Оқыту заңдылықтары



І. Кіріспе. Оқыту заңдылықтары
1. Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік
І тарау. 1.1. Оқыту принциптері мен ережелері
1.2. Мектептегі білімнің мазмұны
1.3. Оқыту әдістері
1.2. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері
2.2. Оқушылардың оқу.танымдық әрекетін тексеру және бағалау
Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің зандылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту зандылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы зандылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
1.Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.
2. Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.
3. Оқушының таным белсенділігі артқан сайын,оқыту сапасы жоғарылайды.
4. Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға,түзету іс-әрекеттеріне тәуелді.
5. Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.
6. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
І. Кіріспе. Оқыту заңдылықтары
1. Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік
Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде
жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті,
жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп
аталады. Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет
аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің зандылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту
зандылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы
зандылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан
тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері,
құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар
бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке
бөліктерін қамтиды.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
1.Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам
талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.
2. Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.
3. Оқушының таным белсенділігі артқан сайын,оқыту сапасы жоғарылайды.
4. Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға,түзету іс-әрекеттеріне
тәуелді.
5. Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін
ұйымдастыру.
6. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп,
жаңарып, толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары
жатады.
Оқытудың негізгі заңдары:
Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен
оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң.
Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы
туралы заң.
0. Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы
заң.
1. Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
2. Оқу іс-әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара
байланысы туралы заң.
Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді.
Кейбір зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ,
сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педаго-
гикалық зандылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.
І тарау. 1.1. Оқыту принциптері мен ережелері
Оқыту принциптері туралы тусінік
Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида.
Дидактикалық принциптер -оқытудың мазмұнның, ұйымдастыру түрлерін,
әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар
жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту
заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі
қағидаларды белгілеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан,
кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері
жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту
принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді
ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас
бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға,
түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен
талдауға) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін
басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру
формаларын талдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім
дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ
тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда
оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен
белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика
принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық
өзара байланыста болады.
Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған
дидактикалық принциптер жүйесі:
0. ғылымилық,
1. саналылық пен белсенділік,
2. көрнекілік,
3. жүйелілік пен бірізділік,
4. беріктілік,
5. тиімділік,
6. теория мен тәжірибенің байланыстылығы.
Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына
тоқталайық. Педагогикалық ереже
- жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы
белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің бейнеленуі.Ережелер оқыту
принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан
тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Зандылықтармен, принциптермен
салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты
шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.
Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау
ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын
төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік,
стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда
дидактикалық принциптерге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына
жетері сөзсіз.
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге
асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактика
принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагоггар оқытудың
принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін
іске асырады.
Біздің оқулықта арнайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы,
мұғалімнің басшылық рөлі, ынталандыру, проблемалық оқыту, дамыту, оқыту
және тәрбиелеу бірлігі, ізгілендіру, жас және дара ерекшеліктерін назарға
алу, кіріктіру принциптері.
Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастырайық

1.2. Мектептегі білімнің мазмұны
1. Білім беру мазмұны
Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық
қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте
оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде "нені оқыту керек"
сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат
жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім
беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары
арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да
мақсаттарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси,
идеологаялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз
ықпалын таратуға тырысады.
Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық
қажеттіліктеріне сай қалыптасады. Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы
әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам
құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.
Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетістіктер деңгейі де өз әсерін
тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте
оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40
жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік
бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.
Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне де байланысты.
Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну
үшін өмірлік тәжірибе керек.
Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында
ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны
адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне
негізделеді.
1.3. Оқыту әдістері
1. Оқыту әдістері туралы түсінік
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.
Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру
формаларының біртұтастығы болып табылады.
Оқыту әдісі - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында
мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметпен қарым-қатынасының тәсіл-
амалдары - деген де пікір айтылады.
Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның
арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы
мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері -мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында
білім алу жолдары.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде
білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
"Әдіске" қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: "белгілі бір
мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және
іс-әрекет".
Олай болса оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оқу
мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-
тәсіддері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту
әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін
ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық
етумен байланыстырады.
Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын
оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс
істеуі тиіс.
Оқыту процесінде оқушыларға ғылым негіздеріне сай терең де тиянақты
білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін
шешудегі мұғалімнің басшылық ету тәсілдері, амалдары мен құралдарының
біртұтастығын оқыту әдістері демекпіз.
2. Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру
Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі
мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту
әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір
қалыптаспаған.
Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С. Й. Архангельский, С. И. Зиновьев,
Н. В. Кузьмина, Т. А. Ильина, Н. Д. Никандоров т.б.) оқыту әдістеріне
түрліше аңықтама беріп, оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі
бар екен.
1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай
(М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер):
0. түсіндірмелі хабарлау әдісі;
1. репродуктивтік әдіс;
2. проблемалық баяндау әдісі;
3. эвристикалық әдіс.
2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай
(М. А. Данилов, Б. П. Есипов,Т. А. Ильина):
4. жаңа білім беру әдісі;
5. біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;
6. Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі;
7. Өзіндік жұмыс істеу әдісі;
8. білімді тексеру әдісі;
9. проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай
(Ю. К. Бабанский):
10. оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;
11. оқуға ынталандыру;
12. оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.
4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай
(Р. Г. Лемберг):
13. ауызша баяндау әдісі;
14. есеп шығару әдісі;
15. өнер құралдарын пайдалану әдісі.
5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің
ерекшеліктеріне қарай (В. Оконь):
16. жаңа білімді игеру әдісі;
17. өзіндік білім әдісі;
18. проблемалық әдіс;
19. практикалық әдіс;
-көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі. Солардың ішінде ең көп
тарағаны — білім берудің көздеріне сәйкес (И. Т. Огородников,С. И.
Перовский, Е. Я. Голант):
сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
0. көрнекілік әдістер;
1. тәжірибелік әдістер.
Бұл -1 әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша
баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім
оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі
көрнекіліктер болып есептелінеді т.с.с.
3. Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама
Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да,
оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың
жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Оқу процесінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер:
Сөздік әдістер, түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация. Тәжірибелік әдістер:
лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.
Оқыту процесінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе
мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесінде басқа әдістерге
қарағанда жетекші роль атқарады. А. Сухомлинский: "Сөз — ең маңызды
педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың..."- деп оның
маңызына ерекше назар аударады
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен
мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы.
Алтынсаринның пікірін келтірейік:"Мұғалім балалармен істес болады: егер
олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға
дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен
сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы
сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен,
қарапайым тілмен түсіндіру керек".
Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім (берумен қатар олардың
таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. процестерін)
байланысты да әрекет. жасайды.
Мұғалімнің оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі көрнекі
және техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.
Ауызша баяндаудың тағы бір ерекшелігі, оқытушының түсіндіруі мен
оқушылардың ұғыну процесінің қатар жүруінде. Түсіндіру барысында әңгіме,
әңгімелесу, ауызша-жазба және лабораториялық жұмыстарын қажетіне сай қатар
қолдану керек.
Түсіндіру — оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де
сыңдарлы баяндауы. Оның себебі, түрлі зандылықтар мен ережелерді түсіндіру
белгілі дәрежеде логикалық жүйелілікті қажет етеді.
Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгілерін ашып көрсету,
фактілер мен құбылыстарды талқылау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын
түсіндіруінде әрқашанда пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болады.
Түсіндіру әдісінің ең маңызды мәселелері — оқушылардың алдына жаңа
мәселені айқын, ашық етіп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу.
Түсіңдіру әдісінің табысты болуы мұғалімнің нақтылы деректерді қаншама
сәтті қолдана білгендігіне де байланысты.
Түсіндіру әрқашанда заттар мен фактілердің, құбылыстардың мәнін ашу,
қағидаларды түсіндіру, осылардың негізінде оқушыларға жаңа білімді
баяндауда оны терең және түсінікті ұғынуларына мүмкіндік туғызады. Бірақ ол
оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сынып және пән ерекшеліктеріне қарай
өзгеріп отырады.
Әңгіме — мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым
қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің
неғұрлым қарапайым және түсінікті түрі.
Әңгіме барысында мұғалім құбьлыстарды бірізділікпен көркем суреттей
отыра, өз сөзін әртүрлі көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекі
құралдарды қолдану арқылы жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру
оқушылардың фактілер мен құбылыстарды жақсы түсініп, ұғынуына көмектеседі.
Бұл әдісті қолдану барысында мұғалім мен оқушылар арасында диалог
пайда болады. Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: жаңа
білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен
материалды жаңамен байланыстыру, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау
үшін қолданылатын әңгіме.
Әңгіме әдісі көбінесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңінен
қолданылады.
Мұғалімнің сабақта әңгіме әдісін қолдану ұзақтығы, берілетін оқу
материалының сипатына байланысты болып келеді.
Әңгімелесу - мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау,
пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тәсілінде
қолданылады. Сондықтан әңгімелесу оқытудың аса күрделі әдісі болып
есептелінеді. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер тарапынан өте мұқият
дайындықты талап етеді.
Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың жеке басының қабілетін,
зейінін (т. б. психикалық процестерін), таным ерекшеліктерін танып біледі,
баяндалып отырған немесе өтілген оқу материалын олардың қалай ұғынғанын
анықтайды.
Әңгімелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тәсілдері қолданылады.
Бұл әдіс, сонымен қатар, сұрақ-жауап тәсілі арқылы да іске асады. Ол үшін
мұғалімнің сұрақтары дәл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға
бағытталған болуы тиіс.
Дәрісбаян - сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы,
баяндалатын оқу материалының дәлдігі және сабақтың өн бойында
тындаушыларының ойлау қабілетін белсенді етуі жағынан басқа әдістерге
қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Дәрісбаян әдетте жоғары сынып оқушылары арасында көптеп қолданылатын
әдістің бірі. Дәрісбаян барысында оқушылар жаңа оқу материалын тындайды,
қабылдайды, ұғынады, мұғалім сөзіне зейін қоя тындайды, мазмұнын қадағалап
отырады.
Дәрісбаянның басқа ауызша баяндау әдістерінен тағы бір ерекшелігі,
мұғалімнен жаңа білімді баяндама бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажетті
әдебиеттер тізімімен таныстыруын қажет етеді. Оқушылардың лекция жоспарымен
алдын-ала танысуы, оның мазмұнын баяндауда мұғалімнің ойын жақсы ұғынуға
көмектеседі.
Ол үшін лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берілетін
білімнің оқушыларға түсінікті болуы мұғалімдер тарапынан үлкен шеберлікті
қажет етеді.
Дәрісбаян барысында баяндалған оқу материалының мазмұнын оқушылардың
қысқаша жазып отыруы, оны өз беттерінше қайталап оқуы, дағдылануы да
қажеттілік болып табылады.
Дәрісбаян және әңгіме әдістері оқу материалына жұмсалатын уақытты
үнемдеу жағынан тиімді болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пікірін айтып,
кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза алмайды. Бұл турасында әңгімелесу
әдісінің мүмкіндігі мол.
Мұғалім дәрісбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал-
тәсілдеріне және құрылымына назар аударады. Дәрісбаянның мазмұнын ол оқу
бағдарламасы, оқулық және оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бірақ,
бағдарламада көрсетілген барлық мәселелердің ішінен түйінді мәселелерді
айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат тәжірибемен
байланыстырып, материалдың белгілі бір бөлігін оқушыларға оқу-лықтан, басқа
әдебиеттерден өздігінен оқып алуға тапсырмалар беріп отыруды оқытушы мұқият
ойластыруы қажет. Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндалу формасы, оқутушының
шеберлігі лекцияның тиімділігін арттырудың кепілі.
Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі — оқушылардың өздігінен жаңа
білімдерді қабылдау, сыныпта алған білімдерін бекіту, біліктілік пен дағды
қалыптастыруда тиімді әдіс болып табылады.
Кітап - білімнің сарқылмас қайнар бұлағы. Ол білім мазмұнын кеңірек
ашып, оқушылардың оны терең игеруіне көмегін тигізеді. Оқулық және кітаптың
көмегімен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерінде түрлі жаттығу
жұмыстарын орындап, мұғалімнің басқаруымен сыныпта алған білімдерін
толықтырып отырады.
Оқушылар оқулықтармен және басқа оқу кітаптары мен жұмыс істей отырып,
белгілі білім жүйелерін меңгереді, өздерінің көзқарастарын қалыптастырады,
ой-өрісін дамытады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеу оқушы үшін оқытуда күрделі тәсіл болып танылады.
Қазіргі мектеп тәжірибесіне жүгінсек, көптеген жағдайда, оны бітірушілер
арасында кітапты оқи немесе нәтижелі қолдана білмейтіндер кездеседі.
Кітапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың
негізгі ойын, құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекші
идеяларын ашып көрсете немесе өз сөзімен тиянақты баяндай алмау мәселелерін
ұмытпаған жөн. Ол үшін оқушы оқу материалының құрьлымымен жалпы танысу, оны
көз жүгірте қарап шығу, содан кейін барып кейбір маңызды бөліктеріне жете
мән беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есінде
сақтауға күш салуға дағдылануы тиіс.
Екінші мәселе, бастауыш сыныптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға, одан
кейін тез, іштей оқуға, оқығанды өз сөзімен айтып беруге дағдылану қажет.
Мәтінмен жұмыс істегенде оқушыларды, оның ең негізгі мазмұнын айтуға,
бөліктерге бөліп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету
керек. Егер оқушы осындай тәсілдерді қолдана білсе, онда ол оқығандарын тек
жаттап алуға дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеудің өзіндік мәнді психологиялық ерекшелігі бар.
Кітап оқу мұғалімнің сөзін тындауға қарағанда оқушының ақыл-ой күші мен
ерік-жігерін көп керек етеді. Ол оқушының өзіндік ойлауын, іс-әрекетін
жандандырып, оның білім деңгейін, дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмірге,
адамдар-арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға тәрбиелейді.
Яғни, ол білім беру көзі ғана емес, сонымен қатар тәрбие құралы.
Дегенменде, оқушының үй тапсырмасын кітап немесе оқулық көмегімен
орындау барысында қажетті уақытты тиімді пайдалану, өзіне-өзі бақылау
немесе есеп беру жұмыстарында айтарлықтай кемшіліктер бар. Барлық оқушылар
бірдей біздің жоғарыда айтқан кітаппен жұмыс
жасау тәсілдеріне мән бермейді, оның талаптарын толығымен сақтамайды. Соның
негізінде білім мазмұны нашар меңгеріледі.
Сондықтан оқушының кітаппен өз бетінше нәтижелі жұмыс істеуін, оның
саналы көзқарасын және өзіне-өзі бақылауды үйрету, ұйымдастыру мұғалім
тарапынан жауапкершілікпен көңіл аударьш отыруды қажет етеді.
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы
түсінулеріне мүмкіндік береді.
Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.
Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың
нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл
түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы
және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен
таныстыруды көздейді.
Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі,
түсі, формасы, өзара байланысы т. б). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы
немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем
туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.
Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса
жүргізіледі. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нәтижесінің табысты
болуы бірнеше жағдайға байланысты болады:
- көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс;
- оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп,
соңынан нысана алынып тасталуы керек.
Оны оқушыларға алдын ала көрсетуге болмайды;
- көрнекі құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы
бойынша жұмыс істеуі тиіс;
0. көрсету кезінде мұғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын
дамытуға және көркем сөйлеуін орнықтыруға ықпал етуі тиіс;
1. оқушыларды бақылау жұмыстары нәтижесіне
қорытынды жасай білуге дағдыландыру т. б.
Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең
ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша
ақпараттар береді.
Оқушылардың құбылыстарды, процестерді және нысандарды өздері
белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнісінде бұл әдіс нәтижелі болмақ.
Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқытуда проблемалық және ізденушілік
жағдайға итермелейді.
Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу
киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп,
эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары көптеп
пайданылады.
Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттігіне сай табиғи ортада
көрсетуге болады (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар,
өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т.б.).
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті
иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер,
портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.
Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін
мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның негізінде
оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек
бере отыра, ғылыми үғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.
Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын
көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкеп
соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын
және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу
қажет. Бұған қосымша мұғалімдер көрнекі құралдардың тиімді көлемін де
анықтауы қажет.
Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны — Бақылау әдісі. Ол
барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен қолданылады.
Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын
көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек
операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің
басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің
тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен
іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық,
логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынандай тәсілдерді қолдана
білуге байланысты:
- байқаудың мақсатын анықтау;
- қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың
көптеген белгілерінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырату;
-оларды топтастырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау.
Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау
әдісінің негізгі түрлері:
0. демонстрациялық бақылау;
1. экскурсиялық бақылау;
2. лабораториялық бақылау;
3. техникалық бақылау;
4. оқушылардың өздігінен дербес бақылауы.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті
құралы — бақылау. К. Д. Ушинский "Бақылау-логикалық ойлаудың негізі",- деп
жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен,
балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектігін де ескертеді.
Бақылау өткізудің негізгі әдістемелік талаптары: 1. Мұғалім оқушылардң
белгілі нәрсені жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп және әртүрлі
қасиеттерін, ерекшеліктерін, мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіс т.б. сезім
мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт беруінің маңызы зор. Бақылау тек
көру т. б. сезім мүшелерінің жұмысымен ғана емес, ол адамның ойлау
әрекетімен тығыз байланысты болуы керек.
2. Мұғалім бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы заттардың негізгі
қасиеттерін ажырату, топтастыру,қорытындылау сияқты ойлау процестерін
қолдануғабасшылық етуі қажет.
3. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен, бақылаудың
мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын
жасап беруі керек.
Тәжірибелік әдістер. Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін,
біліктілік пен дағдыларын терендету және жетілдіре түсу мақсатында олардың
практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.
Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен бірігіп
сабақта, оқу-тәжірибе участогінде оқу приборлары және техника құралдары
көмегіне сүйеніп оку тәжірибелерін жүргізеді.
Оқытудың зертханалық тәсілі негізінен биология, химия, физика
пәндерінде жиі қолданылады. Аталған пәндердің мазмұны зертханалық
жұмыстарды қажет етеді.
Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы
арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оқушылардың бәрі бірыңғай
тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын
тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.
Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тәжірибе
учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау,
өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді.
Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және
оқушыларды қажетті аспаптармен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу
принциптерімен таныстырады.
Өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған тәжірибесін мұқият
бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.
Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады.
Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден,
ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі,
үшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі
жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды
Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады. Бұған кестелер жасау,
диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді оқушылар әрекеттері жатады.
Графикалық жұмыстар география мен тарих, сурет сабақтарында кеңінен
пайдаланылады.
Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны -жаттығу әдісі. Бұл
әдіс оқушыларда біліктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында
теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру
жаттығу арқылы орындалады. Сондықтан, бұл
әдіс барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады.
Жаттығу жұмыстары негізінен тіл мен математика, сонымен бірге, шет
тілдерін оқу пәндерінде көбірек жүргізіледі. Оқушылар осы пәндердің
мазмұнына қатысты теориялық білімдерін пысықтау барысында практикалық
жұмыстарын атқарады. Мысалы, есеп сабақтарында жазбаша есеп шығару, тіл
сабақтарында диктант жазу, грамматика және фонетика жұмыстарын орындау т.
б.
Жаттығу оқушылардың оқу жұмысын өздігінен орындау белсенділігін
арттырады. Өзіндік жұмыстарына оқушылардың шығармашылықпен атқаратын
реферат, шығарма жұмыстары да жатады. Оқушылардың осыңдай жұмыстары жазбаша
жаттығу деп аталады.
Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяндауға дағдылану
мақсатын көздейді. Бұны негізінен үш түрге бөлуге болады. Біріншісі -
ғылыми пәндердің ережелері мен қағидаларын жатқа айта білу. Екіншісі - оқу
материалының мазмұнын ауызекі баяндау. Үшіншісі- көркем әдебиеттерден жатқа
үзіңділер оқу, баяңдамалар
жасау немесе өздерінің жазған шығармаларын ауызша айтып беру.
Оқыту әдістері - оқыту процесінің барлық кезеңдерінде оқытудың.түрлі
мақсат-міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға
бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесіңде оқушылардың таным әрекетінің
белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аудару
қажет.
ІІ тарау. 2.1. Оқытуды ұйымдастыру формалары
1. Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік
Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің міндеттерін іске
асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі.
Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бір-ыңғай
жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де
өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш
түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім
жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып
тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсыр-маларын орындау
амалдарын түсіндіретін, музыкалық -құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене
шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не
бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық
оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініш
отырып, әр кітаптан оқыған.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың "белл-ланкастер' жүйесі тарады. 'Сатылы"
немесе "өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оқу жылыңда жас шамалары,
білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай
мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден астам
оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді
оқытса,түстен кейін олар
өз
кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін
үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. басында "дальтон-жоспар" оқу формасы
тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір
оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды.
Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп
атқаратын жұмысы ретіңде бригадалық-зертханалық әдіс жүйесі ұсынады. Бұл
әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын
бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар)
белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын
жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,
бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке
басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебіне
ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амон
Каменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық
тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша
топтастыру.
2. Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алма кезек оқыту.
4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу.
5. Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.
6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы
әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И. Ф. Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсыңды.
Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен
материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі
және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып-сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен
мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік
береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі
түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ - оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан,
ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесіңде алатын орны ерекше
болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік
қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді
Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда
оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері
іске асырылады.
3. Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі
мәселелерінің бірі - оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту
жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан
зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі
шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен
топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға
айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде
ортақ пікірлер өлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің
қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де
өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне,
оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.
Мысалы, И. Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен
дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С. В. Иванов
оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов
сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ
түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-
біріне өте ұқсас келеді.
И. Н. Казанцев бойынша:
Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін
бірінші сабақ.
Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы ететін сабақ.
Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын
көрсететін сабақтар.
Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-
қорыту сабақтары.
8. Тексеру сабағы — оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9. Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау
сабақтары.
10. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту
сабақтары.
С. В. Иванов бойынша:
1. Кіріспе сабақтар.
2. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.
3. Жаңа білімді меңгеру сабағы.
4. Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы.
5. Дағдылану сабағы.
6. Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары.
7. Бақылау сабағы.
Б. П. Есинов бойынша:
1. Аралас сабақтар.
2. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.
3. Пысықтау сабағы.
4. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
5. Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Білім сынау сабағы.
Сол секілді шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия
мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақгы жіктеуде біздің тәжірибемізге
ұқсастық байқаймыз.
1. Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.
2. Жаттығу сабағы..
3. Қорыту сабағы.
4. Қайталау, білім сынау сабағы.
5. Аралас сабақ.
Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ
түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:
1. Кіріспе сабағы.
2. Жаңа білімді хабарлау сабағы.
3. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.
4. Жаттығу және тәжірибе сабақтары,
5. Зертханалық сабақ.
6. Қайталау-қорыту сабағы.
7. Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын
тексеру және бақылау сабағы.
8. Аралас сабақ
9. Өздігінен білім алу сабағы.
Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгілі
бір зандылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалім
оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай "Жаңа білімді хабарлау
сабағы" деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде
пйдалана білу жолын қарастырса, оңда ол "Жаттығу немесе практикалық сабақ"
деп аталады.
Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушылардың есіне салу,
қайталау мақсатын көздесе, ол "Қайталау-қорыту сабағы" деп аталады.
Ал сабақтың "Аралас сабақ" түрі оның құрылымына байланысты болып
келеді.
Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге
асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада
пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап. қорытады, сонымен
бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай
жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас
өтеді. Міне, осындай сабақ түрі "Аралас сабақ" деп аталады.
Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды
бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге
асырылуын айтады. Олар мынадай болып келеді:
1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат,
міндеттерін тұжырымдау).
2. Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.
4. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау,
тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).
5. Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс
ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын
құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және
құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі
болады.
Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру, оның құрылымын
белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың
кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде.
5. Жаңа білімді хабарлау сабағының қрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға
сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
2. Жаңа оқу материалын ендіру.
3. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Алғашқы тарау немесе тақырыптық кіріспе сабақтарына қатысты мәселелерді
шешіп алған жағдайда, ендігі жерде мұғалім ағымдағы әрбір оқу материалын
меңгеруге сай сабақтар жүйесін ұйымдастырады. Сабақ үстінде жаңа білімдерді
баяндау немесе түсіндіру жұмыстары оның өн бойыңда жүріп отырады. Сондықтан
да ол сабақтың негізгі бөлімі болып есептеледі.
Сабақта қойылған мақсатқа сәйкес және оқушылардың жас ерекшеліктері
мен таным қабілеттеріне орайластырып жаңа білімдердің баяндалуына тиісті
мөлшерде уақыт бөлінеді.
Жаңа сабақты (білімді) хабарлау барысыңда мұғалімнің оқу материалын
түсіндіруі оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінен істейтін жұмыстарымен
ұласып отырады.
6. Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-
міндеттерін түсіндіру. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
2. Бүрын өтілген оқу материалдарын қайталау, пысықтау.
3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығулар мен практикалық
және лабораториялық жұмыстарын атқаруы.
4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, түсіндіру.
Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау
және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып
үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі элементі болып
табылады. Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы да берік меңгеру мүмкін
емес.
Сондықтан білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр алуан болып
келеді.
Мұғалімнің түсіндіруі жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз
бетінше жаттығу істері және тәжірибелік-зертханалық жұмыстарында
тәжірибелер жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса
атқарылады.
Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан
мұғалімнің сөзі жетекші рөл атқарады.
Мұндай сабақтарда бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың
қаншалықты терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді.
7. Аралас сабақтың құрылымы
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға
сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа
әзірлеу.
2. Оқушылардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру.
Жаңа оқу материалын ендіру.
Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.
5.Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
6.Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Аралас сабақ - мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрі.
Мұндай сабақ барысында сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері немесе
буындары алма кезек өзара ұштасып жатады. Сабақ үстінде өткенді қайталау,
жаңа материалды меңгеру, пысықтау және тексеру, бағалау жұмыстары
оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады, назарын тұрақты етеді.
Сондықтан, ол мұғалімнің оқу ісін ұйымдастыруында және оқушылардың оқу
материалын жете түсінуіне өте қолайлы.
Аралас сабақ әсіресе бастауыш және орта сыныптарда, сонымен қатар тілге
қатысты пәндерде көптеп қолданылады.
Сондай сабақтың бір вариантын профессор Р. Г. Лемберг өзінің
"Дидактикалық очерктер" деген еңбегінде ұсынады. Оның ерекшелігі, дәстүрлі
сабақта ұйымдастыру кезеңінен кейінгі ретте мұғалімдердің көпшілігі сабақты
оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп, бағалаудан бастаса, мұнда оған
керісінше жаңа оқу материалын енгізіп, түсіндіру жұмыстарына айрықша мән
береді.
Мысалы, оның құрылымы мынадай болып келеді:
1. Жаңа оқу материалын өткен материалға байланыстыра түсіндіру.
2. Үйге тапсырма беру.
3. Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру.
4. Өткен оқу материалын қайталап, оқушылардың білімін сынау және жаңа
сабақты пысықтау.
Р. Г. Лембергтің тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен оқу материалын
ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау,
түсіну белсенділігі төмендейді. Сол үшін жаңа оқу материалын сабақтың
бастапқы кезеңінде, демек, оқушылардың таным қабілеттерінің белсенділігі
жоғары жағдайында, шаршамай, тың отырған уақытында өту ұсынылады.
Бұл құптарлық ұсыныс. Осы үлгіні әсіресе, жоғары сыныптарда кеңірек
қолданған дұрыс болар. Себебі, оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда
күрделі болып келеді. Сөйтіп, олардың оқу материалын тиянақты меңгеруінде
түсіндіру және оны пысықтау, бекіту жұмыстарына айрықша мән берген жөн
болар. Сабақта жаңа оқу материалын жақсы меңгерген оқушы әрине үй
тапсырмасын дұрыс өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінің заңдылықтары
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Оқыту заңдылықтары мен принциптері түсініктері және оларға сипаттама
Оқыту процестерінің заңдылықтары
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары
Педагогикалық психология даму тарихы
Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары
Педагогиканың дәрістері
Тұтас педагогика ұғымы
Пәндер