Балалар өлеңдері


Балалар өлеңдері. Халық балалар поэзиясының жанрлық құрамын одан әрі саралай түссек, әдет-ғұрып салттарымен де байланысы жоқ табиғат құбылыстары мен жан-жануарларға да тікелей арналып айтылмайтын (арнау-тілек, өлеңдері сияқты), маусымдық кезеңдерге де тәуелсіз, жеткіншектердің күнделікті тіршілігінде жиі айтылып, кең таралган өлеңдер тобы озінше екшеліп шығады. Бұл топтагы өлеңдер жоғарыдағы жанрлық түр-лерден атқаратын қызметімен де мазмұндық сипатымен, орынадалу мәнерімен, поэтикалық қүрылымымен де озгешеленеді.
Фольклорлық шығармалардың, көне жанрларына тән этнографиялық салттардан ада бұл өлеңдері шартты түрде балалар өлеңдері деп жеке топтауды қажетсінеді.
Шығу тегі жағынан балалар өлеңдерінің басым көпшілігі ересектер фольклорынан ауысқан, олардың біразы үлкендер жырларының үзіндісі түрінде келсе, ал көпшілігі балалар «өңдеуінен» өтіп, солардың талғамына бейімделген қысқа қайырымдар. Үлкендер фольклорындағы шығармалардың уақыт өткен сайын балалар репертуарына қарай жедел ауысып бара жатқандығы осы тұста да аңғаруға болады. Мәселен, қазақ фольклорындағы төрт түлік мал туралы өлеңдерді (бақташылық поэзиясы) қазір негізінен балалар ғана жаттап алып айтады. Және оның түпкі мәніне көз жібермей, өз ұғымдарына лайық-тыларын ғана талғап меңгереді.
Балалар өлеңдерінің тақырып аясы да кең. Ол табиғат құбылыстары мен жан -жануарлардан бастап балалар тұрмысына қатысты әлеуметтік салаларға дейінгі түрлі мазмұндағы объектілерді қамтиды. Сондай-ақ, бұл топ-тағы өлеңдердің ішінде, балалардың өз шығармашылығы да жоқ емес. Балалардың өзі шығарды деп айдар тағыла-тын өлеңдерден до ауыздан-ауызға тарап ысылған ұжымдық сипат байқалып тұрады. Бұл тұрғыдан келгенде балалар өлеңдерінде фольклорлық дәстүр берік сақталып отырады.
Балалар өлеңдерін поэтикалық құрылысы мен орындалу мәнеріндегі өзгешеліктеріне орай, тақпақ және сұрамақ (песни диалоги) деп екі ішкі жікке бөлуге болады.
Тақпақтар. Ел ішіндегі тақпақ сөзінің мағыналық ауқымы өте кең. Тақпақтау дегеннің өзі ұйқасты, әуезді, нақышты сөйлеу деген ұғымға жақын келеді. Халық ара-сында «өлең» терминінің орнына да қолданылады.
Мәселен, балаларға «өлең оқышы» деудің орнына
«тақпақ айтшы» деген тіркесті қолдану қисынды болып табылады. Ел ішінде «тақпақ» сөзі көп орайда балалар өлеңі деген ұғымға жақынырақ тұрады. Әрине, бұл жерде фольклорлық шығармалар мен адеби туындылардың шекарасы ажыратылмайды, балалардың жаттап алып, дауыстап айтатын шығармалары тоғыстырылып бірге ата-
лады.
Өз кезінде А. Байтұрсынов тақпаққа «Салт-санасына сәйкес пікірлерді келтесінен келтіріп, өлең түрде ұйқастырып айту - тақпақ болады», - деген анықтама берген болатын.
Тақпақ сөзінің түрлі қолданыстарын саралай келіп, академик 3. Ахметов оған мынадай сипаттама береді: «Тақпақтың дыбыс қайталау меп әуезділікке толы шағын ашықты тіркестермен үйлесіп келетін өзінше ерек ұйқасы болады. Өлең формасындағы бұл типінің сөзді ұйқастырудағы басты сипаттары ретінде мыналарды атауға болады; жеке өлең аясындағы әрбір сөйлемнің кесімді аяқталып отырғандығы, белгілі синтаксистік құрылымдардың көптеген өлеңдерде сөэ қайталау арқылы қайталанып келіп отыратындығы, сондай-ақ етістік әрқашан өлең (сөйлем) соңында келетіндігі өзі жалпы өлең сөзге тән емес (эпикалық өлеңдерді қоспағанда) .
Сонымен қоса тақпақ образды, айшықты тіркестер мен оралымдарға байлығымен де ерекшеленеді . . . ».
Бірақ «тақпақ» қазақ фольклортану ғылымында А. Байтұрсыновтан кейін арнайы жанр ретінде танылып қарастырылған емес. Мұның негізгі себебі де сол тақпақтың үлкендер репертуарынан қалып, балалар аузына ауысқандығынан болса керек. Бірақ балалар тақпагьн А. Байтұрсынов келтірген тақпақ үлгілерімен әсте теңестіруге болмайды. Балалар тақпағы мүлде жаңа, басқа құбылыс. Әрине, тақпақ терминінің негізгі белгілерін балалар арасында әлі күнге белсенді өмір суріп келе жатқан шығармалардан да молынан табуға болады. Мәселен,
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай. болған кезімде
Би билеймін дөңгелеп, -
дегендегі «айгөлек, дөңгелек, дөңгелеп» сияқты немесе-
Қарға. карға, каргалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса карғалар,
Бұтаға келіп корғалар, -
дегендегіде «қарғалар, жорғалар, қар болар, қорғалар» тәріэді толымды ұйқас айшықты сөз қолданыстар соған дәлел. Өлеңде дыбыстық үйлесімдер (ассонанс, аллитерация) жарасымы да анық байқалады. Оның үстіне балалар репертуарындағы тақпақтардың көпшілігі, негізінен, үлкендер шығармашылығынан ауысқан. Мұның себебі бұл жанрдың табиғи ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Яғни, оның көлемінің шағындығы, үндестігі күшті толымды ұйқасқа құрылатындығы, дыбыстық, сөздік қайталаулардың молдығы, айшықты оралымдарға байлығы - осылардың барлығының өлеңді жаттап алып, мәнерлеп айтуға (тақпақтап айтуға) жеңілдік жасайтыны - балаларды өзіне баурай тартады. Сондықтан да қазақ халқының төрт түлікті тіршілігінің тірегі өткен кәсіптік ерек-шелігінен туындаған:
Кендірмен байлама,
Жыңгылмен айдама.
Кендірмен байласаң,
Жыңғылмен айдасаң
Мал бітер деп ойлама -
дегеңдегідей ғибраттық тағылымы мол елеңдер мен
Асық ойнаган азар,
Доп ойнаган тозар.
Бәріненде қой бағып,
Көтепн жеген озар, -
деген сияқты нақылға айналып кеткен таза дидактикалық сарындағы тақпақтар ересектер мен балалар репертуарында қатар өмір сүріп келеді. Бұдан тақпақтардың үлкен тәрбиелік әсер-ықпалын аңғарамыз. Мәселен, жоғарыдағы екі шумақ өлеңде еңбек тәрбиесіне байланысты үлкен ойдың халық тәжірибесінен жинақталған тұжырымы тұр.
Бұдан үлкендер репертуарындағы тақпақтар балалар репертуарына түгел көшкен деген ұғым тумайды. Бұл мүмкін де емес. Оның үстіне халық ұғымындағы тақпақ жанрының ауқымы өте кең. Одан нақты ғылыми анықтамалық ұғымды тап басып ұстау да қиын. Мәселен, нақыл мақал-мәтел сөздерді де қазақ арасында тақпақ деп атай береді. Оны кезінде А. Байтұрсынов та анық байқап атап көрсете келіп: «Тақпақ қысқара-қысқара маңызданып барып, мақалға айналып кететін де жері бар. Мақалдарды құрастырып қосып айтқанда, тақпаққа айналып кететін де жері бар, - деп жазды.
Сол сияқты 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінде басылған «Мың мәртебе тыңда, бір қабат айт», «Мың досың аз, бір дұшпаның көп», - деген сияқты нақыл сөздер «мұсылмандардың тақпағы» деп аталған. Балалар репертуарында мұндай шы-ғармалар жоққа тән. Яғни, тілге тиек етіп отырғанымыз бала талғамына лайық шағын көлемді, өлең құрылысы мәнерлеп айтуға оңтайлы, бүлдіршіндер репертуарында кең тараған шығармалар. Мұндай шығармаларды балалар шағын көлемі, ойнақы, әуезді, жеңіл құрылымы үшін ғана ынтыға жаттамайды, әндерінің таным түсінігіне, күнделікті тірлігіне етене жақын мазмн-болмысы үшін де құлай сүйеді. Мысалға, жан- жануарлар тақыры-бына арналған тақпақтарда олардың сыртқы сипаттары мен әрекет дағдылары, мінез ерекшеліктері балаларға танымдық мағлұмат берерліктей образды суреттермен ерекше дәл бейнеленеді. «Қоян», «Қасқыр», «Торғай», «Төбет», «Сауысқан» т. б. өлеңдерден бұл мәнер айқын аңғарылады.
Мысалы:
Ала қанат сауысқан
Жауыр атқа жабыскан.
Ойда жауыр көрінсе,
Ойбайлатқан сауыскан,
Қырда жауыр көрінсе,
Қиқаңдаткан сауыскан -
сияқты қырдағы қазақ балаларына көзтаныс суреттерден олардың талғам-таным ерекшеліктерінің нәзік ескеріліп, тағылымдық, эстетикалық нәрдің астаса өріліп жатқан-дығын көріп тәнті боласыз. Мұндай өлеңдер халық тәжірибесінде әбден шыңдалып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан балаларға арналған халық поэзиясының нәрі болып табылады. Сондай-ақ бұл жанрға заманның, кезеңнің ерекшелігіне орай жаңа мазмұнмен кейіннен келіп косылып жатқан өлеңдер де жоқ емес. Мысалға:
Мен айтамын тақпақ,
Мұғалімді мактап,
Байдъщ жолы - батпақ,
Ленин жолы - аппак, -
деген сияқты тақпақтар Қазан төңкерісінен кейінгі коммунистік идеологияның жемісі. Тақпақ формасы соңғы кезеңде балалардың өз шығармашылығы ретінде кең тарай бастағаны байқалады. Бүгінгі мектеп оқушылары арасында:
Химия, химия, химия,
Қонбайды менін миыма . . .
Апай келгенде
Отырамын жымия,
деген сияқты балалардың өздері шығарған әзіл өлеңдер өте көп. Балалар арасында халыққа кең тараған белгілі әндерге өздерінше түрлендіріп күлдіргі өлең шығарып айту дәстүрі де бар. Бұл өлеңдерден, әрине, поэзияның «інжу-маржанын» іздеу әбестік, бірақ бала жан дүниесінің құпия қалтарыстарын, күнделікті тірлікті өз шамасынша поэзия тілімен өрнектеуге тырысқан талпынысты, эксперименттік ұмтылыстарды танитынымыз анық, ол сонымен де құнды. Сөз жоқ, дәстүрлі фольклорлық аядағы тақпақтар мен соңғы кезеңдегі өлеңдер арасында айырмашылық баршылық. Кейінгілерінде, әсіресе, жазба әдебиет ықпалы мол. Мұның өзі тақпақ жанрының даму эволюциясының да арнайы қарастыруды қажет ететіндігін көрсетеді. Соңғы кезеңде тақпақ терминінің халықтық аядағы қолданысы да өзгеріп келеді. «Бүгіндері - деп жазады ол туралы академик 3. Ахметов, -тақпақ ұғымына кең мағынасындағы тақпақтау (декламация) сипаты беріліп жүр. Ертеректе тақпақтау тәсілдері жекелеген шығармаларға ғана тән болатын. Кейіннен тақпақтау нақышы көптеген шығармаларға дарыған кезде бұл терминмен тақпақ сарынды шығармаларды түгел атайтын болды» (12. 232-6) . Халық арасында бір сөзге мұндай ұлан-ғайыр мағына сыйғызу дәстүрі басқа терминдер табиғатынан да белгілі. Мәселен «ертегі, аңыз» терминдерінің аумағына бүкіл халық прозасының ішкі жанрлары түгел сыйып кетеді немесе «жыр» терминінің ауқымы да халық ұғымында соншалықты кең.
Ал, тақпақ термині қазақ балалар фольклорының ішінде әдет-ғұрыптық, ырымдьгқ салттардан ада, балалардың жаттап алып, мәнерлеп (тақпақтап) айтып жүруіне қолайлы, әуезді, шағын өлең деген мағынада өріс ашады. Және бұл терминді осы аяда тұрақтандырған жөн деп білеміз.
Балалар фольклорында көп ұшырасатын шығармалардың тағы бір шоғыры диалогқа құрылатын өлеңдер. Диалогқа құрылған формалар әсіресе әдет-ғұрып жырларында мол ұшырасады, бұл оның түптөркінінің ырымдық (ритуалды) салттармен байланысты қырын танытса керек. Бұл орайда Ю. Г. Кругловтың «Өлең диалогтар - арбаудың көне түрі. Олар адамзат табиғатты жанды деп түсініп, оларға әсер ету үшін түрлі магиялық ғұрыптар шығарған кезде пайда болған болу керек, - деуінде шындық бар.
Қазақ халық поэзиясында диалогқа құрылған өлеңдердің мол ұшырасатынын академик 3. Ахметов те атап көрсете отырып мынадай мысал келтіреді:
Ағат деген немене?
Санат деген немене?
Қанат деген немене
Жанат деген немене?
Екі кісі ұрысса
Ағат емей немене.
Екі жақсы сөйлессе,
Санат емей немене?
Мінген атың болдырмай
Межелі жерге жеткізсе
Қанат емей немене?
Тоқтышақтың терісі
Тоңдырмаса суыққа
Жанат емей немене?
Мұндай өлендерді халық ақындары шығармашылығынан да молынан ұшыратуға болады. Оның балалар фольклорындағы көрінісі - сұрамақтар.
Сұрамақтар. Ол мазмұн, тақырып жағынап тақпақтармен үндескенмен, композициялық құрылымы, орындалу мәнері жағынан олардан ерекшеленеді. Сұрамақтар диалогқа құрылып, екі баланың кезектесіп айтуына ыңғайлы болып келеді, бірақ кезектесіп орындау міндетті емес оны жеке бала да орындай береді. Сұрамақтардың тағы бір ерекшелігі табиғат құбылыстарымен, жан-жануарлармен адам ретінде тілдесу болып табылады. Бұған қарағанда сұрамақтардың шығу тегінің тым төріңде екендігін байқаймыз. Оның түп негізі адамзаттың орта дәуірдегі әр заттың бойында өзінше жан бар деген анимистік ұғымға қарай тартады.
Қарқ-қарқ, қарғалар
Қар үстінде жорғалар. -Жорғалар деп кім айтар?
- Аң аулаған аңшы айтар.
- Аңшы айтар деп кім айтар?
- Мал кайырған малшы айтар,
- Малшы айтар деп кім айтар?
- Сортаңдағы туйе айтар, -
деп тізбектеле айтылатын сұрамақтардың, ішкі құрылымы
да қызғылықты. Мұнда әрбір жолдағы ең соңғы сөз, ке-
лесі жолдың басында қайталанып келіп өзгеше бір ассо-
циация құрайды. Сол сияқты бір сөзі ғана өзгеріп келіп
отыратын қайталама сауалдар да өлеңге әр беріп отыра-
ды. Сондай-ақ:
- Ауылың кайда?Асқар тауда. Қойың қайда?Қошқар тауда.
Қойың не жейді?
- Жусаи жейді?Не тышады?Май тышады, -
деген қарапайым түрлері де бар.
Сұрамақтардың өлең құрылысы да жалпы балалар өлендеріне лайық ойнақы, жеңіл, шымыр ұйқасқа құрылады. Мәселен, тақпақтардағы сияқты толымды ұйқастар («балпақ - жалпақ - талпақ») сұрамақтарға да тән. Сондай-ак, «Аң аулаған аңшы айтар, мал қайырған малшы айтар» деп келетін тілдесулер алма-кезек қайталанып келіп шығармаға жан бітіріп отырады. Әрине «Асқар тауда, «Қошқар тауда» деп келетін ұйқас үшін қиыстырылатын жолдар да жоқ емес.
Сонымен бірге сұрамақтың айтыс түрінде келетін өзгеше қызық формасы да бар. Мысалы" (Қой мен ешкінің айтысы)
Ешкі:
Менің жегенім жантақ,
Сенің жегенің жантак,
Сенің куйрығың неден жалпак?
Қой:
Менің жегенім ошаган,
Сенің жегенің ошаған,
Сенің құйрығың неден шошайған?
«Сұрау-жауап түрінде айтылатын балалар өлеңдері түркі халықтары фольклорының бәрінде де бар. Мұндайда баланың түлкі, қоян, мысық, күшік деп ат қойып атау дәстүрі кең тараған, -деп жазады Б. Уахатов. Егер фольклорлық жинақтарға көз салсақ, бұл форманың тек түркі тектес халықтарға ғана емес, жалпы әлем балаларының барлығына ортақ екендігін байқаймыз, Бұл оның жалпы балалар психологиясына ортақ та-биғи қажеттілік өтеуінен туған өміршең фольклорлық жанр екендігінің дәлелі.
Сұрамақтар балалар репертуарына осындай дәстүрден келіп дарыған болуға керек. Сұрамақтардың формалық ерекшеліктері де сол ересектер фольклорындағы диалогтарға ұқсас келіп отырады. Мысалы:
- Бақа, бақа, балпақ, Басың неге жалпақ. Көзің неге тостақ, Бұтың неге талтақ?Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
Қырдан карауыл көп карап,
Көзім содан тостақ.
Жайдақ атқа көп мініп ,
Бұтым содан талтақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz