Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқытудың мәні



Кіріспе ... ... ... ... ... .3.4
І . бөлім. Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқытудың мәні.
1.1. Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологиялық ұғымдардың мазмұны мен өзара сабақтастығы ... ... ... 5.10
1.2. Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... .10.28
ІІ . Бөлім. Сөз таптарын жаң инновациялық әдістермен меңгерту тәсілдері.
2.1. Сөз таптарын жаңа технологиямен оқытудың тиімділігі ... ...28.33
2.2. Сөз таптарын оқытуда модульді оқыту технологиясын қолдану жолдары ... 33.35
Қорытынды ... ... ..36
Пайдаланылған әдебиеттер
Еркін елдіктің жаңа ғасырына аяқ басқан Қазақстан Республикасының білім қуатын саралау, оның бұлақ көздерін қажетсіз тұнбалардан тазартып, тың арналармен байыту — кезек күттірмейтін келелі міндеттердің ең ірісі, әрі маңыздысы. Мұны туған республикамыздың тәуелсіздігінің берік тірегі іспетті бірінші кезекте қабылданған қадау-қадау заңдардың қақ ортасынан «Білім туралы Заңның» салмақты орын алуынан байқауға болады. Еңдігі міндет—осы Занды жүзеге асыру, оны ел қажетіне, мемлекет мүддесіне жұмсау.
«Білім туралы Заң» көп ұлтты тәуелсіз жас қазақ мемлекетінің дүниежүзілік өркениетке батыл қадам басуына берік тұғыр боларлықтай сапалық деңгейі қазақстандық бірегей жаңа білім беру жүйесін қалыптастыруды кездейді. Бұл орайда, сөз жоқ, өскелең өмір уақыт озған сайын Заңның өзіне де көп өзгерістер енгізіп, шындай берері хақ. Өмір—тоқтаусыз қозғалыстың, ілгері дамудың кең айдыны. Мәселе — оның әр кезеңі, әр дәуірі алға тартқан түйінді міндеттерін айқындап, сол міндеттерді дер кезінде ойдағыдай шеше білуде.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І – бөлім. Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқытудың мәні.
1.1. Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологиялық ұғымдардың мазмұны мен
өзара
сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5-10
1.2. Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... .10-2 8
ІІ – Бөлім. Сөз таптарын жаң инновациялық әдістермен меңгерту тәсілдері.
1. Сөз таптарын жаңа технологиямен оқытудың тиімділігі ... ...28-33
2. Сөз таптарын оқытуда модульді оқыту технологиясын қолдану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...33-35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...36
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.37

Кіріспе.
Еркін елдіктің жаңа ғасырына аяқ басқан Қазақстан Республикасының білім
қуатын саралау, оның бұлақ көздерін қажетсіз тұнбалардан тазартып, тың
арналармен байыту — кезек күттірмейтін келелі міндеттердің ең ірісі, әрі
маңыздысы. Мұны туған республикамыздың тәуелсіздігінің берік тірегі іспетті
бірінші кезекте қабылданған қадау-қадау заңдардың қақ ортасынан Білім
туралы Заңның салмақты орын алуынан байқауға болады. Еңдігі міндет—осы
Занды жүзеге асыру, оны ел қажетіне, мемлекет мүддесіне жұмсау.
Білім туралы Заң көп ұлтты тәуелсіз жас қазақ мемлекетінің
дүниежүзілік өркениетке батыл қадам басуына берік тұғыр боларлықтай сапалық
деңгейі қазақстандық бірегей жаңа білім беру жүйесін қалыптастыруды
кездейді. Бұл орайда, сөз жоқ, өскелең өмір уақыт озған сайын Заңның өзіне
де көп өзгерістер енгізіп, шындай берері хақ. Өмір—тоқтаусыз қозғалыстың,
ілгері дамудың кең айдыны. Мәселе — оның әр кезеңі, әр дәуірі алға тартқан
түйінді міндеттерін айқындап, сол міндеттерді дер кезінде ойдағыдай шеше
білуде.
Бүгінгі танда жас мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы әр талабына
тұғыр боларлықгай білім жүйесін құру үшін алда тұрған маңызды міндеттер сан
алуан.
Тәуелсіз Казақ мемлекетінің жаңаша даму үрдісінің өскелең сұранысы
тұрғысынан саралай қарасақ, сол міндеттердің ішінен жас ұрпакқа берілетін
білім мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесі ерекше орын алады.
Әсіресе, жалпы білім беретін орта мектептерде игерілетін білім мазмұнын
уақыт талабына сай жаңартуды жедел қолға алу мемлекеттік мәні зор мәселеге
айналды.
Білім жолы—қиын да қастерлі жол. Бұл жолда талмай тынымсыз еңбектеніп,
шығармашылық ізденуден, үйренуден жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табысқа
жете алады.

І – бөлім. Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқытудың мәні.
1.1. Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологиялық ұғымдардың мазмұны мен
өзара сабақтастығы.
Тілдің ойлау және қарым-қатынас құралы ретіндегі қолданылуы оның
морфологиялық жүйесінде болатын өзгерістерге тікелей байланысты, Адамнық
сөздік қоры қаншама бай болса да, егер ол өзі білетін сол сөздерді бір-
бірімен байланыстырып қолдана алмаса, білгенінің бәрі босқа қалар еді.
Сөзден сөз тудырып, оларды жалғаулар арқылы бір-бірімен дұрыс
байланыстырып, сөйлем ішінде әрқайсысын орын-орнына қою үшін көптеген
морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мыналар:
1 сөз құрамы;
2 сөздердін жасалу жолдары;
3 жалғаулардың жалғану тәртібі;
4 сөз таптары және олардың қызметі;
5 әрбір сөз табына жататын сөздердің түрлену және өзгеруі, т.б.
Оқушылар қазақ тілінің морфологиялық жүйесі мен кейінгі кластарда 6-7
кластар тереңірек танысатыны белгілі. Бірақ бұл жүйеден қарапайым
мағлұматы жоқ бала бастауыш кластарда меңгеруге тиісті сөйлеу және жазу
дағдыларын мүлде игере алмас еді. Сөзге қосылатын тиісті қосымшаны дұрыс
қоса алмаған оқушы қалай сауатты жазбақ. Немесе заттың атын білдіретін сөз
бен сол заттың сынын, қимылын білдіретін сөздердің бір-бірімен байланысу
тәртібінен хабарсыз бала қалайша дұрыс сөйлем құрап, өз ойын анық жеткізе
алады? Ал сөйлеу дағдысы дамымаған баланың ойлау қабілетінің дамуында да
тежелу болатынын психолог ғалымдар айтып, жазып жүргені де белгілі.
Демек, бастауыш кластарда тілдің морфологиялық жүйесінен мағлұмат беру
Ісі тек жеке пәндік тұрғыдан ғана маңызды емес, бұл - осы кластардағы
оқыту процесінің табысты болуының кепілі. Сондақтан "Бастауыш кластарда
оқушының ана тілінің морфологиялық жүйесін міндетті түрде оқыту керек пе?"
деген сұрақтың жауабы біреу ғана: - йә, міндетті түрде оқыту қажет,
Бірақ қай кластан бастап және қандай дәрежеде мағлұмат беру керек? Міне,
бұл күрделі мәселе..." Бастауыш кластарда берілетін морфологиялық білім
мазмұнын дәл анықтаудың күрделілігі мынада:
1. егер оқушылардың психо-физиологиялық мүмкіндіктерін ескермей, берілетін
теориялық ұғымдардың көлемін көбейтіп жіберсек, оқыту ісін ауырлатып алар
едік. Әрі бұл таза теориялық мағлұматтарды меңгертуге айналып, басты
мақсат балалардын дұрыс сөйлеу және жазу дағдысын қалыптастыру мақсаты
кейінге ығыстырылар еді;
2. керісінше, оқушылардың іс жүзілік дағдысын қалыптастыруға көп көңіл
бөліп, берілетін теориялық білімнің көлемін ықшамдауға тырыссақ, онда
балалардың сөйлеу және жазу дағдысының дамуына нұқсан келер еді. Себебі
тілдегі заңдылыктарды менгермей тұрып, дұрыс сөйлеу немесе дұрыс жаза
білу мүмкін емес.
Демек, бастауыш кластарда тілдің морфологиялық жүйесінен берілетін
теориялық мағлұматтар мен іс жүзілік дағдылардын үйлесімін дәл табу қажет.
Әрі бұл үйлесімнің әр кластағы морфологиялық ұғымдардан кейін оқытатын
"Сөйлем" тарауындағы тақырыптарға да сай келіп отыруы талап етілуі тиіс.
Алты жастан бастап оқытылатын төртжылдық бастауыш мектептің
бағдарламалары мен оқулықтарын жасау барысында педагог-ғалымдар осы
мәселенің шешімін дұрыс табуга ұмтылуда. Олар бұрынғы үш жылдық бастауыш
мектепте жинақталған бай тәжірибеге сүйене отырып, балалардың
психофизиологиялық қабылдау мүмкіндіктеріне сай келетін олардың іс жүзілік
дағдыларын дамытуға жағдай жасайтын грамматикалық ұғымдардың оқытылуға
тиісті көлемін анықтады.
Жаңартылған бағдарлама бойынша тілдің морфологиялық жүйесі
2-кластан бастап оқытыла бастайды. Бұл класта оқушлар сөздердіц
семантикалық-грамматикалық топтарынан яғни сөз таптарынан алғашқы
мағлұматтар ала бастайды. Сөз топтарын терминдік тұрғыдан ажыратпағанымен,
2-класс оқушылары "Кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін
сөздерді", "Бас әріппен жазылатын сөздерді", "Не Істеді? неғылды? қайтті?
сұрақтарына жауап беретін сөздерді", "Қандай? қай? сұрақтарына жауап
беретін сөздерді", "Қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін
сөздерді" олардың анықтамаларымен бірге оқып үйренуге тиісті. Сонымен қатар
әр топтағы сөздердің қайсысына қандай сұрақ қойылатынын біліп,' оның
себебін түсінулері қажет. Сондай-ақ заттың қимылын, сынын, санын білдіретін
сөздермен тіркестіріп сөйлем құрай білу дағдыларын да меңгеруге міндетті.
Егер оқушылар бұл соңғы дағдыны меңгермесе, кейінгі "Сөйлем" тарауындағы
мағлұматтарды дұрыс игере алмайды. Тағы бір айта кететін мәсәле,
2-класқа тілдің морфологиялық жүйесін оқыту барысында
оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу және жазу дағдыларын жетілдіруге, емлелік
заңдылықтарды мысалы, заттың атын білдіретін сөздерді жекеше түрден көпше
түрге айналдыру кезіндегі, не болмаса "Қанша? неше? нешінші? сұрақтарына
жауап беретін сөздер" тақырыбын өткен кездегі, т.б. менгертуге барынша
көңіл бөлу қажеттігі ескерілген.
3-класта оқушлар ана тіліндегі сөздердің құрамы туралы алғашқы түсінік
алады. Дыбыстан сөз құрап, оларлан сөйлем жасап, оқу мен жазуды меңгеріп
қалған балалар енді әлгі сездердің дайын күйіндегі сөйлем құрамына ене
алмайтынын түсінеді. Сөздердің өзгермейтін бөлігін "түбір" деп, ал
сөйлем құрамына енер кезде қосылатын бөліктерін "қосымша" деп атайтынын
біледі. "Негізгі түбір", "қосымшалы сөз" яғни туынды түбір туралы мағлұмат
алады. Сөз тудырушы немесе сөзбен сөзді байланыстырушы болу қызметіне сай
қосымшалардың жұрнақ және жалғау болып бөлінетінін ұғынады. Қосымшаларды
түбір сөзге дұрыс жалғап жазу емлесін меңгере бастайды.
Қорыта айтқанда, оқушылар бұл класта өздері күңде қолданып жүрген сөздер
құрамының сөйлеу, жазу кезінде езгеріп тұратынын саналы түрде оқып үйренуге
кіріседі. Сондай-ақ бастауыш класс оқушылары 3-кластан бастап тілдегі сөз
таптары туралы да олардың ғылыми терминдік атаулары, т.б. көп мағлұмат
алады. Атап айтқанда, "Зат есім", "Сын есім", "Етістік" сияқты сөз
таптарының негізгі және туынды түрлерін, болымсыз етістіктерді есептік
және реттік сан есімдерді бір-бірінен ажыратып, күнделікті өмірде пайдалана
білуге тиіс. Олар мұндай мағлұматтарды осының алдындағы "Сөз құрамы"
тарауынан алған білімдеріне сүйене отырып меңгере алады. Бұған қоса "Сөз
таптары" тарауын оқы-ту барысында оқушылар жалқы есім мен жалпы есімнің бір-
бірінен өзгешелігін, зат есімнің жекеше, көпше түрлерін, олардың
тәуелденуін толық менгере бастайды. Яғни "Сөз құрамы" тарауында өздері
жұрнақ, жалғау деп бөлген қосымшалардың ары қарай да жіктеле беретінін
ұғына түседі. Мысалы: Тағы бір айтатын нәрсе: бұл класта оқушы сын
есімнің, сан есімнің, етістіктің зат есіммен байланысын айтылуы туралы жан-
жақты мағлұмат алып, оны іс жүзінде саналы түрде қолдана білуі қажет, Егер
олар мұндай дағдыны меңгермесе, кейінгі "Сөйлем" тарауында оқытылатын
сөйлем мүшелері, олардың өзара байланысы, бастауыш пен байндауыштың
арасындағы емле ережелері туралы берілетін білімді толық түсінуі қиын.
Бастауыш класс оқушыларының грамматикалық ұғымдарды оқып үйрену кезінде
жіберетін қателерінің бірі дәл осы сөз таптары мен сөйлем мүшелері
категорияларын бір-бірінен шатастырып алуында жатыр. Олар бастауыш пен зат
есім, баяндауыш пен етістік, анықтауыш пен сан есім арасында ешқандай
айырмашылық жоқ-бірдей ұғым деп қабылдайды. Осының салдарынан, сөйлем
мүшелерінің өзара байланысына қатысты емлелік ережелерді түсінбей,
шатастырып алады. Сондықтан оқушларға есімдер мен сөйлем мүшелерінің
ерекшеліктерін ұғындыруға ерекше көңіл бөлу қажет.
4-класта оқытылатын морфологиялық ұғымдардың мазмұны одан әрі күрделене
түседі. Бұл класта оқушылар қазақ тіліндегі "Біріккен сөздерді", "Қос
сөздерді", "Қысқарған сөздерді" және олардың анықтамаларын, түрлерін,
жазылу ерекшеліктерін оқып үйренеді. Әсіресе "Сөз таптары" тарауында
берілетін морфологиялық ұғымдардың мазмұны мен сипаты өте күрделі. Оқушылар
осы кезеңде қазақ тіліндегі сөздердің байланысуының ең көп тараған тәсілі
- септік жалғауларымен танысады. Септіктің атаулары мен сұрақтарын, зат
есімнің жекеше яғни көпше түрлерінің септелуін төртінші класс оқушыларына
барынша толық меңгертудің маңызы зор. Себебі атау сөздердің қалай
септелетінін толық білмесе, кейін тәуелдік жалғаулы сөздерді, жіктеу
есімдігін де дұрыс септей алмайды. Ал мұндай білім олардың жүйелі сөйлей
білуі мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуы үшін аса қажет. 4-класта
оқытылатын тағы бір жаңа ұғым - зат есім мен етістіктің жіктелуі. Бұл
ұғымдар оқушылар осы кластан бастап танысатын сөз таптарының жаңа турі -
"Есімдік", "Жіктеу есімдіктері" тақырыптарын оқытумен тығыз байланысты
меңгертіледі.
Көріп отырғанымыздай, бастауыш мектептің 4-класс оқушылары қазақ
тіліндегі жалғауларды бір-бірінен ажырата алатындай дәрежеде мағлұмат алады
екен: Сондықтан мұғалім жалғаулардың барлық түрлерін өтіп болған соң,
сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаларға арнап бір-екі жинақтау
сабағын өткізгені дұрыс. Мұндай сабақтар сөз құрамына, сөздердің бір-
бірімен байланысына оқушылардың саналы түрде назар аударуын қалыптастырады.
Өрі толық мәніндегі морфологиялық талдау жұмысына дайындық жасала
бастайды.
4-класта "Сын есім", "Сан есім", "Етістік" туралы оқушылардың
мағлұматтары бұрынғыдан да кеңейе түседі. Олар енді бұл сөз таптарының дара
және күрделі түрлерін сөйлем ішінен тауып, немесе өздері құрастырып
үйренеді. Осы дағдылар кейін "Сөйлем" тарауында сөйлемнің дара және
күрделі мүшелері туралы ұғымдар-' мен ұштасып, оқушылардың сөйлеу және
жазу жұмысы жүйелі болып, күрделі сөйлемдерді пайдалана білуіне жеткізеді.
Сондай-ақ оқушыларға осы класта етістіктің шақтары туралы алғашқы маглұмат
беріледі. "Үстеу", "Шылау" сияқты сөз таптары-мен де алғаш рет танысады.
Әсіресе, оқушыларға шылау мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылу
ерекшеліктерін меңгертудің манызы зор. Өйткені бұл кезеңде, кейін "Жай
сөйлем мен құрмалас сөйлем' тақырыбын өткенде де жалғаулық шылауларды жиі
пайдалануға тура келеді. Тәжірибеде байқалып жүргендей, бастауыш класс
оқушылары жіберетін емлелік қателердің бір тобы - осы шылау мен шылау
тұлғалас қосымшаларды бір-бірінен ажырата білмеулеріне тығыз байланысты.
Сонымен төрт жылдық бастауыш мектепті бітірген оқушы тілдің
морфологиялық жүйесі туралы белгілі бір дәрежеде мағлұмат алып шығады.
Олар бағдарламалық талаптар бойынша, негізгі сөз таптарын бір-бірінен
ажырата алады, сөз бен сезді байланыстырып тұрған жалғауларды да едәуір
меңгереді. Сөздерді түбірге, қосымшаға, жұрнаққа, жалғауға бөліп,
қарапайым морфологиялық талдау жасауды да біледі.
Оқушылардың тілдің морфологиялық жүйесінен алған бұл мағлұматтары мен
дағдылары кейінгі "Сөйлем" тарауында берілетін ұғымдармен ұштастырылып,
оларды өз ойларын еркін баяндап, айта және жаза білетін дәрежеге жеткізуге
тиісті. Бағдарламалық талап - осы. Бірақ бұл талаптын қай мектепте қандай
дәрежеде орындалатыны мұғалімнің шеберлігіне, сабақты әр тақырыптың
өзіндік сипатына сай ұйымдастыруына және тиімді әдістерді қолдана
білуіне*'байланысты.
1.2. Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту әдістемесі.
Сөз таптары жаңа тақырып ретінде емес, бұрын берілген білімді кеңейтіп,
бекіте түсу мақсатында ұсынылды. Оқушыларға бұрынғы сыныптарда берілген
түсініктерге сүйеніп, сөздердің неліктен әр түрлі сөз таптарына бөлінетінін
еске түсіру, соның себебін оқушылардың өздеріне пайымдату мақсаты көзделді.
Оқулықтағы 270—274-жаттығулар осыған арналған. Аталған жаттығуларды орындау
барысында оқушылар сөздердің білдіретін мағыналарына, сұрақтарына, сұрақ
арқылы өзгеру жүйесіне қарай әр түрлі топқа бөлінетінін саналы түрде
ұғынады, әрі өтілген сөз таптарын еске түсіреді. Мұның өзі кейінгі
оқытылатын тақырыптарды жеңіл меңгертуге мүмкіндік жасайды.
Зат есім — екінші сыныптан бері оқытылып келе жатқан тақырыптардың бірі.
Бұл сыныпта "Зат есім" тақырыбын оқытудың негізгі міндеттері мынадай:
оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі
тереңдету;
зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту,
сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету;
зат есімнің жіктелуі туралы түсінік беру, олардың жекеше және көпше түрімен
таныстыру;
оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру (жалқы есімнің емлесі, зат
есімнің тәуелдік және септік жалғаулары жалғанған кездегі жазылуы т.б.);
оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі
дамыту.
"Зат есім" тақырыбын оқыту 2—3-сыныптарда осы тақырыпқа қатысты берілген
ұғымдарды еске түсіруден басталады. Бұл тұста, ең алдымен, зат есімнің
тіліміздегі ең жиі қолданылатын сөз табы екенін, оның сөйлеу процесінде
ерекше орын алатынын байқатқан жөн. Мәселен, 275-жатты-ғуда мәтінді зат
есімдерсіз оқып көру тапсырылған. Тапсырманы орындау барысында оқушылар зат
есімдерсіз мәтін мазмұнын түсіну мүмкін еместігін, өйткені кез келген
сөйлем құрамында міндетті түрде зат есім сөз болатынын аңғарады. Осы
тәрізді жаттығулар арқылы зат есімнің сөз табы ретіндегі атқаратын рөлі мен
мәнін аша түсу керек. 276— 280-жаттығулар зат есімді жалпы түрде қайталауға
арналған. Нақты айтқанда, 276-жаттығу зат есімнің жалқы есім және жалпы
есім болып бөлінетінін, 277, 278-жаттығулар зат есімнің тәуелденуін еске
түсіру мақсатын кездейді. 279-жаттығуда үш, біл, іл, сыз, жүз, өшір, адал,
ұзын, жаңа, сұлу таза, биік сөздері берілген. Бұл сөздердің қай сөз табына
жататынын айтқызып, осы сөздерден зат есім жасап жазу тапсырылған. Үлгі
берілген:
Ұшқыш,...
Адалдық,...
Бұл жаттығуды орындау барысында оқушылар басқа сөз таптарына жұрнақ
жалғау арқылы туынды зат есім жасалатынын еске түсіріп қана қоймайды.
Сонымен қатар зат есімнің негізгі және туынды болып бөлінетінін,
әрқайсысының анықтамасын да еске түсіруі, өз беттерінше мысалдар ойлап
айтуы тиіс. 280-жаттығу да зат есімдердің негізгі немесе туынды екенін
ажыратуға берілген. Бұл қайталау материалы болғандықтан, әрбір еске
түсірілетін тілдік объектіге бір-екі жаттығу берумен шектелдік. Әрине, бұл
аз. Сондықтан қосымша дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, қажетті
ұғымдарды толық меңгертуге ұмтылған дұрыс.
Зат есімнің септелуімен оқушылар 4-сыныпта алғаш рет танысады, яғни
септік деген тілдік термин — олар үшін жаңа ұғым. Сондықтан бұл тақырыптың
түсіндірілуіне ерекше назар аударылғаны жөн. Бұл үшін оқулықта мынадай
жаттығу (281) берілген: "Біздің үйдің шатырына қарлығаш ұя салды. Ұяда
қарлығаштың балапандары бар. Қарлығашқа үнемі балапандарына жем іздеуге
тура келді. Бір күні биікте ұшып жүрген қарлығашты көрдік. Әуеде самғап
ұшқаны қандай әдемі!"
Жаттығуды оқытып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойдыра отырып,
сұрақтардың ретіне қарай зат есімнің жалғаулары да өзгеретіні байқатылуы
тиіс. Немесе келесі 282-жаттығуда сұрақ бойынша оқушы, ауыл сөздерін
өзгертіп жазу тапсырылған. Сұрақтардың орнына аталған сөздерді қойып
жазғанда былай болып шығады:
Үздік оқушы. Ауылдан келді.
Оқушыны көрді. Ауылдың жанында көл бар.
Оқушыға берді. Демалыста ауылға барамын.
Оқушыдан сұрады. Мен ауылды ұнатамын.
Зат есімдердің жалғауларын тапқызып, астын сыздырғаннан кейін, олардың
қай сөзбен байланысып тұрғанын айтқызу қажет. Жоғарыдағы жаттығуларды
орындау нәтижесінде оқушылар бір сөздін өзі сөйлемдегі өзге сөздермен
байланысына қарай әр түрлі жалғауларда айтылатынын аңғара бастайды.
Осылайша септік жалғауларын таныту жұмыстары жүргізілген соң, сөйлемдегі
сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғаулардың септік
жалғаулары деп аталатынын түсіндіріп, септік атаулары, әр септіктің
сұрақтары мен жалғаулары таныстырылады. Бұл үшін оқулықта берілген кестені
көрнекі құрал ретінде пайдалануға болады. Одан әрі септік жалғаулары туралы
берілген ұғымды бекіте түсу, септік түрлерін таныту жұмыстары жүргізіледі.
Оқулықтағы 283, 284, 285-жаттығулар осы мақсатты көздейді.
Атау септік — басқа септіктердің мағыналары мен жалғауларын салыстырып
ажырату үшін қабылданған негізгі форма. Сондықтан атау септігінің өзіне тән
арнайы қосымшасы болмайды. Ол заттарды түбір күйінде атап көрсетеді. Атау
септігіндегі сөз сөйлемде кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беріп,
бастауыш мүшенің қызметін атқарады. Әрине, кейде атау септігіндегі сөздің
байндауыш болып келетінін есте ұстаған жөн. Мысалы: Сәуле—дәрігер. Біз бұл
арада атау септігінің негізгі синтаксистік қызметін ғана айтып отырмыз.
Сонымен атау септігіңдегі сөзге тән негізгі белгі, біріншіден, оның
қосымшасыз түбір тұлғада келуі, екіншіден, бастауыш мүше қызметін атқаруы
болып саналады. Сол себепті атау септігі туралы берілетін түсінікті осы
басты екі белгісін танытудан бастаған дұрыс. Аталған тақырыпқа арналған
алғашқы екі жаттығу (286, 287) осы мақсатта ұсынылды. Ал 288, 289, 291-
жаттығуларда мәтіннен атау септіктегі сөздерді тауып, оның қай мүше болып
тұрғанын және қай сөзбен байланысқанын анықтату, берілген сөздерді
қатыстырып сөйлем құрап жазу т.б. тапсырылған.
Ілік септік. Ілік септіктегі сөз үнемі тәуелдік жалғаулы сөзбен
байланысты болады да, заттың біреуге тән (біреудің меншігі) екенін
білдіреді. Мысалы: Айдардың дәптері, әжежнің жаулыгы. Ілік септіктің бұдан
басқа қатыстық мағынада жұмсалатыны да белгілі. Мәселен, кірпіш заводы
дегеннен қатыстық мағына білінеді, мұнда алдыңғы мы-салдардағыдай меншіктік
мағына анық байқалмайды. Сондықтан бастауыш сыныпта ілік септіктің
меншіктік мағына білдіретін жағдайы ғана таныстырылады.
Септік жалғаулары туралы алдында жалпы түрде таныстырылғандыктан,
оқулықтағы жаттығуларда бірден ілік септіктегі сөзді табу, оған сұрақ қою
тапсырылды. Соларды орындау барысында оқушылар ілік септіктегі сөздерге
қойылатын сұрақтар мен жалғауларын байқайды. Жаттығу жұмыстарын орындау
нәтижесінде оқушылар: "Ілік септігі кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап
береді. Ілік септігінің -ның-нің, -дың-дің, -тың-тің деген арнаулы
жалғаулары бар" деген тұжырымға келуі тиіс.
Ілік септігін оқытуда назар аударатын тағы бір нәрсе — оның сөйлемде
қандай мүше болып тұрғанын және қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтату.
Әрине, ілік септіктегі сөздің сөйлемде әрқашан анықтауыш болатыны белгілі.
Бірақ тұрлаусыз мүшелердің түрлері әлі жеке-жеке таныстырылмағандықтан,
оның тек тұрлаусыз мүше екенін айтумен шектелеміз.
Ілік септігі қосымшаларының ашық та, жасырын да қолданыла беретіндігін
байқатып қою да артықтық етпейді. Мысалы: мектептің директоры — мектеп
директоры, бөлменің терезесі — бөлме терезесі. Мұны оқушыларға байқату —
сөйлем мүшелеріне талдау кезінде қателеспес үшін тиімді әдіс.
Барыс септік. Барыс септіктегі сөз әрдайым етістік сөздермен тіркесіп,
қимыл-әрекеттің бағытын, мақсатын, іс-әрекеттің кімге арналғанын білдіреді.
Мысалы: астанага барды, оқуға келді т.б. Сондықтан барыс септігін
оқытуда оның жалғауларын танытып, оларға сұрақ қоя білуге үйретумен қатар,
қандай мағынада жұмсалып тұрғанына да көңіл бөлу қажет. Оқулықтағы
жаттығулар барыс септіктегі сөздерге қойылатын сұрақтар мен жалғауларды
байқату, барыс септіктегі сөз сөйлемнің қай мүшесі екенін және оның қай
сөзбен байланысып тұрғанын білдіру, оқушылардың септік жалғауларын сөйлеу
кезінде дұрыс пайдалануы мен барыс септік жалғауларын сөзге дұрыс жалғап
жазу дағдыларын қалыптастыру мақсаттарын көздейді. Бұл тұста ерекше есте
болатын жай: барыс септік жалғауларының қайсысы қандай дыбыстан кейін
жалғанып тұрғанына оқушылардың көзін жеткізу кажет.
Бұларды дыбыс үндестігі жайында берілген түсінікпен бай-ланыстырып,
неліктен солай жалғанып тұрғанын оқушылардың өздеріне айтқызған дұрыс.
"Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі" жеке тақырып ретінде кейін
оқытылатын болғандықтан, біз бұл сабақтарда зат есімнің тәуелдік формасынан
кейін жалғанатын -а, -е қосымшасына арнайы тоқталмай, тек бірер тұста
байқату тапсырмасын ғана ұсынумен тоқталдық.
Барыс септігін оқушылардың қалай меңгергендіктерін байқау үшін мынадай
тапсырмалар беруге болады:
1. Берілген сөздерді барыс септікке қойып айт (аспан, биік, орман).
2. Ана тілі сабағында оқыған шығармаларыңнан ішінде барыс септіктегі сөзі
бар үш-төрт сөйлем айт.
3. Іс-әрекеттің бағытын, мақсатын білдіретін екі-үш
сөйлем құра т. б.
Табыс септік. Табыс септіктегі сөз де етістікпен тікелей байланыста
болады. Бүл септіктегі сөз сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарады.
Табыс септігіне берілген алғашқы жаттығуларда кімді? нені? сұрақтарына
жауап болатын табыс септігіндегі сөздер тапқызылғаннан кейін, ол сөздердің
іс-әрекетпен байланысты екені аңғартылуы тиіс. Ол үшін сұрақтардың қай
сөзге қойылып тұрғанына, яғни табыс септігін қажет етіп тұрған етістік
екеніне назар аударылады. Мысалы, Кітапты, дәптерді таза ұстау керек деген
сөйлемдегі ұстау керек етістік сөзі кітап, дәптер сөздерінің табыс септікте
тұруын қажет ететіні байқатылады.
Ілік, барыс септік жалғауларын оқытудағы әдіс-тәсілдерді пайдалана
отырып, табыс септік жалғауларын, оларға қойылатын сұрақтарды меңгертеміз.
Сонымен бірге табыс септік жалғауларының сөздерге әр түрлі жалғану себебі
түсіндіріледі.
Табыс септігі ілік септік сияқты ашық түрде де, жасырын түрде де
қолданыла береді. Оқулықта берілген жаттығуларда табыс септігінің ашық
(жалғаулы) түрі ғана қамтылған. Сөйтсе де, оның жасырын (жалғаусыз) түрімен
де оқушыларды таныстырып қою артықтық етпейді. Өйткені сөйлем мүшесіне
талдау кезінде табыс септігінің жалғаусыз түрін атау септігімен шатастыру
тәжірибеде жиі кездеседі. Сондықтан бұларды өзара салыстыртып, ұқсастығы
мен айырмашылығы неде екенін аңғартып қойған жөн. Бұл үшін" Мен кітап
оқыдым. Айдын хат жазды. Мен кітапты оқыдым. Айдын хатты жазды" деген
сияқты мысалдар өзара салыстырылады, сөйлемдегі ой иесі тәрізді болып
тұрған сөздерге табыс септігінің сұрағын қоя білу талап етіледі.
Табыс септігінен берілген білімді берік орнықтыра түсу үшін мәтінмен
жұмыс істеу, оған ат қою, мазмұнын әңгімелеп беру, мәтіннен табыс
септігіндегі сөздерді табу, оның жалғауларын ажыратып көрсету, олардың
сөзге түрліше жалғану себебін түсіндіре білу сияқты жұмыс түрлерін жүйелі
түрде жүргізіп отыру тиімді.
Жатыс септік. Жатыс септіктегі сөздер етістік сөздермен байланысып,
мекендік және мезгілдік мағыналарды білдіреді. Мысалы: Сәуле бүгін үйде
болды. Кеште қонақтар келді.
Жатыс септігінің сұрағы мен қосымшаларындағы өзгешеліктерді
түсіндіргеннен кейін олардың сөйлемде тұрлаусыз мүшенің (жатыс септіктегі
сөз сөйлемде толықтауыш және мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады, бірақ
бастауыш сыныпта олар жеке айтылмайды) қызметін атқа-ратыны және оның қай
сөзбен байланысып тұрғаны сөйлемге синтаксистік талдау жасату арқылы
аңғартылады.
Жатыс септігі де, барыс септігі де қайда? сұрағына жауап береді.
Бұлардың бірдей сұраққа жауап бергенімен әр басқа септік екенін қосымшалары
арқылы білуге болатынына да назар аудару қажет. Мұның өзі оқушыларды
оқытылып жатқан тілдік материалды саналы түсінуіне, ойлануына, салыстыру
арқылы қорытынды жасай білуіне мүмкіндік береді. Оқулықтағы 329330-
жаттығулар осыған арналған.
Шығыс септік. Шығыс септігі — септік жалғауларының ішіндегі оңай
меңгерілетіндерінің бірі.
Шығыс септігі де жоғарыдағы әдіс-тәсілдер арқылы оқытылады. Мұнда,
әсіресе, шығыс септігіндегі сөздердің мағыналарына айрықша мән беру керек.
Шығыс септігіндегі сөздердің мағыналары (заттың неден жасалатыны, заттың
шыққан жері, салыстыру т.б.) мен сөйлемдегі қызметі нақты мысалдар арқылы
түсіндіріледі.
Мысалы:
1. Ағаштан ұя жасады.
2. Ғарышкерлер Байқоңырдан ұшырылады.
3. Бетегеден биік, жусаннан аласа.
Бірінші сөйлемдегі ағаштан деген сөз неден? сұрағына жауап беріп, заттың
неден істелгенін білдіріп, сөйлемде толықтауыш мүше болып тұрса, екінші
сөйлемдегі Байқоңырдан сөзі қайдан? сұрағына жауап беріп, шыққан орнын
білдіріп, сөйлемде мекен пысықтауыш болып тұр. Ал үшінші сөйлемдегі шығыс
жалғаулы екі сөздің екеуі де неден? сұрағына жауап беріп, өзара салыстыру
мағынасында жұмсалған.
Көмектес септік. Бұл септік іс-әрекеттің құралын, тәсілін және бірлесу,
ортақтасу тәрізді әр алуан мағыналарды білдіреді. Осы мағыналарына орай
көмектес септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та бола береді.
Мысалы: Күрекен қар күредік. Айжан досымен театрга барды сөйлемдеріндегі
күрекпен сөзі құралдық мағынаны, досымен сөзі бірлестік мағынаны білдіріп
тұр.
Көмектес септіктің өзге септіктерден бір ерекшелігі — олардың
қосымшаларының жуан варианты жоқ, сөздерге үнемі жіңішке түрде жалғанады.
Яғни буын үндестігіне бағынбайды. Оқулықта ол туралы арнайы айтылған жоқ.
Бірақ бұл — көмектес септіктегі сөздерге сөз құрамына талдау жасату арқылы
түсіндірілуі тиіс.
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі. Оқушылар бұған дейін септік
жалғаулары туралы толық мағлұмат алғандықтан, тәуелдеулі зат есімдердің
септелуін түсіндіру аса қиындық келтірмейді. Өйткені тәуелдеулі зат
есімдердің септелуі (кейбір септік жалғауларындағы өзгешеліктер болмаса),
негізінен алғанда, жай септеумен бірдей. Зат есім тәуелденіп септелгенде
әуелі тәуелдік жалғауы, содан соң септік жалғауы жалғанады. Тәуелдік
жалғауынан соң барыс, табыс, жатыс септік жалғаулары жай септеудегіден
өзгеше болып жалғанады. Атап айтқанда, тәуелдеулі зат есімнен кейін барыс
септігіне I, II жақта -а, -е, III жақта -на, -не қосымшалары қосылса, III
жақта табыс септігіне -н, жатыс септігіне -нда, -нде қосымшалары қосылады.
Оқулықта бұл тақырыпқа берілген алғашқы екі жаттығу зат есімнің
тәуелденуін, тәуелдік жалғауын еске түсіруге арналды. Содан соң
театрға—театрына, жұмырт-қаны — жұмыртқасын, көшеде — көшесінде сөздері
іргелес сөйлемдерде қатар алынып, сөз құрамына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту
Грамматиканы оқытудың ғылыми негіздері
Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Мектептерде оқытуға үйрету әдістері
Грамматика және тіл дамыту
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Пәндер