Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістері



1.тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының білім, біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық негіздері
Кіріспе ... ... ... ... ... . 2 . 6 бет
1.1.Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мәні..7.17
1.2.Бастауыш мектеп оқушыларына жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары және олардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... .18.27
2.тарау Бастауыш мектеп оқушыларына дүниетану пәні арқылы сыныптан тыс сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
2.1.Дүниетану пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен әдістері, құралдары ... ... ... .28.39
2.2.Сыныптан тыс тәжірибелік жұмыстар және оның нәтижелері ... 40.45 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ...46.47
Пайдаланған әдебиеттер ... ... 48.49
Қосымша
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі-оқушының дүние танымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмысының маңызы зор. Сыныптан тыс жұмысының барлығы да оқушылардың жаңа білімдерін байыта, олардың ақын-ойын дамыта отырып, білім, біліктерін қалыптастыруға үлкен әсерін тигізеді.
Бастауыш мектеп — оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайлардағы объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
І. Қоянбаев Р.М.Доянбаев Ж.Б Педагогика Алматы, 2002 ж.
2 .Мельчаков Л.Ф. Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесі
Алматы "Мектеп" 1985 ж.
З.Болдыров*Мектептегі тәрбие жұмысынаң методикасы” 4.Кыркалов В.А., Шпитальник П.Э. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу Алматы ,Мектеп баспасы 1975ж. 5.Коротов В.М. Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы Алматы, Мектеп баспасы 1978ж.
6.Савин Н.В. Педагогика Алматы , Мектеп 1983.
7.0мар О.Е. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізгі құралы Түркістан 2004ж.
8. Кыркалов В.В., Цыпурский Г. Мектеп жасындағы интернат жұмысын ұйымдастыру Алматы"Мектеп" 1984.
9. Степанов И.А., Горощенко В.П. Табиғаттанудан сабақ беру методикасы 1981 ж.
10.Каиров И.А., Богданова О.С. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. Алматы "Мектеп" 1988 ж.
11.Нұрмағанбетов С, Овчинникова Р. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 1969ж.
12.Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі. Алматы "Дарын" 2001 ж.
13. Аймағамбетова Қ. Бастауыш сынаптарда дүниетануды оқытудын теориялық негізі Алматы "Балауса" 2003 ж.
14.Сичинова В.А. Экскурсиялық жұмыс Алматы "Мектеп" 1985ж.
15.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы Алматы "Мектеп" 1986ж.
16.Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық сөздік.
17.Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы 2003ж.
18.Траитак Д.И. Биологияға арналған кластан тыс жұмыстарды қалай қызықты өткізуге болады Алматы "Мектеп" 1984ж.
19.Бастауыш мектеп №1-92 28 бет.
20.Бастауыш мектеп №8-87 22 бет.
21.Бастауыш мектеп №2-87 32 бет.
22.Бастауыш мектеп №10-2003 5 бет.
23.Бастауыш мектеп №3-2004ж.

24.Бастауыш мектеп 1954ж.
25.Қазақстан мектебі 9- 2003. 6 бет
26. Қазасқтан мектебі №2 2003ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының білім, біліктерін қалыптастыруда
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық негіздері

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 2 - 6 бет

1.1.Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мәні..7-17

1.2.Бастауыш мектеп оқушыларына жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың
формалары және олардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...18-27

2-тарау Бастауыш мектеп оқушыларына дүниетану пәні арқылы сыныптан тыс
сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі

2.1.Дүниетану пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен
әдістері,
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...28-39
2.2.Сыныптан тыс тәжірибелік жұмыстар және оның нәтижелері ... 40-45
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46-47
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...48-49
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50-54

Кіріспе.

Зерттеудің көкейтестілігі: Бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге
байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны
қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе
түсуде. Сол талаптардың бірі-оқушының дүние танымын қалыптастыруда елеулі
ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Оқушылардың дүниетанымын
қалыптастыруда сыныптан тыс жұмысының маңызы зор. Сыныптан тыс жұмысының
барлығы да оқушылардың жаңа білімдерін байыта, олардың ақын-ойын дамыта
отырып, білім, біліктерін қалыптастыруға үлкен әсерін тигізеді.

Бастауыш мектеп — оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін,
ерекше құнды қайталанбас кезең. Балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай,
оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас
қалыптастыру, жағдайлардағы объективті түрде бақылап, талдау жасауға
үйрету, ойын дұрыс айтуға салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне
үйретеді.
Қоғам дамуының өзгерістеріне сай мектеп оқушыларға тәлім-тәрбие бере
отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту іс-шараларын
ұйымдастырады және жүргізеді. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой
түйіп, өздегінен сапалы, шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Адам
бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани
күшін нығайтып, өзін-өзі тануға көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға
көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білмнің ең маңызды мақсаты
болып табылады. Адам өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзін-өзі жоюға
да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп,
тереңде жатқан талап-тілегін қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған
толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру тәлім-тәрбиенің ең маңызды
мақсаты болып табылады.
Бұл қағида Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту
тұжырымдамасының жобасында баса көрсетілген. Қазіргі қоғамдық мұрат, өмірге
бейім, өмір шындығына сай шығармашыл тұлға тәрбиелеуді қатты талап етіп
отыр. Талаптардың жүзеге асуы мектептің тәртібі негізінде жүргізген іс-
шаралары арқылы ғана іске асуы мүмкін емес. Ендеше шығармашыл тұлға
тәрбиелеуде мектептен және сыныптан тыс жағдайда атқарылатын жұмыстар
керек.
Сыныптан тыс жұмыстар тек мектептің қабырғасында ғана емес. Әртүрлі
мектептен тыс балалар мекемелері қызметі арқылы да жүзеге асырылады.
Сыныптан тыс жұмыс-тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде
оған жағдай, туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және
сабақтың мақсаты мен өзара байланысты болып келетін жұмыстың дербес түрі.
Ол әртүрлі әрекеттер жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал
ете алады. Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс сыныпта алған
білімдерін толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың
таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір
нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады,
сонымен қатар оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылады
және де олардың адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптпстырудың негізі
ретінде қызмет атқарады. Оның оралымдылығын, мазмұнын түрленлдіру және
белгілі бір істерді орындау үшін балаларды әртүрлі орналастыру
мүмкіндіктері оқушыларға жеке дара қатынас жасауға үлкен мүмкіндіктер
ашады.
Балалардың қабілеттілігі мен бейімділігін дамыту, қоғамдық
белсенділігін арттыру, еңбекке кәсіби бағдар беруге, ғылым мен техникаға,
өнерге, әдебиетке, спортқа ұлттық дәстүрге құштарлығын тәрбиелеу, олардың
мәдени демалысын, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында осы жұмыстардың
барлығын сыныптан тыс білім мен тәрбие беру мекемелерінде ұйымдастырылады.
Мұндай мекемелерге: балалар клубтары мен саябақтары, балалар кітапханалары,
балалар театрлары мен балалар стадиондары, спорт, музыка мектептері және
мекемелері мектептермен біріге отырып, оқушыларды әржақты
жұмысқа тартады.
Сыныптан тыс жүмыстардың қайсыбір түрі болмасын оқушылардьщ
шығармашыл тұлғасын тиімді тәрбиелеудің маңызды факторы болып табылады.
Демек сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың мектептен алған білім тәрбиесін
толықтырады, солармен бірлесе отырып, бір мақсатты жүзеге асырады:
оқушылардың дене бітімінің сымбатты болуына, ақыл-ойының дұрыс
қалыптасуына, рухани-әлеуметтік, моральдік тұрғыда дамуына ықпал етеді.
Сыныптан тыс сабақтан тыс уақытта өткізіледі, бірақ оны мектепке
оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қабілелтін анықтауға және
дамытуға, әрнәрсеге қызығушылығын арттыруға көп нәрсе білу құштарлығын
оятуға көмекетесетін, балаларды тәрбиелейтін арнаулы мекемелерде
өткізіледі, оқушылардың сабақ үлгерімін қадағалап отылрады.
Өз зерттеуімізді әдіснамалық теориялық тұрғыда негіздеуде
ғалым педогогтардың тәрбие мен сыныптан тыс білім жөніндегі
К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Н.В.Савин,М.И.Болдыров сынды
ғалымдардың еңбектеріне сүйендік. (И.А.Степанов, В.П.Горощенко)
Табиғаттанудан сабақ беру методикасы, (П.П.Болдыров) Мектептегі тәрбие
жұмысының методикасы, (В.А:Кыркалов, ФП.Э.Шпитальник.) Оқушыларды
сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу саласындағы зерттеулерді пайдаландық.
Солардың ішінде қазіргі жағдайда оқушылардың білімі мен тәрбиесі
тиімділігін жетілдірудің маңызды қайнар көзі ретінде, сыныптан тыс
жұмыстарының ғылыми негіздерін жасауға бізге
Қазақстан ғалымдары Р.Ж.Қоянбаев Педагогика, Е.О.Омар
Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмысының негізі, С.Нүрмағанбетов
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар С.Ш.Әбенбаев (сынып жетекшісі),
З.Абилова (оқушыларға сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру),
К.Б.Бозжанова (оқушылармен жүргізілетін және мектептен тыс жұмыстар)
сынды зерттеу жұмыстарының көмегі зор болды.
Бізге Бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыу
тақырыбын таңдауға жоғарыдағы мәселелер себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық
білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері
мен әдістерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мазмұнын
ашу.
2. Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстардын түрлерін анықтау.
3. Дүниетану пәнін жүргізуде сынаптан тыс жұмыстардың өзіндік
ерекшеліктерін салыстыру.
4. Бастауыш мектептегі сынаптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі озат
педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, салыстыру.
Зерттеудің пәні: 4-сынып дүниетану пәні.
Зерттеудің нысанасы: Бастауыш мектептегі сыныптан тыс
жұмыстар.
Зерттеудің әдістері: .Шығармашылық және дидактикалық
малтериалдар, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу, педогогикалық
- тәжірибеллерді жинақтау, бақылау, анализдеу,
синтездеу,талдау,анкета.

1-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының білім, біліктерін қалыптастыруда
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық негіздері

1.1.Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мәні
Егемен еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Мектептердің даму тарихында
оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылады. Оның формаларының
бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптік,
ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми-техникалық өзгеруіне байланысты
болады.
Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде сабақтың
тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдық қай
мезгілінде болса да қабылданды.Білім бастауы-бастауыш мектепте берілетіні
айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін
дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Біздің егемен еліміздің мәртебесін
көкке көтеріп, экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын дамытатын тек қана
жастар. Бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының
алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту болып
табылады.
Білім тек сабақта ғана емес сыныптан тыс уақытта да
беріледі.Түрлі сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білімдерін тереңдетеді.
Яғни сыныптан тыс жұмыстар деп-оқу бағдарламасынан тыс әр түрлі тәрбиелік-
білімділік мәні бар сабақтан тыс уақытында жүргізілетін жұмыстарды айтады.
Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс оқу-тәрбие жұмысының құрамды
бөлігі болып табылады.Оның негізгі мақсаты балаларды жан-жақты дамытуға
бағытталады және бүкіл тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі.
Сыныптан тыс жұмыстың негізгі міндеті-мектеп
оқушыларының қызығуын,бейімділігін,қабілеттілігі н жан-жақты дамытып
оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.Егер де сыныптан тыс жұмыс оқу
бағдарламасымен дұрыс ұштастырылса,онда ол бүкіл тәрбие жұмысының
жүйесін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Сонымен қатар
оқушылардың білімдерін тереңдетуге,ой-өрістерін кеңейтуге,олардың ынталы
болуына және әр нәрсені біліп алу құмарлық сезімдерін оятуға септігін
тигізеді.
Біріншіден,сыныптан тыс жұмыс баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты
дара қабілетін ашуға ықпал етеді. Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі
жұмыстардың түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін
жандандырады, оның азамат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып,
қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады. Үшіншіден,
сыныптан тыс жұмыс оқушыларды әрекеттің әр түріне қатысты қызығушылығының
дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал
етеді. Егер де балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір
практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі
орындауды қамтамассыз ете алады. Бүгін де бала өзінің бос уақытын қандай
іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың
көбеюіне әкеледі. Сондықтан бүл өте күрделі мәселеге айиалды.
Төртіншіден,сыныптан тыс әр түрлі жұмыстарының формасы тек қана баланың
өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді,сонымен бірге оқушылар ұжымында
өмір сүруге үйренеді. Яғни,оқу,еңбек әрекеттерінде және қоғамдық
пайдалы істерді атқаруға өзара ынтымақтастыққа ,бір-біріне қамқор
болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді.Тіпті
сыныптан тыс жұмыстың қандай да бір түрі болмасын, танымдық ,спорттық
,еңбек қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін
белгілі бір салада байытады, қорытындысына үлкен тәрбиелік нәтижеге қол
жеткізуге ықпал етеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс жұмыстардың өткізуде уақытқа қатаң шектеу
болмайды.
Алтыншыдан, сыныптан тыс жұмыстың нәтижесіне күнделікті бақылау
мүмкіндігінің болмауы. Себебі онда тек жалпы жетістікпен
оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді.
Бастауыш сатыда оқу-тәрбие процесі жан-жақты қарастырылып, оқушылар
ұйымы арқылы ықпал ету қазіргі кезеңнің өзекті мәселесі болып отыр.
Жеке түлғаны дамыту мәселелері М.Б.Блонскийдің,
Л.С.Выготскийдің , С.А.Рубинштейннің, Л.В.Занкотың
еңбектерінің негізгі арқауы болып табылады. Л.В.Занков Оқушылардың
сыныптан тыс уақытындагы оқу әрекетіне белсене араласуына маңыз береді.
Оқытудың өмірмен байланысына қажетті талаптар қоя отырып, оқушылардың
өздері жинақтаған өмір тәжірибесі, әсерлері, байқаулары болу керек деп
қарайды. Сондай-ақ сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушыларды
шығармашылық ізденістерге салуға және олардың ішкі
сезімдерінің дамуына,білімдерін тереңдетуге ықпалын тигізеді-деп санайды.
Ұлы педагог А.С.Макаренко айтқандай сыныптағы әрбір
жұмыс әрқашан да тәрбие жұмысы болып табылады, бірақ тәрбиені тек білім
беру арқылы шешу мүмкін емес. Сондықтан тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруда
сабақ процесінде ғана емес, сыныптан тыс өткізілетін қоғамдық шараларды жиі
өткізудің маңызы зор деп санайды.Сыныптан тыс жұмыстар-оқушылардың
адамгаршілік қасиеттерін қалыптастыруда, өнер саласындағы талғам-
тілектерін тәрбиелеуде адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-
құлық нормаларына олардағы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға енжандық
сезімдерін шыңдауға, сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмыстарын
ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.Демек,сыныптан тыс
жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып
білім,біліктёрін қалыптастырады.
Білім-адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі қоғамдық
тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім
адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс-әрекеті
нәтижесі ретінде пайда болды. Білімді жеке адамның игілігіне
айналдыру үшін, оны ойлау операциясы-талдау, синтездеу, салыстыру,
жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына
сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдыра алады.
Ал,білік-бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты
пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.
Білікті іс-әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден тек қана, таңдай
білуден ғана емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Біліктілік
тәсілдерді таңдай білуден басқа мақсатқа жету үшін қажетті шарттарды білуді
қажет етеді.
Озат педагогтар-С.Нүрсейітова, А.Жарылқапова сыныптан тыс әрекеттер
оқушылардың білімдерін кеңейтіп жан-жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды,
өзіндік таным іс-әрекеттерндің қорытындысы шығады және сыныптан тыс
жұмыстар арқылы балалар тылсым дүниенің әр түрлі сырларын ұғынады деп
түсіндіреді.
С.Ш.Эбенбаев өзінің Сынып жекшісі атты еңбегінде сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастырудың маңызды мынадай бес ерекшелігін атап көрсетеді.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мынадай өзіндік ерекшеліктері бар:
1.Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі
бағалаудың әділдігін қамтамассыз ету. Бұл баланың одан әрі дамуының негізі
болады. Сыныптан тыс оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және
баланың өзі жөніндегі жағымды көзқарастың қалыптасуына өзінің күш
-қайратына сенімділігінің орнауына жағдай туғызады.
2.Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысы қалыптасады. Егер
де балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастармен тіл
табысу, олардың пікірін тыңдау өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың
мүддесін ескерту, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда,
онда\ толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы
қалыптасады.
3.Баланың дүниетанымдық компоненттері: адамгершілік, эмоциональдық, ерік-
жігері қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыстарда бала адамгершілік түсінік
арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді.
4.Баланың таным қызығушылығы дамиды,яғни мұндай міндетте сыныптан тыс
жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің
сабақтастығын қамтамассыз етеді.Өйткені сыныптан тыс жұмыс сабақтағы
тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін
арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда,
ол оқыту процесінде жұмыс істесе, екінші жағдайда балаға тәрбиелік
ықпалын күшейтеді.
5. Балада әр түрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу
арқылы ондағы қажеттілігі қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыста бала өзіне
пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастырады.
Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі
бағыттарын анықтайды. Сыныптан тыс жұмысының мақсат және міндеттері тұтас
педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді-білімділік,
тәрбиелік жәнет дамытушылық.
Білімділік мақсаты оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола
алмайды. Ол, сабақтан тыс жұмысында тәрбие және дамытушылық қызметі
нәтижелі іске асыруда көмекші рөл атқарады. Соған орай сабақтан тыс
жұмысының білімділік мақсаты ғылыми білімдер жүйесін және оқу
біліктілігімен дағдысын қалыптаструды көздемейді керісінше балаларда
белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру ұжымдық өмірді, қарым-
қатынас мәдениетін үйретеді. Сыныптан тыс жұмысының дамытушылық
мақсатаының маңызы ерекше.Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың
психологиялық процестерін,оқушылардың жеке дара қабілеттерін дамытуды
көздейді. Соған орай баланың жасының қабілетін анықтау, бейімін,
қызығушылығын дамытуды іске асырады .Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың
білім, білік
шығармашылық әрекетін қызығушылығын арттырады,ой-өрістерін
кеңейтеді.Көптеген әрекеттер нәтижесінде оқушылардың адамгершілік,
кішіпейілділік, әсерленушілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу
міндеттері атқарылады. Осындай іс- әрекеттердің жүзеге асырыуы оқушылардың
сабақ үлгерімін, дүние танымын арттыруына сыныптан тыс жұмыстың үлкен
себебі тиеді. М.И.Болдырыв сыныптан тыс жұмыстарға тән негізгі
ерекшеліктерді(Ікесте) атап көрсетеді.
Сыныптан тыс жүмыстарға тән негізгі ерекшеліктер:
Оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде
өткізіледі. Оның бірінші ерекшелігі, міне, осында. Оқушылар ынта мен
бейімділіктеріне байланысты өз қалаулары бойынша көп болып және
жеке атқарылатын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік, ең алдымен
сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді.Сыныптан тыс
жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі оның міндетті бағдарламалар
көмегімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен
алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті
жағдайларға байланысты болады. Пәндік және басқа үйірмелердің
бағдарламалары шамалық, бағдарлық күйде болады.Бұл сыныптан тыс жұмыстың
мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен талап-
тілектеріне сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыстың үшінші ерекшелігі жас шамасы әртүрлі оқушыларды
қамтитындығында. Мектеп хорының немесе оркестрінің, көркемөнерпаз
үйірмелерінің және спорт
ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы
сыныптан жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге кедергі бола
алмайды. Керісінше, әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып
сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады.
Әртүрлі сыныптардағы оқушыларды біріктіретін үйірмелерде ересектеу
балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына,жолдастық өзара көмекті
өрістетуге жақсы жағдай туғызылады. Сыныптан тыс жұмыстың төртінші
ерекшелігі, онда өз бетімен айналсудың басым болуынан көрінеді.
Үйірмелерде,спорт ұжымдарында, көркемөнерпаздар ұжымында балалардың өз
беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Оны, әрине
педагогтар бағыттап отырады, бірақ оқыту сабақтарынан ерекшелігі - оны
негізінен мектеп оқушыларының өздері ұйымдастырады.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы
қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз
уақыт бұрын сыныптьан тыс жұмысты өзар сөйлесу және көңіл көтеру формалары
басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.
Соның нәтижесінде ол мектеп оқушыларына, әсіресе жоғары сыныптарда,
кәсіптік бағдар берудің өте маңызды да ықпалды құралы ретінде көрініп отыр.
Сыныптан тыс жүмыстың алтыншы ерекшелігі-формалар мен әдістердің
сан алуандығы. Сыныптан тыс сабақтардың барлық формалары мен
әдістерін санап шығу қиын және мүмкін де емес. Ең алдымен өңерпаздар
клубтарының және ғылыми қоғамдарды құруды көрсеткен жөн.
Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастырудың, мектеп оқушыларының
мәдени дүниетанымын көтерудің формалары алуан түрлі болып түсті.
Кейде сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың барлығы емес, белсенді
оқушылар ғана тартылады. Басқалары,ең алдымен қиын мінезді балалар
сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған әсер ету өрісінен тыс қалады. Ал
алдыңғы қатарлы мектептердің тәжірибесі болса, мұндай балаларды сыныптан
тыс қызықты жұмысқа тартудың оларды қайта
тәрбиелеуге,сыныптан тыс уақытта бірлескен ұжымдық іс-әрекетке деген ынтаны
арттыруға көмектеседі. Тәрбиені комплексті түрде жүргізуді жүзеге
асыру оқушылардың еш қайсысын қалдырмай, бәрін сынып
жұмысының түрімен қамтуды көздейді.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмыстың жетінші ерекшелігі - оның
бұқаралығы. Ол табиғатты, техниканы, өнерді сүйетін жеке
балаларды ғана емес, барлық оқушыларды қамтиды. Оның
бұқаралық формалары топтық және жеке дара сабақтармен
толықтырылып отырады. Сыныптан тыс жұмыстар өмірмен
байланысты болса онда кез-келген үйірменің ғылыми қоғамының жұмысы айнала
қоршаған ортамен танысуға және оны гүлдендіруге белсене қатысуға себепші
болады. Сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстар анда-санда емес, жүйелі, үнемі
өткізілсе, онда ол едәуір арта түседі. Оқушылардың қызығушылықтарын,
білім, біліктерін ой-өрістерін кеңейтеді. Сыныптан тыс жұмыстарды
мектеп оқушыларының сабаққа жауапкершілігі, ғылымға
сүйіспеншілігі тәрбиеленеді.Сыныптан тыс жұмыс процесінде оқушылар ғылым
мен техниканың қазіргі проблемаларымен танысады. Баланың сана-сезімінің
өсуіне, тұлға ретінде қалыптасуына сыныптан тыс жұмыстың тигізер пайдасы
көп. Сыныптан тыс жұмысты басқару-ол баланың жаратылысынан берілген
қабілетін дамытып қана қою емес,сонымен бірге оның ізденуге деген
құштарлығын арттырады. Өйткені әр адам ең бірінші өзін тәрбиелейді. Бұл
өмірлік ұстаным.
Сыныптан тыс жұмыс - бұл жас буынның қоғам өміріне араласуын өзі өмір
сүріп отырған ортаға қалыптасуы болып табылады. Сонымен бірге сыныптан тыс
жұмыстардың мазмұны оқушының теориялық білімдерін кеңейте,
толықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамытады.
Сыныптан тыс сабақтардың құндылығы, олардың тиімділігі көбіне бір қатар
талаптарды сақтауға байланысты. Ең алдымен олардың саяси бағыттылығын
қамтамассыз етудің маңызы зор. Бұл талапты сыныптан тыс жұмыстың формалары
мен әдістерін таңдаған кезде, оны жоспарлау және ұйымдастыру процесінде
қорытынды шығарған кезде сақтаған жөн. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі
түрлері ең алдымен оқушылардың сабақта алған білімдерін кеңейтуді көздейді.

Бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс білім берудің әр түрлі ісіне
қатыстыра отырып,өздерінің шығармашылығын дамытуға,өз қабілеттерін
арттыруға үлкен мүмкіндіктер беріледі.

1

1.2. Бастауыш мектеп оқушыларына жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың
формалары және олардың ерекшеліктері

Оқушыларды жан-жақты дамытудың міндеттерімен туындайтын тәрбие жұмысы
мазмұнының көптігі сыныптан тыс жұмыстың әртүрлі формаларын қажет етеді.
Сыныптан тыс жұмыс көбіне сабақтан тыс жұмыстың тікелей жалғасы болып
кетеді, онда оқушылардың алған мәліметтерін тереңдетіп, кеңейтуге
көмектеседі. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру формасымен өткізетін
әдістеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді: жеке-дара, топтық, көпшілік.
Сыныптан тыс жұмыстардың формаларын қарастырайық: Оқушылармен жүргізілетін
жеке жұмыстың формасы-сыныптан тыс жұмысқа байланысты мұғалімнің немесе
ұжымның әр түрлі міндеттері мен тапсырмаларын жеке оқушылардың өз бетімен
орындауы болып табылады.
Жеке атқарылатын сыныптан тыс жұмыс оқушыларды қызықты, эмоциялық сабақ
пәнді тереңірек оқып, үйренуге ұмтылдырады. Көптеген сұрақтар туады, оларға
жауапты оқушылар әртүрлі сыныптан тыс сабақтар кезінде ала алады. Сонымен
қатар мұндай сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз бетемен жұмыс істеуімен
пәнге қызығушылықтарын арттырады. Жеке атқарылатын сыныптан тыс жұмыстың
өте маңызды түрі-табиғат туралы әдебиеттер оқу. Табиғат тіршілігімен
байланысты көптеген сұрақтарға жауапты балалар соның арқасында балаларды
көпшілік және үйірменің сыныптан тыс жұмыстарына дайындайды .
Сыныптан тыс жұмыста оқушы белсенділігі қандай болғанда да оның білім,
біліктеріне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру
мен жүзеге асыру сабақ кезінде жүргізіледі. Яғни сыныптан тыс жұмыс
барысында оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде қалыптасады. Осыған
байланысты кейбір педагоготар мен психологтар Р.Г.Лемберг, М.И.Скатин,
В.А.Занков оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшелігі-олардың
ықыласы мен өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санаған. Сыптан тыс
жұмыс кезінде оқушылардың өздігінен жұмыс істеу әрекеті бірден
қалыптаспайды ол өте күрделі процес болғандықтан жай, қарапайым сатыдан
жоғары, күрделі сатыға қарай дамиды.
Сыныптан тыс жұмыстың топтық формаларының ішіндегі негізгі ұйымдасқан
формасы үйірме болып табылады. Үйірме-ерікті ұйым. Үйірме-бұл оқушылардың
жалпы қызығуымен сыныптан тыс қызметінің негізінде құрылған бірлестік.
Үйірме жұмысы оқушылардың белгілі бір ғылымның, техниканың, өнер мен
спорттың саласында қызығуы мен қабілеттілігін дамытуға және анықтауға
көмектеседі.Үйірме жұмыстары оқушының сыныпта алған білімін тереңдете
түседі бағдарламадан тыс жаңа білім мен ептілігін, дағдысын
қалыптастырады. Үйірменің әрбір мүшесі:
1.Белгілі бір тақырып бойынша жұмыс істейді.
2.Жоспар бойынша жүмыс жүргізіледі.
3.Жұмысты ақырына дейін жеткізеді.
4.Бақылаулар мен тәжірибелер күнделігін жүргізеді.
5.Үйірме сабақтарына тиянақты қатысады және үйірме жетекшісінщ
тапсырмаларын орындап отырады.
6. Істелген жұмыс туралы үйірме алдында есеп береді. 7.Үйірмеге қажетті
материалдар мен жабдықтарды дайындауға белсене қатысады.
8,Оқушылардың алдында істеген жұмыс туралы шағын сөз сөйлейді.
Үйірменің жұмыс тақырыптары алуан түрлі болуы мүмкін. Алайда үйірме
тақырыптарына міндетті түрде қойылатын талап-олардың қоғамдық мәнділігі.
Пайдалы іс балаларды біріктіреді. Бұл сыныптан тыс жұмыстың оқу
сабақтарынан көбіне-көп айырмашылықтарының бірі. Үйірме жұмысы оқушылар мен
мұғалімді жақындастырады, оқушылардың білім, біліктерін, ой-өрістерін
шығармашылдық қабілеттерін дамытады.
Бастауыш мектептерде жиі кездесетіні жас табиғат әуесқойларының
үйірмесі. Жас табиғат әуесқойлары үйірмесінің негізгі мақсаты-дүниетанымы
мен іскерлігін кеңейтіп, тереңдету, зерттеу жұмысының қарапайым дағдыларын
үйрену және қоғамдық пайдалы еңбекке кеңінен қатысу. Үйірмеде оқушылардың
жеке-дара өз бетінше істейтін жұмысын жетекшінің түсіндіруімен және барлық
қатысушылардың шығып сөйлеулерімен ұштастырылып отырғаны жөн.
Жас табиғат әуесқойлары үйірмесінің сабақтары көпшілікке арналған
сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі формаларымен байланыссыз болуы мүмкін емес.
Үйірме мүшелері мұғалімге табиғаттану кештерін өткізуге, ғылыми-көпшілікке
арналған кітаптарды талдауға, тақырыптық ертеңгіліктер, оқушылардың
жұмыстарынан көрме ұйымдастыруға көмектеседі, бұның үлкен тәрбиелік маңызы
бар, сондай-ақ балалардың ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастыруға да
көмектеседі.
Сыныптан тыс жұмыстың біріктірілген формаларына балалар мен жастар
клубтары, мектеп мұражайлары әртүрлі қоғамдар жатады. Клубтар әртүрлі іс-
әрекеттің түрлерімен оқушыларды кеңінен қамтиды. Клубтардың ішінде жастар
мен жоғары сынып оқушыларының демалыс күндері және қызықты кездесу кештері
жатады.
Клубтық үлгідегі сабақтар - мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие
беру міндетін мұғалімнің ойдағыдай шешуіне мүмкіндік туғызатын сыныптан
тыс жұмыстың қызықты бір формасы.Балалардың клубтағы уақыты сабаққа
берілген уақыттан кемдеу болып келеді.Олар сабақ үстінде шұғылданатын ісін,
жұмысын біршама еркін,өзінің ұнатуымен және қалауынша таңдай алады,сол
жұмысты орындайды. Клубтық сабақтарға балалардың өздігінен атқарылатын
істері ғана емес, сонымен қатар мұғалдімнің балалармен жүргізілетін жүйелі
жұмысы да жатады.
Бұл жұмыстың барысында балалар тату өмір сүріп,жұмыс істеуге, бір-біріне
сергек болып икемге келіп отыруға үйренеді. Клубта жолдастық,
ынтымақтастықта дамып нығайады. Онда жолдастарының көмегімен қолдауынсыз
адамның өмір сүре алмайтынына, төңіректегілірдің күш-жігерін біріктіріп,
мүдделерін ескергенде ғана ұйымшыл ұжым болу мүмкін екеніне баланы өз
тәжірибесі арқылы иландыратын сабақтар жүргізіледі. Клубтық сабақтарда
мұғалімнің позициясы өзгеріп отырады. Егер сабақ үстіндле мұғалім оқу-
тәрбие процесін бірден - бір ұйымдастырушы болса ол клубтық сабақтар
жүйесінде ол бәрінен де тәжірибесі мол, жасы үлкен, ақылды
жолдас, балалардың барлық істері мен ойын сауықтарындағы
кеңесші болады. Клубтық сабақтардың барлдық түрлерінде
өнердің атқаратын рөлі зор. Яғни, ол балалардың әсерленгіштік сезімдерін
толықтырады.
Сыныптан тыс жұмыстың көпшілік формаларына: экскурсиялар, ертеңгіліктер,
кештер, жорықтар, сайыстар жатады.
Мұндай жұмыстар оқушылардың қызығушылықтарын арттырып,ұйымшылдық пен
жауапкершілікке тәрбиелейді.
Сыныптан тыс жұмыстың көпшілік формасының бірі-жорықтар. Жорық
бастауыш сынып оқушылары үшін өте қызықты әрі тиімді. Жорық
кезінде оқушыларға кейбір минералдар мен тау кендерін жинау,
құстардың дауысын ажырату, дәрі өсімдіктерін жинау және т.с.с
тапсырмалар беріледі. Жорық жетекшісі алдын ала міндеттерді бөліп,
табиғи жағдайда объектіні анықтаумен таныстырып, қысқаша нүсқау береді.
Сонымен қатар оқушылар жорық кезінде ұйымшылдыққа өзара көмек, достық,
тапсырылған іске жауапкершілік сезімі, саналы тәртіп сияқты маңызды
адамдық қасиеттер қамтылады. Жорықтар материалынан бір қатар стенділер:
"Біздің орман құстары" , "Сирек кездесетін жануарлар және оларды қорғау",
"Жергілікті дәрі өсімдіктері" жасауға болады. Бастауыш сынып оқушыларымен
жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстың маңғызды формасы-дүниетану кештерін,
мерекелерін өткізуге болады. Кеш тақырыптары алуан түрлі болып келеді:
"Тастың ғажайып дүниесі", "Ғарыш әлеміне саяхат" Кештің негізі оқушылардың
таңдаған тақырыбы бойынша сөйлеулері, ғылыми-көпшілікке фильмдерді қарау,
балаларды қызықтырған кітапты талқылау болуы мүмкін. Балалардың сөйлеген
сөздерін көркем шығармалардан үзінділер оқумен, шағын викториналық
ойындармен, жұмбақтармен, ән салумен араластырып жүргізуге болады.
Бастауыш сынып оқушылары дүниетануға тарналған көптеген мерекелерге - Орман
мерекесіне, Табиғат достарының мерекесіне белсене қатыса алады.
Әрбір мереке белгілі бір мақсатты көздейді. Мәселен Құстар күні
мерекесі балалардың құстар туралы білімдерін тереңдетіп кеңейтіп қана
қоймай дүниетануды қорғау жөніндегі шараларды іске асырады.
Сыныптан тыс жұмыстың көпшілік формасының бірі-экскурсия.
Экскурстия бірінші жағынан, идеялық-тәрбиелік жұмысының біршама дербес
формасы. Ол мәдениетті меңгеруге көмектеседі, адамның рухани байлықтарды
игеруге себін тигізеді және оқушылардың дүниетанымына ықпал етеді. Екінші
жағынан, көзделген мақсатқа жету үшін қолданылатын көмекші иллюстрациялық
құрал рөлін атқарады. Экскурсия-білімге деген ынтаны күшейтеді,
оқушылардың білім алу жолындағы ықыласын арттырады, оқудың өмірмен
байланысын нығайтады. Оқушыларды тәрбиелеуге экскурсияның игілікті әсер
етуі туралы көптеген көрнекті педагогтар мен әдіскерлер И.Г.Пестолоций,
Я.А.Коменский, К.А.Ушинский, А.Я.Герд, В.В.Половцов үлгілі сөздер айтты.
Профессор Б.Е.Райков өз еңбектерінде былай деп жазады:"Кітап арқылы емес,
экскурсиялар,лабораториядағы тәжірибе сабақтар, тірі табиғат мүйісіндегі
жұмыстар жолдарымен бірден қатынас жасау арқылы оқушылар одан бұрын
байқалмаған көп ғажайып сырларын "ашады. Оқушыларда эстетикалық сезім
дамиды, табиғатқа сүйіспеншілік және қызығушылық пайда болады".Бастауыш
сыныптағы оқушыларды төңіректегі әлеммен таныстыруды олар үшін белгілі де
түсінікті және таныс нәрселерден: мектеп, мектеп маңындағы үлескі, мектепке
жақын көшелер, кітапхана, мұражай, театрға: ауылдағы ферма, клуб,
шеберханадан бастаған жөн. Олар не істейді? Не үшін? Қалай? Деген
сұрақтарға жауапты оқушылар экскурсия кезінде табады.Сөйтіп олар
құрылысшының кітапханашының, ауыл шаруашылық адамдарының
еңбектерімен танысады.
Баланың байқағыштығын, көз алдына елестету
қабілетін, сезімдерін дамытуға табиғаттың әсері өте күшті. Бала
табиғатты алғашқыда өте сезімталдықпен қабылдайды, оның көз
алдында төңіректегі табиғаттың сұлулығы ашылады. Экскурсияны түрлендіре
отырып жүргізугеде болады. Мәселен, мектеп бойынша экскурсия жүргізгенде
оқушылар қыркүйектің алғашқы апталарында мектептің акт, спорт залдар мен
дәрігердің
бөлмесімен, мұғалімдер кеңсесімен, мектеп директорының
бөлмесімен, асханамен танысады. Мектепке экскурсия жасаған кезде мұғалім
өзінің түлектеріне мәдениетті мініез-құлықтың қарапайым ережелері туралы
әңгімелейді.
Мектеп маңындағы үлескіге жасалатын экскурсиялар. Балаларды
үлескіде және мектеп маңында өсетін ағаш түрлерімен
таныстыруды ойын сияқты етіп өткізуге болады. Бұл үшін түрлі
ағаштар мен бұталардың жапырақтары мен жемістерін жинап
алып, оларды ретсіз жайып тастап, бұдан соң балаларға оларды
тұқымына қарай саралап дұрыс атап беруді ұсынған жөн болады.
Бұл оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытады,
қызығушылықтарын арттырады.
Орманға саябаққа жасалатын экскурсиялар. Табиғатта бір жыл ішінде
болатын маусымдық өзгерістерді байқауды мақсат ететін эксукрсияларды
орманның немесе саябақтың бір үлескісінде жүргізген жөн болады.Балалар
өздеріне таныс жерде табиғатта болған өзгерістерді тезірек байқап күштірек
сезіне алады. Табиғатқа экскурсия жасаған кезде балалардың байқағыштығын
дамыту, қанатты достарымыз бен өсімдіктерге қамқор жасау сезімдерін ояту
үшін барлық мүмкіндіктердің маңызы зор. Орман ішінде немесе саябақта
оқушылар түрлі ағаштардың түрімен танысады айырмашылықтарын байқайды.
Кітапханаға экскурсия. Балалар мектеп кітапханашысымен танысады,
кітаптардың тізімін көріп шығады. Кітапты пайдалану ережелерін түсіндіреді.
Кітапханашының жұмысымен танысады. Сыныптан тыс жұмыс жүйесін жасау-бүкіл
педагогикалық ұжымдық іс болып табылады. Әрбір жалпы білім беретін мектеп
оқушыларымен мұндай жүмысты ұйымдастыру мүмкіндіктері өте көп және алуан
түрлі. Сыныптан тыс жұмысқа негізгі талап-оқушылардың жан-жақты дамуына
көмектесу.Балалар үйірмелері
секциялары, әр түрлі қоғамдары мен басқа да өз бетімен жұмыс істейтін
шығармашылық бірлестіктер жүйесі олардың пайдалы және қызғылықты істерді
кең, молынан таңдап алуға мүмкіндік береді сыныптан тыс жұмыс процесінде
жекелеген балалар мен жеткіншектер үшін белгілі бір сабақтарды таңдап алу
ерікті іс болып таблатындықтан мұндай жұмыс жүйексінің болуы әрбір мектепе
үшін міндетті.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыруда сыныптан тыс
жұмысының маңызы зор.Сыныптан тыс жұмыс жүйесін дамытудағы ұйымдастырушының
тұрақты қамқорлық жасайтын саласы - балалар мен жеткіншектердің ойындары.
Бастауыш сынып оқушыларының ойынға деген табиғи қажетін орынды түрде
қанағаттандырып отырмайынша, олармен тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізу мүмкін
емес. Сондықтан да сыныптан тыс кештерді, экскурсияларды, сайыстарды,
үйірмелдерді, жорықтарды жиі ұйымдастырып тұрған жөн.
Сыныптан тыс жұмыстар балалардың әр салаға байланысты ой-өрістерін
жетілдіреді. Бірігіп атқарылатын жұмыстарға балалар көбі мектеп көрмесі
жатады. Кең тараған түрі мектептік көрме. Олар тарихи, аудандық, тарихи -
әдебиеті, табиғи болуы мүмкін. Мұнда атқарылатын жұмыс материалдар
жинақтаумен байланысты.Ол үшін экспедиция,экскурсия жұмыстары жүргізіледі.
Бұл мұражайдағы материалдарды баланың ой-өрісін дамыту үшін сабақта
қолдануға болады. Байқаулар, олемпиадалар, көрмелер баланың
белсенділігін дамытады. Осы байқауларға байланысты көрмелер, шығармалар
ұйымдастырылады. Мектеп олимпиадасы оқу пәніне байланысты құрылады. Олардың
мақсаты-балалардың бәрін қызықтыру шебер дарындыларын іріктеп алу.
Мектепте туристік жорықтар мен өлкетану экскурсиялары көбірек етек алып
келеді. Бір күндік жорықтарға бастауыш мектептің оқушылары да қатыса алады.
Оқушылардың тынығуы және спортпен шұғылдануы үшін үнемі беріліп отыратын
денсаулық күндеріне оқушылардың бәрі орманға, далаға, саябаққа барады. Ашық
аспан астында, орман ішінде өткізілетін спорт-сауықтыру шараларының бәрі
табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге көмектеседі.
Қорыта келгенде, бастауыш сатыдағы сыныптан тыс жүргізілетін
жұмыстар оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай
дамытуға мүмкіндік жасайды, оқушыладың қоғамдық белсенділігін дамытады,
олардың өзара қарым-қатынасын қалыптастырады, өзіндік жұмыс істеу
қабілеттерін, ойлау қабіеттерін және де оқушылардың білім, білік,
іскерліктерін арттырады.

2-тарау Бастауыш мектеп оқушыларына дүниетану пәні арқылы сыныптан тыс
сыныптан тыс жұмыстардың әдістемелік негіздері

2.1. Дүниетану пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен
әдістері, құралдары

Дүниетанудан білім беру барысында ғылыми ұғымды меңгерту
арқылы дүние заттарының, құбылыстарының нақтылығын, олардың біздің
санамыздан тыс өмір сүретінін және бір-бірімен
байланыстылығын, заттар мен құбылыстардың даму
заңдылықтарын түсіндіріп шындыққа сенімдерін арттыру мақсаты жүзеге асады.
Сонымен қатар дүниетану пәнін оқытып, адамның табиғатпен, қоғаммен
қатынасын түсіндіру барысында олардың әлеуметтік өлшемін кеңейту мүмкіндігі
туады. Демек дүниетану пәнін оқыту бір жағынан қоғам туралы білім беріп,
қоғамның адаммен, табиғатпен байланысын айқындау, екінші жағынан,
қоғамды дамытудағы адам еңбегінің маңызын ұғындыру мақсаты алға қойылды.
Қазақстан Республикасының білім беру стандартында
дүниетану пәнін оқытудың мынадай басты міндеттерін көрсеткен:
- оқушылардың дүние туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру;
- денелер ,нәрселер, құбылыстар, олардың қасиеттерні мен өзара
байланысы туралы ұғымдарды түсіндіру;
- оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және дүниені танып
білуге қызығушылығын дамыту;
- оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін
қалыптастыру;
- табиғатты қорғау, сақтау, қамқорлық жасау және үнемдеудің жолдарын
үйрету;
- қоршаған орта жайлы білімді оқушылардың өздігінен меңгеруі және оны
қолдана білуі;
Дүниетану пәні оқушыларды объективті дүниемен
таныстырады, соны үйретеді, сол туралы білім береді. Объективті дүние адам
санасында сәулеленеді, ойын байытады. Сана - білімнің жиынтығы, ол
таным процесі. Дүниетануды оқытудың мәні осында жатыр.
Дүниетануды оқып үйренуді тек қана сыныптағы сабақпен ған шектеліп қалу
мүмкін емес. Ол міндетті түрде сыныптан тыс жұмысының мектептің негізгі
міндеттерін шешуге көмегі тигізетін алуан түрлерін қолданады. Сыныптан тыс
жұмыстың басты бағыты-бағдарламада қаралған білімді тереңдету, балалардың
табиғатқа ұқыпты қарауын және оны пәрменді қорғауды қалыптастыру.
Дүниетану пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс балалардың көп қырлы
танымдық әрекеті үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Ол қоршаған табиғатты
тануда оқушылардың алуан түрлі ықыластары мен сұрақтарын қанағаттандырып
материалистік дүниетанымның бастамасын қалыптастырып туған табиғатқа деген
сүйіспеншілікті оятып, сол арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеуге көмектеседі.
Бұл жүмысқа қатысу процесінде оқушылардың тапсырылған іске жауапкершілігі
мен табандылығы тәрбиеленеді.
Өз білімдерін тәжірибеде қолдана отырып балалар қоғамдық пайдалы
жұмысқа белсене араласады. Мәселен, мектеп үлескісінің ауласын жинау,
ауланы көгалдандыру.
Дүниетануды сыныптан тыс оқып үйрену процесінде қарапайым
заңдылықтар анықталады, табиғаттың жекелеген элементтері мен
құбылыстарының арасындағы байланыстар анықталады, сан алуан табиғат
комплекстері қарастырылады. Бұл жұмыста балалар табиғаттың
біртұтастығы туралы түсініктерін кеңейтеді. Балалардың
дұрыс материалистік дүниетанымының, ғылыми көзқарасының
қалыптасуына жағдай жасайды. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқып
үйренудегі және оны ұйымдастырудағы сыныптан тыс жұмыстың маңызына
тоқталамыз.
Оқушылармен кез-келген жұмысты, оның ішінде табиғатты оқып
үйрену жұмысын ұйымдастырулдың аса маңызды шарттарының
бірі-балалардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу болып
табылады. Бастауыш мектеп жасындағы балалар білуге өте құмар
болып келеді олардың қызықпайтыны жоқ: аспан мен жер, күн мен жұлдыз, су
мен ауа, өсімдіктер мен жануарлар туралы білгісі келеді. Олардың еңбек
процесіндегі адамдардың қарым-қатынасы қызықтырады. Бірақ төменгі сынып
оқушыларының ынтасы әзірге жетілмеген. Балалардың ой-өрісі кеңіген сайын
олардың ынтасы арта түседі де, ынтаның жіктелуіне қажетті алғы шарттар
жасала бастайды. Балалардың табиғатқа жан-жақты қызығу шылығын
ескере отырып мұғалім оларға бағыт береді. Осы мақсат пен
зерттеудің жалпыға қолайлы әдісі бақылау әдісі
қолданылады.Сондықтан сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда бақылау жүргізу
әдісіне үлкен орын беріледі.
Бақылау жаттығулары жеке бастың байқампаздық және білуге құмарлық
сияқты аса маңызды қасиеттерін шыңдап шығаруға қажетті жағдайлар туғызады.
Балалар өзінің болмысынан-ақ бақылағыш және білуге құмар болып келеді.
Сыныптағы сабақтар сияқты, сыныптан тыс жұмыста да осындай айқын
әдістеме жасап шығу керектігі міне осыдан. Бақылау процесінде балалардың
қоршаған ортаға қызығушылығы дамиды. Оларға күнделікті кездесетін ең
қарапайым құбылыстардың ішіннен жаңа сындызықтысын табуға тырысады. Мысалы:
мектепке барар жолда кішкене су ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау
Сыныптан тыс жұмыстың міндеті
Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіру
Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
Дәстүрлі сабақ Шығармашылық сабақ
Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер