Балаң жас өспірімдік психология жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс
1 Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері
2 Дене күшінің дамуы
3 Дамудың әлеуметтік жағдайы
4 Ақыл.ой қызметінің ерекшеліктері
5 Жас өспірімдер физиологиясы және гигиенасы.
6 Жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін тәрбие арқылы дамыту.
1.2 Ата.ана мен жеткіншек арасындағы қарым.қатынастың қалыптасу ерекшелігі
І.2. Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез.құлықтың шығу себептері мен факторлары

Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.
Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударадь. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі.

БАЛАҢ ЖАС ӨСПІРІМДІК ПСИХОЛОГИЯ
ЖАС ӨСПІРІМДІК - ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС
Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері. Жас шағы психологиясына
жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен
аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық,
екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың
күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.
Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ
өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен
жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп
қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына,
ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударадь.
Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың
белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті
алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан
қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі
болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен
социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес
те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге
тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларыньң қалыптасуына,
еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни
индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
Советтік ғылым жастық проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар
мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек деп
біледі. Бұл әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен
фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әр кезде үйлесе бермейді.
Акселерацияның, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез
және бойлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын
өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады.
Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш
фазаға препубертаттық, пубертаттық және постубертаттық фазаларға бөледі,
осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік жасты (балаң
жастық) алғашқы екі кезеңмен байланыстырады.
Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де,
қазір ол енді 14—14,5 жаста-ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте
басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік
жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны, ол меңгеруге тиісті
білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.
Қөптеген алғашқы қауымдық қоғамдарда жас шағы айырмашылықтары
әлеуметтік айырмашылықтарға тікелей үйлеседі; социализацияның негізгі
механизмі бір жастағы адамдарды (еркектерді) біріктіретін жас шағы топтары
болып табылады, осының өзінде мұндай топтардың әрқайсысы өздеріне ғана тән
арнайы әлеуметтік функцияларды ғана атқарады. Феодалдық қоғамда
социализация жеткіншекті не жас өспірімді ересектердің іс-әрекетіне едәуір
дәрежеде тікелей қосу арқылы (шаруалар шаруашылығына көмек, рыцарьлық
сословиедегі паждар мен атқосшының міндеттері) жүзеге асырылған. Мектеп
оқытудың осы практикалық формаларын толықтыратын ғана болған. Қазіргі
қоғамда еңбектің және қоғамдық іс-әрекеттің күрделіленуіне байланысты адам
жұмыс істемей, негізінен оқитын даярлық кезеңі едәуір ұзарады. Білім алу
мен оқудың қоғамдық қажетті мерзімі неғұрлым ұзақ болса, шын мәніндегі
әлеуметтік кемелділік соғұрлым кеш басталады. Осыдан келіп жас өспірімдік
кезең ұзарып, жалпы алғанда жас шақы шектері біршама тиянақсыз болады.
Балаң жас өспірімдік (14,5—17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана.
Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай?
Дене күшінің дамуы. Балаң жастық — адамның дене дамуының аяқталатын
кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың
бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус
13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дін арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай). Салмағы
артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады.
Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан
екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам
қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану
режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір
түрлерінде балаң жастық — ең көп жетістіктерге жететін кезең.
Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста
постпубертаттық кезеңде болады. Қөп тараған тусініктерге қарамастан,
жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа
байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен
басқа да әлеуметтік-экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа
статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте
маңызды. Кейбір әбден қалыпты адамдар орташа статистикалық мерзімдерден көп
озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдай-
лардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің
арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге
тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны
мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық
тұрғыда өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. Өмірлік іс-
әрекеттің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рольдер мен мүдделер
диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып қоймайды, сапалық түрғыдан да
өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік
пен жауапкер-шілік өлшемі шығады. 14 жаста оны комсомолға қабылдайды, 16
жаста паспорт алады. 18 жасында сайлау правосы мен некелесуге мүмкіндік
алады. Жас өспірім қылмысты істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл
жаста еңбек қызметін бастайды, бәрі де мамандық таңдау тұралы және т. б.
ойлайды. Алай- жас әспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның
жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады.
Материалдық жағынан жоғары класс оқушысы әлі ата-аналар қарауында. Мектепте
оған, бір жағынан, екінің бірінде сен ересексің, үлкенсің десе, екінші
жағынан, одан үнемі тіл алуды талап етеді. Бұл мектептен басқа жерлерде де
байқалады, мұнда 16 жастағыларды емес, 20 жастағыларды да көбінесе ересек
деп санамайды. Жағдайдың (бір тұрғыдан ересек деп танитын, екінші тұрғыдан
танымайтын) және өзіне қойылатын талаптардың тиянақсыздығы жастардың
психологнясында өзінше ұрынылады.
Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері — мамандық таңдау, еңбек
пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға
әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір
уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-
әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатын
жеткіншектердей емес 15—17 жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер бұған
қоса кәсіптік-техникалық училищелердің немесе арнаулы орта оқу орындарының
оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жас өспірімдер оқуды өнімді еңбекпен
ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан
тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс.
Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15—16
жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң
өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік
операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен
қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл
тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер
шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен
қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастарда-
ғыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат береді. Қазіргі бар
деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер
балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен
мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық
айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады.
Осыны, сондай-ақ жоғары класс оқушысының мамамдық таңдауға даярлану
қажеттігін ескеріп, жоғары кластарда оқытудың даярлығын күшейту қажет,
оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп
шенберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек (факультативтік пәндер,
үйірмелік жұмыс, маманданған мектептер). Бірақ, арнайы қабілеттердің
қалыптасуының өзі оқытудың сипаты мен бағытына орасан, зор дәрежеде
байланысты екенін есте ұстау қажет.
Жас өспірімдік - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын
кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі
үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы (еңді бала болмағанымен,
әлі ересек те емес), өмірлік іс-әрекеттік күрделенуі, жеке адамның өз мінез
- құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы — осының бәрі қосыла
келіп жас өспірімдік шақта бағалаушылық - бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт
арттырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса
да, жас адам оларды бағалауға өте-мөте ден қояды да, өзінің мінез-құлқын
саналы турде жасалған немесе меңгерілген критерийлер мен нормалар негізінде
құруға тырысады.
Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді.
Жас өспірімдер физиологиясы және гигиенасы.
Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан
басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады.
Алайда
- Бірінші шегі физиологиялық,
- Екіншісі әлеу-меттік шек болып тұрған осы анықтаманың езі
құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.
Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар
нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады, деген
оймен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі
деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына,
ішкі дүние мен езін-езі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады,

қарайды. Бірақ бұл даму әр турлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі

тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына,
еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғнн

фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әр кезде үйлесе бермейд.

және бойлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеп пен екі жыл
бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады.

осының езінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік жасты (балаң
жастық) алғашқы екі кезең мсн байланыстырады.
Акселерацияға банланысты жеткіншектік кезеңнің шеқтері төмендейді де,

білімдердің келемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.

болып табылады, осының езінде мұндай топтардың әрқайсысы ездеріне ғана тән
арнайы әлеуметтік функңияларды ғана атқарады. Феодалдық қоғамда

дәрежеде тікелей қосу арқылы (шаруалар шаруашылығына кемек, рыцарьлық

оқытудын осы практикалық формаларын толықтыратын ғана болған. Қазіргі
қоғамда ецбектің және қоғамдық іс-әрекеттің күрделіленуіне байланысты адам

кезең ұзарып, жалпы алғанда жас шағы шектері біршама тиянақсыз болады.
-

Жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін тәрбие арқылы дамыту.
Гуманистік педагогиканың негізінде алынатын бастауы гуманистік идеялардың
бірі, адам табиғи жаратылысына ерікті, ол Жаратқаннан басқаға тәуелсіз, тек
дүниедегі мақсатын саналы іске асыру үшін жаратқанға ұмтылу арқылы ғана
өзін баққытты сезіне алады. Адамның Адам болуына, оны өзге тіршілік
иелерінен ерекшелендіретін дарыған құдіретті күш бар,
Өнегелілік ---- тәрбие мне оқытудағы адамгершілікке бағытталған
идеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық тұлға, пайда, бостандық, махаббат,
шығармашылық т.б. қасиеттері жатады. Өнегелілік қасиеттер – идеалдарды
қабылдау немесе қабылдамау сезім арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы
қабылданады. Өнегелілік құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты
білдіреді. Өнегелілік --- сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы
адамның іс-әрекетін белгілейді. Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлға
аралық қатынасын дамыту, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуі, оның
өзге адамдарды түсінуі, әр адамн-ың құндылығын және даралық ерекшелігін
жасына, ұлтына қарамастан саналы түсіне білуі, сырт көзбен қарап, істеген
ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс. Тәрбиені ізгілендірудегі басты
мақсат оқушылардың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы дамытуға,
мәдени дағдыларды игеруге, өзін және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын
қалыптастыру назар аударылады.
Рухани–адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысаны баланы құрметтеу,
оның рухани бойында жаратқанның ұлы қуаты бар. Адамның рухани мұқтаждығын
қанағаттандыратын іс- әрекет түрлері, өмірдің мәнін түсіну үшін жасалған іс-
әрекет. Өмірдегі мәдени қалыптарға құндылық қатынас орнату, оқушының өзін-
өзі күту мәдениетін, экологиялық мәдениетін, еңбек ету мәдениетін, құықтық-
руханилық және адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу арқылы іске асырылады.
Жасөспірімдердің бойына өнегеілілік қасиеттерді қалыптастыруда ата-
бабаларымыздың ұлы мұратын насихаттауды естен шығармауымыз керек. Демек ата-
бабаларымыздың асыл қазыналары арқылы жасөспірімдердің бойына адамгершілік
ізгі қасиеттерді қалыптастыруға болады. Міне, сол арқылы халқымыздың
ғасырлар бойы жинақтаған рухани құндылықтарын бала бойына сіңіріп, өз
елінің, Отанының адал азаматтарын тәрбиелей аламыз.
Бұл жұмысты жүзеге асыру аса қиын емес. Себебі ата-бабаларымыздың
салып кеткен сара жолы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпқа негізделген жас
ұрпақты тәрбиелеу әдісі бар. Жоғарыда атап өткен дана бабаларымыз бен
кемеңгер ғұламаларымыздың баға жетпес құнды еңбектері бар. Рухани тәрбиені
теорияылық тұрғыдан қазіргі заманға сай саралап, қазақ тілінде кемеліне
жеткізген кемеңгер А. Құнанбаев пен Ш. Құдайбердиев бар. Тек осы
қазыналарды орнын тауып қолдана білуіміз керек.
Қоғамның жылдан жылға өнегелілік қасиеттерінің азғындалып бара
жатқанының себебі де осы ар ілімінің оқылмай, рухани тәрбиенің берілмей
жатқаны. Сондықтан өнегелілік қасиеттерді қайдан аламыз, қалай береміз
дегенде, алыстан іздемей-ақ өзіміздің осындай дара ойшылдарымыздың дана
өсиеттерін алуымыз керек.
Қазіргі жастарымыз батыстың мәдениетіне бой ұра бастады. Бұған
тосқауыл қою керек. Өйткені күнде ұлттық болмысымыздан айырылып барамыз.
Тек қазақ халқының қанында бар рухани асыл қасиеттердің өзге халықтарда
кездесе бермейтіндігіне жастарымыздың көзін жеткізуіміз керек.
Ендеше егемендігіміз мәңгілік болсын десек, оның болашағы -----
жастардың тәрбиесін, оның ішінде ауыл жасөспірімдердің өнегелілік
қасиеттерін қалыптастыру мәселесін кешіктірмей қолға алуымыз керек-ақ.
1.2 Ата-ана мен жеткіншек арасындағы қарым-қатынастың қалыптасу
ерекшелігі
Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар,
құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты
кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы
мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы
жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай
алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.
Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық
және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының
қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік
өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру;
туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және
аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар
баршылық. [23,17]
Отбасы-нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара
қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени
бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы
қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық
критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын
топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.

Шындықтың бейнелннуінің әлеуметтік психологиялық заңдылықтары адам мінез-
құлқына ғылыми негізделген түрде етудің жаңа мүмкіндіктеріне қоғам алдында
аша алады. Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеу тұлғаның әлеуметтену
процесінің негізінде жатқан дәне де отбасылық бірлестіктің мүшелеріне күшті
әсер ететін заңдылықтарды білуге мүмкіндік береді [24,63].
Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-
қатынас.
Қарым-қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып,
соның нәтижесіде тұлға аралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып
дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп
ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция
спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық
жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар
арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс,
талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.
Отбасы қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсінстік,
бірінің екіншісіне бойсынуы, бірінің екіншісін құптауы сенімді қарым-
қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі әр тұлғаның мейлі балалары,
мейлі ересектері болсын,иағлұмат байлығы (информационное богатство)болып,
өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығыуы ықтимал.
Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе,
мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелеріне қарым-қатынас арқылы
біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды
сфера мақсаты. Отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы бірлесіп
еңбек ету,нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен,
отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі
балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл анасы мен
қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті
нығайтатын ас маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар
тарапынан дәлелденген.
Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не болмаса
өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі сипатта болғанымен, ішкі тетіктері
(механизмдері)адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық
жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы әсер ету болып саналады
[25,9].
Жоғарыда айтылып кеткендей отбасындағы, бала мен ата-ана арасындағы
қарым-қатынас түрін қарастырамыз. Яғни жас ерекшелік жағынан жеткіншек пен
ата-ана арасындағы қарым-қатынас.
Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасыуында маңызды кезең болып
табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудырытын
кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде жеткіншектерді зерттеумен
байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі
деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары
және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық
заңдылықтарды ашуға негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер
жеткіншектік жастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен материалдар
жинақталды, ол өз кезегінде осы маңызды психикалық кезеңнің ерекшеліктерін
қазіргі қоғамның жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына
ықпал етті. Мәдениеттің нақты-әлеуметтік шарттарына, дәстүрлеріне сәйкес
бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда әрі, әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін.
Қазіргі таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-
15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буында
оқуымен сәйкес келеді.
Жеткіншектік жас кезеңнің психологиясы тақырыбы әрдайым өзекті болып
табылады. Бірақ жеткіншектердің әрбір ұрпағы осы кезеңді басынан өткізеді
және де қоғам дамуының тарихи жағдайларына сәйкес өз мәселелерін өз бетінше
орындауға тырысады. [26,3]
Жеткіншектік кезеңді М. Мұқанов баланың дамуындағы ерекше орны бар
өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең деген атауларында
бейнеленген деп көрсетті. Бұл атауларда осы жастарда болатын,өмірдің бір
дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен
маңыздылығы айтылған.
Біз жеткіншектің мен деген қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен
қарым-қатынастарына, әсіресе екі ортада кездесетін қайшылықтарына
тоқталсақ. Қайшылық жеткіншекшектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған бала
деп қарауының келіспеушілігінен болған. Ал қайшылықтың нәтижесінде сол
жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс дейміз. Дағдарыстың жеткіншек
жасындағы бұл түрі бөбектердің дағдарыс кезеңінен әлдеқайда басым болады.
Дағдарыс дегеннің мағынасы қиын жағдайда тап болған кезді одан қалай шығуын
білмеуді білдіреді.
А.Г.Ковалев дағдарыс кезі жеткіншектің жасына орай келмейді, онымен
үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болды дейді. Осылай деу
дағдарыс кезі жеткіншекте тіпті кездеспей, ол сергелдеңге ұшырамауы мүмкін.
Демек, жеткіншектің үлкендермен қатынасы жақсы болып келсе, онда дағдарыс
кезі кездеспейді. Осы пікірге түгелдей қосылу қиын: біріншіден, дағдарысқа
үшырайтын үлкендер емес, жеткіншектің өзі. Екіншіден дағдарыс үлкендердің
оған қатынасына риза болмаудан кездессе де, мұның өзі тек 11-16 жас
арасында болып отыр. Егер А.Г.Ковалевтың айтқаны дұрыс болса, дағдарысқа
ұшырау 7-10 немесе 16-18 жастарда да кездесуі ықтимал болар еді.
Жеткіншек үлкендерден ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz