Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері


Мазмұны
Кіріспе
Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері.
- Оқушыларды интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеудің теориялық шарттары.
- Бастауыш сынып оқушыларын интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеудің ерекшеліктері.
- Бастауыш сынып оқушыларын интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеуді жетілдіру. Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеуді қалыптастыру ерекшеліктері. Бастауыш сынып оқушыларын интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеудің жолдары.
- Қорытынды.
- Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды "Отаным"- деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы- бұның басты шарттарының бірі. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына Жолдауының "Қазақстан мұраты деп аталатын бөлімінде: " . . . біздің балаларымыз бен немерелеріміз . . . бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады" - деп үміт артып отыр.
Өткен жылдың 11 қыркүйегіндегі АҚШ-тағы қайғылы оқиғалар, Таяу Шығыстағы, Бали аралындағы лаңкестік (террористік) әрекеттер, Мәскеуде адамдарды кепілдікке қамап ұстау, ешқандай кінәсі жоқ адамдар олардың ұлтына, этностық және діни қатыстығына қарамастан лаңкестік құрбаны болатынын көрсетіп берді. Лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес бүгінгі күні барлық өркениетті елдердің басты мәселесі болып отыр. Отаңымыздың территориясының бүтіндігін сактау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдыкпен күрес, мемлекетімізге қауіп төндіретін кез-келген сырткы және ішкі күштерге карсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай, патриоттық тәрбие мәселесі - адамзат тарихының он бойында ұрпактан-ұрпақка жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандыктан мектеп оқушыларының бойында Отанға сүйіспеншілік қасиетті дарыту көкейкесті мәселе болып отыр.
Қазакстан Рсспубликасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің міндеттері: . . . азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Рсспубликасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуте, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу" десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында "тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патрмотизм, азаматтык, ізгілікті интернационализм негізінде құру"- керек екендігі көрсетілген. Алайда, бүгінгі нарықтық экономика жағдайындағы патриотизмнің сипаты қандай болмақ? Кеңес одағы кезінде мектеп окушыларын тәрбиелеудің арқауы болған "социалистік патриотизм"' ұғымы сол идеологиямен бірге құрдымға кетті. Ал оның орнына бүгінгі қоғам талаптарын қанағаттандыратын, өсіп келе жатқан жас буындарды тәрбиелеуде ұстанатын бағыт-бағдар мен патриотизмнің тұғырнамасы әлі толық айқындала қойған жоқ.
Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келеді. Одан "ұлттық патриотизм", "қазакстандық патриотизм" деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн, олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады, бұдан былайғы кезде мектеп окушыларын отаншылдыққа тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері. формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма? деген сияқты көптеген мәселелер толық зерделенбей отыр.
Қазіргідей рухани-идеологиялық қайшылықтар тұсында патриотизмнің сипатын ашып айқындаудың, мектеп оқушыларында отаншылдық сана, сезім, отаншылдық іс- әрекет қалыптастырудағы маңызы зор.
Бұл жағдайда, Кеңестік одақ кезіндегі тарихи-педагогикалық тәжірибелерден қорытынды шығарып, оның прогрессивті тұстарын ескеру, кемшіліктерінен сабақ алып, жетістіктерін өнеге тұту жақтары зерттеуге алынбаған.
Қазақ халқының біртуар ұлдары А. Байтұрсынов. М. Жұмабаев. Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, М. Шоқай, С. Сейфуллин. Ж. Аймауытов, Б. Майлин т. б. өз ұлтының нағыз патриоттары екендігін сөзімен де, ісімен де дәлелдеген ұлы тұлғалар. Олар ұлт азаттығын, оның өркениетті ел болуын көксеп, жастарды елін сүюге, ұлтын қадірлеуге, отанын қастерлеуге шақырған. Майдангер жазушылар Б. Момышұлы. Ә. Нұршайықов, Қ. Қайсенов. Ә. Шәріпов шығармаларында патриотизмнің Ұлы Отан соғысындағы өшпес үлгілерін жастарға өнеге етіп бір көрсетсе, екінші бір жақтан "патриотизм" ұғымының мәні мен мазмұнын өрелі ой-толғауларында жеткізуге ұмтылған. Заманымыздың белді ақындары М. Мақатаев, О. Сүлейменов, М. Шаханов т. б. шығармаларын көкіректегі қайнаған патриотизмнен туынлаған жалынды толғаулар деуге болады. Олар - жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің сарқылмас бұлағы. Бұл ақын-жазушылар өз шығармаларында кейде ашық, кейде көмескі түрде тәуелсіз ел болуды аңсап, қазақ халқының бойында ұлттық патриоттық сезімді оятуға ұмтылған, ал қазіргі күні біз оны ашық айта аламыз.
Қазақстан мектептерінде Кеңес Одағы кезінде өсіп келе жатқан жас буындарда патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты жеткілікті тәжірибелер жинақталған. Осы тәжірибелердің белгілі бір кезеңдегі жай-жапсарын зерттеу, танып білу, оның нәтижелерін нарықтық экономика жағдайында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу жолдары мен бағыттарын қарастыру бүгінгі күн талаптарынан туындап отыр: - мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік аспектілері, мақсат-міндеттері, мазмұны Ю. К. Бабанский, Н. И. Болдырев, И. С. Марьенко, Э. И. Моносзоп, В. А. Сухомлинский т. б. зерттеулерінде дәлелденген;
- жастарды патриотизмге тәрбиелеудің ғылыми-теориялық, әдістемелік тұстарын Э. Г. Абрамян, М. Г. Агаев, Н. Н. Агеенко. С. М. Ахмедов, О. Бозоров, С. Дустов, С. А. Каримбеков, И. Н. Качура, Н. С. Киямов, Ж. К. Коидзе, С. Е. Лещинская, Ш. А. Шарапов т. б. зерттеу жұмыстарында қарастырған;
- Қазақстанда білім беру саласының даму тарихы мен ұлттық тәлім-тәрбие саласының әр түрлі проблемаларына қатысты Т. Тәжібаев, Қ. Бержанов, С. Мусин, А. Сембаев, Қ. Құнантаева, Б. Мұқанова, Г. М. Храпченков, Э. А. Урунбасарова т. б. қарастырған:
- халықтық педагогиканы жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану мен оларды музыкалық шығармалар арқылы патриогизмге тәрбиелеу мәселелері Қ. Жарық6аев, С. Қалиев, М. Х. Балтабаев, И. Р. Халитова, Б. М. Бекмүхамедов т. б. еңбектерінен орын алған;
- әдебиет, физика, математика, пәндерін оқытуда оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуді сабақта және сабақтан тыс жұмыстар аркылы жүзеге асыруды А. К. Ахметов, К. Г. Қожабаев, Е. Жұматаева, соғыс жылдарында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мен ұлттық жауынгерлік дәстүр, Әлия мен Мәншүк ерліктері аркылы оқушыларға патриоттық тәрбие беруді С Ешімханов, С. Т. Иманбаева, Д. С. Құсайыновалар өз зерттеулеріне арқау етіп алған;
- оқушыларға әлеуметтік-азаматтық және интернационалдық тәрбие мәселелерін Ж. А. Мақатова, Н. И. Қойшыбаева, И. А. Меликова қарастырса, Қазақстан мектептерінде жоғары сынып оқушыларын әскери-патриотизмге тәрбиелеудің дамуын С. Нұрмұқашева, Кеңес дәуіріндегі патриотизмнің дамуына ақпарат құралдарының ықпалын Л. Ахметованың ғылыми зерттеу жұмысынан кездестіреміз.
Бірақ, бұл еңбектерде мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің кейбір тұстары мен кезендері ашылғанымен жалпы Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің даму тарихы толық зерделенбеген. Сонымен бірге Қазақстанда жаңа демократиялық құрылым жағдайында оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде аса маңызды қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері және Отанымыздағы ұлт саясатына қатысты келесі ой-пікірлер, осыған орай қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуынан туындап отырған "ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" секілді ұғымдардың педагогикалық мәні ашылып нақтыланбаған. Қазақстандағы мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің 1970-2000 жылдардағы даму жолдарына қатысты мұрағат құжаттары, ғылыми-педагогикалық айналымға түспеген кейбір тарихи педагогикалық материалдардың бар екендігіне көз жеткіздік.
Мұрағат құжаттары және философиялық, психологиялык, педагогикалық тарихи еңбектер мен мектептердегі оқу- тәрбие практикасын зерделеу барысында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуде мұрағат құжаттары және озық тәжірибелердің тарихи-педагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуі мен оны мектептегі оқу-тәрбие процесінде пайдаланбауының жеткіліксіздігі арасындағы; оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің жаңа негіздегі мүмкіндіктері мен мектеп оқушыларын отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеудегі мектеп сұранысы аралығындағы қарама-кайшылық туындап отыр. Бұл кайшылықтардың шешімін табу біздің зерттеу проблемамыздың көкейкестілігін анықтайды. Сондықтан да бұл ғылыми-зерттеу жұмысымыздың такырыбын: “Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы” (1970-2000 жылдар) - деп анықтауға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: 1970-2000 жылдар аралығында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу жүйесіне тарихи-педагогикалық сипаттама беріп, Бастауыш сынып оқушыларының интернационалдық және патриоттық тәрбиенің педагогикалық негіздері.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптардың оқу тәрбие барысы.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда интернацыоналдық және патриоттық тәрбиенің жүзеге асырылу жолдары.
Зерттеу міндеттері: Бастауышта интернационалдық және патриоттық тәрбиені жүзеге асырылудың теориясы мен тәжірибесінің жүйелі түрде толуы және жинақталуы.
Зерттеу міндеттері:
- Зерттеліп отырған тақырып бойынша педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге шолу жасау.
- Осы мәселеге байланысты педагогикалық озық тәжірибені жинақтап, жүйеге келтіріп баяндау.
Зерттеудің әдістері: мұрағат құжаттарын, тарихи-педагогикалық әлебиеттерді талдап зерттеу және жүйелеу. ғылыми әдебиеттерге теориялық, педагогикалық талдаулар жасау, салыстыру, жинақтау, қорыту т. б. әдістері қолданылды.
Қорытынды:
- Қазақстандағы мектеп оқушыларын интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеудің тарихи- педагогикалық жағдайлары. Оқушыларды интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеудің тарихи- педагогикалық аспектілері.
Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сиапттайтын аса маңызды рухани игіліктердің бірі. Ол адамның Отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыққа шалуға дейін баруынан көрінеді. әңгіме болып отырған мәселенің маңыздылығы соңғ уақыттары “ұлттық патриотизм ” және “қазақстандық патриотизм” деген тақырыптардың жиі- жиі көтерілуінен- ақ аңғарылса керек.
Сырт қараған адамға елімізде “қазақстандық патриотизм” мәселесі жоқ тәрізді елес береді. Біріншіден, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мәлімдегеніндей, қазақстандықтардың 90 пайызы, қай ұлттық өкілі болғанына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп мойындайды. Екіншіден, Қазақстан бұрынғы Кеңестер Одағынан бөлінген мемлекеттер арасында ұлтаралық, саяси, мүдде аралық, конституциялық тәртіп, т. б. жағынан алғанда тұрақтылығымен ерекшелінген. Бұның екеуіде тамаша көрсеткіш өлшемдері. Әйткенмен, өкінішке орай осынау игіліктер қоғамның жекелеген мүшелері тарапынан саудаға түсіп, жиі- жиі кері мақсатқа пайдаланылады. Өзінің туған жерге, елге деген “шынайы” сезімін әсіресе ұранға толы пікірлеріне арқау еткен адамдарының халықтық патриоттық сенімдерін құралға айналдырып, дербес мүддеге жұмсағанын біз жақсы білеміз. Сондықтан, шын патриоттар мен жалған патриоттардың ара жігін ашу, олардың бір өлшеммен бағаламау қажеттігі туады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің биылғы “Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында ” атты жолдпуында қоғам мүшелерінің дербес қажеттері мен мүмкіндіктерін ашып қөрсететін мемлекет құру күн тәртібінде тұрғанын атап айтты. Яғни, республика халқы елдің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Соған орай, елбасы сөзімен айтқанда, “Біз баршаға мүмкіндік беретін қоғам: әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, акрдагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз!” Бұл- Қазақстанның шынайы патриоттарының пешенесіне жазлған сыбаға. Дәл осы тұрғыдан алғанда, “қазақстандық патриотизмді” еліміздің әрбір азаматының санасына сіңіру- кезек күттірмейтін мәселе. Ұлтына, нәсіліне, сенімімен нанымына, саяси көз- қарасымен ұстанған бағыт- бағдарына, т. б. ерекшеліктеріне қарамастан республикамыздың әр бір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін “Туған елім, Отаным” деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттық салт- дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін, дінін сыйлау, заңдарына бағыну, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану- қоғамның әрбір мүшесінің парызы. Әңгіме болп отырған мәселе төңірегінде үлкен мәселелер бар. Өйткені, республика халқының бүгінгі басым көпшілігін құрып отырған жұртшылық, атап айтқанда- жастар, өз елінің тарихы мен географиясынан, ұлттық батырлары мен біртуардарынан гөрі шетелдік эстрада жұлдыздарын жақсы біледі. “Американдықтар өз елдеріне қатысты нәрсенің бәрін дүние жүзінің ең үздігі деп есептейді: мемлекеттік рәміздерін- ту, елтаңба, әнұраннан бастап, шайнайтын сағызға дейін”. Сондықтан да Құрама Штаттардың халқы өз билеушілер “ ислам әлемінен төніп тұрған қатерге” қарсы жүргізіп жатқан империялық соғысына да қолдау көрсетіп, әлем алдында ақтап шығуға даяр. Яғни, бұл шетелдік, нақты осы жағдайда алғанда американдық патриотизмнің үлгісі.
Сондықтан, патриотизм-Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына, жеріңнің игілігіне қуана білу болса, “қазақстандық патриотизмнің” еркшелігі қандай? Біздің (автордың) көзқарымыз тұрғысынан алғанда, ол тек қазақтардың ғана емес, осынау кең-байтақ кеңістікті мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі-өз елінің тағдырына қобалжуы, жанашыры болуы керек. Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет-әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол ана құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны тағы да ақиқат. Патриотизм- санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз тәрбиенің жемісі.
Жоғарда айтып өткеніміздей, патриотизмдердің ең алғашқы шарты- мемлекеттік рәміздерге - туға, елтаңбаға, әнұранға құрмет. Өйткені, оларда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүгінгі игіліктеріміз, болашақ мақсаттарымыз айшықталған. Қазақстанның әнұраны орындалған шақта чемпион аталған спортшыларымыз сағыз шайнап тұрмай, ұлттың ұлы музыкасына қосылып, көзінен жас моншақтап тұрса, бүкіл елдің мәртебесі әсері күмәнсіз. Осы мемлекеттік рәміздерден басталған тәрбие тұлғалардың қоғамдық бағыт- бағдарын анықтайды, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік белсенділігін жоғарылатып өз іс- әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылады.
Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының құрамында болған ұлттармен ұлыстар арасында ерлік көрсету көрсеткіші жағынан қазақтардың шоқтығы биік. Ресми деректерге сүйенсек, қырқыншы жылдардың қырғынына қатысқан қазақ ұлты перзентінің жүзбіріне Кеңес Одағының батыры атағы беріліпті. Яғни, жалпы көрсеткіш бойынша, Одақтың негізін құраған үш славян халқы мен еврей және татарлардан кейінгі орындарда қазақтар тұр. Өктемдігі жүріп тұрған ұлттың кейбір өкілдерінің тарапынан болған кейбір әділетсіздіктерді солақай саясатты есепке алсақ, халқымыздың қаһармандығы күмәнсіз. Бұл- патриоттық тәрбиенің жемісі. Оның ішінде ізгілікке, адамсүйгіштікке, парасаттылыққа негізделген идеяның игілігі. Егер патриотизм деген қасиетті ұғым жекелеген адамдардың, топтардың, тіпті, тұтас этностық немесе діни бірлестіктің эгоизмімен пайда табу мақсаттарына пайдаланылатын болса, оның зардабы ұшан теңіз.
Өткен ғасырдың пешенесіне бұйырған екі бірдей жаһандқ соғыстың аралғындағы Германияның мысалы жоғарыдағы пікірімізге көрнекі дәлел бола алады. Алғашқы дүние жүзілік соғыстың айып құнын көтеріп, экономикасы туралы қалған елді дер кезінде ұсынылған ұлттық идея- немістік патриотизм жедел топтастырып халық шаруашылғын қалпына келтіріп, қарштап дамуға жеткізді. Ұлтшл патриотизмнің жаппай қанат жаюы нәтижесінде шарықтау шегінде фашизмге айналған бұл идея өзі дүниеге әкелген державаны ақыры күйретіп тынды. Өткен ғасырдң алғашқы жартысында жапон импереализмі туралы да осындай тұжырым жасауға болады. Сондықтанда белгілі қоғам қайраткері Джонсон патриотизм ұғымын жеке мүддеге бағындырғанда жайлы “Оңбағанның ең жеткен жері- патриотизм” деген қанатты сөз айтқан.
Әрине, жоғарыдағыдай жағдай негізінен белгілі бір ұлт өкілдері басымдылық танытатын елдерде орын алатын белгілі. Ал, басқаларға өктемдік жүргізбек түгілі өгей баланың күйін кешіп, тілі мен діні, ділі қағажу көріп келе жатқан қазақ тәрізді ұлттың атын иеленген республика патриотизм қалай дамып ұлттық идея қандай негізде ілгерілеуі керек деген заңды сұрақ туады. Яғни, елдегі эпостқ топтардың тарихи сабақтастықтарына һәм мұқтаждықтарына нұқсан келтірместен жалпы халықтық ортақ мүддеге жұмлдырудың жолы барма? Ия, бар дейміз. Бұл үшін қазақтар ең алдымен өзінің тарихи сабақтастығымен мұқтаждғына нұқсан келтірмей, басқалар үшін де толыық жауапкершілікті өз мойнына алу керек. Республиканы мекендейтін ұлттар мен ұлыстар өкілдері қазақстандық қоғамның қазақ халқы төңірегіне топтасуы қазіргі уақыт алға тартып отырған қажеттілік екенін саналықпен түсінуі және түйсінуі керек. Сонда ғана Қазақстанда патриотизм мен интернационализм жарастықты салтанат құра алады.
Интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеу- күрделі педагогикалық үрдіс. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жету қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүниетанымының өсуіне жағдай жасады.
“Қоғамда Қазақстан- біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек ”- деген Елбасмыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір.
Қай ұлттан шыққанына қарамай, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім ахуалын қолдауы құрамдағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек гүлденіп отырған мемлекеттер әлемде аз емес. Сонымен қатар, бұл елдерде патриотизм сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан(1) .
“ Патриотизм ”, - деген болатн Б. Момышұлы, Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман- саулығының қоғамдық- мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизмге мемлекет деген ұғымды, жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым- қатынасты білдіреді(2) .
Патриоттық сезім жалпы адам баласына адами түйсік- қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, қамқорлықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттап- қолдауын пайымдайтын көрсеткіші болып табылады(4) .
Қазақ совет энциклопедиясында “Патриотизм дегеніміз (грек patriotes-отандас, patrio-отан туған жер) отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш пен қуаты білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет- ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизим элементтері ерте заманнан қалыптаса бастады”- деп атап көрсетеді(6) .
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері балалардың, жасөспірімдердің оқу- тәрбие ісіне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу- тәрбие ісінде назар аударып отырған тәрбие салаларының бірі- патриоттық тәрбие. Қазақстан Республикасы көп ұлтты іргелі ел.
“Жаңа қоғамның дамуындағы ең маңызды нәтиже- оның барысында қалыптасқан жаңа адам, оны ауыр күрестерде қорғай білген, өзінің күш- қуатын аямай, барлық қиындықтарға төтеп беріп, болашақты білген, барлық сын сынақтардан өтіп, өзі адам танымастай болып өзгерген. Өзінің бұрынғы қасиеттеріне саяси мұраттылықты қосып, өмір сүрудің тәжірибелерінен қуат алып, өзінің жеке басының мәдениетін, білімін кәдеге жаратып, мәреден көріне білген адам. Бұл адам болашағының нағыз патриоты болуымен бірге, интернационалист болған және болады да”- деп атап көрсетілген(7) .
Мәселен, біздің заманымызға дейінгі ІХ ғасырдағы өмір сүрген Грециядағы Спарта елі халықты қорғауға қабілетті қиындыққа төзімді, епті де ержүрек ұрпақ тәрбиелеу ісіне ерекше көңіл бөліп, қауымдаса қолға алған. Оған ежелгі ой алыптары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотельдердің пәлсапа ғалымының бір тармағы саналған педагогика тағылымына айрықша деп қойып, құнды мұралар қалдырғаны дәлел.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz