АХМЕТ ИАССАУИ ЖӘНЕ ХІ-ХІҮ Ғ.Ғ. ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ АҒЫМ
1 Иассауидің өз тұсындағы әдебиеттегі орны
2 Сопылық
3 Сопылықтың эстетикалық ілім
4 Сопылықтың мақсаты
5 Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымындағы адам проблемасы
6 АХМЕТ ЮГНАКИ

Ахмет Иассауидің әрісі ХІ-ХІҮ ғ.ғ. түркі поэзиясына, берісі түркі тектес халықтар, оның ішінде қазақ әдебиетіне тигізген игі ықпалын түгел таңдап беру үшін ондаған еңбектер жазылуы қажет. Әдебиетте адамгершілік-имандылық идеясын қалыптастырды, түркі дүниесінің мінезін, болмысын жасады. Мүмкін бұл бір адам үшін артық мақтау болып көрінер, бірақ шындығы сол болса, не істеуге болады!
Иассауидің өз тұсындағы әдебиеттегі орны ірі-ірі үш нәрсемен өлшенеді дер едік. Бірі — сопылық идеяны түркі әдебиетінде негіздеуі болса екіншісі - ол кездегі поэзияның тілі парсы тілі болып тұрғанына қарамастан, өлеңді түркі тілінде жазуы, сол арқылы ұлтымызға ұйытқы болғаны (Ғұламаның бұл әрекетін кешегі жаппай орыстандыру кезінде ағысқа қарап тұрып қасқайып, ұлт үшін күрескен тұлғалардың өмірімен елестетуге болар еді). Бұл кейін дәстүрге айналып, түркі тілінің мәртебесін көтеруге орасан ықпал етті. Фузули, Атаи, Насими, Мақтымқұлы, Науаилердің түркі тілді поэзиясын туғызды.

Парасаты жеңсе, адам — періштеден де жоғары, нөпсісі жеңсе
- хайуаннан да темен дәрежеге түседі.
Ахмет Иассауидің әрісі ХІ-ХІҮ ғ.ғ. түркі поэзиясына, берісі түркі
тектес халықтар, оның ішінде қазақ әдебиетіне тигізген игі ықпалын түгел
таңдап беру үшін ондаған еңбектер жазылуы қажет. Әдебиетте адамгершілік-
имандылық идеясын қалыптастырды, түркі дүниесінің мінезін, болмысын
жасады. Мүмкін бұл бір адам үшін артық мақтау болып көрінер, бірақ шындығы
сол болса, не істеуге болады!
Иассауидің өз тұсындағы әдебиеттегі орны ірі-ірі үш нәрсемен өлшенеді
дер едік. Бірі — сопылық идеяны түркі әдебиетінде негіздеуі болса екіншісі
- ол кездегі поэзияның тілі парсы тілі болып тұрғанына қарамастан, өлеңді
түркі тілінде жазуы, сол арқылы ұлтымызға ұйытқы болғаны (Ғұламаның бұл
әрекетін кешегі жаппай орыстандыру кезінде ағысқа қарап тұрып қасқайып,
ұлт үшін күрескен тұлғалардың өмірімен елестетуге болар еді). Бұл кейін
дәстүрге айналып, түркі тілінің мәртебесін көтеруге орасан ықпал етті.
Фузули, Атаи, Насими, Мақтымқұлы, Науаилердің түркі тілді поэзиясын
туғызды.
Сопылық поэзия тек Иассауиден басталды десек, артық айтқандық болар
еді. Түркі әдебиетіңде сопылық идея алғаш Жүсіп Баласағұнидің "Құтадғу
білігі" мен Махмуд Қашқаридің "Диуани лұғат-ит түрігінде" көрінеді. Араб-
парсы пәлсафасы мен әдебиетінен бастау алып, әл-Фараби (X ғ.), Әбу-л Хасан
Фушанджа (XI ғ.) еңбектері арқылы да түркі ақындарына жақсы таныс бола
бастаған, кейін Имам Ғаззали (XII ғ.) еңбектерімен негізделген сопылық
идея XI ғасырдағы түркі ақындарынан бірден қолдау тапты.
Сопылық идеяның бірден түркі ақындарынан қолдау табу себептеріне келсек,
бұл идеяның қоғамда орын алған әділетсіздік пен мансапқорлық,
дүниеқұмарлық, ал иманды сөз жүзінде ғана айтып, оны пайда көзіне
айналдырғысы келгендерді әшкерелейтіндігінде еді. Оған жан тазалығын,
нәпсіні тыюды қарсы қоятындығында. Ол жөнінде Иассауидің өзі:
Шексіз құлқынын ашып, арамдыққа батқандар,
Молда, мүфти болғандар, шипасыз дұға қылғандар, -
(11; 87-хик.мет)
демейтін бе еді?
Сопылық поэзияның өрістеуі туралы сөз етуі үшін, алдымен "сопылық ағым"
дегеніміз не, оның ұстанған тұғырнамасы қандай дегенді айта кеткен орынды.
Сопылық поэзияны сопылық ағымнан бөліп, жеке-дара қарау мүмкін емес.
Хазірет Пайғамбардың мешітінің жанында отырған сахабалардың
(Пайғамбардың рухани тәрбиесін алған достары. Жолы үлкені Әбубәкір мен Әли)
саны 40 пен 400 аралығында еді. Артық ішіп-кимейтін, жүннен тоқылған жұпыны
шекпенді ғана қанағат ететін, жұмсақ төсек жастанбайтын жандар болатын.
Оларды "Эхли суффа" деген.
Бұлар тек ғибадат етіп, Пайғамбарға қызмет етумен айналысатын адамдар
еді. Кейін осы сияқты өз нәпсісін тыйып, алла жолына берілген адамдарды
"суфф", "сопы" деп атап кеткен. (1 б.) "Суф" - арабша "жүн шекпен" деген
мағынаны білдіретін.
Сопылық - халқымыздың дүниетанымына айтарлықтай ықпал еткен философиялық
жүйе. Алланың ризалығын алу және мәңгілік бақытқа жету үшін нәпсіні
тазалау, ішкі дүниені нұрландыру, мейлінше тазалыққа ұмтылу, мәртікке,
кәмілдікке, соның нәтижесінде Аллаға жеткізетін ғылым болып табылады.
Сопылық - ешкімге ренжімеу, ешкімді ренжітпеу, таза жүрек, пәк көңіл иесі.
Көңілі Аллада, қолы істе болу. Аллаға ғашықтық, іңкәрлік. Алланың
ризашылығы үшін құлшылық ету (ықылас). Екіжүзділіктен қашу. Ақиқатқа жету.
"Ақиқат" дегеніміз - Алланың сопыдағы бар сипаттарын алып, оның орнына өз
сипаттарын қоюы. (Бірақ ол Алланың өзіне айналу емес). Ақиқат - бар
екендігі ешқандай дәлелсіз ашық білінген дүниенің жаратушысы Алла. Бұл
сопылық сатының ең соңында болатын нәрсе. Оның алдында "мағрифат" - рухани
шың, даналық. Алланың жамалын көріп, танысу. Оған Алланың сипатын,
есімдерін, істерін танып, құлшылық ету, өз нәпсісін тыю арқылы жетеді.
Сопылықтың алғашқы екі сатысы шариғат және тариқат (Алланы тану жолы, өзін-
өзі жетілдіру). Қожа Ахмет Иассауи:
Тариқатта тазарар таба білген,
Өтпейінше бұл жолға келме достар, - дейді.
(12; 2086.)
Шариғат - оған баратын жолдарды біліп - үйрену. Үйретуші ұстаз - пір,
оған қол берген шәкірті - мүрид.
Сопылықтың эстетикалық ілім - әдемілік, музыкаға көңіл белу, сұлулық.
Өйткені Алла тағала сұлу, адамды да мейірім-шапағатпен сұлу етіп жаратқан.
Ол абсолютті сұлулық ретінде сұлулық идеалы болып танылады. Шығыс
әдебиетінде сұлулық символының көп жырланатын себебі, жоғары эстетика
деңгейінде көрінуі содан болса керек. Сопылар "зікір" салады. Әуенмен
Алланың атын қайталап айтып отырады: "һу" (Алланың атын тұспалдау), "Лә
илаһа илла Алла (Алладан басқа тәңір жоқ)", "һай". Зікірді баяғы кездерде
бала жұбатқанда да тізесіне салып отырып айтқан.
Е. Э. Бертельстің айтуынша: сопылық сұхбат, әңгімелерде әуен
пайдаланылған (кейін оған би қосылған). Ол кейін дәруіштік сарын, зікір
салуға айналады. Сопылық қолданыста әуен, сөз қатар жүрді. Сопылық
трактаттарда сопылар өлең арқылы экстаз күйіне түскені айтылады. (1; 524-
6).
Құран - хадисте "сопы" сөзі кездеспейді, оның орнына сопылықты
білдіретін "ихсан" сөзі болған. Хазірет Пайғамбар бір сұхбатында:
Мұсылмандықтың үш сатыдан тұратындығын: бірінші - ислам, екінші - иман,
үшінші -ихсанды айтқан (10; 34-6). Ислам - діннің сыртқы жағы, иман - ішкі
жағы болса, ихсан - ақиқаты делінеді. Ихсан -сен Алланы көрмесең де, ол
көріп тұрғандай құлшылық ету.
Сопылық поэзияның мақсаты - Алланың дидарын көруге деген ынтығын,
ғашықтығын жырлау. Өткінші бес күндік дүниенің әуресіне түспей, шын
ақиқатты (Алланы) тануға үндейді. Бұл сарын Шәкәрімде бар екенін еске сала
кетелік:
Өмірден мақсұт - хақиқат, Соны іздеп алмақ.
Нәпсіге еріп болма шат, Ол сені отқа салмақ.
(13; 3606.)
Абсолют махаббатты дарияға теңеп, өз ғашықтығын тамшыға балайды. Сол
дарияға қосылуды көксейді.
Сопы әулиелердің өз "әдебі" бар. Әдеп түрлері: мақам - құлдың (Құдайдың
құлы) барлық - ғибадат және зікір кезінде де Алланың алдында екенін, оның
назары өзінде екенін сезіну; Хал, хал иесі - жаны таза, парасатты, Алланың
ырзалығы мен махаббатына ие болған құл. Хал адамға беріледі: Тәубе -
адамның күнәлілік жағдайын тастап, күнәсіздікке жетілуі; Мурақаба - адамның
өз нәпсісін бақылауында ұстауы, әрқашан Алламен бірге болу сезімін
жоғалтпауы. Құлдық өзі өлмей тұрып, нәпсісі (артық ішіп-жеу, дүниеқорлық,
мансапқорлық, алдау, кісі көңілін қалдыру, тойымсыздық, т. б.) өлуі керек.
Ахмет Йассауидің "Жер бетінде өлмей тұрып, тірідей өлдім", — деуі соны
білдіруі; Уара - Алланың ризашылығын алудан басқа барлық аңсарынан арылу;
Тәуекен - әр нәрседе Аллаға сеніп -сүйену; Шүкіршілік (рахмет) - жақсылыққа
жақсылық жасау. Жасалған жақсылықтың жақсылық екенін біліп, қадіріне жету.
Хазірет Пайғамбар хадистерінің бірінде: "Адамдарға рахмет айтпаған, Аллаға
да шүкіршілік қылмайды", - дейді; Риязат – пайдалы нәрселерді істеуге өзін-
өзі үйретуі, Нәпсіні тыюға тәрбиелеу; Сабыр - парасатты қасиеттің бірі
болып табылатын ар-намыс сезімі, парасаттан тыс мінезі-құлықтардан сабыр
арқылы қорғанады. Сабыр - мұсылманның ең тамаша қасиеттерінің бірі. Құран
Кәрімде 70-тен аса аятта кездеседі. Лұқман өз ұлына: "Иә, ұлым! Намазды
толық орында. Дұрыстыққа бұйырт, бұрыстықтан тый. Басыңа түскен
ауыртпалыққа әрқашан сабыр ет", - деген; Ықылас - саф тазалық. Бұған қарама-
қарсы ұғым-рия және сұм. Рия - мақтан үшін істеу, ал сұм - өзі айтып
мақтану. Ықылас - осы екеуінен мүлде кереғар, тек Алланың ризашылығы үшін
істеу; Туралық - ақиқатқа сай болу; Махаббат - арабтың "хибба" сөзінен
алынған (топыраққа тасталған ұрық). Дәннің "махаббат"аталу себебі, өмірдің
өзегі сонда. Жүрекке орныққан махаббат та сондай. Өнеді, өседі, өмірді
жалғастырады. Сопылық махаббат адамның адамды аңсауы емес, Алланың құлын
сүюі немесе құлдың Аллаға іңкәрлігі; Махаббатың бір бұтағы - ғашықтық.
Ғашықтық өзін-өзі жоқ ету, пида ету. Барлық қиыншылыққа қарамастан Аллаға
жету. Бұл - кемелденген адамның ғашықтығы. Құмарлық үшін өлген топырақта
қалады, ғашықтық үшін өлген көкке көтеріледі. Азабына көнген бақытқа
кенеледі: Көкке көтерілу - Аллаға жету. Ол - әр сопының арман-тілегі; Фәна
- өзінен кету, жоқ болу. Алла адамды өзі суретінде жаратқан. Дүниеге келмес
бұрын Алланың мәліметі ретінде Аллада өмір сүрген. Дүниеге келіп, денеге
кіргенде ол тәңірлік өмірінен айрылады. Адам өз нәпсісін өлтіру арқылы
қайтадан алғашқы өмірін жалғастыра алады. Міне, осы адамдық барлықтан,
Аллалық барлыққа өту - фәна (9; 18 б.); тағы басқалар
Сопылықтың мақсаты - кемел адам (инсани кәміл) дәрежесіне жету. Кемел
адам Алланың есім - сипаттарын, істерін толық өзінде көрсете білген адам.
Толық адам - көздің қарашығына ұқсайды. Өзін көре алмайды, барлығын көреді.
Кемел адам - Алланың есім - сипаттарының айнасы. (10; 104 б.). Кемел
адам идеясын жырлаған Жүсіп Баласағұни өзінің "Құтадғу білігін" жазған
кезде Қожа Ахмет атамыз әлі дүниеге келмеген, сопылық поэзия кең өрістей
қойған жоқ еді. Баласағұни дастанында таза түркілік поэзия ықпалы мықты.
Баласағұни қоғамды әр адамның өз орнында жетік болуын, кемелдікке
ұмтылуын жырлайды. Кемел билеуші, кемел уәзір, кемел Хас Хажыб, кемел
әскербасы - кемел мемлекет жасау идеясын жырлады. Бұл тұста әл-
Фарабимен көбірек үндеседі. "Құтадғу білік" сарындас шығармалар қатарына
дидактикалық тәсілмен жазылған "Қабуснама", Имам Ғаззалидің "Әдеп
әліппесі", "Ей, перзент" кітаптарын айтуға болар еді. Ғаззалидің (хижраның
505 ж. дүниеден өткен) "Бақытқа жету әліппесінде": Біреу әкімге келіп:
"Пәлен кісі сізді жамандады, — депті. Сонда әкім әлкі кісіге айтқан екен:
"Маған бұл хабарды жеткізіп, үш қиянат жасадың. Бірі- көңілсіздендірдің,
екінші- ашық көңілімді уайымға қалдырдың, үшінші өзіңнің жылпостығынды
көрсеттің". Сонымен бірге : "Өз жаратылысыңды танысаң, өз пәруәрдігеріңді
(жаратушыңды) танырсың", депті (8; 47 б.)-"Құтты біліктегі" Одғұрмыш, жер
астында жалғыздан-жалғыз өмір сүретін әулие - сопының нақ өзі. Оның өзін-
өзі тану жолына түсіп, нәпсісін тыйғаны сондай, Елбасы лауазымды қызметке
шақырғанда да елп етпейді. Ақыры, жалғыздықпен жан тапсырады.
Қашқаридің ғашықтық жырлары да сопылық идеямен суарылғаны күмән
туғызбайды. Бұл сопылық идея түркі әдебиетінде Иассауи поэзиясында жарқырай
көрініп, үлкен арнаға айналды. "Хикметтер" арқылы кең жайылды. Оның айқын
көрінісін Иассауидің тікелей шәкірті Ахмет Жүйнеки өлеңдерінен оқуға
болады. Жүйнекидің "Ақиқат сыйы" кітабы ұстазының ой-мұраттарымен
суарылған. "Азға қанағат ету", "Жан жомарттығы", тазалық-имандылық идеялары
Иассауи салған жолдың өміршеңдігін дәлелдейді.
Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымындағы адам проблемасы
Тұтас бір мың жыл бойы даналық хикметтегі ұлттық дүниетанымымыздың өзегі
болған ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауи туралы мақаланы дәл осыдан бастап
отырғанымның бірнеше себебі бар. Ең алдымен біз - 70 жыл бойы "Дін -
адамның басын .-айналдыратын апиын" деген қағиданы бала кезден жаттап өскен
бүгінгі ғылым-зерттеушлер бұл көзқарасымызбен Яссауи даналығының сырын тани
алмаймыз. Қаншама жыл бойы идеологиялық үгіт-насихатының шырмауына түссе де
қарапайым халық ''Әзірет Сұлтан"' деп пір тұтқан, қабірінің басына барып
тәу еткеннің өзін 'кіші қажылық парызымды орындадым" деп көңілі марқаятын
ұлы тұлғаны біздің ғалымдарымызп әлі күнге деиін мұсылман местицизімінің
Миссионерлік сопылық әдебиетінің ірі өкілі деп марапаттағн болып жүр.
Мұндай материалистік ұшқырлық пен европоцентристік түсінік табынан
арылмаған қасаң рационалдық әдіс арқылы Яссауи даналығының сырын білмек
тұрмақ, маңына да жолай алмаймыз. Бұл - бір.
Екнішіден, тарихнама ғылымында, оның ішінде Отандық ғалымдардың
еңбектерінде бір солақайлық бар: тарихтағы қай тұлғаның мұрасын зерттемесін
ең алдымен, тегін клзбалап, сонан соң оның рухани әлемін әлгі тегіне
қатыстыра талдауға ұмтылады. Әрине, тектанудың маңыздылығына жалпы адам
баласының бойындағы талант пен қабілеттің қан арқылы атадан көшкен қасиет
негізінде бүршік жарып, дамитынына шүбә келтірмеймін. .Алайда кез-келген
тұлғаның қалыптасуы оның бойындағы ана сүтімен дарыған таланты мен
қабілетінің ғана жемісі емес, бұл -өскен ортасының, туған жұртының, бала
кезден бойына сіңген дәстүрлі ұлттық мәдениеті мен алған тәлім-тәрбиесі
жәнс білімінің нәтижесінде бірте-бірте сомдалатын құбылыс. Осы тұрғыдан
келгенде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz