Ботаникалық ресурстанудың биология жүйесіндегі орны
Кіріспе
.Ботаникалық ресурстанудың биология жүйесіндегі орны
.Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі ролі.
.Ароматерапия эфир майлы өсімдіктерге негізделген емдеу тәсілдің маңызы.
I. Қазақстандағы өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және зерттеу тарихы .
1.1. Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеу деңгейлері.
1.2. Қ.Р. ботаника саласындағы зерттеу жұмыстарының негізгі этаптары.
1.3. Қазақстанда кездесетін эфир майлы өсімдіктердің түрлік құрамы және сипаттамасы.
II. Ізденіс жұмыстарының әдістемесі мен базасы.
2.1. Түркістан өңірінің табиғи . климаттық жағдайлары жане Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ.нің ботаникалық бауға жалпы сипаттама
2.2. Дәрілік өсімдіктердің шикізатын дайындау.
2.3. Түркістандағы эфир майлы өсімдіктердің негізгі түрлері және таралу заңдылықтары.
III. Эфир майлы өсімдіктердің емдеу саласында қолдану мүмкіндіктері.
3.1. Түркістан қаласындағы негізгі ауруларды емдеуде . ароматарапиялық тәсілдері.
3.2. Қорытынды
3.3.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан. Өсімдіктердің байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшін өсімдіктерді танып, олардың жеуге келетіндерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің өсетін жерлерін анықтап, оларды жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсілін меңгеру қажет болған.
Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан. Оның алғашқы негізін салған көрнекті, ертедегі грек философы Аристотель (біздің эрамызға дейін 384 – 322 жж) мен оның оқушысы және жақын досы Теофраст болған (біздің эрамызға дейін 371 – 286 жж). Олар өсімдіктердің алуан түрлілігі мен қасиеттері, егудің тәсілдері, көбею жолдары және шаруашылықта қолданылуы, географиялық таралуы жөніндегі мәліметтерді жинақтап кітап етіп жарыққа шығарды. Теофрастқа пайдалы өсімдіктердің 600 – дей түрі белгілі болған, олардың қатарына европаның өсімдіктерінен басқа шығыс елдерінен алып келген өсімдіктер де кірген.

1.Қожабеков М, Қожабекова Г.Дәрілік өсімдіктер.Алматы Қазақстан 1982ж.
2.Іскендіров Ә. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері.Алматы Қазақстан баспасы 1982ж. 146-1506.
3.Мырзағалиев Ө.М. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1991ж. 17-206.
4. Л.К.Сафина, Е.П.Петров.Жасыл аптека.Алматы Қайнар 1992ж. 176-1776.
5.Н.Шәріпбаев. Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігіне қолдану.Алматы Қайнар1988ж.51-61б.
6.С.Арыстанғалиев.Қазақстан өсімдіктерінің қазақша-орысша-латынша атаулар сөздігі.Сөздік-Словарь Алматы 2002ж
7.П.С.Массагетов.Өсімдік әлеміне саяхат.Алматы Қайнар 1988ж. 178-1796.
8.М.Оспанова,Ж.Лұқпанов.Өсімдік-жанға шипа, дертке дауа.Алматы Қайнар 1992ж.34-35б.
9.М.К.Кукенова.Лекарственные растения Казахстана и их использование Под научной редакцией члена-корреспондента.Алматы Ғылым 1996.33-43с.
10.Турова,А.Д.Сапожникова Э.Н.Лекарственные растения СССР и их применение.Москва Высшая школа.1987.128с,87-90с.
11.С.Субханбердин.Өсімдік-дәрі-дәрмек қоймасы."Қайнар" баспасы Алматы.1968ж. 130-1356.
12.М.Қажымұратов.Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер.Алматы Қайнар 1975ж.206б.
13.Қ.Сыбанбеков.Жасыл әлем сырлары.Алматы Рауан 1990ж.176б. 14.О.Абдрахманұлы.Өсімдіктер систематикасы.Алматы "Ғылым"ғылыми баспа орталығы,2003ж.231-2356.

-Ботаникалық ресурстанудың биология жүйесіндегі орны
-Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі ролі.
-Ароматерапия эфир майлы өсімдіктерге негізделген емдеу тәсілдің маңызы.
I. Қазақстандағы өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және зерттеу
тарихы .
1.1. Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеу деңгейлері.
1.2. Қ.Р. ботаника саласындағы зерттеу жұмыстарының негізгі этаптары.
1.3. Қазақстанда кездесетін эфир майлы өсімдіктердің түрлік құрамы және
сипаттамасы.
II. Ізденіс жұмыстарының әдістемесі мен базасы.
2.1. Түркістан өңірінің табиғи - климаттық жағдайлары жане Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ-нің ботаникалық бауға жалпы сипаттама
2.2. Дәрілік өсімдіктердің шикізатын дайындау.
2.3. Түркістандағы эфир майлы өсімдіктердің негізгі түрлері және таралу
заңдылықтары.
III. Эфир майлы өсімдіктердің емдеу саласында қолдану мүмкіндіктері.
3.1. Түркістан қаласындағы негізгі ауруларды емдеуде - ароматарапиялық
тәсілдері.
3.2. Қорытынды
3.3.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның
практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан.
Өсімдіктердің байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың
жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және
тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшін
өсімдіктерді танып, олардың жеуге келетіндерінен, жеуге
келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген.
Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің өсетін жерлерін анықтап, оларды
жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсілін меңгеру қажет
болған.
Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын
қалыптасқан. Оның алғашқы негізін салған көрнекті, ертедегі грек
философы Аристотель (біздің эрамызға дейін 384 – 322 жж) мен оның
оқушысы және жақын досы Теофраст болған (біздің эрамызға дейін 371 –
286 жж). Олар өсімдіктердің алуан түрлілігі мен қасиеттері, егудің
тәсілдері, көбею жолдары және шаруашылықта қолданылуы, географиялық
таралуы жөніндегі мәліметтерді жинақтап кітап етіп жарыққа шығарды.
Теофрастқа пайдалы өсімдіктердің 600 – дей түрі белгілі болған,
олардың қатарына европаның өсімдіктерінен басқа шығыс елдерінен алып
келген өсімдіктер де кірген.
Қазіргі уақытта ботаника үлкен көпсалалы ғылым болып
отыр.
Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген есімдіктерді және
олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын
жан – жақты зерттеу жатады. Осы өсімдіктер қауымдастықтары
орманның, шалғынның, шөлейттің өсімдіктер жабынын түзеді.
Өсімдіктердің структурасы мен өсу заңдылықтары олардың қоршаған
ортамен байланысын жер шарындағы жекелеген түрлердің және
тұтастай өсімдіктер қауымдастықтарының таралуымен, сол жерлерде
қаншалықты жиілікте кездесетіндігін; өсімдіктер дүниесінің шығу
тегі мен эволюциясын, оның алуан түрлілігінің себебтерін және
классификациясын; шаруашылыққа қажеттілігі жағынан құнды
өсімдіктердің (малға азық болатын, дәрілік, жеміс – жидек,
көкөністік, техникалық және басқа да өсімдіктерді) табиғи
қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың
жүйесін, мәдени жағдайға өндірудің (интродукция) жолдарын
қарастыру болып табылады.
Жер бетіндегі адамдардың саны күн санап артып келеді.
Мысалы, 1921 – ден 1930 жылдардың арасында жер шарындағы адамдардың
саны 11% - ке, ал 1951 – ден 1960 жылга дейін 19% - ке көбейген.
2010 жылы біздің планетамызды мекендейтін адамдардың саны 6,5
млрд. – қа жеткен, ал 2025 жылы бұл сан 9 млрд. – қа дейін
өседі деген жорамал бар. Сондықтанда, алдағы 15 жылдың
ішінде, тамақ және фармоцевтика өнімдерін кем дегенде екі есе
арттыру қажет. Бұл проблеманы шешу үшін ботаниктер басқа да
биологиялық ғылымдардың комплексінің арасында творчествалық
байланыстар орнату қажет.
Жыл сайын биология мамандары өсімдіктердің жаңа
түрлерін ашады және пайдалы: малға азық болатын, эфир
майлары алынатын, дәрілік және техникалық өсімдіктерді мәдени
жағдайға ауыстырады. Табиғи және мәдени өсімдіктердің
ресурстарын пайдаланудың масштабы мен комплекстігі, сол елдің
мәдениеті мен егін шаруашылығының жалпы деңгейін көрсетеді.

Қазақ халқы табиғат қорғау мәселесіне ертеден мән берген. Елім бай болсын
десең жеріңнің бабын тап - деген қағиданы еске ұстаған ата-бабамыз жыл
маусымдарына байланысты сай көшіп, орын ауыстырып отырған. Мұның мәнісі
жердің шөбін қалпында сақтап, қорын азайтпауда жатыр. Ал шөптің шипалық
сырын білетін адамдардың өз сырын жарияламауы, шөптің өскен жерін
көрсетпеуі өзімшілдік емес, ол бағалы шөпті сақтауға байланысты.
Кең байтақ қазақ жерінде заңғар таулар мен құм шөлдер, сыңғырлаған
бұлақтар мен айдын көлдер, ұшы-қиырына көз жетпес далалар мен қопырыла
көшетін құмдар, тақтайдай тақырлар мен ит тұмсығы өтпейтін ормандар да
кездеседі. Осындай алуан түрлі табиғаты бар жердің 3,3 процентін орман
алып жатыр. Қазақстанның өзінде ғана орман-тоғай көлемі 21,5 миллион
гектар. Бұл Қазақстан Россия Федерациясынан кейін екінші орында деген сөз.
Республика территориясында 6 мыңдай жабайы өсімдіктер түрлері кездеседі.
Сол өсімдіктердің 500 ге жуығы шипалық қасиетімен ерекшеленеді.
Сондықтан бүгінгі таңда дәрілік өсімдіктерді зерттеушілердің алдында үлкен
мақсат пен міндеттің негізгісі агротехникалық жолмен мәдени жағдайларда
баптап өсіру болып табылады.Бұл шара Қазақстанның фармацептикалық өндірісін
қажетті шикізатпен қамтамасыз етеді және жойылуға қаупі бар жабайы дәрілік
өсімдіктердің генофондын сақтап қалуға мүмкіндік туғызады.
Дүние жүзілік денсаулықты сақтау ұйымының жарғысында: “Денсаулық-адамның
саулығы мен оның дене мүшесінің кемістіксіз өсіп жетілуі ғана емес,бұл-
адамның рухани,әлеуметтік жағдайлары мен барлық іс-әрекетінің қалыпты күйде
болуы”деп жазылған.Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың
денсаулығы деп бөледі.Жеке адамның денсаулығын яғни,оның физиологиялық және
биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жасына,жынысына сондай-ақ
климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес бүкіл елдің
қасиетті парызы.Өсімдік-тіршілік көзі. Біздің өлкеміз дәрі-дәрмек
қоймасы.Сондықтан сан алуан шипалы өсімдіктерді білу,оның түр-түсін
ажырату,мезгілінде жинап,кептіріп,олардан дәрі-дәрмек дайындауды жалпы
меңгеру қажет.Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтауға,
отбасының қаражатын үнемдеуге,табиғат байлығын қорғауға көмектеседі.
Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап,
кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары
сөзсіз.
Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері,оларды кеңінен
пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу-
фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін
дәрісіз емды жасауды дәрілік өсімдіктерді іздеуіміз керек. Өсімдіктер
сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай
білудің өмірлік маңызы зор.”Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде
өсіп тұр”деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде
өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Сонымен қатар
химиялық тәсілмен жасалатын дәрі-дәрмектерге қарағанда дәрілік
өсімдіктердің артықшылығы өз алдында.
Дүние жүзіндегі барлық дәрілердің шежіресіне көз жіберсек, жүрек ауруын
емдейтін дәрілердің 77%, ішек-қарын, бауыр дәрілерінің 74%, қақырық
түсіретін дәрілердің 73%, рахитке қарсы дәрілердің 62% тек қана
өсімдіктерден алынады.
Өсімдік-адам үшін азықтың қайнар көзі.”Сенің денеңнің қуаты-өсімдіктің
шырынында”деп медицинасы ілгері дамыған Қытай елінің дәрігері Шин Нон бекер
айтпаса керек.
Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына ертеден белгілі. Дәрілердің барлығы
дерлік өсімдіктерден алынады. Әйгілі ғалым және дәрігер Ибн Сина 700-ге
жуық өсімдіктердің емдік қасиеті бар екенін анықтаған. Ол “Дәрігерде үш
қару бар. Олар:сөз, өсімдік және пышақ ”. Дәрілік өсімдіктерді халық өмір
шөбі деп те атайды, сонымен бірге “әр аурудың өз шөбі бар”деген. Осы
айтылғандардан-ақ емдік қасиеті бар өсімдіктерді халық өте ерте заманнан-ақ
қолдана бастағанын аңғаруға болады.
Өсімдіктерден алынған дәрілік препараттар химиялық жолмен алынған
дәрілерге қарағанда адам ағзасындағы жасушалардың құрамына біртабан жақын.
Дәрілік өсімдіктің шипалық қасиеті әр мүшелерінде болады. Биология,
медицина, фармокология және фармокогнозия ғылымдарынан хабары жоқ кезде
де,халық өздеріне белгілі өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтары және буын-
бұтақтарын,дәрі-дәрмек орнына пайдаланып келген.
Қазіргі кезде Қазақстанда өсетін 100-ден астам шөп түрлерінен дәрілер
дайындалады.
Дәрілік өсімдіктердің топырақ астында жататын түрлерін-тамырын, тамыр-
сабағын, түйнегін және жуашығын вегетацияның ақырында, күзде немесе
көктемде вегетация басталғанша жинап алған дұрыс. Бұл кездерде оларда әсері
күшті заттар мол болады. Қазіргі таңда Республикамызда Денсаулық сақтау
министрлігінің фармакологиялық комитеті халық арасына кеңінен таратуға және
емдеу мақсатында қолдануға, ал оның препараттарын өндірістік жолмен жасауға
рұқсат етеді. Сөйтіп көптеген өсімдіктер халық медицинасынан ғылыми
медицинасынаға көшеді. Мәселен, осындай байқаудан өткен, жүрек-қан тамыры
ауруларына қарсы қолданылып жүрген препараттардың 80%-тен астамы дәрілік
өсімдіктерден алынған.
-Ароматерапия-эфир майлы өсімдіктерге негізделген емдеу тәсілдің маңызы.
Эфир майлары– ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы; тамақ
өнімдерінің хош иісін құрайды. Оның құрамында көмірсутектер, әсіресе
терпендер, спирттер, фенолдар, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер,
сондай-ақ кейбір гетероциклді қосылыстар болады. Эфир майлары көптеген
өсімдіктерде кездеседі және олардың бәрінде де эфир майларына тән ерекше
иісі болады. Эфир майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда нашар, көбі іс
жүзінде ерімейді. Эфир майлары өсімдіктердің 150 – 200-ге жуық түрлерінен
алынады. 1500-ден астам эфир майлары зерттелген. Олардан 500-ден аса
қосылыстар бөлініп алынды, жеке эфир майлары құрамында 5 – 20 түрлі
қосылыстар болады. Эфир майлары өсімдіктердің жапырағы, сабағы, гүлі,
тамыры, т.б. органдарында бос күйінде немесе гликозидтер түрінде болады.
Олар өсімдіктерден су буымен айдау, төмен температурада қайнайтын
еріткіштермен шаймалау және қысу, т.б. әдістер арқылы алынады. Эфир майлары
қалыпты температурада мөлдір, оңай қозғалатын немесе тұтқыр, түссіз немесе
сары, жасыл, қоңыр сұйықтық. Ауада жарық әсерінен тез тотығады, шайырланады
және өзінің иісін өзгертеді. Ароматерапия – бұл тыныс жолары арқылы ағзаға,
теріге және (немесе) кілегейлі қабықтарға енетін табиғи эфир майларын
қолдана отырып, емдеу әдісі. Адамзат табиғи эфир майларының айрықша
әсерімен, олардың емдік және тазартқыштық қасиеттерімен және қайталанбас
хош иісімен 6000 жылдан бері таныс. Қазіргі уақытта ароматерапия өнері
бүкіл әлемге тарады. Біз көне даналыққа жүгіне және өзіміз үшін хош иісті
майлардың жағымды әсерін қайта аша отыра, бүгінгі өмірде жоғалтқан тепе-
теңдіктіалуға ұмтыламыз. Күйзелістер, қоршаған ортаның ластануы, дұрыс
тамақтанбау, мазасыздық, сонымен қатараз қозғалатын өмір салты дене мен
жанға зиянды әсер етеді. Ароматерапия өнерін иіс сезумен түйсінуге және жан
мен тәннің жарасымдылығын қалпына келтіруге әсер ете отыра, таза хош иісті
майлардың құдіреті пайдаланады. Қытай, Үндістан, Персия, Египет сияқты
елдерде эфир майларын пайдалану тарихы сонау көне заманға кетеді. Көне
Египет ақиқатында көне ароматерапияны пайдалану мен дамытудағы ұлы өркениет
болды. Хош иіс көне египеттіктердің күнделікті өмірінде кең қолданыс тапты.
Оны үйде ауаны тазарту, дене терісін күту, хош иіс ваннасын даярлау,
жайманы хош иістендіру үшін пайдаланды, сондай-ақ тамақ пен шарапқа қосты.
Көне египеттік балгерлер оларды, жиналғандарды өз еркіне бағындырып,
олардың санасына белсенді ықпал ету үшін діни рәсімдер кезінде пайдаланды.
Гиппократ көптеген ауруларды емдеген кезде өз емделушілеріне күн сайын хош
иіс ванналарын қабылдауға және осы майлармен сылап-сипауға кеңес берді. Тек
тұрмыста ғана емес, медицинада да эфир майлары қолданылды. Эфир майларын
алу мен қолдану құпиялары тек таңдаулыларға ғана белгілі болды,сондықтан
хош иістердің емдік қасиеті жарылқаушының ісі және тек дін жолына түскендер
үшін ашылады деп саналды. Шығыс елдерінде хош иісті пайдаланудың өз дәстүрі
қалыптасты. Үндістанда хош иістер
жанды ашады және ақылды бағыттайды деп санады. Храмдарды салған кезде,
мысалы, лайға құпия рецептке сәйкес эфир майларын қосты, бұл ғимараттағы
ауаны тазартуға ықпал етумен қатар, тыныштыққа, ойлау мен ілімге жүгінген
салқындық ахуалын жасады.
Бүкіл тарих бойында эфир майлары байлықтың бейнесі болды және бағалы
сыйлықтар ретінде қабылданды. Өкінішке орай, ароматерапияның көптеген
құпиялары емдік өнер ретінде ұлы империялармен бірге мәңгілікке кетті.
Сондықтан көп жайтты қайтадан ашуға туралы келеді. ХХ ғасырдың басында
француз химигі Рене Морис Гаттфосс өз зертханасында сынақ жүргізген кезде,
кездейсоқ қолын күйдіріп алып, оны лаванда майы құйылған, қасында тұрған
ыдысқа салған. Таңқаларлығы, оның қолындағы күйік әдеттегіден гөрі, біршама
тез жазылған және ешқандай тыртық қалмаған. Бұл Гаттфоссты қызықтырып, ол
лаванда майының қасиетін барынша мұқият зерттей бастады. Ароматерапия
терминін нақ осы Гатфосс ұсынды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тимьян мен лаванда эфир майлары оқтан
болған жараларды емдеу мен аспаптарды тазалау үшін пайдаланылды. Табиғи
антибиотик бола отыра, эфир майлары бактерия мен вирусты жай ғана өлтірумен
қатар, иммундық жүйені көтермелейді. Біз шарасыз жағдайларда
антибиотиктерді жиі қабылдаймыз. Ал эфир майының емдік қасиетін басқа қай
жерде пайдаланған жақсы. Ароматерапияның көне заманның ұлы өркениетінде
шешуші рөл атқарғандығына қарамастан, қазір бұл дәстүрлі медицинаның
өткенге қайтып оралуы емес. Бұл спираль бойынша жаңа орам сияқты: хош
иістер туралы ғасырлар бойы белгілі және тексерілген мәліметтерді пайдалану
және адамның биологияға терең біліміне, жоғары ғылыми деңгейге негізделген
жаңаларын енгізу. Ароматерапия – бұл көптеген аурулардың алдын алу мен
емдеудің тамаша, дана, толық ғылыми әдісі. Әрине, ароматерапия классикалық
медицинаны оның дәрі-дәрмек құралдарының орасан зор көлемімен айырбастай
алмайды. Бәрінің өз орны бар. Алайда, дәрі-дәрмек құралдарын қолдануды
жоққа шығармай, біз бірқатар емдеу үрдістерінің алдын алу мен емдеуінде
дәрі-дәрмек құралының алдында өсімдіктердің биологиялық белсенді заттарының
сөзсіз артықшылығы туралы айта аламыз. Эфир майларын пайдалану ауруды
жеңуге, денсаулықты нығайтуға және барлық қатынаста оны пайдалануға
мүмкіндік береді.
Біздің елде - биология бағытында мемлекет тарапынан
үлкен міндеттер айқындалады. Сондықтанда ғылым мен техниканың
жетістіктерін пайдаланып ботаникалық ресурстану халықтың әл – ауқатын
жақсарту мақсатында орынды пайдалануға тиістіміз.
Ботаникалық ресурстарды жүйелеу бірнеше сатылардан өтті,
бірақ қазіргі таңда 1973 жылы А.А. Приступтың ұсынған
классификациясы қолданылады. Мұнда 118 тұқымдасқа жататын 1000
нан астам өсімдіктер сарапталған. Қазіргі күнде мәдени
өсімдіктер үлкен 19 топқа топтастырып қарастырылады.
1. Астық тұқымдастар (нанды өсімдіктер)
2. Қантты өсімдіктер
3. Инулинге бай өсімдіктер
4. Белокқа бай өсімдіктер
5. Майлы өсімдіктер
6. Дәрілік өсімдіктер
7. Техникалық өсімдіктер
8. Жеміс-жидекті өсімдіктер
9. Субтропик пен тропиктің жемістері
10. Жаңғақ жемісті өсімдіктер
11. Көкеністі өсімдіктер
12. Хош иісті өсімдіктер
13. Эфирлі майлы өсімдіктер
14. Наркотикалық өсімдіктер
15. Мал азықтық өсімдіктер
16. Талшықты өсімдіктер
17. Смола түзуші өсімдіктер
18. Илік заты бар өсімдіктер
19. Каучук түзуші өсімдіктер
Сонымен, эфир майлы өсімдіктер медицинада және өндірісте кеңінен
пайдаланады, жылдан-жылға эфир майлы өсімдіктерге сұраныс артуда.
Қазақстанда эфир майлы өсімдіктері толык зерттелген жок. Көп зерттелген
аймақ - Оңтүстік Қазақстан облысы.
Қазақстанның территориясында, әсіресе Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және
Шығыс аудандарында табиғи фитоценоздар құрамында өте мол эфир майлы
өсімдіктер кездеседі.

Пайдалы өсімдіктер туралы ғылымның дамуы ерте замандағы Қытай, Египет,
Рим, Греция және Шығыс Арабия тарихына, мәдениетіне тығыз байланысты.
Ресейде әртүрлі пайдалы өсімдіктер туралы алғашқы мәліметтер дәрілік және
хош иісті өсімдіктерге байланысты екендігіне әдебиеттегі мәліметтер айқын
көрсетеді.
Қазақстанда пайдалы өсімдіктерді пайдалану, олардың ішінде, әрине
бірінші ретте дәрілік өсімдіктер пайдалану Шығыс және Батыс елдерінің
медицина мектептерінің әсеріне байланысты болды. Мысалы, Қазақстанның
оңтүстік аудандарына Иран, Ауғанстан, Үндістан сияқты елдердің әсері бар.
Оған қосымша Қазақстанда Европа елдерінде белгілі көптеген шипалық қасиеті
бар заттар да қолданылады. Сондықтан шетелдерден әкелінетін шикізаттарды
алмастыру қажет болды, осы қажеттілік нәтижесінде Қазақстан флорасында
көксағызды (каучук) илік заттары бар шырышты өсімдіктер табылды.
Қазақстан флорасында халық медицинасында кеңінен белгілі шипалық
қасиеті бар өсімдіктерді, әсіресе, жүрек-қан тамырлары, өт айдайтын, ісікке
қарсы қолданылатын өсімдіктерді іздеуге үлкен көңіл бөлінді.
Сонымен, ресурстануды өз алдына дербес ғылым саласы екендігі
дәлелденген деп санауға болады. Өсімдіктер ресурсы деген терминді
А.Федоров (1966) былайша түсіну керек деп санайды. Өсімдіктер ресурсы
дегеніміз - бүкіл флорадағы және жер шарындағы өсімдіктер жамылғысында бар
потенциалдық байлық.
Д.С. Ивашиннің (1969) анықтамасы бойынша Өсімдіктер ресурсы -
ботаникалық ресурстанудың зерттеу объектісі, ол объект өсімдіктер
құрамындағы заттарын, яғни бүкіл флора және өсімдіктер жамылғысындағы бар
байлықты қамтиды.
Әрине, А. Федоровтың (1966) өсімдіктер ресурсына берген анықтамасы Д.Р.
Ивашиннің (1969) анықтамасымен салыстырғанда анықтау, айқын және қысқаша,
сондықтан қолайлылау. Ресурстар деген терминді (өсімдіктер ресурстары
емес) пайдалы өсімдіктердің жеке топтарына қатысты пайдалануға болады.
Мысалы, дәрілік өсімдіктер ресурстары. Ресурс деген терминді Қоры
деген түсінікпен шатастыруға болмайды. Яғни, Ресурс, Қоры синонимдер
емес. Ресурс термині кеңірек, толығырақ, ол пайдалы өсімдіктердің сандық
және сапалық сипаттамаларын қамтиды.
Ал Федоров (1968) ботаникалық ресурстану ғылымына кеңірек сипаттама
береді. Ботаникалық ресурстану:
1) халық шаруашылығында және медицинада маңызы бар әртүрлі-өсімдіктерді
тауып айкындайды;
2) өсімдік құрамындағы әртүрлі заттарды, қосылыстарды зерттейді;
3) пайдалы өсімдіктердің табиғаттағы алабын (массивті) зерттейді;
4) мәденилендірудің биологиялық негізін жасайды. Ботаникалық
ресурстану - өзінің зерттеулерін әртүрлі деңгейде жүргізеді. Мысалы,
молекулалық, ұлпалық, мүшелік, организмдік популяциялық, түрлік,
ценотикалық, биогеографиялық. Молекула деңгейінде ботаникалық ресурстану
мәселелері химия және биохимия жәрдемімен шешіледі.
Клетка және ұлпа деңгейінде анатомия, гистохимия және эмбриология
көмегімен шешіледі.
Мүшелер деңгейінде - морфология көмегімен, организм деңгейінде -
физиологиялық және өсімдік шаруашылығы туралы ғылымдар көмегімен, популяция
деңгейінде – тәжірибелік систематика көмегімен, түрлік деңгейде -
систематика және филогения көмегімен, ценогенетикалық деңгейде -
фитоценология көмегімен зерттеп шешіледі.
Бұл жоғарыда айтылғаңдардан Ботаникалық ресурстануда өте кең спектрде
өте нәзік химиялық анализден жер шары өсімдіктері жамылғысын жинақтап
қорытуға дейінгі әдістер және тәсілдер пайдаланатынын айкын көруге болады.

Ресурстану - ботаника ғылымының жас бір саласы. 1917 жылға дейін
Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ деп
айтуға болады.
Қазақстанда ботаника саласындағы зерттеу жұмыстарын екі кезеңге бөлуге
болады:
1) Бірінші кезеңге Ресейдің Европа бөлігінен келген (Петербург, Мәскеу
жэне т.б.) ғалымдардың ұйымдастырып жүргізген жұмыстарын жатқызуға болады;
2) Екінші кезең 1920 жылдан басталады деуге болады. Бұл кезеңге
жергілікті Орта Азияның және Қазақстанның ғылыми мекемелерінің. әсіресе
КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы ашылған филиалының жұмыстарын
жатқызуға болады.
1917 жылға дейін Ресейде өсімдіктер байлығы өте аз және тиімсіз
пайдаланылды. Ол кезеңде Ресейде белгілі дәрежеде тек орман өндірісі
дамыған еді.
Ресейде табиғи шалғындықтар және жайылымдықтар кеңінен зерттелді және
іргелі еңбектер жарияланды. Мысалы, бұл саладағы іргелі еңбектерден
Шабындық және жайылымдық деген кітап 1950-1958 жылдары ғана жарияланды.
Авторлары - И.В. Ларин. И.В. Цаценкин, Т.А Работнов. Басқа топтардың
өсімдіктері салыстырмалы аз зерттелді және пайдаланылды. Дәрілік өсімдіктер
аз зерттелгенімен жиналды, тіпті кейбір түрлері екпе жағдайда өсіріледі.
1920-1930 жылдардан бастап өсімдіктер ресурстарын зерттеу және игеру
жоспарлы, жүйелі түрде жүргізілді. Мысалы, 1921-1962 жылдары химия-
технология анықтамасының 12 томы баспадан шықты. 1934 жылы КСРО Ғылым
академиясының Ботаника институтында (Ленинград) алғаш peт Өсімдіктер
ресурстары деген бөлім ашылды. Ол бөлімді Б.Н.Кропотов басқарды. Алғашқы
кезде бұл бөлім талшықты өсімдіктерді іздеумен айналысты, ол үшін арнайы
технологиялық лаборатория ашылды. Кейінірек бұл бөлім нағыз ресурстармен
айналысатын болып одақтық республикаларда осы салада жұмыс жасайтын топтар,
содан кейін лабораториялар ашылды. Мысалы, Әзірбайжанда А.А. Гросгеим және
т.б., Түрікменстанда О.А. Эндем, В.Н. Минервин, Л. В. Вегезин және т.б.,
Өзбекстанда В.С.Титов, Ф.И. Русаков және 7.6., Қырғызстанда И.В. Выходцев,
М.М. Советкина, Е.В. Аикитина, Қазақстанда Н.В. Павлов, В.П. Михайлова,
Сібірде В.В. Реиердатто және т.б., Украинада М.И. Котов және т.б. ғылыми
жұмыстарға жетекшілік етеді. Сол ғалымдардың еңбектерінің нәтижесінде
өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары алға қарқынды дамып. ботаникалық
ресурстану саласында әртүлі мектептер, коллективтер және жаңа зерттеу
орталықтары өмірге келді.
1935 жылы Ташкент қаласында ғылыми - зерттеу конференциясы өткізілді.
Бұл конференцияда қабылданған пайдалы өсімдіктер классификациясы туралы
жоғарыда айтылды.
1938 жылдан бастан КСРО Ғылым академиясының (Ботаника институтының)
өсімдіктер шикізаты бөлімі Растительное сырья деген атпен ғылыми еңбектер
сериясы шығарыла бастады.
1917-1941 жылдар арасында зерттеушілер, негізінен пайдалы өсімдіктердің
келесі топтарына көңіл аударылды.
Көксағыз, гуттаперчалы, қарамайлы, эфир майлары, шипалы-майлы,
талшықты, бояулы, целлюлоза-қағазды, сүректі, дәрілік,-инсектицидті және
т.б. барлығы 19 топ. Осы бағыттарда жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде
жаңа отандық өсімдіктер табылып анықталды. Ресурстанушы мамандардың жаңа
ұрпағы өмірге келді.
Әсіресе, атақты ғалымдар Н.И. Вавилов, П.М. Жуковский. М.Г. Попов
басшылық еткен Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институты үлкен үлес қосты.
Шикізатты зерттеу сипаты және бағыты алға қойған міндеттерге тікелей
байланысты.
Соғыс жылдары жабайы өсетін тағамдық және дәрілік өсімдіктерді іздеуге
көбірек көңіл бөлінді. Соғыстан кейін ботаникалық ғылыми мекемелердің
жұмыстары бұрынғыдан жандана түсті. Бірнеше ірі іргелі жинақтар,
монографиялар жарияланды. Мысалы, 1948 жылы КСРО Ғылым академиясының
Ботаника институтында Өсімдіктер ресурстары бөлімінің қызметкерлері
Методика полевого исследования сырьевых растении деген әдістемелік
құралды баспадан шығарды. Бұл еңбекте пайдалы өсімдіктерді зерттеудің
негізгі тәсілдері келтірілген.
1950 жылы КСРО-да бірнеше рет ірі - ірі экспедициялар ұйымдастырылды.
Экспедициялардың негізінде төменгі нәтижелерге қол жеткізілді:
1) тропикалық астрагалды, илік өсімдіктерді зерттеумен айналысты. Бұл
жұмыстарды, мысалы Өзбекстанда -В.П. Дробоков, X. Чеврениди,
К.З.Закировтар, Қазақстанда -В.П. Михайлова және т.б., Украинада -
А.И.Закордонец, С.С.Харкович, Белоруссияда - Н.В.Смолзско, Литвада
-И.А.Титинс, Сібірде В.И.Кузьмин жүргізді.
2) дәрілік өсімдіктерді зерттеу ауқымы кеңейді. Әсіресе, шипалық
қасиеттері бар табиғи қосылыстарды зерттеу күшейтілді. Мысалы,
алкалойдтарды, флавоноидтарды, кумариндерді, сесквитерпенді, лактондарды
және т.б. Бұл жұмыстар, негізінен, Бүкілодақтық дәрілік өсімдіктер
институтында А.Г.Кондратенко, И.А.Губанов, В.Б.Куваев, А.И. Шретер,
М.Г.Пименов және т.б., Харьков фармацевтикалық институтында М.А. Антарсков,
Л.И. Хаджай, Д.Г.Колесников, И.Г.Зоз, И.Ф. Комиссаренко және т.б.,
Өзбекстанда Ғылым академиясының өсімдік заттарының химиясы институтында
Н.С.Абубакиров, Ю.Юнусов және т.б., КСРО Ғылым академиясының Ботаника
институтында Г. В. Пигелевский, Н.П. Кирьяков, И.С. Катина және т.б.
Армения ботаника институтында Г.З.Золотинцкая, Әзірбайжан ботаника
институтында И.М.Исмайлов, Қазақстан Ғылым академиясының Ботаника
институтында Л.К. Клышев, А.С. Алюкина және т.б. Ленинград химия-
фармацевтика институтында А.Ф.Гаммерман жүргізді. Мұндай бағыттарда
жұмыстар ботаника бақтарында, жоғары оқу орындарында жүргізілді.
3) көптеген жұмыстар мияның (Glycyzzhiza) глициризинді түрлерін
зерттеуге арналады. Мысалы, Т.П. Надеждина (Ботаника институты, Санкт-
Петербург), М.М. Михаилов (Әзірбайжан ботаника институты), А.И. Исембаев,
Э.В. Кузьмин, Б.Н. Сауранбаев, Д.К. Абдрахманов (Қазақстан ботаника
институты), К.З. Закиров, С.Х. Нугманов, А.Б. Бахиев, О.А. Ашурметов
(Өзбекстан ботаника институты).
4) 1950-1960 жылдары эфир майлы өсімдіктерді табу компоненттік құрамын
зерттеу жұмыстары жалғасын тапты. Мысалы:
1) М.И. Горяев 1952 жылы Эфирные масла флоры СССР деген еңбегін
жариялады (Алматы, 312 бет);
2)Н.Л. Гурвич 1960 жылы Опыт классификации эфирно-масличных растении
деген еңбегін жариялады (БИНАН СССР).
Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі 2 жолын көрсетуге болады:
1) шетелдерден сатып алынатын өнімдерді алмастырушыларды Қазақстанда
табу;
2) зерттелуші өсімдіктерден тек басқа өсімдіктер құрамында белгілі жаңа
заттарды ашу.
Бірінші жағдайда ғылыми жұмыстардың алғашқы кезеңдері лабораторияға
байланысты, өйткені ол аналитикалық химияны қолданып шетелден алынатын
өнімдердің құрамын анықтау және оларды алмастыратын заттарды Қазақстанда
өсетін өсімдіктерден де табуға бағытталған. Бұл бағытта жүргізілген
жұмыстардың нәтижесінде, мысалы, КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда көк
сағызды және илік затты өсімдіктердің кеңінен зерттелуін айтуға болады.
Өйткені Ұлы Отан соғысы кезінде шетелдер КСРО-ға көксағыз және илік заттары
бар өнімдерді сатудан бас тартты. Соған байланысты оларды алмастыратын
заттарды тез арада өзімізден табу керек болды. Қазақстанда көксағызы бар
өсімдік Scorzonera (таусағыз) Asteraceae тұқымдасынан табылды.
Илік заттарды іздеуде өз нәтижесін берді, табиғи флорадағы өсімдіктер
ішінен қажетті өсімдіктер түрлері табылды. Олар туралы арнайы илік заттарға
айналған тарауда айтылады.
Екінші жағдайда медицина және ауыл шаруашылығына қажеттілігін ескере
отырып, флораға инвентаризация жасалып, керекті белсенді заттар ізделді.
Бұған төменгі сараптауларды жатқызуға болады:
1) этноботаникалық мәліметтерге анализ жасауды жатқызуға болады. Яғни
жергілікті халық кейбір ауруларды емдеу үшін пайдаланатыны туралы
мәліметтерді жинап, анализ жасау;
2) ресми қабылданған дәрілік өсімдіктерге жақын өсімдіктер түрлерін
зерттеу. өйткені ол өсімдіктерде сондай биологиялық белсенді заттарды
синтездеуі мүмкін.
Кез-келген жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеу мынадай
мәліметтерді қамту керек.
1) ең алдымен дәрілік өсімдік туралы және оның қасиеттері туралы
мәліметтер жиналады, мысалы әртүрлі әдебиеттерден оның таксаномиясы
анықталады.
2) өсімдік түрінің немесе оған жақын түрлердің химиялық құрамы,
фармакологиясы туралы мәліметтер жиналады;
3) өсімдік түрінің экология-фитоценологиялық ерекшеліктері туралы,
географиясы туралы мәліметтер жиналады;
4) табиғатта өсімдік немесе оның жеке мүшелерінің үлгілері алынып
олардың құрамындағы шипалық қасиеттері бар заттарға химиялық анализ
жасалады;
5) фармакологиялық сынақтан өткізіп, препарат өндірудің технологиясы
жасалады;
6) табиғи фитоценоздар жағдайында өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
жан-жақты зерттеледі, әсіресе өсімдіктің экология-фитоценотикалық
бейімдеушілігіне көңіл аударылады;
7) табиғаттағы фитоценоздарда қажетті өсімдіктің доминант екендігі
анықталып, фитоценоздарға және өсімдік популяцияларының жастық құрамына
сипаттама беріледі. Экологиялық және фитоценотикалық оптимумдары
анықталады.
8) биологиялық және өндірістік қорлары анықталады.
9) табиғаттағы қоры тиісті категорияға жатқызылады. Негізгі үш
категориялар бар:
1) Зерттелуші түрдің жер бетін жабу процесі 20% болса сор3
(пайдалануға ыңғайлы жерде); 2) 5-14 % болса сор2 (пайдалануға №1 қарағанда
ыңғайсыздау); 3) 1-4 % болса сор1 ( жинауға өте қиын жерде).
Өте жиі медицинада немесе ауыл шаруашылығында пайдалануға перспективалы
кейбір өсімдік түрлері табиғатта қалың болып өспейді, яғни әр жерде біреуі,
жинауға қолайсыз жерлерде өседі. Мұндай жағдайларда ол өсімдіктерді екпе
жағдайда өсірумен айналысу керек. Екпе жағдайда өсіру де оңай емес, ол үшін
тұқымды себу нормасын, кезеңін және алғашқы агротехникасын игеріп білу
керек. Бірнеше жыл осы өсімдіктің өсу және даму ерекшеліктерін зерттегеннен
кейін, оның шикізатының және тұқымының химиялық құрамы табиғи
фитоценоздарда және екпе жағдайында салыстырмалы зерттеліп, оның таза
жағдайда бейімдеушілік мүмкіншіліктері анықталады. Тек содан кейін оң
мәлімет алынса, өндірістік плантациялар жасауға, көшуге болады. Сонымен,
өндірістік плантациялар жасау - көпжылдық еңбек сіңіруді қажет ететін
процесс.

Пайдалы өсімдіктердің ішінде эфир майлы өсімдіктер маңызды орын алады.
Өйткені олар косметикада, парфюмерияда, тағамдық және фармацефтикалық
өндірісте, яғни медицинада кеңінен пайдаланылады.
Эфир майлы өсімдіктер шикізатына сұраныс тұрақты өсуде. Әдебиеттердегі
мәліметтер бойынша егер, мысалы 1984 жылы 226,5 мың тонна эфир майлы
өсімдіктер шикізаты дайындалса, 1990 жылы 350 мың тонна, 2002 жылы 700 мың
тонна шамасында қажет болды. Осылайша сұраныс жылдан - жылға өсуде. Эфир
майларын өндіру мәдени өсірілген өсімдіктер плантацияларынан жиналатын
болғандықтан, ең жақсы деген дүниежүзілік генефондты пайдаланып, әртүрлі
сорттар және гибридтер алудың манызы өте зор. Қазіргі кезде, әрине үлкен
перспективасы бар деп биотехнологиялық жұмыстарды айтуға болады. Яғни,
биотехнологиялық тәсілдерді, клетка, ұлпа және мүше культурасын пайдаланып
жаңа шикізаттар алу.
Орта Азия флорасындағы эфир майлы өсімдіктер әлі жеткіліксіз
зерттелген. Алғашқы ірі зерттеу жұмыстарын Орта Азия мемлекеттік
университетінің ботаникалық бақтарының қызметкерлері 1930-1931 жылдары
жүргізді. Олар өз жұмыстарын Гиссар жотасында (Тәжікстан) және Талас
өзенінің ортаңғы ағысында (Қырғызстанда) жүргізеді.
Экспедициялық жағдайда эфир майлы 75 өсімдіктің сипаттамасы берілді.
1938 жылы Шатқал экспедициясында эфир майлы өсімдіктерді сипаттауға
қосымша өсімдіктердің әртүрлі мүшелеріндегі олардың (яғни эфир майларының)
мөлшері анықталды. Ортa Азияның жабайы өсетін хош иісті өсімдіктері ішінде
Artemezia absinthium L (ащы жусан - полынь горькая); Artemizia аnnuа L
(біржылдық жусан - полынь одналетная); Artemizia cina L Beng ex. Poljak
(дәрмене жусан - полынь цитварная) ерекше аталып көрсетілді.
Т.П.Березовская (1968, 1970) Сібірде өсетін жусан түрлеріндегі эфир
майларының химиялық құрамын зерттеді. Сібір территориясында жусанның 63
түрі кездеседі. Березовская олардың ішінде Таулы-Алтайда өсетін жусанның
екі түрінің эфир майларын зерттеген. Т.П.Березовская (1976) эфир майларында
6,5% азулен болатындығын анықтады. Эфир майларын жинақтайтын бездер өсімдік
гүлінің күлтесінде орналасқан.
Қазақстандық ғалымдар Чумбалов, Фадеева (1967, 1970) Чумбалов,
Мухамедьярова (1970) шыралжын жусанын (А. Dracunculus - полынь эстроген),
Іле жусанын (A. Transiliensis -п. заилийская), күздік жусанды (A.serotina -
полынь осеним ) зерттеп, оларда флаванойдтар бар екендігін анықтады.
Л.С.Атюкина (1977) Қазақстандағы жусанның кейбір түрлерін зерттеп,
оларда оксикумариндер бар екендігін анықтады. Оксикумариндер мөлшері
өсімдіктің түріне байланысты 0,25-тен 1,52%-ға дейін өзгеретіндігін
анықтады.
Мысалы, көкшағыр жусанда (Artemisia marschalliana - полынь
маршалловская) - 0,25; құм жусанда (А. Агепагіа - полынь песчаная) - 0,66;
бөлшекті жусанда (A. QuinqueloB - полынь пятидольчатая) - 0,97; шашақты
жусанда (A.Scoparia - полынь метельчатая) - 1,52.
О.А.Коновалова, К.С.Рыбалю, А.И.Шретер (1976) КСРО флорасынан құрамында
кумариндер бар жусанның 20 түрін тауып көрсетті.
М.И.Горяев (1952) өзінің монографиясында КСРО флорасындағы құрамындағы
эфир майлары бар жусандарды көрсеткен, оның ішінде Қазақстанда өсетін
жусанның түрлері де келтірілген.
Қазақстанда кеңінен таралған тамыр жусан (Artemisin terrae albae - п.
белоземеяьная) өсімдігінің алғаш химиялық зерттеу жұмысын (Бетпақ даладан
жинаған) Л.П.Данилевский (1935) жүргізді.
Л.П.Данилевский тамыр жусанда 0,79% эфир майы болатынын анықтады. Оның
кұрамында мынадай компоненттер болды. Цинол - 8%, камфор - 37%, кумин
альдегиді - 6%, борнеол -7%.
Алматы облысы Караой үстіртінде жиналған тамыр жусанда эфир майының
мөлшері 0,87% болды. Жамбыл облысы Шу ауданынан жиналған тамыр жусанда эфир
майының мөлшері 0,56% болды.
М.И.Горяевтің бірнеше авторлармен бірге жазып шығарған Химический
состав Польшей деген кітабында жусан туыстарының, туыс тармақтарының,
секцияларының әртүрлі өкілдерінің химиялық құрамдары келтірілген. Мұндай
мәліметтер ғылым үшін өте құнды саналады. Өйткені мұндай мәліметтер жеке
таксондардың биология - химиялық тұрғыдан филогениясын түсінуге мүмкіншілік
береді. Сонымен қатар пайдалы органикалық заттардың түзілу заңдылықтарын
ботаникалық тұрғыдан табуға мүмкіншілік береді.
Орта Азия жағдайында эфир майлы өсімдіктер туралы алғашқы мәліметтерді
И.К.Озолин (1931) мен С.Н. Кудряшев (1935) жарияланған мақалаларында
көрсетті.
Орта Азия ботаникалық бағында олар біржылдық жусанды (Artemizia annua -
п. однолетняя) зерттеді. Алынған эфир майының мөлшері - 0,08%.
Дәрмене жусанның (A. сіna – п. цитворная) химиялық құрамын зерттеу үшін
сол Орта Азия ботаника бағынан жинады. Ол өсімдіктегі эфир майы мөлшері
1,31 % балды.
Е.В.Вульф, Л.А.Михельсон (1937) мәліметері бойынша екпе жағдайда эфир
майларының мөлшері шыралжында (A.dracunculus - п. эстрагон) - 1,018%.
A.nutans өсімдігінде -0,972% A.maritima өсімдагінде -0,985% екендігі
анықталды.
Н.Т.Нечаева, С.Я.Приходько (1956) Түркменистан жағдайында жасанды
жусандықтар жасау үшін екпе жағдайда Бадқыз жусаны - A.feadhysii (полынь
бадхызская) өсімдігінің биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, сор топырақты
жерлеріне егіп тәжірибе жасады.
Қазақстанда жусанды мәденилендіру туралы алғашқы мәліметтерді
В.Н.Ворошилов (1941) жариялады. Екпе жағдайда ақшыл жусан медицина
өндірісіне өте қажет, өйткені оның эфир майларында 73-96%-да камфора бар.
Қазақстан Ғылым академиясының бас ботаник бағында Іле жусанын
(A.Transiliensis - п. заилиская) жерсіндіру туралы тәжірибелерді Е.А.Белова
(1950, 1961) жүргізді. Тәжірибелік жағдайда ол жусанның биологиялық
ерекшеліктері, өнімділігі зерттеліп, оны өсірудің тиімді агротехникасы
жасалды.
Кейбір дәрілік және эфир майлы өсімдіктер жан-жақты зерттеліп,
нәтижесінде оларды тиімді пайдалану ережелері ұсынылды.
Қазақстанның ботаник - ресурстанушылары эфир майлы өсімдіктерді
зерттеуде үлкен жетістіктерге жетті. Эфир майлы өсімдіктер тізімі жасалды.
Олардың саны - 456, оның ішінде эфир майына бай 100 түрінің толық
сипаттамасы берілді. Олар 23 тұқымдасқа жатады.
Құрамында эфир майының мөлшері 1%-дан жоғары 18 өсімдік түрі анықталды.
Олар:
1.Сібір қарағайы - сосна сибирская.
2. Сібір самырсыны - пихта сибирская.
3.Қызыл арша - можжевельник казачий.
4.Түркістан аршасы - можжевельник туркестанский.
5.Сібір аршасы - можжевельник сибирский.
6.Бұқтырма либонотисі - порезник бухтарминский.
7.Ақшыл либонотис - порезник седоватный.
8.Ақышкен сасыры –ферула акчикенкая
9.Жоңғар сасыры - ферула джунгарская.
10.Салалы сасыры - ферула рассеченная.
11.Сыпырғы сасыры - ферула метельчатая.
12.Сібір жебірі - тимьян сибирский.
13.Маршалл жебірі - тимьян маршаловский.
14.Ірігүлді сайсасық - иссоп крупноцветковый.
15.Азия жалбызы - мята азиатская.
16.Бұташық аяния - аяние кустарничковое.
17.Сантолин жапырақ жусан - полынь санталинояиста.
18.Мұз жусан - полынь холодная.
Эфир майлы өсімдіктердің және олардан алынған эфир майларының
шаруашылықтың әртүрлі саласындағы маңызы өте зор. Олар өте кеңінен
парфюмерияда, косметикалық өндірісте, медицинада пайдаланылады. Мысалы, иіс
сулар, кремдер және тағы басқалары шығарылғанда барлық өндірілетін эфир
майларының 90%-ы сол парфюмерия - косметология өндірісінде пайдаланылады.
Микробтарға қарсы инсектицидті, фунгицидті қасиетеріне байланысты эфир
майлы өсімдіктер және олардың майлары халықтық және ғылыми медицинада
кеңінен пайдаланылады.
Эфир майларымен емдеу өте тиімді болғандықтан, оларды ғалымдар ерекше
терапия, аромотерапия деп атады (Павлов, 1942, Лушников, 1943 және т.б.).
Эфир майларының фармацевтикалық өндірісте дәрілік препараттарды
өңдіруде маңызы зор. Мысалы, Энатин препараты құрамыңда андыз тамыр, айыр
(Acorus calamus - айр, ирный корень) және жалбыздың (Menta - мята) майлары
болады. Артемира препараты кұрамыңда жусанның, жалбыздың және шабдалының
майлары болады. Аталған препараттың спазмаға зәр айдаушы, өт айдайтын
әсерлері бар.
Бұрыш жалбыздың (Menta piperita - м. перечная) эфир майлары және оның
кейбір компаненттері дәрілердің дәмін жақсарту үшін және ауыз шаятын
ертінділерге, тіс пастасына, иіс суларға жалбыз тұнбаларына олардың сапасын
жақсарту үшін , өтті айдауды күшейту үшін ішіледі.
Ол әртүрлі жүрек-қан жүйелеріне әсер ететін комплекстік препараттар
құрамында болады (мысалы: валдол, зеленин тамшылары). Мигренге қарсы
қолданылатын майлардың және тұмауға қарсы тамшылардың, ингаляцялық
қосылыстардың құрамында болады.
Медициналық практикада раушан эфир майлары кеңінен қолданылады, мысалы,
раушан майының негізінде дайындалған май ауыз қуысының ауруын емдеуге
пайдаланады.
Халық медицинасында мускат, шалфейдің эфир майлары ревматизмді, асқазан
ауруларын, бүйрек ауруларын және жараларды емдеуге пайдаланылады. Жусаның
кейбір түрлері ресми қабылданған дәрілік шикізат болып саналады;.
Жусандардан (Сиверс жусанынан - A.Sieversiana.) алынған хамазулен
демікпе (астма) ауруын, ревматизмді, экземаны, күйікті емдеуге қолданылады.
Қазіргі медициналық практикада құрамында эфир майлары бар көптеген
препараттар беріледі. Мысалы: роватниекс, цистенол, энатин және т.б
Тамақ өнеркәсібінде әртүрлі өнімдер шіруден және зеңнің (плесень) пайда
болуынан үлкен шығынға ұшырайды. Ал эфир майларын пайдаланып, ол
процестерге тосқауыл қоюға болады.
Дермотофиттер (дерма-кожа-қабық) мен зеңдер теріні және ішкі органдарды
әртүрлі ауруларға шалдықтырады. Бұл ауруларға қарсы медицинада тиімді
дәрілер шектеулі.
Т.П.Березовская және т.б. (1968) гмелин және мұз жусандарының Artimisia
gmelini, A.fngida жусандарының бактерияларды өсіретін қасиеті бар екендігін
анықтады.
Кейбір эфир майлы өсімдіктер және олардың мүшелері тағам ретінде
пайдаланылмағанымен тамаққа қосса оған ерекше дәм береді. Мұндай
өсімдіктерді хош иісті өсімдіктер деп атайды. Ол өсімдіктердің хош иісті
болатыны олардың құрамында эфир майы, гликозидтердің және басқа да химиялық
қосылыстардың болуына тікелей байланысты. Мұндай хош иісті қасиет беретін
заттар әртүрлі вариантта пайдаланылуы мүмкін.
Ет және еттен жасалынған өнімдерге хош иісті заттар эфир майларының,
майонездің, соустардың және салат тұздығының жиынтығы ретінде
пайдаланылады.
Көптеген эфир майлы өсімдіктер микробтарды өлтіретін қасиетіне
байланысты консерванттар ретінде пайдаланылады. Мысалы: саз қызанақ (ledum
palustre - багульник болотный), көкбас жұпаргүл (Origanum tyttanthym -
душица мелкоцветковая).
Құйып жасайтын ет консервілерінде, колбаса, кулинарялық өнімдерді
жасағанда өсімдіктерді түгел немесе ұнтақ түрінде пайдалануға болады.
Мысалы, шатыргүлділер жемістері, ерінгүлділер жапырақтары.
Жемістен жасалған хош иісті препараттарға эфир майлары қосылады.
Қазіргі кездері конфеттер массасына әтүрлі эфир майлары, мысалы,
раушан, қалампыр, кардамон, жалбыз, лимон ,апельсин, шалфей және т.б.
өсімдіктердің эфир майлары қосылады.
Нан өндіретін өндірістерде әртүрлі хош иісті өсімдіктер пайдаланылады:
Мысалы: кәдімгі анис (Aпis vulgare – анис обыкновенный), кориондр
(Coriandrum - кориондар), тмин (Carum - тмин), кәдімгі құлмақ (Humulus
Lupulus - хмель обыкновеный), көкнәр (Papaver - Мак), бәйшешек (Crocus-
шафран).
Парфюмерияда және сабын өндіретін өндірісте қарағай (Pinus - сосна),
шырша (Рісеае - ель), арша (Juniperus -можжевельник), айыр (Aeoras - аир),
қайың (Betula- береза) раушан (Rosa - роза), жалбыз (Mеnta - мята) кеңінен
пайдаланылады.
Қазақстанда өсетін 500 эфир майлы өсімдік зерттелген. Ғылыми
әдебиеттерде құрамында эфир майының мөлшері 0,5мг 100гр құрғақ массасында
болатын өсімдіктерге сипаттама берілген. Эфир майлы өсімдіктер, негізінен
қарағайлар (Ріnaceae - сосновые), кипаристер (Cupressaceae - кипарисовые),
астралар (Asteraceae - астровые), селдерейлер (Аріасеае - селдерейные),
тауқалақайлар (Lamiaceae - яснотковые) тұқымдастары өкілдері. Сондықтан осы
негізгі тұқымдастарға жататын ең манызды саналатын кейбір түрлеріне қысқаша
сипаттама беріп өтейік.
I. Pinaceae (қарағайлар - сосновые) тұқымдасы.
1. Сібір самырсыны (Abies sibirica - пихта сибирская) көпжылдық ағаш
биіктігі30 м-ге дейін. Сурет 1.3.1.Кронасының формасы енсіз, қисық пирамида
тәрізді. Қазақстанда тек таулы жерлерде жоғарғы орманды шекараға дейін 2000
м биіктікке дейін таралады.
Сурет 1.3.1. Сібір самырсыны (Abies sibirica)
Самырсында эфир майларының мөлшері қылқандарында тіршілік ететін
ортасына байланысты 3,09-3,27% шамасында болады.
Бұл өсімдіктің бүршіктері, қылқандары және қабығы халық медицинасында
кеңінен пайдаланылады. Эфир майларының компоненттерінен бориеол және
борнилацетаттан медицинада қолданылатын камфара алынады.
Бұл тұқымдастан Шренк шыршасы (Рісеа Schrenkiana - ель шренка),
самырсын қарағай (Pinus sibirica - сосна кедровая) өсімдіктеріде эфир майлы
өсімдіктерге жатады. Сурет 1.3.2
Сурет 1.3.2 Шренк шыршасы (Рісеа Schrenkiana)
Самырсын қарағай (Pinus sibirica)
ІІ. Cupressaceae (кипаристер - кипарисовые) тұқымдасы.
Бұл тұқымдастан 5 түр негізгі эфир майлы өсімдіктерге жатады. Олар
J.Pseudosabina (қара арша - м. ложноказачий), J. Sibirica (дәрі арша - м.
сибирский), J. Turcestanica (балғын арша, Түркістан аршасы - м.
туркестанский), J. Semiglobosa (сауыр арша - м. полушаровидный). Осы бес
түрдің ішінде Juniperus Sabina - қызыл арша өсімдігіне толығырақ тоқталып
өтейік.Сүрет 1.3.3
Сүрет 1.3.3 Қызыл арша (
Juniperus Sabina)
Көпжылдық төселіп өсетін өсімдік, биіктігі - 1-2м бұта. Қабығы қызыл-
сұр, көлеңке жағындағы жапырақтары ине тәрізді. Бүршікжемістілер. Өте мол,
дара орналасқан, майда, сұр-қара түсті, тұқымдары екіден. Екі үйлі өсімдік.
Негізінен құмда, таулы жерлерде төменгі белдеуінде құрғақ бөктерлерінде
өседі. Жалпы таралуы Оңтүстік, Батыс Европада, КСРО-да, Қырымда, Кавказда,
Батыс және Шығыс Сібірде кездеседі. Көк бұташықтары дәрілік зат ретінде
пайдаланылады, оларда эфир майлары болады. Қазақстанда Шығыс Қазақстан,
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында популяциялары молырақ
таралған. М.Қ.Кукенов (1990) және т.б мәліметтері бойынша Шығыс-Қазақстан
облысында бұл өсімдіктің 100 гр құрғақ массасында 2,473-4,72 мл эфир майы
болатындығы анықталған. Ал Жоңғар Алатауында 1,600-2,420 мл алынған. Бұл
өсімдіктің эфир майының құрамында сабинен, пинен, сабинола - 10-17%,
сабинолацетат - 50%, цитронилол, гераниол, казцинел, дегидрокумин спирті
болатындығы анықталды.
Қызыл аршадан эфир майларынан басқа биологиялық белсенді заттар: рутин,
апитенин, катехиндер бөлініп алынған.
ІІІ. Аріасеае - сельдерейлер (селъдерейное) тұқымдасы. Бұл тұқымдаста:
1. Angelica decurrens (аласа аюбалдырған – дудник низбегающий).
2. Seseli buchtormense - (Бұқтырма либанотусы - порезник
бухтарминский).
3. Seseli schrenkianaum - (Шренк либонотусы - порезник шренковский).
4. Seseli incanum - (ақшыл либанотусы – порезник седоватый)
5. Seseli glabratum - (тегіс тырнашөп - жабрица гладкая).
6. Ferula ovina - (бағаншалы сасыр - ферула стелбиковая) (+).
7. Ferula dissecta - (салалы сасыр - ферула рассечанная).
8. Ferula kitschkensis - (ақышкен сасыр – ферула акичкенская)
9. Ferula feralaeoides - (сыпырғы сасыр – ферула метельчатая)
10. Ferula soongarica - (жоңғар сасыры - ферула джунгарская).
11. Ferula karatavіensis - (Қаратау сасыры - ферула каратауская).
12. Ferula diversivittata - (әрсалалы сасыр - ферула разнокальцевая).
13. Ferula kelleri - (келлер сасыры - ферула келлера).
14. Ferula penniпеrvis - (тамырлы сасыр - ферула перибожальтое).
15. Ferula tenuisеcta - (жіңішке сасыр - ферула тонкорассеченная).
16. Tallasia transiliencis - (Іле талассиясы - талассия заилийская).
17. Schrenkia involucrata - (оралған Шренк - шренка обернутая).
18. Athamantha macrophylla - (іріжапырақты атаманта -атаманта
крупнолистая).
19. Heracleum dissectum - (тілік балдырған - борщевик рассеченный).
20. Cuminum setifolium - (тікежапырақты құмшөп - песколюб
щетинолистый).
Енді осы жоғарыда аталған Аріасеае тұқымдастарына жататын 20 негізгі
эфир майлы өсімдіктің кейбір маңыздыларына толығырақ сипаттама беріп
өтейік.
1. Seseli buchtormense (Бұқтырма либанотусы - порезник бухтарминский).
Көпжылдық, кіндік тамырлы, сабағы жуан, жапырақтары тегіс, жалаңаш.
Тамыр мойнындағы жапырақтары онша ұзын емес, үш қырлы сағақтары бар.
Негізінен ашық тасты жоталарда және Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс
ормандарының белдеулерінде таралған. Сүрет 1.3.4
Сүрет 1.3.4 Бұқтырма либанотусы ( Seseli buchtormense)
Алматы облысында жүргізген зерттеу жұмыстары (Кукенов және т.б., 1990)
эфир майы бұл өсімдіктің барлық мүшелерінде болатындығын көрсетті. Оның
мөлшері өсімдік фазасына, өскен ортасына байланысты екендігі анықталды.
Алматы облысында өсетін өсімдіктердегі эфир майының мөлшері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz