Басқару есебі-бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі


Басқару есебі-бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау -олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Кейінгі уақытқа дейін талдау мен есеп «қазандық» деп аталатын тәсілмен жүзеге асырылып келді. Біртұтас бухгалтерлік тізілімдеме барлық есепті кезең ішінде қолдану орны мен қандай мақсатқа бағытталуына қарамастан, өндіріске жұмсалған барлық қаражат-құралдар есептелді. Нәтижесінде шығарылған өнімнің ассортименті мен құрылымы ескерілмей нақты шығыстардың жалпы сомасы шығатын «Қазандық» тәсіл шығындарды азайту мүмкіндігін анықтамайтын шығындардың бағыты бойынша өндірістің шығындарын (кезең шығындары және т. б. ), олардың пайда болған орындарын (цехтар, бөлімдер, қызметтер), шығарылатын өнім түрлері бойынша (орындалған жұмыс, көрсетілетін қызмет және т. б. ) бақылауға арналған қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін. Оның басты жетіспеушілігі ақпараттың иесіздігі. Өкінішке орай, көптеген шағын кәсіпорындар осы уақытқа дейін осы тәсілді пайдалануда.
Отандық ұйымдарда бүгінгі уақытқа дейін орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу жағдайында дұрыс болып шыққан бұйымдар арасындағы қосымша шығындарды бөлу арқылы толық өзіндік күн есебі ғана қолданылды. Меншіктің әр түрлі нысаны ұйымның жекелену, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің даму, еркін баға белгілеу мен шығарылатын өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау тетіктерін енгізу, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамыту шамасы бойынша бухгалтерлік практиканың жаңа және келешектік бағыттарының бірі - басқару есебіне деген қажеттілік бірте-бірте өсуде.
Қазір кәсіпорындар өндірістік қызметте: өндірістік бағдарламаларды, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын әзірлеуде, баға саясаты саласында стратегияны белгілеуде заңдық және экономикалық дербестік алған. Осыған байланысты басшылардың басқару шешімдерін қабылдауы үшін жауапкершілігі өскен.
Шаруашылық дербестік - кәсіпорынның ұйымдастыру формасын, қызмет түрін, бизнес бойынша серіктерді, өткізу нарығын, бағаларды белгілеу және т. б.
Қаржылық дербестік оның толық өзін-өзі қаржыландыруынан, қаржылық стратегияны, баға белгілеу саясатын жасаудан тұрады.
Осыған байланысты бухгалтерлік қызметтің жеке саласы ретінде басқару есебін құру қажеттілігі пайда болды.
Бухгалтерлік басқару есебі шаруашылық және қаржылық іс-әрекетпен шұғылданатын әркімге қажет білім саласы.
Шаруашылық қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі құрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және кәоіпорынның қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға, инвесторларға, кредиторларға және басқа пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.
Нарықтың экономика елдерінде бухгалтерлік есептің дамуы көрсетілген екі бағыт бойынша өзінің методологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық дербестігін алды. Әдетте, батыс оқулықтарында Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан есеп жүйесіне толықтыруға болатын (1-кесте) қаржылық және басқару есебі арасындағы негізгі айырмашылықтарды сипаттайтын мынадай кесте келтіріледі.
І. Қаржылық және басқару есебі арасындағы негізгі айырмашылықтар
Біздің елімізде бухгалтерлік есеп орталықтандырылған мемлекеттік басқарудың ақпараттық қажеттіліктеріне бағынады. Сондықтан ақпараттық қажеттіліктерді дамытудың табиғи процесі ірі ішкі өндірістік маманданған және еңбек кооперациясының тармақталған жүйесі бар көп деңгейлі құрылымды кәсіп-орындардың басқармалары жасанды түрде жоғарыдан тежеді. Нәтижесінде тұтастай ішкі өндірістік басқарма мен оның орталық буыны ішкі марка тұрақты қажеттілікті сезінді және әлі де сезінуде. 1937 ж. 1 қаңтардан бастап жүрген кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметінің бухгалтер есебі шоттарының бас жоспары мен 2003 ж. 1 қантардан бастап қолданысқа енген. Шоттардың үлгі жоспары өндірістілік басқаруды есептік-шаруашылық қамтамасыз ету деңгейін күмәнсіз көтеруге тиісті. Жалпы және басқару есебін бөлуді қарастырады. Сонымен қатар, басқару есебінің оқшауланып бөлініп шығуы нарықтық экономика принциптерінің бірі болып табылатын кәсіпорының коммерциялық құпияларын сақтауды қамтамасыз етеді.
Сондықтан басқару есебінің мәні мен белгіленген міндетін, оның ұйым есебінің жүйесіндегі орнын, ақпараттық қамтамасыз ету мен жүргізу тәсілдерін қарау керек. Отандық экономиканың шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына көшу бухгалтерлік ақпаратты (2-кесте) пайдалану талаптарын түбегейлі өзгертті.
2. Әкімшілік және нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар
Нарықтық экономика кезінде бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларды екі топқа бөлуге болады:
- ұйымды басқаратын ішкі, яғни есепті жүзеге асыратын кәсіпорын құрамындағы пайдаланушылар;
- сыртқы, ұйымды басқаратындар, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін пайдаланушылар.
Ішкі пайдаланушылар - жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау кезінде есептік ақпаратты барлық деңгейде қолданатын басқару қызметкерлері; меншік иелері, құрылтайшылары, директорлар кеңесі, менеджерлер, басшылар және бөлімше мамандары болатын әкімшілік.
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар - тікелей және жанама қаржылық мүддесі бар басқа жақтағы сырт қоры пайдаланушылар. Олар ұйымның басқару қызметкерлері (басшылығы) дайындалуы мен ұсынылуы үшін жауапкершілік көтеретін, ұйымның қаржылық бухгалтерлік есебінен есептік ақпарат алады.
Тікелей қаржылық мүддесі бар сыртқы пайдаланушыларға мыналар жатады: бар және болуы ықтимал инвестициялар, банктер, жабдықтаушылар, жалдамалы еңбеккерлер және т. б. Қаржылық есептің мәліметтері бойынша олар ұйымның қаржылық келешегі мен төлем қабілеттілігі туралы қорытынды жасайды, мысалы:
- инвесторлар өздерінің күрделі қаржы салымынан экономикалық қайтарымдылық пен тәуекелділікті бағалауы тиіс;
- банктерге несиеленген қаражат қайтадан өзіне оралатындығын, несиелер бойынша проценттер мерзімінде төленуі-төленбеуін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер керек;
- жабдықтаушылар және басқа кредиторлар оларға тиісті сома уақытында төлену-төленбеуін білуі тиіс;
- сатып алушылар ұйым қызметі туралы, әсіресе егер олар ұзақ мерзімді негізде байланысты болса, ақпарат алуға мүдделі;
- жалдамалы жұмысшылар өзінің жұмыс берушісінің жағдайы тұрақтылығы мен пайдалылығы туралы, ұйымның оларға әлеуметтік игілік беруі, жұмысқа қамту, зейнет-ақымен қамтамасыз ету мүмкіндігі жайлы мәліметтер алуы тиіс.
Жанама қаржылық мүдделі сыртқы пайдаланушыларға мыналар жатады: мемлекеттік және муниципиальды мүлікті басқаруға уәкілетті органдар, салықтық және қаржылық органдар, мемлекеттік статистика органдары, аудиторлық ұйымдар мен басқа пайдаланушылар (қоғамдық ұйымдар, қор биржалары, ғылыми кеңесшілер және т. б. )
Мемлекеттік органдар мен олардың ұйымдарын ресурстардың орналасуы ұйым қызметі қызықтырады. Оларға ақпарат, сонымен қатар мемлекеттік реттеу салықтар мен салық саясатын белгілеу, әр қилы статистикалық көрсеткіштер мақсаты үшін керек.
Қоғамдастық ұйым қызметінің тұтастай экономикалық және әлеуметтік ахуалына азаматтардың өміріне (мысалы, ұйым жұмысқа қамтуда ұлғайтып, табиғат қорғау шараларын жүргізіп, аймақтың экономикалық өміріне елеулі үлес қосады) ықпал етуін бағалау үшін ақпарат алуға ынталы.
Басқа сыртқары ақпарат пайдаланушыларға қарағанда, салық және қаржы органдары есептік қана емес, басқа да салық төлеудің дұрыстығын тексеру үшін қажетті; ұйымның басқа да есептік ақпаратын алуға құқылы.
Басқа сыртқары пайдаланушыларға бухгалтерлік есеп мәліметтері, әдетте ұйымның қаржылық жағдайын бағалау үшін қажет. Олар бұл мәліметтерді тікелей ұйымнан немесе мемлекеттік статистика органдарынан ақы төлеп ала алады.
Нарықтық экономика жағдайында толық шаруашылық және қаржылық дербестік берілген кәсіпорынды басқару процесі едәуір қиындады. Сондықтан, бухгалтерлік есеп жүйесі алдындағы тұрган міндеттер де күрделенді. Әкімшілік жүйенің бухгалтерлік жүйесі бүгінде қазіргі замандағы «ақпараттық» кәсіпорынның талаптарын қанағаттандыра алмаушы еді. Жаңа айтылғандай, бухгалтерлік қызметтің дербес саласы жағдайында қаржылық және басқару делініп бөлінетін басқару есебі сөзсіз болады.
Қаржылық есепте кәсіпорынның нарық субъектісі ретіндегі шаруашылық серіктерімен, банктермен, салық жүйесімен және басқа сыртқы ұйымдарымен шаруашылық қатынастары, яғни кәсіпорын қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты сыртқы бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштері болып көрсетіледі, өнделеді және жинақтап қорытылады.
Басқару есебі қаржылық есепті кеңейтеді және ең алдымен кәсіпорынның ішкі операцияларында қолданылады. Оның мақсаты - басқару аппаратын, менеджерлерді, нақтылы шаруашылық мақсатына жетуге жауаптыларды ақпаратпен қамтамасыз ету. Басшылық пайдалануы үшін дайындалатын бухгалтерлік ақпаратқа тікелей кәсіпорыпда жұмыс істемейтін сыртқы пайдаланушыларға арналған ақпаратқа қарағанда, басқадай талаптар қойылады. Басқару есебінің мәліметтері кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылады.
Сонымен қатар, басқару есебі әдетті бухгалетерлік есептен мәліметтері сыртқы пайдаланушыларға (мемлекет, банк, іскер серіктерге) арналмағандығымен, ішкі «қолданыс» үшін екендігімен айрықшаланады. Басқару есебінің мақсаты - басшының дұрыс шешім қабылдауына көмектесу. Сондықтан егер бухгалтер есеп беру мен нұсқаудың түрлерін қатаң сақтауға тиіс болса, ал басқару есебі жөніндегі маман талдаудың түрлерін, тәсілдері бастысы - кәсіпорындағы экономикалық процестер барысының мәнін дұрыс ұғыну мен басшыға уақытылы кеңес беру. Басқару есебі - жоспарлау, бақылау, шешім қабылдау сияқты түйінді салада менеджерлерге көмектесу мақсатымен қаржылық ақпарат беру, басқаруды акпараттық қолдау жүйесінен басқа ештеңе емес.
Басқару есебін назар үйіру деп те айтуға болады. Сонымен қатар уақыты шектеулі менеджерлерге өздері білетін немесе күтетіні жайлы тыңдайтын уақыты жоқ. Олар барлығын бақылай алмайды, сондықтан оларға жоспар бойынша жүріп келе жатқан істер жайлы ақпарат маңызды емес, яғни басқару есебінің мәні - түзетуді талап ететін өрісті айқындау.
Қаржылық есептің басым міндеті - алғашқы бірінші топтағы есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған.
Бухгалтерлік басқару есебінің міндеті - екінші және үшінші топтағы есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған, тікелей өндіріс аұқымындағы істердің жайы туралы нақты ақпарат болуы тиіс.
Сонымен, басқару есебі есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс, шығыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық тұрғыдан қажетті шаруашылық іс-әрекеттің қорытындыларын, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайлындыру мақсатымен әр түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін көрсетеді.
Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада «Басқару есебі» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.
Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Нақ басқару есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз байланысты методологияға негізделеді, оның үстіне, басты назар, мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдалылығын бағалау сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.
Осылайша, басқару мақсатымен есептің ақпаратты өзгерту қажеттілігіне байланысты нормативті есеп орнына, әрине басқару есебі келеді.
Басқару есебінің мазмұнын, жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашкшық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.
Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды біріктіреді:
- негізгі құралдар - еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимараттар және т. б. ), олардың жағдайы мен пайдалану;
- материалдық емес ресурстар - мерзімнен бұрын қаржы бөлінген объектілер (жерді пайдалану құқығы, патенттер, лицензиялар, тауарлық белгілер және т. б. ) ;
- материалдық ресурстар - еңбек құралдарының көмегімен өндіріс процесінде өңдеуге арналған еңбек керек-жарақтары;
- еңбек ресурстары - кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек ететін көпшілігі, мақсатқа сәйкес қызмет пен еңбек нәтижесінде еңбек ресурстарын пайдалану.
Шаруашылық процестер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда, кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетін құрайды. Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады:
- қамтамасыз ету - дайындау;
- өңдірістік;
- қаржылық-өткізушілік;
- ұйымдастырушылық.
Бухгалтерлік басқару есебі - есеп процесі мен кәсіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын.
Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық бөлімшелері (сегменттері) бухгалтерлік басқару есбінің ісі болып шығады.
Жауапкершілік орталығы - шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизнестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтың бөлімшесі үшін анықталады.
Бизнестің сегменттері заң жүзінде дербес немесе ұйымның құрылымдық бөлімшесі (бұлар бизнестің ұсақ сегментері болуы мүмкін), алайда міндетті түрде өзінің басшысы (мысалы, дүкен бөлімі, ҒЗИ (ғылыми-зерттеу институты) зертханасы және т. б. ) .
Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:
- шығын орталығы;
- кіріс орталығы;
- пайда орталығы;
- инвестиция орталығы.
Шығын орталығы - өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық беөімі.
Өнеркәсіптік өндіріс жағдайында шығын орталығы ретінде құрылымдық бөлімшелерді бөлгенде мыналарды ескеру керек:
Әрбір шығын орталығы - жауапкершіліктің жеке өрісі, орталық оның басшысына кәсіпорының барлық шығындарын жоспарлау мен анықтауға көмектеседі. Орталық бір типті машиналар мен жұмыс орындарынан тұрады. Бұл осы орталыққа шығыс орталығын үлкен қиындықсыз есептен шығару үшін біртекті сипаттағы шығындарға себепті болады. Сонымен қатар ірі шығын орталықтары ұсақтан құралуы мумкін. Әдетте, шығындар орталығының мөлшері үлкен болған сайын, жауапкершілік деңгейі де биік.
Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:
- берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже алу;
- берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең аз шамаға жеткізу.
Алайда шығындар орталығы басшыларына өндіріс бағасы мен көлемін өз бетінше белгілеуге рұқсат етілмейді.
Кіріс орталығы - жауапкершілк орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның көтерме сауда бөлімі және т. с. с. ) жауап бермейді, онық басшыларының іс-әрекеті алынған кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті - жауапкершілік орталығының қызмет қорытындылары шығарда нәтижелерді кесімді белгілеу.
Пайда орталығы - бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресурстар саны және кутілетін букіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс-әрекетті бағалаудық белгісі - алынған пайда мөлшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығындардың кұны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің қорытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті.
Инвестиция орталықтары - кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды. Басқаруда ең үлкен өкілеттікте орталығының басшылары қабылданатын шешім орын әкімшілігі жекелеген жобалар бойынша бөлген ең жоғары жауапкершілік көтереді.
Басқару есебінің мәні - шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және кәсіпорының болашақ даму мәселелерін үйлестіру мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін талдауға есеп жүйесін біріктіріп кіріктіру (интеграциялау) .
Ұйымды жауапкершілік орталықтарына бөлу мен оларды маңызына қарай іріктеуді кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы деп атайды.
Менеджерлерге жүктелген жауапкершілік дәрежесіне байланысты кәсіпорының ұйымдастырушылық құрылымы орталық-тандырылған немесе орталықтандырылмған болып сипатталуы мүмкін.
Орталықтанған ұйымдар функционалді принциптер бойынша (әкімшілік, қаржы, жабдықтау, өндіріс, маркетинг және т. с. с. ) құрылған және олардың басқару есебі жүйесі шығындар орталығына негізделген. Басқарудың мұндай жүйесі шын мәнісінде консервативті болып табылады, ең көп шамада мәжбүрлікті көздейді және өз қызметкерлеріне іс-қимыл бостандығын бермейді.
Орталықтандырылмаған құрылым пайда мен инвестиция орталықтары бар болуымен сипатталады. Шығын орталықтарының менеджерлерімен салыстырғанда олардың басшыларының мол құқықтары мен міндеттері бар, кәсіпорын әкімшілігінің алдын-ала келісуінсіз шешімдердің едәуір бөлігін қабылдай алады.
Дегенмен орталықтандырылмаған жүйенің табысты жұмыс істеуі тым болмағанда, екі шартты сақтағанда болуы мүмкін:
- жоғары мамандандырылған басқару құрамының бар болуы;
- тұтастай ұйымның және оның жеке құрылымдық бөлімшелерінің мақсаттары мен мүдделерінің үндесуі.
Таңдалған ұйымдастырулық құрылым түріне қарамастан, тұтастай компанияны қаржыландыру үшін жауапкершілік, әдетте, жоғары басшылықта болады.
Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады.
Құнды қағаздармен қаржылық операциялар, мүлікті сату мен сатып алу, жол және лизинг операциялары, еншілес және тәуелді қоғамдарға инвестициялар және т. с. с. басқару есебінің шеңберінен шығады.
Бұрын атап көрсетілгендей, басқару есебінің өрісі - есеп беру орталықтарының (ұйым сегментінің) өндірістік іс-әрекеті, сондықтан басқару есебін кейде жауапкершілік орталықтары жөніндегі есеп немесе сегментік есеп деп те атайды.
Сегменттік есеп - ұйымның жеке кұрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ақпаратты жинау, көрсету және жинақты қорыту жүйесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz