Бастауыш сынып оқушыларына үлес ұғымын меңгертудің жолдары



1 Бастауыш сынып оқушыларына математикалық ұғымдар
2 Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу мен оқу, жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс»- деп қазіргі білім саласына артылатын салмақты көрсетіп берді [1].
Яғни, мемлекетте жүргізіп отырған білім саясатына келсек, кез келген оқушы қоғам өміріне еркін араласуы үшін міндетті түрде игеріп шығуға тиісті белгілі білім қорымен қарулануы қажет.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде математиканың қолданылмайтын жері жоқ деп айтуға болады. Сол себепті, қазіргі кезде « ... адамзат өмірі үшін «білімді математикаландыру кезеңі» деп аталатын жаңа кезең басталды [2].
Білімнің негізі бастауышта. Сондықтан да қандай пән болмасын, пәнге деген қызығушылықтан оқушының оны білсем, үйренсем деген құлшыныстары пайда болады.
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Сонымен бірге ол негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады.
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына Жолдауы.-/Түркістан, №7-8(9076) 4 ақпан, 2012.
2. Гнеденко Б.В. Введение в специальность математика. –М.: Наука. /Гл.ред.физ-мат.лит. -1991.
3. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения –М.: Педагогика, 1986.
4. Әбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. –Алматы: Білім, 1994.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сынып оқушыларына үлес ұғымын меңгертудің жолдары

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Білім беру жүйесін жаңғырту
барысында, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды
енгізу мен оқу, жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды
әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс- деп
қазіргі білім саласына артылатын салмақты көрсетіп берді [1].
Яғни, мемлекетте жүргізіп отырған білім саясатына келсек, кез келген
оқушы қоғам өміріне еркін араласуы үшін міндетті түрде игеріп шығуға тиісті
белгілі білім қорымен қарулануы қажет.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде математиканың қолданылмайтын жері
жоқ деп айтуға болады. Сол себепті, қазіргі кезде ... адамзат өмірі үшін
білімді математикаландыру кезеңі деп аталатын жаңа кезең басталды [2].
Білімнің негізі бастауышта. Сондықтан да қандай пән болмасын, пәнге
деген қызығушылықтан оқушының оны білсем, үйренсем деген құлшыныстары пайда
болады.
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір
жағынан, өзге пәндерді оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші
жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет
тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Сонымен бірге ол негізгі мектеп
математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады.
Егер оқушының математикаға деген құлшынысы, талабы жоғары болса,
онда оқушының басқа пәндерді игеруде қиындық туғызбайды.
Бастауыш сыныптарда оқыту барысында әрбiр жаңа ұғымды енгiзгенде оның
маңызы мен мазмұнын ашып-көрсетуге мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр iс-әрекет
есеп шығару арқылы жүзеге асырылып отырады.
Кез келген ұғымды жүйесіз, байланыссыз оқытса оның табиғатына
көрсетілген мағыналы қарсылық, оны оқушылардың меңгеруіне, ой
қабілеттерінің артуына зиянын тигізетін құбылыс. Оқушы санасына еш
байланыссыз дараланған ұғым өз мәнінде толық дамуы мүмкін емес. Сондықтан
ұғымды қолдана білу біліктілігі психологияда ұғымды меңгерудің басты
көрсеткіштерінің бірі болып саналады.
Ұғымды меңгеру заттар мен құбылыстардың, оларға тән белгілерін білу
ғана емес, олармен жұмыс істей білу, тәжірибеде қолдана білу, -деп жазды
В.В.Давыдов [3]. Ұғымды қолдана білгенде ғана оның қыры мен сыры толығынан
ашылады, жан-жақты дамиды. Психологтардың дәлелдеуінше, оқушылардың ой-
өрісінің дамуы оқыту үдерісінде ұсынылатын ұғымдарды толық қабылдағанда, ой
елегінен өткізіп дұрыс қорытқанда және де әртүрлі жағдайларда орынды
қолдана білгенде ғана жүзеге асады,- делінген [4].
Бастауыш сынып оқушыларына математикалық білімнің мазмұнында
қарастырылатын үлес ұғымын меңгертудің жолдарына тоқталайық.
Бұл тақырып 4-сыныптың соңында өтіледі. Өйткені оқушы 5-сыныпқа
барғанда бөлшек, оларға амалдар қолданумен тақырып жалғасады. Сонда
оқушыларда үлесті өткенде үлес ұғымы, бөлшек сан, олардың жазылуы туралы
түсінік қалыптастыру.
Ал ұғымды меңгертудің басты бірден-бір құралы ол жан-жақты
ойластырылған, арнайы дайындалған есептер жүйесі арқылы ойдағыдай жүзеге
асырылады.
Бүтіннің бірнеше тең бөліктерінің әрқайсысын үлес деп атайды. Оқушыға
үлес ұғымын түсіндірерде өмірде көрген, білетін жылында бір болатын өзінің
жеке мейрамы туылған күнін тойлауда үстелге қойылатын тортты мысалға алуға
болады. Торт ол бір бүтін. Егер тортты тең 8 бөлікке бөлінсе, онда оның 8
бөлігінің әрқайсысы –сегізден бір үлес екендігін түсіндіру. Әсіресе,
оқушыға көрнекі-бейнелік оқыту жүйесінде үлес ұғымын меңгертуде
көрнекілікті жиі пайдаланып, ұғымның мазмұнын ашудың маңызы зор. Үлестің
атауы бүтін бөлік немесе зат тең неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді. Егер
тең екі бөлікке бөлсек, екінші үлесті, ал үшке бөлсек, үшінші үлесті, т.с.с
аламыз. Үштен бір бөлікті былай жазады (үштен бір).
Бүтіннің бір немесе бірнеше тең бөліктерін бөлшек деп атайды.
Бөлшек горизонталь сызықпен бөлінген екі натурал сан арқылы жазылады.
Сызықтың үстіндегі сан бөлінген бүтіннің алынған бөлігін, ал сызықтың
астындағы сан бүтіннің неше тең бөлікке бөлінгенін көрсетеді.
Мысалы,
1) Қыс мезгілі 6 айға созылды. Сонда қыс мезгілі жылдың қандай
бөлігін құрайды? Сонда бір жылда 12 ай бар, егер 6 ай қыс болса, онда
жылдың жартысын қыс мезгілі алып отыр. Жартысы санмен былай жазылады:
(екіден бір).
2) 1 минут сағаттың қандай бөлігін құрайды? 1 сағаттың әрқайсысында
1 минуттан 60 тең бөлік бар. 1 сағ = 60 мин, сондықтан 1 мин =сағ.
3) бір дециметрде 10 сантиметр бар, яғни, оны әрқайсысы 1 см-ден тең
10 бөлікке бөлуге болады. дм=10 cм, 1 см=дм.
Оқушыларға ұғымды меңгертуде мұғалім үш буынды ұтымды пайдалана
білуі қажет. Ол үшін қолданылатын көрнекіліктің пайдалы және зиянды
жақтарын саралау, сөзбен жеткізудің жүйелелігін анықтау, ұғымды дамыту
және дұрыс қолдану үшін әртүрлі мазмұнды жаттығулар дайындау әрбір
мұғалімнің басты міндеті.

Ұғымды меңгеру үшін оның анықтамасын жатқа білу жеткіліксіз,
анықтамадағы әрбір сөзді дұрыс ұғыну қажет, оқытылатын ұғымның қасиеттерін
анық білу керек. Оған есептер шығару мен жаттығулар орындау арқылы жетуге
болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына Жолдауы.-Түркістан, №7-
8(9076) 4 ақпан, 2012.
2. Гнеденко Б.В. Введение в специальность математика. –М.: Наука.
Гл.ред.физ-мат.лит. -1991.
3. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения –М.: Педагогика, 1986.
4. Әбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру.
–Алматы: Білім, 1994.

дм

Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі - әдістеме саласындағы
ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Оларды өзінің күнделікті
сабағында тиімді пайдалана білсе, мұғалімнің шығармашылық жұмысы ілгерілеп
дамып отырады.
Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты – оның пәнге деген
қызығушылығын ояту және арттыру. Пәнге деген қызығушылық болса ғана, бала
оған көңіл қойып, тыңдап, зейін қойып үйрене бастайды. Сонда ғана оның
білім үйренуге деген белсенділігі артады.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызудың жолдарының көзі қазақ
халқының тәрбиелік және танымдық мәні бар, баға жетпес асыл қазынасы,
тарихи – мәдени мұраларында жатыр. Соның бірі – Қазақтың ұлттық шежіресі.
Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, біліп
оны ескерсе, дүниедегі алыс-жақын мен жақсы-жаманды білгені мен көргені көп
болған адам білімді болады - дейді Абай
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір
жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.)
оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді
оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы
болып табылады. Сонымен бірге ол негізгі мектеп математикасының табиғи бір
бөлігі болып табылады.
Бастауыш сыныптарда оқыту барысында әрбiр жаңа ұғымды енгiзгенде оның
маңызы мен мазмұнын ашып-көрсетуге мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр iс-әрекет
(практикалық жұмыс, есеп шығару) жүзеге асырылып отырады. Сыныптағы
балалардың бірі зерек те ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытуда берілетін тапсырмалар түрлері
Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологияларды меңгертудің педагогикалық шарттары
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда көрнекілік әдісінің алатын орны
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету
Модульді - интерактивтік технология арқылы оқыту мәселесінің зерттелуіне шолу
Білім беру үрдісінде субъектінің қатысымдық құзыреттілігін дамыту
Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту
Пәндер