Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамыту



І.Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамытудың теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық.психологиялық ерекшеліктері
1.2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерді дамытудағы оқу үрдісінің маңызы
ІІ.Бастауыш сыныпта математика пәнін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырып, дамытудың әдістемелік негіздері.
2.1.Бастауыш сыныпта математика пәнін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселелері
2.2.Бастауыш сыныпта математика пәнін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамытудың арттырудың тиімді жолдары
Қорытынды
Ұзақ жылдар бойы жалпы білім беретін мектептің негізгі мақсаты – оқушыға білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру деп қарастырылып келді. Ал қазіргі мектеп алдында жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашыл ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр. Білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр. Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қалыптасатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дара-дүниетаным, дара-эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен олардың бойлырандағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. "Бұлақ көрсең, көзін аш" деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарпынан қолдау тауып отыруы керек.
1.Н.Ержанов. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін ашу. /Мектеп технологиясы, №7, 2003.
2.Ж.Рүстемов. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. /Бастауыш мектеп, №1, 2003.
3.Қ.Хасенова. Математика сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
4.К.Рахатова. Шығармашылық тапсырмалар. //Бастауыш мектеп. 2004. 52б.
5.А.Орақова. Оқушылардың шығармашылығын дамытуда оқу процесінің маңызы. //Бастауыш мектеп, №9-2005, 6б.
6.Зак А.З. Развитие способности действовать “в уме” у школьников 1-10 классов. //Вопросы психологии, №1, 1983. 43-50 б.
7. Волков И.П. Учим творчеству. //Педагогический поиск. М., Педагогика, 1989. 53б.
8. Зак А.З. Как определить уровень развития мышления школьника. М., Знание, 1982. 96б.
9.Махмутов М.И. Современный урок. М., Педагогика, 1981. 192 б.
10.Люблинская А.А. Некоторые особенности учебной деятельности младших школьников. Советская педагогика., №2, 1969.
11.Ж.Күнпейіс. Оқушыларды шығармашылыққа қалыптастыру. /Бастауыш мектеп. №2, 2006, 32-33 б.
12. Р.Омарова. Шығармашылық – басты мақсат. /Бастауыш мектеп. №3, 2006. 30-32 б.
13.Б.Қадірова. Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың кейбір ғылыми-педагогикалық проблемалары. /Бастауыш мектеп. №2-2005. 13-15 б.
14. Г.Нұрахметова. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. /Бастауыш мектеп. №2, 2006. 49-50 б.
15.Қ.Шалғынбаева, А.Тұрсынбаева, Н.Медетбекова. Шығармашылық есептердің маңызы. /Бастауыш мектеп. №1, 2006, 7-10б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
І.Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырып
дамытудың теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың
педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.

Ұзақ жылдар бойы жалпы білім беретін мектептің негізгі мақсаты –
оқушыға білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру деп қарастырылып келді. Ал
қазіргі мектеп алдында жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып,
шығармашыл ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр. Білім беру
ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан
ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту,
білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік
белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін
қойып отыр. Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қалыптасатыны
анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр.
Тек өмір тәжірибесінің, дара-дүниетаным, дара-эстетикалық көзқарастың
жетімсіздігінен олардың бойлырандағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете
алмайды. "Бұлақ көрсең, көзін аш" деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды
өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы,
бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-
аналар тарпынан қолдау тауып отыруы керек.
Шығармашылық жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда
шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға
проблемаларды шешуге тырысады.
Баланың жастайынан шығармашылық қабілетін қалай қалыптастыру керек?
Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай?
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – осы. Психологтардың зерттеуі
бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше
қабілет, бейімділік бар екен.
Төменгі сынып оқушыларының дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары
сыныпқа келгенде, көбінің шығармышық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.
Сонымен төмені сыныпта оқушыларды шағармашылыққа баулып, үйрету үшін
қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ:
Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың
назарын бір нәрсеге бағыттауы керек. Яғни оқушылардың назарын шығармашылық
арнаға бұру үшін үнемі шағармашалық тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын
түрлерін ұсынңан жөн;
Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілін білу
керек;
Шығармашылық жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің жас
ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;
Тапсырма – міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі.
Мұғалімнің ең үлкен міндеті: бала белгілі бір көркемдік шешім тауып,
өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмау,
шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы:
шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл
балалары ойлачуы үшін жағдай, мүмкіндік туғызу керек. Сыныпта, ұжымда өзара
шығармашылық қарым-қатынас, шығармышылық ахуал орнату;
мұғалім – оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға, сюжет
құруға, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше естиді.
Өздерінің күшіне деген сенімі қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің
шығармашылықпен айналысуы және өзінің жазған дүниелері жөнінде балалармен
пікір алмасуы заңды;
шығармашылық үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық,
бостандықты қамтамасыз ету;
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – "сәтсіздікке ұшыраймын,
қолымнан еш нәрсе келмейді" деген тыс қорқыныш сезімі, екінші - өзіне-өзі
тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек
көріп кетеді), үшіншісі – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың
жолдарын табу;
Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде
қолайлы жағдай туғызу;
Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру;
Мұғалім көркем шығармашылық түрлеріне үйретіп, баулу үшін көркемдік
өлшемдермен өзі де қарулануы керек. Көркем шығарманың, әдеби процестің
механизмін түсінбейтін мұғалім оқушыны әдеби шығармышылыққа үйретіп
баулымақ түгілі, оқушы жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп,
көркемдік дәрежесін тани да алмайды.
Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде
мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:
шығармашылық тапсырмалырдың мазмұн-түрін ойлап табу;
шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;
көркемдік шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық
жағдайларды тудыра білу;
шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық, әдістемелік
тұрғыдан баға, қоытынды бере білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.
Бұның өзі шығармашылық сағаттарды жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.
Енді осы қабілет, шығармашылық деген сөздердің мағынасын ашсақ. Қабілет
дегеніміз не?
Қабілеттер (способности) – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі
орындаудың шарты болып табылатын адамның жеке ерекшеліктері. Адамға кез-
келген іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға мүмкіндік беретін қабілеттердің
өзінше сапалық үйлесуді дарындылық деп аталады. Дарыныдылықтың жоғарғы
дәрежесі – талант.
Қабілеттерді оқушыларды бұған дейінгі алған білімі және дағдылармен
шектеуге болмайды. Білім, білік, дағдылардың жеңіл тез игеру қабілеттерге
тәуелді болады. Екінші жағынан бұлардың игерілуі қабілеттердің дпмуына
ықпал жасайды.
Білім мен біліктің болмауы, қабілеттердің дамуын тежейді. Қабілеттер
оқушыға дайын түрінде берілмек емес, бұлар тәрбиелеу мен оқыту барысында
әрдайым жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Туа бітті тек нышандар, яғни
айтқанда қабілеттер негізінде жататын анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктер болуы мүмкін. Оқу, білім алу қабілеттерінің өзі оқушының нақты
іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Адамдардың барлық қабілеттері –
азаматтық қатынастардың жемісі. Қатынастар деңгейі әр оқушыда әр түрлі
болатындықтан қабілеттердің деңгейі әр түрлі болады.
Психологтардың айтуынша, қабілетті айқындау мақсатындағы зерттеулер
ХІХ ғасырдан басталған. Бұл қасиеттің терең түбінде талант нышаны жатыр.
Қасиеттің тиімділігін дамыту тәрбие жұмысына және жас ерекшелігінің
өзгеруіне де байланысты.
Шығармашылық деген не?
"Шығармашылық" сөзінің төркіні, этимологиясы "шығару", "ойлап табу"
дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке
қол жетікізу деп түсіну керек. Филисофиялық сөздікте: "... шығармашылық
қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-
әрекет", - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С.Выготский
"шығармашылық" деп жаңалық ашатын әрекетті атағын. Ал осы мәселені терең
зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны "даму" ұғымымен қатар
қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол
баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір
бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады.
Соңғы жылдары "шығармашылық" сөзімен "жаңалықпен" қатар "бастамалылық,
белсенділік" ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
Шығармашылық - өте күрделі психикалық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі
болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылық (творчество) - қоғамның
материалдық және рухани өмірін жетілдіруде бұрын болмаған жаңа, соны
заттар, шығармалар және т.б. өндіретін, адамның танымға және шындықты
түрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты белсенді іс-әрекеті. Әр түрлі іс-
әрекетте (ғылымда, техникада, өнерде қоғамдық қатынастарда, қоғамдық сана
түрлерінде, өндірісте, тұрмыста) адамдардың бардық жасағандары –
шығамашылық күш –жігерінің нәтижесі.
Шығармашылық барысы негізгі белгілері тұрғысынан адамдардың кез-
келген әрекеті үшін біртұтас болады. Ол өмірді мағыналық ұғынуды, жаңа
шығармашылық жинақтау жасауды, жаңа идеялар көтерудегі зиялылық іс-әрекеті
және оларды өмірге ендірудеге дене еңбегі іс-әрекетін біріктіреді. Әртүрлі
іс-әрекеттің өзіне тән ерекшеліктеріне сай, шығармашылық барасы да сан-қилы
болады.
Мұғалімнің оқушылардың дүниеге көзқарасы, өмірге және еңбекке
ұлықтық-талғамдық қатынасы сияқты күрделі тәрбиелік міндеттерін шешуде
шығармашылықтың ерекше мәні бар. Мұғалім шығармашылығы теорияны терең білу,
осы заманғы келелі мәселелерді мағыалы ұғыну болып табыдалды. Ол оқу
–тәрбие міндеттерін жоғары тиімділікпен шешілуден, ойлаудың томаға- тұйық
еместігін, өз ойын сауатты баяндау беруінен, зор сенімнен көрінеді,
осылайша оқушы бойындағы қоғамдық белсенділікті оятады.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп
қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне
белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез-келген баланы көтеруге
болатындығы жайлы көп айтуда.
Шығармашылыққа деген қажеттілік күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол
барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамда болып жатқан жаңару
процестері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап теіп отыр.
Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда
тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл
санысында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи
процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды.
Ішкі шығармашылық процестері табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды
басқару, реттеу жеке адамның ой –санасына, айналысатын ісіне байланысты.
Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін,
өзқабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығанмашылықтың мәнін аша
отырып, оның "әрекет" ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады.
Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды.
Әрекетшығармашылық тудырып, оны нақты болмысқа айналдырсы, ол шығармашылық
әрекетті реттейді, оның амалдарын тиімділігін анықтайды.
Шығармашылық әрекеті оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың
шығармашылық күшін дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді
көздейді. Шығармашылық әрекетконцерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы,
көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру
формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың
адамгершілік, әсерленушілік жіне ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу
міндеттері атқарылады.
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әр түрлі анықтамалар береді.
Мысалы: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа
жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа
шешім табуды белгілейді.
А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке,
қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру болжай білу қабілеттерін атайды.
Шығармашылық ақбілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы
қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығын, икемдігі,
тапқырлығы, дәлдігі алынады. Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық
қасиеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.
Қабілеттің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар
әрбір адамды мазалайды. Шығармашылық әрекет - өте күрделі процесс және ол
адамға ғана тән. Шығармашылық - адам іс-әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің
ерекшелігі даму деңгейі текәлеуметтік факторларға емес, табиғи биологиялық
факторларға байланысты. Бүгінде шығармашылық қабілеттердің дамуы басты
нысана болып, ол оқушыда шығармышылықтың белгілірінің болмауы үлкен
проблемаға айналып, ойландыруға тиісті кезге жеткен сияқтымыз. Өйткені
өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешебілу, мемлекетімізді өркениетке
жеткізу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келмек. Тек шығармашылық
қана адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге, мүмкіндік туғызады.
Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы
сатыларының бірі болып саналатынбастауыш мектептің алар орны ерекше.
Өйткені бастауыш мектеп:
Оқушылардың интеллетуалдық рухани, табиғи нышандарын дамытуға - өзінің
қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске қосуға;
Жеке адамның сезімдерін қалыптастыруға;
Ұжымдық және іс-әрекеттер тәсіліне үйретуге;
Балының еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға,
өз күшіне дегенсенімінің болуына жағдай жасауы керек.
Шығармашылық - жаңа нәрені ойлап табуға бағытталған қабілеттер
деңгейі.
Қабілеттер проблемасы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар
проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған
мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар
еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір
нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психологияғылымының негізгі
ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде
болады. Олардың іс-әрекеттің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не
төмендеу келеді. Бұған қарап мысалы, музыкаға, хореографияға немесе
математикаға қабілеті төмен балаларды дарынсыздар қатарына жатқызу әсте
дұрыс емес. Бұл оның қабілетінің басқа салада жатқындығының белгісі.
Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы
дамып отырады. "Қабілет" деген термин адамдарың белгілі бір істі орындап,
одан нәтижеге жеткізетін қасиетін білдіреді деуге болады.
Қабілет ұғымына берілген психикалық анықтамалар саны баршылық қабілет
– іс-әрекеттің белгілі бтүрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін
адамның жеке қасиеті – деп жазды академик Т.Тәжібаев. "Қабілеттер" –
адамның іс-әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері.
Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н.Монтев, А.В.Петровский,
В.А.Куртецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев,
Қ.Жарықбаев қабілеттер оқусыз дамитынын, бірақ онда ол ұзақ процеске
айналатындығын атады. Қабілеттер мәселесі зерттеушілердің назарын көптеп
аударып келуде. Енді сол еңбектердің кейбіреулеріне тоқтала кетейін. Ең
алғаш қабңлеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн. Ол іс-әрекеттің
қабілетті дамытуындағы ролін нақтлады. Осыдан бастапқабілеттердің әрекетте
дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта
қарастырылатын болды. А.Н.Леонтьев басқа ғалымдардың қабілеттерге берген
анықтамаларына қосыла отырып, оларды дамытудағыәлеуметтік жағдайлардың
шешуші роль болатындығына назар аударады. Педагогикалық қабілеттерді арнайы
зерттеген Н.В.Кузмина оның құрамының үш түрлі қасиеттертобынан тұратындығын
анықтап, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетеді.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелене дайындалып берген
білімді, дағдыларды меңгеретін қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта
біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті
тұр. Бүл әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе
екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылымы-
педагогикалық мәселе ретінде едәуір зерттелген. Оқушылар бойында
“шығармашылық әрекет тәжірибесін” қалыптастыру қажеттігі туралы 80-
жылдары-ақ И.Я.Лернер жазған болатын, қазіргі нарық заманындағы жағдай
мұны дәлелдей түседі.
В.В. Давыдов “жеке түлға негізінде шығармашылық бастау жатыр, жеке
түлғаның маңызды оның жасампаздыққа мүқтаждығына жэне қабілеттілігіне
байланысты “ -деп есептеген. Б.Д.Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама
береді: “Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған
нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен,
біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәлендыратын, дәлелдейтін
болса, онда бұл нәрсені туғызған “шығармашылық акт туралы ” сөз қозғауға
болады”.
Айталық, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В.В.Давыдов пен
В.В.Репкин еңбектерінде қарастырылған. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген
қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де қалыптаса бастайды, бұл кезде
шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі “қиял”,
елес” болып есептеледі. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктері оқу
әрекетінде көрінді, даму үнемі - “оқуға құштарлық, ынталық”. Жасөспірімдік
кезіңде оқушы оқу әрекетінің жеке, дара субъектісі ретінде дами бастайды.
В.В.Давыдов шығармашылық түлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді. Оқушының
шығармашылық тұлға болып қалыптасуын В.В.Давыдов өзінің “Дамыта оқыту
теориясы” еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте В.В.Давыдов тұлғаны “еркін
шығармашылық әрекеттің субъектісі, ал адамның дамуының өзі –оның
еркіндікке деген қозғалысы” деп есептейді. Бұл жағдайда оқушының әрекет
үстінде жеке тұлға болып қалыптасуы оның шығармашылықты қажет етуіне
байланысты екендігі түсінікті.
Ал соңғы жылдары қарастырып отырылған мәселенің зерттелуі жаңа қырынан
көрінді. В.И.Слободчиков оқушы өміріндегі басты оқиға “өзіндік мәнін ашу,
адамдар қарым-қатынасы жүйесінде өз орнын іздеу, өзін өз өмірбаянының
жасаушысы ретінде сезіну” деп есептейді. Бұл мағынады оқушының шығармашылық
әрекеті өзінің жеке қарым-қатынасын қалыптастыруға және өзін осы
қатынастың өнімі ретінде қарастыруға бағытталған. Бұл мәселе дұрыс шешуін
табуы үшін В.И.Слободчиков келесі психология-педагогикалық талапты
ескертеді: “Сәйкес ортаның, ересек адамның болуыв, оқушы мен ересек
адамның ынтымақтастығының нәтижесінде өзара әрекеттің жаңа әдістерінің
пайда болуы”. Шығармашылық әрекет бұл жерде ересек адам мен жасөспірімнің
кездесуі, бірлескен іс-амал нәтижесінде олардың қатынастарының дамуы,
қорытындысында жасөспірімнің ересек адамдармен өзара әрекеттерінің белгілі
бір әдістерін иемденетін әрекет түрі болып табылады. Яғни, ересек адаммен
бірлесе отырып, қоршаған ортаны өзгерту, өзін жасай, сомдай білу негізгі
мектеп оқушыларының шығармашылық әрекетінің моделінің бірі болып табылады.
Негізгі мектептің бүгінгі білім берудегі мақсаты – оқушыда өзінің жеке
білім траекториясын таңдау қабілеттілігін қалыптастыруға жағдай жасау.
Яғни, педагогикалық әрекет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін
әрекетіне бағытталуы қажет.
Шығармашылық әрекет - оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау
қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған
жауапкершілігін қамтитын әрекет. Мұндай әрекет оқушының жеке білім
траекториясын қалыптастыруға бағытталған.
Осы тұрғыдан ғылымы зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, оқу-тәрбие үрдісін
ұйымдастыруда ескерген жөн. Мысал ретінді Ю.Г. Юдинның ұсыныстарын
келтіруге болады. Оқушының шығармашылық әрекетіннің негізгі сипаттамаларын
және оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттерін Ю.Г.Юдина мына тұрде
қарастырады.
1. Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі:
Оқушылардың ғылымы практикалық конференциясы жыл соңындағы
шығармашылық емтихан, жылдық мектептің көрмеге қорытынды жұмыс
тапсыру, т.б.
2. Оқушының шығармашылық әрекетінің пайда болуының жан-
жақтылығы: жаңа ситуацияға байланысты білім, икемділіктерін қолдана білу,
таныс объектілердің жаңа функцияларын көре білу,
шешімдердің
баламасын таба білу, мәселенің белгілі шешіміне қоса шешімнің жаңа, тың
эдістерін таба білу.
3. Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және
оқушының қызығушылығы, белгілі эмоция, сезімдердің барлығы
оқушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық
шығармашылық атмосферасы болып есептеледі. Кейбір оқушылар үшін
эмоциялық қызығушылық көңіл-күй олардың болашақ шығармашылық
жұмыстарына бағыт береді.
Бүл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа қосымшаларда
болуы мүмкін. Мысалы, ғалымдардың шығармашылық қабілеттердің белгілері. Осы
орайда А.Н.Лук өз еңбегінде “адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру
ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты” деген пікір айтады. Ол
шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
1.Нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу:
2.Тасымалдау білу:
3.Ақылдың икемділігін ойдың тереңдігі:
4. Әрекетті бағалауды айтады.
Сондай-ақ ғалым шығармашылық әс-әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін
қажетті жағдайдың болуы керетігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі
бағаламау сияқты психикалық кедергілерден тұратын қарама-қайшылықтармен
күресу қажет екендіні айтады.
Сонымен қатар, И.Д.Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық
қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері жэне
оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің көрінуі болып
табылады.
А.Н.Лук шығармашылық қабілеттердің компоненттерінің құрамына басқа
көзқарас тұрғысынан 3 негізгі жаққа бөліп қарастырады:
-ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылықтар және икемділік).
-темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй).
-ақыл-ой қабілеттері.
А.Н.Луктың оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері
құрамына қатысты айтқан пікірі қүнды және төмендегі себептерге сәйкес:
1.Оқушы кез келген іс-әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе
белгілі қабілет тұрін дамыту үшін алдымен, осы іс-әрекетке, қабілетке деген
оның қызығушылығы, ынтасы болмаса оның нәтижесінің де төмен болатын
сөзсіз.
2.Көңіл-күй - бүл кез келген істі орындауда негізгі, қажетті
көрсеткіш
деуімізге болады. Сондықтан да бастауыш сынып
оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін дамытудаа олардың осы бағыттағы іс-әрекетке
деген көңіл-күй деңгейі маңызды, сондай-ақ ол олардың жүмыстарының
нәтижесін білдіретіні белгілі.
3.Кез келген іс-әрекетті біз, ақыл-ой қабілеттері негізінде
ғана іске асыра
аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жүмыс
істеулері де алдымен істейтін әрекеттерін алдымен осы ақыл-ой қабілеттері
арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді.
Я.А.Пономарев кез келген шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің негізгі,
бастысы - шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критериясы ретінде іштей
жоспарлау әрекетін немесе “ойша” әрекеттену қабілетін алады. Сондай-ақ
адамның “ойша” әрекеттенуі, яғни ойша санауы талқылауы, жоспарлауы және
т.б. - бұл адам интеллектісінің айрықша көрсеткіші болып табылады.
Оқушы шығармашылығының ғылыми-педагогикалық мәселе ретінде өзекті
мәселенің бірі - оның қалыптасуының кезеңдері. Өйткені оқыту барысында
оқушының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі шығармашылық
үрдістің неше кезеңдерден тұратындығын білуді талап етеді. Шығармашылық
үрдісті А.Н. Лук бес кезеңге бөледі:
1. Айқын және қойылған мақсат.
2. Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.
3. Инкубация. Уақытша мәселені қозғамау.
4. Интуиция оянуы. Инсаит.
5. Нәтижені жан-жақты тексеру.
Ал көрнекті француз математигі Ш.Адамар шығармашылық үрдісті төрт
кезеңге бөледі:
1. Дайындық кезеңі.
2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелі кезеңі
3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика
4. Тексеру кезеңі.
Психологтер қабілеттің екі түрлі деңгейін анықтайды:
1.репродуктивті іс-әрекетті, білімді берілген үлгіде қабылдауы;
2.шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер
деңгейі.
В.Андреев шығармашыл тұлға тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің
диалектикасын дәлелдейді. Өзін-өзі шығармашылықпен тәрбиелеу педагогикасын
- инновациялық курсын жасап шығарды.
Озық педагогика: әрбір бала өзінің талантты, әрқайсысы шығармашыл бола
алады.
Шығармашыл бала өзінің қабілетін, күш-қуатын, бейімділігін сезіне
алатынын дәлелдейді.
В.Сухомлинский “Шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлағы
қалыптасады, шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан
да мектептің, мүғалімнің, ата-ананың, тәрбиешілердің негізгі мақсаты баланы
өмірге, еңбекке шығармашылықпен қарауға үйрету” деп атап көрсеткен.
Таным үрдісі бір нәрсеге қызығудан басталады, ал қызығу мақсатқа жету
қажеттілігіне айналғанда белсенділік оянады. “Көркемөнер біздің ішкі
дүниемізге, жан жүйемізге эсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді” дейді
М.Әуезов. Сондықтан баланың бойындағы шығармашылық қабілетті ашып,
толыққанды түлға қалыптастыруда өнердің*, оның ішіндепоэзия, драматургияның
рөлі ерекше.
Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарын, құралдарын
анықтау психология мен педагогика ғылымдарында ертеден зерттеліп келеді.
Бүл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Ж.Баласағұн, әл-Фараби, Абайды ерекше
толғандырған. Сондықтан еңбектерде адамның жеке басының қабілеттерін
дамытуда үнемі көтеріп отырған.
Дамыта оқыту әдістерінің ең басты нәрсесі оқушыларды шығармашылық
әрекет жағдайларын енгізу, дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана
білуге үйретеді. Бастауыш сыныптағы алған білімді пайдалана білуге
үйретеді. Бастауыш сыныптағы жарыс, саяхат, сайыс, ойын, аралас сабақтар
оқушылардың есіне ұзақ сақталады. Көптеген мағлұматтар алады, ой-өрісі
кеңейеді.
Шығармашылық - қоғамның материалдық және рухани өмірін жетілдіруге
бұрын болмаған жаңа, соны заттар, ығармалар жэне т.б. өндіретін, адамның
танымға жэне шындықты тұрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты белсенді іс-
әрекеті. Шығармашылық тек адамға ғана тән әртүрлі іс-әрекетте (ғылымға,
өнерде, техникада, қоғамдық қатынастарда, қоғамдық сана тұрлерінде,
өндірісте тұрмыста) адамдардың барлық жасағандары - шығармашылық күш-
жігерінің нәтижесі.
Осы зерттеулерге сүйене отырып, Б.А.Тұрғынбаева өз диссертациясында
шығармашылық үрдістің кезеңдерін шартты тұрде төмендігіне топтастырады:
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.
3. Шешімнің жарқ етуі
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Шығармашылық үрдістің әр кезеңінде бала бойында әртүрлі сапалық
қасиеттер қалыптасады. Мысалы, алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама-
қайшылықтарға деген ілтипат, келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік,
шығармашылық елес орын алады. Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық,
танымдық ой-қиялды қалыптастырса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл-
күйге бөлеп, жаңа істерге қанаттандырады. Оқушының көңіл-күй қызығушылығы
іс-әрекет барысында көрінеді.
Ә.Ә.Сағымбаев ғалым-психологтардың еңбектеріне сүйене отырып, өзінің
кандидаттық диссертациясында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастыруға кері әсер ететін кедергілерді төмендегідей топтастырады:
“Әлеуметтік:
-әлеуметтік жағдайдың болмауы;
-отбасында шығармашылық жағдайдың болмауы.
Педагогикалық:
-мұғалімнің баланың белсенділігін қолдамауы;
-баға қоюдағы әділетсіздік;
әдістемелік көмекші құралдардың болмауы.
Психологиялық:
-ойлау, қиялдың төмендігі;
-өз күшіне сенбеуі;
-жалқаулығы.
Физиологиялық:
-денсаулығының нашарлығы”
Сондықтан, оқыту әрекетінде мүғалім мен оқушының тығыз байланыста
болуы, мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы
табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық
жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық теориялық негіздері
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Оқыту мекемелерінде оқушының жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған педагогикалық үлгіні өңдеу
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеп, практикада қарастыру
Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Пәндер