Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу


Мазмұны
Кіріспе
І. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің рөлі
- Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны
- Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі
- Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің ролі мен атқаратын қызметі
- Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы және оның мақсатын анықтауы
ІІ. Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын
ұйымдастыру формалары мен тәсілдері
- Тәрбие сағаты және оны ұйымдастыру жолдары
- Бастауыш сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата - аналармен ынтымақтастығы
- Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білуі
- Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
- Тәрбие жоспарының үлгісі және тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар
ІІІ. Қорытынды
ІУ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар
Кіріспе
І. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің рөлі
1. 1Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны
- Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі
- Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің ролі мен атқаратын қызметі
- Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы және оның мақсатын анықтауы
ІІ. Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын
ұйымдастыру формалары мен тәсілдері
- Тәрбие сағаты және оны ұйымдастыру жолдары
- Бастауыш сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата - аналармен ынтымақтастығы
- Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білуі
- Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
- Тәрбие жоспарының үлгісі және тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар
ІІІ. Қорытынды
ІУ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Диплом жұмысының көкейкестілігі :
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемелекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық өсіп - өркендеуінің түпқазығы - білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп - өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт - бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы - бүкіл ұлттың, елдің барлық атқару органдарының басты идеясына айналуға тиіс екендігін атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев. Бұл білім саласын, соның ішінде білім саласының мамандарын дайындауға үлкен жауапкершілік жүктейтіні түсінікті.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы қоғамның демократиялық бағытта дамуға бет алғанын айқындайды. Осыған орай білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Ұлттық экономикамызды дамытудың басты тапсырмасы - білім саласын, адам ресурсын жандандыру. Білім беру саласына енген оқу - тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуы; білімнің қоғамдағы орны және сол жүйені қаржыландыру деңгейі; тәрбие мен білім жүйесінің құрылымы; білім беру мазмұны, яғни оқу жоспарларына және бағдарламаларына енгізілген өзгерістер тәрізді жаңалықтарды айтуға болады. Білім - қоғамды әлеуметтік мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, жоғары құндылық.
Осы ғылым мен білімнің жетістігін паш ететін еліміздің болашағы жастар десек, жастардың болашағы оларды саналы тәрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық елдердің әлемдік озық үлгісін, өнегесін, тәжірибесін үйрететін ұстаздар қауымына жүктелген еңбегіне байланысты болмақ. Осы тұста В. Г. Белинскийдің: « Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр», - деген сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені, ұстаз - болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де жан - жақты білім беру ісіндігі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол жас ұрпақ бойына білімді, әдетті, дүниетанымдылықты, өмірге деген өмірлік мақсатын қалыптастырушы басты тұлға.
Ғылым мен білімнің барлық саласында еңбек ететін болашақ жастардың алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына енуіне қызмет ету жауапкершілігі тұр. Оларды ел алдындағы жауапкершілігін толық сезінетін, кез - келген сынаққа төтеп бере алатын, жан - жақты дамыған, коммуникативті маман болып қалыптасуына тікелей қызмет ететін - ұстаз.
Қазақстан Республикасынң «Білім туралы» Заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады.
Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі.
Сынып жетекшісінің біліктілігі балалар әлемін терең түсінуге негізделген педагогикалық білім екендігі даусыз.
Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған сай оның теориясы қалыптасқан. «Теория» ұғымы грек тілінде «зерттеймін» («исследую») деген түсінікті білдіреді. Ол педагогика саласында тәрбие және оқытудың мәні, мақсаты, принциптері, мазмұны жайындағы көзқарастардың жүйесін білдіреді. Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.
Теория педагогтары әртүрлә жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әр түрлі жағдайдағы оқу - тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалық зерттеу жұмыстарында, зертханаларында пайда болады.
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ, процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірбие, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық, әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру,
- қарым - қатынас құралы ретінде жан - жақты қарастырылады.
Тәрбие теориясы - тәрбиенің негізгі заңдылықтары, принцптері, ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды. Методика яғни, әдістеме соған негізделіп оқылады. «Методика» - ол белгілі бір мақсатқа жетудің немесе жету үшін қолданылатын түрлі амал - тәсілдердің жиынтығы. Педагогика немесе әдістеменің екі түрі бар. Олар оқыту методикасы және тәрбие методикасы болып бөлінеді.
Тәрбие методикасы немесе әдістемесі - тәрбие процесін оның мақсат - міндеттеріне сай ұйымдастырудың көптеген амал - тәсілдерінің жиынтығы болып есептелінеді. Ондағы мақсат тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен тиімді амал - тәсілдері және түр пішіндерін анықтап, белгілеу. Соған сәйкес тәрбиешілерге оны меңгеруде нақтылы көмек көрсету.
Диплом жұмысының мақсаты:
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу.
Сыныптағы тәрбие жүйесінде сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау барысында әртүрлі мақсаттар белгіленеді: жақын қашықтықта, орта қашықтықта және алыс қашықтықта болып келеді. Оны анықтауда оқушылар мен ата - аналар тартады. Мәселе, тек мақсатты қою емес анықтау қажет. Мұндай жағдайда, а) мақсатты ұсыну және оны негіздеу; ә) оны жүзеге асырудың жолын қарастыру; б) қол жеткізетін нәтижені алдын - ала бірінші кезекте ескеру қажет.
Диплом жұмысының объектісі:
Бастауыш сынып жетекшісі және оның атқаратын қызметі.
Зерттеу әдістері:
а) Педагогика - психологиялық талдау, эксперименттік әдіс - тәсілдері.
ә) Педагогикалық әдістемелік әдебиеттерден тақырыпқа сай
материалдар жинау сұрыптау.
б) Тәжірибелі озат мұғалімдер сабағына қатысу, бақылау, ізденушілік және зерттеушілік жұмыстары.
Диплом жұмысының практикалық қолданылымы:
Бұл еңбекті мектептің бастауыш сынып мұғалімдері, орта және жоғары оқу орындарының «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының мамандары көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I - тарау. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда бастауыш сынып жетекшісінің рөлі
1. 1. Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны.
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардьң оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, бастауыш сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәсе-лелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі кызық ұйымдастыруға тырысады.
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
Тәрбиеші-педагог өз назарын тыс қалдырмайтын бірінші объект - тәрбие-лік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы міндет. Себебі, ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбие болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Ұжымды ұйымдастыру және дамыту - сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті.
Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау - сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті.
Кейбір зерттеулердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады екен:
Бірінші топ міндеттері. Оларды әлеуметтік міндеттер деуге болады. Бұл -баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен және басқа да тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.
Екінші топ міндеттерді - диагностикалық - әдептік-этикалық деуге болады. Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білуі керек.
Үшінші топ міндеттерді адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Ол баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына бағытталған, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік береді.
Төртінші топ міндеттерді жеке-дара практикалық сипаттағы міндеттер деуге болады. Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді педаго-гикалық құралдарды таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетуді және падагогикалық рефлексияны жатқызуға болады.
Осы бастапқы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады:
Сынып жетекшісінің ең басты міндетті қызметтері қандай? диагностикалық; коммуникативтік; тәрбиелік;
жобалаушылық;
ұйымдастырушылық-әрекеттік;
дамытушылық;
әдістемелік;
ынталандырушылық;
бағалаушылық;
қорғаушылық-қамқоршылық;
түзетушілік.
Сынып жетекшісінің негізгі міндетті қызметтері оның жүмысының бағыттарын анықтауға көмектеседі.
Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмүны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекшісі жүмысының негізгі міндеттері қандай? І. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру. З. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5. 0қушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу. б. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тэрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
Б. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін
қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т. б.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін "Сынып жетекшісінің жұмысы туралы" әдістемелік хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердің Жағысымен т. б. көптеген кұжаттармен таныс болу қажет. Олардың тізімі әдебиеттер бөлімінде көрсетіді.
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға - мектептегі сынып жетекшісі.
Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.
Дегенмен, тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда болды. Олар ақсүйек және ауқатты отбасыларында бастапқы кезде "күтушілер"/няньки/, кейіннен "гувернанткалар" ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы "Университеттік мекеме Жарғысына" сәйкес окушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші - ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларьшда) өз окушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген.
1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда, окушыларды тандау мақсатында олардың жеке басын танып білу қажетігі де баса көрсетілген.
Дегенмен, орта оқу мекемелерінде балалардың тәрбиелеу ісін ұйымдастыру мәселесі оқытушылармен қатар, оқушьшарды қадағалаушыларға да ("надзи-ратели") жүктелген. Олардың негізгі міңдеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау; оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін, мінез-кұлыктарын белгілеу үшін күнделік жүргізу тапсырылды. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап оқуын қадағалауға да міндетті болды.
Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы "гимназиядағы сынып тәрбиешісі" Жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты.
Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болды: сабакта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс-кағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыныпта сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленушілердің мемлекеттік заңдарды және оларды орындау-шыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеп көңіл аударылды.
Бірақта іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бакылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай кызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен окуға көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары да аз болды.
ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзкарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың маңызды міндеті - оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабакқа қатысуы; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орындату т. с. с. ХХғасырдьщ басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әр түрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қимылы (гимнастика) үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне басталды.
1913-1914 жылдары сабақтан тыс жүмыстардың жаңа формалары пайда болды: тілдік, сурет салу, музыка, балшықпен жабыстыру ісімен шұғылданатын үйірмелер; қойылым (спектакль) қою, әдеби-музыкалық, би кештерін, көрме жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару. Осындай жұмыстарды атқару барысында сынып тәрбиешілері тағы да негізгі ұйымдастырушы және оларға қатысушы бола алмады. Олардың міндеті бақылаудан аспады.
Кеңес дәуірінің алғашқы кезендерінде де сынып жетекшісі деген қызмет болмады. Окушьшармен тэрбие жұмыстарын ұйымдастыру мұғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Оларды топ жетекшілері деп атады. Негізгі міндет коммунистік идеология аясында оқушылардьщ саяси тәрбиесіне көптеп көңіл бөлу. Окушылардың бастауыш ұжымдарында жалпы мектептік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына онша көңіл бөлінбеді. Мұғалімдердің қызметі окушылар және олардың ата-аналары жайында мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т. с. с. болды.
1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына басымдылық берілді. Дегенмен де бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.
1930 жылдары отандық мектепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу процесіне сыныптық сабақ жүйесін енгізу, оқушылардың жеке-дара білімдерін жүйелі түрде есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т. б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді.
1934 жылы "Жалпы еңбек мектебінің" Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы, мектептердегі оқу-тәрбие процесін топтан оқыту тәртібіне көшіруі, сыныптық-сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік қызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды. Соған сәйкес сынып жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы Ережемен бірге сынып жетекшісінің қызметі де бекітілді.
1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа Ереже қабылданды. Онда сынып жетекшілерін тағайындаудың жаңа тәртібі белгіленіп, олардың қызметі нактыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын жоспарлау және есеп беру формалары туралы нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны қалыптастыруға, ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық-саяси тәрбиесіне аса мән берілді.
Осыдан 1971 жылғы жаңа "Сынып жетекшісінің Ережесіне" дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттерінде айрықша өзгеріс болмады.
Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің" орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес "Сынып тәрбиешісі" деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және түлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бүл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеттігі басымдылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақ-тастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр.
Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т. с. с. Соның барысында кейбір классикалық түрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:
-пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;
-сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мүғалімі;
-сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мүғалім;
-сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа кызмет) .
Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің тәрбиешісінің кызметі, құқығы мен міндеттері өзгеріссіз калуда. Себебі, мектептің педагогикалык кызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген.
Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардьң әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуіне, сынып және мектеп үжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отыра, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz