Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларына информатиканы проблемалық оқыту



I.Кіріспе
1.1 Проблемалық оқыту мүмкіндіктері.
1.2 Информатикалық пәндерді оқытудың педагогикалық технологиясы.
II. Негізгі бөлім
2.1 Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың әдістемелік мазмұны.
2.2 Компьютерді қолданудың педагогикалық мәселелері.
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Проблемалы оқыту туралы педагогикалық және әдістемелік әдебиетте көп айтылып та, жазылып та жүр, бұл жайлы пікірталастары да баршылық.
Кейбір авторлар проблемалық оқытуды оқытудың өз алдына ерекше проблемалық оқыту әдістер (эвристикалық әңгіме, баяндау, оқушылардың өздігінен бақылау, эксперимент жүргізуші, іздену әдісі т.б.) арқылы іске асырылады. Біздіңше, проблемалық оқыту – жаңа әдіс те, оқытудың жаңа жүйесі де емес, оны оқыту жұмысын ұйымдастырудың бір түрі деп қарағаны дұрыс. Психологтардың (Л.С. Рубинштейн, Н.А. Менчинская, А..М. Матюшкин т.б.) пікірінше, бұл құбылыс адамның таным әрекетінің, әсіресе ойлау проблеманың болуы – адамның дұрыс тану әрекетінің негізі бір сипаты деп қарайды. Ол “ойлау – проблемалы жағдайдан басталады” деген.
Проблеманы оқытуда көздейтін мақсат – оқушыларға білімді даяр күйінде бәрін мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына белгілі проблеманы міндет қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау.
1.Бастауыш мектеп 8/2004 8-9 бет
2.Қазақстан мектебі 5/2006 6-9 бет
3.Қазақстан мектебі 11/2006 33-35 бет
4.Қазақстан мектебі 8/2006 22-25 бет
5.Бастауыш метеп 4/2004 17-19 бет

Жоспар:

I.Кіріспе

1. Проблемалық оқыту мүмкіндіктері.
2. Информатикалық пәндерді оқытудың педагогикалық технологиясы.

II. Негізгі бөлім

2.1 Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың әдістемелік мазмұны.
2.2 Компьютерді қолданудың педагогикалық мәселелері.

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларына

информатиканы проблемалық оқыту
Проблемалы оқыту туралы педагогикалық және әдістемелік әдебиетте көп
айтылып та, жазылып та жүр, бұл жайлы пікірталастары да баршылық.
Кейбір авторлар проблемалық оқытуды оқытудың өз алдына ерекше
проблемалық оқыту әдістер (эвристикалық әңгіме, баяндау, оқушылардың
өздігінен бақылау, эксперимент жүргізуші, іздену әдісі т.б.) арқылы іске
асырылады. Біздіңше, проблемалық оқыту – жаңа әдіс те, оқытудың жаңа жүйесі
де емес, оны оқыту жұмысын ұйымдастырудың бір түрі деп қарағаны дұрыс.
Психологтардың (Л.С. Рубинштейн, Н.А. Менчинская, А..М. Матюшкин т.б.)
пікірінше, бұл құбылыс адамның таным әрекетінің, әсіресе ойлау проблеманың
болуы – адамның дұрыс тану әрекетінің негізі бір сипаты деп қарайды. Ол
“ойлау – проблемалы жағдайдан басталады” деген.
Проблеманы оқытуда көздейтін мақсат – оқушыларға білімді даяр күйінде
бәрін мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына белгілі проблеманы
міндет қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау.
Проблеманы оқыту – проблема, проблемалық сұрақ, проблемалы тапсырма,
проблемалы жағдаят (ситуация) деген ұғымдарды қамтиды. Бұл ұғымдардың
мазмұнын дұрыс түсіндірудің маңызы зор.
Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың
проблемалы болуының негізгі шарты – оларға жауап ізденуде оқушыларға даяр
жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы
қайшылықты, басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің
немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді.
Проблемалы міндет дегеніміз – осындай жағдайдағы іздену, зерттеу
барысында шешілетін мәселе. Міндет мазмұны деп, белгілі ізделініп
отырғанның арасындағы қайшылық нәтижесінде пайда болған проблеманы айтамыз.
Мұның жауабын практикалық операциялар арқылы табуға болады. Сондықтан кез –
келген міндет проблема болмайды.
Проблеманы оқыту тек проблеманы жағдаят тудырып қана қоюда емес,
сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгеруді де қажет етеді. Ол
үшін мұғалім оқушының материалды (мәтінде) кездесетін ой, пікір
қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен
тәсілдерін меңгеруге, өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйренуге
тиіс.
Ал фактілерді зерттеп шешуге мүмкіндік беретін сұрақтар жағынан
қарама – қайшылық тудырады.
Қарама – қайшылықтың пайда болуы оқушы алдында проблеманың тууына,
оны шешу ойдың тікелей қатысуына мүмкіндік жасайтын құбылысты дербес алып
қарауға мүмкіндік беретін алғашқы бастама болып саналады. Қарама –
қайшылықты аңғартып, оны таба білуге үйрету мұғалім тарапынан шеберлікті
талап етеді.
Ой жүйесінде пайда болған қарама – қайшылық оқушының дербес жұмыс
істеуіне түрткі болып, оқылатын материалын (мәтін) оқушыны қайшы пікірге
алып келеді де, шешуді керек ететін проблема туады.
Қорыта келгенде, проблемалық оқыту сабақта проблемалық жағдаят
тудырып, проблемалық шешуді талап етеді.
Проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі – оқушының білетіні мен
білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалы міндетті
шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалы жағдаят пайда болады, осыған
орай оқушының ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.
Проблемалық оқыту өзіне тән үш түрлі формада іске асады: проблемалы
баяндау, оқушылардың біршама іздену және өздігінен зерттеуі. Проблемалық
оқыту оқушылардың таным әрекетінің негізгі үш кезеңінен тұрады.
1.Проблемалық міндетті жою және ұғыну;
2.Проблемалық міндетті талдау, болжаулар жасау, оны шешудің
тиімді амалдарын қарастыру;
3. Проблеманы шешу және оның дұрыстығын тексеру.
Қазіргі саяси антропологияға сүйенсек, өмірдің жаңа сатыларына сапалы
жетістіктермен жету үшін өндіргіш күштерді үздіксіз түрлендіру қажеттігін
адамзат тарихы көрсетіп отыр. Ал, басты информация кеңестігінде білім беру
арқылы жүзеге асырылады.
Осындай дәуірге, ХІХ ғасырда келіп тұрмыз, ХХ ғасыр бірдей білімнің
даму ғасыры болып бағаланады.
Егер ұлттың жоғары білімі төмендесе, онда бұл бағытта жақсы дамыған
елге экономикалық және мәдени тәуелді болады. Бүгінде алынған білім сапасы
үшін басты бағыт ақпараттарды тек ала білу емес, оны дұрыс қолдана білу.
“Халықаралық альманахта” Л.Н.Гумилевтің түсіндіруі бойынша: “Дүние
немесе қоршаған орта және адам тығыз байланысты”.
Әрбір адам өмір сызығын жасайды, сызады. Қоршаған орта мен адамның
өзара байланысы үш бағытта: (И) – информациялық (ақпараттық), (Э) –
энергетикалық, (М) – матеиалдық ресурстармен жүреді. Бұл ресурстар
“инвестиция” деп аталады. Адамның жер бетіндегі өмірінің өзгерісі мен
сапасы осы инвестицияға байланысты. Адам дамуының жоғары сапасы үшін
қажетті және жеткілікті инвестиция алуға ең қажет: материалдық не
энергетикалық емес, ақпараттық ресурстар болып табылады екен.
Ақпараттық және телекоммуникациялық технология оқу орындарына керек
әлемдік білімді қашықтығына қарамай беруге болатын прогреске жеткізеді.
Оқу орны өзінің оқу рыногына ақпараттық және телекомуникациялық
технологиямен өзінің орнын жоғарлата алмаса, бәсекелестікке шыдай алмайды.
Қазақстан Республикасының “Білім заңында” білім беру жүйесіндегі
басты мақсаты – білім берудің жағдайын жасау делінген.
Бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайында өскелең ұрпақтың ақпараттық
мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылатын “Информатика” пәніне жете
мән берілуде. Соған сәйкес орта білім беру жүйесіндегі оның рөлі қазіргі
әлемегі ақпараттық білім мен мехнологияның мән – мағынасына сәйкес артып
отыр.
Бастауыш сыныптарда информатика пәнін оқытудың мақсаты – оқушыларға
ақпаратты өңдеу, жеткізу және оны пайдалану туралы білімдерді меңгерте
отырып, ақпараттық технологияны оқу үрдісінде өзіндік даму мен оны іске
асыру құралы ретінде саналы да тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру
болып табылады.
Информатика 2 – 12 сыныптарда пән ретінде оқытудың мазмұны
мемлекеттік білім стандарты деңгейінде қарастырылған. Бастауыш сыныптарда
оның жаңа пән ретінде пайда болуы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың
мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумен информика пәнін оқытуға негіз
болатын басты факторлар мыналар:
- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра
отырып, әлемдік – ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Бүгінгі күні Республика көлемінде бастауыш сыныптарға арналған
бірнеше информатика пәннің вариативті оқулықтары мен оқу құралдары
жасақталып, эксперимент жүзінде қолданылуда. Солардың бірі ТМД елдерінің
зерттеулері мен тәжірибелерін негізге ала отырып, С.Т. Мұхамбетжановва,
Ж.Ы. Сардарова, Ш.К. Нұрманбетовалардың авторлығымен жасақталған
әдістемелік құрал.
Жасақталған оқу мұғалімдерге бастауыш сыныптарда информатика пәнін
оқыту әдістерін қарастыруға негізделген әдістемелік құрал болып табылады.
Бұл құралда информатика бастауыш сыныпты оқытудың мазмұны ашылып, оның
толықтылығы мен әдістемелік құрылымы айқындалады.
Әдістемелік құрал 2 бөлімнен тұрады.
1 – бөлімде информатиканы 2 – сыныпта оқытудың оқу бағдарламасы мен
күнтізбелік – тақырыптық жоспарлау үлгілері келтірілген.
2 – бөлімде күнтізбелік – тақырыптық жоспарлауға сәйкес сабақты
жоспарлау мазмұндалады. Сабақтың мақсаттары мен міндеттері, теориялық
матеиалдарды баяндау бойынша әдістемелік нұсқаулар, жұмыс дәптеріндегі
берілген тапсырмаларды орындау реті мен жауаптары келтірілген. Бұл құрал
мұғалімнің түрлі әдістерді қолданып, сабақты түсіндіруге, әрі оны қызықты
өткізуіне мүмкіндік береді.
Сыныптағы оқушының білім деңгейіне сәйкес мұғалім күнтізбелік –
тақырыптық жоспарда берілген оқу материалдарының сағаттарын қысқартып, не
сағат сандарын көбейтуіне, сонымен бірге өзінің шығармашылық деңгейіне
сәйкес әдістерді де түрлендіріп өткізуіне мүмкіндігі бар. Информатиканы
оқытудың эргономикалықталаптарына сәйкесәдістерді де түрлендіріп өткізуіне
мүмкіндігі бар. Информатиканы оқытудың эргономикалық талаптарына сәйкес
оқушыларды компьютерде 10 – 15 минут жұмыс жасайтындығы ескеріле отырып,
негізгі тапсырмалардың басым көпшілігі жұмыс дәптерінде орындалатындай етіп
берілген.
2 – сыныпта Информатиканы оқыту бағдарламасы
2 – сыныпта Информатиканы оқыту барысында төмендегідей мазмұндық
желілер қарастырылады:
- ақпарат және оның түрлері;
- компьютер және оның құрылымы;
- графиктік ақпараттарды өңдеу;
- мәтіндік ақпараттарды өңдеу;
- сандық ақпараттарды өңдеу;
- дыбыстық ақпараттарды өңдеу;
- нысан және оның қасиеттері;
- жиын және олармен жұмыс жасау әрекеттері;
- логикалық тұжырымның мәні.
3 – сыныпта Информатиканы оқыту бағдарламасы.
3 – сыныпта Информатиканы оқыту барысында төмендегідей мазмұндық желілер
қарастырылады;
- әрекет және кері әрекеттер;
- алгоритм және оның қасиеттерін;
- алгоритм және оның түрлерін;
- компьютер және оның құрылымы;
- алгоритмді графиктік түрде бейнелеуді;
- сызықтық алгоритмнің мәні мен мағынасын;
- тармақталу алгоритмнің мәні мен мағынасын;
- алгоритм түрлерінің графиктік түрде бейнелеуді;
- графиктік ақпараттардың мүмкіндіктерін алгоритмді өңдеуге қолдану;
- мәтіндік ақпараттардың мүмкіндіктерін алгоритмді өңдеуге қолдану;
- жиын және олармен жұмыс жасау әрекеттері;
- логикалық тұжырымның мәні.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: ұсынылып отырған
мазмұндық желілер оқушыларды төмендегідей мүмкіндіктермен қамтатамсыз
етеді:
- әлемнің ақпараттық бейнесі мен информатиканың ғылым ретіндегі түсініктері
туралы мағұлматты беру;
- ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдау туралы мағұлматты беру;
- компьютердің қызметін ұйымдастыру, оның негізгі бөліктерінің жұмыс жасау
принциптері мен оның қосымша құрылғылары туралы мағұлматты беру;
- графиктік, мәтіндік және дыбыстық ақпараттарды компьютерде өңдеу туралы
мағұлматты беру;
- мәтіндік редактордың сандық ақпараттарды өңдеудегі қызметі туралы
мағұлматты беру;
- мультимедиялық програманның дыбыстық ақпаратты өңдеудегі қызметі туралы
мағұлматты беру;
- нысанның және оның қасиеттерінің күнделікті өмірмен байланыс қызметтері
туралы мағлұматты беру;
- жиын және оның элементтерінің информатикадағы орны туралы мағлұматты
беру;
- логикалық тұжырымның ақпараттармен жұмыс жасаудың қызметі туралы
мағлұматты беру.
- алгоритмді информатиканың іргелі ұғымы ретіндегі мағлұматты беру;
- алгоритм қасиеттерінің күнделікті өмірдегі рөлі мен мәнін;
- алгоритмді графиктік түрде бейнелеудің практикалық мәнін ашу;
- алгоритм түрлері туралы жалпы мағлұмат беру;
- сызықтық алгоритмді құра білуге үйрету;
- сызықтық алгоритмді графиктік түрде бейнелеуге үйрету;
- тармақталу алгоритмін қызметші сөздерін пайдалану арқылы құра білуге
үйрету;
- тармақталу алгоритмін графиктік түрде бейнелеуге үйрету;
- сызықтық алгоритм мен тармақталу алгоритмі арасындағы өзара байланысты
айқындайтын мысалдар келтіре білуге үйрету;
- компьютердің графиктік және мәтіндік мүмкіндіктерін алгоритмді
түрлендіруге қолдана білу туралы мағлұмат беру;
- графиктік редакторды алгоритмнің графиктік түрлерін бейнелеудегі қызметі
туралы мағлұматты беру;
- мәтіндік редакторды алгоритм түрлерінің қызметші сөздерін жаза білу
туралы мағлұматты беру;
- информатиканың пәнаралық байланысындағы алгоритмнің рөлін мысалдар
келтіру арқылы аша білуге үйрету;
- калькулятордың сандық ақпараттарды өңдеудегі қызметі туралы мағлұматты
беру;
- нысанның және оның қасиеттерінің күнделікті өмірмен байланыс қызметтері
туралы мағлұматты беру;
- жиын және оның элементтерінің информатикадағы орны туралы мағлұматты
беру;
- логикалық тұжырымның ақпараттармен жұмыс жасаудағы қызметі туралы
мағлұматты беру.
Оқушы нені білу керек:
- информатиканың ақпараттық процестерді компьютерде өңдеу әрекеттері
зерттейтін ғылыми пән ретіндегі мәнін;
- ақпарат – информатиканың іргелі ұғымы ретіндегі мәнін;
- сезім мүшелері арқылы қабылданатын ақпарат түрлерінің мәнін;
- компьютер – ақпаратты өңдеу құралы ретіндегі мәнін;
- компьютер құрылғылары және олардың ақпаратты өңдеудегі қызметтерінің
мәнін;
- пернетақта және оның негізгі бөліктерінің мәнін;
- компьютерлік сыныпта тәртіпті сақтау ережелерін;
- графиктік редактор мен оның мүмкіндіктерін;
- мәтіндік редактор мен оның мүмкіндіктерін;
- калькулятор мен оның мүмкіндіктерін;
- мультимедиялық программа мен оның мүмкіндіктерін;
- нысан ұғымы мен оның қасиеттерінің мәнін;
- жиын және оның эелементтерінің мәнін;
- логикалық тұжырым және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Төменгі сыныпта информатиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларына робототехника курсын оқыту әдістері
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Технологияның мәндік сипаты
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Проблемалы оқыту
Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен дәрістер тезистері
Пәндер