Бастауыш сынып математика сабағында оқушылар мен муғалім жұмысының ерекшеліктерін анықтай отырып олардың шығармашылығын дамыту


Мазмұны.
Кіріспе . . . 4-6
І. бөлім. Бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларының шығармашылық байланысының теориялық.
1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығының мәні және оқушыларының ерекшелікері . . . 7-15
1. 2 Мұғалім мен оқушылардың шығармашылықтарының байланыстылығы арқылы математика сабағын ұйымдастыру . . . 16-29
ІІ. бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамытудың бағыттары мен әдістері.
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағы барысында шығармашылық қабілеттерін дамыту бағыттары . . . 30-38
2. 2. Ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмысының нәтижесі . . . 39-44
2. 3. Математика сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытудың әдістері . . . 45-55
ІІІ. Қорытынды . . . 56-58
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 59-60
Қосымша
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында атап өткендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті -баланың рухани және тәндік мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау. Қоғам алдындағы тұрған мақсаттардың бірі -білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту, әсіресе бастауыш сыныптарын дамытуға байланысты білш берудің жаңа үлгісін таңдау.
Қоғам өзгерістеріне байланысты қазіргі кезеңде бастауыш сыныптарында әрбір оқушыға жеке адам ретінде, өзіне тән ой - өрісі, еркі, дербес әрекет жасауға қабілеті бар, батыл пікір айта алатын тұлға екенін ескере отырып тәрбиелеу міндеті қоиылып отыр. Демек, бастауыш мектептеріндегі оқу үрдісі оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық дербестігін дамытуға жол ашуы қажет [1] .
Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметі мен шығармашылық, практикалық сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды, дербес жұмыстарды орындау үрдісінде қалыптасады.
Бұл проблеманың кейбір қырлары көне замандардан бастау алған.
Оның маңыздылығы жөнінде көптеген педагогтар (Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Н. Г. Чернышевский, А. Дистервег, В. Г. Белинский т. б. ), психологтар (С. Л. Рубинштейн, Г. И. Щукина, Л. И. Божович, А. Н. Леонтьев), қазақ ғұлама ағартушылары (Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б. ) өз еңбектерінде айтып өткен.
Оқыту үрдісі екі жақты үрдіс болғандықтан оқушының өзіндік жұмысы, дербес шығармашылық іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен
қатар, олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшекліктері оның өз еркімен дербес әрекет жасауына байланысты деген ой-пікір айтады (Н. А. Добролюбов, Е. Я. Голант, Б. П. Есипов, Р. Г. Лемберг, Т. И. Шамова, Е. Б. Ястребова, М. И. Махмутов, Г. Н. Кулагина, Н. А. Половникова) .
Шығармашылық дербестік және тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ой және адамгершілік қуаты оның ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын білдіретін интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс береді. Сонымен қатар, шығармашылық дербестік жеке тұлғаның тұрақты қасиетіне айнала отырып, оның танымдық мүмкіндіктерін және қоғамдық бағытын болмысқа деген көзқарасын қалыптастыратынын ескерсек, диплом жұмысының көкейтестілігі нақтылана түседі.
Демек, қазіргі кезеңде бастауыш мектептерінде оқушылардың логикалық түсініктерін қалыптастыру мәселесі зерттеуді талап ететін, қоғамдық маңызы үлкен проблема болып табылады.
Олай болса, оқушылардың математикалық есептерді талдау және оны түсіну біліктерін қалыптастыруға қоғамның сұранысы мен бұл мәселенің бастауыш сыныптарының қазіргі жағдайы арасында; оқушылардың оқу есептерін талдау мүмкіндіктері мен оның оқу үрдісінде және сыныптан тыс жұмыстарда қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстарды пайдаланбау арасында; бастауыш мектептерде оқушылардың оқу дербестігін қалыптастыру қажеттігі мен бұл салада арнайы ғылыми-әдістемелік дипломдық зерттеулердің жүргізілмеуі арасындағы қайшылықтар бізге диплом жұмысының тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағы барысында шығармашылық қабілеттерін дамыту бағыттары» деп алуға себепші болды.
Диплом жұмысының зерттеу мақсаты .
Бастауыш сынып математика сабағында оқушылар мен муғалім жұмысының ерекшеліктерін анықтай отырып олардың шығармашылығын дамыту бағыттарыны анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш сыныпта математика сабағын оқыту барысында оқушылардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін қалыстастыру
2. Бастауы сынып муғалімдерінің математика сабағында оқушылармен жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтау.
3. Математика сабағында оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында сабақтардың түрлері мен оларды уйымдастыру әдістемелерінің ерекшеліктеріне талдау жасау.
Зерттеу нысаны:
Бастауыш сынып жүесіндегі математика пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні:
Бастауыш сыныптағы мұғалімдердің математика пәнінің оқыту барысында оқушылардың қабілетін дамытуға бағытталған жұмыс істеу әдістемесі.
Зертеу әдістері:
Бастауыш сынып мұғалімдерінің математика пәнін оқыту барысында оқушылармен жұмыс істеу әдістемелеріне талдау жасау, байқау, сабақтарға талдау жасау әдістерін пайдалану.
Диплом жұмысының құрылымы:
Кіріспе, 2-бөлімнен, қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларының оқушылардың шығармашылығының мәні және мұғалім мен оқушылардың шығармашылық байланысының теориялық негіздерінің мәселесі қарастырылады.
2-ші: бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамыту мен мұғалімдердің оқушылармен жұмыс істеу әдістемесі қарастырылады.
І. бөлім. Бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларының шығармашылық байланысының теориялық.
1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығының мәні және оқушыларының ерекшелікері.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әркеті деп түсіндіріледі.
Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық деп «жаңалық» ашатын әрекетті атаған. Ал, осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев шығармашылықты «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдың тұрғыда болса, ол адамның психикасын «жаңа» саналы деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі бір тұтас педагогиканың талаптарына сәйкес келеді.
Соңғы жылдары «шығармашылық » сөзімен «жаңалықпен» қатар «бастамалылық», «белсенділік» ұғымдары астарласа қолданылып жүр.
Шығармашылық -өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс -әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В. А. Кан-Кашк, Н. Д. Никандровтың зерттеулерінде, ұстаз шығармашылығының, психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын қалыптастыру жолдары қарастырылады.
Шығармашылық туралы зерттеулердегі ойлар мен тұжырымдарды, негізге ала отырып, оны мына төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам іс-әрекеті деген қортынды жасауға болады:
- шығармашылықты тудыратын қарама-қайшылықтың болуы.
- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы.
- Шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы.
- Шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы.
- Нәтиженің жаңалығы, сонылығы.
Сонымен «Педагогикалық шығармашылық дегеніміз - педагогикалық қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталған. Ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар соны жаңалыққа әкелетін адамның іс -әрекеті».
Педагогикалық шығармашылық бірнеше негіздерден тұрады.
- Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
- Күшті жұмылдыру, қосымша мәліметтер іздеу.
- Жасырын идеялар, идеалдық идеядан реалдың идеяны іздеу.
- Интуицияның доянуы.
- Идеалдық идеяны реалдық идеяға айналдыру және оны педагогикалық үрдіснен байланыстыру.
- Нақты педагогикалық үрдіснен сәйкестендірілген реалдық идеяны жүзеге асыруды ұйымдастыру.
- Нәтиженің дұрыстығын тексеру.
Жалпы алғанда педагогикалық процестегі шығармашылық әрекет деп И. Я. Лернер айтқандай, білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды айтады.
Педагогикалық шығармашылық тәрбие үрдісінде де, оқыту үрдісінде де өз бойындағы білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдайтын, оларды жаңа жағдайға бейімдейді.
Мәселен, бастауыш сыныптарда өткізілетін тәрбие сағаттары мұғалімнің өз идеясын реалдық жағдайға бейімдейді, ол идея тәрбие сағатының негізгі өзекті келесі мәселесіне айналады.
Мұғалім өзекті мәселенің айналасына өзінің білім, біліктілігін тоқтайды. Мұғалімнің ұйымдастыру шығармашылығының да мәні ерекше. Әсіресе, оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру шығармашылығы.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық пәндерді оқыту барысында тәрбие сағаттарының ұйымдастыру формаларына, мазмұндық әдістері мен тәсілдеріне, әсіресе, оқушылардың белсенділігін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек екендігіне назар аудара отырып, тәрбие сағаттарының тақырыбын анықтау барысында олардың шығармашылығын дамытуға болады.
Тәрбие сағатының тақырыбы келесі мәселеге арналып, сонымен бірге өте нақты, ерекше тартымды болуы тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сана деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Сондықтан оқушылардың шығармашылық мәнін дамыту үшін не істеуге болады деген сұрақ туатыны сөзсіз.
Ал ол үшін оқушыларды білім алуда тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыдан өз болмысын таныта алатын және тұлға тәрбиелеу болып отыр.
Шығармашылықта төмендегідей ерекшеліктермен сипатталған тұлға әрекеті деуге болады:
- шығармашылықтағы қарама -қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік және жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
- шығармашылық тұлғаның жекелік қасиетердің болуы;
- нәтиженің жаңалығы, сонылығы.
Ал бастауыш сыныптағы балалардың шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъективті жаңалық. Ендеше оларға тән шығармашылық кезеңдерін шартты түрде былайша топтастырамыз.
- Жаңалықпен бетпе-бет келу;
- Шығармашылық, екі ұштылық, белгісіздік;
- Шешімнің жарық етуі;
- Шығармашылық акт;
- Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Жалпы белсенділік деп - бүкіл жер бетіндегі жанды тіршіліктің өз тірлігіне мәні барды сақтауға, оның өзінің керегіне лайықты етуге жұмсалатын күші, ойлауы, тәсілі, яғни қоршаған дүниеге, әлемге өзіндік қатынасы.
Шығармашылық деген қажеттілік - күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамдағы жаңару үрдістері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр.
Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір еңбек айтқанда, тіршіліктің көзі. Қоғам құбылыстарында, жеке адамның, ақыл - санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи үрдістері үздіксіз жүріп, белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық үрдістерін табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой- санасына, айналысатын сана байланысты.
Оқушының шығармашылыққа деген құлшынысы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруына жол ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып оның «әрекет» ұйымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады.
Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмыстыққа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттеуді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды.
Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.
Яғни, шығармашылық - қайшылықтарды шешуге ынталанған, жеке тұлғаның нәтижеде адамзатқа мәні бар.
Шығармашылық үрдісті ғалымдар әр кезеңге бөліп қарастырады. Әр кезеңде баланың бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасады. Алғашқы кезеңдерде шығармашылыққа деген сенімсіздік, күдік білінуі мүмкін [3] .
Ал келесі сәттерде біраз ойлану, іздену кезеңдерінде табандылық, танымдық, белсенділік секілді қасиеттер қалыптасып, еңбектің нәтиже берер тұсында оқушының көңіл күйі көтеріліп, жаға істерге жігерлене түседі. Әрине, шығармашылық жұмыстардың түріне мақсатынақарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып қабысып жатуы мүмкін.
Оларда қалыптасып, одан әрі дамып отыратын сапалардың бірі айқын көрініп, бірі уақытта көмескіленуі ықтимал. Жалпы әр оқушының бойындағы қайталанбайтын табиғи ерекше құбылыстар біріге жинақталып, керемет шығармашыл тұлға жасап шығарады.
Бұл қазіргі білім беру жүйесін ізгілендіру, яғни білімді гуманистік принциптегі бағытта дамыту идеясымен ұштасып жатыр.
- шығармашылық ізденістер, тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;
- оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын келешектегі өмірлерінде қолдана алуларына көздерін жеткізу;
Оқушылардың істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі, жұмыста өз еркімен, қалауымен орындауы;
Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын жеке тұлғаны қалыптастыру, өздігінен дамуға жағдай жасау, сондықтан оның өзіндік танымдық, шығармашылық іс -әрекетін белсенді ету жатыр [3] .
Шығармашылық мәселе сан қырлы: оған философиялық - эстетикалық мәдениеттанымдық, әлеуметтік және психологиялық -педагогикалық аспектілер кіреді. Ал оның өмір сүруінің өзегін табу үшін кешенді қатынас қажет. Педагогика жеке тұлғаның шығармашыл қорының жетілу көзқарасын, шығармашыл бастамалардың қалыптасу механизмдерін аудару әрекеттері барысында шығармашылықты қарастырады.
Оқулық -ең негізгі оқу құралы. 1-4 сыныптарға арналған математика оқулықтарындағы бірлігін ірілендіру технологиясы басқа да әдіс -тәсілдермен үйлесімін табатындай ара қатыста қолданылу арқылы дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға міндеттейді.
Оқулықта әр сабақтың жаттығулар жүйесіне негізделген жұмыс әдістемесінің үлгісі берілген. Оқулықтағы тапсырмалардың берілу формасы, түрлі, көлемі, орналасу қалпы және рет-тәртібі әр оқушының өздігінен оқу іс -әрекетін қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.
Оқушы мұғалімнің педагогикалық әсерінің объектісі ғана емес, субъектісі деңгейіне көтерілу керек. Осыған қолайлы жағдай туғызу мақсатында тапсырмалар жүйелі жасалған және орындалатын амалдар мен іс -әрекеттердің түрін және рет -тәртібін анықтауға септігін тигізетін алгоритмдер мен нұсқалар нақты жаттығулар бойынша келтірілді.
Оқушылардың өнімді ақыл-ой, іс- әрекеті, ұсынылған тапсырманы орындаудағы олардың шығармашылық мүмкіндігін пайдалану, басшылыққа алынатын білім, білік және дағдыларды қалыптастырудың жанама жолының басымырақ болуы көзделеді. Осыған орай оқулықтың көптеген тапсырмалары талқылау жүргізу, ұсыныс және болжам айту, әр алуан көзқарастарды қарастыру, шешудің жаңа жолын іздестіру және т. с. орындау мүмкін болатындай түрде, яғни формада тұжырымдалған.
Шығармашылық іс -әрекетке бейімдейтін жаттығулар тік төртбұрыш тәріздес жасыл түсті қоршауға алынған.
Жасыл түсті қоршауға алынған жаттығулар негізінен, балалардың логикалық ойлау қабілетін, ақыл-ойын дамытуды көздейді. Ондай жаттығуларды орындау барысында оқушылар мазмұнға сәйкес объектілерді бақылайды, салыстырады; сондай -ақ әр алуан ақыл -ой іс -әрекеттерін орындайды, практикалық жұмыстар жүргізіледі; зерделілік білдіреді, ізденеді; болжам айтады, оны негізді беруге немесе дәлелдеуге талпынады, математикаға деген қызығушылығын, ынта - ықыласын тудырады.
Бұл жаттығулардың бәрі арнайы жүйе құрайды. Оларды орындай алмаған оқушыға білімнің көрсеткіші ретінде нашар баға қойылмайды, ал оны орындаған оқушыны мадақтаған жөн [4] .
Сонымен, оқушылардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, инициативаны, ізденімпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру орта мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.
Шығармашылық - оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Оқушының шығармашылық дербестігінің пайда болуы оның іс-әрекетінен айқын аңғарылады. Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп, танымдық белсенділігі арта түседі. Оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.
Шығармашылық дербестік әртүрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді.
Мәселені шешуде талданған негізгі ұғымдардың мәні мен мазмұнына үңіле отырып, оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың мәні мынада деген тұжырымға келдік:
- қоғамда болып жатқан өөзгерістерді танып білуге, ғылым жаңалықтарына тұрақты қызығушылықтың пайда болуына;
- оқу-танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға талпыну;
- білім алуға, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық;
- оқушының танымдық ойлау белсенділігінің дамуы;
- жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қабілеті мен қасиеттерінің дамуына;
- жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісінің кеңеюі;
- тұрақты ізденімпаздық, шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелі дамуына әсер етеді.
Шығармашылық дербестік ұғымы төңірегіндегі тұжырымдар, анықтамалар бұл үғымның өзіндік ерекшеліктерін, әртүрлі психикалық процестерден туындайтын интеллектуалдық, эмоционалдық, бағыттаушы (зейін, ерік) байланысын және жеке тұлғаға беретін білімнің маңызын ашып көрсетеді. Ғалымдардың бұл мәселе төңірегінде айтқан ойларын қолдай отырып, өз зерттеу пәнімізге байланысты шығармашылық дербестік ұғымына өз анықтамамызды береміз.
Біздің пайымдауымызша, «шығармашыық дербестік» - жеке тұлғаның танымдық қажетсінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық ізденімпаздығын қамтитын сан қырлы білім алуынан көрінетін, күрделі шығармашылық процестің қалыптасуымен аяқталатын интеллектуалдық қабілеті.
Шығармашылық дербестік оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Шығармашылық дербестік адам өмірін жаңа деңгейге көтеріп, түрлі туындылар мен жаңалықтардың шығуына негіз болып, жағымды эмоционалдық көңіл-күй орнатады.
Жүйелі жүргізілген зерттеулеріміз оқушының шығармашылық дербестігінің деңгейі, бағыты мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне тікелей байланысты екендігін көрсетті.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушы арасындағы жылы қарым-қатынас оқушылардың шығармашылық дербестігінің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.
Демек, сабақтың жоғары деңгейде өтуі, оқушылардың дамуы мен дайындығына сәйкес әр түрлі әдістерді қолдану, жеке ерекшеліктерін ескеру, сабақта түрлі танымдық тапсырмаларды мейлінше кеңінен пайдалану оқушыларда оқу материалына деген қызығушылығын тудырады.
Жұмыс түрлерін шығармашылық сипатқа өзгертіп, сабақтан тыс уақытта өздігінен ізденіп, белгілі бір оң нәтижеге жетуге бағыттау дербестіктің қалыптасуына негіз болады.
Мәселен, бала сабақты жақсы оқиды, қабілетті, белсенді, бірақ оқу жұмысын ол міндеті ретінде түсінеді. Демек, баланың шығармашылық іс-әрекетке тұрақты қызығушылығы, ізденімпаздығы дамымаған. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетке бағыттаушылық рөлі болмаған жағдайда оқушыда "интеллектуалдық енжарлық" пайда болады.
Шығармашылық дербестік жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ой және адамгершілік қуаты оның ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын белсендіретін қызықты интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс табады.
Ол жеке тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз-өзіне баға бере білуіне ықпал етеді.
Шығармашылық дербестік жеке тұлғаның қасиетіне айнала отырып, оның танымдық сипатын және қоғамдағы бағытын айқындайды, жеке тұлғаның болмысқа деген өзіндік көзқарасын қалыптастырады [5] .
1. 2 Мұғалім мен оқушылардың шығармашылықтарының байланыстылығы арқылы математика сабағын ұйымдастыру.
Шығармашылық қызмет көп қырлы объективті және субъективті процесс. Шығармашылық қызмет пен шеберліктің биік деңгейінің аралығында өзара байланыстылық бар.
Шығармашылық қызмет объективті жағдайда жаңалықты ашу болса, субъективті жағдайда жаңа білімді меңгеру болып табылады. Белгілі психолог Б. М. Реплов «шығармашылық қызмет деп, сөздің өзіне тән мағынасында алғанда, қоғамдық құны жаңа, бірегей өнімдер беретін қызмет аталады».
Бастауыш сыныптардағы оқу -тәрбие процестің ерекшеліктерін жұмыс тәсілдері, принциптері, формалары, оларға деген ізгілік қарым-қатынасқа негізделген еді. Мұғалім балалар ұжымына оптимизм, ынтымақтастықпен жолдастық рухын орната отырып, әр оқушының өз күшіне деген сенімін ұштай білуі керек.
Мұғалім мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Өмірін осыған арнаған адамда өз шәкірттеріне дарытқысы иелетіп барлық қасиеттер болуы керек. Жаңа адамды тек жаңа адам ғана тәрбиелеуі тиіс. Біздің қоғамдағы мұғалім балаларды болашақ туралы арманмен жігерлендіруүшін, оларды алдағы мұраттарға қазірден үйрететін болашақтың адамы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz