Ауыз әдебиеті жанрларының функциясы



1 Аңыз жанрының басты нысанасы
2 Советтік фольклортану ғылымы
Фольклорда да, әдебиетте де жанрлардың табиғатын анықтайтын басты фактор - олардың қоғамдық қызметі, өмірлік нысанасы.
Әдетте өнердің барлық түрін, оның ішінде фольклорды да, өмірді көркем танудың бірі деп түсінеміз. Өнер өмір туралы пайымдау екені сзсіз тарихи дамудың әр кезеңінде өнер адамның өзін қоршаған табиғаты, шындықты қаншалықты меңгергенін, өзін де қаншалықты біле алғанын көрсетеді. Бұл даусыз. Әңгіме сол шындықты тани, түсіне білу қоғам тарихының қай дәуірінде өнер үшін басты мақсат,нысана болуында. Өнердің атқаратын қызметі көп екені де түсінікті. Оның танымдық қызметінен басқа да өте маңызды функциялары бар. Айталық, идеологиялық,тәрбиелік, эстетикалық т.т. Ал өнердің, фольклордың әдебиеттің танымдық қызметі бұрынғы замандарда қазіргіден басқаша түсініліп, бағаланған. Демек, фольклор әр тарихи дәуірде әртүрлі функция атқарған. Бірақ бір дәуірде белгілі бір функция атқарған шағында фольклор басқа функцияларынан мүлде айырылып қалмаған. Олар да сақталған, бірақ көп қызметінің ішінен сол дәуір,қауым қажет қылған функциясы басымырақ болған. Жалпы көп функциялық – фольклорға тән сипат. Басқаша айтқанда дәуірге қоғамға сәйкес фольклордың белгілі бір функциясы, сондай –ақ белгілі бір жанры актуальды сипат алған, сөқйтіп, ол басым түсіп жатқан. Мысалы, 15-18 ғасырларда қазақ қоғамы мен тарихы үшін елді қорғау, жауға тойтарыс беру аса маңызды саналды. Бұл кезде қазақ фольклорының барлық жанрынан батырлар жыры маңызды болды, оның тәрбиелік, идеологиялық қызметі артты. Ал, осы жанр 19-20ғасырларда көбіне сейілдік функция атқарды. Үлкен той – жиындарда уақытты өткізу үшін және елге ғибрат беру үшін таланты жыршылар батырлар жырын орындаған.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ауыз әдебиеті жанрларының функциясы
Фольклорда да, әдебиетте де жанрлардың табиғатын анықтайтын басты
фактор - олардың қоғамдық қызметі, өмірлік нысанасы.
Әдетте өнердің барлық түрін, оның ішінде фольклорды да, өмірді
көркем танудың бірі деп түсінеміз. Өнер өмір туралы пайымдау екені
сзсіз тарихи дамудың әр кезеңінде өнер адамның өзін қоршаған
табиғаты, шындықты қаншалықты меңгергенін, өзін де қаншалықты біле
алғанын көрсетеді. Бұл даусыз. Әңгіме сол шындықты тани, түсіне білу
қоғам тарихының қай дәуірінде өнер үшін басты мақсат,нысана болуында.
Өнердің атқаратын қызметі көп екені де түсінікті. Оның танымдық
қызметінен басқа да өте маңызды функциялары бар. Айталық,
идеологиялық,тәрбиелік, эстетикалық т.т. Ал өнердің, фольклордың
әдебиеттің танымдық қызметі бұрынғы замандарда қазіргіден басқаша
түсініліп, бағаланған. Демек, фольклор әр тарихи дәуірде әртүрлі функция
атқарған. Бірақ бір дәуірде белгілі бір функция атқарған шағында
фольклор басқа функцияларынан мүлде айырылып қалмаған. Олар да
сақталған, бірақ көп қызметінің ішінен сол дәуір,қауым қажет қылған
функциясы басымырақ болған. Жалпы көп функциялық – фольклорға тән сипат.
Басқаша айтқанда дәуірге қоғамға сәйкес фольклордың белгілі бір
функциясы, сондай –ақ белгілі бір жанры актуальды сипат алған, сөқйтіп, ол
басым түсіп жатқан. Мысалы, 15-18 ғасырларда қазақ қоғамы мен тарихы үшін
елді қорғау, жауға тойтарыс беру аса маңызды саналды. Бұл кезде қазақ
фольклорының барлық жанрынан батырлар жыры маңызды болды, оның
тәрбиелік, идеологиялық қызметі артты. Ал, осы жанр 19-20ғасырларда
көбіне сейілдік функция атқарды. Үлкен той – жиындарда уақытты өткізу
үшін және елге ғибрат беру үшін таланты жыршылар батырлар жырын
орындаған.
Сол сияқты 19 -20 ғасырларда ақындар айтысы, лирикалық жанрлар
шыға бастады. Олардың басты функциясы – эстетикалық болды, бірақ басқа да
сипаттарын жоғалтқан жоқ. Әсіресе, айтыстың эстетикалық қызметі айқын әрі
зор болды. Эстетикалық функция шығармада не айтылғанын ғана емес, ол
қалай айтылғанын да қажет етеді. Ал, айтысты тыңдап отырған қауымға екі
ақынның не туралы айтып отырғанымен бірге қалай, қаншалықты өнерлі
айтып отырғаны да маңызды. Бұл тұрғыдан келгенде сал серілер мен халық
өнерпаздарының өнері айтарлықтай эстетикалық қызмет атқарды.
Яғни көркем өнердің түріне айналған жанрлар ең алдымен
эстетикалық функция атқарады,содан кейін басқа мақсат көздейді. Мысалға
халық прозасының аңыз бен ертегі жанрын алайық.
Аңыз жанрының басты нысанасы - тыңдаушыға елдің өткекні туралы,
немесе бұрін жасаған атақты адамдар жайлы хабар беру. Демек,
аңыздың негізгі функциясы - танымдыұ, сонан соң тәрбиелік.
Ал, ертегі жанры тыңдаушының ерекшелігіне байланысты екі түрлі
қызмет атқарады: жас ұрпақ үшін ертегінің ғибраттық, тәрбиелік ролі
басым болса, үлкендер үшін эстетикалық қызметі мәндірек.
Бұл жерде ескертетін нәрсе: фольклордың кейбір жанрлары бір
функцияны өзіне тұрақты түрде еншілеп алатындығы. Бұл жанрдың
мамандандыруынан туған қасиет. Басқа сөзбен айтқанда ол жанрдың
табиғатынан туындайтын алдын ала шектеулік. Бұл түсінікті де себебі
ешбір фольклорлық жанр өмірдің барлық жағын түгел қамти алмайды. Мұны
әдебиеттің де, өнердің де бір жанры жүзеге асыра алмайды. Сол
себепті қыры мен сыры шексіз мол адам өмірінің, болмыстың әр
саласын бейнелеуге фольклордың да, әдебиет пен өнердің де әр жанры
өзінше маманданған. Жанрлардың даралануы, бір жағынан осымен де
тығыз байланысты.
Әрине, фольклордың табиғаты профессионалды әдебиет пен өнерден
басқаша болғандықтан болмысты тану фольклор үшін сәл өзгешелеу -
алғашқы сатыда табиғатты, қошаған ортаны ьілу үшін еліктеу орын
алды. Бірақ бұл бізді шошытпау керек. Еліктеу деген бейнелеу болып
табылады.
Өмірді көркем тану түрлері , әдетте еліктеу түрлері деп те
саналады. Еліктеу концепциясын алғаш ұсынған - Аристотель. Ол,
мәселен, еліктеудің үш түрі бар деп есептейді. Ақын еліктеуші
болғандықтан - дейді ол - үш түрлі еліктеуге тиіс: затты немесе
нәрсені сол күйінде бейнелеу; затты немесе нәрсені елдің айтуы
бағалауы бойынша бейнелеу; зат немесе нәрсе қандай болуға тиіс
тұрғысынан бейнелеу . Мніе, бұл - өнердің өмірді бейнелеу
принциптері. Олар әдебиет пен өнердің даму тарихындағы барлық
кезеңдерінде сақталады. Рас, бәрі бірдей біркелкі болмайды. Әр заман
мен қоғамдағы өнер мен әдебиеттітң идеялық, эстетикалық міндетіне
байланысты олардың біреуі басым болып, активті, белсенді қызмет
атқарады.аталған үш принцип ( объективті, субъективті, нормативті) өнердің
қай түрін болса да жүйелеп, жіктеп, саралау кезінде оның болмысқа,
шындыққа қатынасын ескеру керек екендігін дәлелдейді.
Өзінің Поэтика атты еңбегінде Аристотель еліктеудің үш
принципімен бірге әдеби жанрларды саралау шарттарын да белгілеген.
Еліктеу өнері үш нәрсе бойынша даралануы мүмкін; еліктьеу неден
көрінетіндігі, не нәрсеге еліктейтіндігі, қалай еліктейтіндігі. Басқаша
айтқанда, жанрларды еліктеудің мазмұнына, түріне және тәсіліне қарай
саралауға болады. Алайда, әдебиеттану мен фольклор тану ғылымдарында
тек үшінші, еліктеу тәсілі принципі ғана аталып,негзге алынап жүр.
Дұрысында осы үш принциптің үшеуі де саралаудың негізі бола алады,
тек белгілі бір тарихи кезеңіндегі әдебиет пен өнер, фольклордың
міндетіне сәйкес үшеуінің бірі басты принцип болмақ.
Ешбір жанр саф алтындай таза күйде болмайды. Өйткені, ол жападан
–жалғыз өмір сүмейді, ұзақ көркемделу процесінде бір –бірімен тығыз
байланысқа түседі, олар бір –біріне ықпал жасап,кірігіп, тіпті жаңа жанрға
негіз де болады, бірақ олар қосылып кетпейді, әрқайсысы өзіне тән
қасиеттермен ерекшеленеді.
Мұнда екі процесс қатар жүреді. Флоьклорлық жанрлардың даму
барысында бір жағынан олар жекеленіп, сараланып тұрса, екінші жағынан бір
бірімен туыстасып, жақындасып ортақтасып тұрады. Жанрлар дараланған тұста
өмірдің бір жағын ғана көрсетуге маманданады,яғни фольклор шығармалары
мен жанрларының танымдық мүмкіндігі кеңейген сайын, олардың мамандануы да
кеңейіп, бөлшектенеді, оған қоса жанрлардың даралну процесі де күшейе
түседі. Сондай-ақ жанрлардың ортақтасуы да қатар жүреді. Мысалы, жаңадан
пайда болған жанр о баста синкретті түрде болады, содан дами келе ол өзінің
жанрлық белгілеріне ие болады. Бірте бірте ол енді өз шеңберінен шығып,
басқа жанрлармен қатынасқа түседі, олардың кейбір қасиеттерін бойына
сіңіреді, сөйтіп синтезге, яғни интеграцияға түседі. Демек жанр даму
жолында үш түрлді сатыдан өтеді: даралану, тұрақтану, және ортақтасу.
Жанр өзінің даму тарихында ең алдымен атқарылатын қызметіне сәйкес
өзгереді, міне жанрдың мамандануы осыдан шағады.
Фольклор функциясының көптігі немесе жеке дара көрінуі көркем
шығарманы объективті түрде талдап, танып, бағалауға кедергі келтірмеуге
тиіс. Мәселен, әр фольклорлық жанр мен шығарманың мақсаты мен қызметін
түсінбесек, біз оны дұрыс танып, зерттей алмаймыз. Ькез келген жанрдың
шығарманың белгілі бір нысанасы болады. Айтушы да, тыңдауушы да ол жанрға
шығармаға өзіне тиісті міндет артады. Оссыған байланысты айтатын нәрсе –
фольклордың ылғи да танымдық қызметін атқара бермейтіндігі. Мысалы,
қазақтың қаһармандық эпосын тек танымдық тұрғысынан қара -
біржақтылық болар еді. Сөз жоқ, жанр шығармалары өзі бейнелеген болмысты
білуге зор жәрдем етеді. Бірақ оның ең басты мақсаты – елді ерлікке
шақыру, жауға деген өшпенділікті арттыру. Сол себепті қаһармандық эпоста
маңызды нәрсе, - батырдың іс әрекетін түсіндіру емес, оның ерлігін
мадақтапу, жауға қарсы соғыстың саяси және моральдық отан сүйгіштік мәнін
ашу. Осыдан барып батырдың қалыптасқан, канонды образы пайда болады.
Алайда бұл образд кейінгі заманда туған әдебиет өлшемімен зерттеген
ғалымдар штамп образдар деп оларға менсінбеушілікпен де қарады. Эпос
стилінің көтеріңкі болатына да, кейіпкерлер мінездемелерінің жалпылама
болатына да осыдан. Соған қарамастан осы қаһармандық эпостың мақсатына
сай көркемдік қызмет атқарады. Қалай болғанда да айтушылар мен
тыңдаушылар үшін ұлы дәуір оқиғаларының баяндалуы ең қажет нәрсе болды
себебі, олар батырлывқ жырдан ерлік сезімге үйренді, елді сүюге үйренді.
Бұл пікірімізді бір ғана мысалмен дәлелдеуге болады. Фашизмге қарсы
Ұлы Отан соғысы кезінде СССР ді мекендеген көп халықтың бұрынғы
батырларды дәріптейтін жырлары, думалары жиі орындалып , армия мен тылда
бірдей тарады. Ол шығармалар тек патриоттық сезімді күшейтуге ғана
қызмет еткен жоқ. Оларды халық өте актуальды деп білді, сол себепті
олар жырланды, ондағы батырлар дәріптелді. Бұл айтқанымыздан шығатын
тағы бір қорытынды: фольклор жанрлары бірнеше функциялы болғанмен,
белгілі бір кезеңде бір функцияны басты етіп алады.
Фольклор жанрларын жіктеп, саралағанда белгілі совет ғалымы К.В.
Чистовтың мына сөзін есте тұтқан дұрыс.
Советтік фольклортану ғылымында - деп жазады ол, - фольклорлық
жанрды, әдеби сияқты, түр мен мазмұнның ерекше байланысы ретінде түсіну
етек алған. Бұл, әрине дұрыс, бірақ жанрға теориялық анықтаманы әуелі
ерекше жанр деп бөліп алған бір топ шығарманың атқаратын әлеуметі –
тұрмыстық функциясын талдау негізінде берген жөн сияқты. Әлеуметті –
тұрмыстық функция – тарихи категория, оның тууы, дамуы, жойылуы, тарихи,
әлеуметтік, этникалық тағы да басқұа факторларға байланысты. Былиналар,
алуан түрлі өлеңдер, жоқтау, арбау, т.б. халықтың күнделікті тұрмысында
бәрі бірге қатар өмір сүрді., өйткені бұл жанрлардың әрқайсысы белгілі бір
функция атқарады. әрине ,ол функция басқа да функциялармен аралас болды.
Егер қазақ халық прозасын оның бұрынғы заманда атқарған қызметіне
қарап топтастырып, сараласақ онда ол үлкен екі топқа бөлінеді.Бірі – айқын
көрінетін эстетикалық және ғибраттық функция атқаратын жанрлар
(ертегінің бар түрі, мысал, хикая әпсананың кей түрі). Бұлар көркемделген
проза. Екіншісі- эстетикалықтан басқа қызмет атқаратын прозалық жанрлар
(аңыз,миф, хикая, әңгіме). Ал, бұл айтылғандар – көркемдігі қарапайым
проза. Әдетте, айтушы мен тыңдаушылардың өздері де бұларды көркем шығарма
деп қабылдамайды. Айтылмыш жанрлардың басты мақсаты - мәлімет ,хабар
беру. Солсебепті оларда шығарма мазмұнын көркемдей,әсерлей баяндау
мақсат тұтылмайды. Керісінше, олар нақтылы және қарапайымды сипатта
баяндалады және сонысымен кәдімгі жай сұқбат әңгімеге жақындайды.
Жалпы фольклор жанрларының өмірге қатынасына байланысты
атқаратын қызметін сөз қылғанда,өте маңызды нәрсе - фольклордың
көркемдігі. Көркем өнерге айналмаған фольклордың басты мақсаты – танымды.
Бұғпн халық прозасының ертегіге жатпайтын тобы кіреді, атап айтқанда:
ауызекі әңгіме, хикая, аңыз, миф, әпсана –хикаят. Бұлардың міндеті - жас
ұрпаққа белгілі дәрежеде маңайдағы табиғат, елдің өткен кеткен өмірі
жайлы білім беру, тыңдаушыларды ел тарихынан хабардау ету. Сол
себепті бұл жанрларда асыра көркемдеу, әсірелей суреттеу өте аз
болады.
Сөз өнеріне көркем дүниеген айналған фольклор жанрларының басты
функциясы - эстетикалық, тәрбиелік болып келеді. Ол жанралар
шығармаларында өмірді бейнелеу тікелей танымдық мақсат көздемейді,
керісінше адамды иландыру, сол арқылы тыңдаушыға үлкен әсер ету мақсатын
көздейді, оны ләзаттқа бөлеуге тырысады. Қазақ халық прозасының
ертегі жанрлары түгелдей ертегі өмірді, болмысты танып - білу
ниетімен айтылмайды.
Фольклорды зерттегенде оның танымдық түрін де, көркем түрін де жан
жақты қарастыру қажет. Өйтпеген күнде жанрлар теориясын жасау мүмкін емес,
көркем түрлердің даму заңдылықтарын да ашу қиын. Мысалы, көркемдігінен гөрі
танымдық қызметі басым прозалық жанрлардың осы күнге дейін қазақ
фольклортануында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық прозасын саралаудың шарттары
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ФОЛЬКЛОР ЖАНРЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы
Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктелуі
Ғалымның қазақ ертегілеріне қатысты ұстанған көзқарастарының концепциясын айқындау
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Қазақ халық прозасындағы әпсана-хикаят жанры
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Балалар әдебиеті - тәрбие құралы
Пәндер