Бастауыш мектеп мұғалімінің инновациялық даярлығын акмеологиялық қатынас негізінде жетілдіру



1 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жаңғырту
2 Бастауыш мектептің мұғалімінің тұлғалық кәсіби кемелденуі
3 Мектептерде акмеологиялық қолдау жұмыстары
4 Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық акмеологияны заманауи талаптарға сәйкес меңгеру
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогика ғылымында авторитарлық-технократикалық бағыттылықтың әлі де басымдылық танытуы елімізде гуманистік білім беру парадигмасына өту процесін белгілі бір дәрежеде тежеп отырғаны байқалып отыр. Бұл парадигма білім алушының өзін-өзі басқаруына, өзін-өзі жетілдіруіне, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру қажеттілігі бар еркін тұлға ретінде қалыптастыруға басты назар аударады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпы еңбек қоғамына 20 қадам» атты мақаласында: орта техникалық және кәсіптік жоғары оқу орындарында тұлғаның жеке және әлеуметтік жетістіктері туралы, акмеологияның негізгі бағыттары бойынша міндетті оқу курстарын енгізудің қажеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы елімізде оқыту процесінің практикалық жағына жеткілікті көңіл бөлінбейтіндігіне, оқушылардың даралық ерекшеліктері толық ескерілмейтігіне назар аударылған[1]. Білім алу субъектісінің есею және табысты әлеуметтенуінің дербес міндеттерін шешуге бағдарланған рухани-адамгершілік тәрбиесінің тәсілдерінің жетімсіздігін күн тәртібіне қою мәселесі айтылды.
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпы еңбек қоғамына 20 қадам» тұжырымдамасы// Егемен Қазақстан, 10 шілде, 2012 ж.
2. Дружилов С.А. Профессионализм как реализация ресурса индивидуального развития человека // Ползуновский вестник. – Барнаул: Изд-во Алтайского гос. технич. ун-та им. И.И.Ползунова, 2004(а). – №3. – С.200-208.
3. А. Кусаинов Педагогический фактор. Нужна эффективная система воспитания: «семья – школа – общество»// Каз.правда, 2.01.2011

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш мектеп мұғалімінің инновациялық даярлығын акмеологиялық қатынас
негізінде жетілдіру

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында
педагогика ғылымында авторитарлық-технократикалық бағыттылықтың әлі де
басымдылық танытуы елімізде гуманистік білім беру парадигмасына өту
процесін белгілі бір дәрежеде тежеп отырғаны байқалып отыр. Бұл парадигма
білім алушының өзін-өзі басқаруына, өзін-өзі жетілдіруіне, өз
мүмкіндіктерін жүзеге асыру қажеттілігі бар еркін тұлға ретінде
қалыптастыруға басты назар аударады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпы еңбек
қоғамына 20 қадам атты мақаласында: орта техникалық және кәсіптік жоғары
оқу орындарында тұлғаның жеке және әлеуметтік жетістіктері туралы,
акмеологияның негізгі бағыттары бойынша міндетті оқу курстарын енгізудің
қажеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы
елімізде оқыту процесінің практикалық жағына жеткілікті көңіл
бөлінбейтіндігіне, оқушылардың даралық ерекшеліктері толық ескерілмейтігіне
назар аударылған[1]. Білім алу субъектісінің есею және табысты
әлеуметтенуінің дербес міндеттерін шешуге бағдарланған рухани-адамгершілік
тәрбиесінің тәсілдерінің жетімсіздігін күн тәртібіне қою мәселесі айтылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы қазіргі уақытта
еліміздегі педагогикалық қауымдастықтың санасында педагогикалық
акмеологияға қызығушылықтың өзектілігін айқындап берді. Педагогика
ғылымының осы саласының жоғары кәсіби деңгейлі педагог мамандарды
даярлаудың ең тиімді жолдарын айқындауға мүмкіндік беретіні көрсетілді.
Бүгінгі таңда мұғалім кәсібилігін жетілдірудің бірнеше бағыттары бар.
Бұл кәсіби біліктілікті тұрақты әрі жүйелі түрде арттыру, аттестаттау
процедураларына дайындалу, қатысу, сонымен қатар, түрлі деңгейдегі
педагогикалық жетістіктер конкурстарына қатысу болып табылады. Алайда,
олардың көптігі мен сапасыздығы педагогикалық шеберліктің шыңы болып
табылатын акме-деңгейге жетудің мақсатты-бағдарланған және теңдестіріл-ген
қатыстарын дамытуда жеткілікті дайындықты қамтамасыз ете алмауда. Әсіресе,
оқушының мектеп мұғаліміне сенімі мен оқу еңбегін меңгеру қажеттілігі
бастауыш білім беру кезеңінде ерекше орынға ие болатыны белгілі. Сол
себепті бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби-іс-әрекетінің акме-деңгейін
қалыптастыруға қойылатын талаптарға жеткілікті көңіл бөлген жөн. Бастауыш
мектеп мұғалімінің кәсіби кемелдену деңгейіне жету талаптарын ғылыми-
педагогикалық тұрғыдан негіздеуде Германия, Норвегия және Жапония
мемлекеттерінің тәжірибелері талқыланды[2]. Онда бастауыш мектеп
мұғалімінің кәсіби кемелдену деңгейіне жетуін акмеологиялық феномен ретінде
қарастыра отырып, оны қалыптастыру мазмұнына жаңаша көзқарас төмендегіше
сипатталды. Онда акмеологиялық қатынастың:
- педагогикалық қызметтің қажетті түрлерін (оқытушылық, дамытушылық,
тәрбиелеушілік, диагностикалық, түзетушілік, өз бетімен білім
алушылық және т.б.) тиімді қолданудағы;
- педагогикалық үрдістің барлық субъектілерімен ынтымақтастыққа
бағытталған гуманистік бағдарланған педагогикалық қатынасты
ұйымдастырудағы;
- педагог тұлғасының кәсіби кемелденуін көрсететін педагогикалық
қарым-қатынастың маңызды сапалары мен гуманистік бағдарлануын толық
сипаттауға мүмкіндік беретін педагог тұлғасының кемелденуіндегі;
орны ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделген.
Бастауыш мектептің мұғалімінің тұлғалық кәсіби кемелденуі оның
әлеуметтік табыстылығына тікелей тәуелді. Әлеуметтік жетістік деңгейі
неғұрлым жоғары болса, педагогтың құзіреттілік деңгейі де соншалықты
жоғары болатыны белгілі. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында
педагогтың кәсібилігін жетілдіру мақсатында нақты қызмет ету жүйесінің
алғышарттары қалыптасты деп батыл айтуға болады. Елімізде мұғалім
мамандығының қазіргі қоғамдағы беделін арттыру мәселесіне жеткілікті көңіл
аударылуда.
Бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби кемелденуін қалыптастыруды ғылыми
тұрғыдан негіздеуде бірнеше күрделі мәселелері орын алуда:
- бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби кемелденуіне қол жеткізудегі
акмеологиялық бағыттың әдіснамалық негіздері жеткілікті
зерттелінбеген және ғылыми тұрғыдан негізделмеген.
Расында, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында педагогикалық
акмеология мәселесімен жүйелі түрде бірде-бір ғылыми орталық жұмыс
істемейтіндігін мойындау керек. Акмеология психология және педагогика
ғылымының дербес саласы ретінде ХХ ғасырдың 90-жылдарында ғана зерттеле
бастады. Зерттеу нәтижесі төмендегідей мәселелердің бар екендігін айқындап
берді:
- педагогикалық жоғары оқу орындарында білімгерлердің акмеологиялық
бағыттылығын қалыптастырудың нақты моделінің жоқтығы;
- жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орындарынан кейінгі дайындау
жүйесінде акмеологиялық қатынас негізінде әдістемелік нұсқаулар
дайындалмаған;
- педагогтың кәсіби кемелденуінің қалыптасу сатылары айқындалмаған,
оның ішінде бастауыш буын мұғалімдеріне қатысты.
Аталған мәселелер педагогикалық кадрларды дайындау және қайта даярлау
жүйесінде акмеологиялық принциптер негізінде кәсіби кемелденуге жетудің
кезеңдік механизмін әзірлеудің қажеттілігін көрсетеді. Қарастырылып
отырылған мәселе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Білім берудің құрылымы
Қазіргі қоғамдағы педагогикалық өзгерістер
Болашақ мұғалімдердің шығармашылығының мәні мен қазіргі кезеңдегі жағдайы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Іскер әйелдер мен жастарға иек артады
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарты
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дамыта оқыту түсіндірме әдісі
Пәндер