерге құрмет түріндегі адамгершілік тәрбиесі) ;
  • діни-дәстүрлік (діни наным сенімдер мәртебесін қолдау түріндегі адамгершілік тәрбиесі) ;
  • ағартушылық (ғылыми білімдер игерудің нәтижесі түріндегі адамгершілік тәрбиесі) ;
  • коммунитаторлық (коммуна-лат. Қауым, бірлестік; ұжымшылдық сезімін қалыптастыру сезімі түріндегі адамгершілік тәрбиесі) .

Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты- өз іс-әрекетіне жауапкершілікті, адал, намысты, жалғандық пен кәззаптықтан жаны аулақ адамды тәрбиелеу.

Алайда адамгершілік тек сырттай форма ретінде игерілуі мүмкін емес, ол адамның тұлғалық дербестігіне негізделіп, әр тұлғаның өзіндік заңы күйінде танылады. Адамгершілік қалаған уақытта, қалаған нақты жолмен орындалатын жәй мақсат емес. Ол адами іс-әрекеттің өз негізінде жатқан мақсаттардың мақсаты.

Адамгершілік тәрбиесі негізінде қалыптасушы сапа-қасиеттер түрі келесідей: шыдамдылық, жомарттық, әдептілік, ізгіліктілік; адамдар арасындағы өзара сыйластық, өзара жәрдем және жолдастық, үлкенге сый, кішіге қамқорлық, әйел және ер арасындағы сыйластық қатынас; өзіндік тәртіптілік, өзіндік қадағалау, өзіндік басқарым, өзін өзі тану, өзін өзі реттеу қабілеттері. Әр адам өз қалаған әдет-қылықтарды ардақтау арқылы өз адамгершілігінің дамуына ықпал жасауы мүмкін.

Адамгершілік тәрбиесіне орай іс-әрекеттер мазмұны:

  • ұжымдық оқу және қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілерді қамқорлыққа баулу;
  • қайырымдылық пен жауыздықпроблемаларын талдай білуге үйрету;
  • шынайы және бейнақты гуманизмді айыра білуге жаттықтыру;
  • әлеуметтік әділдік пен әділетсіздік мәнін түсінуге баулу;
  • гуманизм идеялары мен жалпыадамзаттық сипатын түсіне, бағалауға дағдыландыру.

Экологиялық тәрбие. Бұл тәрбиенің мақсаттары- тәрбиеленушілерде қоршаған ортаға деген жауапкершілік; иабиғатты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық ретінде тану мен оған жауапкершілікті қатынастар жасау жөніндегі білімдер қалыптастыру; нақты тіршілік аймағы табиғатын зерттеп, мүмкін болар экологиялық жағдайлардың ауысуынан туындайтын зардаптардың алдын алуға үйрету; сонымен бірге қоршаған ортадан ләззат (халықаралық экологиялық қауымдастықтың ұраны) алу арқылы табиғат субъекттерінің баршасына қатысты қайырымдылық сезімін тәрбиелеу.

Экологиялық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер мазмұны:

  • тәрбиеленушілерді қоршаған табиғатты зерттеп, тану;
  • табиғаттың экологиялық қалпына талдау жүргізу;
  • әлем, ел, оқушы жасап жатқан ортаның экологиялық жүйесі проблемаларымен танысу;
  • адам әрекет-қылығын зерттеп, нақты аймақ пен бүкіл әлемдік экологиялық жағдайға одан болар ықпалдарды (ұнамды да кері) зерттеп, білу.

Эстетикалық тәрбие. Бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй -сезімдік және тұлғалық сана мен оған сәйкес іс-әрекет қалыптастыру және дамыту.

Бұл тәрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы барысында іске асады әрі құндылық мәнін иеледі. Эстетикалық тәрбие өз ішіне эстетикалық көңіл шарпулары (эмоция) мен бағамдарын туындататын болмыстың әсем нысандар мен олардың қасиеттеріне бағытталған тәрбие жұмыстарының формалары және әдістемелік жұмыстар түрлерін қамтиды.

Эстетикалық тәрбие және білім алудағы мақсаттар: тұлғаның өнер мен қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру және бағалау дайындығын дамыту; көркем өнер, рухани және дене шынықтыру мәдениеті саласында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық тәрбие тұлғаның әсемдікті тануға орайласқан санасын (сезімі, бағамы, талғамдары, ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен көзқарастары), оның қасиеттерін, бағалау, эстетикалық қатынастарын және олардың әрекет-қылық пен мінезде, өз қалаулары мен іс-әрекеттеріндегі (қабылдауында, бағалауында, шығармашылық қызметтестік пен өзіндік жасампаздық, сезіне жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған.

Қазіргі заман жағдайларына орай аса маңыздылары ретінде эстетикалық тәрбиенің келесі бағыттары алға тартылуда: көркем өнерлік білімді үздіксіз дамыту; оқушылардың ән-күй мәдениетін қалыптастыру, театрға байланысты тәрбие мен білім беру, көркем әдебиеттік қабілеттер дарыту және дамыту, т. с. с.

Әсемдікке тәрбиелеудің нәтижелік көрсеткіштері: тәрбиеленушілердің эстетикалық санасының даму деңгейі; олардың эстетикалық құнды заттар, құбылыстар, көркем шығармалар әлемінен игерілген қорына шығармашылдықпен қатысы.

Эстетикалық тәрбие бойынша қызметтер мазмұны: мұражайлар мен көрмелерге саяхаттар ұйымдастыру, көркем әдебиет туындылары бойынша конференциялар жүргізу; дөңгелек үстел төңірегінде кездесулер өткізу; әйгілі орындаушылар (жеке әншілер, хор, оркестрлер) күйтабақтарын жинақтау; тірі табиғат бұрышын және т. б. жасау.

Дене тәрбиесі - тән денелік бой тіктеу үшін қажетті білімдер мен әдістерді ұрпақтан ұрпаққа ауыстыра жеткізуге бағытталған педагогикалық ұйымдасқан процесс. Дене тәрбиесінің мақсаты - адам тұлғасының, оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан-жақты жетілуі, қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінің қалыптасуы, тән саулығын көтеру.

Дене тәрбиесінің негізгі құрал-жабдықтары - дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың тума күш көздерін пайдалану (күн энергиясы, ауа мен су ортасы және т. б. ), гигиена ережелерін ұстану (әр адамның жеке басына, еңбегіне, тұрмысына және т. б. байланысты) . Дене шынықтыруға арналған жаттығулар тән-дене қабілеттерінің дамуына әртараптан әсер етеді. Олардың адам ағзасына ықпал жасау заңдылықтарын тану және оларды орынды қолдана білуден әрбір оқушы не ересек дене шынықтыру мәдениетін дене тәрбиесі мақсаттарын іске асыруға пайдалана алады. Бұл тәрбие түрі үш негізгі бағытта орындалып жатады: жалпы дене дайындығы, кәсіби дене дайындығы, спорттық дайындық.

Дене тәрбиесіне орай іс әрекеттер мазмұны өз ішіне таңғы гимнастьиканы, таза ауада жүріп-тұруды, кешкі серуенді, салауаттық күндерін, әрқилы спорттық бөлімдерге қатысуды, туристік саяхаттарды және т. б. қамтиды.

Еңбек тәрбиесі. Бұл тәрбие түрінің мақсаты- тәрбиеленушіде осы заманғы техника, технология және өндірісті ұйымдастыру, жалпыеңбектік ептіліктер мен дағдылар, еңбекке деген жауапкерлі қатынас пен психологиялық дайындық, еңбектенуге болған ықылас-ниет, еңбеккерге сый-құрмет сезімін қалыптастыру.

Еңбек тәрбиесінің мазмұндық негізін оқу еңбегі (ақыл-ес және тән-денелік), өзіндік қызмет еңбегі (мектепте және үйде), қоғамдық пайдалы еңбек (демалыс кезіндегі тәжірибелік еңбек, құрылыс отрядтарындағы жұмыстар, орман қорғау, тимур қозғалысы және т. б. ) құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы еңбекке тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу
Оқушыларға патриоттық, интерноционалдық тәрбие беру
Бастауыш сынып оқушыларын балалардың эстетикалық тәрбиесінде табиғат мағынасын ашу
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz