Балуан Шолақ
1 Балуан Шолақтың балалық шағы
2 Шолақтың туындысы
3 Шолақ пен Ғалия
2 Шолақтың туындысы
3 Шолақ пен Ғалия
Ұлы жүздің Дулаттан тараған Сәмбет деген руы болды. Сол Сәмбет ішінде Баймырза деген кісіден 1864 жылы Шолақ туды. Оның азан айтып қойған аты Нұрмағанбет. Кейін қолының басы күйіп саусақсыз қалады. Нұрмағанбет өзінің бір өлеңінде:
Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ,
Оң қолым отқа күйіп болдым шолақ.-
дейді. Сөйтіп Шолақ атанып кетеді. Ал, «Балуан» деген сөз Шолақтың күшіне байланысты халықтың өзінің қосқаны.
Баймырза шолақтың бала кезінде Көкшетауға көшіп барады. Сонда ұсақ кәсіпшілік етеді. Ағаштан түйін түйетін шебер болады. Бай балаларына әшекейленген ер, бөбектеріне бесік жасап таратады. Бірде тай, бірде қой алып жүреді. Осылай, қолының ұсынақтылығының арқасында кемшілік көрмей, біреуден ілгері, біреуден кейін деген сияқты өмір сүреді. Шолақ болса, ол жасынан күреске құмар, қайда төбелес болса іздеп жүреді. Күрессе өзі қатарлылардың бәрін де шаң қаптырады, төбелессе қан шығармай қоймайды. Оның үстіне өзі жасынан ат үстінде ойнайтын болады: тізгінді ұстап тұрып түрегеліп шабады, айыл- тартпаны қатты тартып алып, аттың бір жағында тұрып шабады, кейде жүріп келе жатқан аттың бауырынан айналады.

(1864-1919)
Ұлы жүздің Дулаттан тараған Сәмбет деген руы болды. Сол Сәмбет ішінде
Баймырза деген кісіден 1864 жылы Шолақ туды. Оның азан айтып қойған аты
Нұрмағанбет. Кейін қолының басы күйіп саусақсыз қалады. Нұрмағанбет өзінің
бір өлеңінде:
Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ,
Оң қолым отқа күйіп болдым шолақ.-
дейді. Сөйтіп Шолақ атанып кетеді. Ал, Балуан деген сөз Шолақтың
күшіне байланысты халықтың өзінің қосқаны.
Баймырза шолақтың бала кезінде Көкшетауға көшіп барады. Сонда ұсақ
кәсіпшілік етеді. Ағаштан түйін түйетін шебер болады. Бай балаларына
әшекейленген ер, бөбектеріне бесік жасап таратады. Бірде тай, бірде қой
алып жүреді. Осылай, қолының ұсынақтылығының арқасында кемшілік көрмей,
біреуден ілгері, біреуден кейін деген сияқты өмір сүреді. Шолақ болса, ол
жасынан күреске құмар, қайда төбелес болса іздеп жүреді. Күрессе өзі
қатарлылардың бәрін де шаң қаптырады, төбелессе қан шығармай қоймайды. Оның
үстіне өзі жасынан ат үстінде ойнайтын болады: тізгінді ұстап тұрып
түрегеліп шабады, айыл- тартпаны қатты тартып алып, аттың бір жағында тұрып
шабады, кейде жүріп келе жатқан аттың бауырынан айналады. Осындай өнерімен
қатар домбыра, ән құмар болады. Дауысы жақсы, ән – күйді бір айтқаннан, бір
тартқаннан қағып алады. Оның осы зеректігі еңбегімен күн көріп отырған
Баймырзаны қуантады. Баласының қабілетіне риза болып, оның бетін қақпайды.
Тек төбелесі жөнінде жеңілген балалардың шешелері қарғар деп қорқып,
Нұрмағанбетке ақыл айтады. Есті тентек орынсыз ұрынуын азайтады. Бірақ,
әнін, өлеңін өрбітумен қатар денесін шынықтыруын да дамыта береді. Он үш-
он төртке келгенде- ақ Нұрмағанбеттің бетіне қарауға көрінгеннің шамасы
келе бермейді. Өйткені кішкене Нұрмағанбет ойнап құрбыларын жауырынға қойып
жібергенде, олардың көбі біразға шейін қиқайып, жөнге әрең келеді. Оның
үстіне қаңтардың қылшылдаған аязында бас киімсіз желбегей, жиырма- отыз
шақырым жер жүргенде тоңбайды. Бірақ жоғарыда баяндалғандай, Шолақ тек бір
беткей күшін ғана дамытып қоймай, әншілік жағына да көп көңіл аударады. Ол
Біржанның, Ақанның әндерін бабына келтіріп орындайды. Денесіне үні сай,
дауысты аса күшті болады. Ол әсіресе драмалық, күш керек ететін
шығармаларды сүйеді.
Шолақтың өмірі осылай кемшілікке соқпай келе жатқанында әкесі Баймырза
қайтыс болады. Көп ұзамай шешесі де өледі. Шолақ Ғайныкей деген қызға
үйленеді. Әкеден қалған малмен біраз уақыт күнелтеді. Бірақ жәй адамдай
көптің бірі емес, табиғаттың үйіп Берген күш пен көркем сыйы Шолақты
отырғызбайды. Жасы жиырма келе ол сапарға шығады. Ел аралайды. Әңгіменің
басында айтылғандай, айналасында өнерлі жастарды жинайды. Сонымен Шолақ
жалғыз емес, өз алдына бір ансамбль болып жүреді. Біреулердің айтуынша
Шолақтың ансамблі қазақ даласында бірінші рет кейбір әндерді зор болып
қосылып орындаған. Шолақ отыз бес жасында елу бір пұт тас көтереді. Өзінің
бір өлеңінде:
Бұл күнде отыз бесте менің жасым,
Қамалдың бұзып жүрмін тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында,
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын,-
дейді. Бұл ән халық арасында Сентябрь деген атпен тарайды. Ән
көңілді, ер, күш иесінің аузынан шыққаны салған жерден білінеді. әсіресе
қайырмасында ой- ау деп келетін, өрлеп қайтып, кейде бір нотада тұрып
қалатын жерлерінде басқа халық композиторларының әндеріне ұқсамайтын
кесектер кездеседі. Оның ән аяғында ешбір дайындықсыз шалғай интервалға
жоғары қарғығандай немесе секіріп түскендей барып бітуі де тек Шолақтың
туындысында болады.
Шолақ Омбыға патшаның мұрагері келгендегі салтанатта болады. Онда Севр
деген Балуанмен күресіп, жығып кетеді.
Омбыға патша келді Русия,
Әмірін айта келді халқын жия
Севрден сонда күшім асып кетіп,
Мен болдым жан шықпайтын биік қия,-
деп өлеңдетеді. Ал жасы қырықтың тоғызына келгенде Қояндының базарында
Карон деген Балуанмен күресіп, оның қабырғасын сындырады. Бір өлеңде:
Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым,
Ардақты елі ішінде менің басым.
Қалтамнан жетпіс бес сом залог салып,
Сындырдым Карон балуан қабырғасынан,-
дейді. Біреулер Шолақ Қажымұқанмен де кездесіпті, екеуі қол алысып
болғаннан кейін күресуден бас тартыпты- мыс.
Күш иесінің әр кезде де аңғалдау болатынын пайдаланып, кейбір кертартпа
ауыл жақсылары Шолақты айдап салады. Міне, осындай жәйлер бірқатар уақыт
Шолақты дұрыс жолдан тайдырады.
Мен Шолақ жас басымнан болдым ояу,
Оң қолым отқа күйіп болды қаяу.
Тал түсте Қояндының базарында.
Қырық сан өгіз сатқан мені қой- ау.
Атандым мен жасымнан Балуан Шолақ,
Оң қолым отқа күйіп болдым олақ.
Бір сөзім қырық өгізді айдап кетіп,
Соңымнан қуа алмады жалғыз дорақ,-
деп, қырық өгізді қуып алып, базарға сатқанын айтып, мақтанады.
Шолақтың ойынша ауыл тұрғындары малдарын қуып, мазаларында ала берсе көшіп
кетеді деп түсінеді. Халықтар достығына үнемі кесел жасаушы ауылдың
пысықтары Шолақты, сөйтіп қылмысқа айдап салып, ол бірнеше реет түрмеге
де түседі. Басында аты бір жаман болып шыққансын, басқа бір ұрылар қуып
кеткен ауылдың сексен өгізінің жаласы да Шолаққа жабылып, одан әрең деп
құтылады.
Мен Шолақ жас басымнан болдым ояу,
Қаңғырып Қараөткелде жүрдім жаяу.
Жаласы сексен өгіз маған ауып,
Алдындажалғыз оқтың тұрдым таяу,-
деп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz