Пәнаралық байланыстарды оқу процессіне кірістіру



Кіріспе . . .
I тарау Бастауышта математиканы оқыту барысында пәнаралық байланыстарды іске асырудың кейбір жолдары
1.1 Бастауышта математикадан сыныптан тыс сабақтарда пәнаралық байланыс
1.2 Бастауыш мектепте математикада экономикалық білім мен тәрбие беруді жүзеге асырудың жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.3 Практикалық мазмұнды есептерді шығаруда ұқыптылыққа тәрбиелеу мен экологиялық мазмұнды есептер . . . . . . . . . .


Қорытынды . . . . .

Пайдаланылған әдебиеттер
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: "Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет " – деген. Яғни болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Сондықтан да, қазіргі уақыт талабы – оқушылардың білім сапасын көтеру, шығармашылық қабілетін, ақыл - ой белсенділігін дамыту.
Оқыту үрдісі деңгейін арттыру арқылы шығармашылықпен еңбек ететін, жаңа білімдерді өз бетінше игеруге қабілетті және оны мақсатты түрде қолдана білетіндей азаматтар даярлау білім саласындағы басты мақсат. Оқыту – оқытушы мен оқушы арасындағы, біріншісінің адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибені, білімді оқушыға беруді, ал екіншісінің оны меңгеруді жүзеге асыратын күрделі де, көпжақты үрдіс екендігі белгілі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . .
I тарау Бастауышта математиканы оқыту барысында пәнаралық байланыстарды
іске асырудың кейбір жолдары
1.1 Бастауышта математикадан сыныптан тыс сабақтарда пәнаралық байланыс . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2 Бастауыш мектепте математикада экономикалық білім мен тәрбие
беруді жүзеге асырудың жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . .

1.3 Практикалық мазмұнды есептерді шығаруда ұқыптылыққа тәрбиелеу мен
экологиялық мазмұнды есептер . . . . . . . . . .

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . .

Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: "Білім беру
реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және
қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі
қажет " – деген. Яғни болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп,
адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Сондықтан да,
қазіргі уақыт талабы – оқушылардың білім сапасын көтеру, шығармашылық
қабілетін, ақыл - ой белсенділігін дамыту.
Оқыту үрдісі деңгейін арттыру арқылы шығармашылықпен еңбек ететін, жаңа
білімдерді өз бетінше игеруге қабілетті және оны мақсатты түрде қолдана
білетіндей азаматтар даярлау білім саласындағы басты мақсат. Оқыту –
оқытушы мен оқушы арасындағы, біріншісінің адамзат жинақтаған әлеуметтік
тәжірибені, білімді оқушыға беруді, ал екіншісінің оны меңгеруді жүзеге
асыратын күрделі де, көпжақты үрдіс екендігі белгілі.
Пәнаралық байланыс – педагогика ғылымының негізгі мәселесінің бірі.
Материалдық дүниенің арасындағы өзара тығыз байланыстар арқылы шындықты
жете танып білуге, олардың бір-бірімен байланысты қарым - қатнасын түсінуге
болады.
Пәнаралық байланыс экономикалық географияның, әрбір өлкенің, ауданның
байлығы мен өндірістік мүмкіншіліктерін ашатын, оның болашағын көрсететін
басқа да табиғаттану ғылымдарының дамуымен байланысты экологиялық негізде
қарастырылуы шаруашылықта тиімді. Жоспардағы маңызын анықтауға көмектеседі.
Оқу процесінің барысында оқушылар танымдық, практикалық мақсатты бағдарлы
іс - әрекеттермен шұғылданады, нәтижесінде оқушыда пәнаралық іскерлік
қалыптасады.
Пәнаралық іскерлік оқушының бір пәннен меңгерген білім-іскерлік
дағдыларын, екіншіде жақын меңгеруде пайдалана білу қабілетінен көрінеді.
Пәнаралық байланыс тіл әдебиет пәнінен меңгерген кітапты пайдалану
іскерліктері, география, тарих, математика т.б. пәндерді. Оны үйренуде
қолданылады. Сол сияқты оқушының бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері
екінші пәнді терең меңгеруге ықпал етеді.
Әрбір пәнді өткенде, оны басқа пәнмен байланыстыра отырып, өтудің
үлкен ерешекліктері бар. Қазіргі сабақта кеңінен өріс алып жүрген. Ана тілі
пәнін өткенде, оны математика немесе қазақ тілі пәнімен де байланыстырып
өтуге болады. Бұл жағынан оқу мазмұнын бекітсең, екіншіден тәрбие алып
шығады.
Мектеп курсындағы математиканың бастауыш сыныптарды пәнаралық
байланыстардың қалыптасуы білімді терең меңгеруге, ғылыми түсініктермен
негіздерін пайда болуына оқу - тәрбиелік процестерін кемелденуіне және оның
оңды ұйымдастыруына, көз-қарастың кеңеюіне әлемдегі заттардың тұтастығын,
табиғаттағы құбылыстардың өзара байланыстарын түсінуге әсерін тигізеді. Бұл
зерттеудің көкейкестілі.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – ол оқыту
процесінің білім беру, дамытушылық аптаның арасындағы байланыстарды құру.
Сонымен пәнаралық байланыстың мазмұнына мыналар жатады:
1. Оқу пәндері арасындағы өзара байланыстың дамуы.
2. Дидактикалық - материалистік көзқарастың қалыптасуы – білім мазмұнының
барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.
3. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын
комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды пәнаралық байланыс педагогикалық
еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Пән материалын оқып үйрену, оның мазмұнын мағынасын толық түсіну
бастауыш сынып оқушылары үшін күрделі психологиялық процесс. Мазмұнды
меңгеріп, ұғыну оңай жүзеге аспайды. Сондықтан да оқушы оқулықтағы
материалдарды ұғынуға кедергілер мен қиындықтары кездеседі. Тәжірибеде
байқалғаны мұндай қиындықтарды жеңуде пәнаралық байланыс ерекше роль
атқарады. Оқытудыға пәнаралық байланыстар – ол оқушыларды өнімді ойлау
қызметіне шығармашылық элементтерін ендіру әдісі, бұл оқу процесінің
жетілдірудің маңызды факторы.
Пәнаралық байланысты жасау методикасын меңгеру, мұғалімдер мен
оқушылардың, әдіскерлер мен дидактардың уақыты мен күш салуын талап етеді.
Осының барлығы оқу процессін жетілдірудің факторы ретінде, оны ұйымдастыру
комплексті тәсілде жету мақсатында, мұғалімдерге пәнаралық байланыстарды
іске асыруда мақсатты дайындық керектігін айтады.
Балаларды күнделікті өмірдегі және табиғаттағы бар нәрселердің
байланысын көруге үйрету керектігін мұғалім біледі, сондықтан оқытудағы
пәнаралық байланыстар – қазіргі уақыттың бұйрығы.
Зерттеу пәні – бастауышта математиканы оқытуда жалпылау пәнаралық
байланыстарды пайдалану әдістемесі.
Пәнаралық байланысты қолдануға қатысты маңызды теоретикалық -
әдістемелік ережеге, бізге таныс мына төмендегі мәселелерде іске аса алатын
барлық пәндерді оқыту жатады.
а) оқшылардың ой - өрісін кеңейту, олардың білім алуға және оны
пайдалануға деген құштарлығы мен ынтасын арттыруды қалыптастыру;
ә) балаларды белсенді шығармашылық қызметке тартуға мүмкіндік беретін,
біліктілік пен дағдыларға үйрету;
б) шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- математика сабағы пәнаралық байланыстар құруға ыңғайсыздау, бірақ
зейінді, ізденгіш мұғалім, бұл жерде де пәнаралық байланыстардың принципін
іске асыру мүмкіндігін табылды.
Айта кету керек, бастауыш сынып мұғалімдерінің пәнаралық байланыстарды
іске асырудағы өз тәжірибелерін талдап, қорытпаса, терең зерттемесе, бұл
жұмыс толыспайды.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері мыналар болып табылады:
1. Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талқылау
және оның толық жетілуінің негізгі бағыттарын анықтау.
2. Қазақ тілі, ана тілі, ән-күй, бейнелеу өнері. Еңбек айналамен
таныстыру және дене шынықтыру сабақтарының элементтерін пайдаланған
математика сабақтарындағы байқаулардың нәтижелерін жинақтап қорыту.
Курстық жұмысының практикалық құндылығы
Жұмыс бастауыш сынып мұғалімдеріне пәнаралық байланысты математика
сабақтарында пайдалануға көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Жұмыстың мақсаты мыналардан тұрады:
1. Пәнаралық байланысты математиканың бастауыш курсының теориясында және
практикасында іске асыру мәселесінің жасалуын анализдеу;
2. Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды енгізудің негізгі
бағыттарын көрсету;
- бастауыш сынып мұғалімдеріне математика сабақтарында пәнаралық
байланысты пайдаланудың аса тиімді формасы мен әдістемелерін табуға
көмектесу.
3. Сыныптан тыс шараларды оушылардың көзқарастарын қалыптастыру, оқуға
қызығушылығын дағдыландыру, өмірге, қоғамдық-пайдалы еңбекке дайындау
мақсатында пайдаланудың тиімділігін көрсету.
4. Жалпы білім беру жүйелерінде бастауыш сыныптардағы математика
сабақтарына пәнаралық байланыстарды енгізудің тиімділігін арттыру
бойынша ұсыныстар жасау.

1.1 Бастауышта математикадан сыныптан тыс сабақтарда пәнаралық байланыс
Сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы
жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері мыналар: Оқушылардың
практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық
ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамуы, неғұрлым қабілетті
дарынды балаларды көрсете білу, Олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына
көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, балаларды қызықты
сабақтарға, жұмыстарға тарту, соның арқасында тәртіпті күшейте түсу,
табандылыққа еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің математика сабақтарында пәнаралық
байланыстарды қолдану жұмыстары сыныптан тыс жұмыстарында ары қарай
жалғастырып кеңейтілуі мүмкін. Мектепте бастауыш курсының математикасынан
басқа пәндермен сыныптан тыс сабақтарында пәнаралық байланыстарды іске
асырудың мүмкіншіліктері бар (үйірмелер, викториналар т.б.).
Сыныптан тыс жұмыс үшін шамалары келетіндей қиынырақ материалды
немесе математиканы негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып
табылатын (бірақ сынып жұмысының үйлесімділігі болатындай) таңдап алады.
Сыныптан тыс жұмыстың сабақтан өзгешелігі – ол математикалық ойын-есептер,
ойындар, жарыстар сипатында болып келеді. Мұнда қызықтыратын формадағы
жаттығулар кеңінен пайдаланылады.
Мектептер тәжірибесінің негізінде математикадан пәнаралық түріндегі
мына сияқты сыныптан тыс жұмыстарын ұсынады:
1. Пәнаралық мазмұнды викториналар мен эстафеталар.
2. Пәнаралық түріндегі мектеп олимпиадалары.
3. Оқушылардың математикадан жарыстары.
4. Математикадан экскурсиялар.
5. Сыныптан тыс оқу-барысында оқушылармен пәнаралық мазмұнды
кітаптарды оқу.
‡йірме жұмысының мақсаты мыналардан тұрады:
- оқу процесінде өтілген материалдарды қайталау, сонымен математикадан және
басқа пәндерден білімдерін тереңдету;
- балалардың математикалық ойлау образын өркендету; сөз қысқалығы,
нышандарды пайдалана білу, математикалық терминдерді дұрыс пайдалану,
назарын тек сандық жағына жинақтап пәндермен құбылыстардың барлық жағымды
жақтарынан көңілін аударып, әкете білу, түсінікті түрде жалпылай және орыта
білу, өз ойларын дәлелдеу;
- математика бойынша білімдерінде ақтаңдығы бар балаларды мүмкіндігінше
үйлерінде көбірек қамту.
‡йірме арқылы білімдердегі кемшіліктерді жоюға мүмкіндік жасалды.
Балалардың үйірмеде жұмыс істеуі – олардың қоғамдық активтіліктеріне
әсерін тигізді, олар көрнекі құралдарды жасау көмектерімен, экскурсияларды
ұйымдастырып өткізуден, математикалық газеті ұйымдастырып жасауды, сыныпта
математикалық бұрышты жасауда және т.б. байқалатын. ‡йірме жұмысы тек
үйірмешілерге ғана математикаға қызығушылығын көтермей, сыныптағы басқа
оқушылардың да қызығушылығының әсерін тигізді.
Бастапқы кезде сыныптағы 22 оқушыдан 9 ғана үйірмеге қатысатын, ал
кейіннен оқушылардың саны 18-20 оқушыға жетті. Олар сабақта естігеннен
басқа, жаңа нәрселерді білуге қызығып, мұғалімнен, бір - бірімен бас қарым-
қатнаста болды. Кейде оқушылардың зерделілігі мұғалімнен білгісі келген
нәрселерді сұрап, үйірме жұмысының жоспарын ұсынатын.
‡йірменің оқу жоспарын мынандай сұрақтар толықтырады:
- оқушылардың танымдық қызметінде әртүрлі әдебиеттерді оқытудың ролі;
- қызықты математикалық тапсырмалар, олардың танымдық процессіндегі
ролі;
- математиканы не үшін оқу керек?
- және тағы басқалар.
Сонымен қатар оқушылардың білімдері математика – ғалымдардың өмірі мен
қызметтері жөнінде білімдерді күнделікті толықтырылып тұратын. ‡йірме
жұмыстарын жүргізу процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
шығаруға шарттар жасау керек.
а) бастауыш сыныптарда осы тектес дәрістер жүргізіліп тұруы тиіс,
өйткені пәнаралық байланыстар оқушылардың көз - қарасын өнегелі-
эстетикалық, творчестволық жарқындылығын қалыптастыруға әсерін тигізеді;
б) пәнаралық байланыстар негізінде жүргізілетін мұғалімдердің
балаларымен қарым - қатынасы, бірлік жасалатын, жұмысы оқушылардың өз
құрдастарының достығы олардың танымдық жақтан ғана емес, олармен жұмыс
істеудің мұғалімдердіңде балаларға деген көз қарасын өзгертеді;
в) сондай - ақ барлық мұғалімдер мен сыныптан тыс және мектептен тыс
жұмыстардың пәнаралық байланыстар төңірегіндегі квалификацияларында
жетілдіретін бірден - бір фактор болып табылады.
Пәнаралық байланыстардың математиканы бастауыш кластарда оқытудың
нақты процесінде кешенді түрде араластырудың қажетті.

1.2 Бастауыш мектепте математикада экономикалық білім мен тәрбие
беруді жүзеге асырудың жолдары
Нақты дүниедегі заттар мен құбылыстарды, негізінен алғанда, саны
жағынан зерттейтін ғылым болғандықтан, экономикалық білім мен тәрбие беруді
жүзеге асыруда математика пәні маңызды орын алады. Өйткені, қоғамдық
өмірдегі барлық дерлік экономикалық процестерді нормативті сан
көрсеткіштерісіз, әр алуан шамалардың сандық сипаттамаларынсыз және өзара
қатынастарынсыз көзге елестетудің өзі қиын. Тіптен, математиканы білмейінше
экономика негіздерін оқып - уйрену де мүмкін емес.
Математика пәнінің, сондай-ақ математикадан сыныптан тыс жұмыстардың
мазмұнына бағдарламалық білім, білік және дағдының негізін құрайтын
экономикалық білім элементтерін енгізу-өмір талабы. Біздің пікірімізше,
бастауыш сыныптарда математикадан сыныптан тыс жұмыстарда экономикалық
тәрбие беруді жүзеге асырудың нақтылы жолдары мыналар болмақ:
1) Тиімді іс-әрекеттер орындаумен байланысты практикалық мәселелерді
шеше білуге оқып-үйрету;
2) Ең үлкен немесе ең кіші мәндер табумен байланысты практикалық
мазмұнды жаттығуларды орындай білу дағдыларын қалыптастыру;
3) Экономикалық мазмұнды жаттығуларды орындай білуге оқып-үйрету;
4) Оқушылардың есептеу мәдениетін дамыту.
Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту барысында экономикалық тәрбие
беруді жүзеге асырудың маңызды бір шарасы оқушыларды тиімді іс-әрекеттер
орындаумен байланысты мәселелерді шешуге оқып-үйрету болып табылады.
Мынандай мәселені қарастырайық.
Әкелері Рахат пен Қанатты ертіп жорыққа шықты. Біраз жүргенне кейін
олардың алдынан өзен кездесті. Алайда, жағада тұрған сал 100 кг жүкті ғана
көтере алатын еді. Рахаттың массасы 41 кг, Қанат-38 кг, ал олардың
әкелелерінің массасы 75 кг. Олар өзеннен қалай өтеді?
Күнделікті жұмыста қандай да бір жағдайлармен байланысты осы сияқты
практикалық мазмұндағы мәселелермен жиі ұшырасуға болады. Олардың басты
ерекшелігі-айналадағы өмір шындығын бейнелейді және оларды шешу барысында
математикалық білімді шын мағынасында қолдану керек болады. Сондықтан
олардың қай-қайсысы болмасын бастауыш мектеп оқушысы үшін аса пайдалы
болмақ. Әрине, жоғарыдағы мәселені шешу барысында математиканың күрделі
формулалары мен аса қиын ережелерін білу талап етілмейді. Сондықтан, бір
қарағанда, ол өте оңай және тым қарапайым болып көрінуі мүмкін. Ойы ұшқыр
оқушы оны шешу жолын тез тауып кетуі де мүмкін. Бірақ осы сияқты мәселені
шешу тіптен де оңай шаруа емес екендігі аңғарылады. Өйткені, оларды шешудің
жалпылама, ортақ әдісі жоқ, әр мәселенің өзіне тән құпия сыры бар. Ал ол
сырды шыдамды да табанды балалар ғана аша алады.
Жоғарыдағы ұқсас мәселелердің әрбіреуін шешу барысында бала туындап
отырған жағдаяттан шығу жолын іздей отырып, әр-алуан іс-әрекеттер, соның
ішінде ақыл-ой іс-әрекеттерін (салыстыру, салғастыру, қарама-қарсы қою,
бақылау, талдау, қорытындылау,т.б) орындайды. Мәселен, жоғарыдағы
келтірілген жаттығу ұсынылғаннан кейін оқушы мына сияқты талқылаулар жасауы
мүмкін. Олардың үшеуін бірге сал көтере алмайды, өйткені
41+38+75тең154100. Сондай-ақ, салға олардың біреуі ғана да отыруы мүмкін
емес, себебі салды қайтадан бергі жағаға алып өтетін адам керек. Олай
болса, алдымен салға 2 адам отыруы керек. Егер әкелері мен балалардың бірі
ғана отырады десек, онда бұл да мүмкін емес, өйткені, 75+41тең116100
немесе 75+38тең113100. Ендеше, өзеннен алдымен екі бала өтеді, өйткені
олардың екеуін сал көтере алады, яғни 41+38тең79100. Олардың бірі арғы
жағада қалады да, екіншісі қайтадан бергі жағаға өтеді. Келесі кезекте
олардың әкелері өтеді (75100) де, арғы жағада қалған бала салды алып
өтеді.
Осы сияқты талқылаулар жүргізу барысында оқушылар біртіндеп тиімді іс-
әрекеттер орындауға үйренеді. Бұл, бір жағынан, оқушының бойындағы ойлаудың
логикалық стилін дамытуға, екінші жағынан математикалық білімді өмірде
қолдана білумен байланысты шеберліктің қалыптаса түсуіне себін тигізеді.
Мұның бәрі, сайып келгенде, оны қандай да бір дәрежеде өмірге бейімдейді.
Ең бастысы, оның қарапайым экономикалық дағдылары қалыптаса түседі.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының
қарапайым экономиакалық дағдыларын қалыптастырудың маңызды элементтерінің
бірі-олардың ең үлкен және ең кіші мәндер табумен байланысты практикалық
мазмұнды жыттығуларды орындай білуге оқып-үйрету болып табылады.
Адам баласының күнделікті тұрмыстың қажетті мәселелеріне байланысты
тәжірбиелік мұқтаждықтары мейілінше әр алуан болып келеді. Осы
мұқтаждықтарды өтеу барысында оған қандай да бір нәтижеге жету үшін
бірнеше тәсілдермен әрекет етуге тура келеді. Көпшілік жағдайда мұндай
мәселелер қандай да бір шаманың ең үлкен немесе ең кіші мәнін табуға келіп
тіреледі. Мәселен, мына бір есепті қарастырайық:
Есеп Жер бөлісі кезінде ауылдағы отбасылардың әрқайсысына периметрі 80
метрге тең болатындай етіп, тік төртбұрыш пішінді бақшалық жер қоршап алу
тапсырылды.Бақшаның ауданы мейілінше үлкен болу үшін оның өлшемдерін қандай
етіп алу керек?
Есепті шешу барысын мынадан бастауға болады; тік төртбұрыштың
(бақшалық жердің) бір қабырғасының ұзындығы 40 метрден кем болуы керек.
Егер 40 метр етіп алсақ, онда оның периметрі 80 метрден асып кетер еді.
Сонда мына сияқты кесте шығуы мүмкін;
Периметрі 80м 80м 80м 80м 80м 80м ... 80м 80м 80м Ұзындығы
39м 38м 37м 36м 35м 34м ... 22м 21м 20м Ені 1м 2м 3м 4м
5м 6м ... 18м 19м 20м ауданы 39м2 76м2 111м2 144м2 175м 2
204м2 396м 2 399м2 400м2
Бұдан бақшалық жерді қоршап алуды әр түрлі 20 тәсілмен жүзеге асыруға
болатыны және солардың ішінде қабырғасының ұзындығы 20м етіп, шаршы түрінде
қоршап алу ең тиімді болатындығы байқалады. Өйткені, оның ауданы 400 шаршы
метрге тең, яғни басқа тік төртбұрыштың кез келгенін ауданынан үлкен.
Осы сияқты тәжірбиелік мәселелермен біз күнделікті тұрмыста қадам
басқан сайын істес болып отырамыз десек артық айтпаған болар едік. Әсіресе,
қазіргі кезде нарықтық қатынастар жағдайында мұндай есептердің маңызы
ерекше артып отыр.
Мұндай есептердің сан алуан үлгілерін келтіруге болады. Өйткені,
тиімділік ұғымының өзі күнделікті өмір мен тұрмыстағы әр алуан
мұқтаждықтарға байланысты ең үлкен немесе ең кіші мәндерді табумен,
анығырақ айтқанда, ең үлкен аудан, ең аз уақыт, ең қысқа қашықтық
және т.с.с. әр түрлі сандық керитерийлермен сипатталады. Бірақ соған
қарамастан олардың мазмұны мен құрылымында және шешу жолдарына төмендегідей
ортақ ерекшеліктер болатындығы аңғарылады;
1) мүмкін болатын шешімдер вариантының көп болуы;
2) ең үлкен немесе ең кіші мәнді іздеу талабының болуы;
Көп жылғы іс-тәжірбиелер оқушылардың ең үлкен және ең кіші мәндер
табумен байланысты есептерге құштарлығын байқатты. Ал, мұндай есептер
мектепке арналған математика оқулықтрында бола бермейді. Осындай есептерді
шешу барысында балалар бірнеше шешеімдер варианттары ішінен есеп шартына
сәйкес тиімді шешімді таңдап ала білуге үйренеді. Бұл олардың
шығармашылықпен ойлай білу қабілеттерін дамтып, танымдық ой-өрісін кеңейте
түседі және математиканы оқытудың өмірмен байланысын нығайтуға көмектеседі.
Ең негізгісі, олар оқушылардың бойында қарапайым экономикалық дағдыларды
қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мәселенің негізгі түіні де, міне осында.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда экономикалық мазмұнды есептерді
шығартып отырудың маңызы ерекше.
Адам баласының күнделікті тіршілік әректетері, жалпы алғанда, өзі
өмір сүріп отырған қоғамның жағдайын жақсарта түсуге, сондай-ақ өзінің әл-
ауқатының өсе түсуіне, күннен күнге өз тұрмысының жеңілірек, дастарханның
молырақ бола түсуіне бағытталады. Ал, бәріміздің де және жеке-жеке алғанда
әрқайсысымыздың да әл-ауқатымыздың өсуінің негізі материалдық игіліктерді
тиімді және үнемді пайдалана білуде жатыр. Сондықтан күнделікті тұрмыстағы
экономикалық сипаттағы мәселелермен байланысты есептерді қарастырудың зор
маңызы бар.
Мынадай мәселені қарастырайық.
Пойыз Алматыдан Үштөбе станциясына дейін 7 сағат жүреді және билеттің
бағасы 380теңге тұрады. Үштөбеге 600теңге төлеп, жеңіл машинамен 4 сағатта
жетуге де болады. Жолаушы үшін осының қайсысы тиімді болар еді?
Егер тез жету тұрғысынан алып қарасақ, жолаушының екінші жағдаймен
әрекет еткені тиімді болады. Ал, егер ақшаны үнемдеу тұрғысынан алып
қарағанда, жолаушыға пойызбен жүру тиімді болатындығы түсінікті.
Әрине, бүл аса күрделі мәселе емес және оны шешу де соншалықты үлкен
қиындық тудырмайды. Алайда, шаруашылықтың әр түрлі салаларында, сондай-ақ
ғылым мен техникада осыған ұқсас, бірақ бұдан күрделі мәселелермен жиі
ұшырасуға болады. Көпшілік жағдайларда шаруашылықты ұйымдастыруды дұрыс
жолға қою мәселесі мейілінше аз шығын жұмсай және жоғары еңбек көрсеткішін
сақтай отырып, материалдық игіліктерді тиімді пайдаланумен байланысты
болады. Мәселен, ракеталардың, спутниктер мен космос корабльдерінің ұшатын
жолдарының (траекторияларының) ең тиімдісін алдын ала анықтау оларға ұқсас,
бірақ аса күрделі есептерді шешуді талап етеді. Сол сияқты спутникті
көздеген орбитаға шығару үшін шығынды (мәселен отынды) мейілінше аз
жұмсауға байланысты есептерді алдын ала шешіп алуға тура келеді.
Байқап қарасақ, осындай мазмұндағы қарапайым тәжірбиелік мәселелермен
байланысты есептермен күнделікті тұрмыста жиі істес болып отырамыз.
Әсіресе, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында мұндай есептер айырықша
мәнге ие болып, оларға деген қызығушылық арта түсуде. Оларды шығару
оқушылардың бойында ұқыптылық, үнемділік, ақшаны ойластырып жұмсау сияқты
қасиеттердің қалыптасына пәрменді әсер етеді. Сонымен бірге математиканың
практикалық маңызын, оның күнделікті тұрмыстағы, экономикадағы, ғылым мен
техникадағы ролін терең түсіне білуге жәрдемдеседі. Ең маңыздысы, осы
сипаттағы есептерді шығару барыснда оқушылардың қарапайым экономикалық
дағдыларын қалыптастыруға кең жол ашады.
Олар қарапайым экономикалық ұғымдарды меңгерумен бірге, нақты
тәжірбиелік мәселелерді экономикалық талдау шеберлігіне бейімделе түседі.
Әрине, ұсынылатын есептердің оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім
деңгейіне сай болуын басты назарда ұстаған жөн. Бұл біздің ғылым-әдіскерлер
мен мұғалімдеріміз үшін педагогикалық ізденіс пен сынақтың маңызды
бағыттарының бірі болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының экономикалық сауаттылығының аса маңызды
элементтерінің бірі-олардың есептеу мәдениетін дамыту болып табылады.
Есеп-қисап жүргізіп отырудың адам өміріндегі мәні орасан зор. Бізге
дүкенде, базарда, асханада, автобуста, барлық жерде де есеп-қисап жүргізуге
тура келеді. Әсіресе, бүгінгі күні нарықтық қатынастардың және осыған орай
сауда-саттық ісінің кең қанат жаюы кезінде тұрмыстың барлық салаларында
есеп-қисап жүргізу ісінің маңызы одан сайын артып отыр.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың басты және аса маңызды
нәтижелерінің бірі-оқушылардың есептеулер жүргізе білу машығын
қалыптастыру. Натурал сандармен есептеулер жүргізуді шапшаң, мінсіз, әрі
дәл орындауда қажет болатын шеберліктер мен дағдыларды меңгеру бастауыш
мектепті бітіретін бала үшін міндетті болып табылады.
Қолданылатын әдісіне қарай есептеулер жүргізудің үш негізгі түрі бар.
Олар; ауызша есептеу, жазбаша есептеу және есептегіш құралдарды пайдаланып
есептеу.
Жалпы алғанда, бастауыш сыныптар үшін есептеу тәсілдерінің түрлерін
іріктеп алу өте оңай шешілетін мәселе емес. Қазіргі әдістемелік ғылымда
және мектеп тәжірбиесінде бұлардың алғашқы екеуіне басымырақ мән беріліп
жүр. Ал, соңғы мәселе жөнінде ғалымдар арсында ортақ пікір жоқ. Алайда,
қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктер мен өмір талабы бастауыш сыныптарда
есептеулер жүргізу тәсілдерінің ара қатынасын түбегейлі қайта қарауды талап
етіп отыр. Біздіңше, бастауыш сынып оқушыларына осылардың қай-қайсысы да
болмасын оқып-үйретілуі тиіс. Мұғалім оқу процесінде оларды үйлесімді ара
қатынаста пайдалана білуі керек.
Есептеулерді неғұрлым дәл, әрі мінсіз орындау қажырлық пен
табандылықты, байыптылықты және тапқырлықты қажет ететін аса қиын
жұмыстардың бірі болып табылады. Әрине, қазіргі ғылыми-техникалық прогресс
заманында есептеу жұмыстарын жеңілдету электронды - есептеу техникасын
пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Алайда, әрдайым микрокалькуляторды
қолдану мүмкіндігі бола бермейтіндігі белгілі. Оларға шектен тыс сеніп
кету, дау жоқ, оқушының есептеу мәдениетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнаралық байланыстың негізі
Шет тілін оқытудағы интернет ресурстары
Биологияны оқыту әдістемесін жүзеге асырудың әдіс - тәсілдерін көрсету
Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен дәрістер тезистері
Vii-ix сыныптарда математиканы оқыту барысында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Математиканы басқа пәндермен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Delphi ортасы
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың жүйелік сипаты
«Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Пәндер