Балалар дауысын қалыптастырып ән айтуға баулудын әдістемесі



1 Балалардың дауысының үлкен адамның дауысынан айырмашылығы
2 Балаларды музыкаға баулу жолында халық әуендерінің тәрбиелік мәні
Балалардың дауысының үлкен адамның дауысынан айырмашылығына келер болсақ сәбилердің көмейі 2-2,5 есе кіші әрі жоғары орналасқан.Көмей еттері мен дауыс сіңірлері толық жетілмеген үлбіреген нәзік жұмсақ болып келеді. Сондықтан баланың дауысында вокалдық бұлшық еттер болмайды олардың орнын жалғастырушы тканьдер алмастырады тек дауыс қатпарларын жақындастырушы еттер ғана болады. Бес жастан бастап жекелеген вокалдық бұлшық ет талшықтары біліне бастайды.
9-10 жасқа дейін көптеген балаларда ән айтқан уақыттарда дауыс қатпарлары толық ашылмайды, олардың дыбыс шығаруы барлық диапазонда фальцетті түрде болады. Дауыс бұлшық еттері толық дамымағандықтан оның дауыс диапазоны да шектеулі болады.
Сонымен қатар көмейдің атқаратын бірнеше қызметтері бар. Ол қорғаушылық және қозғалтушылық міндетін атқарумен бірге, жоғарғы тыныс алу мүшелеріне қатысты болғандықтан, барлық тыныс жолдарымен тығыз байланысты болады. Балалардың дауысымен жұмыс істегенде дыбыс бастамасының алатын орны ерекше. Дыбысты дайындау және оның бастамасы шабуыл деп аталады. Вокалдық практикада шабуылдың үш түрі бар: қатаң, жұмсақ және үзік дыбыс бастамасы. Сондықтан да, балалардың дауысымен жұмыс істегенде, қандай шабуыл кезінде баланың дыбыс шымылдығы іске қалай қосылады және қандай дауыс шабылуымен жұмыс істеу қолайлы екенін ескерген жөн. Негізінен, бала дауысымен жұмыс істегенде жұмсақ дауыс шабуылын қолдану дұрыс деп саналады. Сонымен біз дауыс аппаратымен таныстырып болған соң, өзіміз музыка сабағында пайдаланған орындаушылық шеберлікті дамытуға ықпалын тигізген әдістемелік тәсілдерді ортаға саламыз.[3.68]
Әншілік мәдениетке баулуда дауысты баптаудың алар орны ерекше. Оның мақсаты - әншілік дауысты қалыпқа келтіру және бір арнаға түсіру.
1.АсафьевБ.В. «Развитие голоса девочки» Академия педагогических наук РСФСР Москва 1960
2. Нұғыманова Ә. « Қазақтың әншілік дәстүрі» Алматы. «Жазушы»1975

Регистрационная форма
1. Шукирова Гүлнар Кенесбековна
2. преподаватель кафедры «Педагогика и методика начального обучения» МКТУ имени К.А.Ясауи
3. Педагогика и психология
4. г.Туркестан, 2 микрорайон, 21/24
5. 87029359496
6. janar_30101974@mail.ru
7. не нуждаюсь

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
балалар дауысын қалыптастырып ән айтуға баулудын әдістемесі
Балалардың дауысының үлкен адамның дауысынан айырмашылығына келер
болсақ сәбилердің көмейі 2-2,5 есе кіші әрі жоғары орналасқан.Көмей
еттері мен дауыс сіңірлері толық жетілмеген үлбіреген нәзік жұмсақ болып
келеді. Сондықтан баланың дауысында вокалдық бұлшық еттер болмайды олардың
орнын жалғастырушы тканьдер алмастырады тек дауыс қатпарларын
жақындастырушы еттер ғана болады. Бес жастан бастап жекелеген вокалдық
бұлшық ет талшықтары біліне бастайды.
9-10 жасқа дейін көптеген балаларда ән айтқан уақыттарда дауыс
қатпарлары толық ашылмайды, олардың дыбыс шығаруы барлық диапазонда
фальцетті түрде болады. Дауыс бұлшық еттері толық дамымағандықтан оның
дауыс диапазоны да шектеулі болады.
Сонымен қатар көмейдің атқаратын бірнеше қызметтері бар. Ол
қорғаушылық және қозғалтушылық міндетін атқарумен бірге, жоғарғы тыныс алу
мүшелеріне қатысты болғандықтан, барлық тыныс жолдарымен тығыз байланысты
болады. Балалардың дауысымен жұмыс істегенде дыбыс бастамасының алатын
орны ерекше. Дыбысты дайындау және оның бастамасы шабуыл деп аталады.
Вокалдық практикада шабуылдың үш түрі бар: қатаң, жұмсақ және үзік
дыбыс бастамасы. Сондықтан да, балалардың дауысымен жұмыс істегенде, қандай
шабуыл кезінде баланың дыбыс шымылдығы іске қалай қосылады және қандай
дауыс шабылуымен жұмыс істеу қолайлы екенін ескерген жөн. Негізінен,
бала дауысымен жұмыс істегенде жұмсақ дауыс шабуылын қолдану дұрыс
деп саналады. Сонымен біз дауыс аппаратымен таныстырып болған соң, өзіміз
музыка сабағында пайдаланған орындаушылық шеберлікті дамытуға ықпалын
тигізген әдістемелік тәсілдерді ортаға саламыз.[3.68]
Әншілік мәдениетке баулуда дауысты баптаудың алар орны ерекше.
Оның мақсаты - әншілік дауысты қалыпқа келтіру және бір арнаға түсіру.
Дауысты баптау жолында байқағанымыз - жұмыс істеу барысында үнемі бір
қалыпты жаттығулар жасау балаларды қызықтырмайды, сондықтан да дауысты
шақыру үшін әртүрлі көркем шығармалардан үзінділер пайдаланып отырған жөн.
Қазақ мектептерінде музыка сабағын жүргізгенде халық әуендерінен үзінділер
ала отырып жұмыс жасаудың тиімді екенін тәжірибеде көптеп кездестіруге
болады.
Балаларды музыкаға баулу жолында халық әуендерінің тәрбиелік мәнінің
зор екендігін ескере отырып, жұмыс барысында халықтың ән дәстүрін шебер
талғаммен пайдалана білген жөн. Б.В.Асафьев халық әндерін музыка
сабақтарында пайдалана білудің орны ерекше екендігін айта отырып былай
деген еді: Халық арасында музыканың кеңінен дамуы үшін және оның
әсерлігінің артуы үшін, халықтың өзі туғызған мәңгілік өлмес ән өнерінің
орны бөлек. Б.В.Асафьев халық әніне ерекше мән бере отырып, оның мектеп
жасындағы балаларды музыкаға тәрбиелеуде алатын орнын осылайша көрсетті.
Ән айту мәдениетін қалыптастыруда, мүмкіндігінше баяу да созылыңқы
түрде айтылатын халық әндерін енгізу пайдалы болмақ. Мысалы, халық әні
Әлдиді алар болсақ, оның баяу да салмақты сипаты шығарманы орындағанда
дауыс аппаратының қысылмауына, тыныс алуды бақылап отыруға, сөздің анық
айтылуына және дыбыстың сапалы шығуына мүмкіндік береді.[2.55].
Халықтық дәстүрдегі орындаушылар, әдетте, әннің басында, ортасында
немесе аяғында қысқа ғана вокализдерді қолданып отырған (аха-ха, или-гай,
гәк-ку, хай-ли-лау, әридаш-ау, угу-гу, иги-гак, т.б.) мұның өзін кейде
әннің келесі шумағына дайындық ретінде немесе көмейді дем алдыру үшін
пайдаланған. Аталған жаттығуларды біз өз тәжірибемізде дыбыстарды дұрыс,
анық, таза айта білу үшін қолданамыз.

Вокалдық педагогиканың талаптарына сай демді дұрыс алу, қоңыржай
үнділікті сақтап сөздің ашық, айқын айтылуын мәнерлеп орындауға дағдылану
балаларды әншілік өнерге баулуда практикада қолданылатын арнайы ән
жаттығуларының алатын орны ерекше. Сабақтың мақсатына сай өз орнын тауып
қолданылған жаттығулар, тек дауыс аппаратын ән айтуға дайындап қана қоймай,
белгілі бір орындаушылық шеберлікті дамытуға байланысты дағдыны
қалыптастырады. Әдетте вокалдық жаттығулар әнді орындау алдында іске
асырылады. Біздің пайымдауымызша, алғашқы орындалатын жаттығу жай екпінде,
дыбыс легінің қоңыржай үнділігі сақталып, оқушылардың сезіміне әсер ететін
болуы тиіс.[2.84].
Ескере кететін бір жай: 7-8 жастағы балалар ән айтудың көркемдік
немесе техникалық қағидасын тек қана әр түрлі буындардың жиынтығынан
тұратын жаттығулардан гөрі, белгілі бір мазмұны бар әуендер арқылы тезірек
қабылдайды. Сондықтан қазіргі кезде мектеп мұғалімдері өз тәжірибесінде
мұндай ән жаттығуларын жиі қолданып, елеулі нәтижеге жетіп жүр.
Жұмыстың бұл түріне керекті әуендерді халық әндерінен, балаларға
арналған әндерден, кейбір жағдайда практикада қолданылып жүрген
жаттығулардың бірін сөз тіркесімен айтуға болады. Мысалы: тақтаға
мүмкіндігінше биік талғамға сай әсем бейнеленген раушан, қызғалдақ немесе
басқа бір гүлдің суреті ілінеді. Мұғалім сұрақ-жауап арқылы балалармен
гүлдің әдемі, нәзіктігін анықтап, айтылатын жаттығудың да сондай әсерлі
болуы тиіс екендігін ескеріп, мынандай әуенді орындауды ұсынады:

Жаттығудың қ дыбысынан басталуы балалардың дауыс аппаратын айқын
таза дыбыс шығаруға жетелейді. Қатаң қ дыбысынан кейінгі орналасқан а
дауысты дыбысының құлаққа жағымды, майда болып шығуына, сөз мұқамы
мазмұнына лайықты сезімталдықпен орындауды талап ету әсерін тигізеді.
Гүл деген сөзді айтқанда ү дыбысының созыла айтылуын қадағалан жөн.
Әдетте практикада созылу ұзақтығы мүмкін бола тұрса да, дауысты дыбыстың
орнына дауыссыз дыбысты созып тұрып алатын жағдайларда кездесіп қалады (ү-
нің орнына л). Жаттығуды бір мезгілде бастап, бірдей аяқтауда, оның
характерін жеткізе білуде мұғалімнің дирижерлік қол қимылын оқушылардың
дұрыс түсіне білуінің мәні зор. Әуен өз дәрежесінде орындалған соң,
берілген тональдықтан бастап жарты тоннан жоғарылатып айтқызуға болады.
Алғашқы жаттығуды балаларға орындатқанда дыбыс бірінші октаваның си Ь ,-
си ноталарынан аспауы қажет. Бірте-бірте әнді орындау қабілетінің
қалыптасуына орай, орындау диапазоны кеңейтіле береді. Шығарманы мәнерлеп,
нақышына келтіре орындауға дағдыландыратын жаттығудың біріне Әлди әуені
жатады.

Бұл жаттығуды орындағанда орфоэпия заңдылықтарына сүйенуге тура
келеді. Әдетте балалар әрбір сөзді жазылуы бойынша айтады, сондықтан дыбыс
легі үзіліп-үзіліп естіледі. Мұғалім жаттығуға қойылатын талапта мынадай
құбылыстарға көңіл аударуы тиіс: әлі-ақ ұйықтап қаласың деген сөйлемдегі
әлі-ақ деген сөзде а дыбысының ықпалынан і дыбысы түсіп қалады, ал
қ қатаң дыбысы келесі ұйықтап сөзінің бірінші дыбысы ү-нің әсерінен
ғ-ға айналады. Сонда жазылуы әлі-ақ болғанмен, орындалғанда әлағ
болып айтылады.
Ән сөзінің ашық, таза айтылуы да әншіліккке баулудың негізгі
көмпоненті болып табылады. Орындалатын шығарманың мазмұнының тыңдаушыға
дұрыс жетуі үшін, баланың әрбір дыбысты айқын айта білуінің маңызы зор.
Мұғалім дыбыс шығаруға қатысатын ауыз, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларға ән салуды үйрету
Бала дауысын тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері
Музыкалық тәрбие
OҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ВОКАЛ ЖӘНЕ ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
Барлық дауысты дыбыстарды анық айту
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
Музыкалық тәрбие эстетикалық тәрбиенің ерекше саласы
Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жөнінде
Балалар дауыстарының теориялық негіздері
Пәндер