Бастауыш мектепте интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі


Бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі . Бастауыш білім беруді ақпараттандыру бастауыш білім беруді реформалаудың маңызды факторы болып отыр. Білімді ақпараттандыру маңыздылығы компьютер мен қарым-қатынас құралдарының көмегімен білімді өңдеу ақпараттық қарым-қатынас технологиясы негізінде ақпараттық білім ресурстарын құру өндірісін дамытуда.

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» деген тақырыпта оқыған лекциясында: «Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін - адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешіруде» деп көрсеткен болатын.

Қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына, оларды пайдалану қабілеттілігін қалыптастыруда бастауыш мектепте ақпараттық-қатынастық технологияларды, соның ішінде Интернет-ресурстарды пайдаланудың маңызы зор.

Жалпы оқу үрдісін ақпараттандыру мен компьютерлендіру мәселесіне [С. А. Бешенков, Б. С. Гершунский, А. П. Ершов, М. П. Лапчик, В. В. Лукин, Е. А. Машбиц, В. М. Монахов, И. В. Роберт] және басқалардың еңбектері арналған.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім беруді ақпараттандыру мәселесі бойынша төмендегідей негізгі ғылыми мектептер қалыптасып, кешенді және нақты зерттеулер жүргізілуде:

- профессор Е. Ы. Бидайбековтың мектебі студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға әдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пәнін оқыту және соған сәйкес информатик-мамандарды дайындау мәселелері [Ш. Шекербекова, Г. А. Абдулкаримова, Е. А. Вьюшкова, А. Ибашова және т. б. ], инфоратиканы оқыудың теориясы мен әдістемесінің түрлі аспектілері бойынша: «Информатика» мамандығының студенттерін программалауға іргелі және оза оқытудың әдістемелік жүйесін дамытып, теориялық негізін жасау [Ж. К. Нұрбекова], логикалық программалауға оқытудың әдістемесі [Н. А. Талпақов], математикалық модельдеу және есептеу эксперименті [Л. Б. Рахымжанова], Интранет-технологияларды пайдаланып оқыту [С. Н. Конева] және т. б. ;

- профессор С. С. Құнанбаеваның мектебі шет тілін оқытудың теориясы мен әдістемесін ақпаратандыру мәселелерін зерттейді: мәдениетаралық-қатынастық біліктілігін қалыптастыру [Ә. Т. Чакликова], елтанымдық біліктілігін қалыптастыру [Ж. А. Түселбаева] ; студенттерді АҚТ-ды пайдалануға әдістемелік даярлау [Д. Е. Сағымбаева] ; шетел тілін оқытуда телекоммуникациялық технологияларды пайдалану [А. Б. Нұрова], ағылшын тілін электрондық оқулықтар арқылы оқыту әдістемесі [Ұ. Т. Нұрманалиева] ;

- профессор Б. Б. Баймұхановтың мектебі оқу үрдісіне компьютерлік технологияларды енгізу мәселелері, осының негізінде оқу үрдісінде әртүрлі бағдарламалық құралдарды қолданудың әдістемесін жасау мәселелерін зерттейді [Б. Д. Сыдықов, Р. С. Шуақбаева, І. Ж. Есенғабылов, Г. А. Мадьярова және т. б], бастауыш мектепте педагогикалық құралдарды пайдалану әдістемесі [Баймаханова Л. А. ], бастауыш сынып математикасын оқытуда компьютерді пайдалану [А. Ө. Байдыбекова] ;

- профессор Ж. А. Қараев және көптеген ғалымдар [М. Б. Есбосынов, С. В. Рах, К. З. Халикова, Ж. С. Сардарова, С. Т. Мұхамбетжанова, Б. К. Төлбасова, Б. Абыканова, О. К. Ахметова және т. б] ақпараттық-қатынастық технологияны жалпы орта білім беретін мектептің оқу үрдісінде, кәсіби дайындықта және жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қарастырған.

Біздің зерттеу жұмысымыз Г. Қ. Нұрғалиеваның ғылыми педагогикалық идеясының негізінде жүргізілді. Аталмыш ғылыми мектептің өкілдері кәсіптік білім беруді ақпараттандыру мәселелерін зерттеді, атап айтқанда, қосымша кәсіптік білім беру [Ж. А. Мақатова], педагогикалық білім беру [Р. Ш. Бектұрғанова, Ш. Х. Құрманалина], әскери білім беру [С. С. Тауланов], білім беруді ақпараттандырудың іргелі ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша: орта білім беруді ақпараттандырудың әдістемесі мен технологиясы [Ә. І. Тәжіғұлова] және болашақ мамандардың желілік даярлығын қалыптастыру [Г. Б. Ахметова] мәселелері қарастырылды. Олар білім берудің әдіснамасын білім беруді ақпараттандыру жағдайының өзгеріп отыруын және дамуын қамтамасыз ететін, білім беру үрдісінің субъектілерінің инфокоммуникациялық әрекеттесуін педагогикалық жүйе ретінде қарастырды.

Бастауыш білім беруді ақпараттандыру мәселелері бойынша педагогикалық зерттеулер жеткіліксіз. Жүргізілген зерттеулердің көбінде бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-қатынастық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі қарастырылған [Г. А. Абулкаримова, Ж. К. Ахмадиева, К. З. Хамитова, Б. А. Изиева, Е. С. Саватеева, О. В. Синявина, Д. Т. Рудакова т. б. ] .

Бастауыш білім беруді ақпараттандыру проблемасын зерттеуде Ресей ғалымдары айтарлықтай белсенділік танытуда. А. В. Молокова бастауыш білім беру үрдісін ақпаратандырудың комплексті әдістеріне іргелі зерттеу жүргізді.

Қолданбалы зерттеулерде бастауыш білім беруді ақпараттандырудың түрлі аспектілері қарастырылуда: бастауыш мектепте жеке компьютермен оқытудың комплексті жүйесін жасау [Л. С. Исакова] ; кіші мектеп жасындағы балалардың ақпараттық-технологиялық мәдениетін қалыпастырудың әдістемесі [В. В. Трофимова] ; бастауыш мектептегі компьютерлік сауаттылық элементтері [С. В. Ильченко] ; бастауыш мектепте компьютерлік технологияны пайдаланудың дидактикалық жағдайы [В. И. Варченко] және т. б.

Біздің зерттеу проблемамызға байланысты Ресейлік және Қазақстандық ғалымдар: Интернетті пайдалану әдістемесі [А. Л. Муховиков], интранетті пайдалану [С. Н. Конева], әдеби - әдістемелік Интернет-сайттар ғылым және мектеп тәжірибесінде диалог жасау кеңістігі ретінде [Ю. В. Ээльмаа], Интернет-технологиялар негізінде мектептің білім беру ортасын белсендіру [П. Ю. Дик ], Интернет-ресурстар [Ә. Т. Чакликова, Н. Ғ. Даумов] бойынша жүргізген зерттеулері бастауыш мектепке арналмағанымен, бұл жұмыстар біздің тарапымыздан қызығушылық тудырды.

Ғылыми зерттеулерді, психологиялық-педагогикалық, әдiстемелiк әдебиеттердi және мектеп жұмысының тәжiрибесiн талдау нәтижелерi қазiргi кезде Интернет-ресурстардың бастауыш мектепте бiлiм беру мiндеттерiн шешу мүмкiндiктерiнің ғылыми жетiстiктерге негiзделмей қолданылып отырғаны және оның iске асырылуының ойдағыдай емес екенiн көрсеттi. Бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдалануға болатыны анықталмаған және оны тиiмдi ұйымдастыруда сәйкес келетiн керi байланыс құралы ретінде қажеттiлiгi қарасырылмаған. Жоғарыда жасалған талдаулар диссертациялық зерттеу тақырыбының көкейкестiлiгiн көрсетедi.

Ақпараттандыру үрдісі білім берудің барлық сатысын, соның ішінде бастауыш білім беруді де қамтиды. Дегенмен, Қазақстанда Интернет бастауыш білім беруді толығымен жүйелі түрде контентпен қамтамасыз етпеген: кіші мектеп жасындағы балаларға арналған мамандандырылған сайттар, порталдар және білім беретін ресурстар жоқ. Қазіргі кезеңде Интернет-ресурстарды жасау кіші мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктері мен бастауыш мектептің оқу үрдісінің ерекшеліктері туралы білім жүйесі ретіндегі педагогикалық инструментарияны талап ететіні байқалып отыр. Мектеп сайтын жасау мәселесі - техникалық болғанмен ауқымы кең дәрежелі, контентті (мазмұнды) мәселе болып келеді [Ээльмаа Ю. В. ] . Жоғарыда аталған мәселелерге орай бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдалану қажеттiлiгi мен Интернет-ресурстарды пайдалану әдiстемесiнiң жасалмағандығы арасында қарама-қайшылық бар екендігі анықталды.

Осы қайшылық негiзiнде бастауыш мектепте Интернет- ресурстардың қажеттілігі, оны мұғалімдердің қолдана білу, өзінің жеке блогын ашу, Интернет-ресурстармен толықтыру мәселелері туындайды.

Осыған орай, біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі» деп анықтадық.

Зерттеу нысаны: ақпараттық-қатынастық технологиялар негізінде бастауыш білім беруді ақпараттандыру.

Зерттеу пәні - бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдалану әдістемесі.

Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдалану әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу және жасалған әдістеменің тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы - Интернет-ресурстарды бастауыш мектепте пайдаланудың әдістемесі мына жағдайда тиімді болады, егер : сабақ жоспарларында, слайдтарда, анимацияланған сюжеттерде, бейнематериалдарда бастауыш білім беру субъектілерінің қажеттілігін көрсететін, оқу материалының іздену-бағалау-таңдау-проекциялау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, бастауыш білім беру субъектілерімен қашықтан өзара әрекет ететін мамандандырылған портал жасалса, онда бастауыш мектеп мұғалімдерінің ақпараттық-білімдік ортасының белсенділігі артады, өйткені тұлғалық-іс-әрекеттік және аксиологиялық әдіснамалық амалдар іске асырылады.

Зерттеудің міндеттері:

- педагогика ғылымы мен бастауыш білім беретін мектептердің тәжірибесіндегі Интернет-ресурстарды пайдалану тенденциясын талдау.

- бастауыш сынып мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалануға даярлығының моделін жасау.

- бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесін негіздеп, оның тиімділігін анықтау.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:

Тұлғаны дамытудағы іс-әрекеттің жетекші ролі туралы философиялық концепция, құндылық бағдарлар теориясы, бастауыш білім беру дидактикасының жетістіктері, бастауыш мектепте оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, білім беруді ақпараттандыру концепциясы.

Зерттеу көздері: білім беруді ақпараттандыру туралы нормативтік құжаттар, зерттеу тақырыбына байланысты психологиялық және педагогикалық әдебиеттер, эксперименттік жұмыстар, озат мұғалімдердің іс-тәжірибесі, автордың өзінің жеке жұмыс тәжірибесі, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер.

Зерттеу әдістері: ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді талдау, теориялық талдау, модельдеу, сауалнамалар, сұхбаттар, сұрақ-жауап, компьютерлік диагностика, жинақтап қорытындылау, оқу үрдісінде Интернет-ресурстарды пайдалану кезінде оқытушы әрекетін сырттан бақылау, мұғалімдердің сабақтарда компьютерді пайдалану тәжірибесін зерттеп білу, педагогикалық эксперимент, математикалық статистика және мәлімет алу.

Зерттеудің жетекші идеясы: білім беру субъектілерінің ақпараттық-қатынастық технологиялар мен қашықтан интербелсенді өзара әрекет етуіне негізделген бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдалану, білім берудің жаңа парадигмасына өтуге жағдай жасайды.

Зерттеу базасы:

Шымкент қаласындағы № 50 А. Байтұрсынов атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы, №8 М. Х. Дулати атындағы 3 тілде оқытылатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп, №80 орта мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданындағы Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі және Амангелді атындағы жалпы орта мектебі.

Зерттеудің негізгі кезеңдері - зерттеу бір-бірімен ұштасқан үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде (2006-2007 ж. ж. ) - зерттеудің негізгі бағыттары мен бастапқы қағидалары анықталды, әдебиеттер зерттелді, зерттеу мәселелері бойынша материалдар талданып, бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдалану мәселесінің педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесіндегі даму жағдайы анықталды. Мұғалімдердің Интернет-технологияларын меңгеру біліктілігі мен дағдыларын және бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың қазіргі жағдайын анықтайтын анықтау эксперименттері жүргізіліп, қалыптастыру эксперименті үшін мектептер белгіленді, мұғалімдермен әңгіме-кеңестер жүргізіліп, ғылыми аппараты дайындалды.

Екінші кезеңде (2007-2008 ж. ж. ) - «Шалғайдағы аймақтардың мектептері үшін АҚТ пайдаланып қашықтан оқыту» ЮНЕСКО жобасы аясында Ұлттық ақпараттандыру орталығы жасаған «Modular object Oriented Digital Learning Environment (MOODLE) - http://moodle. nci. kz - қашықтан оқыту порталында бастауыш мектепке арналған блог жасалынып, мұғалімдердің Интернет-ресурстарды пайдалануының әдістемелік ережелері талқыланып белгіленді, қалыптастыру экспериментін жүргізуге қажетті оқу және бағдарламалар әзірленді.

Үшінші кезеңде ( 2008-2009 ж. ж. ) - Интернет-ресурсты пайдаланып оқытудың тиімділігін анықтауға байланысты эксперименттер жүргізіліп, зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары айқындалды. Диссертациялық жұмыс рәсімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • педагогика ғылымы мен бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың тенденциялары айқындалды; бастауыш мектеп мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалануға даярлығының моделі жасалды;

- бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі жасалып, оның тиімділігі дәлелденді.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы: бастауыш мектеп мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалану әдістемесінің теориялық негізіндері ашып көрсетілді, «бастауыш мектеп мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалануға даярлығы» ұғымына толық анықтама берілді.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Ұлттық ақпараттандыру орталығының «Шалғайдағы аймақтардың мектептері үшін АKТ пайдаланып қашықтан оқыту» ЮНЕСКО жобасы аясында Ұлттық ақпараттандыру орталығы жасаған «Modular object Oriented Digital Learning Environment (MOODLE) - http://moodle. nci. kz - қашықтан оқыту порталында бастауыш мектепке арналған блог жасалды. Қазір оны облыстық білім департаменті (басқарма) мен аудандық (қалалық) білім бөлімінің әдіскерлері, педагогикалық жоғары оқу орнындары мен колледж студенттері, оқытушылары, бастауыш мектеп мұғалімдері, ата-аналар және білім беру үрдісінің субъектілері күнделікті тәжірибесінде пайдалана алады.

Порталды жасаумен қатар бастауыш сынып мұғалімдеріне 46 сағат көлемінде бағдарлама жасалып, мынадай бағыттарда тренингтік курс жүргізілді:

  • жаһандық Интернет желісі жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің әртүрлі іздеу жүйелері мен мамандандырылған порталдарды, Интернет-ресурстарды іздеу әдістерін меңгеру; кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербес және жас ерекшеліктеріне сәйкес Интернет-ресурстарды бағалау және таңдау әдістерін меңгеру; Интернет-ресурстарды сабақ өткізуге проекциялау әдістерін меңгеру.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі - диссертацияның негізгі нәтижелері мен қорытындылары қазіргі заманғы психология мен дидактиканың, білімді ақпараттандыру қағидаларына сәйкес және бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдалану әдістемесіне сүйене отырып құрылған зерттеу жұмысынан, зерттеліп отырған мәселеге жасалған теориялық талдаудан, экспериментке қатысушы мұғалімдер санының жеткілікті қамтылғандығынан, бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдалану әдістемесінің тексеруден өткендігінен, зерттеу жұмысының нәтижелерінің мұғалімдердің іс-тәжірибелерінде кеңінен қолданып, субьектілердің арасында кері байланыстың орнауынан шығады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- интернет-ресустар - бастауыш мектептiң бірыңғай ақпараттық-бiлiм беретiн ортасының дамуын және қалыптасуын ғаламдық желi арқылы жасап, бiртұтас аяқталған логикалық құрылымы бар ақпараттар жиынын ұсынады.

- бастауыш сынып мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалануға даярлығының моделі олардың педагогикалық және білім беру материалдарын іздеу-бағалау-таңдау-проекциялау мақсатында мотивті және саналы түрде әрекет етуімен сипатталады.

- интернет-ресурстарды бастауыш мектепте пайдаланудың әдістемесі білім беру үрдісінің субъектілерінің қашықтан әрекеттесуі арқылы, білім берудің нәтижесіне қол жеткізуге тең жағдай жасаудың формалары мен әдістерінің бірлігі.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу.

Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері ғылыми баяндама түрінде Алматы қаласында Ұлттық ақпараттандыру орталығы өткізген «Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың» IV Халықаралық форумында (2006 ж), С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетіндегі «VІІ Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференцияда (2007ж), Шымкент қаласындағы Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіндегі «Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (2007), Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Мәскеу қаласының кәсіптік білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Академиялық инновациялық университетінің «Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (2009), Тараз мемлекеттік педагогикалық институтындағы «Жастардың патриотизмі мен азаматтығын қалыптастыруда тәрбие жүйесін іске асыру: тәжірибе, проблемалар, перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (2009) жұмыстарында талқыланды.

Сонымен қатар, Ұлттық ақпараттандыру орталығында өткен семинарларда, мәжілістерде және Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институты, аталмыш университеттің «Педагогикалық шеберлік» орталығында баяндалып, жан-жақты талқыланды.

Ізденушінің қосқан жеке үлесі. Диссертант Ұлттық ақпараттандыру орталығында жасалынған http://moodle. nci. kz - қашықтан оқыту порталында бастауыш мектепке арналған блогтың модераторы.

Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты, нысаны мен пәні, міндеттері мен әдістері, болжамы мен зерттеу көздері, зерттеудің әдіснамалық негіздері мен негізгі кезеңдері, жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы, ғылыми жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалған.

«Бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың теориялық негіздері » деп аталатын бірінші бөлімде бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың қазіргі жағдайы мен бағыттарын талдау, бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдалану бағытында жасалған ғылыми зерттеулерге шолу, бастауыш мектеп мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалануға даярлығының моделі жасалып, талданған.

«Жасалған әдістеменің бастауыш мектеп мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалану даярлығына ықпалы» атты екінші бөлімде бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдалану әдістемесінің аксеологиялық негіздері, http://moodle. nci. kz - порталындағы бастауыш сыныптарға арналған блогтың мазмұны сипатталып, Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі жасалды. Сондай-ақ, бұл бөлімде бастауыш мектепте мұғалімдердің Интернет-ресурстарды пайдалану даярлығының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы жөнінде мәлімет берілген.

Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша алынған негізгі тұжырымдар келтірілген.

Қосымшаларда зерттеу жүргізу барысында пайдаланылған материалдардың кейбіреулері келтірілген.

Негізгі бөлім

Бүгінде ақпараттық-қатынастық технологиялар саласының заманауи жетістіктерінің негізінде білім беруді ақпараттандырудың озық тенденциялары байқалуда. Ақпараттандыру проблемалары ашық білім берудің объективті заңды ситаттамасы болып отыр. Бастауыш білім беруді ақпараттандырудың қазіргі кезеңінің негізгі шарты, әлемдік қоғамның өз дамуындағы жаңа өркениетті сатыға өтуі болып табылады.

Білім беруді ақпараттандырудың қазіргі жағдайын сипаттайтын ғылыми еңбектер мен әдебиеттерге жасалған мына талдаулар, шетелдік [Р. Вильям, К. Маклин, Г. М. Клейман, Ж. П. Арно, М. Рокли, Б. Сендов, Т. Хифайед және басқалар], ресейлік [Б. С. Гершунский, Е. И. Машбиц, В. М. Монахов, И. В. Роберт, В. В. Рубцов, И. Е. Вострокнутов, И. И. Трубина, И. Г. Белавина, В. А. Захарова, П. В. Беспалов, М. М. Букеев, Н. А. Власенко, В. В. Колос, С. П. Кудрявцева] және отандық ғалымдардың [Г. Қ. Нұрғалиева, Б. Б. Баймұханов, Е. Ы. Бидайбеков, С. С. Үсенов және басқалар] білім беру ортасын қалыптастырудың мынадай ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді:

1) оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен жан-жақты дамуы;

2) білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың даму деңгейі мен жылдамдығын үйлестіру;

3) ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен жалпы білім беретін сабақтардың пәнаралық моделі;

4) үнемі өзгеріп отыратын еңбек шарттарына жас ұрпақты дайындау үшін оқушылар мен мұғалімдердің АҚТ-ны қолдану дағдыларын қалыптастыру;

5) «білім беру траекториясын» таңдауды қамтамасыз ету.

Қоғамның күрделі тіршілік әрекеті компьютерлік ақпараттық технологияның пайда болуына ықпал етіп, «Интернет» ұғымын өмірге енгізді. Интернет сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork) . Интернет - бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

Интернет-ресурстарға талдау жасағанымызда Ресейде бастауыш мектептер http://www. ed. gov. ru, http://www. kic. ru, http://ioso. narod. ru, http://som. fio. ru, www. nachalka. com, http://www. altai. fio. ru, www. tehnologiya. ucoz. ru, www. openclass. ru, www. web-resurs. ru, www. рonyatovskayaucoz. ru, Өзбекстанда http://nachalka. uz/, Қазақстанда www. mektep-rk. kz, www. sabak. kz, www. schools. kz сияқты Интернет-ресурстармен қамтамасыз етілгенін анықтадық.

Бұдан біз ақпараттық қарым-қатынас жасау мүмкіншілігі бар білім беру порталдары мен сайттарының басым бөлігі ресейліктердің үлесінде екенін анықтадық. Ресейлік Интернет-ресурстарға сараптама жасау барысында олардың Интернетті пайдаланушылармен әрекеттік байланыста болатынын анықтадық. Мысалы, www. nachalka. com сайтында мұғалімдер: математика пәні бойынша қоғамдастық және форум, конкурстар арқылы; ата-аналар: блог, оқушылар: конкурстар, викториналық ойындар, әдеби марафондар, тест тапсырмаларын орындау арқылы байланыста болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалану даярлығының әдістемесі
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Бастауыш шет тілі
Информатика пәнін бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаты
Квест сабақтарының артықшылығы - оқытудың белсенді әдістерін қолдану
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz