Есеп саясатын аудиттеу


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

« Экономика » факультеті

« Есеп және аудит » кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Есеп саясатын аудиттеу

Мамандықтың шифры мен атауы _ 050508-Есеп және аудит _

Тобы __ЕжА-08қ/б_

Орындаған:

студент Нургалиева Б. М.

(Аты- жөні)

Орындаған:: Жетекші:
:
студентНургалиева Б. М.(Аты- жөні):

АтМГИ э. ғ. к, профессор

Жалғасбаева А. А.

(Аты- жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Орындаған::
:
студентНургалиева Б. М.(Аты- жөні):
Орындаған::
:
студентНургалиева Б. М.(Аты- жөні):

(қорғауға жіберілді) (бағасы)

«___»20__ж «___»20__ж

(жетекшінің қолы) (жетекшінің қолы)

Атырау, 2011

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Есеп саясатының теориялық негізі . . . 5

1. 1 Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар . . . 5

1. 2 Есеп саясатының мазмұны және негізгі аспектілері . . . 8

1. 3 Есеп саясатын аудиттеуді нормативтік әдістемелік реттеу . . . 14

2 Есеп саясатын ұйымдастыру тәртібі . . . 17

2. 1 «Атырауинжстрой» кәсіпорынының шаруашылық қызметінің сипаттамасы . . . 17

2. 2 «Атырауинжстрой» кәсіпорынының есеп саясаты . . . 20

2. 3 Кәсіпорынның есептік саясатының аудиті . . . 28

3 Есеп саясатын жетілдіру бағыттары . . . 32

3. 1 Есеп саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар . . . 32

Қорытынды . . . 33

Пайдаланылған ақпарат көздері . . . 35

Кіріспе

Елімізде нарықтық қатынастар салтанат құрғандықтан, дамыған елдердің тәжірибесіне көз жүгірту керек. Әсіресе, қаражат саласына назар аударғанымыз жөн. Осы жерде маңызды орынды есеп саясаты алады.

Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге (Қазақстан Республикасының аймағында тіркелген резиденттік емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.

Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат - бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі. Есеп саясатын негіздеу және таңдау кезінде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады және оны сақтаған жағдайда кәсіпорын үшін де, жалпы республика бойынша да шаруашылық жағдайына бейімделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Аудиторлық тексеруге кіріскенде ең алдымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары өз принциптері мен негіздеріне сәйкес қаржылық есептемелерді ашу және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қабылданған тәсілдер жиынтығын білдіретін есептік саясат бойынша кәсіпорын басшысының бұйрығы шыққанын немесе шықпағанын анықтап алу керек.

Есептік саясатты қалыптастырудың негізіне шаруашылық операцияларды, активтерді, меншік капиталды, міндеттемелерді, қызмет нәтижелерін және тағы басқа бейнелеуде баламалы тәсілдерге мүмкіндік беретін бухгалтерлік есеп стандарттары жатады. Есептік саясатты қалыптастыру әрбір стандартта берілетін тәсілдердің біреуін таңдауды, оны (таңдалғанын) шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің жағдайына қарай негіздеуді, бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептемелерді ұсынудың негіздері ретінде қабылдауды білдіреді (немесе ұйғарады) .

Курстық жұмыстың мақсаты - ҚР есеп саясаты туралы мәліметтерді айқындап, негізгі мәселелерді зерттеу және оны жетілдірудегі халықаралық тәжірибесін көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері - есеп саясаты туралы туралы түсінікті және оған қойылған талаптарды оқып-үйреніп, есеп саясатының негізгі аспектілерін анықтап, жалпы кәсіпорынның есеп саясатын зерттеу. Есеп саясатын аудиттеуді зерттеу негізінде кәсіпорынның аудитін жүргізуде кәсіпорынның есеп саясатына байланысты кемшіліктерін анықтап, оны түзетуге мүмкіндік беру.

1 Есеп саясатының теориялық негізі

1. 1 Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

- Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті

талаптарына сәйкес жүргізілуі;

- Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;

- Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;

- Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;

- Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;

- Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі

(реті) ;

- Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;

- Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;

- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.

Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді.

- меншік нысанымен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа) ;

- салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа) ;

- қызметінің көлемі (жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа) ;

- салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа) ;

- қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспективалық) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері) ;

- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша) ;

- материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар) ;

- кәсіпорындағы бухгалтерлік мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі.

Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет [4] .

Көрсетілген талаптардың әрқайсының мазмұнын қарастырайық.

Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.

Уақыттық. Кәсіпорының шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеппен беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.

Қарама-қайшылықсыздығы . Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.

  • Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
  • Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасы есептеу

және оларды есептеп шығару жолдары.

  • Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару)

әдістері.

  • Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни

калькуляциялау жүйесі.

  • Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату

әдісі.

  • Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.
  • Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары.
  • Материалдық қорларды бағалау әдістері.
  • Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
  • Курстық айырманы есептеу.

Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі. Өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдің ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялау келесі негізгі әдістерін қолдана алады:

  • Нормативтік әдіс (нормативный),
  • өндірістік өңдеу сатысы (попередельный),
  • тапсырыстық әдіс (позаказный),

Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі. Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:

  • өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей

(прямые) шығындар;

  • тікелей шығындардың жалпы сомасы;
  • материалдық шығындардың сомасы;
  • сметалық мөлшерлеме;
  • өткізілген (шығарылған) өнім көлемі.

Аяқталмаған өндірістің бағалануы. Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс құн бойынша бағаланады:

  • нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша;
  • тікелей шығындар бойынша;
  • жұмсалынған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша [12] .

Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша есептеледі.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» ҚР-ның заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны мен бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммерциялық құпия болып табылады.

1. 2 Есеп саясатының мазмұны және негізгі аспектілері

Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытша дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.

Бұйрықтың құрамында есеп саясатын есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет [7] .

Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:

− Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;

− бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;

− жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және т. б.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік

бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын талдауына құқығы жоқ.

Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерінің есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.

Ұйымдардың түсініктеме жазуларына (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты

Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге (Қазақстан Республикасының аймағында тіркелген резиденттік емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.

Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат - бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген.

Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн:

- кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы (кәсіпорын өз балансында тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық құндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады) ;

- толассыз қызметі (есеп саясатының мәселесі бойынша қандай да бір қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек) ;

- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де) ;

- шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек) .

Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы - кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қалыптастыру.

Ол есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек: әдістемелік, техникалық, ұйымдық жақтарын.

Әдістемелік аспектісі деп кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын есептеу, амортизацияны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады; техникалық деп осы әдістердің синтетикалық шоттарында көрсету сызбасы, есеп регистрлерінде осы әдістің қалай жүзеге асқандығын айтады; ұйымдық деп осы әдістердің бухгалтерлік қызмет тұрғысынан жүзеге асқандығын, оның кәсіпорынды басқару құрылымындағы алатын орнын айтады.

Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп Стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады [11] .

Кәсіпорын бухгалтерлік есептің келесідей ережелерін өз бетінше шешуіне болады:

- келіп түскен негізгі құралдар объектісін бағалау - бухгалтерлік есептің №6-шы "Негізгі құралдардың есебінің" стандарттарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, пайдалануға берілген және кәсіпорынның сатып алуға төлеген нақты шығындар негізінде, негізгі құралдар объектісінің бастапқы құны анықталады; құрылтайшылардың берген объектілері - олардың өзара келісімі бойынша; тегін берілген объектілер - эксперттік жолмен немесе алыс-беріс актілерінің мәліметі бойынша; ал кәсіпорынның өзі дайындаған объектілерін - нақты өзіндік құны бойынша; айырбас нәтижесінде алынған объектілер - ағымдағы бағалары бойынша анықталады;

- негізгі құралдың амортизациясы - бухгалтерлік есептің №6-шы "Негізгі құралдардың есебінің" стандарттарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, амортизацияны есептеудің келесідей тәсілдерінің бірін немесе бірнешеуін пайдалануына болады: құнын есептен шығарудың бірқалыпты (түзу сызықты) әдісі; құнын есептен шығару үшін орындалған жұмыстардың пропорционалды түрде есептелінетін әдісі (өндірістік әдіс) ; құнын есептен шығарудың сандық сомасы бойынша есептелінетін әдісі (куммулятивтік әдіс) ; қалдық құнын азайтатын әдісі. Екі және одан да көп әдісті пайдаланған кезде, амортизацияны есептейтін тәсілін және негізгі құралдың қандай түрі бойынша пайдаланатындығын көрсету керек. Негізгі құралдың бір түрі бойынша амортизацияны есептеудің бір ғана әдісі пайдаланады; негізгі құралдың бір түрі бойынша амортизациялаудың әртүрлі әдісін пайдалануға болмайды; пайдалы қызмет ету мерзімі-кезеңі, негізгі құралды пайдаланудан алынатын экономикалық олжаны жобалау кезеңі; жою құны - есептен шығарылуымен байланысты шығындары, негізгі құралды жою барысында алынған запас бөлшектердің, қайтып пайдалануға жарайтын құндылықтардың құнын алып тастағаннан шығады;

- негізгі құралдарды жөндеу - жөндеу жұмысын жүргізудің кезеңдігі мен жөндеу жұмысының мерзімі; негізгі құралды жөндеуге арналған резерв қорларын жасауы; жөндеуді жүргізудің тәсілі туралы мәселені кәсіпорынның өзі шешеді;

- материалдық емес активтердің амортизациясы - әрбір материалдық емес активтердің әрбір түрінің пайдалануына қарап пайдалы мерзімі және амортизацияны есептеу әдісін әрбір кәсіпорын өз бетінше анықтай алады;

- болашақ кезеңнің шығыстары - кезеңдері нақты анықталмаған жағдайда, кезең барысында ол өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына жатқызылуы мүмкін, немесе басқа да көздерінің есебінен (тау-кен дайындық жұмыстарына кеткен шығындарына, жаңа өнім түрін игеруге кеткен шығыстарына, жерді игеруге кеткен шығындарына) есептен шығарылуы мүмкін, бірақ аталған жағдайлардың барлығы да, яғни олардың кезеңін және есептеп шығару тәртібін кәсіпорынның өзі анықтайды;

- алдағы шығыстар мен төлем резервтері - кәсіпорын қандай резервтерді және қандай көлемде құруды және олардың пайдалану тәртібін анықтап өзі шешеді (кезекті демалысқа ақы төлеу резервтері, көп жылғы сіңірген еңбегі үшін марапаттау шығыстары, маусымдық салаларда дайындық жұмыстарын жүргізуге кеткен өндірістік шығындары және басқалары) ;

- күмәнді қарыздар бойынша резервтері - кәсіпорын түгендеу мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың қандайы күмәнді болып табылмайтындығын, резервтерді құрудың әдісін және резервтеуге жататын шығындарын өзі таңдай алады;

- қаржылық инвестиция - кәсіпорын ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны есепке алудың жолдарын өзі қарастырады: қайта бағаланатын құнын ескере отырып, сатып алу құны бойынша немесе ағымдағы мен сатып алу құндарынан алынған ең кіші бағасы бойынша; ұзақ мерзімді инвестицияның қайта бағаланған сомасын қалай көрсетудің мәселесін шешеді: демек ол табыс ретінде де, немесе таратылмаған табыс ретінде болуы мүмкін.

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктерінің инвестициясын есептеудің әдісін кәсіпорынның өзі тандайды: үлестік қатынасу әдісін немесе құндық әдісін.

- табысты тану - №5 "Табыс" деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес (БЕС) табыстар келесідей жағдайларды сақтаған кезде танылады: табыс сомасы барынша дәлелденген деңгейі бойынша бағаланады; экономикалық олжа жасалған мәмілемен байланысты, сондықтан оны алу ықтималдығы бар болса ғана, оны субъекті алады. Жалпы қағидасымен қатар, кейбір операциялары бойынша, табысты танудың қосымша жағдайлары қарастырылуы мүмкін;

- тауарды сату бойынша - субъектінің сатып алушыға меншік құқығын беру; мәміле бойынша күтілетін немесе нақты шығыстар, барынша дәлденген деңгейде бағалануы мүмкін;

- көрсеткен қызметі бойынша - есептік күнге жасалған мәміленің біту сатысын барынша дәлденген деңгейде аныкталады; мәмілені жүргізу кезіндегі жасалған және мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары барынша дәлденген деңгейде анықталады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындарда меншікті капитал есебін жүргізу
Біріккен кәсіпорын
Өндіріс циклы
Ұзақ мерзімді аудиторлық тексеру бағдарламасы
Экологиялық аудит туралы
Қаржылық есептеме
Уақытша еңбекке жарамсыздығына төлем
Жарғылық капитал есебі
Міндетті экологиялық аудитті жүргізу
Өндірістегі өнімнің өзіндік құнының калькуляциясының ішкі аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz