Ауыл шаруашылығы өнімі әлемдік саудасының либерализациясы және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі



1 Әлемдік экономиканың жаһандану аспектілері
2 Азық.түлік қауіпсіздігін өлшеудің төрт түрі
Әлемдік экономиканың жаһандану аспектілерінің бірі ауылшаруашылығы өнімі саудасының халықаралық стратегиясының қалыптасуы. Дамыған мемлекеттердің көпшілігінде ауылшаруашылығы саласы белгілі бір мемлекеттік шаралар жүйесімен қорғалған. Атап айтқанда, тарифтік жүйе, тарифтік емес шектеулер, импортқа сандық шектеулер, таңдамалы лицензиялау, ерікті экспорттық шектеулер т.б.
Ұлттық ауылшаруашылығы өнімдерін өндеушілерді дотациялар, қаржыландыру жеңілдіктері және басқа да формалар арқылы мемлекеттік субсидиямен протекционистік жүйе толтырылады.
Экономикалық дамыған мемлекеттердің ауылшаруашылығы саласына жұмсайтын қаржысы жылына 140 млр. долларды құрайды екен. Өйткені халықаралық сауда-экономикалық өнімнің маңызды қозғаушы күштерінің бірі және ауылшаруашылы өнімі саудасына кедергілердің жылдам өсіп, төмендеуі өте маңызды.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ауыл шаруашылығы өнімі әлемдік саудасының либерализациясы және азық-түлік
қауіпсіздігі мәселесі.

Әлемдік экономиканың жаһандану аспектілерінің бірі ауылшаруашылығы
өнімі саудасының халықаралық стратегиясының қалыптасуы. Дамыған
мемлекеттердің көпшілігінде ауылшаруашылығы саласы белгілі бір мемлекеттік
шаралар жүйесімен қорғалған. Атап айтқанда, тарифтік жүйе, тарифтік емес
шектеулер, импортқа сандық шектеулер, таңдамалы лицензиялау, ерікті
экспорттық шектеулер т.б.
Ұлттық ауылшаруашылығы өнімдерін өндеушілерді дотациялар,
қаржыландыру жеңілдіктері және басқа да формалар арқылы мемлекеттік
субсидиямен протекционистік жүйе толтырылады.
Экономикалық дамыған мемлекеттердің ауылшаруашылығы саласына
жұмсайтын қаржысы жылына 140 млр. долларды құрайды екен. Өйткені
халықаралық сауда-экономикалық өнімнің маңызды қозғаушы күштерінің бірі
және ауылшаруашылы өнімі саудасына кедергілердің жылдам өсіп, төмендеуі өте
маңызды.
ГАТТ және БСҰ шеңберіндегі негізгі сұрақ.
Сауда және тариф жөніндегі бас ассоциация (ГАТТ) шеңберінде өткізілетін,
көпжақты сауда келіссөздерінің күн тәртібіне ауылшаруашылығы өнімі саудасын
ырықтандыру мәселесін қоюға көптеген талпыныстар жасалынды.
1947 жылы Женевада өткен көпжақты сауда келіссөздерінің бірінші раундынан
бастап, ГАТТ-қа қатысушы мемлекеттер осы сұрақты кеңінен толқыға салды.
Бірақ, көп жылдар бойы бұл мәселе оңтайлы шешімін тапқан жоқ. Тек 26 жылдан
кейін, 1973-1979 жылдардағы өткен Токио раундында ауылшаруашылығы өнімі
саудасы күн тәртібіндегі мәселер қатарына енді. Токио раундының нәтижесінде
кейбір ауылшаруашылығы өнімдерінің түрлеріне импорттық квоталар көбейді.
Уругвай раундының өтуі маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. ГАТТ
ұйымының мүшелері ауылшаруашылығы саласын көпжақты реттеу тәртібіне қөсты.
Нәтижесінде ауыл шаруашылығына сауда шектеулері мен субсидиялар жойылды.
БСҰ-ы мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын
либерализацияларға қатысты міндеттері кестеде көрсетілген.
Дамыған емлекеттерДамулы мемлекеттер
(орындау кезеңі (орындау кезеңі
1995-2000 жж.) 1995-2004 жж.)
Тарифтер
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық 36 24
түрі бойынша орташа қысқартулар
Өнімге минималды қысқартулар 15 15
Ішкі қолдау
Ауылшаруашылығы өнімдерін
өндірушілерді қолдаудың жалпы
қысқартылуы (базалық кезең 1986-1988 20 13,3
жж.)
Экспорттық субсидиялар 36 24
Субсидия құны
Субсидия көлемі (базалық кезең 21 14
1986-1990 жж.)

Қол жеткізген келісімдерді маңызды деп есептеуге болады, өйткені бұл
сұрақ көп жылдар бойы құралмай келген еді. Бірақ, бұл келісімдерді жүзеге
асыру барысында маңызды сұрақ туындайды: ауыл шаруашылығы өнімі
саудасының әлемдік либерализациясы көптеген мемлекеттердің азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне қалай әсер етеді?
Азық-түлік қауіпсіздігін өлшеудің төрт түрі.

Ауыл шаруашылығы және азық-түлік бойынша 1996 жылы өткен БҰҰ-ң
саммитінде берілген анықтамасына сәйкес, “егер адамдар өздерінің
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, кез келген уақытта таза және пайдалы
азық-түлікке физикалық және экономикалық қол жеткізе алатын болса, онда
азық-түліктін қауіпсіздік қамтамасыз етілген” деген.
Осыған сәйкес, азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын
қалыптастыруға болады. Біріншіден, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
үшін мемлекеттің сұранысын толығымен қанағаттандыратын, тұрақты және
жеткілікті көлемдегі азық-түлік өндірісі кепілдендірілуі тиіс. Екіншіден,
азық-түлікке физикалық және экономикалық қол жетімділік шарттары
кепілдендірілген кезде ғана азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізуге
болады. Үшіншіден, азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу мақсатында ауыл
шаруашылы өндірісінің өнімдері әлемдік нарықтарға тұрақты және жеткілікті
көлемде шығарылуы тиіс. Төртіншіден, азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды
элементтерінің бірі – халықтың денсаулығына зиян келтірмейтін сапалы,
пайдалы азық-түлікпен қамтамасыз ету.
Жоғарыдағы тұжырымдамадан көріп отырғанымыздай, азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жеткілікті көлемде, жоғары сапалы өнім
өндіру ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін тең және үздіксіз
көлемде әлемдік нарықтарға шығарып отыру тиіс. Басқа сөзбен айтқанда,
қажетті өндіріс көлемін, азық-түлікті жеткізуді және тәуекелді есепке
алатын, кепілдендірілген жүйелер мен механизмдер болған кезде ғана, азық-
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.
Азық-түлік қауіпсіздігі мәселерін шешуде барлық мемлекеттердің тығыз
байланыста болуы өте маңызды.
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің негізгі критерийлері –
қаржылық мүмкіндіктер мен физикалық (жеке) қол жетімділік. Осыған
байланысты мемлекеттерде табыс деңгейі мен ресурстар потенциалына сәйкес,
күрделілігі әртүрлі мәселелер туындайды. Азық-түлікке физикалық қол
жетімсіздік күтпеген жағдайлардың әсерінен (соғыс, экспорттық эмбарго және
шектеулер), ал экономикалық қол жетімсіздік кедейшіліктің әсерінен пайда
болады. Физикалық қол жетімсіздік экономикасы дамыған және дамушы
мемлекеттерге де тән, ал экономикалық фактордың әсерінен болатын қол
жетімсіздік дамушы және өтпелі экономикадағы мемлекеттер үшін қауіпті.
Жалпы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі кез-келген
мемлекетте туындауы мүмкін.
Әлемдік сауданың либерализациясы және азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде халықаралық сауданың маңызы өте
зор. Халықаралық сауда-мемлекеттердің экономикалық өсуіне септігін
тигізеді, жеткізудің кең ассортиментін қамтамасыз етеді, әлемдік
ресурстарды неғурлым тиімді пайдалануға шарттар қалыптастырады,
экономикалық көзқарас бойынша дәл соған сәйкес келетін өндіріс салаларының
кеңеюіне әсер етеді.
Ауыл шаруашылығына тәуелді мемлекеттер үшін, әлемдік экономика мен
сауданың тиімді дамуы, экономикалық өсім мен табыстың жоғарылауына оң әсер
етеді. Бұл кезде экспорттаушы мемлекеттер сұраныстың өсуінен пайда табады,
ал импорттаушы мемлекеттер ешқандай кедергісіз импорттық келісім-шарттарды
төлеу мүмкіндіктеріне ие болады.
Мемлекет ішіндегі қол жетімді азық-түліктің түрлері мен көлемін
көбейту, табыс деңгейін көтермелеу арқылы әлемдік сауда әрбір мемлекеттің
азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады.
Дегенмен, халықаралық сауда да баға тұрақсыздығы, азық-түлікті
жеткізудегі белгісіздік, жеткізудің тұрақтылығына экспортшылардың әсері
секілді бірқатар тәуекелдіктер кездесуі мүмкін. Енді осылардың әрқайсысына
жеке тоқталайық.
Азық-түлік тауарларының импортына тәуелді мемлекеттер үшін, еркін
сауда-жеткізудің тұрақтылығын кепілдендірмейді. Ауыл шаруашылығы өнімнің
әлемдік сауда либерализациясы ұсыныс пен сұраныс шарттарын өзгертуі мүмкін.
Нарық реттеушілері бағаның жылдам өзгеруін төмендетіп, соңында оны
тұрақтандырады. Бірақ ауыл шаруашылығы өнімі ауа-райына жағдайына тәуелді
болуына байланысты, әлемдік бағаның төмендемеуін толық кепілдендірмейді,
сәйкесінше, азық-түлікті жеткізудің тұрақтылығында толық
кепілдендірілмейді. Және де ауыл шаруашылығы өнімдері саудасының айрықша
ерекшеліктерінің бірі-әлемдік нарықта жетекші экспорттаушы мемлекеттердің
санының шектелуі, бұл ауыл шаруашылығы үшін ауа-райының қолайсыз
жылдарында, баға мен жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге әсер етпейді.
Осы факторды есепке ала отырып, қысқа мерзімді кезеңде, азық-түлік бағасы
мен оны жеткізудің әлемдік тұрақсыздығын жою мүмкін емес. Осылайша, сауда
либерализациясы азық-түлік қауіпсіздігіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы
Дүниежүзілік сауданың қарқынды дамуы
Ғаламдану әлемдік экономиканың интернационалдануының ең жоғарғы кезеңі ретінде
Халықаралық сауда туралы ақпарат
Әлемдік сауда: жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы
Ауыл шаруашылығындағы қарқынды дамыту жұмыстары
“Өндірістің ауыл шаруашылығымен байланысын жақсарту механизмдері”
Қазақстандық ірі кәсіпорындардың интеграциялану үрдісі мен бәсекеге қабілеттілігі
Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Пәндер