Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесінде жетілдіру жолдары



Кіріспе

1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды қолданудың теориялық негізі

1.1 Ұлттық ойындардың зерттелуі мен даму тарихы, түрлері

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды қолданудың психологиялық.педагогикалық ерекшеліктері

2. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіруде ұлттық ойындарды қолданудың әдіс.тәсілдері

2.1 Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі сабағының мазмұны, құрылымы және ерекшеліктері

2.2 Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды қолданудың технологиясы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша
Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды.Оған Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи мәдени тамырларына қайта оралу - бұл, әрине оң процесс… Қазақстанда ұлттық тілді, мәдениетті, экономиканы… дамытуға барынша қолдау жасап отыр», - деген сөзі мұның айғағы [1].
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай баяндалған: «Ол ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды. … Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар … күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады» [2].
Ал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері: ...азаматтықпен ел жандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, …әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шет тілдерін меңгеру», -деп айрықша атап көрсетілген [3].
1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан болашағы қоғамның идеялық бірлігінде. – Алматы, 1993. – 168 б.
2 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасы. – Алматы, 1997. – 164 б.
3 Қазақ Республикасының «Білім туралы» заңы. // Егемен Қазақстан, 1999. 11 маусым.
4 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. // Қазақстан мұғалімі, 2004 ж. 20 қаңтар.
5 Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылдарға арналған білім жүйесінің мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Президенттінің жарлығы). // Егемен Қазақстан.
6 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы. Астана, 2007. – 34 б.
7 Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: Қазақстан, 1978. -88 б.
8 Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы «Рауан», 1991.
9 Ботабаева Ә.Е., Сәлімбаев О. Өнер құралдары негізінде оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру. –Тараз, 2007.
10 Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика. – Астана, 2005. - 328 бет.
11 Сухомлинский В.А. Балаларға жүрек жылуы. – Алматы: Мектеп, 1976. -136 б.
12 Шацкий С.Т. Избранные педагогические сочинения. В 2 т. //Под ред. Н.П.Кузина, М.Н.Скаткина. – М.: Педагогика, 1980. Т. 1. – 301 с.
13 Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 269 б.
14 Макаренко А.С. Ұстаздық дастан. – Алматы: Мектеп, 1983. – 488 б.
15 Крупская Н.К. «Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы» таңдамалы педагогикалық шығармалары. – Алматы, 1973. – 735 б.
16 Абай шығармаларының екі томдық жинағы. – Алматы: Жазушы, 2004. – 340 б.
17 Бабанский Ю.К. Избранные педагогические труды. – Москва: Педагогика, 1989. с. 560.
18 Исаев Ә.И., Сейдахметов Е. Дене шынықтыру сабағында бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері. //«Шоқан тағылымы-13» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Көкшетау, 2008. 146-148 б.
19 Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: Дарын, 2004. – 448 б.
20 Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін (Очерк). - Алматы, 1994. – 450 б.
21 Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 117 б.
22 Дулатов М. Оян қазақ! – Алматы: Алтын Орда, 1991. - 187 б.
23 Жұмабаев М. Педагогика (Баланы тәрбие қылу жолдары). – Алматы: Рауан, 1993. – 112 б.
24 Ұзақбаева С.А. Қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие: пед. ғыл. докт. ... дис. - Алматы, 1993. - 420 б.
25 Ұзақбаева С.А., А.К.Айтпаева. Қазақтың халық балалар ойындары. – Алматы: Білім, 1998.
26 Бегманов Қ. Халқы мықтының – салты мықты. – Алматы: Өлке, 2010, - 480 б.
27 Сарбасова Қ.А. Бастауыш сыныптарда математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002.-82 б.
28 Жолтаева Г.Н. Негізгі мектепте математиканы оқыту процесіңде этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесі: пед. ғыл. канд....дис. автореф - Алматы, 1999. - 27 б.
29 Кәмәлошұлы Б. Қазақ халқының дәстүрлі той-мереке, сауық-сайран, ұлттық ойын, тамашалары, - Алматы: Өнер, 2005. – 96 б.
30 Ешмұратова Д.С. Бастауыш мектепте оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдалану. //«Шоқан тағылымы-13» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Көкшетау, 2008. 101-104 б.
31 Смайыл М. Қазақтың ұлттық ойындарын мектептерде жүргізудің тәрбиелік мәні. // Жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасы тәсілдерін қолдану мәселелері. Республикалық конференция мақалаларының жинағы. ІІ жинақ. - Алматы, 2002. 55-62 б.
32 Исмаилова А.Ж., Байсбаева М. Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы. //«Педагогикалық білімнің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция еңбектері. І т. Шымкент, 2006. 83-85 б.
33 Иманалиев Ж.Ж. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды қолданудың тәрбиелік мәні. //«Сапалы білімге индустриалды-инновациялық саясаттың әсері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. ІІІ Том. - Тараз, 2012. −Б.170-172.
34 12-жылдық мектептік білім беру жүйесіне көшу бағытындағы оқу курстарының тиімділігін арттыру жолдары. //Білім. 2007 ж. № 4, 15-17 б.
35 Возрастная и педагогическая психология /под.ред. А.В.Петровского. -М., 1984.
36 Ж.Д.Иманалиев и др. Этапная структура обучения двигательным действиям. //«Инновациялық қоғамды қалыптастыруда білім мен ғылымның даму ресурстарын тиімді пайдаланудың озық тәжірибелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. ІІІ Том - Тараз, 2011. −Б.167-169.
37 Иманалиев Ж.Ж. Оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастырудағы даралық қатынасының маңызы. //«Инновациялық қоғамды қалыптастыруда білім мен ғылымның даму ресурстарын тиімді пайдаланудың озық тәжірибелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. ІІ Том - Тараз, 2011. −Б.346-348.
38 Иманалиев Ж.Ж., Танаев Қ.Т. Жеке тұлғалық - тәрбиелеу потенциалының негізі, оның қызметі. //«Сапалы білімге индустриалды-инновациялық саясаттың әсері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. ІІІ Том. - Тараз, 2012. −Б.242-245.
39 Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. -Түркістан, 2004.
40 Керімбаева Р.Қ., Исламова Д.А. Бастауыш сынып оқушыларына дене тәрбиесін қалыптастыру. //«Шоқан тағылымы-13» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Көкшетау, 2008. 171-174 б.
41 Бұзаубақова К.Ж. Оқытудың инновациялық педагогикалық технологиясы бастауыш сынып оқушысын дамыту құралы ретінде. – Алматы, 2006.
42 Педагогическое физкультурно-спортивное совершенствование. Под ред. Ю.Д.Железняка. -Москва, 2005.
43Ботабаева Ә.Е. т.б. Дене шынықтыру және спорт педагогикасы. Оқу-әдістемелік құрал/– Тараз, 2007.
44 Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. -Өскемен, 2006.
45 Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие процесінде пайдалану. - Алматы: Рауан, 1993. -766 б.
46 Ботағариев Т., Күншашов А. Дене тәрбиелеу мәдениеті және қазақ ұлттық ойындары. // Қазақстан мектебі. 2002. № 9. 27-30 б.
47 Б.Төтенай, Б.Басыбеков. Дене шынықтыру. Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2000. 112 бет, суретті.
48 Ботабаева Ә.Е., Сәлімбаев О. Қазақтың ұлттық өнері. Жалпы орта білім беретін мектептің 7 - 11 сыныбына арналған факультативтік сабақтың оқу-әдістемелік құралы. – Тараз. – 2007. – 46 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесінде жетілдіру
жолдары

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды6
қолданудың теориялық негізі

1.1 Ұлттық ойындардың зерттелуі мен даму тарихы, түрлері
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінде ұлттық 26
ойындарды қолданудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
2. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіруде ұлттық39
ойындарды қолданудың әдіс-тәсілдері

2.1 Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі сабағының мазмұны,
құрылымы және ерекшеліктері
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі сабағында ұлттық 57
ойындарды қолданудың технологиясы
Қорытынды 82
Қолданылған әдебиеттер тізімі 83
Қосымша

Кіріспе

Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп
жатқан шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол
ашылды.Оған Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы қоғамның
идеялық бірлігінде атты еңбегінде: Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік
қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи мәдени тамырларына
қайта оралу - бұл, әрине оң процесс... Қазақстанда ұлттық тілді, мәдениетті,
экономиканы... дамытуға барынша қолдау жасап отыр, - деген сөзі мұның айғағы
[1].
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің
тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан – 2030 халыққа Жолдауының
Қазақстан мұраты бөлімінде былай баяндалған: Ол ұрпақ тәрбиесінде дана
болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық
жасайды. ... Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы
нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар ... күллі
әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады [2].
Ал Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру
жүйесінің міндеттері: ...азаматтықпен ел жандылыққа, өз Отаны – Қазақстан
Республикасына сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық
дәстүрлерін қастерлеуге, ...әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне
баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет
ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шет тілдерін
меңгеру, -деп айрықша атап көрсетілген [3].
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасын [4], Қазақстан Республикасының 2010-2015
жылдарға арналған білім жүйесінің мемлекеттік бағдарламасын [5] т.б.
ұлттық тәрбие мазмұнын жандандыруға бағытталған ұсыныстарды республика
мектептерінде оқу-тәрбие жұмыстарын қайта құруда басшылыққа алатын құжат
етіп ұсынды.
Бүгінгі таңда, халқымыздың дәуірлер сынынан өткен рухани-эстетикалық
құндылықтарын зерттеу, тану, оның бар мүмкіндіктерін жас ұрпақ тәрбиесінде
пайдалану мәселелеріне байланысты Мәдени мұра, бағдарламасы (2007 ж.)
бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мәдени мұра бағдарламасының басты
мақсаты – ...дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты зерделеудің тұтастай жүйесін құру
шеңберінде қазақ халқының тарихымен, материалдық және рухани мәдениетімен
байланысты негізгі ғылыми проблемаларды зерттеу және танымал ету деп
көрсетілген, яғни халықтық рухани, материалдық мәдени құндылықтарын, мектеп
жасынан бастап әр азаматтың шығармашылықпен игеруіне мүмкіндік жасайтын
мемлекеттік әрі педагогикалық міндеттерді қамтиды [6]. Жас ұрпақты өнер
табиғатымен қауыштыра отырып, дәстүрлі ұлттық өнердің қыры мен сырын,
көркем-бейнелілік тілін меңгерту және олардың шығармашылық іс-әрекеттерін
дамыту арқылы халқымыздың көркемдік мәдени бай мұрасын игерту, туған
халқының өнеріндегі парасатты дәстүрлеріне деген жарасымды көзқарастарын
калыптастыру, қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің барлық саласында
негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Халқымыздың мәдени мұрасының бірі - ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар –
ата-бабамыздың бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға
жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, оны үйренудің, күнделікті
тұрмыста пайдаланудың пайдасы орасан зор. Өйткені ұлттық ойындарымыз жас
өспірім ұрпақты ел қорғауға, бауырмалдыққа тәрбиелеуде дене тәрбиесінің
ажырамас бөлігі болып саналады.
Ұлттық ойындарды қолдану мәселелерін Т.Ш.Қуаныш, Б.Төтенаев,
А.Б.Бүркітбаев, Е.С.Сағындықов, С.Ұзақбаева, Т.Ботағариев, А.Күншашов,
А.Ж.Исмайлова, А.Ш.Доспенбетова, М.Смайыл, М.Байсбаева, Д.С.Ешмұратова,
Ә.И.Исаева, Е.Сейдахметов, т.б педагогтарымыз көтеріп келеді. Олардың
пікірінше, ұлттық ойындар – шаттық сезімдер көзі және ұлағатты тәрбиелік
күш.
Алдын-ала зерттеулерге жүгінсек, мектеп мұғалімдерінің ұлттық ойындарды
жүргізуінде әлі де кемшіліктер байқалады. Сондай-ақ оқушылардың дене
дайындығының әлеуетін жүргізуінде бірізділік сақталмауда. Осыған сүйене
отырып, біз зерттеу мәселесін былай тұжырымдаймыз: бастауыш сыныптың дене
тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындардың әдістемесін жүзеге асыруда және
балалардың дене дамуында қайшылықтар бар. Сондықтан бұл жұмыстың өзектілігі
бар деп есептейміз.
Бұл қайшылықтардың шешімін табу біздің зерттеу тақырыбын: Бастауыш
сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесінде жетілдіру жолдары
- деп алуға мүмкіндік берді.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене
тәрбиесінде жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін
жасау.
Зерттеу нысаны: Жалпы орта мектептің бастауыш сынып оқушыларының оқу-
тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып дене тәрбиесі сабағы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш сынып оқушыларын ұлттық
ойындар арқылы дене тәрбиесін жетілдірудің моделі жасалып, оқу-тәрбие
үдерісіне жүйелі бірізділікте ендірілсе; онда бастауыш сынып оқушыларының
ұлттық ойын туралы білім, іскерлік, дағдысы артады. Ал бұл болса, бастауыш
сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін жетілдірудің негізі
болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
1. Ұлттық ойындарының тарихын зерделеу.
2. Қазақ ұлттық ойындарының жіктемесін дайындау.
3. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін
жетілдірудің моделін жасау және педагогикалық шарттарын негіздеу.
4. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін
жетілдірудің әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент
жүзінде тексерістен өткізу.
Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар
арқылы дене тәрбиесін жетілдіруді оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру оларды
халықтың рухани-материалдық құндылықтарын түсінікпен қабылдауға және
күнделікті өмірде тиімді пайдалануға бағдарлайды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - зерттеу проблемасы
бойынша жалпы адамзаттық, ұлттық рухани құндылықтардың диалектикалық
бірлікте болуы туралы философиялық, эстетикалық теориялар мен Қазақстан
Республикасының әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасы, өнерінің
заңдылықтары мен атқаратын қызметі туралы өнертану, эстетикалық,
психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми-зерттеу еңбектері.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени дамуының
тұжырымдамасы, Мәдени мұра бағдарламасы; рухани-мәдениет құндылықтары
туралы философия, саясаттану, психология, педагогика саласындағы ғылыми
еңбектер, ұлттық ойын туралы мәдениеттану, өнертану, эстетикалық еңбектер
т.б.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық, тарихи-
этнографиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; оқушылар арасында ұлттық
ойындарға байланысты әңгімелер, сауалнамалар жүргізу; педагогикалық
эксперимент нәтижелері мен қорытындыларын сараптау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2010-2011 жылдар) зерттеу проблемасы бойынша
философиялық, психологиялық-педагогикалық, мәдениеттану, өнертану, балалар
киімдерін конструкциялау әдебиеттеріне талдау жасалды, проблеманың зерттелу
деңгейі анықталды, ғылыми аппарат және эксперимент бағдарламалары
айқындалды.
Екінші кезеңде (2011-20012 жылдар) - деректі материалдар жинау
жалғастырылды; бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене
тәрбиесін жетілдіру мәселесі бойынша педагогикалық озық тәжірибелер мен
идеялар қарастырылып зерттелді. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар
арқылы дене тәрбиесін жетілдірудің өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды.
Оның мазмұны мен әдіс-тәсілдері педагогикалық тәжірибелік-эксперимент
жүзінде тексерілді. Эксперимент нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларын
ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін жетілдірудің ұтымды әрі тиімді әдіс-
тәсілдері дәлелденді. Нақтылы тұжырымдар мен нұсқаулар жасалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
1. Ұлттық ойындардың қалыптасу тарихы зерделенді.
2. Қазақ ұлттық ойындарының жіктемесі айқындалды.
3. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін
жетілдірудің құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, оны тиімді жүзеге
асырудың педагогикалық шарттары негізделді.
4. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін
жетілдірудің әдістемесі жасалып, оның тиімділігі сынақтан өткізіліп,
тәжірибеге енгізілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу тәжірибелерінде дайындалып,
жұмысымызда ұсынылған дене тәрбиесі пәнінің сабақ үлгілерін мектеп
мұғалімдерінің пайдалануына ұсынылды.
Зерттеу базасы: Тараз қаласындағы № 53 орта мектепте өткізілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Қазақ ұлттық киімдерінің жіктемеге келтіріп, сұрыптау бастауыш сынып
оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін жетілдірудің педагогикалық
мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді.
2. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін
жетілдірудің құрылымдық-мазмұндық моделі эмоционалдық-мотивациялық,
мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттері бірлігінде байқалады және нақты
өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлер арқылы сипатталады. Оны жүзеге асыру
үдерісі мынадай педагогикалық шарттарды ескерумен қамтамасыздандырылады: а)
таныстыратын ұлттық ойындар бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне
лайық болуы; ә) ұлттық ойын түрлерін меңгеруде іс-әрекетті саналы түрде
орындауға ықпал ететін оқыту формаларын, әдістері мен құралдарын пайдалану;
б) ұлттық ойындармен таныстыруда үнемі салыстыра отырып әр ойынның өзіндік
даралығын көрсетуге оқушыны бағыттап отыру болып бөлінеді.
3. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін
жетілдіру жолдарын диагностикалауға, жоспарлауға, ұйымдастыруға, талдауға
негізделген педагогикалық әдістемесі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі қорытындылардың
әдіснамалық және теориялық негізде дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми
аппараты мазмұнының сай болуымен, кешенді әдіс-тәсілдердің пайдалануымен,
тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмысының жоспарлы кезеңдігімен
қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру: Тараз инновациялық-
гуманитарлық университетінде өткен Инновациялық қоғамды қалыптастыруда
білім мен ғылымның даму ресурстарын тиімді пайдаланудың озық тәжірибелері
(2011 ж.) және Сапалы білімге индустриалды-инновациялық саясаттың әсері
атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция мақалаларының жинағында
(2012 ж.) баяндалды. Диссертация мазмұны жарық көрген 4 еңбекте көрініс
тапты.
Диссертацияның құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы,
міндеттері, әдіснамалық негіздері, ғылыми жаңалығы және теориялық мәні,
практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар тұжырымдалады.
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды
қолданудың теориялық негізі деп аталатын бірінші тарауда зерттеліп отырған
қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі мен даму тарихы, түрлері туралы
айтылып, педагогикалық мәні ашылған. Бастауыш сынып оқушыларының дене
тәрбиесінде ұлттық ойындарын қолданудың психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктері қарастырылған, құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылды, оны
жүзеге асырудың педагогикалық шарттары айқындалды, проблеманың бүгінгі
жағдайы ашып көрсетілді.
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіруде ұлттық
ойындарды қолданудың әдіс-тәсілдері деп аталатын екінші тарауда бастауыш
сынып оқушыларының дене тәрбиесі сабағының мазмұны мен құрылымы анықталып,
тәжірибелік-эксперимент жұмысының мазмұны баяндалған, онда бастауыш сыныпта
жүргізілген дене тәрбиесі сабағында қазақтың ұлттық ойындарын қолданылып
өткізілген сабақтары. Педагогикалық экспериментке сандық-сапалық талдау
жасап, өз еңбегінің нәтижесінде пайыздық талдау жасалынған.
Қорытындыда педагогикалық тәжірибе жұмысының нәтижелері негізінде
дайындалған тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Қосымшада қазақтың ұлттық ойындарының суреттері берілген.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Ұлттық ойындардың зерттелуі мен даму тарихы түрлері

Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға
баспайды. Демек, зерттеудің өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін
игерумен қатар,оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады.
Дәл осы жағдай қазақ ұлттық ойындарының даму тарихына да қатынасы болса
керек. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму
жолдары, қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік-
экономикалық дамуының негізінде болды. Қазіргі тарихи ғылымдардың дәлелдеуі
бойынша бізге жеткен қазақтың ұлттық ойындарының қалыптасу кезеңі - сонау
адамзат баласының жаратылған күнінен басталады. Демек Қазақстан жерінде
қалыптасқан алғашқы қауымдық құрлыста басталады. Содан бері біздерге жетіп,
ойналып жүрген ұлттық ойындарының ішінде әр түрлі құмалақ ойындары, бестас,
асық, садақ ату т.б. шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында
ағылшын ғалымы Э.Маккей ... бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде
тайпалық одақтар арасында тарағанға ұқсайды - дейді. Сондай-ақ мұндай
пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу
бойында болған сапарында көрген Қыз бөрі ойыныда Қазақстан
терреториясындағы тайпалардың пайда болған кезеңнен, яғни таптық қатынаспен
бірге туғандығы жайлы ескертеді.
Ұлттық ойындары ертеден-ақ, жалпы этнографиялық әдет-ғұрыптармен бірге
дамып жетіліп, ендігі жерде өз алдында бір бөлек зерттеуді керек ететін
қазақ этнографиясының бір бұтағы болып тұр.
Қазақ халқының ұлттық ойындары жайындағы деректемелерді қағаз бетіне
түсіргендердің бірі Венеция саяхатшысы Марко Поло болды. Ол өзінің
Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерейлі
тойларында болып, ойын сауықтарын көріп, көптеген ұлттық ойындарына талдау
жасап, шығу тарихына қалыптасу дәуірлеріне де болжам айтқан. Неміс ғалымы
Александр Гумболдт 1892 жылы орыс өкіметінен арнайы рұқсат алып Каспий
теңізінің бойына, Орал мен Алтай және Орынбор, Семей, Өскемен қалаларына
саяхат жасайды. А.Гумболдт өзінің болған жеріндегі көшпелі қазақ
ауылдарының өмірімен танысып, олардың күнделікті тіршілігі, қонаққа сый-
құрметі, табиғат құбылысына бейімделуі, әдет-ғұрпы, яғни тарихы мен
этнографиясын толығымен зерттей келе Централная Азия исследования о цепиях
гор и по сравнительной климотологии атты еңбегін жазды. Француздың атақты
жазушысы А.Дюма Из Парижа в Астрахань атты еңбегінде ұлына жазған
хатында: Қымбатты ұлым, сенің хатың мені Астраханды қуып жетті. Менің
саяхаттағы өмірімнен мағлұмат алғың келсе, алдымен қолыңа Россияның
картасын ал, Астрахань қаласын тап. Біздер мұнда келгеннен кейін Каспий
теңізінің жағасында аң ауладық, құс салдық. Бұл күндері мен үлкен тойдың
ойын-сауықтың куәсі болдым. Келген қонаққа сый көрсетуге мұндай ойындар
өткізу әзірше мен көрген елде, жүрген жерде кездестірмедім. Мұндай ойын-
сауықтың өтуіне себепші болған маған Қаракүлден тігілген тон кигізді.
Қазақтың этнографиясын зерттеп еуропа елдеріне таратуға ат салысқандар
Поляк революционері А.Янушкевич, Б.Заллесский, И.Андреев болды. XX-ғасырда
Қазақстан жерінде болған орыс саяхатшылары саяси жер аударылғандардың
еңбектерінде қазақ халқының ойын-сауықтарын, аңшылығын, жылқыларды әр түрлі
ат ойындарына баптауы, олардың аса бір жүйрік тұқымдарын өсіруі жайлы
материалдар жан-жақты жинақталып зерттелген. Ұлттық ойындардың қалыптасу
кезеңі б.з.д. XII-IX- ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалардың
құрылу дәуірі - өйткені ойындарының қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде
дамымасын, олар тек өндірістік қарым-қатынастың қалыптасуына негізделген.
Кезіндегі өндіріс күштерінің құралына пайдалануға икемделген тас, ағаш,
сүйек т.б. табиғи заттар осы дәуірдегі қалыптасқан ұлттық ойындарда да сол
өндіріс құралдарының материалдары қолданылады. Мәселен күні бүгінге дейін
мәнін жоймаған Асық ойыны, Қарагие ойыныда қолға түскен ағаш емес, тек
қайың мен ырғайдың бірі, тіпті табылмағанда талды пайдаланған.
Демек, бұл табиғи заттар өндірістік қарым-қатынастың дамуына қандай
әсерін тигізсе ұлттық ойындардың қалыптасуында да осындай маңызы болды.
Көшпелі қазақ тайпаларының арасында ұлт мәдениетінің бір саласы ретінде
қалыптасқан ұлттық ойындары әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруіне
байланысты өзгеріп дами береді.
Алғашқы мемлекеттік бірлестік кезінде дамыған халық ойындары жас
өспірімдердің бір ортада өмір сүруіне және өзара қарым-қатынас жасауға
себепкер болғандықтан, бұл кезеңде қалыптасқан ойындардың көпшілігі түнде,
ай жарығында далада, ашық алаңдарда ойнайтын ойындар қалыптасты. Біздерге
белгілі малмен жүрген көшпелі руларда киіз үйден басқа жайдың
болмағандығынан, тек ашық алаңдарда ғана ойнайтын ойындар дами берді.
Ақсүйек, алты бақан, монданақ, бұрыш көрші, сиқырлы таяқ т.б. болды.
Бұл дәуір мәдениетпен өнердің қауырт дамыған кезеңі болғандықтан, кейбір
рулардың отырықшылдық кәсіппен айналысуына душар етті. Кейін келе жоғарыда
аталған ойындардың кейбіреулері үлкен тұрған үй бөлмелерінде ойналатын
болды.
Алғашқы феодалдық қатынас кезіндегі қалыптасқан ұлттық ойындардағы
өзгеріс: бірінші рет топқа бөлініп ойнайтын ойындар туа бастады. Ондай
ойындардың алғашқыларының бірі күні бүгінге дейін мәнін жоймаған Ақсүйек
ойыны.
Бұл ойынды түнде - ай жарығымен ойнайды. Ұлттық ойындардың келесі бір
даму кезеңі IV ғасыр, яғни Қазақстан жерінде алғашқы хандықтардың қалыптасу
дәуірі. Бұл қазақ халқының ұлт ойындарының дамуының жаңа бір сатысы болды.
Бұл кезеңдегі ойындардың көбіне қоғамдық құрылыстың ерекшелігіне қарай жеке
адамның ролі арқау болып,таптық элементтер араласты. Айталық ұлттық ойындар
арқылы үстем тап өз мүддесін, өз идеологиясын өткізгісі келсе, халық,
еңбекші тап соған қарсы өз дегенін айтуға тырысты.
Олардың қоғам құрлысына деген өз қарастарын бейнелейтін элементтер
әсіресе асық ойындарында көбірек көрсетілген. Жалпы қазақ жастары кейін
келе асықты өңдеп, Қазақстан терреториясының барлық жеріне дерлік белгілі
бір жүйеге келтірілген түрлері тарады. Ондағы істегендері, асықты тас
болмаған жағдайда қарағай қабығынан бояу алып отырған. Одан келе сақаның
табанын қайрап алшы түсу үшін, қарсыласына білдірмей, алшысын тесіп
қорғасын құйып, қайтадан үстіне сүйек қағып қайрап қоятын болды. Қазақ
халқының сонау, көне заманнан бері негізгі кәсібі мал шаруашылығы
болғандықтан, мал өсіру мен мал басын көбейту өндіріс үдерісінің негізгі
мақсаты.
Сондықтанда Халықтың бар байлығы малда болды. Қазақ тіршілігінде төрт
түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал
өсірумен өткен қазақ халқының этнографиялық даму ерекшеліктері, той-думан,
қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты болды.
Төрт түліктен алынатын өнім қазақ халқының кисе киімі, мінсе аяқ артар
көлігі, тіпті өмір сүруге қажетті заттың барлығы сонда болғандықтан және
адамзатқа көрсететін қызығымен сан қилы қасиеттерін өте жоғары дәріптеген,
оны мал адамның бауыр еті, мал ашуы - жан ашуы деген халық мақалдарында
байқауға болады. Немесе есейе келе тек бір жақты ғана болып кетпей, еңбекке
араласудың мәнісін көшпелі халық жас өспірімдерге былай деп дәріптеді:
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар.
Бәріненде қой жайып,
Көктен жеген озар.
Бұл көне мақалға қарағанда, қазақ халқында асық ойынымен қатар белгілі
дәрежеде доп ойындары да болғандығын аңғару қиын емес. Допты олар көбінесе
жазғытұрым төлдеген сиыр жүніне жасайтын болған. Бұл әдіс ауыл арасында
бертінге дейін қолданылып келді.
Демек қазақ халқының бір мақсаты мал басын арттыру, жүйрік жорғасы,
жүлде алған тұлпарын мадақтап қызықтау болатын. Тіпті екі адам кездесіп
амандық сұрасудың өзі мал-жан, қора-қопсы аман ба? деп басталатын.
Қазіргі Қазақстан жерін мекендеген ең алғашқы рулардың әдет-ғұрыптардың
негізінде дамыған алуан түрде ойналатын қазақтың ұлттық ойындары, көшпелі
халықтың дала табиғатына сай дами береді. Әр түрлі өнерді белгілі бір
жүйеленген ортада көре алмағандықтан, театры жоқ елдің театр орнына
көретін сауығы - еңбек мерекелері мен қыз ұзату, бала сүндеттеу мен өлгенге
ас беру сияқты ойын тойларының өзекті арқауы ән мен күй, драмалық
элементіне жататын халық ойындары болғаныда даусыз. Осылайша ертеден бері
ұзақ сонарлы көштің соңында мал бағып келген қазақ халқының да әдеті мен
өзіндік жорамалы болды. Әр алуан дәуірімен әр қилы кезеңдерді басынан
өткізседе халық өздерінің көшпелі тұрмысында қалыптасқан әдеттерін рухани
азық ете білді.
Халық өмірдің қандай қиыншылығынан да, қуаншынада төзе отырып, осы әдет-
ғұрыптары, толғау жырлармен әсем әндер, сарынды күйлері көңіл ашар қуанышы,
қайғы-шерін тарғатар алданышы етіп, ауыр күндерде ой тербететін жұбанышы
етіп отырған. Сондықтан да қазақтың ойын- сауықтарын, әдет-ғұрыпын түпкі
негізі мал өсірумен экономикалық қарым-қатынастың дамуына байланысты
болған. Бұл тақырыпты зерттеудегі мақсатымыз ең әуелі ұлт ойындарының даму
тарихымен қалыптасу кезеңдерін анықтау болса, екіншіден ұлт ойындары халық
өнерінің негізі екендігін, оның тәрбиелік маңызымен жасөспірімдердің
болашақ өмірінің бастамасы осы ұлттық ойындары екендігін дәлелдеу және жеке
бастың тұлға ерекшелігінің қалыптасу ойындағы рөліне, жалпы этнографиялық
ерекшеліктеріне талдау жасау.
Халқымыз тәрбие жемісін ерте татуды ұнатады. Тәрбие нәтижесі баланың
нағыз жалын атқан кезінде көрінуі керек. Демек, бала бойында қалыптасып
келе жатқан адамгершілік қасиеттер, оның жас кезінен-ақ байқалады деп
есептейді. Сондықтан да қазақ халқының қоғамдық тұрмысы, рухани өмірі
баланың ерте ер жетуіне себепші болған. Оған дәлел жоғарыда айтылған
көптеген зерттеулермен қоса Ә.Диваевтың еңбектеріне бөлек тоқталамыз: XIX-
ғасырдың аяғы XX-ғасырдың бас кезіндегі көшпелі қазақ халқының
этнографиясын зерттеуші ғалымдардың назарынан тыс қалған мәселелердің бірі
- ұлт ойындарының тәрбиелік маңызы. Бұл негізде Ә.Диваев жан-жақты зерттей
келіп Кім де кім қазақ халқының арасында болып, күнделікті тұрмысымен
танысса, сол семьядағы бала тәрбиесінің әр қилы жақтарын, ойыншықтардың,
ойындардың, бала тәрбиелеуде қаншалықты мәні бар екенін біледі - деп
ескертеді. Халық ауыз әдебиетінің қағидасына сүйенетін болсақ, онда қазақ
балаларының жас ерекшеліктеріне қарай:
Бір жасқа дейін нәресте;
1-жастан 7-ге дейін сәби;
8-ден 14-ке дейін жасөспірім;
15-тен 25-ке дейін жігіт - деп 4- топқа бөледі. Осы дәстүрлі қағиданың
негізіне сүйене отырып ұлттық ойындарды 4- топқа бөлді:
Бірінші топқа бір жасқа дейінгі нәрестені тәрбиелеудегі Бесік жыры,
Саусақ санау және Тұсау кесу жырлары жатады. Баланы жастан дегендей,
нәресте дүниеге келгеннен бастап тәрбиеге алынады. Бесік жырында ата-ананың
баласына деген ізгі тілегін, жақсы ниетін еңбек сүйгіш, өнерлі болып өсуін
аңсаған ойын көреміз.
Енді 6-8 айға дейін Бесік жырын естіп келген нәресте саусағының
жыбырлағанын қызықтап айналасындағы дүниені бірінен-бірін ажырата бастайды.
Осы сәтте ата-анасынан саусақ санау жырын естиді.
Қазақ халқының арасынан кең тараған бес саусақтың аттары бар: бас
бармақ, сұр қол, ортан саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ. Осы саусақ аттарын
бала тілінде ұғынықты да жеңіл айтылуы үшін басқаша айтады: бас бармақ,
балалы үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек. Саусақ санау
жырларының тәрбиелік маңызы - тілі жаңа шығып келе жатқан нәрестені
сөйлеуге қызықтырып қана қоймай, 11-ге дейін санауды үйретіп, сол сандармен
қатар заттардың атымен танысып, тілі дамиды.
Нәресте өмірінің келесі кезеңі - еңбектеуден өтіп, қаз тұрып аяғын
басар кезде, оның тез жүріп кетуі үшін Тұсау кесер жыры қолданылады.
Екінші топқа сәбидің дүниеге көз қарасын қалыптастыратын әр түрлі
ойыншықтар мен құмалақ ойындары жатады. Қазақ балаларында ойыншықтар болған
жоқ десекте болады, тек қана балалардың өздері жасаған зырылдауық, қуыршақ,
балшықтан істеген ат, түйе, қой т.б. жануарлар бейнесі ғана болды. Бұл
ойыншықтар сыртқы әсемдігі жағынан балаларды онша қызықтыра қоймады.
Сондада антропологиялық көзбен қарайтын болсақ, осы ұсқынсыз ойншықтар
балаларды еңбекке баулып, өздері жасағандықтан құнды болды. Мәселен, Қой
бағу ойынында балалар құмалақты пайдаланады. Түйенің кепкен құмалағынан
қой, қойдың құмалағынан қозы жайып, қораға қамап, қоздатып, көшіп-
қонып, күнделікті халық өмірінде болып жатқан оқиғалармен байланыстырады.
Тіпті ойын үстінде құмалақтары бірінікіне бірі қосылып кетсе, қайтарып
беруге тырысқан. Демек балалардың ойындары сол кездегі қоғам өміріне
негізделіп күнделікті тіршіліктің қалай қалыптасқандығын аңғартады.
Үшінші топқа - Жас өспірімдердің қозғалмалы ойындары жатады.
Төртінші топқа – Жігіттердің ойындары мен ұлттық спорт түрлері топталды
[7]. Осы адамның жас ерекшеліктеріне байланысты ұлттық ойындардың жіктелуін
төмендегі сурет түрінде көрсетейік (сурет 1)

Сурет 1 – Адамның жас ерекшеліктеріне байланысты қазақ ұлттық
ойындарының жіктелуі
Ойын – тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімделудің белгісі, дене
шынықтырумен сергудің құралы. Қазақ халқы ойын баласы деп, жас баланың
ойнауына мүмкіндік туғызып отырған. Ойынның түрлері өте көп. Әрбір ойынның
тәрбиелік мақсаттары болады. Мысалы, асық ойыны бағдарлыққа, дәлдікке,
мергендікке үйретсе, доп ойыны букіл дененің тұтас қимылдап шынығуына
себепші болады. Ойнаудың түрлерін қауымдасып ойнау, одақтасып ойнау, жеке
ойнау деп, ал мазмұнына қарай тұрмыстық ойындар, шынығу ойындар, кәсіптік
ойындар, спорттық ойындар деп топтауға болады.
Қауымдасып ойнаған балалар бүкіл бір ұйымның, не ұжымның көлемінде
жалпылай ойынға қатысады: мұз айдынында коньки тебу, жалпы жарысқа қатысу,
т.с.с. Әсіресе, одақтасып ойнау кезінде әдептілікпен қатар, әділеттік те
қажет болады. Ойын кезінде қызбалыққа салынып, дөрекі сөздер айту, ысқыру,
даурығу - әдептілік емес, ал жеңіске жету үшін, әділетсіз шешім айту,
зорлықшыл төрелік жасау барып тұрған мәдениетсіздік және әдепсіздік болып
табылады. Жеке ойнау кезінде басқаларға кедергі жасамайтындай әдепті әрекет
жасау қажет.
Әрине, ойын болған соң, шаттану да қажет, бірақ шаттанудың жөні осы
екен деп, орынсыз айғайлау, шыңғыру - әдепсіздік. Ойнаушыны қолдау жігер
береді, бірақ жаңағыдай қылықтар көрсету қолдау емес, көбінесе, ол әдет
ойнаушыға қорлау болып сезіледі. Қазақтың Ақсерек – Көксерек, Ақсүйек,
Орамал тастау, Шілік, Арқан тарту, Аударыспақ сияқты ұлттық
ойындары қайрат – жігерді, байқампаздық пен сезімталдықты, Тоғыз құмалақ
ойыны ойлау қабілетін арттырады.
Бірінші байлық – денсаулық, дейді халық, ал ойын денсаулықты
арттырады. Дегенмен ойынның да орны бар, әркім ойынға, іске, оқуға,
тынығуға уақыт бөлу керек. Көп ойнаған бір жылар, Асық ойнаған – азар,
доп ойнаған – тозар, бәрінен де мал баққан озар деп, халық ойынға шек қоя
мақалдайды. Қазіргі кезде ойында еңбекпен ұштастырып ұйымдастыру тәсілдері
қолданыла бастады. Мысалы, әртістік ойын және әр түрлі кәсіптің сипатын
көрсететін құрылысшы, дастарқан мәзірі, үй – тұрмысына байланысты
қуыршақтар қойылы, т.б. ойындар баланы әрі ойнап, әрі кәсіпке үйретіп,
әрі пайдалы нәтиже шығаруға баулиды.
Әлсіз денеге ауру ұялайды дейді халық. Ертеңмен тұрып, шынығу, сергу
– ойынның бастама негіздері. Әткеншек тебу, алтыбақан ойыны, белтемірге
тартылып ойнау және т.с.с. неше алуан гимнастикалық ойындарды әуелі
жақсылап үйреніп, содан соң күнде сол ойындарға белгілі бір уақыт бөліп
ойнауды әдетке айналдыру ләзім.
Ойын неғұрлым көңілді өту үшін, ойын өлеңдерді жатқа білген дұрыс.
Мысалы: Қуырмаш ойынындағы:
Мына жерде – қант бар,
Мына жерде – жент бар,
Мына жерде - қатық бар,
Мына жерде – қытық бар,
- деп, қытықтап ойнау баланы сөзсіз күлдіреді. Ақсерек – Көксерек
ойынындағы:
Бізге сұлу қыз керек!
Сіздей сұлу қыз керек!
Бізге күшті ер керек!
Өзің керек – Еркөбек!
деген өлең ойнаушыны ынталандырады.
Ұшты - ұшты ойыны бойынша:
Ұшты, ұшты, қарға ұшты,
Ұшты, ұшты, арба ұшты!
- деп, жаңылыстыра айтып, аңғал баланың әбестігін күлкі етуге болады.
Мен - тепловоз деген өлеңді бір топ бала жаттап алып, пойыз болып ойнаса,
әрі дене шынықтырады, әрі кәсіпке ықыластындырады.
Ойын – халықтың баланы әдептілікке баулитын тәрбиелік құралы. Сондықтан
әрбір ойынның мәнін, мазмұнын түсініп, қызыға, әдеппен, тәртіппен ойнау
қажет.
Орынсыз ойнай берме, оқудыда, тұрмыс – тіршілікті де ойлай білу - әрбір
баланың міндеті.
Салт-сана, дәстүр сияқты әр халыққа тән өздерінің ұлттық ойыны болады.
Қазақ халқының ұлттық ойындары сан алуан. Міне осы ұлттық ойындар ұрпақтан-
ұрпаққа тарап, бірін-бірі жалғастырып осы заманға жетіп отыр. Ендігі жерде
біздің мақсатымыз – осы ойындарды ұмыт қалдырмай, алға алып бару. Себебі
ұлттық ойыннан сол халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, тамашалайсыз.
Қазақ халқының қайсыбір ойынын алсаң да ол - ептілікті, өжеттілікті,
шапшаңдықты, тапқырлықты т.б. талап етеді. Тек қана талап етіп қоймай
жастарды соған баулиды. Қазіргі қайта өркендеу ұлттық мәдениет пен салт-
сананың жаңғыру кезеңінде баспа беттерінде ұлттық ойындар туралы жазылған
мақалалар, құнды еңбектер пайда бола бастады. Солардың ішінде
Е.Сағындықовтың Қазақтың ұлттық ойындары деген кітабын атауға болады [8].
Кітапта ұлт ойындарының шығу жолдары мазмұны және ұйымдастырып жүргізу
тәсілдері жақсы баяндалған. Кітапта ұлттық ойындар өзінің мазмұнына
байланысты үш топқа бөлген:
Ойын-сауық тұрмыс-салт ойындары, оның қырықтан астам түрлері бар. Олар:
Ақ боран, Жар-жар, Қыз кәде, Беташар, Сиқырлы таяқ, Белбеу
тастау, Балтам тап, Алтыбақан, Айтыс ойыны, Сақина тастау т.б.
Мұндай ойындар халық педагогикасында өте көп және мазмұндары да, бағыттары
да бір-біріне қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызғылықты. Жоғарыдағы қай
ойынды алмайық бәрінде де би элементтері кездеседі. Ән, күй, тақпақ мәнерлі
қимыл мен ыммен жасалатын көріністер т.б. бір-бірімен алмасып жатады. Бұл
ойын-сауық тұрмыс-салт ойындары адамның эстетикалық талғамдарын, жалпы ой-
өрісін дамытып отыруына септігін тигізеді [9].
Қызығу, қуану, қанағаттану - өмірді тамашалаудың көрінісі немесе өмірде
сауық кұрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кішінің бәрі де әуес. Айтпағымыз,
өмір кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмірін көз алдыңа
елестете алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуірден басталады. Оның
қалыптасу кезеңдері мен тарихы өз алдына жеке әңгіме. Ойын халықтың өмір
сүру салтынан, өмір сүру үшін күресінен туындаған қажеттіліктің бірі. Ойын-
сауық еңбектің мазмұны мен құралына орай түрленген, жетілген. Қазақ – ойын-
сауықшыл халық. Бүгінде қазақтың 100–ден аса ойын түрлері мәлім. Қазақ
баланы жастан дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспіріммен тәрбиелік жұмысты
ертерек және жас ерекшеліктеріне қарай жүргізуді пайымдайды. Ойынсыз
ұрпақтың кім екенін, халықтың қандай екенін бағалау екі талай. Адам мен
ойын түйіндес, түбірлес. Ойын-сауық қазақтың әдеп-ғұрпына үнемі және айқын
ықпал еткен.
Айталық, тас дәуірінде қалыптасқан – таяқ жүгірту, асық, ақсүйек, темір
дәуірінде тараған – қарағие, садақ, бергі феодалдық дәуірдегі, яғни үйсін,
қаңлы хандығы кезіндегі – ақбайпақ, алтыбақан, арқан тартыс, белбеу тастау,
жасырынбақ, көрші бұғынай, айдапсал, т.б. ойындарды бүгінде білетіндер де,
білмейтіндер де аз емес. Жануарлардың қозғалысына еліктеп жасалынған
қозғалыстар да бертін келе ойын бидің арқауына айналған. Аң аулау
билерінің түрлері бір ізге келтірілмеген. Дегенмен олар барлық қауымдастық
мүшелерін қызықтырғанын ескерсек, оның тартымды түрлерінің көп және
жаттығуға икемді болғанына күмәнданбаймыз.
Қыпшақтардың тайпалық одақтары түрік қағанатына қосылғанда хан жақсыма,
ханды қара басты шалма, қарамырза, сайыс, ат үстіндегі тартыс, аударыспақ,
балтам тап, аударыспақ, көк бөрі тарту сияқты ойын түрлері таралған.
Ұлттық ойынымыздың тарихы туралы Рашидаддин, Низами әл-Мулк, Мосуди, Махмұд
Қашқари сынды ғұламалар пікір қалдырған. Батыстың 13 ғасырдағы саяхатшы
Марко Поло Жетісу жеріндегі үлкен жиында Қыз қуу ойыны мен Қыз бөрі
ойынын көргенін естеліктерінде тамашалап баяндайды.
Ойында өмірдің еркіндігі, кедергісі мен мақсаты анықталынады. Ойын-
сауық – жеке адамның даму қажеттілігін қанағаттандырады, қарсыласпен
татуласу немесе оны жеңу жолдарын іздестіреді. Шаруашылықтағы қимыл -
әрекетті осы биік мақсатқа көтерді. Ойын – адамның дене қабілетінің
бәсекесі, қарсыласпен ашық жарысы. Оның мақсаты – жеңіске жету, ойындағы
адамның қабілет – күшінің үстемдігін көрсету, дәлелдеу.
Кейде ойындардың аттары, атаулары өзгеріп жатса да, олардың ойналу
мазмұны сақталып қалған, сөйтіп, әдептің түрлерін қалыптастыруға септігін
тигізген . Мысалға, ақсүйек ойынының басқа түркі тілдес елдерде орда,
тоқтышақ сияқты атауы да бар немесе лек жалау ойынының шілік, қарыс ағаш,
шөлдік және т.б. түрлері бар. Бұл ойындарды әуелі балалар ойнаса, кейіннен
оған жігіттер мен ересектер де қосылған. Осы жағынан ойындар ересектерден
балаға дара ретінде жиі ауысып отырған. Мемлекеттік құрылым қалыптасқан
сайын ойындар халықтық мерекенің құрамына енген. Ойындар халықтық той
думанның оттығына, көпшіліктің ортақ сауығына айналды. Кез келген жиын-той
күрессіз, ат пен жаяу жарыссыз, айтыс, ән мен күйсіз, аң аулаусыз өтпейтін
болған.
Көшпенділер табиғи күш атасы атанған. Малмен жүрген көшпелі халықтың
алдымен далада, ашық алаңда, түнде ай жарығында сауық құратын ойындары
қалыптасты. Жарыста адам да, оған қатысқан төрт түлік түрлері де сынға
түсті. Солардың ішінде бізге мәлімі ақсүйек, алтыбақан, айгөлек, арқан
тартыс, көк сиыр, соқыр теке, түйе-түйе, белбеу тастау, қасқұлақ, моңданақ,
ақ байпақ, түйілген шыт, тиын салу, ақ шымшық, ақсерек-көксерек, көрші,
шалма, шымбике, инемді тап, айдапсал, қара мырза, қарт-қарт, жылман, т.б.,
сондай-ақ ат жарысы, түйе жарысы кеңінен таралған. Жарысқа астында көлігі
бар, білегінің қарымы мықты адамдардың бәрі де қатыса алған.
Өйткені көшпенділердің жасынан қариясына дейінгілер әлгі аталған түрлі
ойындардың тәсілдерін шебер меңгере білген. Ойынның түрлері күнделікті
тіршілікте, маусымдық жиындарда тартымды орын алады. Ойын адамның жаны мен
тәнін сергітті, өз бетінше еңбектенуге баулыды, топ таңдауды үйретті.
Шаруашылық пен еңбек үдерісі ойынның түрлерін көбейтті, ойынға
қойылатын талапты күшейтті. Ойында қолданатын әдістерге арнайы жаттығу
керек болды. Ойын заттары мен бұйымдарына деген ұқыптылық жалғасын тапты.
Ойынды өткізу туралы келісім жұмыстары жанданды. Ойынды өткізетін арнайы
кеңістік алаңдар таңдалды. Біртіндеп атамекеніне және атажұрт салтына деген
құрмет көзқарастар қалыптасты. Әр ойынның белбасарлары анықталды, олар
көптің құрмет-сыйына бөленеді. Ойын өнердің түріне, топты ұйымдастыру
тетігіне айналды. Содан ойын өнері ұлттық әдет-ғұрыптың қалыптасуына,
сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал етті.
Дала ойындары ашық та, икемді. Талаптарына шартты түрде келісуге
болады. Ойын тәртібін ойыншылардың өздері де, көрермен де бағалауға бірдей
мүмкіндік алды. Ойынға төрешілік халықтық сипатта жүргізілді. Үлкендер, ел
ақсақалдары баталарын беріп, ойынның басталуына рұқсат берді немесе
жеңгендерге табыс пен шапағат тіледі. Халықтық ойындар біртіндеп дәстүр мен
еңбек мерекесіне айналды, әдет-ғұрып негізінде тамыр жайды,
жасөспірімдердің қозғалмалы ойындары ретінде өріс алды.
Қазақтың әдет-ғұрып ойындары халықтың бастан кешкен қилы-қилы
оқиғаларын бейнелеп, баяндап береді. Оған наурыз мерекесіндегі ойын-сауық
түрлері дәлел болмақ. Наурыз - күн мен түн теңелген, ұлыстың ұлы күні,
Шығыстағы көптеген көне халықтардың дәстүріне жаңа жыл күні. Наурыз – ойын-
сауық, спорт пен өнер тоғысқан халықтық мерекенің думанды салты. Наурыз –
үлкен мен кішінің, еркек пен әйелдің, ақын мен бишінің, ауылдағы мен
қаладағылардың, спорт пен өнер саласындағылардың ашық жарысы. Жарыста
күштілердің күштісі, жүйріктердің жүйрігі жүгіріп озады, қуып жетеді,
білектесіп жеңеді, сол өнерімен ел құрметіне бөленеді.
Ойын – дене қозғалысы, шыныққан дененің шеберлігі, сонымен бірге көңіл
көтеру, дем алу, бір жағы бас қосып бірлесу, әдет-ғұрыпты жалғастыруға
үндесу. Шаруашылықтан бос кезде той-думан мен ойын-сауықтар жиі атқарылады.
Той-думан, ойын-сауықтар жиі атқарылады. Той-думан, ойын-сауық адамды, ел-
жұртты жаттыққа жібермейді, тұтастыққа, бірлікке тартады. Ойын-сауықта адам
табиғатпен табысты, тынысын кеңейте түсті, ұнатқандарымен жақындасты.
Табиғи көркемдікке қызығу, оны тамашалау көшпенділердің жас кезінен қанына
сінген қасиет. Ойын - ұрпақтар өмірін үйлестірудің дәстүрлі ән-биімен
өрнектелген сауық түрі. Оған қатысушылар тамаша құратын орынды, уақытты,
ортаны өз еріктерімен іріктейді, оны өткізудің рәсім-салтын икемдейді.
Осыдан орын мен ортаға деген әуесқойлық күшейеді. Ойыншылар
тағдырластарымен, өзімен жақындастарымен кездесіп, өзара ойнауға және
жарысуға мүмкіндік алады. Бұдан ашық мінездің, жарқын жүзділіктің лебі
есіп, ән-күйдің тоғысы жаңарып жатады. Ойыншылар – көптің көңілін аулайтын
өнерлілер, өзінің мәртебесін көтермелейтін өнегелілер. Ойын үй мен даланың
төрінде өтті, ойыншылар – елдің көз алдында, көпшілік көңілінен құрмет
тапты.
Қазақтың ойын-сауығы достық пен қонақжайлылықтың белгісі және көптің
басын біріктірудің кепілдігі, сүйкімді әнші мен әңгімешілерге мұқтаждықтың
айғағы. Ойын-сауықта жалғыздық сезім, арам ниет адамды билей алмады, ойыншы
үнемі ізденісте болады. Ондағы құдірет - өнерпаздық, өзара түсіністік және
келісімге жол табу. Адамзат қашан да болмасын осы үш құдіретке тәнті
болған, сол құндылыққа жетудің мүмкіндігін арнайы және үнемі іздестірумен
әуреленген.
Қазақтар әдемілікке әуес халық болғандықтан, оны әшекейлеуді дәстүрге
айналдырған. Әйелдер гауһар тастан жасалған әшекей бұйымдарды, жылтырақ,
зергерлік бұйымдарды жақсы көрген. Өздері жібектен, матадан, жүннен
әшекейлеп тігілген алуан түсті өрнекті киімдер киген. Әйелдер үшін
әсемдікке, әдемілікке, әшекейлікке әуестік олардың қанына туа біткен
қасиет. Әсемдік пен әдемілік еңбекпен келді, оны жақсы көргендер ойын-
сауыққа үйір болады. Сондықтан әйелдердің ұқыптылары, шыдамдылары,
еңбекқорлары ойын үстінде әсемдікке деген тәнтілігі, сезімталдығы мен
ықшамдылығы еркектерден асып түседі. Көші-қонның барлық шаруасы мен
жұмыстарын ештеңеден ерінбейтін әйелдер мінсіз атқарады. Әйелдер өз
байлығын, әшекейін көрсету үшін көңіл көтеруге, әдемі мінезімен сүйікті
болуға тырысады, өнеге көрсетеді.Сондай сүйкімділік пен сүиіспеншілікті
ортадан, жақын жандардан да күтті. Әдемілікті әнмен, шешендікпен жеткізді.
Отбасындағы тұрмыс та, көңіл-күй базары да, негізінен әйелдерге байланысты.
Сырт қонақтар бірауыздан: Қазақ әйелдерінің бет-әлпеттерінен ақылдылықтың
белгісін жиі көруге болады, - деп шындықты айтып жатты.
Ойын-сауық – тәжірибе мен тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның
қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Жарыссыз ойын, ойынсыз
әзіл-қалжың бола бермейді. Ойын-сауық қара күш көрсететін озбырлық немесе
біреудің намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз өткірлігі,
күш пен қабілет ашық сайысатын ортада көрініп, ділмарлар, шешендер,
шеберлер өз мәртебесін мойындатып жатады. Ойын серіктесті таба білуге,
онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында адам қарсыласының олқы және оң
жақтарын дұрыс анықтауға ерекше мән береді, оның күш-қабілетін тура бағалау
ережесіне ереді. Ойнаушы бәсекесі мол қарым-қатынастың тәртібіне жүгінеді.
Әр ойынның өз тәртібі, тәсілі және тәжірибесі бар. Сол тәртіп, тәсіл,
тәжірибені білген адамдар ғана қатысады, жан-жақты жетіледі. Ойын – адамның
қабілет-қасиетін ширататын, шымырлататын жүйелі іс-әрекеттің көрінісі.
Ойын-сауықта кісілік қасиет шыңдалады, адам қабілетінің құндылығы
артады. Әр деңгейдің өз өнері мен өнегесіне қызыққан шетел саяхатшылары осы
қайталанбас табыстарды қанша мәрте дәл сипаттап жеткізе алған.
Ән-би – сауықшылардың өнері ғана емес, теңдік пен туыстыққа тартатын
өнегелі өмір. Ән-би – сауығы қысылып-қымтырылудан арылтатын, еркіндікке
еміренушілік, әркімнің қырағылығы мен көрегендігіне демеушілік ететін ашық
өнер, оның қызбалы түрі. Мысалға, әнші мен биші, қалжыңқой не айтамын десе
де, аңшы нені атамын десе де өз еркінде еді. Ән-би – қуаныш пен жұбаныштың
бейнелі тілі. Өнер тілімен орындаушы мен көрермен, жеке мен көпшілік өзара
түсінісе де, таныса да алады. Мұның бәрі де, бір жағы, сыртқы көріністерге
ұқсайды, бір жағы, өзіндік кемшілікті жеңудің, өзіндік табысқа жетудің
амалды әрекетіне жатады. Осындай белсенділікке қазақтың балалары ерте
араласқан. Ойын-сауықтары белсенділік мінездегі кемшілікке, жеке адам мен
қоршаған ортадағы келіссіздікке қарсылық, сондай-ақ бойдағы ебедейлікті
көрсетуге шек қоймай жанталасу. Бұл ашық та, нақты сайыс. Оған деген
халықтық ықылас жоғары болды. Қолдауы басым ортада әркім өзінің көргенін,
көкейіндегісін жеткізуге алаңсыз әрекеттенеді. Өз қалауынша жарыстың түрі
мен әдісін таңдайды. Түптеп келсек, ойын тәртіпке, тапқырлыққа, туралыққа
үйретеді, қалжың-әзілден нәр алады, бас қосып жүздеспек іңкәрден серпіліс
табады.
Осы ерекшеліктердің ұлттық сипаты мен көріністері бар. Ұлттық ойын –
халық өнері мен мәдениетінің негізгі бір саласы.
Ойын кезінде қазақтың ұлттық ойындарына тән ерекшеліктерді қалай
ұғамыз, оларды қолдауға қаншалықты бейімбіз деген көкейкесті сұрақтар
өздігінен туындайды. Ұлттық ойын-сауықтар – ұрпақ пен елдіктің елшілігі,
халықтың әдет-ғұрпының көрігі, әр перзенттің жүрегіндегі оттығы. Мұндай
өтімді құндылықтар ойын-сауықтың ортақ сақтық қорын, жарқын дүниені
демейтін әдеттің қайнар көзін құрайды.
Ойын-сауықта адам кемшілікке налымайды, жалғыздықтың жамандығына
шалынып, ұрына бермейді. Бірде дауыстап, бірде белдесіп, бірде жүгірісіп
ойын-сауықтың берекесін келтіргендердің ортақ ережесі болды. Ол: ойын-
сауықта бірін-бірі тек сыйлау, өзара сыйласу, бір-біріне сыйымды болу,
әділдіктің әліппесін аяқ асты етпеу еді. Сауық құру – жарқын көңіл базары,
иманжүзділердің ажары ретінде, татулыққа дем беретін қарапайымдылықтың
қуаты, алғырлықтың қайырымдылығы мол ағымына айналды. Мұндайда мейірімділік
пен меймандостық – денсаулыққа салмақ, адамгершілікке өлшем, елдікке сын
болды.
Ойын-сауық жасөспірімдердің ой-қабілетін, өмірге деген көзқарасын дұрыс
қалыптастырады. Олар үшін ойын – баланың жан-тәнін қоздыратын тартымды
қозғалыс, дене мен ойды қатар жаттықтыратын тартылыс, жеңістің дәмін
татқызатын, жеңімпаздың мәртебесін көтеретін кеңістік пен қолдау тоғысы.
Жарысқа қатысатындардың сезімі сергек, ойы өткір, кеудесі мен білегі мықты,
қимыл-әрекетке епті болуы шарт. Көшпелі қазақтардың өмір салты денсаулыққа
аса зор мән берген. Атқа міну өнері жас баланың сезімі мен денесін
жаттықтырудың басты және ортақ дәстүріне айналды. Бозбала да, қыз бала да
жастайынан аттың құлағында ойнауға бейімделді, соған тырысты.
Ойын-сауық ұрпақтардың өмір-салтымен, әдет-ғұрпымен ұштасты. Мысалы,
бесік жырларының өзі ойнақы, ұйқасты тіркестерімен есте қалады. Ойын -
өмірді және ойнаушының өзін танудың құралы, ол баланың өмірге деген
құмарлығын оятып, тіл мен жылдамдыққа деген ықыласын арттырады. Ойын
өзгенің көңіл-күйін дер кезінде және дәл ұға білуге, өз көңілін дұрыс
жеткізе алуға ұйытқы болады. Жасөспірім ойын арқылы ұшқан құс, жүгірген аң,
қыбырлаған жәндіктер тіршілік тірегі екенін ертерек сезіне алады; өз
қабілетін күнделікті тіршілік ағымына бейімдеуге ықшамдайды, өзін алдағы
өмірге икемдей түседі; үлкендердің өнегесінен тағылым алады. Ойындар өнеге-
өсиетті күнделікті тәжірибеде іске асырудың құралына айналды. Ойнаушылар әр
түрлі қозғалыста дене шынықтыруға төселді, үлкеннің бар қасиетін қабылдады,
іс-әрекет үстінде сәбиге тиісті міндеттері жинақы, жеңіл сөздермен, ертерек
ұқтыра білді. Ойын түрлері жүйелі және жедел өзгерген сайын, баланың ойлау,
қиялдау, армандау қабілетін, ерік-жігерін оятып, тезірек қалыптастырды.
Ойынның кең таралған түрлері осылайша халық тәрбиесінің көзіне айналды,
халықтық салттың қалыптасуына айқын ықпал етті.
Әдет-ғұрып ойындарына алдымен қыз ұзатар және үйлену тойында болатын
ойын-сауықтар жатады. Мысалға, жер-жерде үйлену тойының мынандай ойын-
сауықтары таралған: тоғыз аяқ, тоғыз табақ, жар-жар, беташар, құда
тарту, қол ұстатар, шаш сипар, неке қияр, кемпір өлді, шымылдық
байлар, сақина салар, есік ашар, ат байлар, түндік ашар, ит
ырылдатар, сондай-ақ, тоқым қағар сияқты ырым-жоралар бар. Бұл әдет-
ғұрып ойындардың бас кейіпкерлері – қыз бен жігіттің жеңгелері мен құрбы-
құрдастары болса да, сауық өткізу рәсімі жер-жерде бірдей емес, түрленіп
жатады. Тойдағы әндер мен жырлар, күйлер мен билер көңіл көтеретін,
қуанышты білдіретін, ой тербететін, шабыт, қабілет-қасиет сайысы, дәстүр
болып қалыптасқан.
Әдет-ғұрып ойындары әдетте арнаулы жырмен, болмаса айтыспен басталады.
Айтыс – ақыл-парасат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыру жолдары
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақта Баланы жастан
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика мәселесінің дамуы
Бастауыш сыныптың оқыту - тәрбие үрдісі
Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Пәндер