Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы



1. «Балапан» бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
2. Кіріспе
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің
ағымдағы жай.күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері,
нысаналы индикаторлары және оны іске асыру
нәтижелерінің көрсеткіштері
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
6. Қажетті ресурстар
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген.
Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім жүйесі болды, ол 7 жасқа дейінгі балалардың шамамен 70 %-ын қамтыды.
1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868) «оңтайландыру» кезеңінде жекешелендірілген, бір бөлігі бос қалған, қираған. Жалпы, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалар саны 1144-ке дейін азайды.
Республиканың тәуелсіздік жылдарында мектепке дейінгі білім жүйесі қайта жандана бастады: балабақшалар саны өсуде, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ұйымдардың жаңа түрлері құрылуда.
2007 жылдан бастап 2009 жылдар кезеңінде 142,1 мың орындық 2557 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 75 орындық 612 балабақша.
Бүгінгі күні республикада 4972 мектепке дейінгі ұйым бар, олардың 2003-і балабақша. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 373 160 адамды немесе мектепке дейінгі балалар санының 38,7 %-ын құрайды.
Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінде 260 мыңнан астам бала тұр, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі 147 084 мың бала.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған
Балапан бағдарламасы

1. Балапан бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

Атауы Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
қамтамасыз ету жөніндегі
2010–2014 жылдарға арналған Балапан бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29
қаңтардағы Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық
өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты
Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1
қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі
Стратегиялық даму жоспары

Негізгі әзірлеуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі

Негізгі орындаушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
әкімдері
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
сауда министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй
коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының
сапалы қызмет көрсетуінде халықтың қажеттілігін
қанағаттандыру

Бағдарламаның 2015 жылға дейін мектепке дейінгі жастағы
міндеттері балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және
оқытумен 70 %-ын қамтамасыз ету;
2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру
ұйымдарында мектепалды даярлықпен толық қамтуды
қамтамасыз ету;
республикадағы демографиялық жағдайды және
халықтың білім алуға деген қажеттілігін ескеріп,
мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін
арттыру;
мектепке дейінгі ұйымдарға деген тапшылық
проблемасын шешу үшін қажетті қаржы-экономикалық
жағдай жасау;
мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен
толық қамтамасыз етуді және олардың біліктілігін
тұрақты түрде арттыруды жүзеге асыру

Бағдарламаның іске 2010- 2014 жылдар
асырылу мерзімі және I кезең – 2010 ж.
кезеңдері II кезең – 2011 ж.
III кезең – 2012 ж.
IV кезең – 2013 ж.
V кезең – 2014 ж.

Нысаналы индикаторлар мектепке дейінгі білім жүйесіне қосымша ашылған
орындардың саны - 300 628 орын;
мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке
дейінгі біліммен қамту - 70 %;
топтардың толықтырылуының орташа көрсеткіші – 25
бала;
- 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен
қамту – 100 %;
бірінші және жоғары білікті санаттағы педагог
қызметкерлер үлесі – 25 %.

Қаржыландырудың көлемі 2011 – 2014 жылдары Бағдарламаны іске асыру
мен көздері жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі
216 283, 5 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
республикалық бюджет есебінен 213 040,0 млн.
теңге;
жергілікті бюджеттер есебіне 3 243, 5 млн.теңге

2. Кіріспе

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету
жөніндегі Балапан бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жаңа онжылдық – Жаңа
экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан
халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1
қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020
жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген.
Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең
үздік мектепке дейінгі білім жүйесі болды, ол 7 жасқа дейінгі балалардың
шамамен 70 %-ын қамтыды.
1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868)
оңтайландыру кезеңінде жекешелендірілген, бір бөлігі бос қалған, қираған.
Жалпы, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалар саны 1144-ке дейін
азайды.
Республиканың тәуелсіздік жылдарында мектепке дейінгі білім жүйесі
қайта жандана бастады: балабақшалар саны өсуде, мектепке дейінгі жастағы
балаларға арналған ұйымдардың жаңа түрлері құрылуда.
2007 жылдан бастап 2009 жылдар кезеңінде 142,1 мың орындық
2557 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 75 орындық 612 балабақша.
Бүгінгі күні республикада 4972 мектепке дейінгі ұйым бар, олардың 2003-
і балабақша. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту
373 160 адамды немесе мектепке дейінгі балалар санының 38,7 %-ын құрайды.
Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінде
260 мыңнан астам бала тұр, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі
147 084 мың бала.
Елдегі демографиялық процестер – республикадағы мектепке дейінгі
ұйымдардан орын алу кезегінің өсуін айқындайтын бірден бір фактор;
2008 жылдан бастап балабақшалардан орын күтушілер саны 20,8 мың балаға
өсті.
Қазақстанда соңғы 20 жылда бала тууды талдау барысы:
1990 - 1999 жылдарда туудың төмендегенін, ал 2000-2010 жылдары бала
туу орташа есеппен 13 мың адамды көрсетті, ол кейіннен мектепке дейінгі
ұйымдардан орын алу кезегі жылына 5-7 %-ға өскенімен негізделеді.
Бағдарламасы елдегі мектепке дейінгі ұйымдарға деген тапшылық
деңгейін төмендету жөніндегі түбегейлі шараларды қабылдауды, мектепке
дейінгі білім беру қызметінің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің
ағымдағы жай-күйін талдау

Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық
жағдай баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету
жүйесін тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.
Азаматтар мен отбасыларын әлеуметтік қолдауды реттейтін заңнамалық
база жетілдірілуде. Мектепке дейінгі балалық шақтың толық дамуын қамтамасыз
ететін нормалар қабылданды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру
мақсатында 2008 жылы Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
жалпыға міндетті білім беру стандарты әзірленді және бекітілді.
Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті
білім беру стандартының танымдық саласын іске асыру мақсатында білім беру
процесінде сараптаудан өткен және балалардың оқуына рұқсат етілген 300-ден
астам әдебиеттер пайдаланылады.
Сөйлеу, ойлау қабілеттері, еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылған және
дамуында басқа да ерекшеліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды топтық
және жеке психологиялық-педагогикалық алып жүру бағдарламалары әзірленді
және сынақтан өткізілді.
Балабақшаға бармайтын балалар үшін үй жағдайларында мектеп жасына
дейінгі балалардың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған Язык детской игры
атты білім беру курсы әзірленді. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгі
ережесі, үй тәрбиесіне қолдау көрсету мақсатында Ата-аналарға арналған
консультациялық пункттерді ұйымдастырудың үлгі ережесі, Отбасылық бала-
бақшаның, Мектеп – балабақша кешендерінің, мектеп жасына дейінгі бала-
ларға арналған тузету және инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін
ұйымдастырудың үлгі ережелері жасалды және Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілді.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың қазіргі жағдайларында
көбінесе педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесі қаншалықты
тиімді жүзеге асырылып жатқанына негізделген.
Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында қазіргі уақытта 29,8 мың
адам жұмыс істейді, оның ішінде жас педагог қызметкерлер – 8,3 (27,9 %).
Балабақшалардың педагог қызметкерлерінің білім беру деңгейі соңғы
жылдары күшейту үрдісіне ие: 54,4 %-ының жоғары білімі бар, 3,6 % – аяқ-
талмаған жоғары, 40,7 % - арнайы орта, 1,3 % - жалпы орта.
Педагог қызметкерлердің орташа жасы – 35 – 40 жас.
25 жоғары оқу орнында және 31 техникалық және кәсіптік білім беретін
оқу орнында (бұдан әрі -ТжКБ) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы
бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы бойынша ТжКБ біті-
рушілерінің саны өсуде. Мәселен, 2006 жылы 349, 2007 жылы - 528, 2008 жылы
– 705, 2009 жылы - 750 маман даярланды. 2010-2014 ж.ж. ТжКБ оқу орындарының
күтілетін бітірушілер саны 5884 адам.
2008–2009 жылы жоо бітірушілері 742-ні құрады. 2009 – 2010 жылы
717 адам бітіреді деп күтілуде.
Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық бітірушілері заңнамаға сәйкес
медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі
ұйымдарда 8-9 және одан да көп топтарға арналған медбикенің 1,5 ставкасы
және диеталық бикенің 0,5 ставкасы көзделген. Баланың табиғи және
психикалық денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі міндеттерді орындайтын
және физиотерапия кабинеттері бар ұйымдарда дәрігер лауазымының бір штаттық
бірлігі көзделген.
2010-2014 жылдары медициналық колледждердегі медбикелердің күтілетін
бітірушілер саны 720 адам, бұл 2010-2014 жылдары мектеп жасына дейінгі
оқушыларға медициналық қызмет көрсетулерге арналған кадрларға деген
қажеттілікті қанағаттандырады.
Бұдан басқа, шағын орталықтардағы, қысқа мерзімде болатын топтардағы
мектеп жасына дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету алғашқы
медициналық-санитарлық көмек көрсетудің (МАСК) аумақтық ұйымдарында жүзеге
асырылатын болады.
Қазақстан балаларының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту құқығы
мынадай мектепке дейінгі ұйымдардың әртүрлі үлгілерімен және түрлерімен
қамтамасыз етіледі:
балабақшалар;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнаулы
ұйымдар;
мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталықтары;
дамыту орталықтары;
қысқа уақытта келу (кешкі, демалыс, мерекелік) және басқалар.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру
үрдісі байқалуда: соңғы 4 жылда аталған көрсеткіш 27,6 %-дан 38,7 %-ға
өсті.
Мемлекет мектепке дейінгі білім беру саласындағы жеке меншік
жеткізушілердің қызметін қолдау шараларын қабылдауда. Қызылорда, Жамбыл,
Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында жеке меншік мектепке дейінгі
ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру практикасы бар.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2010 жылғы
1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі 6770 елді мекеннің 4691-
інде, немесе 69 %-ында, мектепке дейінгі ұйымдары жоқ. Аталған факт білім
беру ұйымда-рын ашу үшін балалардың жоқтығымен немесе жеткіліксіздігімен
түсіндіріледі.
2006 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың бір түрі ретінде шағын
орталықтар құрыла бастады, бүгін де 2969 шағын орталықта 75 872 бала тәрби-
еленуде.
Мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығын азайту жөнінде 2009 жылдың
аяғында қабылданған шаралар балалардың қамту көрсеткішін 37-ден 38,7 %-ға
дейін арттыруға мүмкіндік берді: республикада қосымша 17 155 орынға арнал-
ған 404 мектепке дейінгі ұйым қосымша іске қосылды.
271 мыңнан астам бес-алты жастағы балалар мектеп алды дайындықпен
қамтылды. 6430 жалпы білім беретін мектептің базасында 10754 мектепалды
сынып ұйымдастырылды, онда 168,7 мың бала оқуда. 1271 балабақшада 102,6 мың
балаға арналған 3480 мектепалды топ ұйымдастырылды.
Мемлекеттік тілдегі мектепке дейінгі ұйымдарды құру қамтамасыз етілуде,
ал ұлттық топтардың шоғырланған жерлерінде - олардың ана тілдерінде.
940 (46,9%) мектепке дейінгі ұйымда білім процесі қазақ тілінде жүзеге
асырылады, 260-ында (13%) - орыс тілінде, 801-інде (40%) - қазақ және орыс
тілдерінде, 2-інде (0,1%) - өзбек тілінде.
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік ережелеріне сәйкес
балабақшаға 3 жастан бастап қабылданады.
Әлемдік тәжірибе мектепке оқуға дайындау үшін аса қолайлы жас баланы
дамытудың 3 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы кезеңі болып табылатынын
көрсетті. Францияда мектепке дейінгі білім міндетті болып табылмайды, бірақ
3 жастан 6 жасқа дейінгі барлық балалар балабақшаға барады. Осындай ұқсас
жағдай Германияда, Канадада, Венгрияда, Англияда бар. Данияда мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту құрылымы қазақстандыққа ұқсас: бөбекжай бір жарым
жастан 3 жасқа дейін, балабақшалар – 3 жастан бастап 6-7 жасқа дейінгілер.
Барлық тәрбиеленушілер санынан алғанда Қазақстанның 89,7% мектепке
дейінгі ұйымында -3-6 жастағы балалар, 2-ден 3 жасқа дейінгілер -10,3%.
Республиканың 9 облысының балабақшасында бөбекжай топтары жұмыс
жасайды. Онда 2 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. 2007-2009 жылдары
бөбекжай жасындағы балалардың саны 1305-тен 942-ге азайды.
Сонымен қатар, елде мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілік
проблемасы бар. Ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Балапан» бағдарламасының ПАСПОРТЫ
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы
Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелердің өткені мен бүгінінің өзекті мәселелері
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы
Балабақшадағы дидактикалық ойын
Ақмола облысы бойынша білім беруді қаржыландыру динамикасын талдау
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралары
Пәндер