Бастауыш сынып оқушыларын дидактикалық ойындар негізінде шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары


Кіріспе ... ... ... ... ... .3
І Дидактикалық ойын арқылы мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктерін қалыптастырудың теориялық мәні.
1.1 Дидактикалық ойын негізінде оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастырудың педагогикалық сипаты ... ..6

1.2 Мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктерін ойын әрекеттерінде қалыптастыру ерекшеліктері ... ... ... ... 14
2 Дидактикалық ойын арқылы мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктерін қалыптастыру әдістемесі.
2.1 Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыру жолдары ... ... ... 36
2.2 Оқушылардың танымдық белсенділіктерін ойын арқылы қалыптастырудың әдіс.тәсілдері ... ... ... ... 4

Қорытынды ... ... ... ...62

Пайдаланылған әдебиеттер
Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары.
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. [1]
Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу-әдістемесінің мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін қажет етіп отыр.
Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәрбиелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші,жаңашыл мұғалім болуды қажет етеді.
Бұл – жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз. Бүгінгі кезеңде бізге, елімізге дені сау, рухы таза, ойлары биік адамдар қажет-ақ.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халыктарына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдау. 2012ж. 27-қаңтар
2. ҚоянбаевЖ.Б.Қоянбаев Р.М.Педагогика оқулығы .Астана.2000ж.
3. Сухомлинский В.А. Мудрая власть коллектива.-М.1975ж
4.СабыровТ.С.Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру
5. А. Диваев «Игры киргизских детей» Алматы
6. Макаренко А.С. О родительском авторитете. Сочинение в 4-х
7. Выготский Л. С. Воображение и творчество в детском возрасте. -М. 1936 ж.89. 8.Чернов В.Д. Некоторые вопросы развития способностей учащихся в педагогическом процессе:Дис...к.п.н.1969.
9. Бабанский Ю.КИзбранные педагогическиетруды.-М.Педагогика.-1989ж
10. Ы.Алтынсарин
11. Макаренко А.С. О родительском авторитете. Сочинение в 4-х
12. Давыдов В. В. Проблемы развивающего обучения. Просвещение, 1986 ж.
13.Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары, Алматы :Мектеп,1978
14. Сағындықов Е. Педагогика. – 1996. Алматы
15. Макаренко А.С. О родительском авторитете. Сочинение в 4-х
16. Эльконин Б.Д. Психология развития. М.:
17. Эльконин Б.Д. Психология развития. М.:
18. Сухомлинский В.А. Мудрая власть коллектива. – М.: 1975
19. Алтынсарин Ы.
20. Диваев А.
22. Ушинский К.Д.Собрание сочинений.Т.8.-М.1950ж.
23. Аймауытов Ж.
24. Эльконин Б.Д. Психология развития. М.:
25. ҚоянбаевЖ.Б.ҚоянбаевР.М.Астана.2000ж.
26. Макаренко А.С. О родительском авторитете. Сочинение в 4-х
27. Выготский Л. С. Воображение и творчество в детском возрасте. -М. 1936 ж.
28. Сухомлиский В.А. Мудрая власть коллектива. – М.: 1975
29. СухомлинскийВ.С.Мудрая власть коллектива.-М.1975
30. БайтұрсыновА

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 1900 теңге

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ
ЭТНОПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

Педагогика және психология мамандығы

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын дидактикалық ойындар негізінде
шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары

Орындаған:
Дауылбаева Динара.

СПМ-112до

Ғылыми жетекшісі,

п.ғ.к., доцент: .

Түркістан 2014ж.

Ф-ОБ-001033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих -педагогика факультеті

Жалпы педагогика және
этнопедагогика кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Жалпы педагогика және
этнопедагогика кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.к., доцент, м.а
Рысбекова А.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Дидактикалық ойын арқылы мектеп оқушыларының танымдық
белсенділігін қалыптастыру.

Орындаған:
Алтынбеков Н.

ППП-911

Ғылыми жетекшісі:
п.ғ.к., доцент:
Кішібаева Д.

Түркістан 2013
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Дидактикалық ойын арқылы мектеп оқушыларының танымдық
белсенділіктерін қалыптастырудың теориялық мәні.

1. Дидактикалық ойын негізінде оқушылардың танымдық
белсенділіктерін қалыптастырудың педагогикалық сипаты ... ..6

1.2 Мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктерін ойын әрекеттерінде
қалыптастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...14

2 Дидактикалық ойын арқылы мектеп оқушыларының танымдық
белсенділіктерін қалыптастыру әдістемесі.

2.1 Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін
қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..36

2.2 Оқушылардың танымдық белсенділіктерін ойын арқылы қалыптастырудың әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..4

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..65

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру
жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары.
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары
елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық
жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық
жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге
дайын болуға тиіс. [1]

Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық
сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға
бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу-әдістемесінің мазмұнының
өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық
ізденістерін қажет етіп отыр.
Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін
игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты
тәрбиелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл
педагог-зерттеуші,жаңашыл мұғалім болуды қажет етеді.
Бұл – жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол
деңгейде білім беру деген сөз. Бүгінгі кезеңде бізге, елімізге дені сау,
рухы таза, ойлары биік адамдар қажет-ақ.
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына 2007 жылғы 28
ақпандағы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" Жолдауында "Білім беру реформасы
табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген
азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай
деңгейге көтерілу болып табылады.[1]
Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру
қызметіне қол жеткізуге тиіспіз" деп атап көрсетті.
Қазіргі кезде бүкіл әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер адам өмір
сүріп жатқан ортадағы барлық саланы, соның ішінде, білім беру саласын да
қамтып отыр.
Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан-жақты терең білім
беру, сөйтіп білікті маман даярлауға бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған
елдер басты көңіл бөліп отырғаны да сондықтан.
Білімді азамат тәрбиелеудің жауапкершілігінің қаншалықты күрделі
екендігін түйсінген білім саласының мамандары үнемі оқытудың тиімділігін
арттыру мақсатында іздену үстінде.
Түрлі зерттеулер нәтижесінде мемлекеттік тілді оқытудың технологиялары
пайда болып, күнделікті өмірге еніп жатыр, өйткені тиімді технологияларсыз
білімді нәтижелі беру мүмкін емес.
Ал бұл жұмыстарға қол жеткізу үшін мектепішілік әдістемелік қызметті
және мұғалімдердің педагогикалық қызметіне бақылау жасау жолдарын
жаңартудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру қажет.
Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып жаһандану ағысына енген еліміздің
алдында тұрған міндеттердің бастысы – еліміздің бәсекеге қабілетті
азаматтарын даярлау мақсатында елдің интеллектуалдық мәдениетін көтеру,
жастарға ұлтық ерекшеліктерді ескере отырып сапалы білім, білік, тәрбие
беру, жан-жақты дамыған іскер азамат қалыптастыру.
Білім министірлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: (ақпан,1993)
“Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім
мен тәрбие беру,оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу
мүмкіндігін жетілдіру,сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін,
іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады
Ал, Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың Білім мемлекеттік бағдарламасының
білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарында Жалпы орта білім беру
саласында оның мазмұнын білім беруді демократияландыру және ізгілікті ету
бағытында айтарлықтай жаңарту қажет.
Оқушылардың сапалы білім, білік пен дағды алуының жоғары негіздеріне
қол жеткізген жөн деп, отбасы,мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген білімді, дағдылар мен
қарым-қатынастарды баланың меңгеруін,сондай-ақ күш-жігірі мен
психологиялық жағынан мектеп бағдарламасын игеруін қамтамассыз етуге
міндеттідеп баланың дамуындағы отбасының міндеттерінде белгіленген
Кез-келген адамның, оның ішінде оқушының әрекетінде білімнің ғана
емес, сонымен бірге ойындарды пайдаланудың зор маңызы бар.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дидактикалық ойын арқылы қалыптастыру
және іскерлік ұғымы педагогика тарихында көптеген қазақстандық және
ресейлік еңбек сіңірген педагогтардың құнды еңбектерінде әр қырынан
тұжырымдалған.
Біздің зерттеу жұмысымызға байланысты оқушылардың білім сапасын арттыру,
мақсатында оқу іскерліктері мен дағдыларын ойын іс-әрекетінде қалыптастыру
мақсатымен айналысқан Қазақстандық И.Д.Буртовой мен Т.Әбдіғалиева,
Ж.Балтабаев, Р.М.Қоянбаев, Ж.Б.Қоянбаев, Б.Т.Ортаев Т.Хазіретәлі,
Н.Жаманқұлова, Н.Г.Даумов, А.Қ.Аренова, А.Әмірбеков зерттеулері мен
еңбектерінің орны ерекше және Ресейлік педагогтар И.В.Савин Т.А.Ильина,
Е.А.Климов, А.В.Усованың еңбектерінің маңызы зор. [2]
Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға
әрекет жасаған.
Ал айнала дүниені танып-білудің, белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі
заттық іс-әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте-бірте
ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде
ойын іс-әрекетін бастан кешіреді.
Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған
айналасындағы заттар мен құылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру,
сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшуін
нақты қарым-қатынас барысында біледі.
Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың
таным-түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде
оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады.
Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде-ақ атақты
ғұлама ойшылдар, философтер, педагог, психолог ғалымдар көріп, байқап, оны
іске асыру жолдарын ұсынған.
Оның көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер ежелгі
грек философтары Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге
болады.
Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын – айналадағы дүниені танудың
тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп
қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
В.Сухомлинский "Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да
мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол
арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние
туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің
маздап жанар оты деген ой айтады.[3]
Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір
жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын
әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек
өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады.
Ойын арқылы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
бүгінгі күннің талабы. Сондықтан да, дипломдық жұмысымыздың тақырыбы
Бастауыш сынып оқушылырын дидактикалық ойындар негізінде шығармашылық
қабілетін қалыптастыру деп алуымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: Дидактикалық ойын арқылы бастауыш сынып
оқушыларының шығармашылық қабілітін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- дидактикалық ойын әркеті негізінде оқушылардың шығармашылық
қабілетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық сипатын анықтау.
- бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойын арқылы шығармашылық
қабілетін қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтау.
- дидактикалық ойын негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін
қалыптастыу жолдарын қарастыру.
- бастауыш сынып оқушыларын дидактикалық ойын негізінде шығармашалық
қабілетін қалыптастырудың әдіс тәсілдерін қолдану.
Зерттеудің нысаны: Оқу -тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні: Дидактикалық ойын арқылы мектеп оқушыларының
шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы,
Н.Ә.Назарбаев., Әлеуметтік-экономкалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты
бағыты 2012, 27 қаңтар, , Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, озат мұғалімдердің,
тәрбиешілердің тәжірибелері.
Зерттеу әдістері: философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық
және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау,
қорыту, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдарын талдау және жүйелеу;
білім беруді ақпараттандыруға байланысты құжаттармен танысу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Дидактикалық ойын арқылы мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктерін
қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық сипаты.

Еліміз егемеңді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде.
Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы
да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму
бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі
жүктеліп отыр.

Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін баса дамытуға,
оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру,
тәрбиелеу және балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл алға қояр
мақсат болып табылады.

Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама
бабаларымыз әл-Фараби, Қ.А.Ясауи, М.Х.Дулати, Ж.Баласағұн тамаша өсиеттер
қалдырған.

Ұлы ойшылдар ағартушы-педагог Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци,
Ж.Ж.Руссо, А.Дистерверг, Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинский оқыту арқылы
оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін, дербестігін, ойлауын дамытуға көңіл бөлу
керектігін айтқан болса, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары,
оқыту әдістері мен құралдарын М.А.Данилов, Б.Н.Есипов, Н.Скаткин,
Ю.К.Бабанский, М.Жұмабаев, Т.Сабыров, т.б. өз еңбектерінде оқушылардың өз
бетінше жұмыс орындауда дидактикалық ойындардың пайдалы жақтарын
талқылаған, ғылыми түсініктер берген. [4]Шығармашылық қабілет туралы
анықтамаларға талдау жасай отырып оқушылардың шығармашылыққабілеттері
анықталады.
Оған мына үш белгі тән:
- шығармашылық қабілеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- шығармашылыққабілеттің интелектуалдық сипаты;
- шығармашылық қабілеттің реттеушілік сипаты;
Сондай ақ, шығармашылық қабілетті қалыптастыру тиімділігі мынадай
жетекші факторлармен анықталады:
- оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
- оқу үрдісіне мәселелік оқытуды кеңінен енгізу;
- материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;
- бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол
жеткен табыстарды нығайтуды қамтамасыз ету, т.б.
Оқу үрдісі оқушылардың шығармашылық белсенділігі нәтижесінде жүзеге
асады, ал шығармашылық қалыптасу негізінде оқушыларда танымдық
белсенділік қалыптасады.

Ойын әрекеті негізінде оқушылардың белсенділіктерін қызықтыра отырып,
тұлғалық дамуын қалыптастыруға болады.
Мазмұны бойынша ойын әрекеті оқушылардың ақыл-ой белсенділігін
қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының
негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі
пысықтауды көздейді.
Дидактикалық ойын мектеп оқушыларының сабақ үстіндегі жұмысын
түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына
баулиды және оқушылардың зейінін, ойлауын, зерделеуін дамытады.
Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне
А.Диваев, ойын сипатына М.Гуннер, Е.Сағындықов, Б.Төтенаев; дене
қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға М.Таникеев, Ж.Төлегенов,
Т.Бекбатшаева, Т.Қуанышов; ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес
жасалады. [5]
Мектеп оқушыларының төменгі топтарында негізгі ойындық іскерліктер
қалыптасады, бұл оларға ойын барысында өзара байланысқан шарттық құралдарды
пайдалануға көмектеседі.
Педагогтың алдында мынандай міндеттер тұрады. Ол балалардың
шығармашылық белсенділігін теңдестіру.
Бұған ойынның құрамына әртүрлі рөлдерді қосу; әлеуметтік сферадағы әртүрлі
өмірді, әртүрлі әдеби шығармаларды, ертегілерді, сонымен қатар, ертегідегі
және шын өмірдегі персонаждарды қосады.
Мысалы, педагог (балабақшада тәрбиеші) полиция қызметкерін, от
сөндіруші және жалмауыз кемпірді, Тазша баланы, дәрігерді қосады. Жалпы
сюжетке мұндай рөлдерді қосу балалардың бейнесін белсендіреді, оларда жаңа
күтпеген жағдайларды ойлауына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мұғалім оқушылардың ойынға қызығушылығын ескереді, яғни
күнделікті ойында олар қалыптаспайды.
Ойын іс әрекетін негізінле қалыптасатын ойындардың ішінде
дидактикалық ойындардың маңыздылығы жағынан өзгелерінен бөле-жара айтуға
болады. Бірақ, бір ескертетін нәрсе, маңызды екен деп сабақ мазмұнына
үйлеспейтін ойын түрлерін қолданудан аулақ болған жөн. Әр ойынның өз реті
бар.
Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай ойын қолданатынын сабақ
мазмұнына, мақсатына сәйкес таңдап алған жөн. Өйткені ойын мектепке келген
6 жасар балалар үшін қызықты әрекет, іс-қимыл бола отырып, сонымен бірге
оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол
педагогикалық ізденістің арқасында ғана қуатты құралға айналады.
6 жасар балаларды оқытып-тәрбиелеуде педагог балалар игере алатындай
ойынның бағдарламалық мазмұнын жоспарлайды, дидактикалық және ойын
міндеттерін, қимыл мен ережелерді белгілейді.
Дидактикалық ойын негізінде оқушылардың танымдық белсенділіктерін және
ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, мұғалім балаларды ойнауға,
А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, “Жақсы ойын” жасауға үйретеді. Мұндай
ойынға мынадай сипаттар тән: мазмұнының тәрбиелік-танымдық құндылығы, ойын
барысының дұрыс түсіндірілуі, таңдалынып алынған ойын түрінің оқушыларға
үйретері мол және шығармашылық сипаты, жеке балалардың және барлық
ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып ойын ережесіне бағыну және соларды
басшылыққа ала білуі, ойыншықтар мен ойын материалдарын белгілі бір
мақсатқа пайдалану, балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынастары және
көңіл күйлерінің шат болуы ескеріледі. [6]
Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басының барлық жағына:
оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды.
Ойын іс әрекеті негізінен ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және
дене мүшелерінің дұрыс қалыптастыру мақсаттары үшін пайдаланады. Мазмұны
ойлай білуге құрылған ойын процесінде балалардың білімі мен түсінігі
айқындалып, тереңдей түседі. Ойын үстінде қайсыбір рөлді орындау үшін бала
өзінің түсінігін ойын әрекетінде көрсетеді.
Бала психологиясына ойын іс әрекетінің ықпалы жастардың болашаққа
деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы еңбек, қоғамдық
деңгейде қалыптасады деп алсақ, бүкіл қоршаған дүниенің әр саласының
көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі болады.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес мектептегі барлық буын оқушыларының
білімін ойын іс әрекеті тұрғысынан дамыту, жетілдіру-педагогика
ғылымының міндеті болып табылады.

Осыған орай білімнің мазмұнын, білім беру жүйесіндегі орнын, оқу-
тәрбие процесінің ерекшелігін, оны дұрыс ұйымдастырудың негізгі
әдістерін, формаларын жетілдірудің жолдарын білу керек.

Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойын әрекетін қолдану барысында әр
баланың жеке басының ерекшелігі есепке алынуы тиіс.Сабақ барысында әр
оқушының ұғымы, сезімі, түсінігі, қабылдауы, қабілеті әр түрлі. Ең
бастысы - әр оқушының жеке басын құрметтеу, оның адамдық қасиетіне
нұқсан келтірмеу.Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз
мүмкіндігін, қабілетін, іскерлігін, ойлауын, ойын іс әрекеті барысында
байқау қажет, сонда ғана олардың білімге, ынтасын арттырып,
еңбексүйгіштікке, білімге құштарлық қасиеттерін нәтижелі қалыптастыруға
болады.

Мұғалім оқушылармен дидактикалық ойын іс әрекетін ұйымдастырып, оларды
үйрету, қалыптастыру үшін ең алдымен балалардың психологиялық
ерекшеліктерін білуі керек.

Бастауыш сынып жасындағы баланың бойындағы психикалық процестер: зейін,
қабылдау, қиялдау, есте қалдыру, ойлау, сөйлеу, сезімдер. Осындай
психикалық процестер баланың бойында болуын, өзгеріп жетілуін
қарастырады.

Бала мұндай ерекшелік пен іс-әрекетті қимыл жасау процесінде,
дидактикалық ойын барысында шешеді. Бастауыш сынып оқушыларының
психологиясы психикалық дамуды, заңдылықтарды, іс-әрекеттің дамуын, жеке
бастың қалыптасуын зерттейді. Бастауыш сынып жасындағы балалардың
психологиясын білу оқыту, тәрбиелеу практикасын дұрыс ұйымдастыруға
мүмкіндік береді.

Оқыту ісі білім берумен қатар оқушылардың танымдық қабілеттерін,
логикалық ойлауды дамытуға ойын іс әрекетін пайдаланудың маңызы
ерекше.

Дидактикалық ойын арқылы оқушының білімге деген өте белсенді ақыл –ой
әрекеті қалыптасады. Ойын іс әрекеті - танымдық қажеттіліктен, мақсат,
танымдық және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Ойын іс
әрекеттің негізінде оқушыларда шығармашылық қабілет, танымдық ізденімпаздық
қалыптасады. Т.И.Шамова ойын әрекеті ізденімпаздықты жеке адамның білім
мен іс-әрекет тәсілдерін біреудің көмегімен игеруге, қоршаған өмір шыңдығын
одан әрі өзгерту және жетілдіру мақсатымен танымдық міндеттерді шешуге
ұмтылысымен және белсенділігімен сипатталатын қасиеті ретінде қарастырады.
.
Әртүрлі сыныптық және мектептен тыс тәрбие жұмыстары – оқушылардың
ғылыми дүниетанымын дамытудың, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың
қажетті құралы. Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және
моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін
жарамдылығын жете анықтау – мұғалімнің басты міндеті.
Ойын балалардың негізгі іс-әректінің бір түрі. Бала өмірі ойынмен
байланысты. Бала ойынсыз өсе алмайды.
Бұл өмір заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері
дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы:
Үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал
мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді.
Ойын балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала
алады және үлкендерден үйренеді.
Сондықтан, сабақта дидактикалық ойын арқылы білімін шыңдап, ой өрісін
кеңейтеді. Ал, ойынның мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттарға
ерекшеліктері болады.
Сол ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық
ерекшеліктерін қалыптастырады.
Ойын арқылы оқушылардың ойы ұшқыр, шешен әсерлі сөйлеп, ұлт тарихын,
мәдениетін, халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл маржандарын оңай игеруіне
сетігін тигізетіні даусыз.
Ойын – күрделі философиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым. Ойын
дегеніміз – тынысы кең, алысқа мензейтін, ойдан-ойға жетелейтін, балаға
қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі,
денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит
ойынды мәңгілікке теңеген.
Оның пікірінше ойын Мәңгілік – шахмат ойнап отырған бала. Келесі грек
ойшылы Платон ойын теориясын қалыптырушы ретінде назарға алынады, оның
пікірінше ойын-әрі жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңдесі жоқ жоғары
құбылыс.
Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн,
Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты.
СЛ.Рубинштейннің пікірінше ойын негізінде адамның барлық психикалық
қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды.
Ойын іс әрекеті арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.
К.Г.Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы
эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырады. Психологтар ойынның мынадай
тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік – мотив – мақсат – ойын іс-әрекеті – нәтиже.
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:
а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады;
ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;
б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;
в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі бір әрекетпен
айналысуына байланысты.
Адам өз психикасын түрлі жолдармен жарыққа шығарады. Ойын арқылы адам
психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.[7]
Ойын іс әрекеті кезінде балалардың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп,
таным қабілеті өсіп, мінез-құлқы қалыптасады.
Көптеген педагогтар балаға ойынның психологиялық мәнін және ойынға тән
ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы ашып береді.
Ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде
ойын-өнер мен көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді.
Ойын іс әрекеті кезінде шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі
қылаң береді. Өмірдің әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің әр түрлі
әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе.
Ойын кезінде шартты түрде мақсатгар қойылады, ал сол мақсатқа жету
жолындағы әрекет бала үшін қызықты.
Ойын әрекеті балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие
берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын іс әрекеті барысында:
1) Өзін еркін сезінеді.
2) Іздемпаздық тапқырлық әрекет байқатады.
3) Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою секілді түрлі психикалық
түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі. Өйткені балалық, шақтың
түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмір бақи өшпестей із қалдырады.
Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ
арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде
жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет, ертеңгі шыңдық ақиқатқа айналатын
кезі аз емес.
Былайша айтқанда, болашақ қайраткердің тәрбие жолы тәлімдік тәрбиесі
ойыннан бастап қалыптасады.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір
педагог ғалымдар Жақсы ойын — жақсы жұмыс сияқты—деп қарап, бұлардың
арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Демек, ойын мен жұмыстың
ұқсастығы — жақсы ойын да, жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып,
рақатқа бөлейді.
Баланың ойында да жұмыстағыдай белгілі деңгейде жауапкершілік болуға
тиіс. Олардың айырмашылығы— баланың ойыны нақты материалдық рухани байлық
жасай алмайды, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені
белгілі.
Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын іс әрекеті
кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:
1) олар ойланады;
2) эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял
елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.
Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезімінде
болады.
Сонда ойын іс әрекеті туралы жасалатын тұжырым мынау:
а) Ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді ұстартады, сезімді
шыңдайды.
ә) ерік пен мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны
жетілдіреді.
б) ұжымдық сезімі қалыптасады.
в) эстетикалық тәрбие беру құралы.
г) еңбек тәрбиесін беру міндетін шешуге көмектеседі.
д) бір-бірінен ептілікті үйренеді, өзінің денесін шынықтырады.
Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық,
физиологиялық негіздері болып табылады.
Педагог ғалымдар ойынның оқыту үрдісіне оң әсерін тигізетініне келісе
отырып, мынадай пікір айтады.
А.С.Гуревич, А.В.Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп
қарастырса, Н.Н.Скатова, Р.И.Половникова, В..Д.Чернов оқытудың ойын әдісі
дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырады.
Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді.
Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады. [8]
Жаңа ортаға, оқу үрдісініе өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді
қажет етеді. Ал Ю.Бабанский ойынды бастауыш сынып оқушыларының барлық
әрекеттерін ынталандырудың әдісі деп қараған
Я.Коменский "Ұлы дидактика" еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас
кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атады.
Бұл шақта балаларға өздеріне түсінікті ана тілінде білім беру керек,
ал білім олардың есінде жақсы сақталатындай болуы тиіс.
Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу
әрекеті жеңіл болып көрінеді. [9]
Дж.Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен
санасуды талап етті.
Бұл мәселеде ол кейін Ж.Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының негізін
сала бастады.
Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде мәселелерді қарастырған Дж.Локк
та, ең бірінші орынға баланың дамуын, білім алып тәрбиеленуін ойын іс
әрекеті арқылы жүзеге асыруын қойған .
Қазақ халқының ұлт ойындары жайындағы деректемелерді қағаз бетіне
түсіргендердің бірі Венеция саяхатшысы Марко Поло болды.
Ол өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ
ауылының мерекелі тойларында болып, ойын-сауықтарын көріп, көптеген ұлт
ойындарына талдау жасап, шығу тарихтарына, қалыптасу дәуірлеріне де болжам
айтқан.
ХIX ғасырда қазақ халқының әдет-ғұрып, ойын-сауықтарын, ұлт ойындарын
зерттеуде еңбектер жазған тек басқа ұлттардың өкілдері ғана емес, сондай-ақ
жергілікті көшпелі халықтың, өз ішіндегі сауаттылары да өз халқының өмірін
оқу, оны зерттеу жұмыстарымен айналысқан.
Ұлт ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі ХІІ-
ІХ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалардың құрылу дәуірі –
өйткені ойындардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын, олар тек
өндірістік қарым-қатынастың қалыптасуына негізделген.
Ұлт ойындарының қалыптасуы, тек балаларға ғана керектігімен дамып
қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршіліктегі қозғалысы мен көңіл
кетеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде
дамыды.
Мәселен, әртүрлі қозғалмалы ойындар мен басқада ойын іс әрекеттері
ересектер арасында дамыды да кейін келе жас өспірімдерде қалды.
Себебі үлкендерден көргенін бала да, күн ұзақ далада, үй ауласында
ермек етеді; түйе құмалағынан қой бағып, қой құмалағынан қозы бағып, бір
жердегі екінші жерге көшіп-қонумен тағысын тағы сәбилер уақытын өткізеді.
Бұдан өзі ертедегі ортаның азаматы болғанда басынан өткізетін өмірін,
болашақтағы еңбегін қазір ермек етіп отырғандығы байқалады.
Ұлттар өміріндегі ұлттық психологиямен тығыз байланысты көкейкесті
мәселенің бірі – ұлттық әдет-ғұрыптар, дәстүрлер болып табылса, ұлттың
психологияның ерекшеліктері мәдениетте, тұрмыста, сондай-ақ ұлттың әдет-
ғұрыптар мен дәстүрлерде де айқын көрінеді. Қазақ құндылығының ғасырлар
қойнауынан сүрінбей етіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған айрықша саласы
балалар ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну,
ілгерілеу жоқ.
Халықтық ойындар арқылы ұлттық сана-сезімдегі қасиеттерді
қалыптастырып, жетілдіру мәселесін қарастырған материялдар да ғылыми қорда
баршылық.
Бұл арнадағы К.Ушинский, А.Макаренко, П.Каптерев, т.б. еңбектерін
келтіруге болады. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев
сынды ұлы ғүлама педагогтер халық мұрасының ұлттық құндылықтардың
қайталанбайтын өзгешелігін, тілдің, оның формалары мен мазмұнының
ерекшелігін есіп келе жатқан ұрпақтың танып білуіне халықтық ойын арқылы
жағдай жасау қажеттігін жазып қалдырған. [10]
Мысалы, А.Макаренко халық ойындарының қай түрін болсын тәрбие құралы
ретінде қолдану қажеттігі жайлы айтса, Д.Эльконин өз еңбектерінде балалар
ойынының әлеуметтік табиғатын ерекше мәдени құрылым ретінде түсіндіреді.
Ойын әрекеті негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыратын психологиялық-педагогикалық анықтамаларды да А.Макаренко
өз еңбектерінде қарастыра келіп көптеген сипаттамалар бере келе ойын
іс әрекетінің бала өмірінде алтын орны ерекше деген.
Бала кішкентай кезінен-ақ, ойынға құмар болып, соның жетегінде өседі.
Ойын баланың ақыл-ойының дамуына жол ашатын алғашқы құрал.
Соған сай ата-ана да баланың қандай жерде кіммен ойнауына басты мән
беруі міндеті. [11]
Жалпы білімнің негізі бастауыш сыныпта қалыптасады. Бүгінгі талапқа
сай, баланы басты тұлға деп есептесек, жаңа буын құлықтарымен жаңаша жұмыс
істеуде әр мұғалімнен шығармашылық ізденісті талап ету орынды және заңды.
1.2Мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктерін ойын арқылы қалыптастыру
ерекшеліктері.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы білім беру жүйесінің үлесіне түсінетінін ескерсек, білім негізі
мектепке дейінгі мекемеден, бастауыштан басталғандықтан жас жеткіншектердің
білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.

Дидактикалық ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра
отырып, тұлғалық дамуын қалыптастыруға болады.
Психологтар Д.Д.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулерінде ойын іс-
әрекетінің негізгі құрылымы-оқу мақсаты мен оқу әрекеттерінен тұрады.
Оқыту арқылы баланың белсенділігін дамытудағы көзделетін басты
мақсаттарды саналы түрде меңгеруге баулу. Шығармашылық жұмыстың басты
мақсаты-оқыту мен тәрбиелеу арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен
сусындаған, болашақ халық игілігін жасайтын білімді де білікті маман
тәрбиелейтін бағыт-бағдар беру.
Ал, оқушылардың танымдық белсенділігін оқыту барысында дамыту,
шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау, салауатты өмір салтын
насихаттау болып табылады. Сондықтан ұшқыр ойлы, жаны сұлу, шығармашыл,
белсенді ойлай білетін дара тұлғаны тәрбиелеу біздің міндетіміз. .[12]
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту,
білім беру, белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыру
міндетін қойып отыр.
Мұғалім оқушының белсенділігін, қабілетін дамытуға ,баулуда еңбек
етеді. Көптеген психолог, педагог мамандар В.В. Давыдов, Л.В. Занков. И.Л.
Лернер, және қазақтың ағартушы ғалымдары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
Қ.Жарықбаев, Т.Сабыровтар да өз еңбектерінде осы мәселені, пікірінде айтып
өткен.
Педагог-психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша әрбір жаста
шығармашылыққа баулуда ерекше қабілет, бейімділік болады екен. Мұғалім
оқушының бойында шығармашылық белсенділік қалыптастыру үшін мынандай бағыт-
бағдар беру керек: .[13]
- оқушы шығармашылықпен айналысу үшін жағдай туғызу;
- сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас орнату;
- Психологиялық қауіпсіздік, еркіндікпен қамтамасыз ету,
Оқушының шығармашылықпен айналысуына үйде, сабақта қолайлы жағдай
туғызу
өзінің жолын анықтауға ынтасы оянып, олардың осыған дағдылануы
қалыптасады. Бұл технологияның негізінде оқушылардың оқу мәдениетін, іс-
әрекеті барысында ынталылығын жүйелі ойлаудың дағдыларын қалыптастыруды
көздеген мұғалімнің шеберлігі, шығармашылығы, қабілеті, тәжірибесі
қалыптасады. Оқу үдерісінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі
мен танымдық, ізденісіне қатысты десек, бұларды қамтамасыз ететін іс-әрекет
барысында оқушының белсенділік қасиетін қалыптастыру болып табылады. Білім
беруді басқарудағы әр түрлі жүйелеуді жобалау мен жүзеге асыруда оқушының
білімге деген танымдық іс-әрекеті шығармашылық белсенділігі, ынталылығы
қалыптасуы керек. Осы орайда көптеген ғалымдар оқушының шығармашылық
белсенділігі барысында ынталылықты қалыптастыру жолында өз пікірлерін,
ойларын ортаға салды. Олар мыналар: В.Г.Афанасьев, А,И.Котова,
Ю.А.Копаржевский, Б.Ф.Ломов, Р.Х.Трешьяков.
Мазмұны бойынша барлық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін
қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының
негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі
пысықтауды көздейді.
Білім алу үдерісінде оқушылар дұрыс еркін, тез әрі түсінікті оқуға, өз
айларын ауызша, жазбаша дұрыс қорытуға, мазмұндауға, төрт амал көлемінде
элементарлық математика бойынша есептер шығаруға баулынады, оларға табиғат
жөнінде кей бір түсініктер беріледі.

Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану
бүгінгі күннің талабы. Білім беру саласында оқыту үдерісінің мәні өте
зор, өйткені осы кездегі қоғамдық өндірістік қатынастың дамуы оқытудың
ғылымы-практикалық деңгейіне байланысты.

Бұл дидактикалық ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түсіндіре
түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және
оқушылардың зейінін, ойлауын, зерделеуін дамытады. Өмір тәжірибесін бір
жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да
ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады.дддддд

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына,
ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар.
Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас
ерекшеліктеріне(А.Диваев), ойын сипатына (М.Гуннер, Е.Сағындықов,); дене
қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дмытуға (М.Таникеев, Ж.Төлегенов);
ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне (А.К.Айтпаева) сәйкес жасалады.
[14]
Оқу жылы басталғанға дейінгі уақыт ішінде бастауыш сыныптар
мұғалімдері жыл бойы бағдарламалық материалға сәйкес ұйымдастырылатын
дидактикалық ойындарға қажетті құрал-жабдықтарды жинақтауы, олардың негізгі
түрлерін жан-жақты зерттеп, өзгешеліктері мен ерекшеліктерін анықтауы,
демонстрациялық және дидактикалық материалдарды ерте бастан қолға алған
дұрыс.
Дидактикалық ойындарды өткізуде жиі пайдаланылатын құрал-жабдықтар мен
материалдарды дайындап алу керек. Олар: демонстрациялық екі қатарлы қалталы
полотно немесе екі қатарлы сөре және әр оұушының жеке қалталы полотносы,
түстері, өлшемдері, пішіні әр түрлі және бірдей заттар, дидактикалық
материалдар болып табылады.

Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі. Балалардың оқуы еңбегі ойыннан
басталады.
Ойын балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын
арттыратын маңызды құрал. Бастауыш сыныпта ұлттық ойындармен Дидактикалық
ойындарды сабақтарда кеңінен қолданудың маңызы зор. Әсіресе өткен
материалды пысықтау, қайталау кезеңдерінде ойынды қолдану пайдалы.
Мұғалім дидактикалық ойындарды қолданғанда әдістемелік мәселелерге
ерекше көңіл бөлуі тиіс. Ең алдымен оқушылардың сабақ барысында
дидактикалық ойындарды қолдану түрлерін артыру керек.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойыны мектеп жасна дейінігі
бүлдіршіндердің сюжеттік ойындарынан өзгешелеу болады. Шәкірттер енді әр
алуан қимыл-қозғалыстар, тез ойындарды ғана емес, күш-қуат пен тепе-теңдік
сезімін жетілдіретін қызықты ойындарменде шұғылданады.
Ондай ойын түрлері балалардың сан қилы жағдайларға тез икемделуін
дамытып, олардың тапқырлығы мен икемділігін талап ететін жарыс түрінде
ұйымдастырылады.
Мұндай ойын түрлерінін тәрбиелік мәні зор, әрі адам денесінің дамып
жетілуіне пайдасы мол.
Ойын үстінде балалардың бойындаға барлық дерлік психологиялық
процестері, мінез-құлқы айқындала түседі. Мұғалімге оқушы психологиясының
өзіндік ерекшеліктері айқындалып олармен оқу-тәрбие істерін жүргізудің
тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану мүмкіншіліктері туады. Бала өзіне жаңалық
болып сезілген әр қилы нәрселерге еліктегіш келеді.
Осы қасиетімен бойындағы сезім мен қабілет ерекшеліктерін аңғартады.
Мінезінің ұнамсыз жақтары байқалатын тұс та осы. Ұстазға бұл ретте істейтін
жұмыс түрлері көп-ақ.
Ойындардың ішінде дидактикалық ойындардың маңыздылығы жағынан
өзгелерінен бөле-жара айтуға болады. Бірақ, бір ескеретін нәрсе, маңызды
екен деп сабақ мазмұнына үлеспейтін ойын түрлерін қолданудан аулақ болу
керек. Әр ойыннң өз реті бар.
Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатын
сабақ мазмұнына, мақсатына сәйкес таңдап алған жөн. Өйткені ойын мектепке
келген 6 жасар балалар үшін қызықты әрекет, іс-қимыл бола отырып, сонымен
бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады.

Сонымен қатар ойын теориясын А. В. Вербицкий, Т.В. Кудрявцев, И. П.
Пидкасистый сынды Ресей ғалымдарымен Қазақстандық ғалымдар Н. А. Ахметов,
Ж.С.Хайдаровтар зерттеді. Сондай-ақ, біздің заманымыздың ғалымдары Э. В.
Поничева, Е. А. Аркин, Р. И. Жуковский сынды педагогтар зерттеді.
А.Макаренконың айтуы бойынша, ойынға
бір жақты көзқарасы қате деп есептеген.
Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін
арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Ойын іс әрекеті бала үшін жаңа
органға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді.
Бірақ ол педагогикалық ізденістің арқасында ғана қуатты құралға
айналады.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытып-тәрбиелеуде педагог балалар игере
алатындай ойынның бағдарламалық мазмұнын жоспарлайды, дидактикалық және
ойын міндетерін, қимыл мен ережелерді белгілейді.
Ойында педагогикалық үдеріске енгізе отырып, мұғалім балаларды
ойнауға, А.С. Макаренконың сөзімен айтқанда, Жақсы ойын жасауға үйретеді.

Мұндай ойынға мынандай сипаттар тән: мазмұнның тәрбиелік –танымдық
құндылығы, ойын барысының дұрыс түсіндірілуі, таңдалынып алынған ойын
түрінің оқушыларға үйретеді мол және шығармашылық сипаты, жеке балалардың
және барлық оқушылардың мүдделерін ескере отырып ойын ережесіне бағыну және
соларды басшылыққа ала білуі, ойншықтармен ойын материалдарын белгілі бір
мақсатқа пайдалану, балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынастары және
көңіл күйлерінің шат болуы ескеріледі. [15]
Демек, дидактикалық ойын оқушылардың алған білімдері мен
түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге өзінше бір белсенді
танымдық іс-әрекет формасы болып табылады. Сондықтан оқу-тәрбие процесіне
ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың
маңызы зор.
Оқыту үдерісін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір
жағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған
орай, оқыту үдерісінде мұғалімдермен балалар ынтымақтаытығы, олардың
шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады.

Оқытудың субъектілері мен объектілері арасында әр түрлі байланыстар
пайда болады. Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі заңдылықтарды,
білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді.Егер оқушы оқуды өзімнің
міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да
жақсы ұйымдастыруға болмайды.

Оқыту үдерісінде баланың таным белсенділігі кеңиді, тереңдейді, ақыл-
ой қабилеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін
ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған
сұрақтардың жауаптарын табады.

Оқушылардың білімді, шеберлік пен дағдыларды игеру процесіне білімді
қабылдау, ұғыну, бекіту және оларды практикада қолдану енеді. Бұл бұындар
сабақта сан алуан үйлесуі мен көрініп, оның сан қылы құрылысын анықтай
алады.

Сабақта білімді игеру процесінің негізгі бұындарының әр алуын
комбинациясын оқу материалының сипатына, сабақтың дидактикалық мақсаты,
оқушылардың жас және дербес ерекшіліктеріне, сондай-ақ коллектив ретіндегі
сол сыныптың ерекшелігіне байланысты.

Бұл әдіс оқушылардың өздерінің және олардың ата-анасының оқу нәтижелеріне
жауапкершілігінің артуын көрсетеді.

Ойынның қалыптасуы “құпиясын” ашуға сан жүздеген жылдар бойы әртүрлі
ғылыми бағытта ғалымдар қалам тартқан. Оның шығуы туралы айтылған ой-
пікірлер көптеп кездеседі.
Пікірлердің біріне сүйенсек, ойын адамдардың бос уақытынан туған
нәрсе және олардың әлеуметтік-мәдени мәселелеріне байланысты. Ежелгі
дәуірде ойындар қоғамдық өмірдің өзегі болған және оның саяси-діни маңызы
негізге алынған.
Ежелгі гректер, ойыншылдары құдайлар жақтаған деп санаған, сондықтан
Ф.Шиллер ежелгі ойындар құдіретті, адамның кез-келген жетістігінің идеалы
бола алады деп есептеген. Ежелгі Қытайда мерекелік ойындардың ашылуын
император ашып берген және өзі де ойындарға қатысып отырған.
Әлемдік педагогикада ойын ойыншылар арасындағы кез-келген сайыс
немесе жарыс түрі деп қарастырылды. Мұнда іс-әрекет белгілі ережелермен
шектеледі және жетістікке жету көзделеді (ұрыс, жеңіс, жүлде).
Бәрінен де бұрын ойын оқыту, қатынас құралы және өмір тәжірибесін
жинақтаудағы күрделі әлеуметтік-мәдени феномен болып табылады.
Ойындағы қиындық оның түрлерінің әртүрлілігімен, қарсыластардың
қатысу әдісімен, ойынның жүргізілуімен анықталады. Ойын-оқытудың
таптырмайтын элементі.
Ойын үдерісінде:
-жүргізудің ережелері меңгеріледі;
-ойындағы белгілі бір мақсатқа жету үшін оған қатысушылар
бірлескен ұжымдық іс-әрекет жасауға дағдыланды. Оқушының жеке мінез-құлқы
қалыптасады;
-мұғалімдер мен оқушылардың және қосымша пайдаланған көрнекі
құралдардың ойынға қосқан үлестерінен мәдени дәстүр қалыптасады.
Ойын теориясы. Ойын-бір қарағанда пайдасыз болып көрінеді, солай бола
тұра, қажетті, өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Ойын өзіне қызықтыра,
тарта отырып, ғылымда қиын, күрделі мәселе болып табылады.
Отандық педагогика мен психологияда ойын әрекетін К.Д.Ушинский,
П.П.Блонский, С.Л.Рубинштейн, Д.К.Эльконин, т.б. жете зерттеді. Шетелдің
әрқилы зерттеушілері мен ойшылдары: К.Гросс, Ф.Шиллер, Г.Спенсер, К.Бюлер,
З.Фрейд, Ж.Пиаже т.б. ойын теориясын өздерінше (біріне-бірін қосып жиынтық
ретінде) қарастырған. Бұлардың әрқайсысы өздігінше ойын құбылысын әр
қырынан көрсетіп, оның нағыз мәнін белгілемеген.
К.Гросс теориясы аса ықпалды теория болған. [16]
Оның ойынша, ойынның мәні, мұнан әрі маңызды әрекетке, дайындыққа
қызмет етеді; ойында адам, жаттыға отырып, өзінің қабілетін жүзеге асырады.
Бұл теорияның құндылығы -ойынды жетістікпен тығыз байланыстыруда болған.
Ойынның жетістіктегі рөлі ерекше. Кемшілігі - бұл теория ойынның қайнар
көзін емес, “мәнін” береді.
Ойынды тудыратын себептерді ашпайды. Гросс адам ойынын жануарлардың
ойындары сияқты түсіндіре отырып, оларды қате, бүтіндей биологиялық
факторға, инстинктке апарады.
Өз кезінде Ф.Шиллердің ойын дамытып, қалыптастырған Г.Спенсердің
теориясында, ойынның артықтығы өмірде, еңбекте жұмсалмаған мол күштер өзін
ойында деп көрсетіледі.
Бірақ жұмсалмаған күштер қорының болуы олардың жұмсалу бағытын, олар
неге басқа қызметке емес, нақты ойынға құйылатынын түсіндіре алмайды,
сонымен қатар шаршаған, қажыған адам да ойынды демалу үшін ойнайтыны
айтылады.
Рубинштейннің ойынша, ойынды жиналған күшті жұмсау немесе іске асыру
деп түсіндіру, формалистік болады. Осы себепті бұл теория ойынды
түсіндірерлік жағдайда емес деп қарастырады.
Ойынның себептерін ашуға талпына отырып, К.Бюлер ойынның негізгі
себебі ретінде функцинальдық рақаттану теориясын алға тартады. Бұл іс-
әрекеттің гедонистік теориясының жеке бөлігі болып, яғни адамның іс-әрекеті
рақаттану және құштарлану принциптерімен басқарылады деп есептейтін теория
болып табылады.
Адам әрекетінің сарындары, адамның өзі сияқты әр алуан; сондай немесе
басқа да эмоциональдық реңі тек шынайы мотивацияның туынды жағы және
көрінісі болып табылады.
Шиллер мен Спенсердің динамикалық теориясы сияқты гедонистік теория
әрекеттің шынайы мазмұнын көзден таса етеді. Онда эмоцинальды тиімді түрін
қамтып көрсететін оның шынайы сарыны жасалған.
Бұл теория ойын үшін анықталған функциональды рақаттану немесе жұмыс
істеуден рақаттану - факторын тани отырып, ойында организмнің тек
функциональды қызмет атқаруын көреді.
Ойынның фрейдистік теориясында өмірде ығыстырылған талаптардың жүзеге
асқандығын көрініс табады, себебі өмірде жүзеге аспағанмен, ойында жиі
ойналады және бастан өткізіледі.
Ойында өмірден түңілген, өзіне-өзі жауап бере алмайтын субъекті
сапасының кемдігі көрсетіледі.
Ойында өмірдің таңғажайыптары мен сұлулығы іске асырылып, шығармашыл
қоқысқа айналады; дамудың нәтижесі мен факторынан, ол жетіспеушілік пен
сапасыздықтың көрінісіне айналады; өмір сүруге икемделуден, керісінше оның
қашқынына айналады.
Л.С.Выготский мен оның ізбасарлары ойындағы жалпы мақсат адам ойнай
жүріп, шынайы жағдайдың орнына өзіне алдамшы жағдай жасап алады және өзі
сол жағдайға сай белгілі бір рөл ойнайды. Ойнай жүріп айналасындағыларға
үлгі береді,
Әрекеттен қалыпты жағдайға өту үшін ойынның ерекше түрлерінің дамуы
шынында өзгеше.
Алайда алдамшы жағдайдың қалыптасуы мен мағыналарды тасымалдау ойынды
түсінудің негізіне жұмсалмауы тиіс.
Бұл түсіндірудің негізгі кемшіліктері мынадай. Ол ойынның қайнар көзін
айта отырып, ойын әрекетінің құрылымы төңірегіне топталады. Мағыналарды
тасымалдау, алдамшы жағдайға өту ойынның қайнар көзі болып есептелмейді.

Ойынның бастауы ретінде шынайы жағдайдан алдамшыға өтуді талқылауға
талпыну ойынның психоаналитикалық теориясының сарқыншағы ретінде ғана
түсінілу керек.

Д.Н.Узнадзе ойында пісіп жетілгенімен шынайы өмірде әлі іс-әрекеті
іске аса қоймаған тенденция нәтижесінің барын көреді. Ойын теориясындағы
сияқты, күштің молдығынан, ойын оң ықпал етуші ретінде қолданылады. Ол
дамудың өкімі ретінде қарастырылады.
Бұл әрине жақсы, бірақ теорияның негізгі кемістігі, ойынды қоршаған
әлеммен қарым-қатынас нәтижесінде туындаған іс-әрекет деп емес, іштен
жетілген қызмет әрекеті деп қарады.
Ойын осылай іштей толығып отыратын шынайы мазмұнмен байланыспайтын
немқұрайлы белсенділікке айналады. Ойын “мәнінің” мұндай түсінігі шынайы
ойында оның нақты көрінуін түсіндіріп бере алмайды.
Дегенменде ойынның балаларға берері мол екендігі педагог- ғалымдар
тарапынан қолдау табуда. Адамдар ойынды ежелден-ақ оқыту әдісі ретінде,
алдыңғы ұрпақтың жастарға беретін тәжірибесі ретінде қолданылып келген.
Мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде, мектепте ойын кең көлемде
қолданылады.
Қазіргі оқу ісін күшейту мен оқушылардың белсенділігін арттыру
жұмысын алға қоятын мектептерде ойын мынандай жағдайларға қолданылады:
- тақырыптарды, тіпті оқу пәнінің бөлімдерін, мағлұматтарды меңгеру
үшін өзіндік технология ретінде;
- жалпы технологияның элементі ретінде;
- сабақ немесе оның бөлігі ретінде (кіріспе, бақылау);
- сыныптан тыс жұмыс технологиясы ретінде.
“Ойындық педагогикалық технологиялар” ұғымына кең көлемді әдістер мен
әртүрлі педагогикалық ойындар формасын-дағы педагогикалық процестерді
ұйымдастыру тәсілі енеді.
Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның айырмашылығы, ол оқу-танымдық
бағыттылықпен сипатталады және нақты қойылған оқыту мақсаты мен оған
дәлелденген педагогикалық нәтижелерге сәйкес келетін маңызды белгілер тән
болады. Оқудың ойындық формасы сабақтарда оқу ісіне талаптандыру,
ынталандыру құралы ретінде ойын түрлерінің, әртүрлі ситуациялардың
көмегімен іске асады.
Оқудың сабақтық үлгісінде ойын түрлері мен жағдайларын іске асыру
мынадай негізгі ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларын ойын барысында оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дидактикалық ойындар негізінде қалыптастыру
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жайлы
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану жайлы
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін мұғалімнің белсендіру шарттары мен құралдары
Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері жайлы ақпарат
Бастауыш сынып оқушыларын ойын әдісі арқылы тәрбиелеу
Пәндер