Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ



Кіріспе . . .. . . . . . . . . 3.8

І БӨЛІМ
Б.Момышұлының шығармалары арқылы оқушы.жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің ғылыми.педагогикалық негіздері ... ... ... ... 9
1.1 Б.Момышұлының қоғамдық.тарихи, мәдени.рухани жағдаяттардың әлеуметтік.педагогикалық көзқарасына ықпалы
1.2 Педагогика ғылымында патриоттық тәрбиенің зерттелуіне сипаттама ... ... ..24.51
1.3 Б.Момышұлының шығармашылық еңбектері негізінде оқушы.жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері мен идеялары ... ... ... ... ... ... ... ... 51.79

Тұжырым ... ... ... ... ... .80

ІІ БӨЛІМ
Б.Момышұлының шығармалары негізінде оқушы.жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің әдістемелері

2.1. Б.Момышұлының шығармашылық еңбектеріндегі оқушы.жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мазмұны мен бағдарламасы ... ... ... .81.98
2.2 Б.Момышұлы өнегесі арқылы оқушы.жастарға тәрбие берудің әдістемелері ... ... ... ..98.108
2.3 Тәжірибелік.эксперимент жұмысының нәтижесін қорыту, ғылыми.әдістемелік ұсыныстар беру ... ... ... ... ...108.117

Тұжырым ... ... ... ... ..118

Қорытынды . . . . . . . 119.102

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеттері де қасіретті күресте еңбегі ерен азаматтарымыздың артына қалдырған мол мұрасымен тарихын зерттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр. “Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз” [1, 16;]. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев айтқандай, біздің алдымызда «бабаларының игі дәстүрін сақтайтын», «күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары» болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр.
Ұрпағын “тек” деп өсірген ата-бабамыздың тәрбиеге өте үлкен жауапкершілікпен қарағаны баршамызға аян. Өткен тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ, кезінде жазуды білмейтін, хат танымайтын халық небір шешен, ақын, жыршы, зергер, сәулетші, қара қылды қақ жарған билер мен қазыларды тәрбиелеп өсірді. Кез-келген халықтың тәрбие беру ісінде өзіне тән ерекшеліктері болатыны секілді, қазақ халқында да, сан ғасырлар бойы жас ұрпақты имандылық пен ізгілікке, адалдық пен әділеттілікке, қарапайымдылық пен мейірбандылыққа, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеген ғұлама ғалымдары, шешендері мен билері, батырлары мен ақын-жыраулары болғаны баршаға мәлім.
1. Назарбаев Н. Туған елім – тірегім, Құрастырған Қасымбеков М., Әлімқұлов Қ. Алматы, Рауан, 2001 -480б. -16 б.
2. Бес ғасыр жырлайды. Құрастырушылар: Мағауин М., Байділдаев М. –Алматы, Жазушы, 1989 ж. Т.2. 180-181 б./
3. Алдажұманов Қ.С., Асылбеков М.Х., Қасымбаев Ж.Қ., Қозыбаев М.Қ. Қазақстан тарихы. Т.3. Алматы, Атамұра, 2002 ж., 527-528 беттер
4. Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап. Алматы, Қазақстан, 1994. -192 б.
5. Бөкейхан А. Киргизы – формы национального движения в современных государствах. Под. ред. А.И.Костелянского 1910. 596-597 с.с.
6. Ана тілім ардақтым. Құр. Қабдолдина Х. Алматы, Өлке, 2003ж. 49-б.
7. Информбюро // Правда, -1943 – 6 ақпан. 3-б.
8. Қазақстан тарихы, Очерктер. Құрастырғандар: 342-351-беттер
9. Момышұлы Б. Ұшқан ұя –Алматы: Жазушы, 1975. -384б. 5-6 б.
10. ҚР ООМ Қор – 1432, тізім - 2, іс - 135. 2-б.
11. Ж.Аймауытов 122 б.
12. Құнанбаев А. Шығармалар жинағы, І том, -468 б. 37-қара сөз 47 б.
13. Бауыржан батыр. Құрастырған Мырзахметов М. –Алматы: Жалын, 1991. -350 б. 19-б.
14. Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы Алматы, Жазушы, 2004 -480б. -335 б.
15. Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап. Алматы, Қазақстан, 1991 ж. 247-б.
16. ҚР ОММ Қор – 1432, тізім-2. іс - 135
17. Момышұлы Б. Бәрің менің есімде, Тараз, 2007 -58б.
18. Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз. –Алматы: Жазушы, 28 б.
19. Ахметова З. //Қазақстан газеті. 2003. -31 қаңтар
20. Сарыбаев Қ. Халық сыйы. Өлеңдер мен поэмалар. –Алматы, Жалын, 1986. -128 б.
21. Мырзахметов М. Бауыржан батыр. –Алматы: Жалын, 1991. -350б. 226-227 бб
22. Тұрысбек Р. Парыз бен парасат. –Алматы: Қазақ университеті, 2003. -374 б. -179 6.
23. Қабдолов З. Сөз өнері. –Алматы: Мектеп, 1976. -374 б. 316.
24. Құнанбаев А. Қара сөздері. –Алматы: Ел, 1993. -272 б.
25. Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз, -Алматы: Жазушы, 1978. -360 б. 186.
26. Бердібаев Р. Биік парыз. –Алматы: Жазушы, 1980. -240 б. 35-36 бб.
27. Ахтанов Т. Ел қасиеті ер қасиеті // Қазақ әдебиеті, 1982. -30 сәуір
28. Мырзахметов Б. Бауыржан батыр. –Алматы: Жалын, 1991. -350 б. 228-229 бб.
29. Нұрғалиев Р. Арқау: -Алматы: Жазушы, 1991. –Т.1. -572 б. 146.
30. Хасанова Г. Бауыржан Момышулы: из страницы жизни.// Краеведение. Научно-популярный журнал павлодарского государственного университета. –№ 3. 2003 15-16.
31. Қалиұлы С. Анадан ешкім батыр болып тумайды.//Қазақстан теміржолшысы. №15. 1998. 17 – сәуір
32. Бек А. Арпалыс, ауд. Қ.Сағындықов, Мектеп, Алматы, 1985 ж.
33. Кривицкий А. Ұмытпан мәңгі. Москва, 1957 ж.
34. Әуезов М. Шығармалар жинағы, ІІ том. Алматы, 1995 ж.
35. Ғабдуллин М. Сұрапыл жылдар.
36. Мұртаза Ш. Таңдамалылар жинағы, 1 бөлім, Алматы, 2003
37. Е.Ысмайылов. Естеліктер. Алматы, Санат, 1998 ж.
38. Ш.Елеукенов. Парыз. Ана тілі баспасы, 1993 ж.
39. М.Мырзахметұлы, Аты аңызға айналған адам,
40. Б.Момышұлы (ұлы) Восхождение к отцу, Алма-ата, Жалын, 1986
41. Ахметова З. Шуақты күндер, Мектеп, 1989 ж.
42. М.Қалдыбаев. Атақ пен шатақ, Атамұра, 2005 ж
43. Мұхамедқалиев Қ. «Бауыржан Момыш-улы в истории казахского народа» (Становление и боевая деятельность батыра). Әск.ғыл.докторы атағын алу үшін қорғалған дисс. автореф.
44. Орынханова Ғ. «Тип и характер в произведениях Б.Момышулы» Фил.ғыл.канд. атағын алу үшін қорғалған канд.дисс. автореф, Алматы, 2001
45. Иманалиев Ж. Бауыржан Момышұлының шығармашылығы мен әдеби көркем бейнесі». Фил.ғыл.канд. атағын алу үшін қорғалған канд.дисс Алматы, 2006
46. Герольд Б. Еш қалыпқа сыймаған. Парасат. 2000ж. №12 15-б.
47. Білім беру тұжырымдамасы
48. Білім берудің дамыту бағдарламасы
49. Назарбаев Н.А. Наши ориентиры-консолидация общественный прогресс и социальное партнерство. //Казахстенская правда, 1993, 13 мая, 1-4 с.
50. Ежелгі дәуір әдебиеті. Құр. Қыраубаева А. –Алматы, 1991. – Т.2.]
51. Жұмабеков А.Қ. Түркі халықтарының жазба мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер (VI-VIII ғғ), пед.ғыл.канд.дисс:13.00.01, -Шымкент, 2004. -132 б.
52. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Құраст. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Алматы, Рауан, 1994 ж. 89-91 б.
53. Аристотель. Наука об управлении государством. Санкт-Петербург, 2003, -864 с.
54. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы, Ғылым, 1973 ж.
55. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті, -Алматы, Ана тілі, 1991, -264 б.
56. Махмуд Қашғари. Түбі бір түркі тілі. – Алматы, Ана тілі, 1993, -192 б.
57. Ахметбек А. Қожа Ахмет Йассауи: Көмекші оқу құралы, -Алматы, Санат, 1998
58. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет /Жоғары оқу орны студенттеріне арналған. - Алматы: «Ана тілі», 1992. - 176 6.
59. Бес ғасыр жырлайды /Қүрастырған М.Мағауин. - Алматы: «Жазушы», 1989. - Т. 1. - 384 6.
60. Досмұхамедұлы X. Исатай-Махамбет. - Алматы: «ССРО Мәдениет Қоры Қазақ бөлімі, Қазақстан өлкетанушылар қоғамы», 1991. - 256 6.
61. Адамбаев Б. Шешендік сөздер. Алматы, 1980. 167 б.
62. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. - Алматы: «Жазушы», 1985. - 560 б.
63. Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин және оның орыс достары мен ізбасарлары. - Алматы: «Қазақстан», 1988. - 184 б.
64. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. - Алматы: «Ана тілі», 1994. -192 6.
65. Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері (ұжымдық монография). -Алматы: «Ғылым», 2002. - 274 6.
66. Иманбаева С. “Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулудың педагогикалық негіздері” пед.ғыл.канд.дисс:13.00.01, -Алматы, 2006.
67. Назарбаев Н.Э. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2004, №258, 16 қазан
68. Н.Ғабдуллин, О.Мақпыров, Г.Құрманбаева. Әдебиет, Алматы, «Рауан», 1996, 255 С.(136).
69. Маркс К., Энгельс Ф. О воспитании и образовании. В 2-х томах. –М.: Педагогика, 1978.
70. Ленин В.И. О защите социалистического отечества. Сб.статей. –М: Воениздат, 1975, -437с./
71. Белинский В.Г. Полн. Собр.соч. Т.IV. М., 1954, С. 489.
72. Чернышевский Н.Г. Изб.философ. сочинения, Т.1., М., 1948, с.495/.
73. Ушинский К.Д. О народности в общественным воспитании. Собр.соч. Т.2, Стр. 161-162.
74. Ушинский К.Д. О нравственном элементе в русском воспитании. Собр.соч. Т.2, Стр. 428;
75. Добролюбов Н.А. Изб. филос.произв., Т II. М., 1985, С.567/.
76. Момышұлы Б. Психология войны. Алматы, 1996, 176 б.
77. Джунусов М.С. Национализм в различных измерениях. А-Ата, 1990/.
78. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т.7. –Алматы: Ғылым, 1983. -639 б.
79. Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы. Қазақстан, 1973. Т.2. -168б.
80. Большая советская энциклопедия. –М., 1975, Т.19. –С.282.
81. Краткий словарь по этике. Под ред. О.Г.Дробницкого и И.С.Конк). М., Политиздат, 1965, с.316
82. Бабанский Ю.К. Педагогика. М., Просвещение, 1988, с.162
83. Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций, М., Прометей, Юратай, 1998, с.240.
84. Ленин В.И. Задачи союзов молодежи. М., Т.41. с.198-318
85. Құсайынова Д.С. Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздері. Пед.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 1999, -135 б.
86. Жұмаханов Ә. Орта мектептің жоғары класс оқушыларын аға ұрпақтың ерлік және еңбек дәстүрлеріне тәрбиелеу. –Алматы: Қазақ унив-ті, 1991, -48 б.
87. Жұматаева Е. “Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру” Пед.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 1997, -135 б.
88. Омар Е. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі. Оқу құралы. Түркістан, 2004.
89. Құсайынова Д. Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу 11-бет
90. Байсеркеев Л.А. Нравственные основы правового воспитания школьников. Учебное пособие. - Алматы: «Санат», 1999. - 208 с.
91. Әбілғазиева К.Т. “Мұстафа Шоқайұлының (1890-1941) қайраткерлік қызметі негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру”5-19 беттер
92. Ғ. Базарғалиев “Х. Досмұхамедовтың ағартушылық қызметі мен шығармашылық еңбектеріндегі патриоттық тәрбие идеялары” 22-б.
93. Л.Сайдахметованың “Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы (1970-2000)” 14-бет
94. М.Ж.Құрманбаева “М.Ғабдуллин мұрасындағы этнопедагогикалық құндылықтар арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу”
95. К.М.Қалиева “Махмұт Қашқаридің педагогикалық идеялары”
96. Т.Ә.Ахметов “Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеялары” 18-20 беттер
97. А.Бейсембаева. “Жоғары сынып оқушыларына қазақтың батырлық эпосы арқылы отансүйгіштік тәрбие беру” 23 бет].
98. Р.Н.Кенжебаева өзінің: “Оқыту үрдісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру” 12-б.
99. Б.Сүлейменованың “Бастауыш сынып оқушыларын қазақ батырлар жыры арқылы адамгершілікке тәрбиелеу” 22 б.
100. Қалиев Ж.Н. “Халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру (5-9 сыныптардағы гуманитарлық пәндер негізінде)” 25-б.
101. Менлибаев К.Н. Роль национальных традиций в патриотическом воспитании (по материалам конкретно-социологических исследований молодежи Республики Казахстан) автореф. Канд.филос.наук:.09.00.02.-Алматы, Институт философии НАН РК, 1995.-19 с.13-14 бб.
102. С.Е.Нұрмұратов «Рухани құндылықтардың қалыптасуы мен дамуы (әлеуметтік-философиялық талдау): филос.ғыл.кан.дисс:. 09.00.02.-Алматы, 2000. -237 б. 220 б.
103. Айталы А. Ұлттану/ Оқу құралы. –Алматы: «Арыс» -221б. 81 б.
104. Ж.Қасымбеков “Спорт және дене тәрбиесі арқылы жасөспірімдердің патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары”
105. А.С.Қарпықбаеваның “Болашақ мұғалімдерді оқушыларды гуманитарлық пәндер циклін оқыту процесінде патриоттық тәрбиелеуге дайындау”
106. Тойлыбаев Б. Елін сүйген ұрпақ - ел мақтанышы. Қазақстан мектебі, №9, 2003 ж. 24-25 бб.
107. Қазақстан Республикасының халыққа білім беру заңы (1999)
108. Қаратаев М. Шеберлік шынына. Алматы, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1963. -419б. (339-340 бб).
109. Момышұлы Б. Москва үшін шайқас
110. Дәдебаев Ж. Жазушы еңбегі. Алматы, Қазақ университеті, 2001 ж. -340 (-3 б.)
111. Гинзбург Я. О литературном герое. –Л.: Советский писатель, 1979. -222 с. -256 б
112. ҚР ООМ Қор – 1432, тізім -2, іс-44 7-б.
113. Мауленов С. ҚР ООМ Қор – 1432, тізім -2, іс-44 71-б.]
114. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. –Алматы, Мектеп баспасы, 1973. -212 б. 7-бет
115. Адамбаев Б. Халық даналығы. –Алматы, Мектеп, 1976. -160 б. 15-16 бб.].
116. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. –Алматы, Жазушы, 1989. -360 б. 120-беті].
117. Егембердиева Ж. Өмірінің өзі дастан. –Алматы, Жазушы, 1989. -319б.
118. Қалдыбаев М. Ақындықтың терең тамыры – ойда, сезімде, білімде немесе Баукеңнің ойынша кім ақын? // Жас алаш №116. 2000ж. 26
119. ҚР ООМ Қор – 1432, тізім-2, іс – 45 2-б.
120. Сарыбаев Ш. Оқырмандардан келген жеті хат //Қазақ әдебиеті. -1990. -№4, -28б. 3-4 бб.].
121. Васинкин А. Героические годы. Жанр военного романа в литературах народов поволжья. –М.: Марийское книжное издательство, 1987. -128с. 43 б.]
122. Бекхожин Х. Ауыр шақтың айбынды лирикасы. //Қазақ әдебиеті. 1961 ж. 1 қаңтар. -3 б.].
123. Дәдебаев Ж. Атыңнан айналайын. Тараз тарихы туралы толғаныстар. –Алматы: Нұрлы әлем, 2002. -248б. 106 б.].
124. Момышұлы Б. Төлеген Тоқтаров. –Алматы: Жазушы, 1965. -30 б. -22 б].
125. Халық даналығы – тәрбие негізі, //Қазақ тілі мен әдебиеті: Алматы, 1994,№2
126. Қазақстан Республикасының Білім заңы. 1992 , қаңтар
127. Фридман Л.М. Изучение личности учащихся и ученических коллективов. Книга для учителя. Москва 1988 ж.
128. Подласый И.П. Педагогика -М. Просвещение-1§96ж
129. "Тарихи сананың қалыптасуы" (1995)
130. "Гуманитарлық білім беру" (1994)
131. "Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар тәрбиесі" (1995)
132. "Этномәдени білім беру" (1996) тұжырымдамалары
133. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасы және т.с.с.
134. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми-теориялық мәселелері. /Әдістемелік көмек/. А.,1993.176.
135. Пидкассистый И.П. Педагогика. Москва. Просвещение-1995.;
136. Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы-1998ж
137.
138. Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі. Алматы 2001ж
139. Ешімханов С. Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру, Алматы, 1991, 27 б.
140. Қазақстан мектептеріндегі әскери патриоттық тәрбие беру. Алм., Мектеп,1978,79 б.
141. Б.Момышұлы "Жонарқа",
142. Б.Момышұлы "Төлеген Тоқтаров",
143. Б.Момышұлы "Бір түннің оқиғасы",
144. Б.Момышұлы "Генерал Панфилов",
145. Б.Момышұлы "Москва үшін шайқас",
146. Б.Момышұлы "Олар менің есімде",
147. Б.Момышұлы "Ел басына күн туса"
148. Коидзе Ж.Т. Народные традиции как средство героико-патриотического воспитания школьников. Автореферат канд. дис. Москва 1982 ж.
149. Куликов М.М. Военно-патриотическое воспитание учащихся: опыт работы СШ им. М.В.Ломоносова. Алматы, 1969ж
150. Кошут Л.Т. Процесс патриотического воспитания подростков при изучении русской литературы. Автореферат канд.дис.пед наук. Москва 1982ж/.
151. Әміралиев Ш. Жас жеткіншектерді ерлік және еңбек дәстүрде тәрбиелейік. Алматы, Мектеп, 1979 -426.
152. .
153. Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы-1998ж
154. Дүйсембінова Р. Қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына ендіру. Алматы. Ғалым 2000ж
155. Степанов Е.Н. Методические советы по моделированию воспитательной системы класса. //Классный руководитель. 1998ж
156. Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. 1994 ж
157. Айтақов Ә. Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу. Алматы, Мектеп, 1978,-946.
158. Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары. Алматы. Р.Б.К. 1997ж –ЗЗ бет
159. Кон И.С. Психология

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 147 бет
Таңдаулыға:   
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-8

І БӨЛІМ

Б.Момышұлының шығармалары арқылы оқушы-жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің
ғылыми-педагогикалық негіздері ... ... ... ... 9

1.1 Б.Момышұлының қоғамдық-тарихи, мәдени-рухани жағдаяттардың әлеуметтік-
педагогикалық көзқарасына ықпалы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-24

2. Педагогика ғылымында патриоттық тәрбиенің зерттелуіне сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24-51
1.3 Б.Момышұлының шығармашылық еңбектері негізінде оқушы-жастарды
патриоттыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері мен
идеялары ... ... ... ... ... ... ... ... .51-79

Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..80

ІІ БӨЛІМ

Б.Момышұлының шығармалары негізінде оқушы-жастарды патриоттыққа
тәрбиелеудің әдістемелері

2.1. Б.Момышұлының шығармашылық еңбектеріндегі оқушы-жастарды патриоттыққа
тәрбиелеу мазмұны мен
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..8 1-98

2.2 Б.Момышұлы өнегесі арқылы оқушы-жастарға тәрбие берудің
әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 98-108

2.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесін қорыту, ғылыми-әдістемелік
ұсыныстар беру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 108-
117

Тұжырым
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .118

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 119-102

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . 121-126

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы - қазақ
халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі.
Халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды.
Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ, ол ұлы белестерден,
қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи
кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеттері де
қасіретті күресте еңбегі ерен азаматтарымыздың артына қалдырған мол
мұрасымен тарихын зерттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр. “Біз
бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер
бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған
қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз” [1, 16;].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев айтқандай, біздің
алдымызда бабаларының игі дәстүрін сақтайтын, күллі әлемге әйгілі әрі
сыйлы өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр.

Ұрпағын “тек” деп өсірген ата-бабамыздың тәрбиеге өте үлкен
жауапкершілікпен қарағаны баршамызға аян. Өткен тарихымызға көз жүгіртіп
қарасақ, кезінде жазуды білмейтін, хат танымайтын халық небір шешен, ақын,
жыршы, зергер, сәулетші, қара қылды қақ жарған билер мен қазыларды
тәрбиелеп өсірді. Кез-келген халықтың тәрбие беру ісінде өзіне тән
ерекшеліктері болатыны секілді, қазақ халқында да, сан ғасырлар бойы жас
ұрпақты имандылық пен ізгілікке, адалдық пен әділеттілікке, қарапайымдылық
пен мейірбандылыққа, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеген ғұлама ғалымдары,
шешендері мен билері, батырлары мен ақын-жыраулары болғаны баршаға мәлім.

Кемеңгер ойшыл бабаларымыз Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи,
Махмуд Қашғари, Ахмет Жүйнеки, Сайф Сарай, Қадырғали Жалайри, Дулати,
Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім т.б. ғұлама-ғалымдар өздерінің шығармаларында
ел, жер, Отанды сүю, ар-ождан, намысты қорғау, ғылым, білімді халық
игілігіне жұмсау секілді ұлттық рухтың өзекті мәселелеріне ерекше мән беріп
келсе, XV-XVIII ғ.ғ. өмір сүрген Асан қайғы, Жиенбет, Шалкиіз, Бұқар, Дулат
сияқты ақиық ақындар өздерінің өлең-жыр, толғауларымен елдік пен ерлікті,
әділдік пен адалдықты, сақилық пен серілікті жалықпай насихаттаған. Ал
Доспамбет, Ақтамберді, Махамбет сынды әрі батыр, әрі ақын-жыраулар ел
намысы – ер намысы деп қарап, дұшпанға өткір тілді өлеңін де, алмас
қылышын да жұмсай білді.

Ерлік сын сағатта танылады. Елін, жерін, шет ел шапқыншыларынан
қорғауда, ерен ерлігі аңызға айналған, өлең-жыр, толғау-дастандарға арқау
болған Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Қосай, Едіге, Қамбар, Абылай,
Ағыбай, Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Баян, Наурызбай, Райымбек, Малайсары,
Сұраншы, Саурық, Барақ, Сырым, Исатай сияқты батырлардың тәрбиешісі де –
қазақ халқы. ХХ ғ. Кеңес заманындағы әр түрлі соғыстардың қас батырлары
Аманкелді, Бекболат, Бауыржан, Мәлік, Төлеген, Әлия Мәншүк, Рақымжан,
Талғат, Қасымдардың ерен ерлік іс-қимылдары да өлең-жыр, дастанға айналып,
жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің бірден -бір құралы болды. Осының
бәрі халқымыздың атадан балаға ғасырлар бойы мұрас жалғасып келе жатқан
ерлік рухымен байланысты туындаған тәрбиенің дәстүрлі үлгі-өнегелік жемісі.

Патриотизм тәрбиесінің әр саласының үзіліссіз байланыста болу қажеттілігі
жайында кезінде М.И.Калинин, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко,
В.Г.Белинский, К.Д.Ушинскийлердің еңбектерінде баса көрсеткен. Патриоттық
тәрбиенің көптеген саласы Кеңес үкіметі жылдары ғалым-педагогтердің,
философтардың, тарихшылардың (П.Н.Федосеев, Г.Н.Волков, Г.Н.Филонов және
т.б.) еңбектерінде зерттелген.

Н.К.Гончаровтың, М.А.Даниловтың, И.С.Марынконың, Э.И.Моносзонның,
М.Н.Скаткиннің және т.б. жалпыпедагогикалық еңбектерінде патриоттық
тәрбиенің мәні мен теориялық әдістемесі және эмпирикалық зерттеу
проблемалары қарастырылған.

Ғалым-психологтар Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев
және тағы басқалардың жұмыстары патриот-оқушы психологиясын айқындауға
ықпал етеді.

Патриотизм тәрбие проблемасы көптеген қазақстандық ғалымдардың ғылыми
зерттеулеріне арқау болды. Мектеп оқушыларына патриоттық, ерлік тәрбие беру
мәселесін ғалымдар (Е.Жұматаева, С.Иманбаева, Д.Құсайынова, К.Әбілғазиева,
Ғ.Базарғалиев, Л.Сайдахметова, Ә.Жұмаханов, М.Құрманбаева, К.Қалиева,
Т.Ахметов, А.Бисембаева, Р.Кенжебаева, Б.Сүлейменова, Ж.Қалиев) өз
зерттеулерінің нысанасы ретінде қарастырды.

Қазақстан мектептерінің этностық ерекшеліктерін, халқымыздың тарихы
мен мәдениетін, сондай-ақ халқымыздың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін
назарға алу – бұның бәрі жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің және оны
қазіргі жағдайда зерттеудің көкейтестілігін арттыра түседі.

Сонымен бірге, патриоттық тәрбие міндеттері аса күрделі міндеттер
болып табылады.

Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі сыныптан тыс жұмыстарда
Б.Момышұлы ерлігінде патриоттыққа тәрбиелеудің тиімділігін арттыру
мүмкіндіктерінің жеткіліксіз пайдалануында болып табылады.

Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді, оқу-әдістемелік құралдарды жан-
жақты талдаудан жасаған қорытындымыз, Б.Момышұлы шығармашылық еңбектері
арқылы оқушы-жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің қажеттілігі мен оның ғылыми-
педагогикалық тұрғыдан жүйелі зерттелмеу және бүгінгі таңда жас ұрпақты
патриоттық рухта тәрбиелеудің жеткіліксіздігі мен орта және жоғары
мектептердің оқу-тәрбие үдеріс мазмұндарын жаңартуға сұраныс аралығында
қарама-қайшылық туындайды.

Тәрбие үдерісінде осы олқылықтардың орнын толтыруда майдангер-жазушы,
қайраткер-ғалым, тәлімгер-ұстаз Б.Момышұлының педагогикалық мұрасының
ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындап, әдістемелік тұрғыдан дәлелдеу,
оны оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану арқылы оқушы-жастарды
отансүйгіштікке тәрбиелеу аталған қайшылықтардың шешімін табу зерттеу
тақырыбын Б.Момышұлының шығармалары негізінде оқушы-жастарға патриоттық
тәрбие беру деп алуымызға тура келді.

Зерттеу мақсаты - Б.Момышұлының шығармаларындағы педагогикалық
идеяларды анықтап, жүйелеу, соның негізінде оқушы-жастарды патриоттылыққа
тәрбиелеу үрдісін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және оны оқу-тәрбие
үдерісіне ендіру.

Зерттеудің нысаны – Б.Момышұлының шығармаларындағы педагогикалық
тағылымдар.

Зерттеу пәні – Б.Момышұлының шығармалары арқылы негізінде оқушы-
жастарды патриоттылыққа тәрбиелеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер Б.Момышұлының педагогикалық мұрасына
ғылыми-педагогикалық және әдістемелік тұрғыда талдау жасалып, жүйеленіп,
бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үдерісіне енгізілсе, онда орта және жоғары
мектептердегі оқушы-жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге шынайы
мүмкіндіктер туындайды, өйткені олардың оқу-тәрбие үдерісі, тәрбиелік
шаралары мен мектептен тыс тәрбиелік жұмыстар мазмұндары патриоттық тәрбие
беруге жағдай туғызады.

Зерттеу міндеттері:
- Б.Момышұлының әлеуметтік-педагогикалық көзқарасына қоғамдық-тарихи,
мәдени-рухани жағдаяттардың ықпалын талдау;
- Оқушы-жастарға патриоттық тәрбие берудің зерттелу деңгейіне сипаттама
және оның ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- Б.Момышұлы шығармалары негізінде оқушы-жастарды патриоттыққа
тәрбиелеудің педагогикалық тағылымдары мен тәрбиелік мүмкіндіктерін
анықтау;
- Б.Момышұлының патриоттық мұрасы негізінде оқушы-жастарға патриоттық
тәрбие берудің мазмұны мен бағдарламасын жасау және орта мектептің оқу-
тәрбие жүйесіне ендірудің тиімділігін тәжірибелік-экспериментте
дәлелдеп, ғылыми-әдістемелік нұсқаулар беру.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: жеке тұлғаны
тәрбиелеу теориясы, таным теориясы, ұлттық тәлім-тәрбие, жеке тұлғаны
дамытудың тұлғалық-бағдарлық теориясы, тәрбие теориясы.

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық, фольклористикалық және әдістемелік
әдебиеттерді теориялық және ғылыми-әдістеме тұрғыда талдау, сипаттама беру,
салыстыру, сұрақ-жауап, әңгіме, тестілік бақылау, мұрағат материалдарын
сараптау т.б. әдістер қолданылды.
Жетекші идея: жеке тұлғаның қалыптасуына ұлттың тарихи және мәдени-
педагогикалық мұраларының тәлім-тәрбиелік, озық идеяларын кешенді түрде
тірек ету.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан
– 2030 даму стратегиясы; Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы;
Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Елбасының жолдаулары; зерттеу
проблемасы бойынша философтардың, тарихшылардың, әдебиеттану мен педагог,
психологтардың еңбектер; Тараз қаласындағы Бауыржантану атындағы және
Алматы қаласындағы Орталық мұрағат материалдары, Б.Момышұлының әдеби
шығармалары; Б.Момышұлы туралы жазылған ғылыми-зерттеу еңбектері мен
мерзімді басылым материалдары; ҚР ұлттық кітапханасы мен республикадағы
өзге де кітапханалар қорларындағы Б.Момышұлына қатысты материалдар.
Зерттеу кезеңдері: зерттеу міндеттерінің шешілуі үш кезеңде жүзеге
асырылды.
І кезеңде (2003-2004) Зерттеудің тақырыбы, мақсаты, нысаны, мәні,
міндеттері айқындалып, тақырыптың ғылыми-педагогикалық негізі қарастырылды.
Тарихи мұрағат қорларымен қатар философиялық, тарихи-педагогикалық,
психологиялық материалдар жинақталып, зерделенді.
ІІ кезеңде (2004-2006) Теориялық, тарихи-педагогикалық материалдарға
жүйелілік, құрылымдық тұрғыдан тарихи-педагогикалық салыстырмалы талдау
жасалып, оларға жаңаша ойлау негізінде сипаттама берілді. Б.Момышұлының
педагогикалқ еңбектері жеке сараланып, шығармашылығына педагогикалық
тұрғыдан талдау жасалынды. Б.Момышұлы тағылымдары атты арнайы курс
бағдарламасы жасалып, Түркістан қаласындағы Ататүрік атындағы №17 қазақ
орта мектебі мен М.Әбенова атындағы қазақ орта мектебі және Алматы
қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы мен Б.Момышұлы
атындағы №131 лицейінде сынақтан өткізілді, нәтижесі қорытындыланды.
ІІІ кезеңде (2006-2008) Б.Момышұлының мұрасына жан-жақты талдау
жасау барысында олардың тәлім-тәрбиелік негізі айқындалды, педагогикалық
жүйе құрылды, мектеп бағдарламалары мен оқу құралдарына талдау жасалынды.
Соның негізінде тұтас педагогикалық үдерісте Б.Момышұлының тәлім-тәрбиелік
идеяларына арналған әдістемелік нұсқаулар ұсынылды. Материалдар жинақталып,
ғылыми диссертациялық жұмыс дайындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен зерттеудің теориялық мәнділігі:
- Б.Момышұлының шығармашылық мұрасына ғылыми-теориялық тұрғыда талдау
жасалынып, оның патриоттық мәні айқындалды;
- Б.Момышұлының шынайы халық педагогі екені танылып, шығармаларының
тәрбиелік жақтары таразыланып, қазақстандық педагогикалық ой-
пікірлердің дамуына қосқан үлесі анықталды;
- Б.Момышұлының мұрасының тәлім-тәрбиелік идеяларын қазіргі мектептегі
оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың мүмкіндіктері айқындалып,
педагогикалық-әдістемелік ұсыныстар берілді;
- патриоттық тәрбие ұғымы теориялық тұрғыдан талданып, анықтамасы
нақтыланып, Б.Момышұлы мұрасындағы патриоттық идеялар жүйесі жасалып,
оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің құралы ретінде алғаш рет
ұсынылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- оқушы-жастарға арналған Б.Момышұлы тағылымдары атты арнайы курс
бағдарламасы жасалынды;
- Б.Момышұлы мұрасы Бауыржанның мәлімділігі мен тәлімділігі орталығы
құрылып, оның жұмыс жүйесін мектептерде, шәкірттер мен ұстаздардың
ұлттық рухани-мәдениет орталықтарында пайдалануға мүмкіндік туды;
- Б.Момышұлының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын насихаттауға арналған
әдістемелік нұсқаулар әзірленді.
Қорғауға мынадай негізгі қағидалар ұсынылады:
- Б.Момышұлының шығармалары негізінде патриоттық идеялардың, қоғамдық-
педагогикалық және отансүйгіштік көзқарастардың, тәлімдік ой-
пікірлердің жүйесі;
- Б.Момышұлының оқушы-жастарды ұлттық болмысқа сай, отансүйгіштікке
тәрбиелеудегі көзқарастары мен қазіргі педагогикалық ой үндестігінің
негіздемесі;
- Б.Момышұлының шығармалары негізінде патриоттық тағылымдар арқылы
оқушы-жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері
- Б.Момышұлының мұрасын мектепте пайдалануға ұсынылған “Б.Момышұлы
тағылымдары” атты арнаулы курс бағдарламасымен оның әдістемелік
нұсқаулары
Зерттеу базасы. Түркістан қаласындағы Ататүрік атындағы №17 қазақ орта
мектебі мен М.Әбенова атындағы қазақ орта мектебі және Алматы қаласындағы
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы мен Б.Момышұлы атындағы №131
мектеп-лицейі
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеудің негізгі тұжырымдары
мен қорытындылары баяндамалар түрінде: Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогика университетінде өткен “Құдайберген Жұбанов тағылымы” атты
Халықаралық ғылыми-практикалық [Алматы, 2004ж.] конференцияда, Қ.А.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен “Орталық Азия
елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту” атты Орта
Азия елдерінің ІІ Түркістан интеграциялық [Түркістан, 2005] форумында,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылым
академиясының “Хабарлары” Филология [Алматы, 2006 ж.] сериясында, Қазақ
бас сәулет-құрылыс академиясында өткен “Актуальные проблемы современных
социально-гуманитарных наук: поиск и пути решения” атты Республикалық
ғылыми-теориялық [Алматы, 2006] конференцияда, Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен “Орталық Азия елдерінің
мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту” атты Орта Азия
елдерінің ІІ Түркістан интеграциялық [Түркістан, 2006] форумында, Қ.А.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің “Хабаршысы” №1 қаңтар-
ақпан [Түркістан, 2007] журналында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Халықаралық ғылыми-педагогикалық “Қазақстан жоғары мектебі”
журналының “Ұлт тағылымы” атты ғылыми қосымшасы №2(2), [Алматы, 2007ж.],
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Ізденіс” №3(1),
“Бастауыш мектеп” атты ғылыми журналында [Алматы, 2008ж.] 10 мақала
түрінде ғылыми-әдістемелік жинақтарда жарияланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер
тізімі мен қосымша берілген.

1. Б.Момышұлының шығармалары арқылы оқушы-жастарды патриоттыққа
тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері

1. Б.Момышұлының қоғамдық-тарихи, мәдени-рухани жағдаяттардың әлеуметтік-
педагогикалық көзқарасына ықпалы

Қазақ халқы – дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп
келе жатқан байырғы ұлы халық. Оның ұлылығы талай тарихи оқиғаларды бүгіп
жатқан сан қатпарлы тарихынан көрінеді. Қайталанбас әрбір тарихи кезең өз
қаһармандарын туғызады. Бұған дәлел аты ел аузында аңызға айналған тарихи
тұлғалар. Әрине, есімін тасқа жазып, ерлігін ұрпақтың жадында сақтап
қалған бергісі қазақтың, арғысы түркі халықтарының тарихындағы қайталанбас
тұлғалардың есімі өзі өмір сүрген кезеңмен, сол кездің өмір шындығымен
тығыз байланысты. Айталық, шекарасы батыста Византиямен, оңтүстікте
Персиямен, Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен тұйықталған Түрік қағанаты ұлы
дала мәдениетін бүкіл әлемге паш ете отырып, Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған
сынды өз батырларын тарих сахнасына шығарса, қобызының құдіретті үнімен
өлімге араша іздеген Қорқыт сынды данагөй бабаларымыз желмаясына мініп
Жерұйықты іздеген, елінің бақытты тұрмысын көксеген Асан қайғы образы
арқылы тауып жатты.

Ал қазақ хандығы құрылған орта ғасырлардағы жаугершілік заман тарих
сахнасына Керей, әз Жәнібек, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Қарасай, Есет,
Райымбек сынды батыр ұлдарын лег-легімен туғызып жатты. Бұл дәуірде
батырлардың бірінен кейін бірінің келуіне себеп болған, әрине, “ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұламаны” тудырған қазақ тарихындағы қасіретті кезең –
жоңғар шапқыншылығы. Сан жылдарға созылған қиын-қыстау жаугершілік заманда
қазақ халқы қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен елдігін сақтап қалу үшін
күресе отырып, туған елге, кіндік қаны тамған қасиетті жерге деген
махаббатын ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп беріп отырды. “Туған жер” ұғымын
бала бойына ерте сіңіруге тырысып, оны Отан, ел-жұрт ұғымдарымен
байланыстырып отырған. “Отан от басынан басталады”, “Отан оттан да ыстық”,
“Елің үшін отқа түс күймейсің” деп тәрбиеленетін қазақ баласы үшін Отан -
отбасынан, ата-жұртынан, туып өскен топырағынан басталады.

Қазақ халқы талай-талай қиын кезеңдерді, аласапыран замандарды басынан
кешірсе де, Ресейдің отаршылдық озбыр саясаты тарихта өзіндік орны бар
көтерілістер мен қозғалыстардың тууына себеп болды. Ұлы дала төсін емін-
еркін билеген қазақ халқы үшін бодан болудан асқан қасірет жоқ. Осы
кезеңдер қазақ халқының бас бостандығын көксеген Сырым, Исатай, Махамбет
сынды біртуар перзенттерін дүниеге әкелді.

Елін, жерін қорғап азаттығы үшін ішкі, сыртқы жаулармен де сұрапыл
айқасқа түсірген, елдік пен ерліктің түйіскен тұстарының бірі – ХІХ
ғасырдың алғашқы жартысындағы Ішкі Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі.
Орыс патшасы мен қазақ ханы тізе біріктіріп, екі жақтан қанау халыққа
“ереуіл атқа ер салдырды”. Көтеріліс басшылары, Исатай мен Махамбет халық
қамы үшін әділ жаннан түңіліп жорыққа аттанды.

Алаштағы жақсыдан

Батасын алып, дәм татып,

Түлкідейін түн қатып,

Бөрідейін жол тартып,

Жауырына мұз қатып,

Жалаулы найза қолға алып,

Жау тоқтатар күн қайда?!- деп жырлап өткен Махамбеттің
басты арманы – хандардың басын кесіп, әділетсіздік тамырына балта шауып,
халқымыздың өз жері, өз елінде ие болып ен тоғайына малын толтырып, тыныш
өмір сүруіне өзінің қанымен де, жанымен де үлес қосу. Ақынның қорлықта
жүрген халқына бостандық әперуді арман етуі нағыз патриоттық. [2, 180-181
бб.]

ХІХ ғасыр Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық ғасыр болды.
Дүниежүзілік өркениеттің қуатты ықпалымен Ресей қосып алған шығыстағы
жерлерге терең мүдделілік танылды. Қазақстанға ғалымдар, географтар мен
саяхатшылар, шығыстанушылар келіп жатты; Қазақстан материалдары бойынша
тарихшылар жұмыс істеді. Қазақстан Орыс географиялық қоғамы бөлімшелерінің
зерттеу объектісіне айналды, мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен
статистикалық комитеттер жұмыс істеді; өлкетану мұражайлары ашылып,
ертедегі ескерткіштер, халықтың ауызша шығармашылығы және құқықтар заңдар,
соның ішінде қазақтардың дағдылы құқығы зерделенді; орыс-қазақ мектептері
мен кітапханалар ашылды. Қазақтар өз балаларына білім беруге ұмтылды,
әрине, бұған бірінші кезекте халықтың ауқатты бөлігі ұмтылыс жасап,
балаларын кадет корпустары бар Омбы мен Орынборға жіберу үшін мүмкіндік
іздестірді [3, 527-528 бб.].

Қазақ тарихындағы Ресей империясымен қосылу - ірі тарихи оқиғаларға толы
кезең. Бұл кезеңге академик М.Қ.Қозыбаев кеңірек тоқталады. “Жауды шаптым
ту байлап” атты еңбегінде қазақ халқының басынан өткен ұлт-азаттық
қозғалысын, Отан қорғау тарихын, халқымыздың ел басқарған көсемдерін, қол
бастаған батырларын, олардың ерліктерін жыр еткен шешен-жырауларын сөз ете
отырып, тәуелсіздік үшін болған ата-бабаларымыздың қанды жорықтары,
дабылды, дауылды азаттық күрес жолдары, ел бостандығы, бірлік жолы,
ұлтжандылық, ұлттық сананы негізгі арқау етіп алғанын жазады. Аталған
еңбектің “Ұлт-азаттық қозғалысының белестері” – атты бөлімінде,
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарын 7 кезеңге бөліп, оның себеп-
салдарын көрсеткен:

I кезең. Қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың Сібір жұртын жаулап
алуға қарсы азаттық қозғалысы.

II кезең. Қоқан-Хиуа хандықтарына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс. Бұл ұлт-
азаттық қозғалыс үш жүзді одан әрі қабыстырды, кіріктірді, біріктірді,
ұлттық дәрежеге көтерді.

III кезең. Ресейге қосылу кезеңі, бодандыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс.

IV кезең. Отарлау саясатына қарсы С.Датұлы, И.Тайманов, М.Өтемісұлдарының
басқаруымен болған шаруалар көтерілісі.

V кезең. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

VI кезең. ХІХ ғ. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

VII кезең. 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерісі [4, 192 б.].

ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ топырағына алып Ресейден бастау алған
қақтығыстар мен толқулардың өз әсерлері тиіп отырды. Саны аз ұлттық
зиялылар осы жағдайларды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандық үшін,
халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін, қос езгіден: патша
өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық зорлық-
зомбылықтан құтылу үшін күрес бастады. “Бүкіл дала саяси додаға тартылып
азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді” [5, 596-597]. қазақ ұлтының
зиялылары бастаған азаттық қозғалыстың басты мақсаты – отарлау саясаты кең
етек алып, бұғаудағы қазақ қоғамының мемлекеттік саяси дербестігін қалпына
келтіру арқылы ұлттық өркендеуге жол ашу болды.

Ел басына алмағайып, қатерлі күндер туғызған ХХ ғасырдың ең басты
оқиғаларының бірі – Ұлы Отан соғысы. Фашистік Германияның соғыс
жарияламастан Кеңес одағына басып кіруімен басталған ІІ дүниежүзілік
соғыста халқымыздың тәуелсіздігін сан ғасырлар бойы армандаумен өткен талай
ұрпақ осы жолда өз өмірлерін елінің болашағы үшін құрбан етті. Бір мың төрт
жүз он сегіз күнге созылған 1941-1945 жылдардың аласапыран кезеңі тарих
сахнасына небір саңлақтарды әкелді. Сонау 1723-1740 жылдар аралығында
елімізді жоңғар тырнағынан азат еткен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай сынды батыр бабалар ісін қайталап, неміс
басқыншыларынан әлемнің бейбітшілігін, тыныштығын, бірлігін қорғаған
қаһармандар дүниені дүр сілкіндірген алапатты жеңді. Сөйтіп, елдің
бостандығын қасық қанымен, әділ жанымен, ыстық жүрегімен қорғап қалды. Бұл
жолға жастық өмірін де, іңкәр көңілін де, ыстық ықыласты жүрегін де құрбан
етті.

Қазақ халқының қайсар бабаларының даңқын көтерген Талғат Бигельдинов,
Нұркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Қасым Қайсеновпен бірге
ізгі жүректі аналар салған сара жолды жалғастырған Әлия Молдағұлова, Мәншүк
Мәметова есімдері ерлік туымен ұрпақтар мақтанышына айналды. Халқымыздың
мерейін, ерлік дәстүрін, өрлік тұлғасын тарих сахнасында аспанға көтерді.
Солардың бірі – қазақтың Бауыржаны. Абылай мен Әбілқайырдың, Исатай мен
Махамбеттің де даңқы әбден көнеруге айналып, бір кезде әлемді
тітіркендірген жауынгер жұрттың ұрпағы – “момын халық” деп мақталып: тот
басқан бәкіге ұқсаған тұрқымыздан “алмас қылыштың жұрнағы еді-ау”
дегізетіндей белгінің бәрі өшкен тұста, Ол жарқ ете қалды. Ержүрек
жауынгер, атақты қолбасшы, әскери жазушы... Ең бастысы - әр қылығымен, әр
көзқарасымен, бар болмысымен қазақтың намыстан жаралған халық екенін
мойындата алған тұлға. Б. Момышұлының отызға енді ілінген шағынан-ақ есімі
аңызға айналды, даңқы әлемді шарлады. Ұлтжандылықтан жаралған батырлық
бейнесі тарих белдерін аралап, жыл өткен сайын “тот баспас саф алтындай
жарқыраған” ерлік жолын жалғастыра отырып, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің
қаһарманына айналды. Өзі үшін емес, халқы үшін, сол елінің аты үшін бейбіт
өмірде де күрестен, ерлік пен табандылықтан қайтпаған Бауыржан Момышұлының
өрлік бейнесін Қасым ақын былай жырлайды:

Нақ сол кезде естідім ер дүбірін,

Атағы атын алып келді бұрын,

Үстінде туған елдің тұрды толқын

“Бауыржан Момышұлы” - деген бір үн [6, 49 б.].

Батырдың әскери-қайраткерлік қабілеті, білімдарлық жазушылық бет-
бейнесі күн өткен сайын айқындалып биіктей түсуде. Бауыржанға дейінгі қазақ
батырларының ерлік даңқы өз руының әрі кеткенде – алты алаштың көлемінде
қалса, Б.Момышұлының қол бастаған батырлығы мен интеллектуалды ой-сананың
да айтулы еріне айналған даңқы бүкіл Одақ халқы мен күллі әлем жұртшылығына
тұтас жайылуымен дараланады. Сондықтан да, ұрпақтар арасындағы байланысты
сақтау, оны үзбей атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп жалғастыру –
педагогика ғылымында тәрбиенің өзекті мәселелерінің бірі.

Бүгінгі таңда қиындықтан қашқақтап, қалайда жан қинамаудың жолдарын
ойлайтын, Отан алдындағы борышын өтемей, әскер қатарына бармаудың жолдарын
қарастыратын ата-ана, жастарымыз да бар екенін жасыра алмаймыз. Осы орайда,
қаһарлы жаумен қасқая соғысқан, туған халқына адал қызмет еткен, батырлық
істеріне халқы сүйсінген Бауыржан Момышұлының педагогикалық мұрасы бүгінгі
жастарымызды ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелейтіндей, аса құнды мәдени
мұра болып табылады.

1939 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның халқы 6,2 млн. адам еді.
Соғысушы армия қатарына 1.196.164 қазақстандық сапқа тұрды.
Қазақстандықтардың негізгі көпшілігі майдандағы армияға толықтыру ретінде,
шамамен үштен бір бөлігі республикада жасақталған бөлімшелерде тіркелді.
Бұлар 12 атқыштар дивизиясы, төрт атты әскер дивизиясы, жеті атқыштар
бригадасы, әртүрлі әскер түрлерінің 50-дей жеке полктері мен батальондары
еді. Олардың ішінен үш атты әскер дивизиясы мен екі атқыштар бригадасы
қазақтың ұлттық бөлімшелері болып құрылды. Сонымен, Ұлы Отан соғысы – бүкіл
кеңес халқымен бірге қазақ ұлтының қаһармандық күресінің отты шежіресі.
Қазақ деген ұлттың ақыл-ойының, ар-намысының, сенім-нанымының жәдігері.

Қазақ халқы – қандай қиын-қыстау сындарда да өзіміздің жауынгерлік
даңқымызға дақ түсірмеген халық. Тарих кітабына үңілген ой көзі қырағы адам
қазақ даласына қай кезде де дұшпан көзінің сұғы көп қадалғанын аңғарар еді.
Көп ғасырлық тарихымызда Ұлы Отан соғысының орны айрықша. Ол - әрі қайғы-
қасірет, әрі жеңіс әкелген ұлы қуаныш! Бұл соғыстағы қазақ халқының орны
турасында “Правда” газеті былай деп жазды: “Қазақтар майданда ерлік
көрсетіп жүр, ал тылда олардың ата-аналары мен сүйген жарлары майдан үшін
жанқиярлықпен еңбек етуде. Қазақстан өз жерінің барлық байлығымен, өз
тауларының барлық қазынасымен майданға тірек болып отыр” [7, 3].

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының
батыры атағы берілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97-сі қазақ [8, 342-
351]. Қазақстандықтардың ішінен ең соңғы боп 1990 жылы 11 желтоқсанда
мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлына берілді, ол 1941 жылы
Мәскеу түбіндегі ұрыстарда өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты.
Соғысты Бауыржан Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштар
дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың қысында, желтоқсанның жиырма төртінде
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында дүниеге келген. Өмір
есігін іңгәләп енді ашқан Бауыржанға Имаш атасы:

Алатаудың қыраны мол еді-

Қырағы болсын, құлыным.

Қойнауы суға мол еді-

Бұлағы болсын, құлыным.

Елінің тілегі зор еді-

Шырағы болсын, құлыным.

Ата тілегі оң еді-

Құмары болсын, құлыным.

Бұл жер батырлар төрі еді-

Сыңары болсын, құлыным,- деп аталық ақ ниетін білдірсе, ал жарық
дүниеге келгеніне 2-3 ай болған Бауыржанды анасы Имаш атасына апарғанда
атасы немересінің қолына жас бұтақ ұстатып:

Құрық деп берсем – құл болма

Шыбық деп берсем – шіл болма.

Бәрінен де, шырағым,

Баяны жоқ ұл болма,- деп бата берген [9, 5-6]

Атасымен алғашқы дидарласу құрметінде алған алғашқы өсиет Бауыржан
Момышұлының ғұмырында өмірлік өнеге болды.

Бауыржанның әкесі Момыналы (Момыш) Имашұлы зерделі де ширақ, пайымшыл
да алғыр кісі болған. Жастайынан ескіше оқып, білім алған; оның үстіне өмір
бойы өздігінен оқып-үйреніп, көңіліне тоқи білген. Әкесі Момыш өте зерек,
қол өнері бар, зергер болыпты. Ол - өзінің ауылын, руын, жұрты мен
жұрағатын 17 жыл бойына бір адамдай біріктіріп ұстап, аузына қаратқан текті
адам. Баукеңнің осындай тегіне тартса, тартқандай бар. Шешеден жастай жетім
калып, әке тәрбиесі мен әже мейіріне қанып өскен Баукең де әкесінің тәрбие-
тәлімін ерекше бағалаған. Осыған орай ол кісі бүкіл Жуалы өлкесі былай
тұрсын, Әулиеата өңіріне де, тіпті Түлкібас аймағына да “Момыш молда”
ретінде әбден танылған кісі болатын. “Менің әкем бай да болған жоқ, кедей
де болған жоқ. Әкем сараң кісі емес еді. Мен оның 54 жасында көрген жалғыз
ұл баласы едім. Әкем мені еркелетіп өсірген жоқ. Әкем тарылтқантқан да жоқ.
Есептеп беріп – есеп алып отырды ол кісі”, - дейді жауынгер – батыр [10,
2].

Ал Бауыржан бойындағы адами ізгі қасиеттердің қайнар бұлағы –
отбасы тәрбиесі, яғни ұшқан ұясы мен өскен ортаның, ауыл аймақтың әсеріне
байланысты болатыны, “Балаға қайырымдылықты, қаталдықты, кішіпейілдікті,
күйгелектікті, шыншылдықты, адамдықты, өтірікті бірінші беруші ата-анасы
екені ”, жас кезінде дұрыс тәрбие алмаған баланың өскенде қисық ағаш сияқты
болып өсетіні, отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен
қиындық келтіретіні жөнінде қазақтың көрнекті педагогы Ж.Аймауытов та
айтқан болатын [11,122].

Бауыржан Момышұлының бойындағы отансүйгіштік, адамгершілік ізгі
қасиеттердің негізі жөргекте жатқан күндерінен бастап анасының бесік жырын
айтып әлдилеген әуенінен, асқақтата салған әнінен, ыстық аналық құшағынан
және ауыз әдебиеті үлгілерінен сіңісті болады. Өз шешесі дүниеден ерте
кетсе де, Бауыржан әже бауырының ыстық ықыласына бөленіп өсті. “Балаларын
өскенше, немересін өле-өлгенше баққан” асыл Қызтумас әженің тәрбиесінің
өзі Бауыржан үшін өз алдына бір мектеп еді.

Ұлы Абай: “Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса,
замандасының бәрі виноват”, - деп бекер айтпаса керек [12, 47].

Жастайынан анасынан айырылып, жетім калған балалар әртүрлі болып өседі.
Жетімдік жас Бауыржанды аса мойыта қоймайды. Ол қайта шымыр, жігерлі,
шыншыл, әділ, тиянақты әрі көреген, дене бітімі де, өзі де көрікті жан
болып өседі. Оның от шашқан үлкен қара көзіне тік қарау мүмкін емес-тін.
Баукеңнің көзіне тік қарау үшін, өте жүректі адам болуы керек" деген аңызға
айналғандай сөз қалуы осыдан.

Б.Момышұлын жете зерттеушілердің бірі ретінде М.Мырзахметов өзінің
“Бауыржан батыр” атты еңбегінде: “Момыштың көңілінің зерделігінен,
мұсылманша көзі ашық болғандықтан, өз замандастары мен ауылдастырынан оның
бөлекше тұрған бір ерекшелігі – баласын оқытуға көңіл бөледі. Сөйтіп, аты
аңызға айналған батыр балалық шағында молдадан сауат ашқан, қазақтың төте
жазуымен хат таныған, сосын мектепте бастауыш білім алған. Бауыржанға
әкесі Ахмет Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың,
Міржақып Дулатовтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың газетіне шыққан
шығармаларын жинап, түптеп баласы Бауыржанға беріп отырған. Оны кітап оқуға
әкесі осылай қызықтырған. Осы арада айта кетерлік жай, Баукеңнің адамдық
болмысын қарастырғанда өмірінің азамат болып қалыптасуына ықпал еткен өз
ортасы - отбасы, туған ауылы, оның адамдары, халқының әдет-ғұрпы, салт-
дәстүрі сияқты факторлармен қатар бүкіл адамзаттық мәдени, заттық
құндылықтарды да естен шығармауымыз керек.

Бауыржанның бойындағы ақындық қабілеті зор екендігін алғаш рет
мектептегі ұстазы Тәңірберген Отарбаев байқаған. Шәкірттеріне шығарма
жаздырып қабілеттерін байқау үстінде бала Бауыржанға сенен ақындықтың иісі
шығады деп айтқан екен ұстазы [13, 19]. Бауыржанның бала кездегі қосалқы
аты Шаңтимес болған. Оны зеректігіне, оқуда алдына жан салмаған
алғырлығына бола солай атаған. "Ақыл - жастан, асыл - тастан" дегендей,
Баукең бала күнінен ерекше естілігімен көзге түскен”,- деген деректер
келтірілген.

Б.Момышұлы есімі Қазақстанда ғана емес, ТМД және шет
мемлекеттерде кеңінен таралған. Аты аңызға айналған қазақ батыры, жазушы-
майдангер тек қана әдебиетте ғана емес, әскери өмірде де өшпес ізін
қалдырғаны баршаға аян.

1931 жылы әскери қызметке шақырылады. Әскери міндетін өтегеннен кейін
Ленинградтағы Қаржы академиясының жанындағы 1 жылдық курс оқиды.
Ленинградқа Қаржы академиясының бір жылдық курсына кетіп бара жатып,
Москвада Тұрар Рысқұловтың үйіне тоқтайды. Тұрар оған көтерме стипендия
тағайындайды.

Баукең өз шығармаларында мәдениет ордасы - Ленинградты, онда оқыған
жылын жиі-жиі еске алады. Бұл, әрине кездейсоқ емес. Өйткені Ленинград
революция бесігі ғана емес, ол орыс халқы мәдениетінің ошағы, бір
Эрмитажының өзі асыл қазына. Баукеңнің орыс, европа мәдениетін игерудегі
баспалдағы осы Ленинград сапарынан басталады. Әлемдік мәдениеттің ұлы
ұстанымдарына Бауыржан Момышұлы осы тұстан бастап қол соза бастаған еді.

1932 жылы кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл
жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң,
ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. 1936 жылдың көктемінде
Бауыржан Момышұлын Қазақстан әскери комиссариаты шақырады да, дереу
Ташкентке жөнелтеді. Ондағылар мұны жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод
командирі етіп тағайындап та қояды. Оған қызмет орнымен есептесіп, үй-
ішімен қоштасып қайтуға бір апта уақыт беріледі. Бауыржан Момышұлы
Алматыдан шығып, Жуалыға тартады. “Ақ жүрек болып жолдасың, адалдық сені
қолдасын. Жақсылық үшін тірессең, жаныңды арың қолдасын. Арынды болсын
шабысың, алымды болсын табысың, найзадай болсын намысың. Ер жігітке бәрі
сын. Қиындық көрсең мұқалма, ауырлық көрсең жұқарма, қамқоршы бол кісіге,
үлкенді үлгі тұт алға!”,- деп аузы дуалы, ел ішіне қадірлі сексенге тақап
қалған әке көзі жасаурап отырып баласына бата береді. Бұл - Бауыржан сынды
ел корғанына айналған ердің ерлік мінезінің қалыптасуының басты кезеңі.
ІІІыдамдылық пен төзімділік, қайсарлық пен жігерлілік, қаһар мен сұстылық
бойын берік бекіп, жан дүниесі нұрлы Баукеңнің сыртқы тұлғасы шыңдалған
тұсы еді.

Екі жыл әскери борышын өтеуге барған Бауыржан Момышұлы Қиыр Шығыста
бес жыл қызмет істейді.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан Момышұлы даңқты
генерал-майор И.В.Панфиловтың Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-
атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанып, батальон, полк командирі
болады. Соғыстың соңғы жылдарында 9-шы гвардиялық дивизияны басқарады.

Ол Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының Жоғары Әскери
Академиясына 1946 жылы түсіп, 1948 толық курсын бітіреді. 1950 жылдан
әскери-педагогикалық жұмыспен шұғылданып, Кеңес Армиясы әскери
академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан
Бауыржан Момышұлы біржола шығармашылық жұмыспен шұғылдануға бет бұрады.

Сұрапыл соғыстың алғашқы жылдарында-ақ оның қаһармандық даңқы мен
Отанына шын берілген адалдығы бүкіл елге мәлім болды. Оның шығармашылыққа
деген бейімділігі осы соғыс жылдарының өзінде-ақ белгі бере бастайды. Сол
жылдары ол ойға келген нәрселерді түртіп қойып, өз бетінше күнделік жүргізе
бастайды. Бұл айқын болмаса да болашақ жазушылыққа деген дайындықтың басы
еді. Соғыста бірге болған майдандастары батыр жайлы небір кызық хикаяларды
айтып жүретін. Шын мәнінде ол өзі айтқандай:

"Ақыл айтар мезгілде

Мың жасаған шалдай бол.

Қатал болар мезгілде

Шатынап түскен жайдай бол.

Мейірің түсер мезгілде

Ағарып атқан таңдай бол!" деп өзінен де, өзгелерден де осы қасиеттерді
талап ететін.

Бауыржан алғашқы империалистік соғыс жайлы естелігінде: “Соғыс деген
сөзді қашан естігенім жадымда жоқ. 1916 жылдың оқиғаларын дәлме-дәл
елестете алмаймын. Әйтеуір әйелдердің жас төккені, ерлердің үрейлі жүзі,
күннің тұтылғаны көз алдымда”,- дейді [14, 335]. Ал, өзінің өмір жолын
былай деп өрнектейді: “Мені әскери адам еткен соғыс. Соғысқа дейін әскери
адам болған емеспін. 1932 жылы солдат боп әскери міндетімді атқарғаным
болмаса, менің әскери білімім жоқ. ...Бірақ мен өзімді соғыс мәселелерінен
хабары жоқ адамға санамаймын. Мен солдатпын, академияны өмірдің өзінен –
ұрыстан өттім” [15, 247].

Ол тек жауынгер ғана емес, ұлағатты ұстаз да еді. Соғыстан кейін 1948
жылы даңқты батыр К.Е. Ворошилов атындағы Жоғары Әскери академиясының
негізгі курсына түседі. Оны ойдағыдай аяқтап, Совет Армиясы әскери
академиясында дәріс оқиды. Ұстаздық өмірі туралы даңқты батыр былай еске
алады: “Соғыстан кейін мен жоғары әскери білім медресесін бітірдім. Бес жыл
соғыс жоғары білімінен сабақ берушілерінің бірі болдым. Менің
шәкірттерімнің арасында көптеген генералдар, көптеген полковниктен тағы
басқа дәрежедегі офицерлер болды. Олардың көптері қазір жоғары дәрежелі
орындарда қызмет етеді” [16].

Жалынды патриот, қайраткер Б.Момышұлының отансүйгіш азамат ретінде
қалыптасуы, қоғамдық-саяси істерге араласуы Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов сынды ұлт зиялыларынан бастау
алып, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қаныш Сәтбаев секілді асыл азаматтардың
қасында өтті. Демек, оның азаматтық тұлғасы өзіндік сананы ұлттық санаға
ұластырудағы биік парасат өлшемімен көрінеді. Б.Момышұлы қайсыбір саяси,
мәдени, әдеби жиындарда болсын, еркін сөйлеп өз ойын ашық айтып отырған.
Мысалы, Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновқа жолдаған хатында (1943 ж.) халық
тәлімін негізге алып, жігітті батырлық, жауынгерлік, қаһармандық сияқты
қасиеттерге тәрбиелейтін ой-тұжырымдарын баяндайды. Халық тәлімінің жүйе-
желісін ұстанған жазушы игі дәстүріміздің өмірде қайта жаңғыруына ат
салысқан:

1. Әдеп және әдеп дей отырып:
Ұяда не көрсе ұшқанда соны алады;

Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас болғын;

Тексізден тезек артық;

Жаным арымнан садаға;

Өлімнен ұят күшті;

Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.

Аталған әдептердің ана сүтімен даритынын айта келіп, өнегелі тәрбие
алған адам Отанға берілгендік, әділдік, тәртіптілік тәрізді жауынгерлік
қасиеттердің негізін бойына сіңіретінін ерекше атап өтеді.

2. Асық, шілік, жасырынбақ ойнау, жарыс, күрес, ақсүйек жастарды
ептілікке, шеберлікке, айлакерлікке, көздегіштікке, ширақтыққа,
табандылыққа ұрыста солдатқа ауадай қажет басқа да жақсы әскери қасиеттерге
тәрбиелейтіндігіне тоқталады.

Өткен тарихыздағы жақсы дәстүрлер бүгін салтанат құрып, даңқты қазақ
батырларының, Исатай, Махамбет ерлік істерінің үлгі-өнегесі насихатталуына
көңіл бөледі.

3. Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Бәдік айту, той, айтыс – тез ойлауға, тапқырлыққа тәрбиелейтін өнер
саласы деп, ұрыста кездейсоқтықтың көп болатындығын баяндап, оған жоғарыда
келтірілген әдеп-ғұрыптың септігі тиетінін және олардың пайымдаушылықты
дамытып, білек бірді, білім-айла, ақыл мыңды жеңетініне зер салған.

4. Көкпар, бәйге аударыспақ батылдыққа, ептілікке бұлшық етті
шынықтыратын, құмарлықты оятар, есеп пен тәуекелге бел байлауға, тіпті
өзінің ары мен атағы үшін өлімге бас тігуге баратын дәсттүрлі ұлттық
ойынлдар екеніне мән беріп, бұл игі дәстүрді күні өткен деп қарайтын ел
билеушілеріне қарсы дау айтып, нәтижесінде жастарымыздың әдепсіз, жеңіл
ойлы, нашар, ебедейсіз, қопал болып өсетінін айта келіп, су жүрек,
қожырлау, бас қамын ойлайтын тоғышарлар дәстүрімізді ұмытуымыздың салдары
екеніне көзімізді жеткізеді. Хаттың негізгі мәні әр азаматты ерлікке
тәрбиелеудің өзегі халықтың озық дәстүрлер мен әдет-ғұрып, салт-ырымдарда
жатқанын меңзейді. Бұл ақыл-ойының бүгінгі әскери-ғылыми саласында да,
мектеп қабырғасында да, сәбилер тәрбиеленетін балабақшаларында да, әрбір
жеке-жеке отбасында да алатын орны ерекше. Егер мазмұндалған ұсынысты
нысанаға алсақ, халықтың санасына жеткізе білсек, мемлекетіміздің құқылы
тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолында игі істерге қолымыз жеткен болар еді
[17, 58].

Бауыржан 25 жыл әскерде болған. Бұл туралы –өзі былай толғайды:
“Біле білген кісіге бұл үлкен университет. ... Осы 25 жылдың ішінде мен
талай қолбасшымен кездестім, сабақ алдым, талай генералдың қол астында
қызмет істедім, тәрбие көрдім. Талай ұлттың өкілдеріне командир болдым,
тәрбиеледім. Өйткені командир деген әскери педагог қой. Осы әр ұлт
адамдарымен істес болғанымды өзіме ерекше бір мектеп деп бағалаймын.
Себебі, Чуваш мынадай екен-ау, қырғыз мынадай болады екен-ау деп ойланасың.
Ана халық анадай дәстүрін қастерлейді, мына халық мынаны құрметтейді екен-
ау деп толғанасың. Мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған үстеріне шинель
киген солдаттар арқылы Совет Одағының барлық халықтарының жанын ұқтым деп
ойлаймын. Өйткені олардың жүректері – іштерінен шыққан балалары – менің
алақанымда болды. Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды
ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз
халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу
үшін жұмсадым. Өзім де жаным арымның садағасы, халқым үшін қасықтай қаным
пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім” [18, 28 б.].

Бауыржан Момышұлы өз өмірбаянын өзі жазып кеткен адам. Сондықтанда біз
автордың өз шығармаларына сүйене отырып батырдың ғұмырнамасы мен
шығармашылық жолын және өскен ортасын, алған тәрбиесін көрсетуге тырыстық.
Сол тәрбие-тәлімнің жемісі ретінде қалыптасқан мінез-кұлық қырларына назар
салсақ деген ойдамыз. Ал, мінез-құлық адам жанының айнасы, адам болмысының
көрінісі екені айдан анық.

Сонымен Бауыржан Момышұлының болмысын сөз еткенде ең алдымен оның
өзгеше батыр екенін айтпауымызға қақымыз жоқ!. Оны Зейнеп апамыздың мына
сөзінен байқаймыз: "Атаның алды сұсты болатын. Бірақ мен кейін түсіндім,
ата - жас баладай аңғал, кең, тұңғиықтай терең парасатты, "батыр аңғал"
дегендей, соншалықты адам күлерліктей аңғалдығы бар жан еді. Өзі өмір
сүрген қоғамда басы ноқтаға сыймай өткен. Қазір не көп, батыр көп. Ал, ата
өз заманының батыры еді. Кеңес өкіметі тұсында бір орталыққа бағынған,
саптаяққа ас құйып, сабына қарауыл койған кезде өмір сүрсең, көрер ем батыр
болғаныңды... Әрбір оқиғаны сараптағанда сол өзінің өмір сүрген уақытына
қарау керек қой. Сол кездің өзінде атаның ұлтшыл, тентек, басбұзар атануы
өзі үшін бе, жоқ... Ата елу жыл халқының қамын ойлап қабырғасы қайысқан"
[19] – деп жазады. Бауыржан Момышұлының батырлығы - елін сүйген, ел үшін
күйген, ұлт тағдыры үшін қандай да бір қарсылыққа қарсы тұрар
қаһармандық болатын. Ақын Қаныбек Сарыбаев Бауыржан
Момышұлының бейнесін эпостық қаһарманға жақындатып жырлайды:

Қыран қабақ, бүркіт көз

Арыстан шаш, барыс мұрт

Найзағай үн, мылтық сөз

Мұрны тау, жағы үстірт

Сабау саусақ, сан білек,

Құлағы дәп қалқан нән

Түшкірсе сәл қаттырақ.

Түсесің сен шалқаңнан... [20, 128].

Сонау 1941 жылдың өзінде Москва тубіндегі 28 панфиловшы батырлардың
ерлігімен бірге Бауыржанның қаһармандығы ауыздан-ауызға тарап бүкіл елге
жайылған. Әрине, халық Бауыржан ерлігі мен өзі білетін Қобыланды, Ер
Тарғын, Қамбар батыр, Алпамыс батыр қаһармандығы арасындағы ұқсастықты
іздеген. "Менің де бұрын соңды көріп-білмеген, бірақ менің құлағыма жеткен
өз Бауыржаным бар-тын.Ол...халқының ғажайып ерлік эпостарындағы батырларды
еске сап, қорғасыннан құйылғандай ауыр, тұп-тұтас, әлсіздік дегеннің не
екенін білмейтін жанды еске салатын. Көкірегімде жатталған сондай ұғыммен
мен майданға кете бардым" [21, 226-227] - деп жазады белгілі жазушы Тахауи
Ахтанов өз естелігінде. Сөйтіп жүргенде 1944 жылы Тахауи Ахтанов орталық
"Правда" газетінен "Полковник Момышұлы" деп қол қойған мақаланы көреді. Бұл
әдебиет туралы жазылған мақала болып шығады. "Бұл мақала менің Бауыржан
туралы түсінігімді түбірімен өзгертіп жіберді. Менің ұғымымдағы -жаужүрек
казақ батыры енді кеп өз заманының әдебиетінде болып жатқан процесстерді
терең түсініп қана қоймай, сонымен бірге соғыстағы адамның психологиясы мен
жан жүйесіне терең бойлайтын парасатты адам болып шықты. Сонда мынау
Момышұлы кім болды өзі? Қатал жігерлі командир, көзсіз батыр ма, әлде
сыпайы сырбаз зиялы ма?"

Арада біраз жыл өткен соң Тахауи Бауыржанды ақын Қасым Аманжоловтың
үйінде көреді:

“Биік, сымбатты, кең иықты, келісімді, бет пішіні кесек, бітімді,
маңдайы жарқыраған кісі екен - көрдім. Бар бітімі ірі, бар болмысы үлгілі.
Бірақ оның батырға ұқсас жері де сол ғана”

1958 жылы казақ әдебиеті мен көркем өнерінің Москвада болған онкүндігіне
барған жазушыларды қарсы алған Николай Тихонов: “Біз ескі досымыз, Ұлы Отан
соғысының геройы Бауыржан Момышұлының “За нами Москва” атты кітабын оқимыз”
деп жылы сезім білдірсе, әскери жазушылардың Москвада болған кеңесінде сөз
сөйлеген армия генералы Филипп Иванович Голиков мынадай жоғары баға берді:

“...Жұлдызы сондай ыстық еді, жарықтық. Кісіні үйіріп алатын. Үйіріп
алғаны ғой, отыз жыл бойы сол алғашқы әсерден әлі шыға алмай келемін”. Б.
Момышұлының қолбасшылық қабілетінің дамуына, соғыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі
Бауыржан Момышұлының соғыс өнері
Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері
Бауыржан Момышұлы - халық қаһарманы
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Пәндер