Бастауыш мектепте оқу үдерісінде интеграциялап оқытуды жүзеге асыру
Кіріспе
І.бөлім Бастауыш мектепте оқу үдерісінде интеграциялап оқытуды жүзеге асырудың теориялық мәселелері.
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын пәнаралық байланыс тұрғыдан ұйымдастырудың педогогикалық . психологиялық мәселелері
1.2 Пәнаралық байланыс, интеграция туралы ұғымдар, олардың мәні және білім мазмұны
ІІ.бөлім.
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне педогогикалық дербес пәндерді интеграциялап оқытудың әдістемесі.
2.1 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне педогогикалық пәндерді интеграциялап оқытудың маңызы
2.2 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне жаңа оқыту технологияларын меңгертудің әдістемесі. (математиканы интеграциялап оқыту тәжірибесі)
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған "Қазақстан — 2030" бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениетті дамытуға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі. Интеграциялап оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылған ділгір мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ.
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық, психологиялық, әдістемелік жағынан зерттеуге бұрынғыдан да зор маңыз беріліп отыр. Бұл мәселені көптеген ғалымдар: М.А.Данилов, В.В.Давыдов, И.Д. Зверев, Р.Г. Лемберг, В.Н. Максимова, В.Н. Малахов, С.А. Рубинштейн, В.Н.Федерова, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин және тағы басқалар шұғылданып келеді. Олар пәнаралық байланыстың философиялық, психологиялық, педагогикалық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қарастырған.
Қазақстандық педагогикада оқу-тәрбие үрдісіндегі пәнаралық байланыс проблемасын А.А.Бейсенбаева, Р.К.Аббасова, А.Р.Бектеньярова, Ы.Оразахынова, С.Мажиденова, Г.Шолпанкулова, А.А.Әбдиева, А.Қазмағанбетов және т.б. қарастырған. Олардың ғылыми еңбектерінің аса құнды екендігі мәлім.

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030». Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан. 22.05.1992 ж
2. Қазақстан Республикасының конститутциясы. Алматы. 2005 ж
3. Н.Назарбаевтың 2006 ж Халыққа жолдауынан үзінді.
4. Бастауыш мектеп білім стандарты 2003 ж.
5. Білім туралы Қазақстан Республикасының заңы. 1999, 7 маусым
6.Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасының президенті Қазақстан Егеменді мемлекет ретінде қалыптасуымен дамуының стратегиясы". "Егеменді Қазақстан" газеті. 22.05.1992 ж.
7. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. Алматы 1994 ж. 40 б.
8.Бейсенбаева А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру" Алматы 1995 ж. — 116 б
9. Ж.Дәулетбекова "Оқушылардың оқу мотивтері — сапалы білім негізі" Алматы 2002 ж.
10.Т. Бегалиев "Педагогика оқу құралы". Қысқаша лекциялар курсы. Оқу құралы. Тараз ТарМУ, 2001, 253 б.
11."Бастауыш мектеп" №10, №7, №42 2005
12."Қазақстан мектебі" №1, 2005 ж. 31 бет.
13.Республикалық ғылыми әдістемелік және педагогикалық журналдар.7.
14.Р.М.Қоянбаев, Қ.Т.Ыбыраймжанов "Педагогикалық сөздік"
Түркістан 2006 ж.
15.Р.М.Қоянбаев, Қ.Т.Ыбыраймжанов "Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы" Түркістан 2005 ж.
16.Әл-Фараби "Философиялық трактаттар" Алматы 1973 ж. 448 б.
17.М.Жұмабаев "Педагогика" Алматы 1992, 112 б.
18.Т.Тәжібаев "Жалпы психология" Алматы 1993 ж. 240 б.
19.Ә.Алдамұратов "Қызықты психология" Алматы 1992 ж. 109 б.
20.Қ.Жарықбаев "Ұстаздық еткен жалықпас" Алматы 1987 ж. 86 б.

Бастауыш мектепте оқу үдерісінде интеграциялап оқытуды жүзеге асырудың
теориялық мәселелері.
Кіріспе
І-бөлім Бастауыш мектепте оқу үдерісінде интеграциялап оқытуды жүзеге
асырудың теориялық мәселелері.
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын пәнаралық байланыс тұрғыдан
ұйымдастырудың педогогикалық – психологиялық мәселелері
1.2 Пәнаралық байланыс, интеграция туралы ұғымдар, олардың мәні және білім
мазмұны
ІІ-бөлім.
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне педогогикалық дербес пәндерді
интеграциялап оқытудың әдістемесі.
2.1 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне педогогикалық пәндерді
интеграциялап оқытудың маңызы
2.2 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне жаңа оқыту технологияларын
меңгертудің әдістемесі. (математиканы интеграциялап оқыту тәжірибесі)
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған
"Қазақстан — 2030" бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы,
адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениетті дамытуға, интеграцияға
ерекше мән бергені белгілі. Интеграциялап оқытуды жүзеге асыру, оның
ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне
тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылған ділгір
мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ.
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық,
психологиялық, әдістемелік жағынан зерттеуге бұрынғыдан да зор маңыз
беріліп отыр. Бұл мәселені көптеген ғалымдар: М.А.Данилов, В.В.Давыдов,
И.Д. Зверев, Р.Г. Лемберг, В.Н. Максимова, В.Н. Малахов, С.А. Рубинштейн,
В.Н.Федерова, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин және тағы басқалар шұғылданып
келеді. Олар пәнаралық байланыстың философиялық, психологиялық,
педагогикалық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қарастырған.
Қазақстандық педагогикада оқу-тәрбие үрдісіндегі пәнаралық байланыс
проблемасын А.А.Бейсенбаева, Р.К.Аббасова, А.Р.Бектеньярова, Ы.Оразахынова,
С.Мажиденова, Г.Шолпанкулова, А.А.Әбдиева, А.Қазмағанбетов және т.б.
қарастырған. Олардың ғылыми еңбектерінің аса құнды екендігі мәлім.
Болашақ кәсіби мамандарға білім беру мен тәрбиелеу саласында тарихи
кезеңнің ерекшеліктеріне, кәзіргі қоғамды демократияландыру міндеттеріне
байланысты анықталған мақсаттар бар. Кәзіргі кезең шығармашылық ойлау
қабілеті бар, ұлттық сана – сезімі дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға
тәрбиелеу негізгі стратегиялық бағыт болып табылады.
Педогогикалық ғалымдар жүйесінің негізгі мақсаты жан-жақты тәрбие беру
болашақ жастарды дамытудың жаңа әдістерін іздестіру.
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындық мәселелері
педагогика ғылымында жан-жақты қарастырылып келеді. Атап айтқанда В.А.
Сластенин, Г.К.Ахметова, В.П.Беспалько, С.Т.Каргин, А.С.Узакбаева,
К.Ж.Кожахметова, А.А. Мелдежанова, А.Н.Нысанбаев, А.Ш.Ыстыбаева т.б. Бұл
авторлардың еңбектері жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің кәсіби
даярлығын жетілдіру мәселесіне арналған.
Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми
деңгейін арттыру тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән
дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне, қойылып отыр. Осы орайда
мектептің оқу - тәрбие процесінің пәнаралық байланыс негізінде
ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаған тоғысуы адамның
интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар
көзіңнің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы
ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Ал, мектеп тәжірибесінде пәнаралықты байланысты жүзеге асыруда
мұғалімдер біршама қиындықтарға кездесіп отырғаны белгілі. Атап айтқанда,
оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды,
заңдылықтарды бір - бірімен өзара байланыста қарастыру, оқушылардың
танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс - әрекеттерін дамыту, алған
білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету т.б. мәселелер
дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.Сондықтан диплом жұмысының
тақырыбын Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне педагогикалық дербес
пәндерді интеграциялап оқыту арқылы кәсіби мамандығын жетілдіру деп алдық.
мақсаты: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне педагогикалық дербес
пәндерді интеграциялап оқыту арқылы олардың кәсіби мамандығын жетілдіру
мәселесін қарастыру.
міндеттері: 1) Пәнаралық байланыс қазіргі педагогика ғылымының басты
мәселесі екендігін айқындау, педагогтардың, ғылыми зерттеушілердің
еңбектері арқылы интеграциялап оқыту бүгінгі білім мазмұнына тірек
болатынын ашып көрсету.
2) Бастауыш мектепте оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың
танымдық қызығушылығын арттыру.
3) Ана тілі сабағына пәнаралық байланыстың теориялық негіздерін
зерттеу.
4) Математиканы оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыруда бала
дамуының маңызын дәлелдеу.
5) Ұстаздық іс - тәжірибеде пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін
ұйымдастыру.
§ 1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын пәнаралық байланыс
тұрғыдан ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық мәселелері.
Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның
ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық
әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылып
отыр.
Осы орайда мектептің оқу-тәрбие процесінің пәнаралық байланыс
негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның

көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе кендігі туралы

Ал, мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруда

заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың
танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін
жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету тағы басқа мәселелер
дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.
Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің
даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара
байланысы, өндіріспен қоғамдық дамудың жаңару процесіне тікелей ықпал
жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту процесіне пәнаралық
байланыс ерекше көкейкесті орын алып отыр және жалпы педагогикалық маңызға
ие болуда.
Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының
өзіндік даму тарихы бар.
ХҮІ ғасырдан бастап батыстың ұлы педагогтері: Я.А.Коменский (1592-
1670), Д.Локк (1632-1704), И.Ф.Гербарт (1776-1841), Ж.Ж.Руссо (1712-1778),
И.Г.Песталоцци (1746-1827) өздері өмір сүрген замандардан бері педагогика
ғылымының күрделі мәселесі ретінде пәнаралық байланысқа баса назар
аударған.
Прогресшіл педагогтар білім беру ісіндегі схоластикаға қарсы күресе
отырып, шәкірттерге табиғат құбылыстарының өзара байланысы жөнінде
көзқарастарын қалыптастырудың маңызды екендігін атап айтты. Мысалы,
Я.А.Коменский: "Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс
күйінде оқытылуы керек"- деп жазды.
Сондай-ақ бертін келе XIX ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамдық-
педагогикалық қозғалыстың кең өріс алуына прогресшіл педагогтер А.И.Герцен
(1812-1870), Л.Н.Толстой (1828-1910), К.Д.Ушинский (1824-1870),
Н.Г.Чернышевский (1828-1889) т.б. ғылыми еңбектерімен үлес қосты. Мәселен,
педагог-классик К.Д.Ушинский өзінің ғылыми еңбектерінде "Балалар әлемі",
"Ана тілі", "Педагогикалық антропология", "Адам — тәрбиенің жемісі" т.б.
пәнаралық байланыстың дидактикалық тұрғыдан маңызды екендігін дәлелдеп
берді.
Ол мәселенің психологиялық негіздерін ашып, әртүрлі байланыстардың
жеті түрін айқындады: қарама-қарсылығы, ұқсастығы, уақыт және оны реті
жағынан еске салу, пайымдаушылық байланыс, жүрек сезімі бойынша байланыс,
өркендеу немесе ұғыну байланысы.
К.Д.Ушинский қандай да ғылым болмасын беретін білімдер мен идеялар
әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып, жарқы, мүмкіндігіне қарай кең
құлашты көзқарас дарытуы керек деп есептеді.
Ол сонымен қатар бізді қоршаған нақты өмір жөнінде айқын, толық және
біртұтас ұғымдар беріп, қалыптастыруға көмектесетін пәнаралық байланыстың,
көзқарастың үлкен рөлін атап көрсетті.
Халқымыздың ардақты ұлдары өз елін прогресс жолымен алға қарай
бастаған Шоқан (1835-1865), Абай (1845-І904) Ыбырай (1841-1889) сол дәуірде
қазақ даласына мәдениеттің, білімнің қажеттігін дәріптеген.
Қазақтың ұлы ағартушысы, әрі ойлы педагогі артына өшпес, өлшеусіз мұра
қалдырған, халқының адал перзенті Ыбырай Алтынсарин "Қазақ хрестоматиясы"
және "Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық" деген екі оқулығын
жазды. Бұл еңбектерінде білім мазмұнын дидактикалық қағидаларға сай
негіздеді. Оқулықтар балалардың ойлауын, сөз қорын, өзіндік таным қабілетін
дамытуға ықпал жасайтын табиғат құбылыстары; айнала қоршаған тіршілік -
тұрмыс көріністері туралы әңгімелер; суреттемелер, аңыз-ертегілер, еңбек
әрекеттерін тағы басқа материалдар алынған.
Ол материалдардың ерекшелігі пәнаралық негізде болуы. Мәселен, "Қыпшақ
Сейтқұл", "Білімнің пайдасы", "Қобыланды батыр мен Тайбурыл". Көптеген
мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды мазмұнына қарай тақырыптарға бөліп ("Адам,
әйел, білім, еңбек, оқу, табиғат, жан-жануар" т.б.) ана тілі мен орыс тілін
қатар алып балалардың дүниетанымының жан-жақты дамуына мән берген.
Қазақтың дара туған данасы Құдайберді ұлы Шәкәрімнің (1858-1931)
қандай бір өлеңін, дастаны мен қара сөзін, әңгімесін, мысалы мен мақал-
мәтелдерін парақтап ашсақ, өзінің өмір бойғы жүрек жарды ойы, арманы, үміті
мен ниеті, көңіл қалауы, халқының білімді, саналы, арлы адам болуын
армандағанын көреміз.
Біз Шәкәрім шығармаларынан адам өміріне араласар, адам тағдырын,
білімін, оның мәнісіне үңіліп, оның жыр-сырын білуге, сезіп тануға арналған
толғаныстарын білеміз. Осылай біртіндеп пәнаралық байланыс идеясы өзекті
мәселе ретінде педагогикалық ой-пікірдің дамуында шешуші орын алып отырды.
Пәнаралық байланыс бүгінгі күнде де оқыту жүйесінің басты проблемасына
айналуда.
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі бұрынғы одақ
көлеміндегі ғалым зерттеушілердің еңбектерінде орын алып келді.
Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор
Р.Г.Лемберг пәнаралық байланыстың әдіснамалық және педагогикалық негізіне
арналған баяндама жасады, Сонымен бірге осы пәнаралық мәселесімен
шұғылданып жүрген педагогика кафедрасының ғалымы А.А.Бейсенбаева "Мектептің
оку-тәрбие процесі жұмысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру тәжірибесі
туралы" көлемді баяндамасында пәнаралық байланыстың дидактикалық
ерекшелігіне тоқтады.
Алматыда 1990 жылы 24-25 сәуір аралығында екінші рет "Пәнаралық
байланыс" негізінде оқушыларға идеялық-адамгершілік тәрбие беру" тақырыбына
арналған бүкілодақтық ғылыми-әдістемелік конференция көрнекті психолог,
педагог ғалымдар Т.С.Садықов, И.Д.Зверев, А.В.Мудрик, В.В.Краевский,
Л.И.Рувинский, Г.А.Уманов т.б. қатысуымен өткізілді.
Осыған орай интеграция, интеграциялық оқыту мәселесі сан қырынан
зерттелуде. Оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс мәселесін және
білім берудегі интеграцияны әртүрлі негізде жасауға Н.В.Малахов,
И.А.Лошкарева, И.Д.Зверев, В.Н.Максимова, Т.Ғ.Рамзаева Н.Н.Светловская,
М.Р.Львов, Н.Я.Велинкин, Л.И.Бурова т.б. зор үлес қосты. Бұл педагог-
ғалымдардың еңбектерінде интеграция туралы мәселе жан-жақты қарастырылды.
Қазақстандық педагогикада жалпы білім беретін мектептегі оқу-
тәрбие үрдісіндегі интеграция мәселесінің педагогикалық негізін
Б.Т.Нәбиева, А.Р.Бектениярова, А.Ерімбетова, Р.К.Аббасова, А.А.Әбдиева
т.б. сипаттаса, жаңа үлгідегі мектептердің ғылым мен тәжірибе
интеграциясының педагогикалық негізін Г.К.Меңдіғалиева,
аспиранттардың оқу және зерттеушілік қызметі интеграциясы мәселесін
Т.Н.Бидайбекова, бастауыш білім мазмұнын интеграциялау мәселесін
К.Жүнісова, Ә.Мұханбетжанова және т.б. қарастырған. Олардың ғылыми
еңбектерінің аса құнды екендігі мәлім.
Бүгінгі қоғамның тереңдеп келе жатқан процесі мектептегі ғылымдар
негізінен білім беруді, ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысы мен
интеграциясының жаңа дәрежеге көтерілуі негізінде құруды талап етіп отыр.
Осыған орай, пәнаралық байланыстың философиялық, психологиялық, жалпы
ғылымдық және арнайы дидактикалық негіздері анықталуы тиіс.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізінде дүниедегі барлық заттың,
құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған
дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.
Объективті дүние белгілі заңдылықпен ұйымдасқан жүйе болғандықтан, оны
танып білуде де ғылымдар арасындағы байланыстар қажет.
Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-
бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті
өзара байланыстылықты танып білу.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға негіз болатын өткен жылдардағы
мектептегі қоғамтану пәні еді. Онда оқушылар табиғаттың, адам ойының даму
заңдылығын диалектикалық және тарихи материализм негізінде қабылдап
теориялық танымдық біліммен қаруланатын еді.
Пәнаралық байланысты анықтау психологиялық, физиологиялық
зандылықтарға негізделген. Жүйелілік адам миының арнайы қызметі.
И.П.Павлов мидың аналитикалық-синтетикалық қызметін зерттеп, оның
үздіксіз дамуда, өзгерісте болатынын анықтайды. Мида сыртқы дүниеден
қабылданатын көптеген тітіркендіргіштер реттеліп жүйеге келетінін
түсіндіреді.
Сондықтан олар жүйке процестерінің күрделі динамикалық жүйесі
болғандықтан, ол мидың анализ, синтез қызметімен орындалады. Бұл әр пәннің
өз ішіндегі және пәндер бірлестігіндегі білімдер жүйесі сәйкес келеді.
Қорыта келгенде, пәнаралық байланыстың физиологиялық, психологиялық
негізінің нәтижесі білімдер жүйесінің мида орналасуы адамның үнемі алға
ұмтылушылығына жағдай туғызады да оның шығармашылық іс-әркетіне дайын бола
алатындығын дәлелдейді.
Ал мұның өзі дүниенің шындығын жан-жақты тұтас қабылдауға, ғылыми
түсініктердің қалыптасуына және табиғат пен қоғамның, өмірдің диалектикалық
заңдылықтарын танып білуге кедергі жасайды. Сондықтан психологтар өздерінің
зерттеулері арқылы оқу пәндерінің арасындағы өзара байланыстың мәнін
психикалық психикалық процестердің зандылықтарымен дәлелдейді. Ол
заңдылықтардың бірі — пәнаралық және ғылымдар жүйесінің арасындағы
ассоциациялық (психикалық жүйкелік процестер арасындағы) байланыстары.
Ғылыми әдебиеттерде пәнаралық байланыстың дидактикалық негізіне оқу
пәндері алынған. Ғылымдардың гуманитарлық, табиғаттану және техникалық
болып тәстүрлі топтастырылуы, олардың зерттейтін объектілерінің
ортақтылығына, пәндік қатынастардың бірлігіне негізделген. Олардың қоғам,
табиғат, еңбек салалары бойынша біріктіріледі де, әр пән өз ішінде білім,
іскерліктерге арналған материалды және оқушылардың жалпы таным объектілерін
бір жүйеге келтіреді.
Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішіндегі оқу
жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріліп келеді. Осыған орай,
ғалым зерттеушілердің, шығармашылық еңбек етуші мұғалімдердің ізденістері
интеграцияланған, жүйеленген, қорытындаланған жаңа курстардың оқу-тәрбие
процесінде қажет екендігін дәлелдеп отыр.
Пәнаралық байланыстың дидактикалық негізіне жоғарыда аталған оқу
пәндерімен қоса, оқу-тану іс-әрекетінің жүйесі жатады. Оқу-тану іс-
әрекетін, іс-әрекеттер деп қарастырғанда "іс-әрекет" және "амал"
түсініктерінің дидактикалық қатынасы есте ұстаған жөн.
Оқу процесінің барысында оқушылар танымдық, практикалық, мақсатты-
бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде
оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
Пәнаралық іскерлік оқушының бір пәннен меңгерге білім іскерлік
дағдыларын, екінші жақын пәндерді меңгеруді пайдалана білу қабілетінен
көрінеді. Мәселен, тіл-әдебиет пәнінен меңгерген кітапты пайдалану
іскерліктері, жағырафия, тарих, математика т.б. пәндерді оқып үйренуде
қолданылады. Сол сияқты оқушының бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері,
екінші пәнді терең, жан-жақты меңгеруге ықпал жасайды.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті — ол оқыту
процесінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы
байланысты құру болып есептеледі.
Сонымен пәнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады:
1. Оқу пәндер арасындағы өзара байланыстың болуы - ғылымдар негізін
меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты.
2. Диалектикалық көзқарастың қалыптасуы білім мазмұнының барлық
құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.
3. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық
салаларын комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды.
4. Пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінде тиімді
ұйымдастырылуына көмектеседі.
5. Педагогикалық ұжымның барлық іс-әрекеттерінің бір-бірімен келісімді және
демократиялық негізде жүріп отыруына әсер етеді.
Бастауыш сатыда жекелеген пәндер, ең алдымен, оқушыда мәдениеттің базистік
қырларын қалыптастыруға, яғни оның жекебас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет
ететіндіктен, білім мазмұнының интегративті біртұтастығын қамтамасыз етудің
маңызы зор. Бір класста барлық пәнді бір мұғалім оқытуының да мәні осында.
Бұл тұтастық үш түрлі ұстаным негізінде жүзеге асырылады.
1.Қосарлана ену заңын ұстанымы — білімнің базистік салалары жалпы білім
мазмұнына екі түрлі жолмен: 1) жеке курс (пән) және, 2) басқа пәндер
мазмұнының бөлінбес бір бөлігі түрінде енгізіледі. Мысалы, ана тілі әрі өз
алдына жеке пән, әрі оның оқушы тілін дамыту, сөздік қорын байыту, т.б.
сияқты мәселелері барлық пәндерде де ұдайы қолданылып, жетіліп отырады.
2.Зерттеу объектісінің немесе әдісінің ортақтығы, Түпкі мақсат - түрлі
мақсат бірлігің ұстанымы.
Мысалы, қазақтың киіз үйі дүниетану пәнінде халықтың көшпенді өміріне
тән тұрмыс- тіршілігінің бір басты сипаты ретінде қарастырылса, бейнелеу
өнерінде — архитектуралық ғимарат, еңбек пәнінде — киіз үйдің ши тоқу, киіз
басу, әртүрлі баулары сияқты бөліктерін дайындау біліктерін меңгертудің
объектілері ретінде қарастырылады; олардың өлшемдерін, мөлшерін, пішінін
белгілеуге математика қатысады. Ал, оқу әрекетін қалыптастыру тәсілдері
барлық пәнде жүргізіледі.
3.Бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек
ету,яғни кәдімгі пәнаралық байланыс ұстанымы.
Мысалы, дүниетануда жыл мезгілдері туралы алған ғылыми түсініктерді
бейнелеу өнерінде күз бояуларың, Жапырақ мозаикасың, т.б. сияқты
тақырыптарда пайдалану, еңбек пәніндегі ауылшаруашылығы еңбегімен
байланыстыру.
Бастауыш сатыда білім берудің жоғарыда көрсетілген түбегейлі мақсат,
міндеттерін жүзеге асыруда әр оқу пәнінің өз орны мен рөлі бар. Тіл мен
математика реалды ақиқаттың ең маңызды саласы және адамның алуан түрлі
коммуникативтік жағдайларға еркін араласып қатысу, сауатты бағдарлай алу
қабілетін дамытып, жүзеге асыратын табиғи (ана тілі) және жасанды
(математика) тілдер туралы оқушының қажетті білім алуына, ауыз - екі
сөйлеуін дамыту, ойын жазбаша сауатты жеткізу біліктерін қалыптастыруға,
дүниені көркем сөз немесе математикалық өрнектер арқылы бейнелеп қабылдауға
кеңінен жол ашатын, танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктері мол
жетекші пәндер ретінде қарастырылады. Бұл пәндердің бағдарламалық мазмұны
оқушының лингвистика дүниесін, тіл құбылысын, оның зандылықтарын біршама
бағдарлауына мүмкіндік беретін, әдеби сауаттандырып, оның шығармашылығына
жол ашатын, арифметиканың амалдар заңының негіздерін түсінуді қамтамасыз
ететін, математикалық тіл элементтерін меңгертетін, окушының абстрактылы
ойлау элементтерін дамытуға көмектесетін ұғымдар жүйесін қамтиды. Мұның өзі
білім мазмұнының пропедевтикалық рөлін күшейтіп, орта сыныптарда
окушылардың ғылым негіздерін нәтижелі зерделеуге дайындық деңгейін
арттырады.
Білім-оқушының табиғи және әлеуметтік жаңа ортаға икемделуін, әр алуан
әрекет түрлерін меңгеруін, айналадағы дүниемен жекебас тұлғалық қарым -
қатынасын, этикалық, адамгершілік нормаларды бойына дарытуың және белгілі
бір қажетті деңгейдегі эрудициясының болуын қамтамасыз ететін құрылымдық
жағынан өзара тығыз байланысты мынандай компоненттерден тұрады:
1) дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі туралы білім;
2) дүниені логикалық- танымдық және ғылыми тұрғыда зерделеп білудің әдіс-
тәсілдері туралы білім (біліктер);
3) оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері туралы білім.
Білім мазмұнының біртұтастығы интегративтік және пәнаралық байланыс
ұстанымдары арқылы қамтамасыз етіледі.
Жалпы алғанда, пәнаралық байланыстың қай түрін, қалай жүзеге асырудың
жолдары алуан түрлі және оны таңдау, көп жағдайда, мұғалімнің
шығармашылық шеберлігіне, ізденісіне де байланысты. Ең басты нәрсе — білім
мазмұнын, құрылымын, оны оқытудың дидактикалық-психологиялық негіздерін
мұғалімнің терең білуі шарт. Сонымен қатар бұл, интеграциялаудың шарттары
тұрғысынан білім мазмұнына генетикалық талдау жасай білуді талап етеді.
Ана тілі — бастауыш мектептегі негізгі де маңызды пән, имандылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым - қатынас жасау мен дүние танудың
құралы, баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы.
Ана тілінің байлығы мен осы тілде жасалған әдебиет арқылы окушының
рухани деңгейі артады.
Бастауыш сыныпта оқушылар әр алуан мәтін түрлерімен (әңгімелеу,
сипаттау, талқылау) танысады, оларды дұрыс құрастырып айтуға және әдеби,
ғылыми танымдық мәтіндердің ерекшеліктерін байқауға үйренеді.
Сабақта оқушылардың сөйлеу қызметін ұйымдастыру барысында оларды
өздіктерінен сөйлеуге итермелейтіндей өз беттерімен мәтін құрастыратындай
жағдай туғызу маңызды. Осы мақсатта ұсынылған мәтінді сөзбе - сөз
қайталауды және өз жанынан сөз қосып айтуды талап ететін сюжетті - рөлді
ойындарды пайдалану қажет. Бұл үшін мұғалім ұсынылатын оқиға орнын
(орманда, дүкенде, ауылда), сөйлеушілерді (досы, інісі, ағасы, апасы,
т.б.), сөйлеу мақсатын (біреу туралы әңгімелеу, қандай да бір затты
сипаттау, өз ойын дәлеледеу, т.б.) түрлендіріп, өзгертіп отырады.
Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуге оқушылар сюжетті
суреттер, оқулықтағы безендірулер, өздіктерінен оқығандары мен
естігендерінің мазмұны, диафильмдер мен кинодан көргендері, өздерінің
байқағандары бойынша әңгіме құрап айту арқылы үйретіледі. Әңгімелеп айту
барысында сөйлемдердің логикалық және грамматикалық байланысын бұзбай және
мәтіннің құрылысын (басы, негізгі бөлімі, соңы) сақтау дағдысын
қалыптастыруға баса назар аударылады. Мәтінмен жұмыс кезінде мұғалім, бір
жағынан, оқушылардың қатесін түзетуге бағытталған жұмыс
жүргізсе, екінші жағынан, баяндаудың мазмұны мен түрін
жетілдіру жұмысын ұйымдастырады.
Бастауыш сыныпта тіл пәнін оқыту барысында пәнаралық байланысты үнемі
ескеріп отыру дұрыс. Пәнаралық байланыс білім, білік және дағдының тұтас
жүйесінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды, әрі оқушылардың әр түрлі
пәндерден алған білімін орынды қолдана білуіне көмектеседі. Тіл пәнінің
басқа пәндермен байланысы туралы айтқанда, ең алдымен, тақырыптық
байланыстарға назар аударған жөн. Тақырыптық байланыстың негізіне пәндер,
құбылыстар, фактілер туралы оқытудың міндеттері мен шарттарына байланысты
әр түрлі жағдайларда қарастырылатын жалпы түсініктер мен ұғымдар алынады.
Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің бір - бірімен интеграциялану
дәрежесі оларда берілетін білім мазмұнына орай әр түрлі болып келеді.
Мысалы, сауат ашу мен тіл дамыту, айналамен таныстыру пәндері о бастан - ақ
бір- бірімен пәнаралық байланыста жүргізіледі. Сондай- ақ оқу, бейнелеу
өнері, музыка және ән пәндерінің ортақ міндеті — оқушының жеке тұлғасын
қалыптастыру, оларды қоршаған ортаның әсемдігін өнер түрлері арқылы түсіне
білуге тәрбиелеу. Бұл пәндердің мазмұны баяндау, сипаттау, пайымдау тәрізді
байланыстырып сөйлеу дағдыларына үйретуге, әртүрлі жанрдағы мәтіндердің
формасы мен мазмұны арасындағы өзара байланысты түсінуге, тілдік, сөйлеу
және екпіндік (интонация) бейнелеу құралдары арасындағы үйлесімнің мәнін
ұғынуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, тіл пәнін өзге пәндермен тығыз
байланыста өткізуге мүмкіндік мол. Тек ол үшін мұғалім әр пән бойынша өзара
байланыстыра өткізуге қолайлы тақырыптарды алдын - ала іріктеп, анықтап
алуы қажет.
Сөйлеу әрекеті тіл пәнін басқа оқу пәндерімен байланыстыруда табиғи
үлкен қызмет атқарады. Тілдің қатысуымен пәнаралық байланыс оқыту
мазмұнында, әрекет тәсілдерінде жүзеге асады. Оқу пәндерінің әрбір
сабағында оқушылардың лексикалық сөздік қорлары көбейіп, тілдің
грамматикалық құрылымы жетіледі, ойдың толық, түсінікті баяндалуы
қадағаланады. Тек ол үшін мұғалім ыңғайлы сәтін тауып, пәнаралық байланысты
жүзеге асыруға, оқушылардың сөйлеу мәдениетін жоғары сатыға көтеруге
ұмтылуы тиіс.
Оқу бағдарламаларында жеке пәндердің оқу материалы басқа кейбір
пәндердің тақырыптарымен өте тығыз байланысты болып келеді. Бұл жағдайда
сабақтың өн бойында пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
Мәселен, оқу сабағындағы Күз такырыбына берілген материалдарды Дүниетану
пәніндегі Күз тақырыбымен өзара байланыста өткізуге болады. Бұл тақырыпты
тіл және бейнелеу өнері, еңбекке баулу сабақтарымен де сабақтастыруға
мүмкіндік мол. Серуен кезінде көргеніңді әңгімелеп немесе Өзің салған
сурет туралы әңгімелеп бер т.б. тапсырмалар беруге болады.
Негізінен алғанда, тіл және оқу пәндерін өзге пәндермен сабақтастыра
өткізуге мүмкіндік өте мол.
1.2. Пәнаралық байланыс, интеграция туралы ұғымдар, олардың мәні және
білім мазмұны.
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі
болып отырған жағдайда оны жан-жақты қарастыру барысында біздер көрнекті
философ, психолог, педагог еңбектеріне талқылау жасадық. Мұнда философ
В.М.Кедров адамның дүниетанымын қалыптастыруға әр түрлі пәндердің өзара
әсерінің мәнін көз жеткізе баяндаған. В.М.Кедров өзінің еңбектерінде
ғылымда пәнаралық байланыс мәселесіне жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды
талап етеді. Пәнаралық байланыс проблемасы бүгінгі күнге дейін бір ғылымға
бір пән, керісінше бір пәнге бір ғылым ғана бір-бірімен өзара байланысты
болып шектеліп тәжірибеде қолданып келгенін көрсетіп, ал қазіргі кезде бір
пәнді бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан-жақты қарастыра бастағанын
дәлелдейді. Сонымен ғылымның зерттеуінде бір ғылым тек "өзіне" тиісті
пәнмен ғана емес, қайта көптеген басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі
айқындалған.
Біз пәнаралық байланыс негізінде білім-тәрбие беру проблемасын
зерттегенде осы тірек бола алатын жаңа әдіснамалықты басшылыққа алдық.
Пәнаралық байланыстың педагогикалық тағы бір аса маңызды міндеті
ғылымдардың бір-бірінен бөлектенбей ғылыми білімнің бір жүйеге топтасуын,
басқаша айтқанда интеграциялану дәрежесін жоғары дәрежеге көтеру.
Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде
жаңа мәнімен енгізіле бастады және оны білімдердің, танымдардың,
сенімдердің, адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп түсінуіміз керек.
Пәнаралық байланыс ұғымы "табиғат — коғам — адам ойы" жүйесінде білім
негізін, пәнішілік қатынастарды және ғылымдардың интеграциялануын реттеуші
қызметін жүзеге асырады.
Біз анықтағандай пәнаралық байланыс білім және тәрбие міндеттерін
шешуде ерекше рөл атқарады. Мектептегі білімдер жүйесі өздерінің мазмұны
жағынан комплексті. Олардың мәні және меңгерілуі пәнаралық, деңгейде жүзеге
асуы тиіс. Мәселеге тек осылай келгенде ғана шәкірттерде ақиқат дүние
біртұтас жүйе екен деген түсінік қалыптасады. Бұл жүйеде барлық элементтері
біріне-бірі ықпал жасайтындығын, процестер өздерінен-өздері туындап
жататындығын мұғалім білуі керек.
Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие процесінде мынадай жағдайлардан көруге
болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс жүзінде қолдануға,
ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуге мүмкіндік
береді; қазіргі кезде оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін
өркендетуге жағдай жасайды.
Көптеген педагогтар мен психологтар пікірлеріне қарағанда, оқушылардың
түрлі пәндердегі білімдер мен біліктерді, бейімділіктердің жеке элементтері
арасындағы байланыстарды байқап және қабылдауы олардың білімдерін жүйеге
түсіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат
береді.
Белгілі психолог Ю.А.Самарин өзінің "Ақыл-ой психологиясының
очерктері" деген еңбегінде былай деп жазады: - Диалектикалық тұрғыдан ойлай
білу дегеніміз - әр құбылыс басқалармен байланысы көп, түрлі фактілердің
өзара ықпалы, қайшылықтары мен дамуы барынша күрделі екендігін көре білу
деген сөз. Дүниені тануға келгенде диалектикалық әдіс — адам баласы ақыл-
ойының жоғары деңгейі.
Ол бұған қоса, диалектикалық тұрғыдан ойлау, кұбылысты оның барлық
байланыстары мен жанама түрлерін көре білу бірден күтпеген жерде пайда
болмайды. Ол қасиет бірте-бірте барған сайын күрделене беретін білімдер
жиынтығын меңгеру барысында қалыптасады деп дәлелдейді.
Ю.А.Самариннің позициясы бойынша пәнаралық байланысқа диалектикалық
заңдылық деп қарау керек. Пәнаралық байланыс әр шәкірттің санасын
өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ойлайтын адам
табиғаттағы жеке құбылыстардың өзара байланысын түсінетіндей бейімділік
дарытумен қатар олардың неғүрлым кең жүйедегі басқа құбылыстармен өзара
байланысын байқауы керек.
Кейбір ғалым-зерттеушілер пәнаралық байланысты дидактикалық шарттар,
оқыту мазмұнының арнайы құрылымы десе, келесі бір ғалымдар оны дидактикалық
қағидалар деп есептейді. Біздер бұл анықтамалардың қай-қайсысы болса да,
толық әрі дәл емес деген көзқарастамыз.
Пәнаралық байланыс — ол білімнің мазмұнына ғана қатысты емес, оның
ықпалы оқыту процесінің барлық құрамды бөліктерімен байланысты.
Пәнаралық байланысты дидактикалық қағида деп қараудың қажеттілігі жоқ,
себебі оның оның педагогикалық мақсаттылығы оқытудың жүйелілік қағидасынан
туындайды, ол білімнің тұтастай жүйесінің оның негізгі бөліктерінің, атап
айтқанда табиғат, қоғам және адам туралы нақтылы айқын түсініктердің өзара
байланысын білдіреді.
Дегенмен түрлі зерттеушілердің И.Д.Зверев, В.Н.Максимова,
Г.И.Белньский, П.Г.Кулагин, Н.Ф.Лашкарева т.б. пәнаралық байланыстың мәніне
көзқарастары бірдей емес. Мәселен, Г.И.Беленьский пәнаралық байланыс жалпы
пәндердің мазмұнын құрылымдық бөліктерінің мақсат бірлігін көрсетеді десе,
Н.А.Сорокин пәнаралық байланыстар идеясын дидактикалық қағидаларды жүзеге
асырудың қажетті шарты деп есептейді.
В.Н.Максимова ұсынған классификация бойынша мынадай топтар бар
екендігін көрсетеміз: мазмұн-хабарлық, операциялық-қажеттік, ұйымдық-
әдістемелік. Бірінші топтық байланыстар — ағарту жұмысы міндеттерін
тәуірірек шешуге, екіншісіндегілері — оқушылардың практикалық жұмысын
ұйымдастыруға, үшінші топтағылары - ұйымдастыру жағынан айқындықты,
тиімділікті қамтамасыз етуте бағыт-бағдар ұстауға көмектеседі.
П.Г.Кулагин пәнаралық байланысқа мұғалім мен оқушылар жасайтын жүйесі
деген анықтама береді де бағдарламалардың материалдарын неғүрлым тиянақты
меңгеріп алу мақсатында, білімдерді игеру процесінде ұқсас пәндердің
мазмұны пайдаланады да қамтылады дейді.
Г.Ф.Федорецтің зерттеу еңбектерінде біз сөз етіп отырған проблемаға
мынадай түсінік береді:
- пәнаралық байланыс дегеніміз шындық өмірдің объектілері, құбылыстары және
процестері арасындағы синтездеуге, интеграциялауға ұшырайтын қарым-
қатынасты бейнелейтін педагогикалық категория. Ал олар оқу-тәрбие
процесінің мазмұнын, формалары мен тәсілдерінен көрінеді және
тәрбиелеу қызметін атқарады.
Н.А.Лошкарева "Пәнаралық байланыс" деп аталатын ұғымға
берілетін мәні жағынан түрлі-түрлі анықтамалар негізгі екі нәрсеге саюға
болады: пәнаралық байланыс дегеніміз оқу-тәрбие процесінде объективті
шындық өмірді баяндаудың диалектикалық формасы мен педагогикалық талап
принципі.
Зерттеушілердің пәнаралық байланыс жөніндегі көзқарастары жоғарыда
баяндалған пікірлермен бітпейді. Педагогикалық әдебиеттерде пәнаралық
байланыс жөнінде оның жаңа қызметінің қырларын көрсететін анықтамаларға
басқа тұрғыдан келушілер байқалады. Мысалы, В.И.Янцен пәнаралық байланысты
білім берудің құрамды бір бөлігі деп қарайды да, бұл бөлік оқу қызметінде
түрліше көрінеді дейді. И.Ф.Борисенко пәнаралық, ғылымаралық ұғымдардың
дидактикалық баламасы деп түсіндіреді.
Сонымен, жоғарыда біз келтірген пайымдаулардан әр зерттеушілердің өз
зерттеу мәселелеріне сөз болып отырған категорияның мәніне анықтама
беретіндігін байқадық. Олардың біреулері пәнаралық байланысты принциппен,
шартпен, тәсілмен, фактормен, ал басқа біреулері -қызметпен, мазмұнмен,
құралмен бірдей санайды.
Ал М.Д.Зверев пен В.Н.Максимова пәнаралық байланыс мәселесін ғылыми-
теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеп пәнаралық байланыстың әдіснамалық
негізін айқындайды. Олар пәнаралық байланыс әдіснамалық қағидалардың бірі,
ақыл-ой қызметінің ерекше түрі деп түсіндіреді. [34].
Сонымен пәнаралық байланыс өзінің мәні жағынан көпмағыналы
педагогикалық табиғаты бар проблема. Қазіргі педагогика ғылымының жан-жақты
қарастыратын, зерттейтін мәселесінің бірі. Демек, пәнаралық байланыс білім
беру мазмұнын, әдістер жүйесін және ұйымдастыру жүмыстарының түрлерін
сапалық жағынан қайта құруға жетелейді. Нәтижесінде оқытудың дамытушылық,
білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейеді.
Бұдан біз пәнаралық байланыс идеясы білім мазмұнын айқындаудың
негізіне алынуы керек деп есептейміз.
Білім мазмұнын анықтауда ғылымдардың саралануы (дифференциялануы) және
кіріктірілу (интеграциялануы) қағидалары негізге алынады.
Ғылымдардың ішкі табиғи байланыстарын ашу табиғат, қоғам, адам ойының
даму зандылықтарының метологиялық негізін білу қазіргі мектептің білім
мазмұнының бағытын жасауға тірек болады.
Әрбір ғылым негізіндегі жеке пәндер адам ақыл-ойы дамуының оның
танымдық жемісі болғандықтан жалпыадамзаттық құндылықтар білім мазмұнына
алынуы керек.
Қазіргі білім мазмұнындағы негізгі бағыт жалпы білімнің гуманитарлық
және демократиялық бағытымен қатар ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтардың бірлікте болуы көзделінеді. Білім мазмұнының жаңа құрылымы
Республиканың мәдени, рухани потенциялының жаңа сапалық деңгейіне
көтерілуінің бірден-бір басты шарты болып табылады. Осыған байланысты білім
мазмұнында қазіргі заман ғылымының серпінді бағыты жалпы білім беретін
мектептердің жаңаруына, жеке тұлғаның шығармашылық ойлауы мен еңбек ету
дағдысының қалыптасу процесінде көрініс табады.
Осы заманғы жалпы білім беретін мектептердің білім мазмұнын
анықтағанда объективтік және субъективтік факторларды ескере отырып,
төменгі қағидаларды қарастырамыз:
• оқыту процесінде пәнаралық және пәнішілік байланыстарды жүзеге асыру
негізінде қазіргі заман ғылымының ғылымаралық байланыстарын ұғындыру
қағидасы;
• туған халқының, ұлтының мәдени-тарихи байлығын меңгеруді, жалпы адамзат
мәдениетіне қатысты білімдерді ұштастыруға мүмкіндік беретін сабақтастық
қағидасы;
• мемлекеттік тілді, сонымен ана тілі мен басқа да ұлтаралық, халықаралық
қатынас құралдары тілдерін оқып үйренудің маңыздылық қағидасы;
• білім мазмұнын дербес жүйе ретінде қарастыра отырып, жеке тұлғаның жан-
жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету қағидасы;
• білім мазмұнының дүниежүзілік жалпы және рухани мәдени деңгейінде болуы,
қазіргі заманғы ғылыми білімдердің даму тенденцияларын қамту қағидасы;
• қоғамдық өмірде қандай да бір болмасын ғылым саласында негізгі білімдер
мазмұны екі рет қайталанады: бірінші рет дербес курс ретінде, ал
екіншіде басқа пәндерге жылжымалы компоненттер арқылы, демек білімнің
"қосарлана жүру" қағидасы.
Қазіргі кезде окушыларды даралап және саралап оқытуды негізге ала
отырып, білім мазмұнын қайта қарауды оны әртүрлі білім деңгейіне бөлу
жүзеге асырылып келеді.
Оқушыларды жалпы адамзаттың қол жеткен игіліктері мен ұлттық
мәдениетінің, ғылымның, тілдің, өнердің бірлігі негізінде тәрбиелеу
негізінде бірінші политехникалық бағытын көрсету, еңбек қызметін дамыту мен
оқытудың өзара байланысын жүзеге асыру қағидасын пайдалану қажет.
Оқушыларды нарықтық экономика жағдайында өнімді еңбекке дайындау көзделіп
отыр.
Дүниежүзілік тәжірибеде көрсеткендей ғылыми дүниетанымды берік
меңгеру, әлемдік құбылысты, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz