Бастауыш мектеп математика сабақтарында оқушылардың білімін бақылау және диагностикалау



1 Бақылау . ақпарат алудың ең маңызды әдістері
2 Бақылау түрлері
3 Тапсырмаларды дұрыс орындау көрсеткіштері
Қандай ғылым болса да қарастырылап отырған объектілерінің мәнін ашып, олардың қандай заңдылықтарға бағынатынын зерттейді. Объектілерді танып білу, оларды бақылау және оны сипаттау жұмыстарынан басталады.
Бақылау зерттелінетін объектілерді мақсатты және жүйелі түрде тікелей қабылдау арқылы зерттейтін әдіс. Психологтар объектілерді қабылдаудың мазмұны және бағыттылығы бізді қоршаған ақиқат дүние туралы адамның қандай білімдері, тәжірибесі бар екендігіне байланысты болатындығын анықтаған.
Бақылау – ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі, ал бақылау жүргізе білу зерттеушінің бағалы қасиеті. Сондықтан оқушылардың бақылау жасай алуын қалыптастырудың қажеттігі ешқандай күмән туғызбайды. Бақылау жасауды дұрыс ұйымдастыру оқушылардың маетматикалық деректерді табысты игеруіне мүмкіндік жасайды, заңдылықтарды көре білуге және қорытындыны тұжырымдап айтуына жәрдемдеседі. Л. Эйлер сандардың бізге белгілі қасиеттерінің көпшілігі, олардың дұрыстығын қатаң түрде дәлелдеуден көп бұрын, бақылау жолымен ашылған, осы уақытқа дейін дәлелдеуге мүмкіндігіміз жоқ, тек бақылау нәтижесінде ғана танып білуге болатын сандардың бізге етене таныс қасиеттері бар деген болатын.
1. Әбілқасымова «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» 39 – бет

2. Қ. Сәдуақасова «Бастауыш мектеп» № 2 – 2005 ж

3. Б. Ыбраимбаев «Математика негіздері» 51 – бет

4. Қ.Ізтілеуова «Әдіскер мұғалім»

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш мектеп математика сабақтарында оқушылардың білімін бақылау және
диагностикалау

Қандай ғылым болса да қарастырылап отырған
объектілерінің мәнін ашып, олардың қандай заңдылықтарға
бағынатынын зерттейді. Объектілерді танып білу, оларды
бақылау және оны сипаттау жұмыстарынан басталады.
Бақылау зерттелінетін объектілерді мақсатты және
жүйелі түрде тікелей қабылдау арқылы зерттейтін әдіс.
Психологтар объектілерді қабылдаудың мазмұны және
бағыттылығы бізді қоршаған ақиқат дүние туралы
адамның қандай білімдері, тәжірибесі бар екендігіне
байланысты болатындығын анықтаған.
Бақылау – ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі,
ал бақылау жүргізе білу зерттеушінің бағалы
қасиеті. Сондықтан оқушылардың бақылау жасай алуын
қалыптастырудың қажеттігі ешқандай күмән туғызбайды.
Бақылау жасауды дұрыс ұйымдастыру оқушылардың
маетматикалық деректерді табысты игеруіне мүмкіндік
жасайды, заңдылықтарды көре білуге және қорытындыны
тұжырымдап айтуына жәрдемдеседі. Л. Эйлер сандардың бізге
белгілі қасиеттерінің көпшілігі, олардың дұрыстығын
қатаң түрде дәлелдеуден көп бұрын, бақылау
жолымен ашылған, осы уақытқа дейін дәлелдеуге
мүмкіндігіміз жоқ, тек бақылау нәтижесінде ғана
танып білуге болатын сандардың бізге етене таныс
қасиеттері бар деген болатын.
Бақылауды мынадай жоспар бойынша жүргізуге болады:
1. Бақылаудың мақсатын анықтау;
2. Бақыланатын объектілердің маңызды қасиеттері мен
ерекшеліктерін айқындау;
3. Бақылау кезіндегі алынатын ақпараттарды есепке
алып отыру тәсілдерін анықтау (сипаттау, сызбалар
жасау, сандық мәндерді кестеге түсіру және т.б.);
4. Зерттелінетін объектілердің ерекшеліктері мен
белгілері арасындағы өзара байланысты тағайындау;
Бақылау түрлері сан алуан. Оның екі формасы
ерекше маңызды: 1) шын мәнінде орындалған іс -
әрекеттердің дайын нәтижелерін талдау негізінде
жасалатын бақылау, 2) ойлау бойынша орындалған
әрекеттердің көзделген нәтижелері негізінде болатын
бақылау.
Бақылау оқу қызметінің тағы да бір бөлігі –
бағалауымен тығыз байланысты. Ол игеру нәтижелерінің
оқу ситуациясының талаптарына сәйкес, не алшақ болуын
көрсетеді.
Оқу әрекетінің ішіндегі бағалаудың мәні
мейлінше тар. Ол мазмұны да сапалы анықтама
береді, бірақ сан жағынан қарастыруға қолайлы
болатын рангілі сипаттама бермейді. Бағалау мен
бағаны шын мәніндегі және күрделі арақатынасы әлі
де одан әрі зерттеуді қажет етеді.
Төменгі сынып оқушыларының оқу іс - әрекетінде жаңа
ұғымды меңгеру процесі түсіну, оны қорыту және
қолдану сияқты үш кезеңнен тұрады. Сондай – ақ
зерттеу нысаны мақсаттылықпен талдау нәтижесінде
оның мәнді және мәнсіз жақтары сараланып,
қорытындыланады да, содан соң соның негізінде
жекелеген есептер (мәселелер) шешіледі.
Олармен қоса жас баланың бойында оқытудың
бастапқы сатыларында оның білімінің жан – жақтылығын
қамтамасыз етуге бағытталған білімнің әмбебаб
кешенін және әрекет (алгоритмдер) тәсілдерін қалыптастыру
мәселесі де қойылады. Біздің пікірімізше, төменгі
сынып оқушылары білім беру салалары категориялары
жүйесінде оқыту оларға арнайы қандай да бір
пәндермен бірге жан – жақты әрекет, қызмет
амалдарын үйрету аясында жүргізілуі тиіс. Бұл
жинақтай келгенде , ақпараттық мәдениетті
қалыптастырудың негізін құрайды.
Бұл процесті қалыптастыруда біз бақылау
әрекетін қолдану арқылы іске асырдық. Ол үшін
оқушыларды формальды игерілген білімдердің белгілі
бір жиынтығы бар екенін анықтау үшін информатика
пәнінде бақылау тәсілінде сынау қолдандық. Өткізілетін
бақылау жұмыстары мен салыстырғанда, тесттер
анағұрлым сапалы және объективті сипаттағы бақылау
тәсілі болып табылады.
Тесттер негізгі ұғымдарды игеру деңгейін, оқу
бағдарламасының тақырыптары мен білімдерін, икем –
дағдыларын анықтауға бағытталған.
Тесттерді оқытуды кез келген кезеңде пайдалануға
болады. Олардың бір қатары оқушылардың жаңа оқу
курсын игеруге деген дайындық деңгейін бағалауға
арналса, екіншілері оқушылардың білімдегі нақты
кемшіліктерді анықтауға, мақсаты түзету жұмысын
жоспарлауға жәрдемдеседі, ал үшіншілері оқытудың кейінгі
үрдісін және оның нәтижелеріне болжам жасауға
ықпал етеді.
Қазіргі кезде оқушының математикадан алған
білімін бағалаудың ең тиімді жолының бірі – бақылау
тест жұмысын алу арқылы сынау түрі кең етек
жайып келеді. Бұл оқушыны тез ойлауға, ұқыптылыққа,
пәнді тереңірек меңгеруге ықпал ететін әдіс
екендігін өмір тәжірибесі үйретуде: тест жұмысын
орындау арқылы оқушы сол пәннен алған білімін
беріктей түседі, тест тексттерін жасау пән мұғаліміне
көбірек ізденуді талап етеді. Қазіргі талап бойынша
ұстаз шәкірттеріне мемлекеттік стандарт деңгейінде
білім беру қажет. Бұл талапты орындау - әрбір ұстаздың
міндеті.
Есептеудің тиімді әдістерін үйретіп, есептеу
дағдысын дамыту үшін мұғалімдер сабақта ауызша
жаттығуларды жиі жүргізеді. Бірақ ауызша шорқақ
оқушылар жауап беруге құлшынбайды, мұғалім
оларды байқамай сұрамай қалдырар деп үміттенеді.
Есептеу жаттығуларын ауызша бақылау жұмысы
түрінде өткізу пайдалы. Сонда барлық оқушылардан
жауап сұралады. Бақылауды төмендегідей ұйымдастыруға
болады.
Мұғалім тақтаға тапсырманы жазады. Оқушылар өз
блокнокноттарына копирка арқылы әрбір тапсырманың
нөмірін және жауабын жазады. (Копиркалы блокнотты
математика сабағына үнемі алып келіп отыруы
керек). Тапсырманы орындаған соң оқушылар оның
біоінші данасын жыртып алып, мұғалімге
өткізеді, ал екіншісі арқылы өз жауаптарын
тексереді. Мұғалім дұрыс жауаптардың тізімін жай
оқып шығуына да, кодоскоп арқылы тақтада
көрсетуіне де немесе оқушылардың бірін – бірі
тексеруіне де болады. Ең бастысы оқушылардың сол
сабақта өз бағасын білу керек.
Оқушылардың білімін бағалаудың кеңінен тараған
тәсілдердің бірі тақырыптық бақылау.
Бақылаудың бұл түрі оқушылардың бір тарауды
қалай меңгерілген немесе бір тақырыптың қалай
игергенін анықтап, білімнің олқы тұстарын тауып
және оларға көмек беруге жиі қолданылады.
Сонымен қатар әр оқушының математикадын міндетті
білім дағдалырын меңгерудегі жеткен жетістіктерін
анықтайды.
Тақырыптық бақылау жазбаша немесе ауызша
бақылау жұмысына бөлінген сағаттарда өткізіледі.
Белгілі бір тақырыпты бастар алдында
мұғалім оқушыларға сол білім бойынша
шығарылатын есептердің тізімін беріп, тақырып
соңында сынақ тапсыратындарын ескертеді. Егерде
ұйымдастыру кезінде оқушыларға сынақтың мақсаты
және орындау ережесі дұрыс түсіндірілсе, онда
мұғалім өз жұмысына қолайлы жағдай туғызады.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін
ойлау белсенділігін арттыру үшін, сынақ
тапсырмалары екі бөліктен тұрады.
Бірінші бөлігі – негізгі бөлім - оқушылардың оқыту
барысында міндетті білім дағдыларын меңгеруін
анықтайды. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің рөлі
2-сынып оқушыларының математикадан шығармашылық қабілетін дамыту
Көмекші мектептегі маметикалық білімді тексеру
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Бастауыш сыныптарда жеке пәндерді оқыту барысында дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу және мұғалімнің рөлі
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Бастауыш мектеп оқушыларының математикадан білімдерін тексеруде тест әдісін қолдану ерекшеліктері
Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері
Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы. Оқу құралы
Пәндер