Аударма стратегиясы мен коммуникация аспектісіндегі дипломатиялық дискурс



КІРІСПЕ
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
Жаһандану – ХХІ ғасырда аса жоғары қарқынмен, күрделілігі және көп шамалылығымен айрықшаланатын қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардың міндетті сипаты.
Халықаралық қауымдастықты дамыту құралы ретінде дипломатияның маңызы өте зор. Дипломатиялық қызметтің жұмысы дипломатияның ең басты құралы болып, халықаралық аренадағы мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі халықаралық қарым-қатынастар, қарым-қатынастардың барлық жаңа салалаларын, соның ішінде дәстүрлі ішкі ұлттық деп саналатын салаларды да қамтиды. Қазіргі дипломатияның тілдік құрамын зерттеу, оның стратегиялық тұрғысынан дипломатиялық коммуникациясын және дипломатиялық құжатты лингвистикалық түсіну тұрғысынан зерттеу, халықаралық өзара байланыстың жұмыс жасау процесінің қосымша аспектілерін қарастыруға мүмкіндік береді, әртүрлі нысанға ие болған дипломатиялық коммуникацияның табыстылығы көбінесе субъектілірінің коммуникативтік құзыреттілігімен анықталады.
1 Садирова К.Қ. Қазақ тіліндегі көп пропозициялы дискурстың құрылымдық негіздері. Дис.автореф., Алматы, 2008.
2 Дейк Т.А.ван. Язык. Познание. Коммуникация. –М:, 1989. -312с.
3 Фуко М. Археология знания. Киев:Ника- центр, 1996. -208с.
4 Прохоров, Ю.Е. Действительность. Текст. Дискурс: учеб. пособие. - 2-е изд., испр. - М.: Флинта: Наукам 2006. -224 с.
5 Чан Ким Бао Текст и дискурс (через призму иньян-концепции).- М.: Изд-во «Творчество», 2000. - 243 с.
6 Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері : «Аударма ісі», «Шетел тілі: екі шетел тілі»,«Шетел филологиясы» мамандықтарының студенттеріне арналған дәріс курсы /құраст. Кенжетаева Г. К. -Павлодар:Кереку, 2012.-79 б.
7 Филлипс, Л.Дж, Йоргенсен, М.В. Дискурс-анализ. Теория и метод. - Пер. с англ. - X.:Изд-во Гуманитарный Центр, 2004. - 336 с.71
8 Fairclough, N. Critical Discourse Analysis. -London: Longman. 1995-347 p.
9 Fairclough, N. Media Discourse [Текст] / N. Fairclough. - London: Edward Arnold. 1995 - 289 p.
10 Fairclough, N. Discourse and Social Change. Cambridge: Polity Press. 1992.-304
11 Йокояма, О. Б. Когнитивная модель дискурса и русский порядок слов. - М: Языки славянской'культуры, 2005. - 424 с. -(Studia philologica).
12 Хэллидей, М. А. К. Лингвистическая функция и литературный стиль/ М.А.К. Хэллидей // Новое в зарубежной лингвистике. -Вып. 9. Лингвостилистика. - М.: Прогресс, 1980.
13 Ләззат Дүйсембекова «Қазақ ресми іс қағаздары», ЖШС «Ана тілі» баспасы,2005- 142б.
14 Садирова К.Қ. Дискурс талдау теориясы жаңа ғылым саласы ретінде // «Жұбанов тағылымы» Х халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Ақтөбе, 2009. 160 б.
15 Бозжигитова З.Б., Жаханова Ж.А. УДК 327 (072)(574) «Дипломатиялық құжаттама» пәніне оқу-әдістемелік нұсқау, Ақтау: КМТжИУ, 2010, 55 б.
16 Борисенко, И.И., Евтушенко, Л.И. Английский язык в международных документах (право, торговля, дипломатия): Учеб. пособие. / И.И. Борисенко, И.И. Евтушенко. - Л.- К.: ООО «ИП Логос», 2003. -480 с. - Англ. - 3-е издание, переработанное и дополненное.
17 Казанцев, А.И. Особенности перевода клише и штампов официально-делового языка (на материале французского языка): Учеб: пособие /А.И Казанцев. - Челяб. гос. ун-т. Челябинск, 2002. - 67 с.
18 Миньяр-Белоручев, Р.К. Теория и методы перевода: Московский лицей, 1996. - 208 с, ил.
19 Istanbul Summit Declaration — оригинал и офиц.перевод ОБСЕ, 1999
20 Budapest Summit Declaration - оригинал и офиц.перевод СБСЕ (ОБСЕ), 1994

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 327.82:82.03:316.454.5

Қолжазба құқығында

МЕКТЕПБАЕВА ВЕНЕРА АКБАЕВНА

Аударма стратегиясы мен коммуникация аспектісіндегі дипломатиялық дискурс

6М020700 – Аударма ісі

Аударма ісі мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Ғылыми жетекшісі: Филология ғылымдарының
кандидаты, академиялық доцент
Кеншінбай Т.Ы.

Қызылорда, 2013

Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекшісі: Филология ғылымдарының
кандидаты, академиялық доцент
Т.Ы.Кеншінбай

Ресми оппоненті: Филология ғылымдарының
кандидаты, доцент Қ.Ә Жаңатаев

Диссертация 2013 жылы ____ маусым айында сағат _____ Қорқыт ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультетінде
( 120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі № 40, № 1 оқу ғимараты)
қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ

Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Жаһандану – ХХІ ғасырда аса жоғары
қарқынмен, күрделілігі және көп шамалылығымен айрықшаланатын қазіргі
таңдағы халықаралық қатынастардың міндетті сипаты.
Халықаралық қауымдастықты дамыту құралы ретінде дипломатияның маңызы
өте зор. Дипломатиялық қызметтің жұмысы дипломатияның ең басты құралы
болып, халықаралық аренадағы мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етуге
бағытталған.
Қазіргі халықаралық қарым-қатынастар, қарым-қатынастардың барлық жаңа
салалаларын, соның ішінде дәстүрлі ішкі ұлттық деп саналатын салаларды да
қамтиды. Қазіргі дипломатияның тілдік құрамын зерттеу, оның стратегиялық
тұрғысынан дипломатиялық коммуникациясын және дипломатиялық құжатты
лингвистикалық түсіну тұрғысынан зерттеу, халықаралық өзара байланыстың
жұмыс жасау процесінің қосымша аспектілерін қарастыруға мүмкіндік береді,
әртүрлі нысанға ие болған дипломатиялық коммуникацияның табыстылығы
көбінесе субъектілірінің коммуникативтік құзыреттілігімен анықталады.
Ғылымның дамуының қазіргі кезеңінде дискурсты талдау пәнаралық сипатқа ие
болып отыр; оның көлемділігі, пайда болуы және жұмыстың стратегиялық
ракурсты жағына дискурсты ауыстырудағы әртүрлі аспектілер зерттеледі.
Дискурстың институционалдық формалары, дискурстық және әлеуметтік өзара
интерактивтілік байланыс, лингвистикалық және экстралингвистикалық
талдаудың кең мүмкіндіктеріне ие болған зерттеушілердің қызығушылығын
тудырды. Соңғы он жылдықта дискурстың түрлері мен әртүрлі аспектілерін
талдауға арналған бірқатар зерттеулер пайда болды. Ол қазіргі ғылымда тіл
мен биліктің, тіл мен саясаттың өзара байланысының мәселелерін, тілдік
манипуляциялау, жалғандылық мәселелерін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Зерттеудің өзектілігі. Дискурс типологиясына әртүрлі тәсілдермен
зерттеудің аналитикалық үлгісі, дискурс, мәтін, коммуникация
ұғымдарының ішінара байланысын сабақтастыру, әлеуметтік құрылымдарды,
коммуникативтік өзара байланыс процестері мен субъектілерінің сипаттамасын
талап етеді. Бұл зерттеудің маңыздылығы, дипломатиялық коммуникация және
дипломатиялық мәтіннің аударма стратегияларын зерттеумен бірге
дипломатиялық дискурсты талдаудың кешенді тәсілімен анықталуында болып
отыр.
Зерттеу объектісі болып: дискурс аспектісіндегі ағылшын, қазақ тілдеріндегі
дипломатиялық құжаттар табылады. Зерттеудің нысаны
ретінде дипломатиялық мәтін, коммуникация және дипломатиялық дискурстың
ерекшеліктері қарастырылады. Дикурстық зерттеудің мақсаты дипломатиялық
мәтіннің лингвистикалық ерекшеліктері, дипломатиялық коммуникацияның
функциялары мен стратегияларының типтік ерекшеліктері, дипломатиялық
дискурстың конститутивтік белгілері мен ерекшеліктерін және осы
аспектілерге сәйкес аударма стратегиясын анықтаумен түсіндіріледі. Аталған
мақсаттарға қол жеткізу барысында төмендегідей бірқатар міндеттерді шешу
қарастырылады.
1) дискурс, мәтін, коммуникация ұғымдарын айырмашылықтарын, дискурс
типологиясын ашудағы тәсілдерге шолу жасау, қолданыстағы дискурсты талдауда
пәнаралық үлгісін зерттеу, дипломатиялық дискурсты зерттеудің кешенді
үлгісін жасау;
2) коммуникативтік стратегия ұғымын зерттеу және коммуникативтік әрекетті
реттеу теориясын ескере отырып, коммуникация стратегиясының типологиясын
жасау;
3) аударма стратегиясын сипаттаудың тәсілдерін талдау, мәтін, дискурс,
коммуникация ұғымдарының сипаттамаларын ескере отырып, аударма
стратегиясы типологиясын жасау;
4)дипломатиялық диксурс, дипломатиялық коммуникацияның типтік ерекшеліктері
мен функцияларының ерекшеліктерін және конститутивтік белгілерін зерттеу;
дипломатиялық құжаттардың лингвистикалық ерекшеліктерін (лексика-
семантикалық, стилистикалық, прагматикалық, синтаксистік) талдау;
дипломатиялық мәтіннің аударма стратегиясын анықтау.
5) аударма стратегиясының үйлесімділігін және дипломатиялық коммуникация
стратегиясының ерекшелігін айқындау.
Берілген зерттеу жұмысының теориялық негізін дискурсты зерттеу
аясындағы жеткен ғылыми жетістіктер құрады, (Н. Д. Арутюнова, H.H.
Белозерова, P.Водак, В.З. Демьянков, М.В. Йоргенсен, В.И.Карасик, Э. Лакло,
Ш. Муфф, Ю.Е. Прохоров, П. Серио, Л. Дж. Филлипс, Н.Фэркло, М. Хэллидей,
Чан Ким Бао, Д. Шиффрин), соның ішінде когнитивті дискурстың моделі
(үлгісі) (Т. ван Дейк, О. Иокояма); коммуникацияны стратегиялық тұрғысынан
(Г.П. Грайс, O.G. Иссерс, С.Н. Плотникова), аударма теориясы (М: Бейкер, В.
Вилсс, В. Н. Комиссаров, X. Крингс, К. Латышев, Р. К. Миньяр-Белоручев, Я.
И. Рецкер, А. В. Федоров, А. Д. Швейцер), саяси дискурсты (А.П. Чудинов,
E.H. Шейгал), сонымен бірге, отандық ғалымдардан дискурс талдау теориясының
мәтін мен дискурстың арақатынасы мәселелерін анықтау (Бүркітбаева Г.),
дискурс түрлерін ажырату мен тіл мәдениеті проблемасымен сабақтастығы (Уәли
Н.), прагмастилистика мен мәтіннің прагматикасы мәселелерін анықтаудағы
дискурс мәселелері (Д.Әлкебаева, З.Ш. Ерназарова, Г.Әзімжанова, Қ.Есенова,
Б.С.Жумагулова), кинодискурс мәселелері (Ш.А.Нұрмышева), дискурстың
просодикасы (С.Альпатина), тілдік тұлға мен дискурс арақатысы проблемалары
және дискурстық талдау мәселелері (Г.Мұратова), дискурстың құрылымы
мәселелері (К.Қ.Садирова), дискурстың жекелеген түрлерін арнайы зерттеу,
мысалы, диалогтік дискурс (А.Е.Саденова), газет дискурсы (Ш.А.Сабитова)
т.с.с. қарастырылған.
Зерттеу жұмысында төмендегідей әдістер қолданылады.
1)дискурсты зерттеу және типологиясына шолу жасау үшін қолданыстағы амал-
тәсілдерді салыстырмалы әдіспен талдау, коммуникативті стратегияны және
аударма стратегиясын топтастыру;
2)зерттелетін материалдағы жеке жұмыс тәжірибесінің қорытындысына мән бере
отырып, өзіндік талдау жасау жолы арқылы негізгі теориялық жағдайларды
тексеру мақсатында интроспекция әдісін қолдану;
3)аударма стратегиясы және коммуникативті стратегияны зерттеуде топтастыру
әдісі;
4)қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі құжаттардың ерекшелігін, дипломатиялық
коммуникациның типтік қасиеттерін, дипломатиялық дискурстың еркшеліктері
және конститутивті белгілерін дефинициялық (түсіндірмелі) әдіспен анықтау;
5)құрылымды-семантикалық, құрамдас бөлігін және мәтіндік талдау.
Жұмыстың объектісі ретінде ҚР-ның Сыртқы iстер министрiнiң
секретариатындағы дипломатиялық құжаттардың аудармалары қолданылады. ҚР СIМ
ресми сайты және (БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да ұйымдардың халықаралық
кездесулерде жасалған қорытынды құжаттары, ресми құжаттары) халықаралық
ұйымдардың ресми сайттарының ағылшын тiлiндегi және олардың басқа тілге
аудармалары орналастырылған дипломатиялық құжаттар, сыртқы саяси тақырып
бойынша БАҚ-қа жарияланған материалдар магистрлік диссертацияда зерттеуге
тәжірибе жасау ретінде қолданылады.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы келесiлерден тұрады: 1) мәтiн, дискурс,
коммуникация ұғымдарының өзара байланысы негiзiнде дипломатиялық
дискурстi талдауда кешендi үлгiмен жетілдіру; 2) дипломатиялық коммуникация
стратегиясының типологиясы жасалған, дискурстiк талдауды зерттеуде кешендi
үлгiні есепке ала отырып стратегияның ерекшелігін ашып көрсету;
3)дипломтиялық құжаттардың аудармада қолданылатын мәтін, дискурс,
коммуникацияның ерекшелігімен аударма стратегиясымен байланысты, аударманың
өзіне тән ерекше стратегияларды айқындау.
Магистрлік диссертацияның теориялық құндылығы институционалдық
дискурсты, мәтін, дискурс және коммуникациямен байланысты зерттеудегі
негізгі ережелердің дамуы, институционалды дискурсты біріктіретін, толықтай
институционалды дискурсқа сәйкесінше дискурсты талдау үлгісі айқындалған.
Дискурс, мәтін және коммуникацияның ерекшелігімен, аударма стратегиясымен
байланыс жасалып, коммуникативті әрекетті басқару теориясы тұрғысынан
дипломатиялық коммуникацияның стратегиялық сипаттамасына негізделген.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы дипломатиялық мәтiн, дискурс және
коммуникацияға тән ерекшелiктерiнiң дипломатиялық құжаттарда айқындалуы,
аударма және коммуникация стратегиясының сәйкестігін анықтау аудармашыға
аударма процессiн оңтайландыруға мүмкiндiк береді.
Жұмыстың зерттеу нәтижелері аймақтық, ұлттық және халықаралық
деңгейдегі қоғамдық-саяси тақырыптағы ресми құжаттар мәтiндері аударма
төңiрегiнде аудармашыға тәжірибеде қолдану және аудармашылардың білімін
шыңдау үшін пайдалы; дискурсты талдау курсынан оқыту жолдарынан, жоғарғы
оқу орындарында дипломатиялық (халықаралық) құжаттаманың арнаулы аударма
курсынан кеңестер беру үшін маңызы өте зор.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Шетел тілін оқыту әдістемесі, аударма
теориясы мен практикасы салаларындағы ғылыми еңбектер, заңдық-нормативтік
құжаттар, Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, Қазақстан
Республикасында білімді дамытудың 2005-2011 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы, Қазақстан-2050 стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты, Мeмлeкeттік басқару жәнe мeмлeкeттік қызмeт ғылыми-талдау
журналы, дипломатиялық сөздіктер, Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беру концепциясы, Қазақстан Республикасында шетел тілінде
білім беру концепциясы(2004).
Зерттеудің жетекші идеясы. Дипломатиялық мәтін, коммуникация және
дискурс барысында аудармада жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
қазіргі заман талабына сай білікті мамандардың даярлығын жетілдіре түседі.
Зерттеу базасы. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
құқықтану және аударма ісі мамандықтары.
Қорғауға төмендегідей нәтижелер ұсынылады:
1)Дипломатиялық дискурстің конститутивтік белгілері, дипломатиялық
коммуникацияның типтік қасиеттері және функциялары, дискурсивті
сипаттаманың және дипломатиялық мәтіннің лингвистикалық ерекшеліктерін
дипломатиялық дискурсты талдаудың кешенді үлгісін құрады.
2)Дипломатиялық коммуникацияның және типтік қасиеттері, дипломатиялық
дискурстің қатысушыларының, бағасы, түйінді мәселесі, дипломатиялық
мәтіннің мақсаты тұрғысынан лингвистикалық ерекшеліктері дипломатиялық
құжаттардың микростратегиялық аудармамен анықталады. Лексикалық баламалылық
(эквиваленттілік) тұрғысынан және аударманың когнитивті стратегиясы
дипломатиялық мәтіннің дискурсивті сипаттамасы арқылы анықталып көрініс
табады, гипероним, калькалауды пайдалану, кірме сөздерді; парафраз-аударма,
гиперонимді модификациялау, негізгі лексеманың шашыраңқы мағынасының,
компенсация.
3)Дипломатиялық құжаттың макростратегиялық аудармасы (прагматикалық
әсердіңнәтиженің, эквиваленттілік жасауда, бастапқы мәтіннің синтаксистің
сақталуы, дискурсивті формуланың аудармада қолданылуы) және дипломатиялық
коммуникацияның өзіндік презентацияның дискредитациясының ерекшелігін
коммуникативті стратегия айқындайды, анықтайды.
Магистрлік жұмыстың құрылымы және көлемі. Диссертация кіріспеден, екі
тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан
тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Бірінші тарау Дискурс теориясы лингвистикалық зерттеу оъектісі
ретінде деп аталады. Дискурс термині, бірегей түсініктемесінің болмауына
қарамастан, тілдің қызметін зерттеуді нысаны ретінде қарастыратын бірқатар
гуманитарлық ғылымдарда (лингво-семиотика, психология, философия,
әлеуметтану,әдебиет) кеңінен қолданылады. Дискурс теориясының кең
қолданылуы әртүрлі салаларда алынған ғылыми нәтижелерін синтездеу
мультидисциплинарлыққа талпыныс жасаудан туындаған.
Дискурс ұғымын анықтау қазіргі кезде тіл білімінің маңызды
мәселелерінің бірі болып отыр. Дискурс термині ХХ ғ. 60-70 жж. бастап
гуманитарлық ғылымдарда кеңінен көрініс тауып келеді.
Тіл білімі дамуының кейінгі кезеңінде дискурс теориясына байланысты
арнайы зерттеулер өріс алып, дискурс пен мҽтінді ажыратқан еңбектер жарық
көруде. Тұтас алғанда дискурс талдау теориясы – қазақ тіл білімі үшін жас,
ҽлі толық қалыптаса қоймаған, лингвистикалық пәнаралық сипаттағы саласы.
Дискурс талдау теориясына қатысты шетелдік зерттеушілер Т.Гивон,
А.Е.Кибрик, Т.А. ван Дейк, Н.Хомский, Л.С.Выготский, Т.В.Ахутина,
Л.Ю.Буянова еңбектері, қазақ тіл білімінде мҽтін лингвистикасына,
стилистикаға, синтаксиске жҽне когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеу
жүргізген ғалымдар Р.Сыздық, Р.Әмір, Т.Сайрамбаев, Б.Шалабай, А.Жұбанов,
Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Г.Қосымова, Қ.Есенова. Қ.Айтмұхамбетова, т.б.
еңбектері, дискурсқа қатысты пікір білдірген Н.Уәли, Г.Бүркітбаева,
Ж.М.Кеншінбаева т.б. зерттеулері жарияланды [1].
Дискурсты орыс тіл білімінде Э.Бенвенист (1974), Николаева Т.М.(1978),
Богданов В.В.(1993), Ревзина О.Г. (1999), Макаров М.Л. (2003) сынды
ғалымдар зерттесе, қазақ тілі маман ғалымдары да лингвистикадағы дискурс
мәселесіне аса ден қойып отыр (Г. Әзімжанова (2003), Омарова Р.А.(2003),
Г.Г.Бүркітбаева (2005), Ахатова Б.А. Н.Уәли (2007), К.Садирова (2008).
Ағылшын тілді ғалымдар дискурс пен мәтінді бір-бірінен ажыратып
қарастырмайды екен [2]. Дискурс теориясын америкалық лингвистикада жүйелі
сөйлеу (connected speech) және диалогпен байланыстырып қарастырса, ал
европалық лингвистика дәстүрі бойынша адамдардың өмірлік тәжірибесінен
жинаған ілім-білім жүйесін көрсетуден тұрады екен. [3]
Мәтін, дискурс, коммуникация ұғымдарына концептуалды талдау. Қазіргі
лингвистикада дискурс ұғымы көбінесе мәтін ұғымына сәйкес келеді. Бұл
терминдердің мазмұнының бірмағыналы анықтамасы жоқ, олардың интерреляциясы
әртүрлі анықталады. Мәтін тілдік және экстралингвистикалық ақиқаттың
құбылысы ретінде, әртүрлі функцияларды орындайтын күрделі феноменді
білдіреді: бұл коммуникация құралы да, ақпаратты сақтау және тарату тәсілі
және психикалық өмірдің көрінісі және белгілі тарихи дәуірдің өнімі,
мәдениет формасы және белгілі әлеуметтік мәдени дәстүрдің көрінісі.
Мәтін лингвистикасы тұрғысынан мәтін тілдің өмір сүруінің феноменал
бастапқы тәсілі, барлық пікірлер тек желілік емес, ғаламдық когеренттілікке
байланысты макроқұрылым. Мәтіннің психолингвистикалық тәсілінің ерекшелігі,
мәтінді коммуникацияның бірлігі ретінде, қарым-қатынастың қажеттіліктерімен
детерминантталған сөздің өнімі ретінде қарастырумен түсіндіріледі, мәтінді
жасаусыз және қабылдаусыз әрекет етпейді. Процесс және өнім ретіндегі мәтін-
екі-байланысты, бір құбылыстың әртүрді жақтары. Дискурс категориясын
анықтау кейбір идеологиялық бағдарды, тілдік қатынастарды талдауға жеке
көзқарасты білдіреді.
Тіл қызметі-басқа қызмет түрлеріне сіңіскен мәтін қызметі. Мәтін -
қарым-қатынастың негізгі бірлігі. Адамдар жекелеген сөздермен, сөйлемдермен
емес, мәтіндермен қарым-қатынас жасайды. Мәтін ұғымы ерте кезден
болғанымен, терминологиялық ұғымда бертін келе қолданыла бастады.
Коммуникация осылайша, үш қосылмаған және бөлінбейтін құрамдас бөлікті
қамтиды: негізінде және саласында коммуникация жүзеге асырылатын ақиқаттың
материалды фигурасын коммуникацияның қатысушыларының өзара байланысының
мазмұндық-тілдік негізін қамтамасыз ететін дискурстық экстравертивтік
фигурасын қамтиды. [4]
Біздің ойымызша, интерреляция сызбасының көрсеткіштерін былай көрсетуге
болады:

мәтін
дискурс

ақиқат
1-сурет. Мәтін, дискурс, коммуникация ұғымдарының интерреляциясы

Ю.Е. Прохоровтың ережелерін дамыта отырып, бұл зерттеуде біз келесі
анықтамаларға жүгінеміз: дискурс коммуникацияның экстравертивтік фигурасы
лингвомәдени қауымдастығының өілдерінің коммуникациясының вербальды
формаларының жиынтығы; мәтін коммуникацияның интровертивтік фигурасы;
Мәтін, дискурс және коммуникация ұғымдарының аталған қатынастары
қазіргі лингвистикада және ғылымның аралас салаларында дискурсқа деген
қалыптасқан көзқарастардың шоғырлы болып көрінуімен түсіндіріледі.
Дискурсты прагмалингвистикалық тұрғыдан зерттеу әдістері.
Прагмалингвистиканың пәні (гр.pragma-қимыл, қатынас) нақты коммуникация
үрдісінде тілдің субстанциялық және функционалдық қасиеттерін, яғни нақты
бір ситуация кезіндегі нақты индивидтердің вербалды және вербалды емес
қатынас құралдарын қолданып, пікір алмасуды зерттеу болып табылады. Яғни
адам өз ойын оқырманға қалай жеткізеді, қатынас құралдарын қалай қолданады
және тағы сол сияқты мәселелерді зерттейді.
Прагмалингвистика өткен ғасырдың 70-ші жылдарында пайда болған тіл
білімінің жас, жаңа саласы. Алғаш Ч. Моррис еңбегінде сөз болған прагматика
мәселелеріне Ю. С. Степанов, А ван Дейк, Г. Г. Матвеева, О. С. Москальская
сынды ғалымдар еңбектерін арнап, прагматика теориясын дамытуға азды-көпті
үлестерін қосты. [5]
Дискурске сыни зерттеу дискурс талдау жасау аясында Норман Фэрклоның
еңбектерінде де жалғасын тапқан.
СДТ (КДА) –сыни дискурстық талдау деп зерттеуші дискурстық практиктер,
оқиғалар мен мәтіндер, кең әлеуметтік және мәдени құрылымдар, қатынастар
мен процестер арасындағы себептілік және бөлшектіліктің білінер-білінбес
жүйелік қатынастарын зерттейтін тәсіл ретінде анықтайды.
Зерттеуші мәтінді талдаудың өз-өздігінен дискурс – талдауға
жеткіліксіз екенін атап көрсете отырып, сөйлесу және жазбаша тілді
жүйелілік талдаудың маңыздылығын атап көрсетеді, мәтіндік және әлеуметтік
талдау үйлесетін пәнаралық көзқарас қажет[7].
Н. Фэркло дискурс ұғымын семиотикалық жүйелерге жатқызады, тіл және
образ сияқты, Э.Лакло және Ш.Муфф барлық әлеуметтік практиканы дискурс
ретінде қарастырады.
СДТ тұрғысынан маңызды кезеңі болып дискурстың екі өлшемі табылады;
1)коммуникативтік оқиға – тілді пайдаланудың жекелеген жағдайы (мысалы,
газет мақаласы, фильм, сұхбат, т.б.)
2)дискурс тәртібі – қандай да бір әлеуметтік институтта немесе әлеуметтік
салада пайдаланатын дискурстың барлық типтерінің конфигурациясы [8].
Әрбір тілдік жағдай үш өлшемнен тұратын коммуникативтік оқиға болып
табылады.
1)мәтін (тіл, жазу, визуалдық кескін немесе олардың үйлесімі);
2) мәтіннің өндірісі мен қабылдауын қамтитын дискурсивтік практика;
3) элеуметтік практика [9];
Н.Фэркло, СДТ арналған үш деңгейлі моделі сурет түрінде былай көрсетіледі.

2-сурет. Н.Фэрклоның үшдеңгейлі моделі (үлгісі)

Бұл модель мәтінді әлеуметтік контекстке қатысты барлық мәтінмен өзара
байланыста түсінуге және талдауға болатын принципке негізделеді.
Дискурсивтік тәжірибе мәтін мен әлеуметтік тәжірибе арасындағы делдал
ретінде қарастырылады. Дискурсивтік тәжірибені талдау, авторлардың мәтінді
жасау үшін қолданыстағы дискурстар мен жанрларды пайдаланатынын көрсетеді;
мәтінді алушылар мәтіндерді қабылдау және интерпретациялау кезінде қол
жетімді дискурстар мен жанрлар қалай пайдаланатынын көрсетеді[6].
О.Йокояманың дискурсының когнитивтік үлгісіне сәйкес, коммуникацияға
қажетті бірлік төрт компоненттен тұрады: коммуникацияның екі қатысушысы (А
және В) және өзекті назар нысаны (С1 және С2), және бұл элементтер
дискурстың ұсынылып отырған моделінің аясында примитивтік негізгі бірліктер
болып табылады. [10]
О.Йокояманың дискурсының когнитивтік моделіндегі жалпы коммуникативтік
жағдайын кесте түрінде былай көрсетуге болады.

3-сурет О.Йокояманың дискурстың когнитивтік моделіндегі коммуникативтік
жағдай.
О.Йокояманың пікірі бойынша коммуникативтік актідегі сөйлеуші, оның
ішінде бесеуі ақпараттық, (ерекшелеуші, пропозициялаушы, референциялаушы,
предикациялаушы, экзистенциялаушы), екеуі метаақпараттық (кодты және
дискурстік жағдайды білу) білімнің жеті түріне ие болады.
Коммуникациялық прототиптік моделі ақпараттық білімді алу және таратуға
метаақпараттық білімді пайдаланумен түсіндіріледі[10].
Сөйлеуші терминін зерттеушілер адамды белгілеу үшін қолдануды
ұсынады, өйткені тілді пайдаланушы мейлі ол сөйлесін, тыңдасын, жазсын
немесе оқисың шын мәнінде homogrammaticus [11]; тілдік тұлға тар
мағынадағы тобын біріктіретін терминді пайдалануға болады.
Адресатқа оған белгісі нәрсені хабарлауға сәйкес принцип бірқатар
зерттеушілердің еңбектерінде беріледі. Адресант адресатқа, онда жоқ
білімнің кез келген элементінің бәрін бере бермейтіндіктен, ақпараттық
дискурстың пайда болуына қажетті екінші мотив болып, релеванттілік талабы
табылады. [10].
О.Йокояма әңгімелесушілердің когнитивтік көптігі ешқашанда тұрақты
болады деген постулатты (негіздемені) қалыптастырады. [10].
Коммуникацияны осылайша көптеген когнитивтік серіктестіктердің және
олардың жетілдірілген білімдерінің көптігінің арасындағы D үнемі өзгеріп
отыратын қатынастардың сериясы ретінде, яғни D1 D2 Dn тізбегі
ретінде қарастыруға болады; Dn-1 Dn әрбір өзгерісі Еn-1 тікелей
тілдік оқиғасы болады.

4-сурет. О.Йокояманың дискурсының когнитивтік моделіндегі когнитивтік
көптігінің сериясы ретіндегі коммуникация.

Реципиенттің дискурстік іс-әрекетінің бірінші процедуралық ережесі
осылайша, алынған білімді растау міндетіне кіреді.
Дискурстік жағдайды бағалау дұрыс болмауы мүмкін (misassement) [10].
Зерттеуші дискурстық жағдайды дұрыс бағалаудағы сөйлеушіні екі негізгі әкеп
соқтыруы мүмкін жолды көрсетеді: қателік (assessment error) және
импозиция (imposition).
Қателікке әңгімелесушілердің бірінің міндетті метаақпараттық реакциясын
(әрекетін) автор түзету деп атайды. Адресаттық импозициясына жай әрекеті –
бұл оны қабылдауы. Адресатқа бекітілген импозициялық бағалауды қабылдау
реципиенттің дискурстік іс-әрекетінің үшінші процедуралық ережесі болып
табылады.
О.Йокояманың тәсілінің маңызды аспектісі болып, дискурстың когнитивтік
моделін вербалды репликаларды екі жақты алмасуға ғана емес, вербалды
репликалар алмасу мүмкін емес болған жағдайда монологиялық жағдайға қолдану
мүмкіндігі табылады және адресант дискурстік жағдайды дұрыс бағалау
мүмкіндігіне жол бермейді, ол реципиенттен қандай да бір мета-ақпаратты
қолдауынсыз дискурстік жағдайда үнемі дұрыс бағалау міндетін шешуге мәжбүр
болады
Осылайша кез келген коммуникативтік оқиға, Д дискурстік оқиғаның және
оның төрт негізгі компоненттерінің өзгеруіне А,В,Са және Св әкеп соқтырады.
Коммуникацияның субъектілерінің өзара әрекетіне динамикалық сипат тән,
коммуникативтік оқиғаның тізбегі субъектілердің ақпараттық және мета-
ақпараттық білімдерінен анықталады және өзара әрекет процедурасына сәйкес
өзгереді. (Йокояманың термині)
Дискурс және мәтінді талдаудағы коммуникативті процесс (стратегия).
Әлеуметтік тәртіп, қоғам және жеке тұлғаны құру өз негізінде конверционды
ойын ойнайды (conversiational play Э.Гоффманның термині бойынша). Салттық
ұйымы қоғамдық өмірінің болжамды адамдардың қарым-қатынасы шын мәнінде
стратегиялық болып табылады. Әртүрлі теория тұрғысынан стратегия ұғымының
зерттелуі коммуникацияның стратегия табиғаты туралы жағдай импульсті қызмет
етті. Бірақ дискурсті талдауда және зерттеудің аралас аясындағы
стратегия, тактика, технология ұғымдарының қолданылуы әзірше
лингвистикалық негіздемеде қарама-қайшылық мәнге ие емес.
Дискурс терминіне берілген анықтамалардың әртүрлілігі мен дискурстың
мҽтіннен анық ажыратылмауы қазіргі ғылыми зерттеулердің негізгі
мәселелерінің бірі санатында жүргені байқалады. Оның негізгі себептерінің
бірін дискурс талдаудың жеке теория ретінде мәтін талдаудың негізінде
туғанымен байланыстырамыз. Соңғы уақытқа дейін мәтін – тілдің ең жоғары
деңгейдегі коммуникативтік бірлігі деп танылса, дискурстың мәтіннен жоғары
бірлік деп тануға келетіндігі не келмейтіндігі анықталмай тұр. Оның себебін
дискурстың лингвистикалық тұрғыдан шектелмейтіндігімен сабақтастырамыз.
Дискурсты талдаудағы аударма прагматикасы. Прагматикалық лингвистика
дәстүрлі зерттеулерде күні кешеге дейін тіл-білімінің міндеті деп
есептелиеген көптеген мәселелерді көтеріп отыр. Тілді зерттеудің құрылымдық
парадигмасында оның қолданылу саласына жете көңіл бөлінген жоқ. Құрылымдық
элементтердің қызметі тілдің өз жүйесінің көлемінде ғана қарастырылып
келді. Құрылымыдқ зерттеулерде тілдің прагматикалық аспектісі көп жағдайда
назардан тыс қалды. Лингвистикалық прагмаиканың негізгі пәні қоғамда
қалыптасқан нормалар мен тіл заңдылықтарына сәйкес белгілі бір
коммуникативтік жағдайда мақсатты түрде жасалатын, сөйлеу актісі ретінде
көрініс табатын әлеуметтік әрекеттің бір түрі. Бүгінгі лингвистикалық
прагматикалық практика алдында тұрған мәнддеттер алуан түрлі, себебі олар
тек тіл білімімен ғана емес логика, философия, психология, социология,
мәдениеттану ғылымдарымен тікелей байланысты. [12]
Лингвистика ғылымының жаңа зерттеу бағытының қалыптасуына қозғау
салған күш тілді ой-санамен, таныммен, мәдениетпен, ұлттық құндылықтармен,
жеке адамның (тілді қолданушының, сөйлеушінің) тұрмыс-тәжірибелік
қызметімен тығыз байланыста қарастыру мәселесі деуге болады. Дискурстық
талдау теориясы немесе дискурсология жаңа ғылым саласы ретінде тілді
антропоөзектік парадигмаға сай зерделеуден туындады. Дискурсты арнайы
зерттеуші ғалым К.Садирова: Дискурс талдау теориясы пәнаралық сипаттағы
ғылым саласы ретінде қалыптасты. Оның пәнаралық сипатта деп танылуының
себебі дискурс коммуникациядағы ең маңызды, ажырамас агент болып
саналатындығында, яғни дискурста мән, құндылық, бейне, пікір, менталды және
виртуалды білім тасымалданады. Сондықтан да ол лингвистиканың да,
философияның да, әлеуметтанудың да, психологияның да, өзге де пәндердің
зерттеу нысаны бола алады. Гуманитарлық және әлеуметтік-саясаттану
ғылымдарында дискурс талдау теориясын түрлі методологиялық тұрғыдан
зерттеп, белгілі дәрежеде аталған ғылым саласының қалыптасуына ат салысқан
ғылымдар бар. Олар: Тойн А. Ван Дейк, Якоб Торфинг, Марианна В. Йоргенсен,
Луйза Филлипс, - деп көрсетеді [13].
Екінші тарау Аударма аспектісіндегі дипломатиялық дискурс деп
аталады. Дипломатиялық дискурсты кешенді зерттеу, осы зерттеу жұмысының
мақсатына сәйкес, қазіргі ғылымда қолданылып қабылданған және дискурсты
зерттеудің жоғарыда келтіріліп талданған тәсілдерін, бір жағынан,
дипломатиялық дискурстің аз зерттелген дискурс түрі ретінде ерекшелігін
анықтау, ал басқа жағынан, дипломатиялық дискурстің талдауын алдағы уақытта
аударма және коммуникация тұрғысынан негізін салу.
Дипломатиялық дискурс ұғымының мазмұнын анықтау үшін , ең алдымен оның
құрылымдық белгілерін және өзіндік ерекшеліктерін айқындап, дипломатия
ұғымына анықтама беріп және дипломатиялық дискурс тұрғысанан талдауымыз
қажет.
Дипломатия ұғымына ғалымдар әртүрлі түсіндірме берген. В.И. Даль өз
сөздігінде дипломатияға наука о взаимных сношениях государей и государств
вообще деп анықтама береді, ал С.И. Ожегов деятельность правительства
по осуществилению внешней, международной политики государства деп
дипломатия сөзіне анықтама береді.
Дипломатиялық коммуникацияның функциялары және типтік ерекшеліктері.
Дипломатиялық коммуникацияға белгілі коммуникацияның дискурстік
сипаттамасы және жоғарыда берілген типтік қасиеттері , сонымен бірге осы
жұмыста кешенді зерттеудің үштігі мәтін-дискурс-коммуникация ретінде
ұсынылған орынды функциялардың (қызмет) қатарын зерттеуде дипломатиялық
дискурске сәйкес қабылданған сипаттамаларды зерттейміз.
Коммуникацияның дәстүрлі қызметтерінің қатары: когнитивті (танымдық),
коммуникативті, қозғаушы (побудительный), эмотивті, метатілді, фатикалық,
эстетикалық қызметтер болып есептеледі.
Дипломатиялық коммуникацияның когнитивті (танымдық) қызметі (ақиқаттың
концептуализациясы тілді қолдану үшін жеке және ұжымдық әлемнің бейнесін
жасау), дипломатиялық коммуникацияда метафораны зерттеу жеке пән және бұл
болашағы бар нағыз зерттеу жұмысы болып табылады.
Дипломатиялық құжаттар дипломатиялық дискурс прецеденттік мәтіндері
ретінде . Қазіргі Қазақстан дипломатиясының шарықтауында дипломатиялық
келіссөздер мен оларды жүргізу ерекшеліктері маңызды орын алады.
Дипломатиялық келіссөздерде Қазақстан дипломатиясы, әсіресе дипломатиялық
келіссөздер жүргізуінің тактикасына көп көңіл бөледі. Қазақстан
дипломатиялық стратегия мен тактикаға тұтас мөлшерде көп назар аударады.
Сондықтан да, жас Қазақстан қазіргі тәжірибесінде дипломатиялық құжаттарды
дайындауда көп көңіл бөлінеді. Өзімізге белгілі дипломатиялық құжаттардың
қатарына мәлімдемелер, меморандумдар, келісімшарттар, т.б. жатады.
Дипломатиялық құжаттардың
типологиясы және дискурс сипаттамасы. Жалпы дипломатиялық қызметке қатысты
еңбектер өте мол. Олардың қатарында Э.Сатоу Руководство по дипломатической
практике белгілі француз дипломаты Ж.Камбон Дипломат, Г.Никольсонның
Дипломатия, Дипломатическое искусство кітаптары, американдық және
француздық дипломаттар Дж.Вуд пен Ж.Серре Дипломатическая церемония и
протокол, С.Симпсон Учебные программы и курсы по дипломатической
практике, ағылшын тілінен аударған В.М.Матвеева, Р.Дж.Фельтхэм Настольная
книга дипломата еңбегінде дипломатиялық қызметте жиі кездесетін құжаттар
мен сөз анықтамаларын, халықаралық ұйымдар атауына мағлұматтар беріп өткен,
А.Г.Ковалев Азбука дипломатии атты еңбегі дипломатиялық құжаттардың
түрлері мен оның ішкі мәтінінің қалай жазылатындығына ерекше көңіл
бөлген.[14] И.И. Борисенко және Л.И.
Евтушенко тұжырымдауынша, дипломатиялық құжаттарды мынадай сыныптарға
біріктіріп береді:
1.Келісімшарттар және басқа да халықаралық келісімдер:
-келісімшарт;
-конвенция;
-келісімдер;
-декларациялар;
-протоколдар;
2.БҰҰ-ның конституциялық және басқа да халықаралық ұйымдардың
актілері:
-БҰҰ хартиясы (жарғысы);
-Халықаралық сот жарғысы;
-БҰҰ-ның арнайыландырылған мекемелерінің конституциясы;
3.Біржақты заңды актілер:
-ратификация;
-келісімшартқа қосылу;
-ескертпе, ратификацияға қосымшалар;
-келісімшартты бұзу (денонсация).
4.БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының және басқа да халықаралық ұйымдардың
резолюциялары және есептері:
-резолюциялар (шешімдер,ұсыныстар,директивтер);
-процедураның ережелері;
-(қысқа) есептер;
5.Қорытынды құжаттар:
А)үкіметаралық іс-сапарлар және келіссөздердің қорытынды құжаттары:
-коммюнике;
-(үйлесімді) өтініштер;
-декларациялар;
-келіскендік туралы меморандумдар (тармақтарға келіскендігі туралы
меморандум)
Ә)Халықаралық конференцияның қорытынды құжаттары:
-қорытынды актілер;
-декларациялар;
6.Дипломатиялық корреспонденция:
А)БҰҰ корреспонденция:
-ресми хаттар;
-биресми хаттар;
-вербалды ноталар;
-жадынама тілхаттармеморандумдар;
Ә)мемлекетаралық дипломатиялық құжаттар;
Б)өзге де дипломатиялық құжаттар;
-агремандар;
-консулдық патент;
-экзекватура;
-грамоты (сенім, кері шақыру)
-құзыреттілік [15]
Бұл классификация біз үшін толығырақ деп айтсақта болады, осы
зерттеудің оптималды жағынан, мемлекеттің дипломатиялық ведомстволарының
жұмысының әр түрлі аспектілерінен жоғары түрде олардың құжаттарын
айқындаймыз.
Дипломатиялық мәтіннің лингво-стилистикалық ерекшеліктері және
олардың аудармасы. Стилистика тұрғысынан дипломатиялық құжаттардың авторы
жеке дипломатиялық стильді ресми іс-қағаздар стиліне жатқызады
[Максимов,Гальперин]. Ресми іс-қағаздар стильіндегі дәлелдердің алғашқы
дәрежедегі орнын есепке ала отырып, берілген стильдегі нақтылыққа деген
тенденцияны білдіру мүмкіндігі бірмағыналылыққа, айқындылыққа,
объективтілікке, талдап қорытуға, мазмұнының логикалық ұйымдастырылуына,
дәлелдердің нақты жүйелелігінен (бұл стильдің қажетті жанрында) туындайды.
Дипломатиялық стильге қатысты берілген ережені дамыта отырып,
келесідей дипломатиялық мәтіннің стилистикалық сипатын анықтау мүмкіндігі
көрсетіледі: объективтілік; талдап қорыту; ақпараттылық; мазмұнының
логикалық ұйымдастырылуы; мағынасы жағынан нақтылық, айқын; дипломатиялық
этиканы қатаң сақтау.
Дипломатиялық құжаттардың мақсатын және дипломатиялық дискурстің
институционалдық сипатын ерекшелігін есепке ала отырып құру, дипломатиялық
протоколдар және заңды күші бар халықаралық нормалар ережелерін тіл
құалдарында сұрыптапталу ерекшелігін тала етеді.
Дипломатиялық мәтіндерде қолданылатын сөздердің стилитикалық
ерекшелігін төмендегідей қаратыруға болады:
-клише және штамптардың мәтінде қолданылуы;
-сөз таптарының мәнді ерекше семантикалық аумағы;
-терминологиялық (дипломатиялық) лексика;
-кірме сөздер;
-эвфемизмдер (сыпайы сөздер);
-аббревиатуралар, қысқартулар, арнайы символдар және белгілер.
Лексиканың жеке қабаты арасында жеткілікті түрде қиынырақ болғанымен
анық шекарасын орнату, қаншалықты оның әрдайым қабатынан басқаға ауысуы;
берілген үдерісте қандай контексте сол немесе одан да басқа лексикалық
бірліктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Американдық саяси дискурс
Араб саяси дискурсының ерекшеліктері
Қазақ дипломатиялық дискурсы негіздері
Саяси коммуникация және саяси дискурс
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ДИСКУРСЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨРКЕМ ФИЛЬМ
Аудармада экспрессивті құралдарды қолдануды талдау
Жалпы аударма теориясы
Бұқаралық дискурс ерешеліктері
Бейнеөнімнің аудару ерекшеліктері» (“Monster-in-low” фильміне сүйене отырып)
Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері
Пәндер