Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық- педагогикалық дамуы


- Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық- педагогикалық дамуының басымдылығы
Кешегі мектеп жасына дейінгі бала-бүгін бастауыш мектеп оқушысы. Мектеп жасына дейінгі бала мектепке келгеннен кейін бұрынғы еркіндіктен айырылады. Оларды мектеп тәртібіне шақырады. Сондықтан бостандықта болып қалған бала тәртіпке көне алмайды. Осыдан барып ересектермен өзара түсініспеушілік пайда болады. Бастауыш мектеп жасындағы бала бұрын ойынмен айналысса, енді оқумен айнлысуына тура келеді. Оқу-ойынға қарағанда өте күрделі процесс. Оқуда танымдық, адами қасиеттер күрделене түседі. Сондықтан да іс-әрекетті псиихологиялық тұрғыдан қайта құруда мына төмендегідей кезеңнен өтеді: Біріншіден, мектеп өміріне кірігу, екіншіден, мектеп, сынып ұжымдары арқылы қатынастарды реттеу, ересектермен (ұстаздармен) қарым-қатынасты орнату. Үшіншіден, мектептің ішкі тәртібіне бағыну, қабылдау. Бастауыш мектеп оқушылары мектеп өміріне үйренуі тиіс. Дегенмен, мектеп өміріне үйренудің өзіндік қиыншылықтары да бар.
Бірінші қиындық . Баланың уақытысында ұйқыдан ояна алмай, мектепке керекті оқу құралдарын мезгілінде жинай алмауы, сабақта тәртіп сақтап тыныш отыру, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындау, үй тапсырмасын, қоғамдық тапсырманы орындау, т. б. бастауыш сынып оқушылырына қиынға соғады. Ол оған психологиялық, педагогикалық тұрғыдан дайын емес. Күн тәртібіне көне алмай шатақ шығарып, мектепке барғысы да келмейді.
Екінші қиындық. Сыныптағы оқушымен, ұстазымен қарым-қатынасты үйлестіру. Бастауыш сынып оқушысы үшін алғашқы мұғалім періште, пайғамбардай болып көрінеді. Әсіресе, бірінші, екінші сынып оқушылары үшін ұстаз-бәрін білетін адам. Ол бәрінен ақылды, данышпан, тек соған ғана сену керек. Дегенмен кейбір оқуда үлгере алмайтын оқушыға мұғалім ұрысқақ, залым, тажал болып көрінуі де мүмкін. Сондықтан, бастауыш сынып оқушысы балаларға ұрысқаннан гөрі мейірімді, қамқоршы адам болып көрінгені жөн. Бастауыш сынып оқушыларының тағы бір мәселесі - ол балалардың сыныптағы өзара қатынасы. Бұл жерде де мұғалімнің рөлі ерекше. Себебі бастауыш сыныптағы балалар қатынасын үйлестіретін мұғалім. Мұғалімнің ақ дегені ақ, қара дегені қара. Бала барлық нәрсеге мұғалімнің көзіне қарайды. Педагогикалық кемшіліктер жіберіп, балаларды жастайынан жаман жолға итермелейміз.
Бірінші кемшілік - адами құндылықтың, адамгершіліктің не екенін педагогикалық тұрғыда түсіндіре алмау.
Екінші кемшілік - ақыл-ойдың педагогикалық тұрғыдан дұрыс дамымауы. Осыдан барып оқуға деген жалқаулық, оқығысы, үйренгісі, білгісі келмеуі туындайды.
Үшінші кемшілік - адами-әсемдік сұлулық дегенді білмей, түсінбей өсуі. Әсемдік, көркемдік, сұлулықты түсінбеген баланың жүрегінің жылуы болмайды.
Төртінші кемшілік - медико-педагогикалық. Баланың денсаулығының, ақыл- ойының кемістігі, паталогиялық кемшілігі. Онда бала тазалық, тәртіп дегенді түсінбей өтуі мүмкін.
Бесінші кемшілік - баланың еңбекке деген адами құлшынысының жоқ болуы.
Үшінші қиындық . Балалардың отбасымен қатынасы. Мектепке барғаннан кейін бала бұрынғы балалық дәрежесінен айырылып, жауапты адамдар қатарына қосылады. Мұндайда ол түрлі жағдайға ұшырауы мүмкін. Біріншіден, балаға мектепке керекті құрал-жабдықтар алынған. Ол ойыншықтардан күрделі. Оның үстіне балаға бақылау күшейеді. Себебі сабаққа дайындық керек. Осының бәрі балаға ұнамайды. Бала тәртіп сақтаудан қашады тәртіпті орындамайды. Бала мен ата-ана арасында кикілжің пайда болады. Екішіден, керісінше, балаға жаңа рөл беріліп, сабаққа жауап кершілікпен қарайды. Көп нәрсені өзі тындырады. Бірақ бұған ата-ана жөнді мән бермейді де, ол әрекетті баланың ойыны ретінде қарайды. Бала осыны түсініп, біртіндеп сабаққа деген ықыласы төмендей береді. Үшіншіден, бала ата-ананың өзінің оқуға деген ықыласына көп көңіл бөлгенін біліп, үстіне төніп тұрғанын сезіп, ол да өз шартын алға тартады. Кей жағдайда әрбір жақсы бағаға ақша талап етеді.
Төртінші қиындық . Бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын, үйге берген тапсырмасын орындауда қиналуы. Зерттеуші-ғалым педагогтардың айтуынша бастауыш мектеп оқушыларын үй жұмысын орындауда бірнеше топқа, кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші топ оқушылары үй тапсырмасын көтеріңкі көңілмен орындайды. Мұндай оқушылар тобын романтиктер дейміз. Олардың оқуға деген қызығушылығы бар өздерін ересектер санатында ұстайды. Бірақ уақыт өткен сайын сол балалардың кейбіреуі оқудан жалығады, қызығушылығы басылады. Үлгерімі төмендей береді. Бірақ сабақты орындау міндет екенін ғана біліп, үй жұмысын орындау тек әдетке айналады. Екінші топ, оқуды үй жұмысын орындауды салт деп білу. Осылайша балалардың сабаққа деген ынтасына қарай, оларды үш топқа бөлуге болады.
Бірінші - ынтамен оқитындар.
Екінші - жалпы үрдіспен, оқу керек, ата-ананы, мұғалімдерді ренжітпейін дегн оймен оқу, яғнй өзі үшін емес біреу үшін.
Үшінші - сабақтан үлгере алмай, артта қалып қойғандар тобы. Бастауыш сыныптың өзінде балаға ұнайтын, ұнамайтын жақсы көретін, жақсы көрмейтін пәндері бар. Осы орайда айтарымыз мектеп баласына барлық пәндер бірдей ұнай бермейді. Қандай бір үздік оқушы болмасын, оның өте жақсы көретін пәні немесе пәндері болады. Соны әрі қарай дамытқан жөн.
1. 2. Педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары мен технологиясы.
Бірінші бағыт - бастауыш сынып оқушыларының алғашқы сенімін қалыптастыру. Сенім - күрделі. Ол - терең тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Оны бастауыш сыныпта толық қалыптастыру мүмкін емес. Бірақ соның іргетасын қалауға болады. Оны отбасынан бастаған жөн. Мәселен, ата-ананың өзіне деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенімі. Осыны ары қарай дамытып қалыптастыру керек. Бастауыш мектеп балаларының алғашқы сенімін қалыптастыру үшін оларды жеке адам ретінде, олардың әрқайсысын жеке-жеке ажыратып қарастыра білгеніміз жөн. Баланы жеке адам деп те, тұлға деп те қарауға болады. Жекелеп қарағанда біз олардың жеке қасиеттерін ғана білеміз. Ал тұлға деп қарасақ оның даму процесінде білеміз.
Екінші бағыт - қоғамдық қатынасты дамыту, мұғалімнің өктемдігін ескерту оған жол бермеу. Осы ойды тарқату үшін мынандай мысалды алайық. Мектепте екі қатар сынып бар дейік. Соның бірінде өте абыройлы, тәртіпті қалайтын, өзі де принципке берік, білікті мұғалім жұмыс істейді. Оның оқушылары да, тәртіпті, ұқыпты, мектептегі үлгілі сыныптың қатарына жатады. Ал келесі сыныпта еркіндікті қалайтын, өзі де қалай болса, солай жұмысты орындайтын мұғалім сабақ береді. Оның оқушылары да тәртіп жағынан онша дұрыс көріне бермейтін болып өседі. Сол екі сыныптың балалары бесінші сыныпта күрт өзгеруі мүмкін. Тәртіпке үйренген, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындайтын балалар көп пәндік мұғалімдерге тап болғанннан кейін, сол бұрынғы тәртіптіліктен айырылады. Екінші топтағы балалар жаңа жағдайға тез үйреніп кетеді.
Біздің мұндағы айтайық дегеніміз-бастауыш сыныпта өктемдікке үйренген бесінші сыныпта басқа өзгеріске ұшырамайды. Бастауыш сыныпта мұғалімнің өктемдігі жарамайды. Себебі, бастауыш сынып оқушылары өктемдікке үйреніп жалтақ болып қалады. Ал, екінші топтағылар сол өздерінің табиғи жағдайына байланысты дамиды. Осындай қателіктерден аулақ болу үшін біз мына жағдайларды ескергенді жөн көріп отырмыз.
Біріншіден. Бастауыш сынып мұғалімі оқушылары мен апталық жоспарды бірігіп құру. Екіншіден, осы құрылған жоспарды орындау. Үшіншіден, атқарылған істің нәтижесін талдау. Төртіншіден, атқарылған іске, соны орындаушыларға, өздеріне баға беру,
Үшінші бағыт-әдптің алғашқы қадамын қалыптастыру, адами қатынастағы бірсөзділік. Мектептің өзінің ішкі заңы, тәртібі бар. Ол үйдің, даланың, ауланың, немесе балабақша қатынасынан бөлек. Бұл-әлеуметтік, ересектің заңы, тәртібі. Алғаш бала мектепке келгенде осы заң, тәртіппен танысады. Оны бастауыш сынып мұғалімі таныстырады. Ал бастауыш сынып оқушысы осы заң-тәртіпті бұлжытпай орындауға тырысады, ересектермен қарым қатынаста болғанын мақтан тұтады. Оның үстіне ұстазының айтқанын орындау-үлкен шаруаны тындырғанмен тең.
Төртінші бағыт-жақсы оқу, үлгерім жетістігі, соған жетуге жағдай жасау. Байқап қарасаңыздар оқудағы жетістік бар және сол жетістікке жетуге жағдай жасау бар. Бұл екі ұғым бір-бірінен байланысты да, және екі бөлек. Оқу үлгеріміндегі жетістік-соған жағдай жасаудан басталады. Жетістік-нәтиже, ал жағдай жасау-соған жетудің жолы. Бала оқуда жақсы нәтижеге жетсе, ие болса оның қуанышының шегі жоқ. Мұғалім осы сезімді пайдалана білуі керек, оқушының жетістіктен жетістікке жете беруіне атсалысуы тиіс. Бұл жерде мұғалім жетекші. Қыздардың қуануы мен ұлдардың қуануы бөлек. Қыздардың қуануы сыртқа көрінеді, ал ұлдар іштей қуанады, сыртқа білдірткісі келмейді. Жетістіктің нәтижесін тек қана бала көрмейді. Оны жақын қоршаған ортасы, ата-ана, ұстаз, жора-жолдастары көреді, солар қуанышқа ортақтасады. Осы жерде бала өзінің пір тұтатын адамының ерекше қуанғанын көріп, жетістіктің нәтижесінің өте жоғары болғанын сезеді. Жетістіктің үш түрі бар:
Біріншісі - күні бұрын болжауға болмайтын жетістік. Мұнда жеңіс те, жеңіліс те болуы мүмкін. Себебі бала жетістікке жетуі үшін талпыныс жасайды, нәтиже күтеді. Мұғалім осыған көмектесуі, қол ұшын беруі тиіс. Жетістікке жетсе мақтап, қолдап, ал жете алмаса көңілін аулап, көтермелеп, болашағының алда екеніне көзін жеткізу.
Екіншісі - күні бұрын болжауға болатын жетістік. Бастауыш сынып оқушысының қандай бір жақсы жетістіктері болмасын, ол оған қуанады. «Мен осылай болады деп ойлап едім, дегеніме, мақсатыма жеттім», -деген қуаныш алға жетелейді. Жетістікті қандай бір болжап, осылай болады дегенмен, жетістіктің аты жетістік, ол жеңіс. Баланы жеңіспен құттықтау керек. «Осылай боларына сенгенмін», -деп ұстаз демеу берсе бала қанаттанады.
Үшіншісі - қорытынды жетістік. Бала жетістіктен жетістікке жеткен сайын оның жетістікке сенімі күшейеді, соған үйренеді. Мұның жақсы жағы жетістікке жетудің жолын біледі, соған дағдыланады. Бірақ бұл жолдың кемшілігі де бар. Осындай жағдайда кейбір балалар дандайсып кетіп, жетістіктен басы айналып біртіндеп қолы жеткен жетістіктен айырылады.
- Бастауыш сынып оқушыларымен қызметтестік принципін іске асыру мүмкіндігі.
Қызметтестік дегеніміз-ұстаз бен шәкірттің ортақ жүйемен жұмыс істеуі, жетістікке көздеген мақсатқа жетуі. Осы қағиданы орындау барысында мынаны ескеру керек: біріншіден, ортақ мақсатқа екі жақтың да көзінің жетуі. Екішіден, ұстаз бен шәкірттің әрқайсысы өздеріне тиісті шарттарды біліп, ешкімге арқа сүйемей үйлесімді орындауы. Үшіншіден, керек жерінде бір-біріне көмегін беру, масыл болмау. Бастауыш сынып оқушыларымен қызметтестік айшықталып көріне бастайды. Дегенмен осы жаста да негізгі рөлді ересектер мұғалімдер атқарады. Мұны біз тәлімгерлік-қызыметестік дейміз. Серіктестік - қызметтестің бір түрі. Оны бастауыш сынып оқушылары мен жасөспірімдердің 5-6 сыныбында байқауға болады. Серіктестік қызметтестіке бір табан жақын. Қызметтестік жасөспірімдермен атқаруға болады. Мұндай кезеңде мұғалімдер мен оқушылар тең құқылы, екі жақ педогикалық қызметті бірігіп атқарады. Қызметтіктің ең жоғары түрі-достық . Қызметтестік қатынас достық қатынасқа ұласуы мүмкін. Бұл негізінде жасөспірімдіктен жастық шаққа қарай ұласқанда болады. Мұғалімнің оқушылармен тек қызметтес болмай, осы қатынас достыққа өссе, бұл ұстаздың ең үлкен жеңісі, ұстаздық қызметтің жемісі болып табылады. Қуануға сатылап немесе біртіндеп жету. Біріншіден психологиялық шабуыл жасау. Баланың тапсырманы орындауындағы жүрексінуін жеңу, соған психологиялық жағдай жасау, баланың осы тапсырманы орындай алуына эмоционалдық әсер ету. Екіншіден, эмоционалдық одақтасу. Ұстаз және оқушы қиын істі бастап жеңу үшін одақтасады. Мұғалім баланың жүрексінуін жеңуге оқудағы нәтижесіздік-уақытша, кездейсоқтықтан пайда болған. Сол жеңілісті жеңуге болады, -деп баланы сендіру керек. Үшіншіден, негізгі бағытты таңдап алу. Мұғалім баланы сендіргеннен кейін, сол жетістікке жетудің жолын анықтайды. Оқу процесінде кездеседі деген кедергілердің алдын алады. Төртіншіден, оқуда кездесетін қиындықты болжай отырып, мұғалім күмәнданатын балаға тапсырманы басқа балалармен бірдей бере береді. Бірақ күмәнді баланың жұмысында кездесетін қиындықтың алдын алып көмектеседі. Бесіншіден, жұмыстың нәтижесін талдағанда күмәнді баланың қиындықты жеңе білгенін атаған жөн. Бірақ келесі жолдары күмәнді бала мұғалімге арқа сүйей бермей, өзінше еңбектегені де дұрыс. Алтыншыдан, күмәнді баланың күмәні сейілгенен кейін жалпы қатарға қосып оқуға болады. Бала жалпы қуанышқа жора-жолдастарының, өзінің пірі тұтатын, жолдастарының, мұғалімдердің оқу-тәрбиедегі жетістігіне қуанғанда кенеледі, дегенмен өмірде көре алмаушылық та болуы мүмкін. Қуаныш -мақтаныш ортақ, бірақ бәрі бірдей қуанып мақтанбайды. Бірақ жалпы ортақ қуаныш-мақтаныш еш уақытта өз қасиетін, мазмұнын жоғалтпайды, кейде ортақ қуаныш -мақтаныш баланың басын айналдыруы да мүмкін. Сондықтан ондай жағдайды мұғалімнің қадалағаны жөн. Бірінші топ-санаткерлік қабілеті нашар, жалқаулығы басым. Бірақ ел қатарлы, орта топта жүріп, қоғамдық жұмыстарды орындап, жолдастарымен жақсы қатынаста болып, мұғалімнен ескерту алмай оқитын балалар осы топқа жатады. Ондай балалар елегезек, тәртібі дұрыс болып келеді. Мұнда оқушылардың қуаныш-мақтанышқа кенелу үшін, оларға әр уақыт жол салып беріп тұру керек. Бір кезде өзінше жұмыс істеу қабілетіне жеткенде мұғалім ондай балаларды жетектегенді доғарады. Осындай топтағы оқушыларға қолданылатын тәсілдердің бірі «менің істегенімді қайтала» деген алгоритім. Мұның мақсаты-алға озып кеткен оқушыны қуып жету, соған писихологиялық тұрғыда дайындау, баланың сана-сезімін ояту. Екінші топ-санаткерлік кемшілігі жоқ, оқуға деген қабілеті бар, бірақ бір жағдаймен қатарынан қалып қалған оқушылар тобы. Бұл оқушылар қоғамдық жұмыста да белсенділік танытады. Осы топтағы оқушылардың бір ерекшелігі-олардың оқуға деген қызғушылығы біртіндеп ары қарай төмендеп кетуі мүмкін. Мұндай оқушылар өте эмоционалды болуы мүмкін. Оларды қолдау немесе тежеу тәсілдерін жөнімен қолданған жөн. Осы жерде мұғалім тиімді әдіс-тәсілдерді жөнімен қолдануына болады.
Шынайы налу немесе шынайы ренжу тәсілі. Мәселені, мұғалім оқушыны өзінің шын сезімімен беріліп жұмысқа тартса, жетістіке қуанса немесе сәтсіздікке шын жүрегімен налыса, ондай тәсілден оқушы қортынды шығарады. Бұл қасиет көрінген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Және бұл тәсіл жасанды болмауы тиіс. Жасанды тәсілді оқушы тез сезіп қояды. Жалпы қуаныш-мақтаныштың формуласы төмендегідей болады:
Біріншіден, оқушының күткен немесе күтпеген қуаныш-мақтанышы.
Екіншіден, мұғалімінің қолдауы.
Үшіншіден, сынып ұжымының кейбір мүшелерінің осы қуанышқа ортақтасуы.
Төртіншіден, осы ортақтасқан оқушыларды мұғалімнің қолдауы.
Бесіншіден, ұжымның ортақ қуанышына мұғалімнің де қуануы. Осы бес сатыдан тұратын формула жалпы қуаныш-мақтаныштың формуласы болып табылады. «Еліктегіштік, ертіп әкететін» тәсілді толық қолдануға мынандай төрт жағдай әсер етуі тиіс:
Біріншіден, ұжымда жағымды эмоцияналды, интелектуалды жағдай болуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz