Жеміс бағындағы агротехниканың негізгі тәсілдері



Кіріспе
1 Бақ топырағын күтіп.баптау.
2 Шымдау.қарашіріктеу әдісі
3 Жеміс дақылдарының тыңайтқышқа деген қажеттілігі.
4 Жеміс бақтарына тыңайтқыш енгізу.
5 Жеміс сорттарында болатын кейбір зиянкестердің қысқаша сипаттамасы
Жеміс бағындағы агротехниканың негізгі тәсілдері сол дақыл өсірілетін аймақтың топырақ-климат жағдайларына, қолданылып отырған телісушінің тұқымдық-сорттық құрамы жүйесіне, өсімдіктің жасы мен типіне, өсіріліп отырған өнімнің бағытына т. б. байланысты болады. Жас бақтағы жеміс ағаштарьш күтудің негізгі міндеттері: ағаш тіршілігін (100%) сақтау, жемісті тез салдыру, жыл сайын тез өсуін қамтамасыз ету, крондарын дұрыс қалыптастыру және тамыр жүйесінің тереңдеуіне жағдай жасау т. б.) Шекілдеуіктілерді жас кезінде олардың бұтақтарының өсімін кемінде 80—100 см, ал сүйектілерді 90—120 см жеткізу қажет. Оған ағаштарды дер кезінде тыңайтқыш енгізе отырып күткенде, қыркып шырпығанда, жеткілікті суғарғанда, зиянкестер мен ауруларға қарсы уақтылы күрескенде ғана қол жеткізеді. Жоғары, дер кезінде қолданылған агротехника жас жеміс ағаштарының ерте және дер кезінде жеміс салуын қамтамасыз етеді.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Жеміс бағындағы агротехниканың негізгі тәсілдері сол дақыл өсірілетін
аймақтың топырақ-климат жағдайларына, қолданылып отырған телісушінің
тұқымдық-сорттық құрамы жүйесіне, өсімдіктің жасы мен типіне, өсіріліп
отырған өнімнің бағытына т. б. байланысты болады. Жас бақтағы жеміс
ағаштарьш күтудің негізгі міндеттері: ағаш тіршілігін (100%) сақтау,
жемісті тез салдыру, жыл сайын тез өсуін қамтамасыз ету, крондарын дұрыс
қалыптастыру және тамыр жүйесінің тереңдеуіне жағдай жасау т. б.)
Шекілдеуіктілерді жас кезінде олардың бұтақтарының өсімін кемінде 80—100
см, ал сүйектілерді 90—120 см жеткізу қажет. Оған ағаштарды дер кезінде
тыңайтқыш енгізе отырып күткенде, қыркып шырпығанда, жеткілікті суғарғанда,
зиянкестер мен ауруларға қарсы уақтылы күрескенде ғана қол жеткізеді.
Жоғары, дер кезінде қолданылған агротехника жас жеміс ағаштарының ерте және
дер кезінде жеміс салуын қамтамасыз етеді.
Жеміс салып тұрған бақтағы негізгі агротехника міндеті: жеміс
ағаштарының крондарын одан әрі қалыптастыру. Мұнда басты назар бұтақтардың
қалыпты өсуін қадағалауға аударылады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік
шығысында шекілдеуіктілер бұтақтарының жыл сайынғы өсімі кемінде 30—50 см,
ал сүйектілерде 50—60 см болуға тиіс. Агротехниканың тағы бір міндеті —
шығынды аз жұмсай отырып, жыл сайын товарлық сапасы жақсы өнім алу.
Басты назар ағаштардың өнім беретін кезеңін ұзартуға, сыртқы ортаның
қолайсыз жағдайларынан қорғауға, сондай-ақ ендірілген (өсірілген десе де
болады) өнімді аурулар мен зиянкестерден сақтауға аударылуы қажет. Бұл
міндетті бағбандар бақ күтімі жөніндегі агротехникалық тәсілдер
комплекстерін (топырақ күту жүйесі, суару, қырқу, крондар күтімі, өнім
күтімі, бақты жөндеу, қайта жасау) дер кезінде және сапалы атқарғанда ғана
орындай алады.

Бақ топырағын күтіп-баптау.
Бақ қатараралығындағы топырақ күтімінің жүйесі гумус жиналуына, жеміс
өсімдіктерінің физикалық қасиеті мен қоректік режиміне, жеміс өсімдіктері
вегетациясының түрлі фенофазаларының: өсу кезеңінің, жеміс салу және тынығу
кездерінің қажетіне сай сумен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік беріп, бақ
қатар аралығындағы топырақты су және жел эрозиясынан, арам шөптен сақтауға,
тамырлардың қалыпты жайылуы, тереңдеуі, микроорганизмдердің қалыпты
тіршілігі үшін ауамен қамтамасыз етуге, жеміс ағашы мен оның өнімін аурулар
мен зиянкестерден сақтауға тиіс. Республикамыздың әрбір жеміс шаруашылығы
аймақтарындағы топырақ күту жүйесі бірдей деп қарауға болмайды. Ол сол
жердің топырақ-климат ерекшеліктері, топырақ типі, қоректену алаңы,
өсіріліп отырған жеміс тұқымдары, телісуші, сумен қамтамасыз. етілуі т. б.
ескеріле отырып қолданыладьі.
Республикамыздың барлық аймақтарында, ол жер суармалы ма, әлде керісінше
ме, оған қарамастан бақ қатар аралығындағы топырақ күтімінің жүйесі бақтың
әрбір гектарынан мол өнім алуды, яғни сол жердің еңбек қайтарымын арттыруды
қамтамасыз етуі керек.
Қазақстан жағдайында, әсіресе мамандандырылған жеміс шаруашылықтарында,
бақ топырағын күтудің мынандай жүйелері белгілі:
қара сүдігер — ылғалы жеткіліксіз аймақтардағы бақ топырағын күтудің ең
кең тараған жүйесі. Бұл жүйеге топырақты тұрақты жырту, ерте көктемде
малалау, немесе таптау және жеміс ағаштарын вегетациясының ен бойында
бірнеше рет культиваторлау жатады. Зябь көбіне күзде көтеріледі. Ол үшін
тамыр жүйесінің жайылу тереңдігі ескеріле отырып түрлі терендікте
жыртылады. Мәселен қатараралықтың ортасы 15—18 см, ағаш сидамына жақын тұс
10—12 см тереңдікте айдалады. Сүйектілерден, сондай-ак шекілдеуіктілерден
тұратын бақтарда аласа өсетін телісушілер қатар аралықтарының жырту
тереңдіктері 3—4 см азайтылады. Бұл жүйе топырақтың ылғалдылық қорын тиімді
пайдалануды және сақтауды қамтамасыз етеді, микроорганизмдер қызметін,
нитраттар мен фосфор қышқылының әсерін активтейді, ауа және жылу режимін,
тамыр жүйесінің тереңдеуін жақсартады. Қара сүдігер арам шөпті жояды,
сөйтіп жеміс өсімдігінің ылғалы мен қорегіне ортақтастықты ретке келтіреді.
Алайда топырақты қара сүдігерде ұзақ ұстаудың кейбір айтарлықтай кемшілігі
бар. Мәселен үздіксіз сүдігерлеу қара шірік құрамын, алмасу негіздерінің
жиынтығын азайтуға, топырақтың құрылымы мен физикалық қасиетін нашарлатуға,
жел және су эрозиясының күшеюіне, топырақтың қызып, жемістің товарлық
сапасының нашарлауына әкеп соқтырады. Қарбонатты топырақта мұндай жүйе
жеміс өсімдіктерінің хлорозға шалдығуын ұлғайтады. Қара сүдігердің теріс
әсерін органикалық тыңайтқыш енгізу және топырақ күту жүйесінің бұл әдісін
басқа әдіспен үйлестіру жолымен жөндеуге болады.
Сүдігерлік-сидераттық жүйе — сүдігерді оның бетіне жаздық немесе қыстық
сидерат себумен кезектестіру. Сидерат дегеніміз органикалық тыңайтқыш
ретінде көк күйінде өсірілетін өсімдік. Мұндай өсімдік жырту сәтіне дейін
тез де қалың өсуге, мол кек масса құрауға, мыс кезі болуға тиіс. Сондай-ақ
негізгі қоректік заттарды топырақ ерітіндісінде шоғырландыруға, топырак
эрозиясына кедергі жасауға, оның құрылымы мен құнарлылығын жақсартуға
мүмкіндік беруі керек. Бірақ себілген шөптің барынша өсу кезеңі жеміс
дақылдарының сондай өсуімен сәйкес келмеуі тиіс. Әйтпесе бір-бірін
өсірмейді, коректік заттарға ортақтастық артады.
Сидерат ретінде пайдаланылатын шөп жеміс дақылдарының өсу процесі
аяқталғанда, яғни жазда және күзде, яғни жеміс жиналған мезгілде себіледі.
Қүзде себілген сидерат келесі жылдың көктемінде, ал жазда себілсе күзде
жыртылады.
Сидерат кезінде бұршақ тұқымдастар және басқа бір жылдық өсімдіктер
(сиыржоңышқа-сұлы қоспасы, көк бұршақ т.б.) пайдаланылады. 200—300 цга
көк масса гектарына енгізілген 15—20 т көнмен тең. Олар шөптін бас
байлау кезенінде, яғни маста көбейіп, жыртылған соң оңай ыдырайтын
мерзімде, топырак. ылғалды кезде жыртылып тасталады. Егер шөп биік өсетін
болса спдератты жыртар алдында КИР-1,5 шөп шапқыш-ұсақтағышпен ұсақтау
қажет. Ал өнімділігі қалыпты шөпті топырақ өндер алдында көміп, дискілі
тырмамен кеседі.
Көк масса көбірек жайылу (ыдырау) үшін көктемгі жер жырту алдында
органикалық тыңайтқыш енгізіледі (80—60 кгга). Сидераттар бақ соқасы
немесе сыдыра жырткышпен 15—20 см тереңдікте жыртылады. Республиканың
оңтүстік облыстары үшін қуаншылық жылдары, әсіресе күзде, қара сүдігерді,
сидерат дакылдарын қысқа карай сеппей-ак көктемге дейін ұстау керек. Жауьн-
шашын мол жылдары керісінше оларды мүмкіндігінше ерте, күзде емес, жазда
себу керек.
Шымдау (көгалдандыру). Бұл жүйенің мәні бақ қатар аралықтарын көп жылдық
шөппен (табиғи шөппен) шымдау. Қатарларда алаптар, сондай-ақ ағаш діңінің
айналасы шөптен таза ұсталады. Қазақстанда бақты шымдау ылғалы мол
аймақгарда, сондай-ақ беткейлерге егілген бақтарда ғана іс жүзіне
асырылады. Жеміс сала бастаған бақтар шымдалады. Республиканың оңтүстігі
мен оңтүстік шығысында вегетация кезінде шөп екі ретке дейін, ал кейбір
оңтүстік аймақтарда, яғни қосымша суаруға мүмкіндігі бар жерлерде үш ретке
дейін орылады. Орылған, яғни шабылған шөп малға жемшөп үшін нсмесе
пішендеме салу үшін тасып алынады. Шымдаудың қысқа мерзімді (1—2 жыл) және
ұзақ мерзімді, тұтас, қатараралық, қысқа жолақты және бір қатардан соң
деген түрлері бар.
Т ұ т а с ш ы м д а у. Онда шеп бүкіл бақ алаңына өсіріледі. Мұнда тек
ағаш діңінің айналасы ғана шөптен таза ұсталады. Жеміс бағының қатар
аралығы шымдалса қатарлар топырағы қара сүдігер үшін қалдырылады. Жіңішке
жолақты шымдау кезінде шөп қатар аралық енінің 13 бөлігіне дейін
жіңішкертіле қалдырылады. Б і р қатардан с о ң ш ы м д а у кезінде бір
қатарға шөп тұқымы себіледі де, екіншісі қара сүдігерге жыртылады немесе
керісінше жасалады.
Қазақстан үшін шымдаудың осындай көптеген түрінің ішінде кең тарағаны —
тұтас шымдау.
Республика бақтарын қолдан шымдау үшін оңтүстікте суармалы жағдайда
жоңышқа еркекшөппен, қылтықсыз, арпабаспен, жима тарғақпен, ал солтүстік
пен орталық аудандарда суармалы жағдайда беде тимофеевкамен араластырыла
егіледі.
Қөп жылдык шөп топырақ құрамын жақсартады, қопсытады, сондай-ақ су
өткізгіштік, су сиымдылығын арттырады, топырақты жел және су эрозиясынан
жақсы қорғайды, топырақтын сортаң тартуын азайтады, өңдеу құралдарымен
зақымдалған тамырларды қалпына келтіреді, ерте көктемде, жауынды күндері
бақ күтіміне колайлы жағдай тудырады, сондай-ақ жемістің товарлык сапасын
көтереді.
Бұл жүйенін де кемістігі жоқ емес. Топырақ ылғалы төмеңдейді, оның
аэрациясы нашарлайды, нитраттар кұрамы азаяды, органикалық фосфор
минералдайтын микроорганизмдер әсерінің салдарынан ағаштардың фосфорлық
қорегі әлсірейді. Шөп жеміс өсімдіктерінің суына, минералды қорек
элементтеріне ортақтасады. Себебі жеміс ағаштары мен шөптің суға, минералды
корекке деген қажеттігі сәйкес келеді. Осылардың салдарынан ағаштың өсу
жылдамдығы әлсірейді, қысқы суыққа төзімділігі төмендейді, өнімділігі
нашарлайды. Бақты шымдаған соң тышқандардың көбейіп кететіні байқалады. Жас
бақтарда суармалы, немесе керісінше екендігіне қарамастан, сондай-ақ
суармалы емес жеміс бақтарында бұл әдіс жарамсыз. Суармалы бақтарда
тұқымынан көбейетін телісушілерге телімделген ағаштар отырғызылғаннан кейін
6—8 жылдан, ал аласа өсетін телісушілерге телімделген ағаштар отырғызылған
соң 4—6 жылдан кейін ғана шымдау жүргізуге болады.
Шымдаудың теріс жақтарын жою үшін шөлтің ылғалға деген қажетін ескере
отырып қосымша суару әдісін қолданып, сондай-ақ тыңайтқыш енгізу жолымен
жөндеуге болады.
Шымдау-қарашіріктеу әдісі — бақ топырағы шөп астында жатқанда оларды,
яғни шөпті бүкіл вегетациялық кезеңінде жиі шаба отырып шымдаудың
интенсивті әдісі. Жағдайға қарай шөп кеп (6—8 рет) шабылады. Бірақ шабылу
(ору) үшін олардың биіктігі гүлдегенге дейін 10—15 см жету керек. Содан соң
ұсақталған күйінде қатар аралыққа тасталады. Бұл әдіс топырақты органикалық
әдістермен байытады, оның агрофизикалық касиетін жақсартады, су сиымдылығы
мен су өткізгіштігін ұлғайтады. Шөпті көп шабу су шығыны мен оның булануын
азайтады. Қыстыкүні ұсақтап төселген шөп топырақты қатырмайды, ал жазда
қыздырмайды. Сөйтіп тамырға қолайлы жағдай туғызады. Сондай-ақ бұл жағдай
тамырдың күзгі маусымда ұзақ та тез өсуіне мүмкіндік береді. Бұл бір.
Екіншіден жеміс ағаштарының өнімділігі артып, жемістерінің товарлық сапасы
жақсарады. Шымдау-қарашіріктеу әдісі Қазақстанның интенсивті бақтарында
қолданылады. Өйткені олар міндетті түрде суарылады. Бірақ оларды шөп орып
болысымен суару, сондай-ақ жыл сайын азот тыңайтқышымен гектарына 60—90 кг
үстеп қоректендіру, тышканмен күрес жүргізу керек.
Жабындау — топырақ күту жүйесі. Бұл жүйеде топырақ бетіне органикалық
материалдардан, арнайы қағаздан немесе синтетикалық пленкадан қорғаныш
қабат жасалады. Топыракты жабындаған кезде оны сабанның, пішеннің, ағаш
үгіндісінің, көңнің тағы басқалардың қалың қабатымен (8—12 см) жабады.
Жабындау Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында ерте көктемде,
алғашкы өңдеуден соң, ал Қаззақстанның солтүстігінде күзде жүргізіледі.
Өйткені солтүстікте суық болған соң тамырды жылылау керек. Бұл өңірде
жабындау тұрақты аязға дейін жүргізіледі. Жабын топырақты нығыздалудан,
құрғаудан, эрозиядан, қатты қызып тоңазудан сақтап, арам шөптің өсуіне
кедергі болады, пайдалы мироорганизмдер мен қорек режимінің қызметін
жақсартады. Топырақты көп жылдық өңдеуді жояды.
Бұл жүйенің осындай пайдалы жақтарына қарамастан біздің республика
бақтарында кең қолдау таппаған. Себебі жабынды материалдары аз. Соңғы
жылдары осы мақсат үшін полимерлі пленкалар қолданыла бастады. Бақты
жабындау өте қымбатқа түседі. Сондықтан да тек жас бақтар, онда да ағаштар
діңінің айналасы немесе жолақтар ғана жабындалып жүр.
Қазақстан бақтарында оны өсіріп отырған аймаққа қарай тек бақ қатарларын
күту жүйесінің ағаштарды жақсы өсіретін, ерте жеміс салдыратын, жеміс
ағаштарының жағдайын нашарлатпайтын түрлері ғана таңдалынады. Топырақ күтіп-
баптау жүйесін таңдағанда басты назарды топырақ-климат жағдайына, бақтың
ылғалмен қамтамасыз етілуіне және топырақ құрамын нашарлатпайтын
факторларға аудару қажет. Сондықтан да әрбір шаруашылықта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақ жасақтау
Жеміс салудың заңдылықтары
Жемісті өсімдіктердің өсуі және жеміс салудың заңдылықтары
Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары
Жеміс ағаштары
Сірке қышқылын микробиологиялық синтездеу жолмен алуда культивирлеу процесінің факторлары
Қарағанды хайуанаттар бағының бөлімдері
Апорттың Юбилейный сорты
Алматы облысы қарасай ауданының топырақ климаттық жағдайы
Сірке қышқылы
Пәндер