Дамыта оқыту тенологиясын бастауыш сыныптің үрдісінде қолданудың әдістемесі
І Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлім
І Тарау. Бастауыш оқыту үрдісінде дамыта оқыту теорияларын пайдаланудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш білім беру дамыта оқыту технологиясын қолдану
1.2 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту үрдісін ұйымдастырудың педагогикалық.психалогиялық мәселелері.
ІІ Тарау. Дамыта оқыту тенологиясын бастауыш сыныптің үрдісінде қолданудың әдістемесі
2.1.Бастауыш оқыту үрдісінде дамыта оқыту технологиясын жүзеге асырудың мүмкіндіктері
2.2. Бастауыш білім беруде дамыта оқыту технологиясын қолданудың әдіс.тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемдегі білім-білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту,жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты талабы.
Болашақтың бүгінгі күннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеге өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Кейінгі кездері Республика көлемінде оқу бағдарламасында көптеген өзгерістер енгізілуде. Атап айтар болсақ, көпдеңгейлі, интеграцияланған және дамыта отырып оқыту, т.с.с. Осының ішіндегі "дамыта оқыту" жайлы түсінігі жоқ мұғалім оны жүзеге асыра алмайды. Кейбір мұғалімдер теорияны толық меңгере алмай, дамыта оқытуды топпен жұмыс жасау, оқушыға еркіндік беру, барлық ақпаратты баланың өзіне тапқызу, сабақты басқаша ұйымдастыру сияқты түсініктермен шатастырып жүр.
Сондай-ақ негізгі сынып мұғалімдері арасында "Дамыта оқыту" тек бастауышқа ғана қолдануға тиімді деген пікір қалыптасқан.
Сонда дәстүрлі оқыту жүйесіндегі мұғалімдер дамыта оқытудан шыққан баланы түсіне алмай, өз қалыптарына түсіре бастайды одан бала психологиясы жапа шегеді.
Мұның барлығы мұғалімнің теориялық білімінің әлі де аздығынан, қазақ тілінде жазылған көмекші құралдардың болмауынан және бұл тақырыптың әлі де өз деңгейінде зерттеле қоймағандығынан деп ойлаймыз.

1 Ғылыми - әдістемелік журнал. №5 Алматы 2000 ж.
2 Математика физикп журналы. № 3 Алматы 2006 ж.
3 Білім - Образование журналы. № 3 Алматы 2006 ж.
4 Білім - Образование журналы. № 5 Алматы 2007 ж.
5 Бегалиев Т.Б. Педагогика. Тараз: ТарМУ. - 1999.
6 Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. —М: Педагогика.-1986
7 Заиков Л.В.О предмети и методах дидактического исследования. М. 1962.
8 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы. - 2000.
9 Кириллова Г.И. Теория и практика урока в условиях развивающего обучения. М., 1980.
10 Кухарев Н.В. Изучение и учет индивидуальных особенностей учашихся. Гомель, 1985.
11 Репкина Н.В. Что такое развивающее обучение?
М. 1993. 8. Скаткин М.Н. Совершенствование процесса обучения. М., 1971.

Дамыта оқыту технологиясы
Мазмұны
І Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлім
І Тарау. Бастауыш оқыту үрдісінде дамыта оқыту теорияларын пайдаланудың
теориялық негіздері
1.1 Бастауыш білім беру дамыта оқыту технологиясын қолдану
1.2 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту үрдісін ұйымдастырудың педагогикалық-
психалогиялық мәселелері.
ІІ Тарау. Дамыта оқыту тенологиясын бастауыш сыныптің үрдісінде қолданудың
әдістемесі
2.1.Бастауыш оқыту үрдісінде дамыта оқыту технологиясын жүзеге асырудың
мүмкіндіктері
2.2. Бастауыш білім беруде дамыта оқыту технологиясын қолданудың әдіс-
тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы
екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемдегі білім-білік, дағдыларды
меңгертумен бірге табиғат қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы
танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты
дамыту,жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты
талабы.
Болашақтың бүгінгі күннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын
алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,
өркениетті дүниеге өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,
даму бағытына байланысты.
Кейінгі кездері Республика көлемінде оқу бағдарламасында көптеген
өзгерістер енгізілуде. Атап айтар болсақ, көпдеңгейлі, интеграцияланған
және дамыта отырып оқыту, т.с.с. Осының ішіндегі "дамыта оқыту" жайлы
түсінігі жоқ мұғалім оны жүзеге асыра алмайды. Кейбір мұғалімдер теорияны
толық меңгере алмай, дамыта оқытуды топпен жұмыс жасау, оқушыға еркіндік
беру, барлық ақпаратты баланың өзіне тапқызу, сабақты басқаша ұйымдастыру
сияқты түсініктермен шатастырып жүр.
Сондай-ақ негізгі сынып мұғалімдері арасында "Дамыта оқыту" тек
бастауышқа ғана қолдануға тиімді деген пікір қалыптасқан.
Сонда дәстүрлі оқыту жүйесіндегі мұғалімдер дамыта оқытудан шыққан
баланы түсіне алмай, өз қалыптарына түсіре бастайды одан бала психологиясы
жапа шегеді.
Мұның барлығы мұғалімнің теориялық білімінің әлі де аздығынан, қазақ
тілінде жазылған көмекші құралдардың болмауынан және бұл тақырыптың әлі де
өз деңгейінде зерттеле қоймағандығынан деп ойлаймыз.
Бұл жағдайда Республикамыздағы білім берудің жаңа философиясын,
теориялық негізін, практикасын насихаттауды қолға алу қажеттігін көрсетеді.
Сондықтан дамыта оқытуға байланысты әртүрлі болжамдармен қате түсініктерді
сейілту қажет.
Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырататын ғылыми еңбектер ,
зерттеулер, көмекші құралдар көптеп шығуы керек деп есептейміз.
"Дамыта оқыту" 1960-1990 жылдар арасында Л.В. Занковтың басшылығымен
зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалған. Кеңес
дәуірінің психологы Л.С. Выготский бала психикасының теориясын жасады.
Сондай-ақ К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко бұл тақырыпты қолға алып, азды-
көпті зерттеулер жүргізіліп жатқан п.ғ.к, доцент Б. Тұрғынбаеваның
еңбегінде республика сыныптері үшін дамыта оқытудың маңыздылығы ,
тәжірибелер сөз етіледі.
Мақсаты: -"Дамыта оқытудың идеясын таныту."
"Дамыта оқытудың" теориялық мәселелерін айқындау. Инновациялық
технологиялардың тиімділгін арттыру.
Міндеттері:
"Дамыта оқытудың " бала технологиясына әсерін көрсету.
Бастауыш сыныпте "дамыта оқытуды" жүзеге асырудың жолдары мен
маңыздылығын көрсету.
Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін
ашу.
Әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін
ескеру.
Дамыта оқыту технологиясы арқылы баланың ізденушілік, зерттеушілік әректін
ұйымдастыру және танымдық қызығушылығын арттыру
Зерттеу нысанасы:
Дамыта оқыту технологиясын оқыту үрдісін ұйымдастыру
Зерттеу әдістері:
Зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық,
педагогикалық, теориялық және әдістемелік әдебиеттерге сүйеніп ,
теорияларымен танысу және бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді
сараптау.
Зерттеу пәні: Педагогика

Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер
болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып өзгерді. Жаңа талпыныс, жаңа
ашылған жолдардың бірі – білім берудың жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл
педагогикадағы тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз
байланысты.
Дегенмен де адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым – оқыту
болса, кез-келген оқыту есте сақтау мен білімді дамытады. Ал оқыту мен
дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның
дамуына әсер етеді. Осыдан мынадай екі концепция шығады:
1. Оқытудыі даму концепциясы Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің
пікірлерінше: бала даму барысында оқиды. Яғни мұнда бала психикасының даму
заңдылығына сүйенеміз.
2. Дамыта оқыту концепциясында бала оқу арқылы дамиды. ХХғасырда бұл
теорияның негізін салған орыс ғалымдары: А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев,
С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, П.Я.Гальперин, Л.В.Занков, В.В.Давыдов т.б.
Қазіргі таңда жеке тұлға қоғам үшін белсенді түрде, яғни аз уақытты қамтып,
жоғары сапалық дәрежеде дамуы қажет. Сол үшін бұл педагогикалық
технологияны дамыта оқыту технологиясы дейміз. Дамыта оқыту жеке тұлғаның
дамуына бағыт-бағдар беріп, белсенділігін арттырады.
Физиологиялық дамуда бала бойының өсуі,бұлшық еттің дамуы, салмақтың
қосылуы, яғни дені сау, шыныққан, шыдамды т.б. қорытындылар айтуға болады.
Ал психикасы туралы не дер едік? Оның қаншалықты дамығандығын оқыту
үрдісі мен жас ерекшелігі арқылы анықтаймыз.
Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана
білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас
жасау барысында: жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат –
міндеттерді жүзеге асырып, қорытындыны талдай білуге дағдыланады. Міне,
осындай жүйелер арқылы өзіндік даму жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік
талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері
қалыптасады. Яғни, дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына
бағытталады. Выготский: Педагогика бала дамуының ертеңгі емес, кешегі
күніне сүйену керек, деген. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін
анықтады:
1. Өзекті даму деңгейі – бала бойында қалыптасқан, өз бетінше орындай
алатын іс-әрекеттер.
2. Жақын даму аймағы – бұл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орындай
алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.
Тұлға жақын даму аймағына өтуде өзекті даму аймағындағы білімдерін өз
бетінще қолдануға, өзіндік танымын танытуға дағдыланад. Г.К.Селевко өзіндік
дамыта оқыту технологиясын жүйеге келтіріп, оны үш бөлікке бөлді.
1) Теория өзін-өзі жетілдірудің теориялық негізін ұғыну. Бұл сынып
бағдарламасына енгізілген.
2) Практика - өзін-өзі жетілдіруді іс-жүзіне асыра білу. Бұл іс-
әрекет сабақтан тыс уақытта орындалады.
3) Әдістеме ғылыми негізін жасауда өзін-өзі дамыта оқытудың әдісі
мен құрылымын жасап, жүзеге асыру.
1. Таным қабілетінің дамуы – бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер
бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеті.
2. Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері
жайындағы оқулықтың ролі.
3. Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.
4. Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі,
білімдарлығы оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының
бірі.
Дамыта оқыту оқушыларды әртүрлі іс-әрекетке тартуды құптайды, сабақта
дидактикалық ойындар, пікір-таластар, ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл
байлығын, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған
оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни күнделікті сабақта оқушылардың
жоғарғы білімдік пен адамгершілік құндылықтарын артырсақ, жеке тұлға
білімдегі шындықты ізде, салыстыру, дәлелдеу, зерделеу, өз іс-әрекеттерін
сараптап, өзіне-өзі баға беруге дағдыланады.
Қай замандарда да сынып қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени
салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту
теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа
сұраныстарға жауап берердей бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын
талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта сыныптің бастауыш
сатысының алар орны ерекше. Оқушыларға білім берудің барлық кейінгі
бастауышта қалатындығы баршаға белгілі.
Л.В.Занков балалар шығармасын баланың сыныпқа, мұғалімге өз ойын,
әсерін, пікірін, сезімін жеткізе білу деп қарастырады. Автордың пікірінше,
онда табиғаттың әсем сұлулығы, адамның жан сұлулығы, оның еғбектеріндегі,
қарым-қатынасындағы адамгершілік қасиеттері көрінеді және тәрбиеленеді. Сол
себепті де ол бала шығармасының құндылығын ақыл ойының ұшқырлылығымен,
сезімін жеткізу дәрежесімен және жаңа бір құбылысты, жағдайды қабылдау,
сезу жаңылылығымен өлшейді.
Дәстүрлі тәсілмен шығарма жаздырту оқушылардың мүмкіндіктерінің
көрінуіне толық жағдай бермейтіндігіне және мазмұнының, сапасының төмендегі
жөнінде жиі айтылып жүр. Сол себепті де шығарманың орнына диктант,
мазмұндама жазу жұмысы кең орын алып келуі біз үшін жаңалық емес.
Л.В.Занковтың зерттеуінше, шығарманы жазуды меңгеру үшін олардың
жалпы дамуында ілгері басушылық болуы қажет.
Сөйтіп, оқушылардың шығармашлық қабілеттерінің жоғары деңгейде
жазылған шығармасын ұйымдастыру үшін екі топтағы шарттар қажет.
Біріншісі – оқушының толық дамуын қамтамасыз ететін дидактикалық
шартты орындалуын талап етеді.
Екінші шарты - әдістемелік мазмұнында. Ол оқушылардың грамматикалық,
стилистикалық дағдыларды меңгеруді, шығарма тақырыптарын анықтауды және
солармен жұмысын ұйымдастыруды талап етеді.
Шығарма тақырыбы оның мазмұнын анықтайды. Сондықтан да әрбір тақырып
– бұл жаңа мазмұн.
Автор өз зерттеуінде тақырыптың еік негізгі тобын анықтайды: өнімсіз
және шығармашылық.
Бірінші топтағы тақырыптар бала тәжірибесінен бөлек бір құбылыстың
ашылуын немесе белгілі оқу пәні бойынша қарастырады.
Мысалы, Қоян туралы мен не білемін? тақырыбында шығарма жазу да
қоян туралы бар біліммен жұмысты жазып шығу өнімсіз деңгейге сәйкес.
Ал, осы тақырыпқа ұқсас келетін Қояндар суда өмір сүре ала ма?
тақырыбындағы жұмыс өзгеше қарауды талап етеді. Себебі тек қоян туралы
білетін біліммен, мағлұматпен шектелуге болмайды. Берілген сұраққа жауап
беру үшін оқушы тірі табиғат пен өлі табиғатты, табиғаттың байланысын,
ортасы мен оның тамақтану қабілетін байланыстыра қарастырады.
Бұл жұмыста оқушы қоян туралы бар білетініне сүйене отырып,
салыстыру, дәлелдеу, нәтиже шығару сияқты жұмыстарды орындауы тиіс, яғни
шығармашылық бағытта жұмыстануы қажет болады.
Аталған жұмыс түрлері бастауыш сынып оқушыларына ешқандай қиындық
келтірмейді.
Екінші топтағы, яғни шығармашылық бағыттағы шығармалар әртүрлі
деңгейдегі жұмыстар болуы мүмкін.
Мысалы, оқушы Қояндар суда өмір сүре ала ма?, Қасқыр мен мысықтың
арасында қандай ұқсастық, айырмашылық бар? деген тақырыпта шығарма жазуда
бір оқу пәнінің ішіндегі бөлек тараулардың байланысын ашу жұмыстанады.
Сондай- ақ әртүрлі пәндер арасындағы байланысты ашуға көмектеседі.
Мысалы, математика пәнімен дүниетану немесе сурет, ән-күй сабақтарының
арасындағы материалдарға негізделген болуы мүмкін.
Ал Тіл адамдарға не үшін қажет?, Менің айналамдағы орта,
Жақсылық, мырзалық деген не? деген тақырыбындағы шығармалар оқушыдан
жоғары дәрежедегі ақыл-ой белсенділігін, яғни мағлұмат, деректерін,
білімдерін сұрыптай отырып өз тәжірибелерініе, бақылыауларына сүйену
негізінде баяндауларын талап етеді.
Шығармашылық бағыттағы шығармаларды жазуда ескеретін негізгі
мәселелер:
Біріншіден, олардың мазмұнының оқушы білімі мен тәжірибесіне сай
келуі;
Екіншіден, тақырып таңдауда еркіндік беру, өйткені оқушыға қай тақырып
жеңіл және таныс, сол бағытта өз ойын еркін және толық жеткізе алады.
Шығарманың тақырыптары оқушыларға өздерінің жақсы білетін жақтарын
ашып көрсетуге ғана емес, сонымен бірге әлі де болса толық қалыптаса
қоймаған жетіспейтін жақтарын да одан әрі дамытуға мүмкіндік беруі тиіс.
Мысалы: Мысық пен күшік, Аңдар орманда қалай қыстайды?, Адамның
жүйке жүйесі сияқты тақырыптар, олардың шығармашылық елестетулерінің
көрініп, көркем бейнені суреттей білуіне көмектесе отырып, логикалық ойлау,
есте сақтау, елестету қабілеттерінің жете дамуына көмектеседі.
Автордың пікірінше, өнімсіз және шығармашылық тақырыптарды өзара
байланыстыра отырып, қолданған тиімді. Себебі, өнімсіз тақырыптар
шығарманың жоспарын құру, керекті материалды қатаң іріктеу, баяндау тәсілін
сақтау сияқты қажет дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар
есебінде жұмсалады.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаттығулар туралы профессор
С.Рахметова былай деді: Балалардың тілі дамыған сайын мұғалімнің
жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында
мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді
ауыздарына салып, басшылқ етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы
тиіс. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы деген кітапта:
Түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде оқушылардың қазақ
тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің машықтары
қалыптасады деп көрсетілді.
Н.Ж.Құрманова жаттығулар туралы былай деді: Жаттығулар оқушының білім
меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені жаттығулар қандай да бір
қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар
жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу
үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде
анықтау керек.
Тақырып түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары орындалады. Жаттығу
нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл
қолдана алу дағдысына ие болады. Біріншіден: оқушының білімін нақтылайды,
әрі нығайтады; екіншіден: өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой
қабілетін арттырады. Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында
жүргізілетін жаттығуларда мынадай талап қамтылуы тиіс:
1. Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды
орындай алатындай білімі болуы шарт.
2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруға тиіс.
3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі, ұсынылуы
керек.
4. Шығармашылықты талп ететін жаттығулар көбірек болуы тиіс.
Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті
жүзеге асырылады. Жаттығуларды орындау негізінде оқушылардың ақыл-ой
әрекеттері, ақыл-ой қызметінің белсенділігі қалыптасады, дамытылады.
Жаттығулар бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің
тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой операциясының
күрделенуіне байланысты бірінен соң екіншісі орындалады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қай деңгейдегі жаттығу болса да, оның
орындалу логикасы мынадай қадамдардан тұрады:
1) оқушы өзі танып-білуі тиіс болып отырған таным нысанын басқалардан
айқын ажыратып алады;
2) оқушы өзінің танып-білуі тиіс таным объектісінің сыртқы
белгілерімен саналы түрде танысады;
2) оқушы нақты қандай заңдылықты ашу керектігін оқу міндеті ретінде
өзіне дұрыс белгілеп алады.
Оқу тапсырмаларының негізінен, жазба түрде орындалуын қажет ететін
логикалық тілдік жаттығулардың арқалайтын жүгі салмақты, өйткені бұл
жаттығулар арқылы оқушы сөз таптарының грамматикалық ерекшелігін танудың
нық әрі сенімді баспалдағын қалайды және оқушы үшін маңызды болып табылатын
жазу, орфография ережелерін меңгереді.
Оқушыға орындайтын грамматикалық-тілдік жаттығулардан кейбір үлгілер
көрсетейік.
1-жаттығу. Сөз жұптарын салыстырып оқы, олардың әрқайсысына сұрақ қой.
Олардың бір-бірінен өзгешелігі неде?
Домбыра – домбырашы, балық-балықшы, сурет-суретші, құрылыс-құрылысшы,
қобыз-қобызшы, теңіз-теңізші.
2-жаттығу. 1-жаттығуда берілген сөздердің мағыналарына тағы бір назар
аударып, олардың ішінде өзара ортақ белгілері бар сөздер бар не жоқ екенін
анықтаңдар. Соларды топ-топқа бөліп дәптерге жазыңдар.
Домбыра, домбырашы, балық, балықшы, сурет, суретші, құрылыс,
құрылысшы, қобыз, қобызшы, теңіз, теңізші.
3-жаттығу. Төменде берілген түбір сөздерді қосымшалы сөзге айналдыр.
4-жаттығу. Түбірге жалғанған қосымшаларды тауып, жұрнақ пен жалғауды
ажырат.
Батырлық, батырға, зейнеткер, ойыншық, ауылға, балалықпен, өнерпаздар.
5-жаттығу. Сөзге қосымшаның қай түрі бірінші жалғанатынын айтып,
сөздерді көшіріп жаз.
Ауылдастар, көлшікке, бүркітшілер, оқушылар, аңдар.
6-жаттығу. Көп нүктенің орнына түбір сөзді тауып жаз.
лық гіш
лі
... шы ... .. ім
... ... ші
Ға ді
ден
7-жаттығу. Берілген сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, түбірлес сөз
жаса.
Оқу, бас, біл, су, іс.
8-жаттығу. Көп нүктенің орнына берілген сөзден ортақ жұрнақты жаз.
Грамматикалық-тілдік жаттығуларды орындау барысында оқушылар мынадай
ізденімдік-зерттеу міндеттерін шешеді:
- сөз құрамына байланысты өзгерістерді бақылайды;
- түбір сөз бен қосымшалы сөз мағынасының табиғатын тану мақсатында
лексикалық талдау жасайды;
- сөз құрамына талдау жасайды.
Сөз құрамын дамыта оқытуда оқушылар орындайтын сөйлеу түрлеріне
тоқталып өтпекпіз.
1-жаттығу. Кім шапшаң? Берілген дыбыстар әрбір мақалдың бас әріпі.
Ойланып көр де , орнына қой.
1. Ө...ө...ж...
2. К...ж...о...
3. Е...а...е...ш...
4. Ы...а... – ы...
5. Ө...б...с...
6. Е...і... – а...б...
2-жаттығу. Берілген сөздерге мағынасы жуық сөздерді тауып, мағынасын
түсіндіріңдер. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Перзент, ізетті, ірі, таяу.
3-жаттығу. Төмендегі сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып
жаз.
Шалғай, қатыгез, таяз, қою, үлкен, кең.
4-жаттығу. Сыныптағы ең тәртіпті және ең тәртіпсіз оқушыға мінездеме
бер.
5-жаттығу. Мәтінді оқы. Ондағы қарамен жазылған сөздерді қосымшасыз
айтып көр, сонда сөздер дұрыс байланыса ма?
2. Бастауыш сыныпте дамыта оқыту үрдісінін ұйымдастырудың педогогикалық-
психологиялық мәселелері
Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының,
бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.
Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше?
Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи
есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын,
сыртқы педогогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықтайды.
Педогогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып келеді. Бірі-
жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылықты қуаттаса, екіншісі керісінше
барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада
сәулеленуіне, яғни тынымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне,
меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл-оқу білім алу деген сөз.
Оқу-адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
"Даму ұғымы философиялық сөздікте"... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір
өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы",- деп түсіндіріледі.
Терістеу-дамудың қозғаушы күші. Терістеу-белгілі бір затпен құбылыстың
қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына
мүмкіндік туғызу.
"Даму" ұғымының психологиалық анықтамасы-жаңару үрдісі, жаңаның өмірге
келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары
сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір
деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың
даму үрдісіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатынасатындығын
дәлелдейді. Олар:
1. Биологиялық фактор.
Бұл ата-анадан ауысқан , туа бітті және өмір сүру барысында
қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының
ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының
нәтижесі.
2. Әлеуметтік фактор.
Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы.
Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-
құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен
сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын
рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Даму үрдісіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады.
Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама
жоғары болмасын, егер мұғалім баланың
өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың
әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде
дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Баланың даму үрдісі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі,
азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қалыптасуымен қамтамасыз
етіледі. Ең бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне
келген болса да басқа екеуінен ерекшеленіп, жеке әсер ете алмайды. Барлық
іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология
ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдепберді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ең алғаш рет бала дамуының тмендегідей
екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1. Бала дамуының жақын аймағы- баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара
алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы баланың үлкендердің көмегінсіз істей
алатын істері.
Бұл теория шеңберінде оқудың бала дамуындағы жетекші рөлі жөніндегі ереже
өмірге келді.
''Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы
керек... Білім беру тек дамудың алдында болғанда ғана пайдалы болмақ''- дейді
Л.С.Выготский
Оқыта отырып дамыту проблемасы Я.А.Коменский еңбектерінен бастау
алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктері мен санасу керек
екенін атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім
берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген.
Бұл идея К.Д.Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол
психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер
құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап, оқулықтар жазды.
Аталған теориялық негіздер нәтижесінде Л.В.Занковтың басшылығымен 1960-1990
жылдар арасында зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы
жасалды.
Бұл тұжырымдама ''екіліксіз қалай оқытуға болады'', білімге деген
қызығушылықты арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты
мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.
А.С.Макаренко баланың мінез -құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады деп
есептейді. Ал американдық психолог-ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін өсіп келе
жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызға дейіні қалыптасып бітеді
дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі.
С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова- Меллер өз зерттеулерінде оқыту -
дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді.
И.Я.Лернер ''даму'' деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы
деп түсіндіреді.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының
дамуының белгілерін атап көрсетеді. Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская
оқи алуды, яғни қысқа мерзімже жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов Оқу
материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдыр құрастыру, негізгіні
және көмекшіні анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын
жатқызады.
Л.В. Занков ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz