Ай -жерге ең жақын аспан денесі


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі . Оны алыс дүниенің хабаршысы деп бекер атамаған. Ай -Жерге ең жақын аспан денесі, сондықтан да ол бәрінен жақсы зерттелген. Бізге ең жақын планеталар Айға қарағанда шамамен 100 есе алысырақ Ай Жерден диаметрі жағынан 4 есе, ал массасы жағынан 81 есе кіші. Осы күнгі ең үлкен телескоппен қарағанда, Айдың бетіндегі көлденеңі бір метрдей жыраны, Марстағы "көлденеңі жүз метрге жуық каналды көруге болады.
Күн туралы, сонымен қатар адамның ойы жетпейтіндей миллиондаған сәулелік жыл қашықтығындағы жұлдыздар туралы баяндап береді.
Астрономға Жердің атмосферасы үлкен кедергі жасайды. Сол себепті обсерваторияны биік таулардың басына салуға тура қеледі. Атмосфера көзге көрінбегенімен, өте-. мете сезімтал, дәл көрсететін астрономиялық приборлар мен жұлдызды аспаннық аралығындағы үлкен кедергі. Онсыз да әлем кеңістігінен келетін жұлдыздардың сәулесі өте әлсіз. Қүннің ең бір ашық кезінде де телескоптағы көрініс дірілдеп, толқып тұрады, осының бәрі ауаның белгісіз ағысының салдары. Астрофизиктің, жұмысына атмосфераның қырсығы қаншама қиыншылық келтіреді десеңізші. Мұндай жағдайда ені бір метрге жуық жыраны да, Марстағы қаналдарды да анық көруге болмайды.
Тіпті адамның денесінен шығып ауаға тараған жылылық пен ауыздан шыққан лептің өзі де бақылауға кедергі келтіруі мүмкін. Астрономдар үшін жылылық пен ауаны өткізбейтін ерекше-скафандр тектен-тек ойластырылып жүрген жоқ.
Астрономдар пайдаланатын құралдарды жақсарту жолында техника табысты түрде жұмыс істеуде.
Атмосфераның ар жағына, ауа жоқ жерге шығу керек, демек, ауаның ағысы мен бұлт жоқ, тұман мен тозаң жоқ жерге, ауа райы болмайтын биіктікке көтерілу керек. Астрономиялық техниканың барлық күшін пайдалануға еш нәрсе кедергі бола алмайтын жерге көтерілу керек.
Жерден тыс астрономия «жердегі» астрономияны жоққа шығармайтындығы өзінен-өзі түсінікті. Қазіргі алынып отырған мәліметтерге күмән туғандықтан емес, қайта ол мәліметтердің кәлемін кеңейте түсу үшін ғалымдар атмосфераның ар жағында астрономиялық обсерватория жасауды армандап отыр.
Қазір астрономдарға мүлдем жаңа принциптерге негізделіп жасалған аспаптар қажет. Бұл аспаптар космостың құпия сырларын ашуға көмектескен болар еді. Мұндай жаңа аспаптар да, ракеталар да қажет. Ракета планетааралық кеңістікке обсерваторияны кәтеру арқылы, астрономиялық техникаға баға жетпес қызмет ете алады.
Адам баласының қолымен істелген әрбір жасанды жаңа аспандық денені көргенде, астрономның қаншалықты қуанатынын айтып жеткізу қиын. Айдың үстіндегі сигналдың сәулесі басқа әлемге ұшуға кедергі болып отырған мыңдаған километр бос кеңістіктің игерілгені туралы хабарлайтын болады. Сөйтіп, неғұрлым алыстағы, шырқау биіктегі нәрселерді айқынырақ көруге, тереңірек зерттеуге жағдай туады.
Аспан объектілерін зерттеу үшін оларды ылғи да осы мақсаттарға арналған телескоптардың көмегімен фотоға түсіріп алады. Түсірілген негативтердегі жұлдыздардың орындарын лабораторияда арнаулы приборлармен өлшейді. Обсерваторияда сақталатын негативтер "шыны фототека" түзеді. Астрономиялық фотосуреттердің көмегімен алысырақ орналасқан жұлдыздардың реңкінде де одан гөрі жақынырақ жұлдыздардың баяу орын ауыстыруларын өлшеуге, негативтегі өте көмескі объектілердің кескінін көруге, жұлдыздардан, планеталардан және басқа да космостық объектілерден келетін сәулелер ағынын өлшеуге болады. Жарықты арнайы таңдап алынған түрліше жарық сүзгіштері арқылы өткізіп, астрономдар аса дәлдікпен объектінің түр-түсін және мөлшер жөнінен бағалай алады.
Космостық радио сәулелері табылғаннан кейін оларды кабылдау үшін түрліше жүйедегі радиотелескоптар жасалды. Оларда радиотолқындар ойыс металл айнаның фокусында жиналады. Бұл айнаны тор көздендіріп орасан зор етіп - диаметрін ондаған метрге жеткізіп жасауға болады.
Аспан объектілерінің көпшілігі жөніндегі информацияның аса маңызды көзі олардың шығаратын сәулелері болып табылады. Денелер жөнінде өте құнды және алуан түрлі мәліметтерді алуға олардың сәулелерінің спектрлік анализі мүмкіндік береді. Бұл әдіспен сапа жағынан және сан жағынан шырақтың химиялық құрамын, оның температурасын, магнит өрісінің бар-жоғын, сәуле бойымен қозғалыс жылдамдығын және басқа да көп деректерді тағайындауға болады.
Аспан әлемінің, яғни кеңістіктің сырын ашуда астрономияның еңбегі айрықша зор.
Жұлдыздар - әлем кеңістігіндегі космостық тозаңдар мен сирексіген газдардың ішінде қалқып жүрген қатты ысыған денелер. Біздің Күнімізден миллион есе әлсіз сәуле беретін жұлдыздар да, одан жарты миллион еседей күштірек жарқырайтын жұлдыздар да бар. Ыстығы екі-үш градустай «суық» жұлдыздар да, жүздеген мың градустық жанып тұрған жұлдыздар да бар. Көлемі жағынан Жерден кіші ергежейлі жұлдыздар да, тіпті бүкіл Күн жүйесінен мыңдаған есе үлкен алып жұлдыздар да болады. Жұлдыздардың бірінде ауадан да гөрі бос заттар, ал екіншісінде суға қарағанда ондаған, тіпті жүздеген мың есе тығыз заттар да кездеседі. Сәулесі құбылып өзгеріп отыратын, тіпті кейде миллиондаған күннің бір жерге қосылғанындай жарық сәуле шашатын ғажайып «жаңа» жұлдыздар да бар. Бізден жарты миллиондай сәулелік жыл қашықтығындағы шоғырланған жұлдыздар - галактикалар да табылып отыр. Бірақ бұл әлемнің шегі емес. Адамның дүние тануында шек болмағаны сияқты, онда да шек жоқ. Біздің қазір білгендеріміздің ғана шегі бар, ал болашақта білетіндеріміздің шегі жоқ.
Астрономияның аспан денелерінің шығу тегі мен дамуы зерттелетін бөлімі космогония деп аталады.
Жердің және күллі Күн жүйесінің шығу тегі жайындағы мәселері шешуде біз бақылайтыңдай басқа мұндай жүйенің жоқтығы едәуір қиыншылық келтіреді. Біздің Күн жүйесіне әзір онымен салыстырарлық ештеңе жоқ. Ұқсас жүйелер көп болуы және олардың пайда болуы кездейсоқ емес, заңды құбылыс болуы тиіс.
Қазіргі кезде Күн жүйесінің пайда болуы жайлы қайсыбір гипотезаны тексеру кезінде негізінен Жер мен Күн жүйесіндегі басқа денелердің тау жыныстарының химиялық құрамы мен жасы жөніндегі деректерге сүйенеді. Жыныстың жасын анықтаудың ең дәлірек тәсілі осы жыныстағы радиоактивті уранның мөлшерінің қорғасынның мөлшеріне қатынасын есептеуде болып табылады. Мұның мәнісі мынада: қорғасын - уранның өздігінен ыдырауынан шығатын ең ақырғы өнім. Осы процестің жылдамдығы дәл белгілі де, оны ешқандай тәсілмен өзгерту қолдан келмейді. Жыныста уран неғұрлым аз қалса, ал қорғасын көп жиналса, солғүрлым оның жасы үлкен болады, Жер қабығындағы ең көне тау жыныстарының жасы бірнеше миллиард жыл. Жер тұтасымен алғанда жер қабығынан, әлбетте, ертерек пайда болған.
Тас болып қатып қалған жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарын зерттеп қарағанда, соңғы жүздеген миллион жылдар ішіңде Күннің сәуле шығаруы айтарлықтай өзгермеген. Осы күнгі топшылаулар бойынша Күннің жасы 5 млрд. жыл шамалас. Күн Жерден сәл ғана артық жасаған.
Белгілі бір ұйғарымға келуге Күн жүйесінің пайда болуы жөніндегі алғашқы ғылыми болжамдар маңызды роль атқарды. Бүкіл әлемдік тартылыс заңының негізінде жасалған неміс философы И. Канттың гипотезасы осындай еді.
XVIII ғасырдың ортасында Кант бейберекет қозғалыстағы тозаңдардың суық бұлтынан Күн жүйесі пайда болған деген пікірді айтты. 1796 жылы француз ғалымы П. Лаплас Күн мен планеталар, бұрннан айналып тұрған, газды тұмандықтан түзілген деген гипотезаны толық сипаттап баяндады. Лаплас Күн жүйесіне тән негізгі сипаттарды ескерді. Күн жүйесінің пайда болуы женіндегі гипотезаның қайсысы болса да, ол сипаттарды түсіндіріп беруі тиіс: жүйенің негізгі массасы Күннің өзінде жинакталған; планеталар мен серіктердің орбиталары дөңгелек дерлік және олар бір жазықтықта жатады деуге болады; олардың ара қашықтықтары белгілі заңдылықпен артып отырады; планеталардың барлығы дерлік Күнді ғана айналып қоймай, өз осьтерінен де бір бағытта айналады. Ол өзінің гипотезасын планеталар да, оларды түзген зат та, бастапқы кезде ыстық, сұйық күйде болды деген көзқарастың негізінде құрды.
Қазіргі кезде ғалымдар Жер ешқашанда газ күйінде де, отты сүйық күйінде де болған емес деген қорытындыға келді.
Қазіргі дәуірдегі ең жете дамытылған гипотеза, яғни орыс академигі О. Ю. Шмидтің (1891-1956), гипотезасының, осы ғасырдың орта шеніндегі еңбектерінде негізі қаланған.
Шмидт гипотезасы бойынша планеталар осыдан сәл ертерек пайда болған Күнді түрліше орбиталар бойымен айналып жүрген зор газ-тозаңды суық бұлттың затынан пайда болған. Келе-келе бұл бұлттың пішіні өзгерген. Бөлшектердің арасындағы соқтығысулар мен энергия алмасулар бұлтты бірте-бірте қабысуға әкеп тіреді, ал бөлшектердің орбиталары дөңгелек пішінге айнала бастады.
Планеталар қозғалысының заңдарын ашуда еңбек сіңірген көрнекті неміс ғалымы Иоганн Кеплер «1571-16030». ХVІІ ғасырдың бас кезінде бас кезінде Кеплер Марстың Күнді айналуын зерттеу үстінде планеталар қозғалысының үш заңын ашты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz