Қазақ би-шешедері және олардың еңбектеріндегі негізгі идея
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
1. Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер
2. Шешендік өнерді зерттеудегі басты кедергілер
3. Жыраулар мен шешен.билердің толғау . арнауларындағы басты идеялары
Қорытынды

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.

1. Билер сөзі. -Алматы: Қазақ университеті, 1992.
2. Досмұхамедұлы Х. Аламан. –Алматы: Ана тілі, 1991.
3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. -Алматы: Ана тілі, 1991.
4. Ғабдуллин М. Халық ауыз әдебиеті. –Алматы: Мектеп, 1979.
5. Омари Ж. Қаз дауысты Қазыбек. –Астана: Фолиант, 2000.
6. Сматаев С. Қаз дауысты Қазыбек //Егемен Қазақстан, 1991. 16 қараша.
7. Негимов С. Шешендік өнер. –Алматы: Ана тілі, 1998.
8. Адамбаев Б. Халык, даналығы. –Алматы: Мектеп, 1976.
9. Созақбаев С. Тәуке хан. Жеті жарғы. –Алматы: Санат, 1994.

Реферат
Тақырыбы: " Қазақ би-шешедері және олардың еңбектеріндегі негізгі идея"
Жоспар
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
1. Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер
2. Шешендік өнерді зерттеудегі басты кедергілер
3. Жыраулар мен шешен-билердің толғау - арнауларындағы басты идеялары
Қорытынды
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры - шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер - ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды. Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі - XV-XVIII ғғ.Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары - жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", - деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі - М.Әуезов. "Қазақ әдебиеті тарихы" (1927 ж.) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.).Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.
Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", - деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы - сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген. Сөз туралы Бөлтірік шешен: "Сөзден тәтті нәрсе жоқ.Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл", - деп толғайды. Бұлар - "Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі". Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер -- көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер.
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер. Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін. Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген. Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі - мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған. Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді. Шешендік сөздің шыны - айтыс. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді. Шешендер сөзі - халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді. Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би - халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Ш.Уәлихановтың: "Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған", - деген сөздерінен би - халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз. Кезінде Ахмет Байтұрсынов: "Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді", - деді. Демек бұл қастерлі мұра - шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.
Шешендік - қазақ қоғамының бейбіт тынысының тамыршысы іспетті десек қателеспейміз. Ол жөнінде ұлы ғалым А.Байтұрсынов:Әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді (12,315) -- деп баға берген болатын. Олай болса, қазақ тілінің бірыңғай халық тілі болып қалыптасуына, қазақ ауыз әдебиетінің дамуына үлес қосқан өнер иелерінің бір тобы - ақындар болса, екінші тобы - шешендер.
Бүкіл қазақ ұрпағының болашағын ойлаған дана жыраулар өмірден көрген жақсылығы мен жамандығы, ащылы-тұщылы тәжірибесі арқылы, ел басшыларының қадір-қасиеттерімен қатар, сол кездегі кейбір адамдардың екіжүзді, арам пиғылды болатынын да тамаша көрсете білді. Олардың елдің тыныш, бейбіт өмір сүруін, "Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын" заманды аңсағандығын да байқаймыз. Қазақ жырауларының ішінде Асан Қайғы мен Бұқар жыраудың толғаулары мен тебіреністерінде, замана жайында көтерілген алуан түрлі мәселелер өзінің мәнін жоймақ түгілі, қазіргі күнде күннен - күнге зор маңызға ие болуда.
Ұлы билердің мұраларындағы тәлім-тәрбиелік пікірлер күні бүгінге дейін түбегейлі зерттелмей келеді. Бұларда шешендік өнер, тіл мәдениеті, адам мінезінің жақсы, жаман жақтары, адамша өмір сүрудің нормалары, бір сөзбен айтқанда, имандылық пен адамгершілік мәселелері ерекше орын алады. Олардың осы саладағы ой-пікірлері ел зердесінде мықтап орнығып, танымдық-тәрбиелік мәнге ие болып, мақал-мәтелдерге айналып та кеткен. Билер мәселені дөп басьш, тындаушысын аузына қарататын шешендігімен елдің бүкіл тыныс-тіршілігінде аса маңызды роль атқарған. Мәселен, Төле бидің (1663 -- 1756) тәлім-тәрбиелік пікірлері көп жағдайда философиялық астары терең небір түйінді ойларды тұспалдау арқылы беріледі. Бұл жәйт қазақ психологиясының басты белгісі -- сөз бен ой қысқа болса да нұсқа болсын дейтін қағидаға негізделген.
Дала жырауларының импровизация, яғни суырыпсалма өнеріне өзгеше жетік болғаны белгілі. Бұл көшпенділердің ойлау жүйесі ерекшелігінің тамаша бір көрінісі. Мұндай жағдай ғұлама ғалым Ш.Уәлиханов айтқандай, арабтың шөлейт даласында ғұмыр кешкен жыраулардың жеке басынан байқауға болады, яғни олардың суырыпсалмалық, шешендік өнерлі өзіндік пайымдарымен ерекшеленеді. Жырау толғаулары олардың өмір сүрген дәуірінің айнасы іспеттес. Жырауларда үлкен - эмпирикалық тәжірибелер, халықпен қоян-қолтық араласуы нәтижесінде өзіндік байқау жағы мол болғаны білінеді. Бірақ та батыс философтарындай, әсіресе, Гегель мен Кант Секілді абстракциялық тұжырымдардың кездеспейтіндігін айту қажет. Бұлар өздерінің көзбен көргенін және тікелей естігендерін ғана, суырыпсалма ойлауының негізінде, көшпенділерге тән ерекшелігінің төңірегінде өрбітеді.
XV ғасырдың орта шенінен бастап қазақ елінің ішкі-сыртқы хал - жағдайы, көрші жұртпен ара қатынасы жаңа арнаға түсе бастады, халық арасынан сауатты, білімдар, ақылгөй адамдар бой көрсетті. Халқымыздың қоғамдық ой-пікірінің басшылары болған Асан қайғы, Қазтуғандар елге ұйытқы, ақылгөй аталған, дуалы ауызды дала философтары болды. Жыраулар мораль, этика, тәлім-тәрбие жайындағы ой түйіндерін, аса мәнді қоғамдық мәселелермен қатар, әлем, болмыс, тіршілік, табиғат жайлы терең мәнді тұжырымдарды ортаға салды, ылғи халқымен кеңесіп отырды.
Қазақ ақын - жырауларының көрнекті көш басшылары Асан қайғы мен Ақтамберді. Олардың өлеңдері мен өсиет сөздерінен халық қамын жеген ақылгөй, қамқоршы бола білгені байқалады. Туған жерге, қолпаштап өсірген елге деген ыстық ықылас ел қамы, ар, намыс үшін күрес, әділдікті, туралықты құдірет тұту олардың шығармаларынан өзекті орын алған.
Кейінгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz