Бастауыш білім беру жүйесінде оқытудың ғылымилық және сабақтастық принциптерін қолдану әдістемесін жетілдіру


КІРІСПЕ
Педагогиканың ғылыми диалектикалық материалистік әдіснамасы ғалымдардың еңбектерінде қалыптасты. Олар тәрбиенің қоғамдық болмыс сипатына, қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына, оның түрлеріне тікелей тәуелділігін көрсетті, тәрбиені мақсаты мен принциптерін тұжырымдады.
Диалектикалық-материалистік тұрұыдан қарау педагогикалық іс-әрекет барысын және құбылыстарын жан-жақты зерттеуді, осы екеуінің арасындағы ішкі және сыртқы өзара байланысының сипатын ашуды, бұларды қозғалыс, өзгеріс күйінде қарауды, олардағы сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге көшуін көре білуді, ішкі қарама-қайшылықтарды, қарама-қайшылықтардың бірлігін, осының негізінде зерттелетін құбылыстар мен іс-әрекеттер барысының қозғаушы күштерін ашуды, танымда бекерге шығаруды бекерге шығару заңын басшылыққа алуды, тәжірибе таным бұлағы және теорияның ақиқаттылығының көрсеткіші болғандықтан зерттелуші құбылыстардың теориясы мен тәжірибесін бірлікте талдауды талап етеді.
Дидактикалық-материалистік әдіснама логикалықтың және тарихилықтың бірлігі принципімен қаруландырады. Тарихилық принципіне сүйену - зерттелетін құбылыстың пайда болу тарихын, оған тән қарама-қайшылықтарды, даму бағыттарын көруге, оның онан әрі даму бағыттарын белгілеуге мүмкіндік береді. Тарихи тұрғыдан қарауды логикалық талдаумен бекіту зерттелетін құбылстардың мәніне, олардың заңдылықтарына тереңірек енуге жол ашады. Біздің қоғамымыздағы мұғалім ролі айрықша белгіленеді. Қоғамның мақсат-мүдделерін көздеген тәрбие, білім беру дамудың ұзақ тарихи жолынан өтті. Қазір планетамыздағы азамат қоғамның даму барысы педагогикалық көкейтесті мәселелерді жеке қоғам мақсатын есте ұстай отырып, бүкіл адамзаттық мақсат, мұрат, мүдделер тұрғысынан қарауды талап етеді.
Мұның өзі педагогика теориясы мен тәжірибесін дамытудың жаңа деңгейі тұрғысынан қайта құру міндетін алға қойып отыр.
Педагогика тәрбиені мақсаты нақты тарихи сипатта болады деген қағиданы басшылыққа алады. Тәрбиені мақсаты әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруімен ұдайы дамып отырады.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап мектепте оқытудың негізгі бағыттары оның екі сипаттамаларының айналасында қалыптаса бастады: оқушылардың білімді өз бетінше алу қабілеттерін қалыптастыру және оларды басқаруға болатындығы туралы [3, 18б. ] . Жаңа педагогикалық технологиялардың аса үлкен жылдамдықпен дамуына қарамастан олардың ешқайсысының таза түрде емес, түрлі технологиялардың элементтері ретінде берілетіні анықталды. Алайда барлық технологиялардың ортақ талаптарына оқытудағы тәрбиелеушілік, дамытушылық сипат жататыны белгілі.
Білім беру мен оқыту бағыттарын кейбір жалпы негізделген позиция-дан қарастыруға болады. Орыс психологы И. А. Зимняяның классификациясы бойынша қазіргі оқыту формаларының төмендегідей түрлері айқындалған[8, 12] .
Оқушы мен оқытушының тікелей өзара байланысы негізіне сәйкес -контактілі және дистанциялы оқыту. Контактілі оқыту формасына дәстүрлі оқытудың барлық бағыттары жатады, ал дистанциялы оқытуға - арнайы жабдықталған оқу құралдары арқылы арақашықтықтан басқару мен оқыту жатады. Оқытудың сабақтастық принципі негізінде тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасатын оқыту сипатын айтамыз. Бұл, мысалы, Л. С. Выготскийдің анықтамасы бойынша баланың ана тілін интуитивті негізде қабылдауы немесе меңгеруі, яғни «төменнен-жоғарыға» ауысуы саналы түрде жүргізілуі деп түсіндіріледі[10, 31] .
Сабақтастық принципіне негізделген оқыту теориясын қарастырғанда «Оқыту процесінде таным обьектісі болып не табылады ? » деген сұраққа жауап беру өте маңызды. Егер оқушылар тек қана ережелер мен құралдарды ғана қабылдаса, онда бұл форма дәстүрлі, хабарлаушы, догматикалық оқыту деп аталады. Егер бұл нақты ережелерге бағынған әрекеттерді қабылдау болса, ол ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыратын теорияға сәйкес келеді. Егер бұл әрекеттер алгоритмін, бағдарламаны қабылдау болса, онда оны бағдарлап оқыту немесе алгоритмдеу теориясын меңгеру деп атаймыз. Егер бұл шешілуіне қажетті құралдар, тәсілдер, әдістерді меңгеру қажет болатын проблеманы, міндеттерді қабылдау болса, оны проблемалық оқыту деп айтамыз. Білім беру процесін басқару мүмкіндіктері негізі бойынша : а) басқаруға негізделмеген оқыту(дәстүрлі) ; б) басқаруды меңгерудің басты механизмі ретінде қарастыратын оқыту ақыл-ой әрекеттерін кезеңдеп қалыптастыру теориясы, бағдарлар оқыту, оқытуды алгоритмдеу) ;
1. Білім беру мен мәдениеттің өзара байланысы негізінде: а) оқушылардың мәдениеттік дүниетанымы бойынша жобалау қызметін қалыптастыру; б) пәндік негізде оқыту(дәстүрлі оқыту) .
2. Оқытуды болашақтық қызметімен байланыстыру негізі бойынша: таңбалы- контексті, немесе контексті, контекстен тыс дәстүрлі оқыту ;
- Оқытуды ұйымдастыру әдістері бойынша: оқытудың белсенді әдістері мен формалары және дәстүрлі оқыту байланыстырушы әрекеттер жүйесі[ақпараттық, хабарлау сабақтары) .
Дәстүрлі оқыту жоғарыда айтылған оқыту негіздеріне сәйкес контактілі(немесе дистанциялы), хабарлаушы болып сипатталуы мүмкін[саналылық принципіне негізделген) .
Н. Ф. Талызинаның анықтамасы бойынша дәстүрлі оқыту ақпараттық- хабарлаушы, догматикалық, енжар ұйымдастыру формалары ретінде жоғарыда айтылған сипаттамаларға сәйкес келеді. Сонымен бірге дәстүрлі оқыту білімдерді меңгерудің шарттары мен талаптарына толық жауап береді, оның ішінде оқушылардың даралық- психологиялық ерекшеліктеріне қатысты. Білім беру жүйесінде дәстүрлі оқытумен қатар басқа да оқыту бағыттары : дамытушылық, проблемалық, бағдарлап оқыту, ақыл-ой әрекеттерін кезеңдеп қалыптастыру, алгоритмдеу, дамыта оқытуды таңбалы-контексті типте ұйымдастыру, т. б. болып табылады[8, 21] . Орыс дидактарының бірі В. Оконьнің зерттеуі бойынша, оқыту - әртүрлі бағыттардың элементтерін қамтитын көпжақты процесс. Бұл көпжақтылық оқытудың нақты бір кезеңдерінде қандай да бір бағыттың мүмкіндігінің жоғары екендігін, қажетті жағдайларда оқушылардың даралық-психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес таңдау мүмкіндігінің бар екендігін көрсетеді[8, 24 б. ] .
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына және «Білім» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстандық білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін дамыту үшін қолайлы жағдайды қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда [1, 4 б. ] .
Аталған құжаттарда оқытудың жалпы міндетті мемлекеттік стандартын әзірлеуді одан әрі жалғастырып және оқытудың құнды концепциялары мен озық технологияларын белсенділікпен енгізу керек екендігі, сонымен бірге жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбиесі үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың мүмкіндіктері мен жолдарын анықтау қажеттігі ескерілген. Атап айтқанда, бүгінгі күні елімізде білім беру мазмұнын жетілдіру мен оның сапасын көтеру мақсатында және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін оқытудың белсенді концепцияларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу мәселесі көтерілуде. Ғылымилық және сабақтастық принциптері ойлау арқылы оқушының оқу әрекетін белсендіруге қажетті әрекеттер жүйесін құрайтыны А. Дьюидің, Ж. Пиаженің және Л. Выготскийдің концепциясыларында ғылыми негізделген, әрі оны оқу үрдісіне енгізу тиімді нәтиже беру мүмкіндігі көрсетілген. Қазақстанда дамыта оқыту идеясы қолға алынғанмен, қазіргі мектепте білім беру мен оқыту мәселелерінің нақты бір жүйеге, яғни теориялық негізге сүйенбеуінен және мектепте оқытудың ғылыми психологиялық-педагогикалық негіздемелерін пайдаланбаудан оқыту процесінің сапалылығы мен мұғалім қызметін күшейту мәселелері арасында қайшылық тууда. Аталған қайшылықты болдырмаудың мүмкін болатын жолдарын анықтау мақсатында «Бастауыш білім беру жүйесінгде оқытудың ғылымилылық және сабақтастық принциптерін қолдану» тақырыбын диплом жұмысының тақырыбы етіп таңдадық.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш білім беру жүйесінде оқытудың ғылымилық және сабақтастық принциптерін қолдану әдістемесін жетілдіру арқылы білім беру сапасын арттырудың әдістемелік кешенін әзірлеу.
Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектепте оқытуды ұйымдастыру үрдісі.
Зерттеу пәні : Бастауыш мектептердің оқу-тәрбиесі үрдісіндегі оқыту принциптерінің тиімділік дәрежесін көрсету қызметі
Зерттеу болжамы : бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың ғылымилылық және сабақтастық принциптерін пайдалану тиімді болады, егер де: мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың деңгейлеп дамыта оқыту жүйесі таңдалынып алынса және деңгейлеп оқытудың мұғалім және оқушы қызметін белсендірудегі ролі психологиялық-педагогикалық теория тұрғысынан негізделсе ; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының жеке және дербес ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп, оқытудың саралап оқыту әдісін қолданса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру үшін дамыта оқытуды жүзеге асырса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы және өз күшіне, біліміне деген сенімін арттыру үшін мұғалім қызметінің әрекеттік белсенділігі күшейер еді, яғни білім беру мен оқыту сапасы артар еді деп есептейміз.
Зерттеу міндеттері:
1. Қазіргі кездегі мектептерде қолданылатын оқыту жүйесінің негізгі бағыттарын анықтау;
2. Оқыту жүйесіндегі оқыту принциптерінің оқушылардың ойлау әрекетін дамытуға ықпалын зерттеу;
- Оқытудың ғылымилылық және сабақтастық принциптері арқылы мұғалім және оқушылардың танымдық қызметін күшейту ерекшеліктерін белгілеу.
Зерттеу жұмысың әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасау; бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде кіргізетін барлық пәндер мен сабақтан тыс жұмыстардың бағдарламасына әдістемелік құралдарына талдау жасау; бастауыш мектептерде өткізілетін дәстүрлі емес сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесіне педагогикалық талдау жасау; жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу, талдап қорыту; оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланатын алдыңғы қатарды мектептердің іс-тәжірибелерін қатарлы мектептердің іс-тәжірибелерін зерттеу, талдау жасау.
Зерттеу кезеңдері:
1-ші кезеңде (2010-2011 жж. ) тақырыптың өзектілігі дәлеледеніп, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасалынды; оқытудың педагогикалық технологиялары педагогикалық тұрғыдан негізделді;
2-ші кезең (2011-2012 жж. ) жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесі негізінде оқытудың ғылымилылық және сабақтастық принциптерінің қолдану барысы зерттелінді, талдап қорытылды; оларды оқыту процесінде пайдаланудың тиімділігі тұжырымдалды.
Қорғауға ұсынылады:
1. Қазіргі кездегі мектептерде қолданылатын оқыту жүйесінің негізгі бағыттарын анықтау.
2. Оқыту жүйесіндегі оқыту принциптерінің оқушылардың ойлау әрекетін дамытуға ықпалын зерттеу.
- Оқытудың ғылымилылық және сабақтастық принциптері арқылы мұғалім және оқушылардың танымдық қызметін күшейту ерекшеліктерін белгілеу.
1 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ
1. 1 Бастауыш білім беру жүйесінде оқытудың дәстүрлі және жаңа бағыттарын оқыту процесінде қолдану жүйесінің зерттелуі
ХХІ ғасырдың білім беру мен оқыту проблемаларының жаңа парадигмаларына сәйкес қазіргі мектепте оқытудың негізгі бағыттары оның екі сипаттамаларының айналасында қалыптаса бастады: оқушылардың білімді өз бетінше алу қабілеттерін қалыптастыру және оларды басқаруға болатындығы туралы[3, 54б. ] . Жаңа педагогикалық технологиялардың аса үлкен жылдамдықпен дамуына қарамастан олардың ешқайсысының таза түрде емес, түрлі технологиялардың элементтері ретінде берілетіні анықталды. Алайда барлық технологиялардың ортақ талаптарына оқытудағы тәрбиелеушілік, дамытушылық сипат жататыны белгілі.
Мектепте білім беру мазмұнының тарихи сипаты болады, қоғамдағы ғылым мен техниканың және жүргізіліп отырған саясатпен анықталады. Қазақстан Республикасы мектебі адамның қоғамдық мәнінің жан-жақты, үйлесімді дамуының негізін жасайды, жас ұрпаққа тәрбие берудің міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді. Мектеп қабырғасында оқушы ғылым мен техника дамуының қазіргі деңгейіне дейін көтеріледі. Міндетті орта білім келешекте кез келге мамандықты меңгеруге мүмкіндік береді[5] .
Білім беру мазмұнын жетілдіру үшін төмендегідей міндеттер шешімін табуы тиіс: күрделіленген және бұратана материалдан арылған оқылатын пәндер материалының көлемін анықтау; негізгі түсініктер мен жетекші идеяларды айқын баяндап, оқу пәндерінде жаңа жетістіктердің ғылым мен техникадағы бейнелеуін қамтамасыз ету; оқушылардың қазіргі есептеу техникасын пайдалануға мүмкіндік беретін білім және дағдылармен қаруландыру; оқу үдерісінде компьютерлерді қолдануда қамтамасыз ету; оқушылар меңгеруге міндетті ең қолайлы білік пен дағдыларды әр пән және жеке сынып бойынша анықтау; құзіретті білім алуды қамтамасыз ету.
Еңбекке тәрбиелеу, оқыту және кәсіптік бағдар беру жүйесі білім алуды жалғастыру үшін мектепті бітіруге жағындағанда оқушыны жан-жақты ойланып, таңдалған мамандыққа және соған сәйкес оқу орнына әкелу керек.
Оқытудың мазмұнын жетілдірудің негізгі қазіргі психологиялық және педагогикалық, теориялық және экспериментальдық зерттеулер болып табылады. Олар оқушылардың ақыл-ойы дамуының зор мүмкіндіктерін, оларды жүзеге асырудың жолдарын көрсетті, соның арқасында білімді игерудің жасқа байланысты шекаралары қайта қаралды.
Бастауыш білім беру мазмұны мектептің негізгі жалпы және бейінді білім беру сыныптарында берілетін ғылыми білімдердің негізін қалайды. Баланың болашағы, оның зиялылық дамуы, мүддесі және оқуы, келешекте еңбек іс-әрекетіне қатынасы көп жағдайда бастауыш сыныптардағы білім беру мазмұнымен анықталады.
Жай қарағанда бастауыш сыныпта қарапайым есептеу, жазу, оқу дағдыларын қалыптастырады деген дәстүрлі көзқарас балалардың даму мүмкіндігін шектейді. Бірақ екінші жағынан, бастауыш сыныптағы басты нәрсе: баланың ой-өрісін дамыту, нақты ақыл-ой әрекетін және ойлау операцияларын қалыптастыру сияқты тым тереңге кетіп қалуға болмайды.
Бастауыш білім бері мазмұны математика, ана тілі, дүниетану, әдебиет пен өнерден оқушыларға қарапайым тілдік қатынастар мен информатика бастапқы ғылыми білімдерді хабарлайды. Бұл білімдер берік игерілу керек. Тек сол уақытта ғана ол негізгі және бейінді сыныптарында мектептің берілетін ғылыми білімдердің негізі бола алады.
Бастауыш оқытудың мазмұнын игеру есептеу, оқу, жазу, ән айту, сурет салу, байқау білігі, сабақта зейінді болу, оқу еңбегін ұйымдастыра білу қарапайым тілдік қатынас информатика т. с. с. дағдыларды қалыптастырмайынша мүмкін емес.
Бастауыштағы жинайтын білім, білік, дағдылары оқушылардың ой-өрісін, қабілеттерін түрлі дәрежеде дамытып, ойлау іс-әрекетін түрлі сипатқа алып келуі мүмкін. Қорытындысында осы мәселе оқушының жалпы ақыл-ойының даму деңгейін анықтайды.
Егер мұғалім оқушының танымды іс-әрекетінің нақты құрылымын алдын ала белгілеп алған болса, бастауыш білім беру мазмұны оқушылардың кең дамуын қамтамасыз етеді.
Оқушылар түрлі материлдармен, ауыл шаруашылығы дақылдарымен, оқу құрал-жабдықтарын жөндеумен, ойыншықтар, мектепке, бала бақшаға, үйге пайдалы түрлі заттар жасаумен қол еңбегінің өмірге қажетті қарапайым тәсілдерін меңгереді.
Бастауыш білім беруді оқушылардың танымдық күші және ақыл-ой қабілетін дамытуды, қарым-қатынасқа, абстракциялау, жүйелеу, дедукция мен индукциялау, анализ бен синтездеуге үйретуді арнайы оқу міндеті етіп қойып қана шешуге болады. Мұның өзі жоғары сыныптарда оқушылардың ойлауының ерекше стилі - операциялық, алгоритмдік, яғни айтқанда, компьютерлік ойлау дағдыларын бекітуге көмектеседі.
Оқу материалы жоғары адамгершілік мұраттар мен сезімдерді тәрбиелеуді, дүниеге диалектикалық-материалистік көзқарас элементтерін қалыптастырудың қажеттігін алды ала қарастырады.
Бастауыш сынып жасындағы балалар үшін оқу материалын зерттеу нәтижесінде іс-әрекеттің жаңа түрі, оның барысында оқушының қоғамдық мәні, мінезінің еріктік сипаты қалыптасады. Бастауыш оқыту мазмұны оқушылардың ақыл-ой, адамгершілік, политехникалық, еңбектік, әсемдікке көзқарастық және дене дамуының міндеттерін шешуге көмектеседі.
Педагогикада оқу пәні ғылым негізі ретінде анықталады, оның мәні оқу пәнінің мазмұны келешекте қазіргі ғылыми меңгеруге мүмкіндік беретіндігінде. Оқу пәндерін бөлудің негізі - олардың адамзат тәжірибесінің белгілі жақтары болып табылуы. Олар: ғылым, идеология, еңбек, өндіріс, әдебиет, бейнелеу және музыка өнері, мәдениет, адам денесінің дамуы т. с. с.
Оқу пәні адамзат тәжірибесінің бөлігін бейнелейді және соған сәйкес білім, білік, дағдыларды қалыптастырады. Оқу пәндерінің жиынтығы мектептегі оқу үдерісінде оқушының адамзат тәжірибесінен игерілуге тиістінің бәрін анықтайды.
Оқу пәндерінің мазмұнында философиялық, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары шешуші фактор болады. Бірақ бастауыш сынып оқушылары қазіргі ғылымды, адамзат тәжірибесіндегі күйіндей, бірден оқып қабылдауға дайын емес. Сондықтан ғылымнан бастауыш сынып оқушысы түсінуі ықтимал, ғылымның негізгі қағидаларын игеруге мүмкіндік беретін, ондаған жылдардың барысында өзгермейтін материалды бөліп алу қажеттігі туады.
Әрбір ғылым дамиды, барған сайын өзі бейнелейтін дүниенің жақтарынан тереңірек түсінік береді. Ғылымның көптеген қағидалары ескіреді, күшін жояды, жаңа көзқарас жүйесі мен жаңаша пайымдаулар пайда болады. бірақ ғылымдағы білімдер жүйесінің өзегі болып табылатын кейбір негізгі теориялық қағидалар сақталады /мысалы: математикадағы натурал сандар тізбегі, қатары, арифметикалық төрт амал және т. б. / ғылымның негізгі қағидаларының салыстырмалы тұрақтылығы оқу пәнінің мазмұнын анықтауды, оның үздіксіздігінің, бірқалыптылығынң шешуші факторы болады.
Ойдың тарихи қозғалысына байланысты бір қағиданың өзі әр түрлі сипатталуы мүмкін. Бұл қағида әсіресе білімнің бастапқы жүйесін қалыптастыруда ерекше мағынаға ие болады.
Жоғарғы сыныптарда оқушылардың бастауышта игерген білімдерінің есебінен ғылыми қағидалар тереңдетіледі.
Баланың білімдері, қоршаған дүниені көз алдына келтіре білуі, ойлау операцияларының байланысу мүмкіндіктері оқу материалының тереңдігін шектейді. Оқу материалы кең психологиялық негіздемеге ие болуда. Сондықтан білімдерді игеру, оқушы жасының мүмкіндіктерін түсіну ұсынылатын оқу материалының мөлшерін анықтайды.
Бастауыш сыныпта ғылыми материалды таңдап алғанда теориялық қағидаларды оқу үдерісінде білік пен дағдыларды қалыптастырудың мүмкіндігінен бастаудың маңызы зор. Бастауыш сынып жасындағы оқушыларға теорияның тәуелділіктер мен қағидалардың негізінде дағдылар мен біліктер жасалатын болса, онда олардың үлкен мағынасы болады. Мысалы, грамматикада сөз таптарын оқу әрдайым сауатты жазу дағдыларын қалыптастыратын теориялық қағидаларды практикалық оқу іс-әрекетіне қосатын жаттығулармен байланысты. Бұл жағдайда теориялық оқу материалы ақыл-ой іс-әрекетінде маңызды және қажетті мәнге ие болады.
Ғылымда білім жүйесі тарихи даму ретімен орналасуы мүмкін яғни жинақталған және қысқартылған түрінде ғылым тарихын қайталайды немесе тарау, тақырып, шешімі табылған мәселелерді баяндау ретін анықтайтын, логикасы маңызды және терең қағидаларға тәуелді, логикалық өзгертілген түрінде берілу мүмкін. Мысалы, физиканың материалы тарихи тізбектестік ретімен не физикалық құбылыстар мен үдерістер қазіргі атом-малекулярлық теория негізінде берілуі мүмкін. Бұл екі жағдайда да материалдың тізбектестігі мен жүйелілігі едәуір өзгертіледі.
Оқу пәнінде бірнеше ғылымдардың жинақталған және қысқартылған түрі бейнеленуі мүмкін. Биология, мысалы, ботаника, зоология, анатомия, физиялогиялық сияқты дербес оқу пәндеріне бөлінеді. Бұл жағдайда жеке алынған оқу пәні, мысалы, ботаника жеке ғылыми білім жүйесін анықтайды және аның негізінде балаларда неқты білік пен дағдылар пайда болады. осымен қатар бұл пәннің мазмұны басқа зоологияны оқып үйренудің тікелей негізі болады. нәтижесінде табиғаттағы құбылыстардың өзара байланысы толық және терең ашылады.
Бастауыш сыныптарда оқу пәндері мазмұны оқушыларда қалыптастырылуға тиісті теориялық білімдер және практикалық білік пен дағдылар жиынын көрсетеді. Осыған байланысты математика, ана тілі, орыс тілі сияқты пәндерде теориялық білімдер жетекші роль атқарады. Сол жерде практикалық білік пен дағдылар белгілі бір теориялық қағидаларды игерудің салдары, нәтижесі болып табылады.
Басқа оқу пәндерінде, мысалы, сурет, музыка, денешынықтыру, еңбек пәндерін оқушылардың оларға сәйкес іс-әрекет түрлерінде білікпен дағдыларды қалыптастыру барысы роль атқарады. Бұл жерде теория оқу пәнінің мазмұнына аз мөлшерде енеді.
Осыдан келіп не теория, не практикалық білік пен дағдылар анықтауыш роль атқаратын оқу пәндерінің өзіндік құрылымы пайда болады және осы жағдайларға сәйкес оқу пәндерін жетілдіру жолдары анықталады.
Оқыту үдерісінде оқулық қажетті түйін болып табылады. Ол ежелден оқытудың маңызды құралы болып саналады. Оқулықтың оқыту, дамыту және тәрбиелік мәні болады. оқушылардың жас мүмкіндіктеріне қарай, бағдарлама негізінде ол оқу материалының мазмұнын анықтайды. Оқу материалының жүйесі қалай оқыту керек деген мәселеге елеулі ықпал жасайды. Оқу-әдістемелік кешендерде оқулықтарға талаптар қойылады. Олар: қоғамдық бағыттылығы, материалдың ғылымилығы, оны құру жүйесі мен мазмұнының психологиялық және педагогикалық негізделуі, хабарланатын білімдердің оқушылар жасының психологиялық ерекшеліктері мен қабілеттерінің дамуына сәйкес келуі.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы оқулық мазмұнына, олардың толықтырылуына, қайта өңделуіне, жаңадан жасалуына ықпал етеді. Оқулық осы заманғы ғылыми білімдерді игерудің негізі болатын тұрақталған ғылыми қағидаларды қамтиды. Осылайша оқулықтың тұрақтылық принципі сақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz