Бастауыш мектеп оқушыларының математикадан білімдерін тексеруде тест әдісін қолдану ерекшеліктері



І Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін тексеруде тестік форманы қолдану
1.1 Тест ұғымының пайда болу себептері мен даму тарихына шолу
1.2 Тест, үлгерімді бақылау формасы
ІІ Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылауда тест әдісін қолданудың әдістемелік негіздері

2.1 Бастауыш сыныпта математика пәні бойынша пайдалынатын тест түрлері
2.2 Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі күні Қазақстан Республикасында бастауыш білім берудің жаңа мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік пен дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты қойылып тұр. Бұл өз кезегінде бастауыш мектептегі математиканы оқытуды ұйымдастыру ісіне елеулі түрде ықпал етіп, оны қайта қарауды талап етеді.
Бастауыш мектептер үшін тест әдісін қолдану саласында қажетті білім деңгейін жетік меңгерген, шығармашылықпен айналысатын педагогтардың қажеттілігі заман талабына қарай қажеттіліктер туындап отыр. Математикадан есептер шығаруға үйрету сапасын басқару үшін біріншіден істің жай күйін білу қажет. Мұндай білімді бақылаудың әр түрін өткізу жолымен жүзеге асыруға болады. Оқушылар білімін сапалы бақылау – бұл бақылау тапсырмаларын қалыптастыру және тексеру бойынша маңызы көп қыруар жұмыстардың жүргізілуі себебінен қиындатылған жүйелілік бақылау болып табылады
1 Пидкасистый П.И., Коротяев Б.И. Организация деятельности ученика на уроке. –М., 1985.
2 Бейсенов Ж., Рахымбек Д., Шарипов Т.А. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған. Оқу құралы. – Шымкент, 2003.
3 Беспалько В.П. Стандартизация образования основные идеи и понятия. //Педагогика. 1993, №5.
4 Ропопорт И., Сельг Р., Соттер Н.Тесты в обучении иностарнным языкам в средней школе. //Таллин/ Валгус, 1987.
5 Пельгма А. О составлении математических тестов. //Вопросы педагогической психодиагностики. Сб.статей /Сост. Ю.Сыэрд, В.Авотиныш. –Таллин, 1986.
6 Агибалов А.В. Конструирование тестов и методики их использования при контроле знаний учащихся по математике. –М., 1986.
7 Клименко А. Практика тестирования. –М., 1991.
8 Хубулашвили В.В. К вопросу тестовой методике контроля знаний //Советская педагогика. №8, 1975.
9 Жұмаділова Р. Тестік жүйе –кешенді бақылау сынағында. /Қазақстан мектебі, №7, 2001.
10 Ниязбекқызы Б. Тестік әдісті пайдалану. //Қазақ тілі мен әдебиеті. №10, 2007.
11 Байжұманова Р. Білім бақылауда тестерді пайдалану. //Қазақстан мектебі. 7-2005ж.
12 Сайдинова А. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын теесеру мен бақылау. //Бастауыш мектеп. №4-2004.
13 Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. –М., 1977.
14 Ильина Т.А. Педагогика: Курс лекций. Учебное пособие для студентов пединститутов. –М., 1984.
15 Лында В.С. Дидактические основы формирования самоконтроля в процессе самостоятельной учебной работы учащихся. –М., 1979.
16 Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. –М., 1980.
17 Голант Е.Я. О теории методов обучения в современной школе. «Советская педагогика. 1956.
18 Данилов А.М. Общая методология науки и специальная методология педагогики в их взаимоотношении. Советская педагогика. 1972.
19 Денисова Ю.А. К вопросу о системе оценивания уровня достижения учащихся. //Начальная школа. №2-2007.
20 Мемлекеттік жалпыға міндетті 12 жылдық орта жалпы білім стандарты. Негізгі ережелер. –Астана, 2007.
21 Жетпісбаева О. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылау ерекшеліктері. //«Жастар – Қазақстанның стратегиялық потенциалы» атты жас ғалымдардың және студенттердің республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Талдықорған, 2007.
22 Жетпісбаева О. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылаудың әдісінің маңызы. //VIII «Сәтпаев оқулары» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференция материалдары. Павлодар, 2008.
23 Жетпісбаева О. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылау үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың әдістемелік аспектілері. // «Қазақстан жоғары мектебі» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналының ғылыми қосымшасы «Ізденіс». – 2008. – №2.
24 Абдолдинова Г. Тестілік бақылау тәсілдері. //Қазақстан мектебі. №7-8, 2007.
25 Әбілқасымова А. Т.б. Тестілер –оқушылардың зердесін дамыту құралы. // Информатика, физика, математика. №3 -2005
26 Мұстафаев А. Математикалық тест мазмұны жөнінде. // Математика және физика. №1- 2005
27 Әнуарова Е. Тест сұрақтарын құру. // Математика жәнен физика. №3-2004

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАДАН БІЛІМДЕРІН ТЕКСЕРУДЕ ТЕСТ
ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖОСПАР:
І Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін тексеруде тестік форманы
қолдану
1.1 Тест ұғымының пайда болу себептері мен даму тарихына шолу
1.2 Тест, үлгерімді бақылау формасы
ІІ Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылауда тест
әдісін қолданудың әдістемелік негіздері

2.1 Бастауыш сыныпта математика пәні бойынша пайдалынатын тест түрлері
2.2 Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін
бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
К І Р І С П Е

Қазіргі күні Қазақстан Республикасында бастауыш білім берудің жаңа
мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы
түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік
пен дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу
танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас
тұлғасын қалыптастыру мақсаты қойылып тұр. Бұл өз кезегінде бастауыш
мектептегі математиканы оқытуды ұйымдастыру ісіне елеулі түрде ықпал етіп,
оны қайта қарауды талап етеді.
Бастауыш мектептер үшін тест әдісін қолдану саласында қажетті білім
деңгейін жетік меңгерген, шығармашылықпен айналысатын педагогтардың
қажеттілігі заман талабына қарай қажеттіліктер туындап отыр. Математикадан
есептер шығаруға үйрету сапасын басқару үшін біріншіден істің жай күйін
білу қажет. Мұндай білімді бақылаудың әр түрін өткізу жолымен жүзеге
асыруға болады. Оқушылар білімін сапалы бақылау – бұл бақылау тапсырмаларын
қалыптастыру және тексеру бойынша маңызы көп қыруар жұмыстардың жүргізілуі
себебінен қиындатылған жүйелілік бақылау болып табылады
Тест әдісін қолдану бастауыш мектепте математиканы оқыту нәтижесін
бақылаудағы тиімділігіне қарамай, оның мектеп тәжірибесінде қолданулылығы
айтарлықтай емес. Оған көптеген себептер, соның ішінде аса назар аударып
айтатыны, тест әдісін бастауыш мектепте математиканы оқыту нәтижесін
бақылауда қолданудың ғылыми-әдістемелік туралы зерттеулердің жеткіліксіз
болуы, біздің зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін көрсетеді.
Сонымен, қазіргі бастауыш мектептегі математиканы оқытудың нәтижесін
бақылауда тест әдісі қолданып, оқытудың тиімділігін арттыру мен оның ғылыми-
әдістемелік негізінің жасалмауының арасында қарама-қайшылық туындап отыр.
Осыған орай, тест әдісін қолдану мүмкіншіліктерін пайдалана отырып,
бастауыш мектепте математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін
арттыру негізінде оқытудың сапасын жақсарту жолдарын анықтау мақсатында
диплом жұмысымның тақырыбын Бастауыш мектеп оқушыларының математикадан
білімдерін тексеруде тест әдісін қолдану ерекшеліктері деп таңдауды талап
етті.
Соңғы жылдары сыныптан сыныпқа, бастауыштан негізгі мектепке 4-
сыныптан 5-сыныпқа, негізгіден орта мектепке 9-сыныптан-10-сыныпқа өтуде
оқушылардың білім сапасын Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) тексеруде тест
тиімді тәсіл ретінде көрініс табуда.
Зерттеу нысаны: Бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: Математика 4-сынып.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін
бақылауда тест әдісін қолданудың әдістемелік негіздерін жасау.
Зерттеу міндеттері:
• Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін тексеруде тестік форманы
қолдануды анықтау.
• Бастауыш сыныпта математика пәні бойынша пайдалынатын тест
түрлерін көрсету.
• Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту
нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесін жасау.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері – табиғат, қоғам,
ой дамуының жалпы заңдылықтары; таным, білім, жеке тұлға және оның іс-
әрекеті, ақыл-ой, ойлау құндылықтары туралы философиялық, психологиялық,
педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасы және оны
арттырудағы бақылаудың алатын рөлі мен атқаратын қызметі туралы теориялар.
Тест әдісін қолдануда оқу сапасын арттырудағы мүмкіндіктерін анықтайтын
ілімдер. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан
Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттары, бастауыш мектептің пәндік оқу бағдарламалары, білімді
ақпараттандыру концепциясы, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу
мәселесіне қатысты іргелі еңбектері.

І БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЛГЕРІМІН ТЕКСЕРУДЕ ТЕСТІК ФОРМАНЫ ҚОЛДАНУ

1.1 Тест ұғымының пайда болу себептері мен даму тарихына шолу

Тест жекелеген ерекшелерді зерттеп біоу әдісі ретінде пайда болған. Одан
бері көп уақытөткен жоқ. Тестің шығу уақыты ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасырдың басы деп есептеледі, сол кезде адамның физикалық, физиологиялық,
психикалық ерекшеліктерін анықтау үшін психологтар өлшеудің әртүрлі
тәсілдерін қолдануға ұмтылған.
Бүгінгі заманда тестілеудің басты мақсаты жеке тұлғаның өзін-өзі
тануына және дамуына жәрдем ету болып табылады.
Жалпы алғанда, тест (tesr) сөзі ағылшын тілінен аударғанда сынау,
сынама деген мағынаны береді [5].
Педагогикалық тестілеу білім мен білікті, машықты бағалауда
қолданылады.
Педагогикалық практикада тест үлгісіндегі диагностикалық тапсырмаларды
алғаш рет 1864–жылы Ұлыбританияда Дж.Фишер оқушылардың білімдерін тексеру
үшін қолданды. ХІХ ғасырдың аяғында тестологияның негізін салушы деп
саналатын Ф.Гальтон адамның даралық ерекшеліктерін бағалау үшін Дж.Саллимен
бірге педагогикалық мақсаттарда қолдана бастады [6].
Жалпы тест терминін 1890-жылы алғаш рет ғылымға енгізген америкалық
психолог Дж.М.Кеттел болды.
Өз бастауын Англия мен АҚШ ғаліымдарынан алған тест мәселесі ХІХ
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында француз психологы В.Штерннің
еңбектері арқылы дами түсті [7].
Тестологияның дамуы, көбінесе тәжірибе қажеттіліктеріне байланысты
болады. Әртүрлі өндірістік қызмет салаларында кәсіби іріктеуге арнап тестер
жасалды. Жаңа бағыттар пайда болады. Мысалы, швейцарлық психолог
Г.Роршахтың (1921) тестері көпке белгілі, ол тұлғаны терең диагностикалау
үшін сия таңбаларының бейімделген техникасын және аяқталмаған суреттерді
салып бітіруге негізделген Вартет тестін пайдалануды ұсында.
Ақыл-ойдың даму деңгейін зерттеу тестерін жасауға байланысты бағыттар
қарқынды дамыды.
Біздің елімізде Д.Векслер жасаған тест көп таралған, Д.Векслер шкаласы
(Wisc) 5-15 жастағы балалардың ақыл-ойының даму деңгейін анықтау үшін АҚШ-
та жасалды. Д.Векслердің айтуынша тестің неігізінде екі негізгі идея
жатыр: зердені тұтас тұлғаның ажырамас бөлігі ретінде қарастыру және нақты
баланың нәтижелерін сол жастағы балалар тобының орташа нәтижелерімен
салыстыру.
Қорыта айтқанда, адам білімі мен қабілетін тексеру атты мәселемен
адамзат баласы 4000 жылдан астам уақыт бойы айналысты және оның ең
жетілдірілген формасы ретінде 100 жыл бойы тесті күн тәртібінен түспей
отыр.
Біздің елімізде де тест мәселесі соңғы жылдары қоғамның барлық
салаларына, әсіресе білім білім беру салаларына батыл енгізілуде. Әрине,
мұнда кез келген жаңа нәрсе сияқты оған қарсы болушылар аз емес. Олардың
негізгі аргументі мыналар, біріншісі, тест-педагого мәртебесін, беделін
төмендетеді яғни оқушы немесе талапкер немесе студент білімі педагогтың
қатысуынсыз-ақ тексеріледі деген тұжырым. Ия, баға қою – мектепте болсын,
әсіресе жоғары оқу орнында педагогтың қолындағы үлкен күш.
Оқушылардан тест алып, білім деңгейін бақылау әртүрлі мақсаттарды
көздейді. Оқушының білім деңгейін, сапасын анықтауда тест қазіргі заман
талабына сай бақылаудың жаңаша түрі. Тест тәжірибе, тексеру деген
мағынаны білдіруіне байланысты, тест сөйлесім, тілдесім, жазылым
әрекеттерінің дәрежесін бақылауға өте тиімді әдіс болып табылады [9].
Тестік жүйенің басты мақсаттары:
-өтілген тақырыптардан, модулдерден алған білімдерінен олқылықтар
кеткен оқушылармен жеке-дара қосымша жұмыс жасап, көмек беру;
-оқушылардың білім алуда іскерлік қабілеттерін, ой-өрісін дамытуды
көздеу;
-оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, саралау;
-білім беруде бағдарлама сапасын, оқуты мақсатын зерттеу;
-бақылау барысында кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға жол іздеу;
-өтілген тақырыптар бойынша қайталау, еске сақтау қабілеттерін
арттыру;
-оқушылардың білімін саралай отырып, сыныптағы оқушылардың жетістігін
салыстыру;
-оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандартқа лайықтау және
салыстыру;
-оқушылардың арасынан дарында, білімділерін анықтап, оларға тіл
үйренуде қосымша тапсырмалар беріп, шығармашылық деңгейге көтеру.
Тестік бақылаудың тиімділігі:
1.Өтілген тақырыптар, модульдерді тексеру барысында оқу үдерісінің
уақыты үнемделеді.
2.Тест алу оқушының белсенді, қисынды ойлау қабілететерін дамытуға
мүмкіндік жасайды.
3.Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беріліп, жеке тұлға мәселесе жоғары
қойылады.
4.Оқушылардың білімін бағалау, қабілетін анықтау мүмкіндігі артады.
5.Бұл жүйе оқушыларды шапшаң қимылдап, тез шешім қабылдауға
машықтандырады.
6.тест барысында әр сұраққа дұрыс, нақты жауап іздеуде оқушылар
ұшқырлыққа, ептілікке, жинақылыққа дағдыланады.
7.Тест жүйесі аз уақыт аралығында барлық оқушылардың білім сапасын
анықтауға өте қолайлы.
8.Бұл жүйемен білім сапасын анықтауға бірыңғай талап қойылады әрі
стандартақ сәйкестілігі анықталады.
9.Тыңдалым әрекетінің қаншалықты дәрежеде меңгерілгенін, түсінген-
түсінбегенін анықтау үшін де өте қолайлы болып саналады.
10.Тест жүйесі пәнаралық байланысты да толық қамытып, оқушының әр
саладан хабардар болуына өз септігін тигізеді.
Біздің елімізде, мемлекеттік деңгейдегі бұл іспен бел шешіп айналысып
отырған Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық
орталығы. Алайда, тест мәселесі соңғы жылдары қоғамның барлық салаларында
әсіресе, білім беру салаларына батыл енгізілуде.
Тестер белгілі бір ережелер, талаптар бойынша құрастырылады. Әрбір тест
нысаны болып табылатын білім, біліктілік және дағды компоненттерінің
сипаттамасын анықтайтын бір түрлі тапсырмалар жиынтығын айтады [10].
Тесттерді пайдаланудағы әрекеттер мына кезеңдер бойынша жүргізілуі
тиіс.
1-кезең:
-тест алдындағы талдау
-тесті жоспарлау
-құрастыру
-тест алдындағы жұмыстарды санау
-тест алдындағы нәтижелерді өңдеу
-тест алдындағы нәтижелерді сатылау
2-кезең:
-түпкілікті тесті жасау
-тест алдындағы қайта жоспарлау
-түпкілікті тест құрастырып өңдеу
-тест нәтижелерін сатылау
Тестерді құрастыру және пайдалану кезінде ескерілетін
ұйымдастырушылық талаптар:
1. Сыналушының ешқайсысына артықшылықтар берілмейді. Барлығы бірдей
жағдайда, бірдей сұрақтарға жауап береді.
2. Алдын-ала дайындаған нәтижелерді бағалау шкаласы барлығына бірдей
қолданылады.
3. Нәтижелердің бұрмалауын болдыртпау шаралары қолданылады.
4. Тест материалының мазмұны туралы хабарлардың алдын-ала таралуына жол
бермеу.
Өкінішке орай бастауыш сыныптарда осы кезеңдерді ескермей жатады.
Кез-келген мәтіннің ортасынан 2-3 сөйлем жазып, сұрақ белгісін қойып, тест
сұрағы деп береді. Тест саналы да нәтижелі болу үшін тест сұрақтары дәл,
анық, ұғымды, әрі қысқа болуы тиіс. Тест оқушылардың жас ерекшеліктеріне,
шама-шарқына лайықты құрастырылуы тиіс.
Тесті қолдану басқа емтихандармен салыстырғанда мынадай бірқатар
пайдалы артықшылықтары бар. Олардың қатарына: процедураның салыстырмалы
түрде қарапайымдылығы; нәтижелердің тікелей белгілі болуы; жекелей де,
топта сынақ өткізу мүмкіндігі; көрсеткіштердің орташа математикалық,
статистикалық қорытындыларын алу үшін нәтижелерді талдау ыңғайлы,
стандарттар мен нормаларды дайындау мүмкіндігі; оқушылардың кез-келген саны
үшін сынаққа кететін уақыттың аздығы жатады.
Сабақ үстінде оқушылармен мүмкіншілігінше тестік жұмыстар жүргізіп,
мұғалім тек осы жұмыстың үстінен басқарып, оны орындауға тапсырманы алдын-
ала даярлап отыру керек. Тестілік әдіс негізінен оқушылардың білімділігін,
біліктілігін және дағдысын өлшеуге арналган. Сондықтан оларды көбінесе
педагогикалық немесе психологиялық тестер деп атайды [11].
Оқушылардың білімін, біліктілігі мен дағдысын тексеруге және
бақылауға қолданылатын тестер жиындығы 7 түрге бөлінеді:
1. Толықтырмалы тест: тесте, сызбада, формуланың жазылуында қалдырылып
кеткен сөзді, белгіні қосатын орын болады.
2 Еске алу тесті: тест сұрағына берілетін жауапқа белгілі бір факт,
заңның, ереженің мағынасы келтіріледі. Бұл кезде тура сұраққа бір жақты
жауап алу арқылы білімнің нақтылығы тексеріледі.
3. Баламалы жауабы бар тест: белгілі бір жағдайдың дұрыс не дұрыс
еместігін шешуге мүмкіндік беріледі. Жауап “+”, “-” белгілері, “ия” не
“жоқ”, “дұрыс” не “дұрыс емес” сөздері арқылы жазылады.
4. Таңдау тесті: бірнеше жауаптың ішінен жалғыз дұрыс жауапты таңдап
алады.Мұндай тесттерде жауаптар саны 3-тен кем болмайды.
5. Сәйкестендіру тесті: екі бағанада орналасқан фактілерді бір-бірінің
мағынасы, мазмұнына байланысты тауып топтастыру
6. Бірден-бір қатарлы тест: заттың аты, шамасы, және т.б. көрсеткіштері
талапкерлерден тексеріліп отырған қандайда бір заңға, ережеге байланысты
орналастыру қажет.
7 Комбинациялы тест: құрылуына байланысты мұнда жоғарыда көрсетілген
әртүрлі тест типтерінің сұрақтары болуы мүмкін. Бұл тестің сұрақтары:
кесте, мәтін, формула, график, сызба түрінде қажетті түсініктемелерімен
бірге беріледі. Деңгейіне байланысты ауқымды және көп ауқымды болуы мүмкін.

Тестерді негізінен 3 топқа бөлуге болады:
1. Адамның интеллектуалдық потенциалын анықтайтын тесттер;
2. Педагогикалық тесттер;
3. Адамның белгілі бір кәсіпке бейімділігін анықтайтын тесттер
Оқыту үдерісінде қолданылатын тесттердің өзі 2 түрге бөлінеді:
1. Өз бетінше жұмыс істеу үшін құрылған тестер -әдетте тиісті
материалдар оқытылып жатқанда немесе белгілі бір тақырыпты қайталау кезінде
беріледі.
2.Бақылау жұмыстары үшін құралған тестер-математикалық тақырыптық
материалдарды қамтиды.
Тест сұрақтарының қиындық дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Демек,
мұның өзі бір жағдайдың өзінде сыныптағы үздік және зерек оқитын оқушыларды
таңдап алуға мүмкіндік береді.

1.2 ТЕСТ, ҮЛГЕРІМДІ БАҚЫЛАУ ФОРМАСЫ

Қазіргі бастауыш мектеп тәжірибесінде оқушының игерген білім, білік
және дағдыларын тексеру мен бағалаудың бірнеше формалары бар: осыған орай
бақылап-бағалаудың тестік жүйесі анықталып отыр. Одан басқа бастауыш сынып
оқушыларының білімін бақылаудың түрлеріне күнделікті бақылау, тақырыптық
бақылау, қорытынды бақылау жатады және тексерудің бұл көрсетілген түрлеріне
ауызша тест түрінде болуы мүмкін.
Тестік бақылау жүйесі –оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекетін
арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін,
шығармашалық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса алған білімдеріндегі
олқылықтарын анықтайды, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді
Жалпы тест тапсырмаларының төрт түрлі формасы бар. Олар:
1.Жабық формадағы тапсырма.
2.Ашық формадағы тапсырма.
3.Сәйкестікті белгілейтін тапсырма.
4.Ақиқатты белгілейтін тапсырма.
Сонымен тестік тапсырмаларды қолдану оқушы білімін объективті
бағалауға мүмкіндік береді.
Тест оқушылардың алдына тапсырма мен ұсынылған нұсқаулардан жауапты
таңдауды шектейтін нақты белгіленген шарттарды қояды. Кез келген тест екі
бөлімнен тұрады: алғашында оқушыға оның басты назарын оқылған нақты
материалға аударатын қандай да бір тапсырма ұсынылады, содан кейін
жауаптың түйіні көрсетіледі.
Оқушы жауабының мүмкін болатын түйіндеріне қатысты тестердің мына
түрлері қарастырылған: баламалы, сәйкестік, көптен таңдау.
Баламалы тест оқушының ұсынылған екі жауаптың біреуін таңдауына
мүмкіндік береді. Иә-жоқ деген жауап түрлері жиі кездеседі. Сондай-ақ
басқа нұсқалар да бар. Мәселен, дұрыс, дұрыс емес және т.т. Тестің бұл
түрі фактінің, заңның қажеттігін айқындау, түсінікке келтіру, белгілі бір
құбылыстың туындау себебеін білу сияқты көрсеткіштерді анықтау кезінде
қолданылады.
Сәйкестік тесті әртүрлі болып келеді. Ол екі қатар бағаннан тұруы
мүмкін. Бұл жағдайда бір бағандағы қандайда бір шешуші сөз, сан, рәсім
немесе сөйлем арқылы тиісті жауапты екінші бағаннан табу қажет. Тестің бұл
түрімен игерудің мына нәтижедерін: алгоритмдік құрылғылар мен басқалардың
неге қажеттігін анықтау, абстарктілі түсінік пен нақты құбылыс немесе
нысанның (түсінік ауқымына келтірілген), заңдылық пен құбылыстың (тергеудің
түйіні немесе себебін анықтау) арасындағы байланысты орнатып, біліктілігін
айқындау қажет. Көрсетілген сәйкестіктердің әрқайсысы тек бір тапсырма үшін
пайдаланылады.
Аталған тестердің басты артықшылығы –оқыту материалдарының көп санын
игеруді қысқа мерзімде бақылауға мүмкіндік беретін жинақтылығында.
Тестілеу сұрақтарын құру мұғалімдердің үлесіне тиген. Тест
сұрақтары арқылы білімнің сапасын, игерген дағдысы мен іскерлігінің
деңгейі анықталады. Тест сұрақтарына жауап тез арада нақты, қысқа
қайтарылуы тиіс. Ол үшін оқушыларды тестілеу әдісіне бастауыштан бастап
жаттықтыру тиімді.
Оқушылардың білімін тестік жүйе бойынша бағалаудың “кәдімгі бағалау”
жұмыстарынан көптеген артықшылықтары бар, ең негізгісі - тест арқылы
бақылау жұмысына қарағанда көп материалды аз уақыттың ішінде жылдам, тез
арада тексеріп шығуына мүмкіндік береді. Тестің өзіне тән тағы бір
ерекшелігі-оқушылардың қызығушылықпен ойын түрінде қабылдауында. Соның
нәтижесінде олар тапсырманы орындау кезінде қорқыныш, үрейлену сияқты
психологиялық мәселелер болмайды.

ІІ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НӘТИЖЕСІН БАҚЫЛАУДА ТЕСТ
ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

2.1 Бастауыш сыныпта математика пәні бойынша пайдалынатын тест түрлері

Тест – жұмысы әр оқушыға арналып жасалған жекелеген карточка арқылы
жүргізіледі. Бұл жұмыс оқушының өз бетімен жұмыс істеу қабілетін
қалыптастырады.
Бастауыш мектептердегі математика сабақтарына тест әдісін қолданудың
негізгі мақсаты – бұл әр бір оқушының оқу материалдарын меңгеру дәрежесі
туралы ақпараттарды алуына мүмкіндік бере алатын мұғалім-оқушы
тізбегіндегі үнемі тұрақталған кері байланысты қалыптастыру. Жоғарыда
аталып көрсетілгендей, тек дәстүрлі әдіс-тәсілдермен ғана бұл жұмысқа қол
жеткізу өте қиын, себебі бұл жағдайда мұғалім осы мәселені шешу үшін
көптеген нұсқаларды жинақтап және көбейтуі тиіс, алынған нәтижелерді
тексеруге көп уақыты шығындалады.
Мектептерде оқытылатын пәндердің көпшілігінде дерлік тестік
тапсырмалар қолданыла бастады. Әр пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес,
математиканы оқыту үдерісінде қолданылатын тестік тапсырмалардың өзіндік
ерекшеліктері бар. Берілген сұрақтарды, тапсырмаларды өте анық түсінікті,
ой-тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы қажет. Осыған сәйкес тест жауаптары
да қысқаша, нақты , анық және дәл болуы керек. Соңғы уақытта тесттік
тапсырмаларды әр тақырыпты қорытындылау сабақтарында қолдану жиі кездеседі.
Әрине, тестік тапсырмалар оқушылардың игерген білім деңгейін бағалау
құралының бірі болғандықтан оны әр сабақтың әсіресе, математика сабағының
ыңғайлы деген әр кезеңінде пайдалан беруге болады.
Тестік тапсырмалар оқушылардың зейінін, ынтасын, зеректігі мен
тапқырлығын, жігерін дамытып, математика сабағы жағдайында есеп шығаруға
деген қызығушылығын арттырады.
     Бастауыш мектеп оқушылардың білімі мен дағдылығының өлшеуіші ретінде
тест тапсырмалары қолданылады.
2009 жылы 27 наурызда 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен
әдістемесі (математика) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған С.О.Жетпісбаеваның диссертация
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып
математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
жұмысы бойынша жүргізілген экспериментіне талдау жасасақ [21],
Тапсырмалардың мазмұны мен іс-әрекет түрлеріне байланысты бөлінуі.
Жалпы сұрақ саны тақырыптар бойынша келесі жағдайды ескере отырып бөлінген
маңыздылығы, көлемі, оқытуға бөлінген сағат санына байланысты. Матрица
технологиясы оқушылардың тақырыпты меңгеруі мен жетістік деңгейі
көрсеткішін айқындайды. Сол себепті тесттің әр тапсырмасы оқушылардың
кейбір іскерлігін меңгерумен қатар танымдық іс-әрекеттерді: қабылдауын,
қолдануын, білім жиынтығын  сипаттауға берілген.
1-кесте. Технологиялық матрица тесттің мазмұндық-іс-әрекет моделін
көрсетеді: 
Мазмұны Білімді Білімді Білім Тестегі %
қабылдауы қолдануы жиынтығы байланысы
Теріс емес бүтін  сандар 2 1 1 13,3%
арифметикасы
Натуралды сандармен 5 4 2 36,7%
арифметикалық амалдарды
орындау
Алгебра элементтері 1 1   6,7%
Шама 1 1   6,7%
Есептер 2 3 2 23,3%
Геометрия элементтері 1 1 2 13,3%

• Тапсырмалардың қиындық деңгейіне байланысты орналасуы
Тест тапсырмалары оқушылардың қабылдауға, қолдануға, білім жиынтығын
айқындауға құрылған.
• Тапсырманы орындау уақыты
Тест тапсырмасына берілетін уақытты тестті апробациялау арқылы айқындау
қажет. Бастауыш мектептерге болжаммен 30-40 минут. Апробациялау арқылы
уақытты нақтылау қажет.
• Тест жоспары
2-кесте.
ТапсырШартты Тексеру нысаны
ма № белгілену
і
Блок А
1 Д Көбейту кестесі
2 Д Көптаңбалы сандарды қосу
3 Д Көптаңбалы сандарды азайту
4 Д Бір таңбалы санға жазбаша көбейту
5 Д Көптаңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
6 Г Геометриялық фигураны анықтау
7 Ар Көптаңбалы санды оқу
8 Ар Көптаңбалы санның разрядтық қосылғыштарынын қосындысы
9 А Теңдеу
10 Ар Көптаңбалы сандардың жазылуы
11 З Бөлу амалынын мағынасын ашатын қарапайым есеп
12 З Көбейту амалының мағынасын ашатын қарапайым есеп
13 З Уақыт,жылдамдық, ара-қашықтық шамаларының арасындағы
байланысты ашатын қарапайым есеп
14 З Тіктөртбұрыштың периметрін табуға құрастырылған есеп
15 В Шамаларды салыстыру
16 Д Өрнектегі амалдар реті
17 Д Сандық өрнектердің жазылуы
18 Д Қалдықпен бөлу
19 Д Амалдар құрамындағы белгісізді анықтау
20 В Бір өлшем бірлігінен екіншісіне көшу
21 Г Тіктөртбұрыштың периметрін табу
22 Г Квадраттың ауданын табу
23 Д Санның үлесі туралы ұғым
24 Д Санның үлесін табу
Блок Б
1 Ар Санның разряды
2 З Уақытқа байланысты есеп
3 З Көбейту амалының мазмұнын ашатын есеп
4 Г Кесінді ұзындығын өлшеу
5 А Нөлге көбейту. Әріптік өрнектің әріп мәні берілген
жағдайдағы өрнектің мәнін табуға
6 З 3 амалдан тұратын құрама есеп

Шартты белгілер: Д-натуралды сандармен арифметикалық амалдар; В-шамалар; Г-
геометрия тапсырмалары; А-алгебра есептері; З-есептер; Ар-теріс емес бүтін
сандар арифметикасы
Тестік бақылау жүйесі –оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекетін
арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін,
шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың алған
білімдеріндегі олқылықтарын анықтайды, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді.
Тест тапсырмаларын мұғалім қалауынша тақырып, тарау, курс бойынша
құрып немесе дайын тестерді оқыту үдерісінде қолдана отырып, оқушыларының
білім деңгейін жүйелі түрде тексеріп отыруға мүмкіндігі бар.
Байқау эксперименті кезеңінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейін өлшеу
негізінде бастауыш мектептің 3-4 сыныптар арасынан эксперименталды және
бақылаушы топтар іріктеліп алынды. Бұл үшін біз бірнеше бақылау
тапсырмаларын жүргіздік. Тестілеу негізінде және бақылау жұмысы, ауызша
сұрақ-жауап та ескеріледі сондай-ақ алдыңғы өткен оқу материалдарын меңгеру
деңгейінің нәтижелері тексерілді. Бақылау тапсырмаларының мақсаты
эксперимент басында оқушылардың білімі мен білігінің деңгейін анықтау
болды.
Бақылау, сұрақ-жауап жұмыстарының тапсырмаларын талдау барысында,
мұғалімнің жүргізген бақылауының критерийі қарастырылды. Қорытындылау және
байқау жүргізу нәтижесінде білім сапасын көтеру талаптары мен оқытудың
мақсаттарына сай бақылау нәтижелерін бағалауға мұғалімдердің көпшілігі
субъективті көз қараста екені туралы қорытынды жасадық. Сондықтан зерттеу
жұмыстарының жан-жақты болуы үшін, біз алдын-ала таңдап алынған топтармен
ұқсас тапсырмалар бойынша қосымша автоматтандырылған тестілеу жұмысын
өткіздік.
3-4 сыныптардағы оқушылардың білім мен біліктілікті меңгеру деңгейі (300
оқушы қамтылған) А.А.Кыверляг ұсынған әдістеме бойынша, төмендегі формула
бойынша анықталды [22]:

Кбм = nN онда Кбм- білімді меңгеру коэффициенті
n- дұрыс орындалған тапсырма саны
N- тестте ұсынылған тапсырма саны.
Білімді меңгеру сапасы бойынша алынған нәтижелер 3-кестеде берілген.

3-кесте - Байқағыштық кезеңдегі білімді меңгеру деңгейі
№ бақылау Кбм мәні
тапсырмалары
Бақылау тобы Эксперименталды топ
3-сынып 4-сынып 3-сынып 4-сынып
№1 0,47 0,48 0,48 0,45
№2 0,40 0,58 0,49 0,60
№3 0,43 0,74 0,45 0,73
№4 0,41 0,61 0,42 0,65
№5 0,38 0,73 0,41 0,70
Барлығы 0,42 0,63 0,43 0,63

Бастауыш мектепте тест әдісін пайдаланудың жиналған тәжірибесі мен
перспективасын бағалаудағы ескертулер, білім үдерісі объективті әрекет
етуші факторлардың екі тобымен анықталады:
- бастауыш мектепке қатысты шарттарды қанағаттандыратын білім жүйесіне
қатысты сыртқы факторлар;
- жалпы білім мекемелерінің ғылыми-техникалық ілгерлеу жетістіктерін
қабылдау дайындығы мен қабілетін анықтайтын және оларды өздерінің
негізгі міндеттері үшін тиімді қолданатын ішкі факторлар.
Ізденуші О.жетпісбаеваның өткізген сауалнама әдісіне 100 шақты мұғалім
қатысты. Білім сапасын тексеру мәселелерін зерттеу нәтижелері 1-кестеде
көрсетілген.

4-кесте - Білім сапасын бақылау стандарты мәселесінің жағдайы
№ Берілген сұрақтар Алынған жауаптар (%)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Бастауыш мектеп математикасын оқытуда тест әдісін пайдалану жолдары мен түрлері
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Тест жұмысының тарихы
Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Қазақ әдебиеті сабақтарында тесттерді қолдану жолдары
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
Оқыту жүйесінде оқушылардың білімін бақылау және бағалау
Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері
Пәндер