Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызметін қалыптастыру және дамыту


Дипломдық жұмыс
Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызметін қалыптастыру және дамыту
Мазмұны
Кіріспе
І тарау. мектеп оқушысының қабылдауын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
1. 1 Мектеп оқушыларының қабылдауын дамыту педагогикалық процестің қажетті бөлігі
1. 2. Қабылдаудың түрлері мен қасиеттері
2 тарау. БАСТАУЫШ мектеп оқушыларының оқу процесінде ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
2. 1 Бастауыш мектеп оқушыларының оқу процесінде байқампаздығын дамыту
2. 2 Оқу жұмыстары арқылы байқампаздығын дамытуды
ұйымдастырудың жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланған Әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Білім беру саласында соңғы кездері болып жатқан өзгерістер және соған сәйкес жүзеге асырылатын реформалық концепциялар Қазақстан республикасының негізгі заңдары мен құжаттарына негізделген, Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңының 39 бабында білім беру жүйесінің әлемдік білім беру жүйесіне араласу және соған сәйкес мазмұндық-әрекеттік құрылымын анықтау қажеттігі басты педагогикалық проблема деп айтылған. Оқу процесінде оқушылардың танымдық қызметін күшейту, олардың оқуға деген ынтасын арттырады, оқуға қызығушылықтарын қамтамасыз етеді, сол арқылы білімді азамат дайындаудың міндеттерін жүзеге асырады, - делінген
Қазақстан республикасының жалпы білім беру концепциясында. Оқушылардың танымдық қызметі олардың психикалық процестерінің даму және қалыптасу деңгейлеріне тікелей тәуелді болғанымен, оларды тәрбиелеу қажеттігі аса маңызды дейді Л. С. Выготский. Психология ғылымдарының зерттеу материалдары (В. Петровский, Давыдов, Леонтьев, Божович, т. б. ) танымдық қызметтің танымдық процестерге тікелей байланысты қалыптасатындығын, ал қалыптасу деңгейлерін педагогикалық принциптерге сәйкес анықтау оқушылардың оқу-тәрбие процесін жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін көрсетті.
Қазақстан республикасының орта мектеп педагогикасының өзекті мәселесінің бірі - балалардың сапалы білім алуы мен білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіру болып табылады. Осы мәселені шешудің ең басты шарттарының бірі - дидактикалық шарттар жүйесін нақтылау, оның психологиялық-педагогикалық негіздерімен қамтамасыз етілуін қадағалау және жүзеге асыру болып табылады. Соңғы кездегі педагогикалық психология ғылымының алдындағы көкейкесті мәселе болып оқушылардың оқу әрекетітін жүйелеу, оның танымдық қызметін белсендіру, сол арқылы мұғалім қызметінің әрекеттік жүйесін анықтау болып саналады. Әсіресе, бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызметін қалыптастыру және дамыту, оны психологиялық тұрғыдан негіздеу, педагогикалық принциптерге және заңдылықтарға сәйкестендіру, сол арқылы бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызметін дамытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтау көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.
Бастауыш мектеп педагогикасы өзінің әрекеттік мазмұны бойынша (М. Люблинская) психология ғылымының теориялық негіздеріне сүйенуі тиіс. Өйткені 6-10 жасар балалардың оқу әрекетін жеткілікті дәрежеде дамуы мен қалыптасуы олардың іс-әрекет психологиясына тура пропорционал. Сол себепті оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау кездерінде балалардың жас кезеңдік және дара ерекшеліктеріне басты көңіл бөлінеді. Оқу әрекеттерінің ойын әрекеті мен оқу еңбек әрекетіне бөлінуін барынша жақындату арқылы балалардың танымдық процестерін реттеуге және түзетуге болады, оларды эмоциялық ауытқудан сақтандыру және білім алудың әрекеттерін дұрыс қабылдауын қамтамасыз етуге болады. Балалардың қабылдауының қасиеттік ерекшеліктеріне байланысты оларды байқампаздыққа, өз әрекеттерін қадағалауға, сыртқы талдауға үйретуге, дағдыландыруға болады (Леонтьев) . Қазіргі Қазақстан республикасының білім беру жүйесінде оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары оқыту процесінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудың жаңа әрекеттік жүйелерін ұсынуда. Алайда, олар өздері ұсынған технологиялардың балалардың қабылдауына сәйкес келу мүмкіндіктерін есепке алмауда (Е. Коломинский) . Жаңа технологиялардың педагогикалық шарттары мен принциптері түсінікті болғанмен, олардың танымдық қызметке қатысты жетекші ролі психологиялық тұрғыдан негізделмеген, яғни танымдық процестердің оқушының қабылдау қызметіне, оны арттыру мен дамытуға әсері жан-жақты зерттелінбеген. Аталған проблеманың жан-жақты зерттеу және оны бастауыш мектептің әқу-тәрбие процесінде пайдалану барысында оқушылардың танымдық қызметін дамыту мәселелері арасында қарама-қайшылықтар туындады, сол себепті бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызметін дамыту мен қалыптастырудың әрекеттік мазмұнын анықтау көкейкесті мәселе болып саналық отыр. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі диплом жұмысының тақырыбын «Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызметін қалыптастыру және дамыту» деп таңдауға мүмкіндік берді.
Зерттеу мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларының қабылдауын және оның танымдық қызметті дамытуға әсер ету деңгейін анықтау;
Зерттеу нысанасы: бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесі;
Зерттеу пәні: бастауыш мектеп оқушыларының қабылдауы және оның танымдық қызметі;
Зерттеу болжамы: бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызметін дамыту, оның тиімділік көрсеткіштерін анықтау жеткілікті болады, егер бастауыш мектеп оқушыларының танымдық процестерін даму ерекшеліктерінің олардың қалыптасу ерекшеліктерімен өзара байланысын қамтамасыз ету педагогикалық негізде жүзеге асырылса. Ол үшін оқушылардың байқампаздығын, өз әрекетіне жауапкершілігін, бақылау және қадағалау әрекеттерінің толық қамтамасыз ететін зерттеу әдістері мен әдістемелік-әрекеттік мазмұнын қолданылса. Арнаулы эксперимент өткізіліп, ұйымдастырылатын іс-шаралар психологиялық-педагогикалық принциптерге сәйкес орындалуы зерттеу жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз етеді.
Зерттеу болжамының ұйғарымынан зерттеудің төмендегі міндеттері туындайды:
- Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерге, әдістемелік материалдарға және мемлекеттік құжаттарға шолу және талдау жүргізу;
- Оқушылардың танымдық қызметінің ерекшеліктері және оларды дамытудың психологиялық және педагогикалық негіздерін анықтау;
- Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі мен танымдық қызметінің қабылдау ерекшелігін көрсету және олардың даму және қалыптасуының әрекеттік мазмұнын анықтау;
- Анықталынған даму және қалыптасу әрекетінің ұсынылған мазмұнының тиімділігін эксперимент арқылы тексеру және алынған нәтижелер бойынша қорытынды тұжырымдама жасау.
Зерттеу әдістері: мемлекеттік ресми және кәсіби құжаттарды талдау, ғылыми әдебиеттерді талдау, салыстыру, бақылау, педагогикалық эксперимент, озат тәжірибелерді жинақтау.
Зерттеу орны: Тараз қаласы, №8 қазақ гимназиясы.
Зерттеу кезеңдері: 1-ші кезеңде (2001-2002 жж. ) тақырыптың өзектілігі дәлелденіп, ғылыми әдебиеттер мен әдістемелік материалдарға талдау жасалынды, негізгі тұжырымдар мен қағидалар қорытындыланып, олардың негізінде зерттеу болжамы мен міндеттері айқындалды; 2-ші кезеңде (2002-2003 жж. ) оқушылардың танымдық қабілетін оқу-тәрбие процесінде дамытудың әрекеттік әдістемелік жүйесінің тиімді түрлерін анықталынды және оларды ұйымдастырудың түрлі формаларына талдау жасалынды. Оқушылардың танымдық қызметінің оқу процесіндегі тәуелді болатын факторлары анықталынып, олардың әрқайсысының әсерлік деңгейі көрсетілді.
Қорғауға ұсынылады:
- Бастауыш мектеп оқушыларының қабылдауын дамыту - оқу процесіндегі оқушының танымдық қызметін белсендіретін әрекет жүйесін негіздеу.
- Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызметін оқу процесінде дамытудың әрекеттік - әдістемелік жүйесін анықтау.
І тарау. мектеп оқушысының қабылдауын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
1. 1 Мектеп оқушыларының қабылдауын дамыту педагогикалық процестің қажетті бөлігі
Түйсіктердің арқасында үлкен ми сыңарларының заттардың жеке сапалары (түс, дыбыс, қаттрылығы) т. б. бейнеленеді. Бірақ адам айналасындағы дүниедегі әрбір заттар немесе құбылыстар әртүрлі сапалар мен қасиеттердің тұтас комплексі болады. Оларды дұрыс бейнелеу үшін анализаторлар беретін жеке түйсіктер ми қыртысында бірігеді, сөйтіп адамда заттың немесе құбылыстың тұтас бір бейнесі жасалады.
Белгілі бір кезде сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың бейнелеуіндегі техникалық процесс қабылдау деп аталады. Түйсікке қарағанда қабылдау - шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы. Қабылдаудың физиологиялық негізі - үлкен ми сыңарлары қыртысындағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, мұнда сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың синтезі (бірігуі) жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше анализаторлардың келісімді іс-әрекеті, органи* тітіркендіргіштердің тұтас комплексіне жауап реакциясы жүзеге асады. Мысалы біз раушан гүлін қабылдағанда, сонымен қатар оның әдемі формасы, тамаша түсін көреміз, гүлдің сүйкімді иісін иіскеп кеудемізге жұтамыз, абайлап гүлге қол тигізіп, оның жапырақтарының т. б. нәзік жұмсақ екенін сипап сезінеміз. Міне осы жеке түйсіктердің бәрі мидың қыртысында қосылып, біртұтас комплекс болып бірігеді. Оның үстіне біз бұл заттың раушан гүлі екенін білеміз, яғни мұнда іс процестері де орын алады. Гүлдің иісі бізді рахаттандырады, сүйкімді сезім туғызады. Ақырында қабылдау процесіне ойлау да кіреді: біз мұның раушан гүлінің қай сортына жататынын ойланамыз, бастапқы қарапайым қорытынды жасалады. Қабылдауда қай анализатордың басым болуына байланысты көру, есту, иіс, дәм, сипай сезу және кинестетикалық қабылдаулар болып айырылады.
Қабылдау - адамның іс-әрекетіне тығыз байланысты активті процесс. Егер біз салынған суреттің қасында тыпыр етпестен тұрып, оны қарап сүйсінсек те, бәрібір қандай да бір оймен шұғылданамыз, әйтпесе ешнәрсе біле алмас едік, қарап тұрған затымызды айтарлықтай көре алмаған болар едік.
Әдетте біздің саналы қабылдауымыз пассивті сырттай қарау емес, нақты танымдық сипаты бар міндетті шешу болып табылады. Мұны ерекше перцептивтік іс-әрекет деуге болады.
Кез-келген объектіні қабылдау әдетте оны қоршаған фонда жүзеге асады. Сабақ басталарда мұғалім бүкіл класқа, парталарда отырған көп балаларға қарайды делік. Біраз уақыттан кейін ол бұл ондаған балалардың ішінен бір баланы бөліп алып, соны қадағалап қарайды. Бұл оқушы мұғалім қабылдауынан объектісі болады да, қалған бүкіл класс сол объектінің оны болады.
Кейде объекті мен фон орын алмастырады. Бұл 4, а, б, в, г суреттерінде ерекше байқалады. Егер қабылдау объектісі суретінің ортасында салынған болса, біз қара фондағы ақ вазаны көреміз.
Қабылдаудың таңдап алынуы міне осындай, мұнда біздің анализаторларымызға келіп түсетін көптеген қоздырғыштардың ішінен бұл ретте біз өзіміз зейін аударғанымызды ғана қабылдаймыз. Зейін әдетте өзімізге қандай да болса бір маңызы барға, ықылас қойғанымызға ауады және адамның психикалық өмірінің жалпы мазмұнына, оның ішінде өткендегі тәжірибеге байланысты болады. Қабылдаудың өткендегі тәжірибеге байланысты болуын апперцепция деп атайды. Әртүрлі мамандықтағы адамдар бір заттың өзін әр күрделірек және жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс болып табылады. Қабылдау түйсінулердің жай ғана қосындысы емес, ол сонымен қатар заттың жеке қасиеттерін тұтас бейнелеуден пайда болатын күрделі процесс. Мысалы, адамды алсақ, адам өзінің дене мүшелерінің жай ғана қосындысы емес, адамның мүшелерін бірін-біріне қоса салғанынан адам құралмайды. Адам жоғары сатыға шыққан, дене құрылысы жағынан да, психикалық әрекенттері жағынан да хайуандардың сапалы айырмашылығы бар, аса күрделі организм. Қабылдау да сол сияқты жекелеген түйсіктердің қосындысынан жоғарырақ тұрған жан қуатының бірі.
Қабылдауға түсінулермен қатар ой элементтері, елестеулер мен ұғымдар да еніп отырады. Заттар мен құбылыстарды қабылдаған кезде соларды түйсіну қабылдаумен бірге біз ол заттардың қайда пайда болғанын, я болмағанын, олардың қасиеттерінің қандай екенін елестетіп, түйсігімізді, ұғымымызды кеңейтіп отырамыз. Адам заттарды қабылдаған кезде көбінесе олардың мазмұнын түсініп, ой жіберіп, оларды санасынан өткізіп отырады. Анық және дұрыс қабылданған кезде көбінесе олардың мазмұнын түсініп, ой жіберіп, оларды санасынан өткізіп отырады және түсінікті болады. Керісінше, адам заттарды дұрыс түсінбесе, оларды қате қабылдайды. Мысалы, біз жақсы білетін өзіміздің ана тілімізде, не болмаса, өзіміз білетін басқа тілде айтылған сөзді жақсы түсінеміз. Ал басқа бір елдің түсінбейтін тілін есітетін болсақ, оларды түсінбейміз. Өйткені олардың әрбір сөзі бізге біріне бір ұқасас, бірсарынды болып көрінеді. Сондықтан да оларды бірінен бірін ажыратып дұрыс қабылдай алмаймыз. Егер алдымыздағы столдың үстінде жатқан қарындашты көрсек, оны қабылдаумен бірге ол қарындаштың неге ондай екендігін, оны біз қайдан алғанымызды көз алдымызға елестетеміз. Сөйтіп қабылдау процесінде түйсінулермен бірге елестету, түсуні, ұғыну т. б. жан қуаттары да араласып отырады. Мұның нәтижесінде адамның қабылдауы толығырақ, дәлірек болып шығады.
Қабылдауда адам қабылдайтын заттар мен құбылыстардың жағымды, я жағымсыз екенін де сезіп отырады. Адамда алдымен қарапайым түйсіктер мен қабылдаулар пайда болып, біртіндеп еңбек процесі де, қоғамда өмір сүруі арқылы күрделі психикалық процестер де пайда болады. Түйсіну мен қабылдау процестері болмайынша, дүниедегі заттарды білу мүмкін емес. Дүниетанудың қай түрін, қай формасын алсақ та, олар қарапайым қабылдаудан басталады. Адам дүниедегі заттарды қабылдай отырып, оларды сипаттайды, бірімен-бірін салыстырады, олардың арасындағы ұқсастығын, айырмашылығын, олардың жалпы қасиеттерін ажаратып отырады. Осының нәтижесінде ғана адам қабылдау процесінен жоғары сатыда тұрған ойлау сияқты күрделі психикалық прцестерге көшіп отырады.
Хайуанаттарда қабылдау бар, бірақ олардың қабылдауы санасыз қабылдау. Ал адамның қабылдауында заттар мен нәрселерге кісі өзінің қатынасын белгілеп отырады, өйткенгі оның қабылдауы саналы қабылдау болып табылады. Адам заттардың мазмұны мен мағынасын біліп, түсініп, оны ой шегінен өткізіп отырады. Сондықтан адам баласының қабылдауын, хайуанаттардың қабылдауына қарағанда анағұрлым күрделі қабылдау екенін, олардың арқасында жалғыз ғана сана жағынан емес, сапа жағынан да айырмагылығы бар екенін көреміз. Ерте кездегі адамдар біз сияқты дұрыс қабылдай алмаған. Олар дүниедегі көп заттар мен құбылыстарды дұрыс түсінбеген, олардың қасиеттерінің қалай пайда болатынын, ішкі байланыстары мен қарым-қатынастарын, қалай дамып отыратынын, яғни дүниенің өсіп даму заңдарын білмеген. Тарихи даму барысында экономиканың, ғылымның, мәдениеттің алға өршіп дамуы арқылы, дүниетану процесінде адам баласының неше түрлі приборлар, аппараттар қолдану арқылы, ертеректегі адам баласы қабылдай алмайтын заттарды, құбылыстарды дұрыс қабылдай алатын болды. Мәселен, ерте замандағы адамдар радио, электр, телеграф, телефон т. б. сол сияқты заттарды білмеді. Олар жайында ойлауға ол адамдардың ойы да, қиялы да жетпеді. Ал қазіргі кезде мұның бәрі де тұрмысымызға енген ақиқат заттар, біз оларды көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп, денемізбен сезіп отырамыз.
Қабылдау процесінде адам өзінің ойы мен ақылын бір мақсат көздеп, соған жұмсап отырады. Зейінін қабылдайтын затына бағыштайды. Бұл адамның - қабылдау процесінің белсенді екенін көрсетеді. Қабылдауда ой процесінің қатысуы арқылы жалпылау элементтері де ұшырайды. Қабылдаған заттарды жалпылағанда кей кезде адам оларды да бір-біріне қосып, бір әрекет етіп отырады. Бұл жөнінде Л. Фейербах ойлаудың барлық сезімдерімізге қатысының барлығын «тап-таза» көру процесінде де ойдың қатысып отыратындығын, егер көрсететін заттарға адам зейінін бұрмаса, оларды айналысындағы басқа заттардан бөліп, бөлшектеп, даралап алып қарамаса, адамның оларды жақсылап көре алмайтындығын, сезе алмайтындығын айтады.
Қабылдау басқа психикалық функциялар сияқты, дүниедегі объективті заттардың адамның санасында субъективтік сәулеленуі болып табылады. Әр адам айналасындағы заттарды өзінше қабылдайды. Мұнысы әсер етуші объективтік заттарға тәуелді болуынан. Адам қабылдауының мазмұны түгелімен сыртқы дүниедегі заттардың және құбылыстардың мазмұнымен байланысты. Сол заттардың мазмұны қандай болса, адамның санасында пайда болатын - қабылдаудың мазмұны да сондай болады. Бірақ әр қабылдаудың өзгешелігі дүниедегі әсер етуші заттардың өзгешелігімен ғана байланысты емес, олар сондай ақ адамның физиологиялық әрекетімен де байланысты.
Ф. Энгельстің айтуынша, егер адамның миы дүниенің, жаратылыстың бір бөлшегі болатын болса, сол дүниеде пайда болған мидың әрекеті де, адамның психикалық процестері де сыртқы дүниеге, дүниенің өсіп-даму заңдарына қайшы келмейді. Психикалық әрекеттер айналадағы дүниенің миға әсер етуінен, онда сәулеленуінен пайда болады. Сол себеғптен адамның айналасындағы дүниенің мазмұны қандай болса, оның психикалық әрекеттерінің мазмұны сондай болады.
Қоғамдық тәжірибеге адамның сезім мүшелерін адамға тән сезім мүшелеріне айналдырады. Бұл адамның қабылдауын кеңейтіп, күрделендіріп, мазмұнын байытып, өткір етіп отырады. Егер біздің қабылдауымыз әсер етуші заттардың мидағы бейнесі толса ғана, онда олар сезім мүшелерімізге әсер етуші заттарға сәйкес келіп, үйкесіп отырады да, адамға сыртқы дүние туралы дұрыс елестеулер, түсініктер бере алады. Егер объективтік дүние мен оның әсері арқылы адамның санасында пайда болатын субъективтік қабылдаулар тепе-тең болып, олардың арасында ешбір айырмашылықтар болмаса, дүниені толығырақ, дұрысырақ, кеңірек, тереңірек түсіну үшін ғылымды техниканы, мәдениетті дамытып алға алып барудың да ешбір керегі жоқ болар еді. өйткені адам баласы ғылым-білімді меңгерместен өз бетінше дүниені, оның өсіп-даму заңдарын, оп-оңай ақ білетін болар еді. Біздің түйсіктеріміз бен қабылдауларымыз заттардың бейнесі, көшірмесі ғана болып табылады. Біз тек қабылдау арқылы айналамыздағы дүниедегі күрделі құбылыстарды дұрыс және түгел біле алмаймыз. Себебі қабылдау әр кез дұрыс бола бермейді. Сондықтан адам баласы түрлі ғылфми зерттеулер мен техниканы дамытып, оларды ілгері қарай жылжытып, айналасындағы дүниенің құбылыстарын тереңірек білуі керек.
Адамдық қабылдау қоғамдық даму кезеңіне сәйкес, белгілі бір дәуірдің өзгешелігіне бағынышты болады. Ол екі негізгі себептермен байланысты. Біріншіден, адамның қабылдауы, тіпті бүкіл жан дүниесінің даму деңгейі, қоғамдық прогрестің тиісті табысқа жетуімен орайласып жатады, яғни қоғам дамуы мен ғылым мен техниканың өршіп алға кетуімен адамның қабылдаулары да дамып, өзгеріп отырады. Мысалы, бұрын физика ғылымына материяның протон, электрон деген элементтері мәлім болмай тұрған кезде, алдымен материя молекулалардан құралады, онан соң бара-бара материяның ең ұсақ бөлшегі - атом деген ұғым болатын. Кейінірек физиканың ілгері дамуымен материя тек атомдардан тұрмайтындығын, онда электрон, протон деген материяның бөлшектері бар екені анықталады. Осы сияқты дүниенің тетігін ашып, оның күшін меңгеріп, бізге белгісіз табиғат құбылыстарын танып, дүниенің өсіп даму заңдарын дұрыс түсінген сайын қабылдау процесімізге өсіп-дамып отырады. Екіншіден, жоғарыда айтылғандай, адамның қабылдау процестері заттарды қабылдайтын сезім мүшелерінің айрықша құрылысымен де байланысты. Адамның көзі мен құлағы айырықша жетілгендіктен, заттарды көріп, олардың дыбысын ести аламыз. Бірақ бұл айтылғандардан адамның сезім мүшелері қандай болса, оның дүниені қабылдай алуы да, сондай ақ болады, адам тікелей әсер еткен заттарды сезім мүшелерімен ғана қабылдап, басқа жолмен біле алмайды деу қате түсінік болған болар еді. Адамның тәжірибесінің ұлғаюымен бірге, олар түрлі құралдар мен аспаптар арқылы да өз қабылдауларын да кеңейтіп, түгендетіп отырады. Мысалы, түрлі приборлар, аппараттар арқылы көзбен көрмейтін, денемен сезбейтін заттарды көреміз, естілмейтін дыбыстарды есітіп, тікелей дәмін татып иіскей алмайтын заттарды танып біліп отырамыз. Кейбір зерттеулерге қарағанда, адам жай көзбен аспанға қарап, 5500 шамасындай ақ жұлдыздар көреді екен, ол телескоп арқылы 100 миллионнан артық жұлдыздарды көре аламыз. Жай көзбен адам арақашықтығы милимердің 1/40-індей сызықтарды көретін болса, микроскоп арқылы аралығының қашықтығы милиметрдің 10 мыңнан біріндейін көретін көрінеді. Адам баласы тікелей ультрафиолет, рентген сәулелерін және электр магнит құбылыстарын қабылдай алмайтын болса, оларды түрлі аппараттар мен приборлар арқылы танып біледі. Энгельс құмырсқа көзінің адам көзінен өзгеше екендігін, олардың химиялық сәулелерді көретінін, бірақ олармен салыстырғанда адам көзге көрінбес сәулелерді көре алмайтындығын айтады.
Егер қабылдау процесінде көру талдағышы көбірек орын алса, есту қабылдауы болады.
Қорытып айтқанда, қоғамның, мәдениеттің, ғылымның, техниканың тарихи-өсіп дамуымен бірге, адамның қабылдауы да дамып өзгеріп, күрделі күйге түсіп отырады.
1. 2. Қабылдаудың түрлері мен қасиеттері
Сезімдік таным процесі ретінде қабылдаудың өзіне тән ерекшеліктері бар:
а) Қабылдаудың тұтастығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz