Балалар психологиясы пәнінен дәрістер


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   

№1 Дәрісбаян тақырыбы: Балалар психологиясына кіріспе

Дәрісбаян жоспары:

1. Балалар психологиясының пәні және оның міндеті, басқа ғылым

салаларымен байланысы.

2. Қазіргі балалар психологиясы пәнінің теориялық және

практикалық маңызы.

З. Балалар психологиясының даму тарихы.

1. Балалар психологиясы баланың психологиялық даму факторларымен зацдылықтарын, оның іс әрекетінің дамуын, психикалық процестермен сапаларының ерекшеліктерін және жеке қалыптасуын зерттейді. Сонымен қатар психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық процестер мен сапаларды, қабылдаудың түйсік, ес, зейіннің, қиял, ойлау, сөйлеудің мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімнің жас ерекшелігіне байланысты дамудың бастапқы формаларының пайда болуы өзгеруі және жетілуі қарастырылады . Сонымен қатар даму заңдылықтарын анықтап, оған әсер ететін себептерді іздестіру балалар психологиясының маңызды міндеті.

Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық даму заңдылықтарын, дамудың әр сатысын айқындайтын негізгі компоненттерді зерттейді. Яғни туғаннан бастап баланың бойының өсуі, салмағының артуы дене прапорциясының өзгеруі. Жоғарғы жүйке жүйесінің қызмет құрылымы, жүйке жүйесінің жетілуі ішкі секреция бездерінің қызметі ондағы өзгешелік анотомия мен физиология ғылымының негізіне сүйене отырып зерттейді. Балалар психологиясы жалпы психологияның қүрамды бір бөлігі; Баланың психикасының даму зандылықтарын зерттеген кезде басқа ғылыми мәліметтердің негізіне сүйенеді.

Біріншіден балалар психологиясы табиғат пен қоғамдағы құбылыстар дамуының заңдылықтарын ашатын сананың қоғаммен сабақтастығын дәлелдейтін философия, диалектикалық материализм негізіне сүйенеді.

Дамудың жалпы заңын білу бала психологиясын зерттеуде дұрыс жол табуға дүниеге келген тіршілік иесінің қоғам мүшесі болып қалай дамитындығын айқындауға көмектеседі.

Ал, жалпы психологиямен байланысты дейтін себебіміз: ересек адамдардың психикасын қалай қалыптасып дамитындығын білмейінше балалар психологиясы ілгері баса алмайды.

Психикалық зандылықтардың шығу тегін зерттемей тұрып түсіну мүмкін емес, ал анатомия, физиология мен байланысты дейтін себебіміз: баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке жүйесінің психологиясының негізгі міндеті оқу, ойын, еңбек әрекеттерінің бала психикасының дамуына тигізетін әссрін зерттеп, баланың психикалық дамуына дүрыс бағыт беріп осы түрғыда тәрбие жүмысының қалай болу керектігін тәрбиешілерге жете түсіндіру

2. Балалар психологиясын зерттеудің педагог үшін теориялық та, практикалық та маңызы зор. Өйткені баланың жас кезеңіне байланысты айырмашылық дағдарыстарын зерттеп білу педагогқа программалық материалдың көлемін анықтауға септігін тигізеді. Баланың психикалық даму заңдылықтарын түсіну эмоциясын, ақыл-ойының, ынта-ықыласын интеллектуалдық даму деңгейін ажыратып түсіну. Бала бақша тәрбиешісінің оқу - тәрбие жүмысын ойдағыдай ұйымдастырудың шарты болып табылады. Психологияны жете игеру тәрбиешілерді көптеген қателіктерден сақтануға жөне балалармен дұрыс байланыс қарым-қатынас орнатуға көмектеседі және педагогтарға тек баланы түсініп қана қоймай, қолдап, жақсы қасиеттерін дамытуға, баланың жан дүниесін сезе білуге көмектеседі. Оқу-тәрбие жұмысы, ғылым саласында болып жатқан реформалық жаңалықтарды ғылыми түрғыда зерттеу осы ғылымның негізгі міндеті. Мыс: баланы мектепке 6 жастан бастап оқыту басқа үлт мектептерінде қазақ тілін кеңінен игерту немесе мүмкіндігіне қарай бастауыштан бастап шет тілдерін игерту. Ауылдык жердсгі мектептің оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі халықтың бала тәрбиесіне байланысты жинақтаған бай тәжірибесі, психологиялық идеялар ғылыми түрғыдан жан-жақты талдауды талап етеді. Осының бәрін балалар психологиясы пәнісіз шешу мүмкін емес сондай жағдайда балалар психологиясы жалпы психологияның негізіне сүйенеді.

3. Балалар психологиясының пайда болу тарихы.

Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық болды. XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының түтас жүйесіне еиді. Өйткені психикалық өмір эволюцияның нәтижесі деп танылды. Мүның өзі ғылымға баланың әр жас кезеңіндегі психологиялық даму өзгешеліктерін бақылауға мүмкіндік туғызады. Бүл жөнінде Чарлз Дарвин Ламарк жүмыстарының маңызы ерекше болды және ол бақылаулар бала психикасының дамуы мен ойлау әрекеті туралы ғылымның бастапқы жаңалықтары болды. Көрнекі Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670ж) . Балаларды сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту жүйесін құру керектігі туралы ең алғаш өз пікірін үсынып, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Осы негізде "Ұлы дидактика» «Суретті көрнекі әлем» еңбектері шықты.

1712-1778ж. мектеп жасына дейінгілердің психикалық ерекшеліктерін егжей- тегжейіне дейін толық байқаған Жан- Жак Руссо ол баланың өздігінен дамуына ерекше мән беріп, оның дуниені танып білу негізі табиғат болуы керек деді. Табиғаттың өзі баланың ақыл-ойын дамытудың негізі. Ал тәрбиешінің рөлі соны үйымдастыру. Өйткені үлкендер мен ересек балалар барлық уақытта мектеп жасына дейінгі балаларды түсіне бермейді. Бала ақылының, ықылас тілегінің сезімінің өзіндік ерекшелігі болады. Сондықтан баланы барлық уақытта бала деп қарауға болмайды. Үлкендердің көңіл бөлмей қалай болса солай араласуы баланың табиғи дамуына керісінше зиянын тигізуі мүмкін. 1746-1824 ж Генрих Пестолоций балаға үлкендердің жүйелі түрде үйретіп отыруына үлкен мән беріп, маңызды мәселе деп қарастырды. Ол кісі баланың жеке басын қалыптастыруда отбасының әсіресе анасының ролі ерекше деп бағалаған. Онда табиғи дарындылық принциптерін басшылыққа ала отырып, баланың жас ерекшелігін ескеруді талап етті. Г. Пестолоций танымның басталар сәті танымдық қабылдау деп есептеді де, баланың бойында бақылау мәдениетін қалыптастыруды талап етті. Жеке адамды қалыптастырудағы тәрбие ролінің құдіреті туралы XVIII ғасырдағы Ресейдегі алдыңғы қатарлы ағартушылар да жүйелі түрде қолдады. Мыс: Татишев В. И. өзіндік ақылдың даму көзі жас адамға өзгенің іс-тәжірбиесін меңгеру болып табылады деп атап көрсетті. Бүл тәжірбие тіл арқылы немесе жазбаша түрде беріледі. Сондықтан адам екінші бір адамның еңбегінің көмегінің жемісі болып есептеледі. Ең алғаш балалық шақтың психикалық дамуының жас кезеңдерінің түпнұсқасын салған осы Татищев. Тәрбиелеудің бұл идеясын қолдап, адамгершілік сапасын жүйелі түрде қалыптастыруды қолдаған Новиков болды.

1744-1818 ж ақыл-ой адамгершілік мәселелеріне және эмоциялық сезімдік мәселелерге жол ашып көрсетті. Новиков баланың ақыл -ой, эстетикалық сезімнің адамгершілігінің дамуы қоршаған ортадағы заттарды қабылдап, айналасындағы үлкендерге еліктеуге байланысты деп сенім білдірді. В. Г. Белинский, 1841-1848, А. И. Герцен1812-1870 Н. А. Добролюбовтың 1836-1861, Чернышевскийдің 1828-1889 ж. еңбектерінде баланың жеке басының қалыптасып дамуына дене тәрбиесі мен ақыл -ой тәрбиесіне байланысты екенін атап айтты. Бұдан кейін балалар психологиясының дамуына XIX ғ. үлы педагог - психолог ойшылдарының еңбектерінің де мәні ерекше болды. XIX ғ. соңы XX ғ. бас кезінде шетел психологтары В. Штерн, Э. Мейман, А. Бине, К. Коффка, Бюллер т. б өз еңбектерінде балалар психологиясы туралы мәселелерді қорытындылап негізгі бағыттарға қысқаша талдау жасады. Революциядан кейінгі қайта өрлеу жылдарында диалектикалық материализм негізінде де бала психикасының дамуы туралы Ресейде эксперименталдық балалар психологиясы ерекше қаркынмен жүмыс жасады. А. Ф. Лазурский, АП. Нечаев, . И. Кросногорский, В. М. БехтеревН. М. Шеловановтардың физиологиялық зерттеулерінің мәні зор. Лев Семенович Выготскийдің "жоғарғы психикалык функцияның тарихи мәдени даму теориясы", Психикалық дамудың жас дағдарыстарының балалар психологиясы үшін мәні зор. Баланың ақыл- ойының дамуының негізгі күші мен себептері жөніндегі педагогикалық ойлардың маңызды мәні болды. Мүндай негізгі себепші күшке баланың үлкендерге еліктеуі, үлкендерден оқып үйренуі жатады. Сонымен қатар баланың адамгершілік сезімі мен ақыл-ойының дамуы үшін тілінің шығуы сөздік қорының дамуының ролі ерекше екенін атап көрсетті. Балалар психологиясының отандық ғалым болып бөлініп шығуына И. М. Сеченов пен К. Д. Ушинскийдің еңбектерінің де шешуші мәні болды. Мыс: И. М. Сеченовтың 1829-1905 Бас миының рефлекстері"- деген еңбегінде кішкентай балалардың рефлекторлық әрекетінің алғашқы даму барысын бақылай жүріп сезгіщтігінің даму бағытын қимыл-қозғалысын олардың ойлауының алғашқы формасын ес, ерік, зейіннің сойлеген сөзінің және өзін-өзі танып білу өзгешеліктерін көрсетіп берді. Ұлы психолог физиолог Иван Петрович Павлов 1849-1936 ж өзінің "Ой элементі"- деген еңбегінде сөз туралы екінші сигналдық жүйе, -деп баланың психикалық әрекетінің қалыптасуы туралы түңғыш рет бағалы материалистік түсінік берді. Баланың жеке басының дамуындағы оқыту мен тәрбиенің рөлі туралы әлде қайда прогрессивті ойды дамытып, жақсы негізін салған Сеченов пен Ушинский "Адам тәрбиенің тиегі"-деген еңбегінде баланың жеке басының жан-жақты даму жағдайларының басты себептерін барлық жағынан көре отырып, баланы оқыту жүйесіне бағалы педагогикалык кеңес берді. Тамаша педагог әрі психолог Ушинский баланың дамуын жеке өзінің белсенді ойлауымен таным әрекетінің өз еңбегінің жемісі деп атап көрсетті. Ушинский баланың сезімдік танымына . ерекше көңіл аудара отырып, баланың тілінің шығуы ақыл-ой адамгершілік төрбиесін беру арқылы адам болып қалыптасады, -деп атап көрсетті. Бала тіл арқылы өз ойын нақты бейнелеп бере алады. Қандай еңбекті болса да өз ана тілінде барлық ынта-ықласымсн терең танып бере алады. Сондықтан ана тіліндегі еңбектерді оқып беру арқылы тек адамгершілігімен ақыл - ой жағынан дамытып қоймай, азаматтығы жағынан дамытуды ескеру керек. К. Д. Ушинскийді балалар психологиясының негізін салушы деп қарастыруға болады.

№2 Дәрісбаян тақырыбы:Бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері .

Дәрісбаян жоспары:

1. Бала психикасын зерттеу әдісінің жіктелуі. Бала психикасының дамуын негізгі және қосалқы әдістермен зерттеу.

2. Бақылау және сараптау әдістері және оны күнделікті іс-тәжірбеимізде қолдана білу.

3. Мектепке дейінгі балаларды оқытып- тәрбиелеу ісінде әігімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмір баянын зерттеу, тест- сынақ жүргізу, әлеуметтік қарым-қатынасын зертеу әдісін жүзеге асыру.

1. - Балалар психологиясы басқа ғылымдар сияқты нақты дәлеледерге сүйене отырады.

Бақылау әдiсi Бақылау әдiсiнiң ерекшелiгiне балалардың күнделiктi өмiрдегi әрекеттерi, ойлары жатады. Бақылау әдiсi келесi жағымды жақтарымен ерекшеленедi:

Жағымды: Жағымды
Жағымсыз: Жағымсыз
Жағымды:

Ғалым баланың шынайы әрекетi туралы деректер жинайды. Балалар артарынан ешкiм бақылап жүргенiн бiлмесе ғана өздерiн ерiк ұстайды.

Балалардың мiнез-құлықтарын бақылай отырып, ол әр баланы тұтас тұлға ретiнде көредi.

Баланың ұжымдағы қылығы, сөйлеген сөзi, күйзелiстерi оның туындайды. Сондықтан бақылау әдiсi баланың ұжымдағы басқа балалармен қандай қарым-қатынаста болатынына мүмкiндiк бередi.

Бақылау әдiсi бала мен мұғалiм арасындағы өзара байланысын анықтауға мүмкiндiк бередi.

Жағымсыз:

Бақылап жатқан деректердiң шындылығы әр құбылыстың түсiнушiлiгiн, талдауын қиындатады.

Балаларды бақылай отырып, зерттеушi ешнәрсенi түзете алмайды, тек қана бақылап жатады.

Зерттеушi бiр деректi бiрнеше рет қайталануын қамтамасыз ете алмайды.

Бақылау әдiсi арқылы жиналған деректер суреттелген түрде қабылданады.

Жағымды:
Жағымсыз:

Бақылау әдiсiн қолдана отырып бiрнеше жағдайларға сүйену керек: мiндетi неғұрлым нақты қойылса, соғұрлым бағытты болады, талдауы соғұрлым дәлелдi болады. Бақылауды жүргiзе бiлу керек: нақты және объективтi түрде зерттеу. Бақылау таңдаулы болуы тиiс, бiрақ сол мезетте жалпы және нақты болу керек. Бақылауды тек жүйелi, бiрiздi түрде жүргiзсе ғана өз мақсатына жетедi.

2. Эксперимент әдiсi Эксперимент - бұл бала психикасының ерекшiлiктерiн анықтауға арнайы ұйымдасқан зерттеу формасы.

+: +
-: -
+:

Зерттеушi зерттелiп отырған психикалық құбылыстарға өз тарапынан жағдайлар туғызады

Алынған деректердi қайта-қайта алуға мүмкiндiгi бар

Экспериментте бөлеккөрсеткiштердi қысқа және қарапайым түрде белгiлеуге болады. Бiрақ зерттеу протоколы анық болуы керек.

Протоколдың сараптамасы бақылау нәтижелерiне қарағанда жеңiлiрек, өйткенi эксперимент нәтижелерi бiр типтi және бiр ағыммен өтедi.

-:

Зерттеушiнiң өз ыңғайын қарай эксперименттi жүргiзсе, зерттеудiң шынайлығы болмайды

Дайындалған сұрақтарға балалардың жауаптары зерттелiнiп отырған баланың тұлғалық қасиетттерi байқалмайды

Эксперимент зерттеушiден арнайы дайындықты талап етедi: техникалық дағдылар, қарапайым тәсiлдерi

Әр түрлi құралдардыңкөмегiмен зерттелiнiп отырған балалардың жауаптарын сигнал арқылы берiлiп, зерттелушi балалардың мiнез-құлығына көңiл аудара қоймайды.

3. Лабораториялық эксперимент

Зерттеу арнайы құрылған бөлмеде өткiзiледi. Зерттеу үшiн әр түрлi құрылғылар мен құралдар қолданылады. Бұл жағдай балаға өте қызықты да таныс емес. Оның жасандығы баланың зерттеушiнi көре алмағандықтан көрiнедi.

4. Психологиалық-педагогикалық эксперимент.

Эксперименттiң бұл түрi педагогикалық психологияда кең таралған. (Лазурский)

Психологиалық-педагогикалық эксперимент баланы оқыту барысында зерттеуге мүмкiндiк бередi.

Психологиялық-педагогикалық эксперимент пайдалану барысында бiрнеше “срез” алынады, “срез” зерттелiп отырған құбылыстарды белгiлi бiр жағдайларға дейiн және кейiнгiсiн суреттейдi.

5. Тест әдiсi. Тест-бұл баланың белгiлi психологиалық құбылыстардың даму деңгеiн анықтайтын қысқа стандартты тапсырмалар. Тесттердi барлық балаларға бередi, оның стандартты нұсқауы, бiрегей материалы болуы тиiс. Оның шешiмдерi де анықталуы қажет. Олар белгiлi дайындалған шкала бойынша бағаланады.

+: +
-: -
+:

1. Бұл белгiлi бiр нормаға сәйкестендiру.

2. Тесттер қайталанып және салыстырмалы түрде топ балаларды зерттеуге мүмкiндiк бередi.

3. Тест әдiстiң нақтылығы мен қысқалығы тез уақытта үлкен сапалы материалды жинақтауға мүмкiндiк бередi.

4. Тесттi кез келген сауатты жантанушы өткiзе алады.

-:
  1. Алынған нәтижелердi сараптау.

Жинақталған материал белгiлi бiр өнiм құрайды, бұл өнiм өндеуден өтуi керек. Тек содан кейiн қандайда бiр заңдылықтар мен байланыстар пайда болады, оның зерттеуi зерттеу жұмыстың негiзгi мiндетi болып табылады.

Жинақталған материалдарды сараптау негiзгi 5 сатыдан тұрады:

Әр деректердiң талдауы: баланың жауаптары, оның әрекетi, пiкiрi, салынған суреттерi, жазба жұмыстары және т. б.

Бiрiншi талдаудың мақсаты зерттеу мiндетiне сай бола психикасының ерекшелiктерiн анықтау. Бiрiншi талдауда зерттеушi баланың қателiктерiне көңiл аударады. Алғашқы талдау алғашқы синтезге айналады. Қойылған талаптар мен баланың қателiктерi бiр-бiрiнен салыстырылып, жағдайлармен сәйкестендiру. Әр түрлi деректердi салыстыра отырып, зерттеушi қайталанып отырған қателiктердiң көңiлбөледi. Екiншi синтез алынған нәтижелерi бiр-бiрiменсалыстырылып алынады. Синтез барлық жағдайларды ескере отырып жасаланады. Сонымен, алынған нәтижелердi сараптау бұл аналмз бен синтез.

Қорытынды: Балалар психологиасы психология ғылымының бiр саласы болғандықтан бақылау әдiсi, эксперимент, лабораториялық эксперимент, психологиялық- педогогикалық эксперимент талдау әдiстерiн қолданады Бұл әдiстер бәрi де маңызды және керек әдiстер . Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе кесінді әдісі арқылы дамудың белгілі бір аспектісін зерттейді, мысалы, интеллектуалды даму деңгейін. Нәтижесінде осы топқа тән мәлімет алады. Бірнеше кесінді жасағанда салыстырмалы әдіс қолданылады: топтар бойынша мәліметтерді салыстырады.

Лонгитюдті әдіс “ұзақ уақытты зерттеу” деп аталады. Бір баланың дамуы ұзақ уақыт бойынша зерттеу. Зерттеуші зерттеу міндетін және оны шешудің негізгі жолдарын белгілеп отырып, өзінің жұмысында бірнеше қадам жасайды. Негізгі әдістерге, жалпы психология сияқты екі әдіс- бақылау және эксперимент.

Бақылау - кішкентай баламен жұмыс жасауда таптырмайтын әдіс. Баланың мінез-құлқының барлық ерекшеліктері қызықтырған кезде, тұтастай бақылау болады, бірақ көбінесе бақылау таңдаулы болады. Бақылау- күрделі әдіс, оны қолдануға бірнеше талаптар бар. Бір нақты қойылған мақсат және бақылаудың схемасы (бақылаушы ол нені көріп нені тіркеу керек екенін біледі және байқаған құбылысын тез суреттейді), объективтілік (фактілердің өзі әрекетте суреттеледі, фраза немесе баланың эмоционалды реакциясы), бақылаудың жүйелілігі (эпизодтық бақылауда балаға тән сипаттамаларды ғана емес, кездейсоқтық мезеттерді де көрсетуге болады) ; баланың табиғи мінез-құлқын бақылау (бала оны ересек адам бақылап отырғанын білмеуі керек) ;

Эксперимент- балалармен олар әдеттенгендей жағдайда өтуі керек. Констатациялаушы экспериментте бала дамуының ерекшеліктері және деңгейлері анықталады. Бұл баланың тұлғалық дамуына және қоршаған әлемге деген қатынасына және интеллектуалды дамуына қатысты. Тұлғаның дамуы баламен әңгімелесу, жазбаша сұрақтар және жанама әдістер арқылы зерттеледі. Соңғысына проективті әдістер жатады. Олар проекция принципіне негізделген, өзінің қажеттіліктерін, қатынастарын, қасиеттерін басқа адамдарға көшіру.

Бала бақша және мектептегі сыныптарда балалар арасындағы қарым-қатынасты социометриялық әдіс арқылы анықтайды. Интеллектуалды дамуы түрлі әдістер арқылы зерттеледі, ал ең бастысы-ол тестер стандартталған болуы керек. Балалар ісінің қорытындысына талдау жасау өзінше зерттеу әдісі болып саналады. Баланың іс-қорытындысына, мысалы, қыздардың тіккен кестелеріне, ұлдардың жасаған мүліктеріне т. б. негізделеді. Балалардың осы іс-қорытындыларына қарап, оның сол кездегі психикалық ерекшелігін дәл байқауға болады. Жас ерекшелік психологиясының негізгі зерттеу әдістерінің бірі- бақылау, оның түрлері. Эксперимент және оның түрлері, сынақ (тест) әдістер. әлеуметтік қарым-қатынасты зерттеу әдісі. Сауалнама, әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын зерттеу.

Негізгі ұғымдар: психикалық даму, даралық сала, онтогенез, жетекші іс- әрекет, әрекеттену, интеллект (ақыл-ой), ғылыми пәннің зерттеу объектісі. Проблемді ситуация, әдіс, теориялық, ойлау психологиялық білім, психодиагностика.

№3 Дәрісбаян тақырыбы: Психологиялық даму заңдылықтары

Дәрісбаян жоспары:

1. Баланың психикалық дамуы және факторлар. Негізгі ұғымдар. Даму, оқыту, тәрбие, қоршаған орта, тұқым қуалаушылық рөлі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Тәрбие мен оқыту жүйесінің дамуындағы психология. ролі және орны
Жас ерекшелігі психологиясы жайлы
Балалардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру
ХХ. ғ. Басындағы қазақ этнопедагогикасының негізін салушылар
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесін үйретудің әдістемесі
Қарым-қатынас психологиясы (дәрістер)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz